Германия — Европада 2-дүн. жүз. соғыстың (1939—45) аяғына дейін өмір сүрген мемлекет


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

ГЕРМАНИЯ

(лат. Germania, нем. Deutschland, Deutsche - неміс, Land - ел, сөзбе-сөз аударғанда-немістер елі) - Европада 2-дүн. жүз. соғыстың (1939-45) аяғына дейін өмір сүрген мемлекет. Астанасы Берлин қ-сы болған.

Тарихы. Г. жерінде адам б. з. б. 500-300 мың жылдарда, төменгі палеолит дәуірінде (қ. Гейделъберг адамы) пайда болған. Оңт. Г-да неандерталь адамының сүйегі табылған. Палеолит . дәуірінен неолит дәуіріне өтер кезеңде Г-ның солт. аймақтарын алғашқы қауымдық балықшы және аңшы тайпалар мекендеген. Б. з. б. 3-2-мың, жылдықта Г. жеріндегі тайпалар мал және егін шаруашылығымен де шұ-: ғылданды. Б. з. б. 1-мың жылдықтың басында Г. жерінде қола құралдарымен қатар, темір ңұралдар да пайда болды. Г. жерінің денін қоныстанған герман тайпалары б. з. б. 1-мың жылдықтың аяғында Рим мемлекетімен соқтығысты. 4 ғ-дың қарсаңында тайпалардың қоныс ауыстырып, араласуы нәтижесінде германдықтардың тайпа-лық жаңа бірлестіктері құрылды; бұлардың бір бөлігі 4-6 ғ-да Бат. Рим империясының жеріне ойысты. Г. же-ріне алемандар, баварлар, шығ. фран-кілері, сакстер, тюрингілер, фриздөр бір жолата орнықты.

Г-да негізінен алгашқы қауымдық құрылыс ыдырау барысында феод. қатынастар қалыптаса бастады да, франкілер шапқыншылығынан кейін, бұл процесс жеделдей түсті. Франкілер 6-8 ғ-да бүкіл Г. жерін өзіне ңарат-ты, сөйтіп Г. франк мемлекетінің құ-рамына кірді де, онда христиан діні тарады. Ақсүйектер мен қауым бас-шыларының ірі жер иеліктерімен қа-тар, корольдар мен шіркеулердің жер меншігі пайда болды. Ерікті шаруалар бағындырыла бастады. Каролингілер империясы құлағаннан кейін, Г. жері шығ. франк корольдығына кірді; бұл герман аймақтарының мемл. түрғы-' дан даралануының басын бастап бер-ді. Бұл процесс маркграф Арнульф Каринтийский (887-899 ж. биледі. ) «шығыс франкілерінің» королы болып сайланғаннан және саксон әулетінің негізін салушы саксон герцогы Генрих I (919-936 ж. биледі) 919 ж. герман королы болып сайланғаннан кейін аяқталды. Генрих I тұсында ертедегі феод, герман мемлекеті қалыптасты. Алғашқыда бұл мемлекет Рейн, Эльба мен Альпі аралығындағы жерді алып жатты. Оның құрамына 4 тайпалық герцогтық: Саксония, Франкония, Алеманния (Швабия), Бавария кірді; 870-80 ж. оған Лотарингия (біржола-та 925 ж. ) мен Фризия (Фрисландия) ңосылды.

Герман феод, мемлекеті шапқышпы-лық саясатына көшіп, полаб славян-дарының жерін басып алды. Оттон I (936-973 ж. биледі) тұсында бодрич-тердің, лютичтердің, серб-лужиліктер-дің тайпалық одақтары Г-ға бағынды-рылды. 951 ж. Оттон I Солт. Италия-ны өзіне қаратты, 962 ж. Римді алып, император атанды. «Ңасиетті Рим им-периясының» басы осыдан басталды да, герман корольдары Италияға ұда-йы тонау жорықтарын жасап тұрды. 1032-34 ж. Бургундия (Арелат) ко-рольдығы империяға қосып алынды. Чехия империяға тәуелді аіімаққа ай-налды.

11 ғ-дың аяғында бүкіл Г. халқы феод. қатынастарға тартылды. Феод.

қалалар тез өсе бастады. Алгашқыда Н қалалар епископтарға, феодалдарға, Ң корольға вотчиналық жағынан тәуел- Ғ ді болды. Кейіннен көытеген қалалар н бұл тәуелділіктен құтылды. Штауфен- ғ. дер әулетінің императорлары (1138- н 1254) неміс князьдарын толық бағын- а дыру мүмкін еместігін көргеннен ке- Г йін, Италия жерлерін өзіне қаратуға ( ұмтылды. Бірақ бұдан ешнәрсе шық- р пады. Ал кейбір нөміс князьдары өз р тарапынан славяндардың, Эльба сырты мен Балтық маңындағы басқа ха- б лықтардыц жерлерін басып алды. т Генрих Лев Бодричтердің жерін ша- п уып, онда Мекленбург (1170) герцог- и тығын, Альбрехт Медведь лютичтер- е дің жеріне басып кіріп, Бранденбург с маркграфтығын құрды. 13 ғ-да семсер д тағушылар ордені ливалар мен эста- п лардың, Тевтон ордені прустардың е жерін өзіне қаратты. Шығыста Г. же- с pi екі есе кобейді. Мұнда ерікті ірі с князьдықтар пайда болды. Жаулап і

алынған жерлерге немістер келіп қо-ыыстанып, жергілікті халық күшпен немістендірілді.

12 ғ-дың аяғы мен 13 ғ-да папа қа-уымының ықпалы кұшейіп, олар іс жұзінде Г-ны өзінө бағындырды. Папа Инокентий Ш-нің көмегімен тақ-қа отыру правосын қалпына келтір-гөн Фридрих II Штауфен (1212-50 ж. биледі) император әрі Сицилия коро-лы болды. 13 ғ-дан бастап Г. жері одан әрі бөлшектөнө тұсті. Князьдар іс жү-зінде тәуелсіз мемл. басшыларына айналды. Король өкіметінің билігі формальды түрде ғана сақталды. 15 ғ-дың 2-жартысынан Г. экономик, жа-ғынан алға баса бастады. Кен, тоқыма өнеркәсібінде, кітап басу ісінде, кей-бір басқа салаларда капит. ендірістің алғашқы түрлері туа бастады. Бюргер-лердің арасында цехтық ұйыммен байланысы жоқ кәсіпкерлер, ал қола плебейлері арасында пролет, прослойка ұшқынының маңызы барған сайын күшейді. А. ш-нда феод, тәуелді ша-руалар мен феодалдар арасындағы күрес ушыға түсті. Бұл Оңт. -Бат. Г-да шаруалар мен қала халқының антифеод, толқуына [Ганс Бехайм қозға-лысы (1476), «Башмақ» қастандық-тары (15 ғ-дың аяғы-16 ғ-дыңбасы), «Кедей Конрад» көтерілісі (1514) т. б. ] әкеліп соқтырды.

Ел ішінде оппозициялық қозғалыс-тың ерістеуі және Г-ның халықар. жағдайының шиеленісуі салдарынап неміс князьдары империяпың мемл. құрылысына реформа енгізу жолда-рын қарастырды. 15 ғ-дың 80 жылда-рында Оңт. -Бат. Г-да құрылған Швабия одатының (ірі князьдардың саяси және әскери ұйымы) «князьдық пар-тиясы» 1495, 1500 ж. империя ішінде-гі соғыстарға тыйым салу, князьдар арасындағы дауларды т. б. шешу үшін жалпы империялық басқарма мен сот құру жонінде рейхстагқа жоба қабыл-датты. 16 ғ-дың басында оппозиция-лык, қозғалыс шаруа-плебейлер бұқа-расын, бюргерлер қауымын, империя-лық рыцарьлар қауымын қамтыды. і Католик шіркеуіне қарсы Реформация 1) қозғалысы шықты. Халық арасында Реформация Т. Мюнцердіц рев. ілімі р негізінде озінше әлеуметтік-саяси бағыт алды. Бұл ілім халык, бұқарасының феодалдарға қарсы күрес туына айналды. Бүкіл Оңт. -Бат. және Орта і- Г-ны қамтыған Шаруалар көтерілісі а (1524-26) Реформация дәуіріндегі г рев. қозғалыстың гпыңы болды. Ша-'з руалар соғысы аяусыз басылды.

Экономикасының төмен құлдырай . - бастауы салдарынан 16 е-дың 2-жар-[. тысы - 17 ғ-дың басында саяси реакция бүрынғыдан да күшейді. 1618 ж. '- империяда өріс алған соғыс жалпы-і- европ. ұзақ соғысқа (қ. Отыз жылдъщ г согыс, 1618-48) ұласты. Г. көп жыл-р дар бойы осы жойқын соғыстың құ-і- шағында қалды. Соның салдарынап ц елдің әлеуметтік-экономик. және сая-) - си дамуы мықтап тежелді. Халықтыц іі саны күрт азайды, көптеген қалалар а меп деревнялар қирады.

Вестфаль бітімі (1648) нөгізінде Отыз жылдық соғыс аяқталғаннан ке-йін де, Г. сол бұрынғы бөлшектөлгөн князьдықтар күйінде қалды. Бұлар формальды түрдө «Қасиетті Рим им-периясының» құрамында қалды. Фео-далдар езгіні күшейтіп, өз шаруашы-лықтарын кеңейте түсті. Бранден-бург-Прусс курфюрлігі (1701 жыл-дан - Пруссия корольдығы) сол кез-дегі аса ірі неміс мемлекетінің бірі болды. Пруссиялық әскери-басыбай-лы монархияның бүкіл өмірі милитаризм және вотчиналық деспотизм ру-хына толы болды. 1740 ж. прусс әс-керлері Силезияға басып кірді; бұл Австриямен соқтығысуға әкеліп соқ-тырды және Австрия мұрагерлігі (1740-48) үшін соғыстың басын бас-тап берді. Соғыс барысында Фридрих II Силезияны түгел дерлік Прус-сияға қосты. Жеті жьщдық соғыс (1756-63) нәтижесінде Силезия тағы да Пруссияның қарамағында қалды. Ал Пруссия 1772 ж. Полыпаның бір бөлігін өз жеріне қосып алды. Пруссия Европадағы үлы мемлекеттердің қатарына қосылды.

18 е-дың аяғында Г-да өнеркәс. өнді-рісі дамыды. Товар айналымы едәуір ұлғайды, кемө жүретін каналдар кө-бейді. ¥лыбританиямен, Голландия-мен, Швециямен, басқа да елдермен сауда-саттық күшейді.

¥лы франц. революциясының әсері-мен Рейн мен Эльзаста шаруалардың толқуы басталды. Антифеод. күрес, әсіресе Саксонияда кең өрістеді. 1793 ж. март-апрельде Силезия то-қымашылары котеріліс жасады. 1792 ж. апрельде Австрия-Пруссия мен революцияшыл Франция арасын-да соғыс басталды. Соғыстың барысында австрия-пруссиялықтар жеңі-ліске ұшырады (1792 ж. сент. ) . 1793 ж. 18 мартта Майнцта неміс жеріндегі тұцғыш демокр. республика - Майнц коммунасы жарияланды. 1795 ж. Пруссия Франциямен сепараттық бітімге қол қойды; Рейннің сол жақ жағала-уындағы жерлер Францияныц билігі-не көшті. 90 жылдары Пруссия мен

Австрия Польшаның жаңа жерлерін О басып алды. 1806 ж. кузде Пруссия 31 Францияға қарсы тағы да соғыс аш- 3 ты, бірақ жеңіліп қалды. Тильзит < шарты (1807) бойынша Пруссия өз ^ жерініц жартысынан айрылды. Неміс д халқы франц. басқыншыларына қар- U сы күреске шығып, Лейпциг шайқа- *• сынан (1813) кейін бүкіл Г. жері бас-қыншылардан азат етілді. Вена кон-гресінен (1814-15) кейін (конгресс мақсаттарының бірі - Г-ның тағды-рын шешу болды) Г. саяси жағынан бытыраңқы күйінде қалды. Конгрес-тің шешімі бойынша 39 мемлекеттен Герман одағы құрылды. Онда Австрия басқарушы роль атқарды. Быты-раңдылық қаншама тежеу болғаны-нымен, 30 жылдары Г-да өнеркәс. төң-керісі басталды. Капит. фабрикалық өндіріс күшейді. 1834 ж. Герман та-можнялық одағы (Пруссия, Бавария, Вюртемберг және 15 неміс мемлекеті) құрылды; онда Пруссияның ролі ба-сым болды, Австрия одаққа кірмеді. Бұл өнеркәс. пен сауданы дамытуға себепкер болды. Г. темір жол қүрылысында да зор табысқа жетті. Франциядағы Июль революциясының (1830) әоерімөн Саксонияда, Брауншвейг, Ганновер, Гессен-Кассель және басқа герман мемлекеттерінде рев. толқулар болып өтті. Гессен-Дармштадта шаруалар көтеріліс жасады. 30 жылдары шетелдерде тұңшш неміс жұмысшы ұйымдары «Әділеттілер одағы» т. б. ) құрылды, коммунистік қоғам құрудың (30-40 жылдары В. Вейтлинг насиқаттаған) утопиялық жоспары тарады. 1844 ж. Силезия тоқымашыларьшың көтерілісі шықты. 19 ғ-дың 40 жылдарында герман жерінде марксизм дүниеге келді. Оның нөгізін қалаушы К. Маркс пен Ф. Энгельс 1-халықар. пролет, ұйым - Коммунистер одағына басшылық етті және одақтың программасын - «Коммунистік партияның манифесін» жазды. 1848 ж. мартта бурж. демокр. рев. (1848-49) басталды. Реолюцияның қозғаушы күші жұмысшылар, қолөнершілер, шаруалар болды. Революция Г-ны біріктіріп, феод. - абсолюттік құрылысты жою мақсатын алға қойды. Халық бұқарасының ал

ті

дыңғы қатарлы өкілдөрі - Коммунис-төр одағының мүшелері - бір тұтас демокр. герман республикасын құру-ға ұмтылды. Ал буржуазия барлық кө-көйтесті мәселені тақта отырғандар-мен ауыз жаласып шешуді жөн көрді. 1848 ж. мартта ең алдымөн Баден, Гессен-Дармштадт, Вюртемберг, Бавария халқы көтөрілді. 18 мартта Бер-линде болған көтөріліс Пруссияда өкімет басына Кампгаузен-Ганземан либөралдық үкіметін келтірді. 1848 ж. апрельдө Баденде респ. көтөріліс бол-ды, бірақ ол басып-жаншылды, Демокр. күштерді біріктіруде 1848 ж. июньде Маркс пен Энгельс ұйымдас-тырған «Жаңа Рейн газеті» маңызды роль атқарды. Нөміс буржуазиясы контрреволюция жағына шықты. 1848 ж. ноябрьде Пруссияда феод, ақсүйек-тер мен шонжарлар үкіметі құрылды. Негізінен алғанда, революция неміс буржуазиясының сатқындық саясаты салдарынан жецілді (қ. Германиядаты революция, 1848-49 Ж. ) .

50 жылдардың басында реакция ша-буылды күшейте түсті. Коммунистер қуғынға салынды. Сонымен қатар өнеркәс. төңкерісі мықтап өріс алды; төцкеріс 80 жылдарға дейін созылды. Erie көлемі ұлғайып, а. ш-на машина-лар қолданыла бастады. 1862 ж. О. Бисмарк үкімет басына келді. Австралия-Пруссия сотысында (1866) не-міс армиясы жеңіп шыққаннан кейін, Бисмарк Г-ны Пруссияның төңірегіне біріктірді. Прага бітімі (1866 ж. 3 июль) бойынша Австрия герман іс-теріне араласпауға міндеттенді. Авс-триямен одақ құрған ұсақ мемлекет-тер Пруссияға қосылды. 60 жылдары неміс жұмысшы крзғалысы бірсыпы-ра табысқа жетті. 1863 ж. Жалпыға бірдей герман жұыысшы одағы құ-рылды; одақты Ф. Лассаль басқарды. 1869 ж. Эйзенахтағы съезде А. Бебель мен В. Либкнехт Г. С. -д. жұмысшы партиясының (эйзенахтықтар) негізін қалады.

Француз-прусс соғысы (1870-71) Пруссияның Г-ны өз төңірегіне бірік-тіру жолындағы династиялық соғыс-тың соңғы сатысы болды. Соғыс бары-сында прустар франц. армиясын талқандады. Ңысым жасау, ақшалай мол субсидия беру жолымен Бисмарк Сол-түстік-Герман Одағынан тыс қалған (1870 жылдың аяғына) неміс мемле-кеттерін де Пруссияға бағынуға мәж-бүр етті. 1871 ж. 18 январьда, Париж-ді қоршау кезінде, оның түбіндегі Версальда прусс королы Вильгельм I бастаған Герман империясының құ-рылғаны жарияланды. Франкфурт бі-тімі (1871) бойынша Эльзас, Шығ. Лотарингия Франциядан Пруссияға ауысты. 1871 ж. март-май айларында Бисмарк үкіметі Париж Коммунасына қарсы интервенция ұйымдастырды.

Г-да капитализм жедел дамыды. 70 жылдары өнеркәс. пен сауданың үле-сі мықтап артты. 19 ғ-дыц аяғында өнеркәсіптің жаңа салалары: хим., электротех. өнеркәсібі мықтап өркен-деді. Өндіріс шоғырланды. Өнеркәс. және банк монополиялары құрылды. Әсіресе 90 жылдары финанс капиталы мол жиналды. Оның есесіне, ха-лық бұқарасының жағдайы нашарлай түсті. Бисмарк үкіметі юнкерлік-бурж. милитаристік мемлекетті нығайтып, Европада Г. үстемдігін орнатуға ба-ғытталды.

70 жылдары Г-ның жұмысшы табы едәуір табысқа ие болды. 1875 ж. эй-зенахтықтар партиясы Жалпыға бір-дей герман жұмысшы одағына бірік-ті. Соның нәтижесінде Германия соц. жұмысшы партиясы (1890 жылдан Германия Социал-демократиялъщ партиясы) қүрылды. С. -д. партияның құ-рылуы жұмысшы қозғалысының қа-жеттеріне сай келді. Бірақ Готадағы бірігу съезінде қабылданған програм-мада кейбір лассальдық қате идеялар қайталанды. Маркс өзініц «Гота про-граммасына сын» деген еңбегінде бұл программаға терец талдау жасады. Маркс пен Энгельстің көмегімен, ал-дыңғы қатарлы жұмысшылардың қол-дауымен Бебель және Либкнехт пар-тияны милитаризм мен қанауға қар-сы дәйекті күрес жолына бағыттай білді. 1877 и?, рейхстаг сайлауында С. -д. партия '/г млн. дерлік дауыс алды. 80 жылдардың аяғында жұмысшы қозғалысы (8 сағаттық жұмыс күнін талап еткен Рур көмір қазушыларының стачкасы (1889), Саксония, Си-лезия, Саар т. б. аймақтар кеншілері-нің стачкалары) өрлей бастады.

Г-ның құрамына кіргөн бат. поляк жерлерінің халқы жөніндө герман үкімөті германдандыру саясатын жүргіз-ді. Сыртқы саясат саласында Бисмарк Францияны оқшаулауға ұмтылып, өв-роп. мөмлекеттер арасындағы қайшы-лықтарды шебер пайдаланды. 1873 ж. «Үш император одағы» (Россия, Австрия-Венгрия, Г. ) ңұрылды; 1881 ж. ол консультациялық пактіден өзара бөйтараптық туралы шартқа айнал-дырылды. 1879-82 ж. Франция мен Россияға қарсы бағытталған үштік одақ (Г., Австрия-Венгрия, Италия) жасалды. 80 жылдардың 2-жартысын-да «Үш император одағы» құлады. Бисмарк Россияны Франциямен жа-қындастырмауға қаншама тырысқаны-мен, француз-орыс одағы қүрылды (1891-93 ж. ) Г-ның отарлық басқын-шылық жолына түсуіне байланысты ағылшын-герман қайшылықтары да шиеленісті. 1884-85 ж. Г. Африканың оңт. -батысындағы едәуір жерлерге, Тогоға, Камерунға, Жаңа Гвинея ара-лының солт. -бат. бөлігіне, Шығ. Аф-рикадағы жерлерге протекторат ор-натты. Жұмысшы қозғалысын басу әрекеттерінің іске аспауы, сыртқы саясаттағы сәтсіздіктер салдарынан Бисмарк қызметтен кетуге мәжбүр болды.

Жұмысшы қозғалысы Г-ның саяси вміріндегі елеулі факторға айналды. Бұл ретте С. -д. партияның ролі күшті болды. Партия 1891 ж. Эрфурт про-граммасын қабылдады; мұның өзі Гота программасымен салыстырғанда бір адым алға басқандық еді. Прог-раммада жүмысшы табының саяси екімет билігін алуы, таптары және тап үстемдігін жою көзделді. Бірақ бұл программада да пролет, диктатурасы туралы тіпті бірауыз сөз айтылмады, жуық арадағы мақсат ретінде демо-кр. республика орнату талап етілме-ді. 1893 ж. социал-демократтар рейхстага 44 депутат, 1898 ж. -56 депутат өткізді. Герман социал-демократиясы сол кезде халықар. жұмысшы қозға-лысында жетекші роль атқарды. Бі-рақ 19 ғ-дың аяғында партия цата-рында Э. Бернштейн бастаған оппор-тунистер пайда болды; олар марксизм-ді ревизиялай бастады.

19 ғ-дың 90 жылдарында ауыр өнер-кәсіптің, финанс капиталының және юнкерлер қауымының басшы қайрат-керлері «дүн. жүз. саясат» деп атал-ған кең экспансия программасын ұсынды. Оны жүзеге асыру үшін ірі соғыс-теціз флоты құрыла бастады. 1897 жылдың аяғы-1898 жылдың ба-сында Г. Ңытайдан Цзяо-Чжоуды, 1899 ж. Испаниядан Каролина, Марианна (Гуам аралынан басқа), Палау аралдарын тартып алды. 1914 ж. қар-саңында Г-ның 2, 9 млн. км2 отарлық жерлері болды.

20 ғ-да Г. әкономикасы жоғары дәре-жеде дамыған империалистік держа-ваға айналды. Өнеркәс. өндірісінің дәрежесі жөнінен Г. 20 ғ-дың бас ке-зінде Европада 1-орынға шығып, күні кеше ғана «дүние жүзінің шеберхана-сы» болған ¥лыбританияны артқа тас-тады. Г-ның экономик, дамуын біраз баяулатқан дағдарыстарға қарамастан, елдің экономикасы жедел қарқынмен өрге басты. Мәселен, 1900 жылдан 1913 жылға дейін шойын қорыту 2 еседен астам, көмір шығару 2 еседей, болат балқыту 3 еседей артты. Г-ның бүкіл экономик, және қоғамдық саяси өмі-рі милитаризм негізінде қайта құрыл-ды. Өз дамуында басқа елдерден кен-желеп қалған Г-ның империалистік буржуазиясы өнім өткізу рыноктары үшін күресте демпингті кеңінен қол-данды; Г-дағы монополистік бірлес-тіктердің үстем түрі картель болып, олардың саны тез өсті (1890 ж. -210, 1911 ж. -550-600) . Ірі банкілер ора-сан зор маңыз атқарды; өнеркәс. капиталы мен банк капиталының тоғы-суы Г-да басқа елдерге қарағанда жедел жүрді.

Юнкерлер мен ірі буржуазияның таптық одағы герман империализміне тән қасиет еді. Бұл жөнінде В. И. Ленин 1918 ж. былай деп жазған бола-тын: «Мүнда біз юнкерлік-буржуазия-лык, империализмге бағынған қазіргі ірі капиталистік техника мен жоспар-лы үйымдастырудың «соңғы табысын» көріп отырмыз» (Шығ., орысша 4-бас, 27-т., 338-6. ) .

20 ғ-дын бас кезінде Г-да шетке капитал шығару күшейді. 1920 ж. S-ның шетке шығарған капиталы 12, 5 млрд. франк болса, 1914 ж. 44 млрд. франкі-ге жетті. Монополиялар үкіметті дү-ниені қайта бөлу жолындағы соғысқа итермелей берді. Жанталаса қарулану күшейді. 1879 жылдан 1914 жылға дейін соғыс шығындары 5 есе артып, 1600 млн. маркадан асты, мұның өзі мемл. бюджеттің тең жартысынан аса-тын еді. Армия қатарындағы адам саны тоқтаусыз көбейіп, 1914 ж. 800 мыңға жетті; герман армиясы сол кез-дегі ең жетілдірілген қарумен жарақ-тандырылды. Елдің билеуші топтары халықты желіктіріп, шовинизм рухын-да тәрбиеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Швейцария Орталық Европадағы мемлекет
Версаль шарты
Екінші дүниежүзілік соғыс басындағы еңес-ағылшын қатынастары
АҚШ екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
Бірінші дүниежүзілік соғыс қорытындысын шығару
АҚШ Ұлы депрессия жылдарында
Түркия мемлекетінің орналасуы
Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945 ж.ж.)
ІІ-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Маньчжуриядағы Жапон империализмінің отарлау саясаты
Уистон Черчилльдің қоғамдық саяси өмірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz