Вена конгресі
19. Вена конгресі. Европадағы реакция. Испаниядағы революция
1814—1815 жылдардағы Вена конгресі. Франция жеңіліп, Наполеон
құлатылғаннан кейін, 1814 жылы Европаның патшалары мен министрлері бітім
шарттарын жасау үшін және Европа картасын жеңушілердің пайдасын көздеп
қайта жасау үшін Венаға жиналды. Конгреске Европа мемлекеттерінің
барлығының да өкілдері шақырылды. Венаға келген патшалар мен елшілер үшін
күн сайын балдар, спектакльдер, серуендер жасалды, аңға шықты. Ал конгресс
жыл бойы дерлік жүмыс істесе де жұмыс жайындағы мәселелерді талқылау үшін
бірде-бір рет бас қоспады. Конгресс мәжіліс құрып жатқан жоқ, би билеп
жатыр деді жұрт.
Барлық мәселені жеңген төрт мемлекеттің — Англияның, Россияның,
Австрияның, Пруссияның — өкілдерінен құралған төрттің комитеті шешті.
Вена конгресінің қарарлары бойынша Франция революциялық және
басқыншылық соғыстар басталар алдындағы шекараларға қайтарылды. Оған 700
миллион франк контрибуция салып, зорлап төлеттіретін болды. Францияның
құрғақтағы және теңіздегі 53 қорғаныс бекінісін үш жыл бойы 150 мың адамы
бар одақтастар армиясы иемденіп алды. Францияны одақтастарға әскери флотын
беруге мәжбүр етті. XVIII Людовик Францияның королы болып танылды.
Монархтар халық мүддесімен есептеспей, Европа картасын өз мүдделері
үшін тілімдеп, кескілеп жатты. Жеңген елдер мынадай олжалар алды: Россияға
Варшавамен қоса Польшаның бір бөлігі тиді, онымен коса Россияға Финляндияны
қосты. Англия Жер орта теңізіндегі аса маңызды стратегиялық пункт — Мальта
аралын және Голландияның бұрынғы отарларының кейбіреуін — Үндістан
маңындағы үлкен Цейлон аралын, Оңтүстік Африкадағы Кап жерін алды.
Англияның ең зор табысы — ежелден келе жатқан жауы — Францияны әлсірету
болды.
Пруссия мен Австрияның территориялары едәуір ұлғайды. Германия артта
қалған, әлсіз, бытыраңқы күйінде қала берді. Наполеон құртып жіберген
бұрынғы Қасиетті Рим империясының орнына, 38 мемлекеттен құралған
Германия одағы ұйымдасты, бұлардың ішіндегі ең ірісі Австрия мен Пруссия
болатын. Не қаражаты, не армиясы жоқ әлсіз Германия одағы халықаралық
жұмыстарда ықпалы да болмады, онымен ешкім санаспады, сондықтан ол көп
ұзамай-ақ бүкіл Европаның мазағына айналды.
Наполеонның тұсында іс жүзінде француз үстемдігіне біріктірілген
Италия, енді қайтадан бытырап кетті. Италияның солтүстігініц Пьемонттан
басқасында австриялықтар қожалық жасады; Рим папасы мен Неаполь королы
өкімет билігін жалдамалы швейцариялық әскерлердің күшімен ұстап тұрды.
Вена конгресінен кейінгі дәуір реставрация, яғни қайта орнату дәуірі
деп аталды. Шынында да, Вена конгресі мүмкін болған жердің бәрінде де
революциядан бұрынғы тәртіптерді, династиялар мен үкіметтерді қайта
орнатуға күш салды. Мысалы, конгресс Бурбондар династиясын Францияда ғана
емес, Испанияда да, Неапольда да қайта орнатты (реставрациялады). Рим
облысында Папа өкіметі қайта орнады.
Қасиетті одақ. Революцияға қарсы күресу үшін 1815 жылы I
Александрдың ұсынысы бойынша монархтар Қасиетті одақ деп аталатын одақ
құрды, бұл патшалардың халыққа қарсы одағы болды. Монархтар біріне-бірі
құдай үшін көмектесуге міндетті болды және революция қай жерде басталса
да оны бәрі жабылып басуға уәделесті. Қасиетті одақтың құрылуы жөніндегі
актіге Россия, Австрия, Пруссия патшалары қол қойды. Кейінірек Қасиетті
одаққа Европа мемлекеттерінің барлығының монархтары дерлік қосылды. Англия
Қасиетті одаққа кірген жоқ, бірақ ол одақтың революцияларды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz