Германиядағы 1848 жылғы буржуазиялық революция
ЖОСПАР
Германиядағы 1848 жылғы буржуазиялық революция 2
Германияны біріктіру процесіндегі Бисмарктың саяси қызметінің маңызы
3
Бисмарктың саяси қызметінің басталуы 3
Солтүстік Герман Одағын құрудағы Бисмарктың рөлі 5
Пруссияның 1850 жылғы Конституциясы 16
Қорытынды 23
Пайданылған әдебиеттер: 25
Германиядағы 1848 жылғы буржуазиялық революция
Германиядағы революцияның болуына 1848 жылы Францияда болған
революциясы түрткі болды. 1848 жылғы наурыз айында Берлин қаласында қарулы
көтеріліс өтті. Патшалар мен князьдар уақыт жеңу үшін Майндағы Франкфурт
қаласында федералдық Конституцияны қабылдауға байланысты бүкілгерманиялық
Құрылтай жиналысын шақыруға келісім берді. Демократиялық конституцияның
жобасы іс жүзінде енгізілмеді, ал 1849 жылы жиналған делегаттар
Вюртемберннің үкіметімен таратылды.
1850 жылы қабылданған конституция феодалдық басшылардың мүддесіне
сәйкес келді. Елде екі палаталық заңшығарушы орган құрылды. Парламенттің
(ландтаг) заңшығарушы билігі абсалюттік вето құқығы арқылы патшаның билігін
шектеді. Үкімет құрамындағы министрлер Ландтагқа бағынысты емес еді, сол
себептен оларға сенімсіздік вотумы қорқыныш тудырмайтын.
Пруссия канцлері Отто Бисмарк өз әскеріне бюджеттің 51 ден 22 млн.
талерін жұмсап отырды. Алайда, канцлердің бұл әрекеттері 1866 жылы
Пруссияның Австриямен соғыста жеңіске жетуімен кешірілді. Соғыстың
нәтижесінде Пруссияға бірқатар солтүстік-германдық мемлекеттер қосылды,
соның ішінде: Ганновер, Гессен-Кастель, Ниссау, Майндағы Франкфурт
мемлекеттері болды. Шлезвиг пен Гольштейн 1864 жылы Даниямен соғысқаннан
кейін қосылды.1866 жылы Герман одағының орнына Мемлекеттердің солтүстік-
германдық одағы құрылды. Жаңа мемлекет 1867 жылы жаңа конституция
қабылдады. Оған сәйкес, Одақты басқару пруссиялық патшаға (президентке),
канцлерге және екі палатаға берілді. Төменгі палата жалпы сайлау құқығының
негізінде сайланды.
Одаққа келесі оңтүстік-германдық мемлекеттер енбеді: Бавария,
Саксония, Вюртемберг. Оларды күштеп біріктіруге Франция кедергі жасады,
себебі, Франция үшін Германияда қуатты біртұтас мемлекеттің құрылуы тиімсіз
еді.
1870 жылы Пруссия Франциямен соғыстың басталуына себепкер болды.
Франция жеңілді, ал Пруссияға оңтүстік-герман мемлекеттерін біріктіруге
мүмкіндік туды. Осылай, Еуропаның орталығында жаңа мемлекет — Герман
империясы пайда болды.

Бисмарктың саяси қызметінің басталуы
Бисмарктың тұлғасын қарастырғанда ең алдымен ата-тегінен
бастаған жөн. Бисмарк атақты, бірақ кедейленіп кеткен жанұядан шыққан. Ол
прусиялық жериеленушілер-юнкерлер классының өкілі, 1815 жылы 1 сәуірде
Берлин маңындағы Шенгаузен деген жерде туды. Жанұя дәстүрі бойынша,
ол әскери қызметке түсуді үміттенді. Бірақ профессорлық жанұядан
шыққан анасы баланың дипломатиялық қызметке баруын дұрыс көрді.
Анасының әсерінен бе, жоқ па Бисмарк мектептен кейін, Геттинген
және Берлин университеттерінде құқықты оқып шығып, дипломат болуды
шешті. Бірақ орналастыратын таныстары болмаған соң, Бисмарк шенеулік-
әкімшілік қызметтен дипломатиялық қызметке жол салуды үміттенді.
Бюрократияға жек көрушілік сезіммен Бисмарк ақырында бұл жұмысты
тастап, әкесіне көмектесіп, Шенгаузен жеріне ие болады. Өмірінің
бұл кезеңін Бисмарк былай еске алады: Мен ауылшаруашылықта табысқа
жетіп, соғыс басталып кетсе, ұрыстарда көзге түсіп, ауылда өмір
сүріп, өлуге шештім Оның келешек бейнесінің белгілері адам
қиялдарына жек көрушілік, таудай талап, мақсатқа жетуде тәсілдерді
таңдамау және дене мықтылығы сол кезде-ақ қалыптасқан.
Бірақ ауылдағы өмір Бисмаркқа жарамады. Оның өміріндегі төңкеріс
тарих оқиғаларына байланысты болды. Ауыл қожайынының орнына саясаткер,
жеке тұлғаның орнына тарихи тұлға келуі уақыт мәселесі болды. Бұл сәт 40-
шы жылдардың соңында туды. 1848 жылғы революция Бисмаркті саясаткер
қылды, революция кезінде Құтырған Бисмарк деп аталып кеткен, арақ
ішіп, айналаны қиратып жүрген адамның орнына жаңа Бисмарк туды. Бұл
Бисмарк өзінің ойларын логикалық шешімге жеткізіп қана қоймай, оларды
қорқақтықсыз, батыл айтып, қолдаушыларды да таң қалдыратын. 1848 жылы өз
күшіне сенім, демократиялық қозғалыстарға, парламенттік талқылауларға жек
көрушілік, қарсыласының күшін дәл есептей алу сияқты мінезінің
қасиеттері одан ары айқындалды. Күш оның басты аргументі болды,
күште ол әрбір дипломатиялық және саяси жеңістің альфа мен
омегасын көрді. Сол кезде-ақ ол Герман мәселесі парламенттерде
шешілмейді, дипломатия мен ұрыс алаңында ғана шешіледі деген сөз айтады.
Сол кезде, Германия бірнеше кішігірім мемлекеттер мен князьдіктерден
тұратын. Олардың саясатын Автрия бақылаған, Пруссия болса 2-ші орында
тұрды. Бисмарктың саяси қызметі 1851 жылдың мамырында басталды. Ол
Франкфурттегі Одақтық сеймде Пруссияның елшісі болып тағайындалды.
Бисмарк Германияның бірігуі тарих мәселесі екенін сезіне бастады және
осы бірігу Пруссияның гегемониясында жүзеге асыру керектігі де оған
айқындалды. Армия мен Пруссияның милитаристтік жүйесіне сүйеніп, Бисмарк
іске кірісті. Австриямен соғыстан құтылу мүмкін емес екендігін түсініп,
Бисмарк ұрыстарға дайындала бастайды. Бұндай мақсатты алдына қойған
Бисмарк халықаралық саяси жағдайдың маңызын түсінді. Соғыстарға үшінші
мемлекеттің қатысуын қаламаған Бисмарк, Петербург пен Парижде бола
тұрып мемлекеттердің мүдделерімен, қайшылықтарымен жақсы танысып алған.
Қолайлы халықаралық жағдайды қалыптастыруға Бисмарк өзінің дипломат және
саясаткер ретінде бүкіл күшін, айласын салды.
Солтүстік Герман Одағын құрудағы Бисмарктың рөлі
1862 жылы қазанның басында Бисмарк министр-президент және сыртқы
істер министрі болып ресми түрде тағайындалады. Сол сәттен, ол 28
жыл бойы алдымен Пруссияның, кейін Герман империясының саясатын
жүргізді. Өзінің алғашқы ресми сөзінде, тарихтың ұлы мәселелері сөздер
мен жарғылармен шешілмейді... Олар қан мен темірмен шешіледі деген жиі
қайталанатын сөздерін айтады. Қан мен темір саясаты, темір
канцлер – саяси және тарихи әдебиеттегі бұл ұғымдар Бисмарк
бейнесін елестетеді.
Дания Бисмарк саясатының бірінші құрбаны болды. Даниямен соғысты,
Бисмарк Шлезвиг пен Гольштейннің бірігіп, Герман одағында тағы бір
тәуелсіз мемлекеттің пайда болуын болмырмау үшін бастады. Бұл соғыста,
ол қайта ұйымдастырылып, үлкейген Пруссия армиясын сынамақ болды.
Данияға шабуыл ұйымдастыру сәті дәл таңдалынды. Бірнеше күнде Пруссия
Данияны басып алды. Австрия Пруссия жеңісінен кейін, өзіне де пайда
түсіруді көздеп, Пруссияға қосылады. Франция нейтралитет сақтайды.
Бисмарктың престижі Пруссияда ғана емес, шетел мемлекеттерінде де
көтеріледі. Король баладай қуанады. Өзінің хатында ол Сізді мен үкімет
басына тағайындаған 4 жыл аралығында, Пруссия өзіне тиісті орынды иеленді,
барлығы да мемлекетімізге сәтті де, ұлы болашықты үміттендіреді деп
жазады. Бірақ Даниядан тартып алынған герцогствалардың тағдыры әлі де
де шешілген жоқ еді. Бұл мәселенің шешілуі Пруссия мен Австрияның қарым-
қатынасына байланысты болды. Уақыт көрсеткендей бұл мәселе жалпы
Германияның, соның ішінде Пруссияның болашағын да анықтады.
Даниямен соғыста, өзінің үлкейген күшін көрсеткен Пруссиялық
милитаризм, Бисмарк саясатының нәтижесінде Австрияға қарай бағытталды.
Шлезвиг-Гольштейнді бірігіп билеген Пруссия мен Австрия арасындағы талас-
тартыстар, Бисмаркпен соғысты бастау үшін сылтау ретінде қолданылды. Осы
соғысты бастау үшін Пруссияға Патшалық Ресейдің нейтралитетін алу
маңызды болды. Данияға қарсы соғыс пен австро-прусстық соғыстың
арасы 2 жыл өте аз уақыт. В.В.Чубинский өзінің Бисмарк туралы
монографиясында Бірінші конфликт екіншіге апаратынын замандастар да
сезді деп жазды. 1866 жылы жазда Австрия мен Пруссия арасында соғыс
басталды. Садовой түбіндегі шайқаста жақсы жатыққан және қаруланған
Пруссия армиясы австриялықтарды талқандайды. Соғыстың нәтижесі:
Австрияның герман мәселесіндегі рөлінің шешіліуі, Пруссияның
басымдылығы және Солтүстік Герман одағының құрылуы. Пруссияға 3
мемлекет – Ганновер, Гессен-кастель, Насау және еркін Франкфурт қаласы
қосылды. Солтүстік герман одағы атымен Орталық Еуропада іс жүзінде
жаңа мемлекет құрылды. Бисмарк мемуарларында бұл жағдай бойынша
Мен біріккен Германия уақыт мәселесі екенін сездім, Солтүстік
Германия оны асырудағы бірінші кезең болды деп жазды.
Австро-Пруссия соғысын көптеген тарихшылар Бисмарктың үстіңгі
революциясы деп атайды. Біріншіден, Германияның бірігуі прогрессивті
акт болды, буржуазияның мақсатына сай болды. Екіншіден, оны Бисмарк
радикалды, бұл мәнде революциялық тәсілдермен жүзеге асырды. Соғыстар
Пруссиялық монархия атынан жүргізілгендіктен, буржуазия өзінің либералды
көзқарастарынан бас тартуға мәжбүр болды.
Менің ойымша, тарихшылардың Бисмарктың біріктіру саясатын қатал және
антидемократиялық деп атауында негіз бар. Өзінің саясатын жүзеге асырған
Бисмарк табиғи (анти) интеграциялық күштерге емес, қан мен темірге,
яғни Пруссияның әскери қуатына сүйенді.
Германияның 1871 жылғы конституциясы
Жаңа конституцияға сәйкес империяның құрамына 22 монархия мен бірнеше
еркін қалалар енді. Империяның билеушісі болып пруссиялық патша табылды,
бұл Германиядағы жағдайға сай болып келді, себебі, империя аумағының
жартысынан астамы және халықтың 60 %-і Пруссияның үлесінде еді. Патша
мемлекеттің басшысы және бас қолбасшы болып табылды, ол үкімет басшысын —
импер канцлерін тағайындайтын.
Парламенттің жоғарғы палатасы Одақтық кеңес (бундесрат) деп аталды.
Төменгі палата (рейхстаг) алғашқыда 3 жылға, ал 1887 жылдан бастап 5 жылға
сайланатын. Рейхстагтың іс жүзіндегі билігі бундесраттың өкілеттіктерінен
аздау болатын. Рейхстагтың үкіметке бақылау жасауға талпыныстарын бірнеше
рет бундесрат басып тастаған болатын.
1871 жылғы конституцияның 20 бабы ерлердің жалпы сайлау құқығын енгізуді
көздеді, алайда, құпия дауыс берудің орнына империяның қоғамдық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ашық дауыс беру енгізілді.
Төменгі палатаны мерзімінен бұрын тарату бундесраттың қаулысымен
жүзеге аса беретін, мұндай жағдай жиі орын алатын.
Жалпы алғанда, өзінің әлеуметтік-саяси мазмұны бойынша 1871 жылғы
конституция феодалдық-юнкерлік жер иеленушілік пен жылдам дамушы пруссиялық-
германдық капиталдың арасындағы үйлесімділіктің көрінісі болып табылды.
Германияның алға шығуы
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Германияда өндірістік
өнеркәсіптің жылдам дамуы байқалды. 1882 жылы біріккен Германияда 9,5 мың,
1895 жылы — 18 мыңдай, 1907 жылы — 30 мыңнан астам кәсіпорындар құрылды.
Аталған кезеңде жұмысшы табының саны да жылдам қарқынмен өсті — 6
миллионнан 11 миллионға дейін. Жұмысшы табының жылдам өсуі оны жаңа саяси
күш ретінде алға тартты, оның ұйымдастырушылық орталығы болып әлеуметтік-
демократиялық партия табылды. 1875 жылы Гот қаласында съезде қабылданған
Гот бағдарламасында көрініс тапқандай, социал-демократтар өз мақсаты
ретінде демократиялық парламент үшін күресті, ал парламенттің өзінде —
жұмысшы табының жағдайын жақсартушы заңдар үшін күресті таңдады. Социал-
демократтардың әсерінің күшеюіне жауап ретінде Бисмарк үкіметі рейхстаг
арқылы оларға қарсы заң қабылдады. Алайда, 1890 жылы бұл заң өз күшін
жойды, ал Отто Бисмарк отставкаға кетті.
Өз колонияларынан айырылған Германия бейбітшілікті сақ-тауға тырысты.
Фрнциямен және Ұлыбританиямен шиеліністі қарым-қатынастар бірінші
дүниежүзілік соғысқа алып келді. Соғыстың басталуына себеп болып 1914 жылы
Сараево қаласында австрия-венгриялық тақтың мұрагері эрцгерцог Фердинандтың
өлімі табылды. Алайда, Германия соғыстан ойсырата жеңілді, империя құлады.
Феодалдық сарқыншақтар — Германияда капитализм дамуына кедергі.
Германияда XIX ғасырдың орта кезіне қарай феодализмнің сарқыншақтары көп
сақталып қалса да, орта ғасырлық Германия мен қайта бас көтеріп келе жатқан
капитализм заманындағы Германияның айырмашылығы зор болды. Германия,
Қасиетті Рим империясы тұсындағы 360 мемлекеттен емес, енді 38
мемлекеттен құралды. Пруссияда, Саксонияда және басқа мемлекеттерде
фабрикалық өнеркәсіп дами бастады. Алайда Германияның бөлшектенуі онын.
дамуына бөгет болды және мұның өзі капитализмнің дамуына ең басты кедергі
болып саналады. Сол кездегі айтқан сияқты, Германияны денеге қан
тарамайтындай етіп, қол-аяғын арқанмен қатты матап тастаған адаммен
салыстыруға болушы еді. Германиядағы буржуазиялық революцияның басты
міндеті — Германияны біріктіру болды. Германияда бытыраңқылықтан
феодализмнің басқа да сарқыншақтары, мысалы шаруалардың помещиктерге
міндеткерлігі, дворяндардың билеп-төстеуі әлі де өте көп еді. Аграрлық
реформаның нәтижесінде неміс мемлекеттерінің көпшілігінде крепостниктік
право жойылды. Алайда шаруалар көп жылдар бойы ақы төлеп, өз жерлерінің тек
бір бөлігін ғана сатып ала алды.
Егер өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы жағынан Германия
Францияны бірінші буржуазиялық революция кезеңінде едәуір дәрежеде қуып
жеткенімен, неміс буржуазиясы саяси жағынан XVIII ғасырдағы француз
буржуазиясынан анағұрлым артта қалды. XVIII ғасырдың аяқ кезіндегі француз
буржуазиясындай емес, Германиядағы XIX ғасырдағы буржуазия революцияшыл
болмады. Пролетариат Германияның өзінде 1844 жылы Силезияда көтеріліс
жасап, өзінің күшін көрсеткен кезде, неміс буржуазиясы саяси күреске шықты.
Оның үстіне (бұл да үлкен роль атқарды), Франция мен Англиядағы жұмысшылар
қозғалысының үлгісі бойынша пролетариат бұлардың өзіне қауіп болып
табылатынын Пруссия буржуазиясы көрді. Неміс буржуазиясы помещиктермен
бірігіп алып, халық бұқарасына қарсы күрес жүргізуге әзір тұрды.
Неміс буржуазиясы 1834 жылы Герман одағының (Австрияны қоспағанда)
мемлекеттері арасындағы таможня шекараларын жойдыртты, ал бұл бір тұтас
ішкі ұлттық рынок құруға жеткізді. Бірақ Германияның бытыраңқылығы,
чиновниктердің, полицияның, соттардың қатал зорлық-зомбылығы,
реакционерлердің ғылымға қарсы жүргізген күресі елдің дамуына қатты бөгет
жасады.
Артта қалған Германияда жағдай былай болды: капиталистік дамуға жол
ашу үшін буржуазиялық революция керек болды, ал буржуазия революциядан
қорқып, помещиктердің алдында құрдай жорғалады.
Революция қарсаңында. Революция дауылының төніп келе жатқаны көптеген
оқиғалардан айқын байқалғандығына қарамастан, Пруссиядағы король мен
помещик-дворяндар өздерінің артықшылықтарынан айрылып қалғысы келмеді және
ешқандай жеңілдік жасауды ойламады.
1845—1846 жылдары картоп ауруының салдарынан және егін шықпай
қалғандықтан азық-түліктің бағасы көтерілді. Ашаршылықты пайдаланып,
картоптың бағасын өте қымбаттатып жіберген саудагерлерді аш адамдар өзі
жазалап отырды. Халық нан пісіретін наубайханаларға да басып кіріп, піскен
нанды күшпен тартып алып отырды. Берлинде, Хемницада және басқа қалаларда
дәл осылай болды.
1847 жылы өнеркәсіптік дағдарыс басталды. Фабрикалар жүмысын тоқтата
бастады. Францияда революция басталды деген хабар Герман одағы
мемлекеттерінде революция өртін тұтатқан ұшқын болды.
Пруссияда революцияның басталуы. 1848 жылғы мартта Берлинде айбынды
демонстрациялар болды. Тақтың мирасқоры принц Вильгельм жиналған халықты
атқылау жанында бұйрық берді. Бұған жауап ретінде көшелерде баррикадалар
толып кетті. Жауынгерлер баррикадаларда қатарынан он үш-он төрт сағат бас
көтермей соғысты. Жұмысшылар алдыңғы сапта болды. Баррикадаларға қарсы 36
зеңбірегі бар 14 мың тұрақты әскердің солдаттары шығарылса да, бүкіл халық
қолдаған жұмысшылардың қарсыласуын тойтара алмады.
Король IV Фридрих Вильгельм Сүйікті берлиндіктерге деген үндеу
таратты, онда ол күресті тоқтатуын өтінді және қан төгістің бәрі де екі
солдаттың мылтығы өзінен-өзі атылып кетуінен болып отыр деп сендірмекші
болды бірақ бүл жалған үндеу жұртқа әсер етпеді, ақырында король астанадан
әскерді шығарып әкетуге мәжбүр болды. Баррикададағы ұрыстарда оққа ұшып
өлгендерді король сарайының жанынан алып өткенде, бұл өлімнің айыпкері
болған король, халықтың талап етуі бойынша, балконға шықты. Король сұры
қашып, қорқып, қалшылдап, өзінің әскерлерінің қолынан қаза тапқан
жұмысшылардың табыты алдында бас киімін алуға мәжбүр болды.
Берлинде 1848 жылғы марттағы ұрыстарда жұмысшылар мен қолөнершілер
жеңіп шықты. Бірақ, февральдағы Париж жұмысшылары сияқты, Берлинде бұлар да
ұйымдаспағандықтан, жұмысшылардың жеңісін буржуазия пайдаланып кетті.
Король министрлікті тағайындады, оны ірі фабриканттар басқарды және Ұлт
жиналысының сайлау мерзімі белгіленді. Неміс буржуазиясы революция
басталысымен-ақ помещиктер мен корольды қолдай бастады.
Буржуазиялық жаңа министрліктер ескі чиновниктердің бірін де орнынан
алмады, ескі пруссиялық полиция мен армияға да тимеді, корольды қорғай
бастады.
Берлин жұмысшылары жиналыста еңбек министрлігін ұйымдастыруды, оған
жұмысшылардың өкілдерін қатыстыруды, сонымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz