Германияның 1949 жылғы Конституциясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Германияның 1949 жылғы Конституциясы

1945 жылы Ялта қаласында Кеңес одағы АҚШ және Ұлыбритания мемлекеттері үкімет басшыларының конференциясында Германияның тағдыры шешілді. Бұл конференцияда Германияны біржола талқандаудың әскери жоспары және дүниені соғыстан кейін қайта құрудың негізгі принциптері жасалды. Үш мемлекеттің басшылары герман милитаризмі мен фашизмін жою, сондай-ақ Германияның енді ешқашан бейбітшілікті бұза алмайтындығына кепілдік жасау, одақтас державалардың мақсаты болып табылады деп мәлімдеді.

Одақтастар фашистік озбырлықтан азат етілген елдерде келісілген саясат жүргізуге, олардың тәуелсіздігін қалпына келтіріп, демократиялық дамуына қолғабыс етуге, бұл мемлекеттерге экономикалық көмек көрсетуге міндеттенді.

1945 жылдың 8 мамыр күні жеңілген Гитлер Германиясының өкілдері Германияның сезсіз тізе бүккені туралы актіге қол қойды. Германиядағы Жоғарғы өкімет билігі одақтас державалар мемлекеттерінің қолына көшуі заңды да еді.

1945 жылғы 17 шілде мен 2 тамыз аралығында Потсдамда КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның үкімет басшыларының үшінші конференциясы болды. Онда соғыстан кейін дүниені қайта бөлісу мәселелері қаралды. Конференцияда одактастардың Германия жөніндегі саясатының басты принциптері жасалды.

Келісімде көзделген жағдайлар Германияны толық қарусыздандыру, фашизмді түптамырымен құрту және елдің саяси омірін демократиялық негізде қайта құру. Неміс монополистік бірлестіктердің бәрі жойылып, мемлекеттің демократизациялауы еткізілді.

Үш мемлекеттің шешіміне орай 1945 жылғы көкекте Сан-Францискода антифашистік коалиция елдерінің конференциясы ашылды. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымын (ООН) құрып, оның жарғысын қабылдаған еді. Біріккен Ұлттар Ұйымы халықтардың егемендігін, теңдігі мен өзін-өзі билеуін, олардың арасында кең ынтымақтасуды дамыту принциптері негізінде құрылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының алдына қойған міндеті, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаңа соғыс қатерін болдырмау және жою. Жалпыға бірдей бейбітшілікті сақтау жөніндегі басты жауапкершілік Қауіпсіздік Кеңесіне жүктелді.

1946 жылы АҚШ, Ұлыбритания және Франция Потсдам конференциясының шешімдерін орындамай, жүктелген бұл келісімнен бас тартты. Олардың ұстанған бағыты Германияны бөлшектеу болғаны белгілі. Олардың ойы Батыс Германияда өкімет басына реакционерлерді қою және оны Кеңес одағы мен басқа да социализм елдеріне дұшпан милитаристік мемлекетке айналдыру болды.

Ескі әскери-өнеркәсіптік концерндер негізінде басқа жаңа концерндердің пайда болуы, Батыс Германияны демилитарландырудың салдары деп саналды.

АҚШ және Ұлыбритания өздерінің Германиядағы зоналарын қосып, Бизония деген одақты құрды. 1948 жылы Франция өзінің жерлерін қосқаннан кейін бұл одақ Тризония деп аталды.

1949 жылы оккупацияның үш батыс аймақтары біртұтас мемлекетке - Герман федеративтік республикасына бірікті, оккупациялық билік жаңа Конституцияны бекітті. Бұл Конституция Бонн қаласының атауы бойынша Бонн конституциясы деп аталды. Сөйтіп 1949 жылы Тризониядан Герман Федеративтік мемлекеті пайда болған еді.

Бұл мемлекетте бірінші буржуазиялық үкімет құрылды да, оны басқарған Христиан-демократиялық партияның басшысы К. Аденауэр. Бұл үкіметке 13 банктың бастығы, 5 нацист кірді. Сол жылы оккупациялық мәртебе күшіне енген болатын. Бұл құжат үш оккупациялық мемлекеттердің үстемдігін нығайтты.

Жаңадан құрылған Федеративтік Герман мемлекетінің Конституциясы бұл мемлекетті құқықтық, әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Саяси өмірге қатысқан партия саны жиырма шақты, олардың арасындағы ең күштісі 5 партия болды. Олар Христиандық-демократиялық одақ; Христиандық-социалистік одақ; Социал-демократиялық және Азаттық-демократиялық партиялар; Жасылдар партиясы, тағы басқалары. Партияның құқықтары мен жағдайы заңмен реттелді. Елдің саяси өмірін демократизацияландыру аяқталған жоқ. Еңбекшілер фашизм және милитаризмнің тамырына балта шабу үшін күресті. Бірақ оккупациялаушы өкімет орындары монополистік капиталдың мүддесіне қысым жасауға жол бермеді. Германия Коммунистік партиясы қуғын-сүргінге түсті.

Белсенді партиялардың саны азая берді. ХДС Герман мемлекетінің жетекші партиясы болды, ұзақ уақыт бойы оны басқарған адам Конрад Аденауэр (1876-1967) . Ол герман және американ монополияларымен де тығыз байланысты болды. 1948 жылдың жазында батыс державалар оңаша ақша реформасын жүргізді, елдің экономикалық жағынан бөлшектенуіне алып келген де осы процесс. 1949 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Германияны бөлшектеу аяқталды. Батыс Германия Парламенті (бундестаг) сайлауынан кейін Аденауэр үкімет құрды.

1949 жылдың сәуір айында оккупациялық статут қабылданды. Оны АҚШ, Франция және Ұлыбритания қабылдады. Бұл құжат осы үш мемлекеттің билігін бекітті және әскери оккупация режимін енгізді. Оккупациялық мемлекеттер ГФР және жерлердің конституцияларын бақылай алатын, егер осы мемлекеттердің заңдары ГФР конституциясына және Оккупациялық статутқа қарсы болса, оларды жоя алатын болды. 1951 жылы оккупациялық статуттың құзыреті азайды да, 1955 жылы ол мүлде жойылды. ГФР Нато одағына кірді.

1949 жылдың мамыр айында Германияның Конституциясы қабылданды, ол бойынша бұрынғы Германия екі мемлекеттен тұратын болды: олар ГФР және ГДР. Батыс мемлекеттерге бағыты жақын Германия ГФР деп аталып, езінің буржуазиялық-демократиялық Конституциясына ие болды. Оны қабылдаған тұрғылықты жерлердің өкілдерінен құрылған Парламент Кеңесі. Жалпы алғанда, Бонн конституциясы Веймар конституциясына ұқсас болып келді.

Бонн конституциясы осыдан кейін жерлердің ландтагтарын тағайындады. Тек Бавария жері ғана Конституцияны бекіткен жоқ, ол Конституцияның елді бір орталыққа бағындыруы тым артық деп бағалаған болатын. Бірақ ол өзін ГФР мүшесі деп санады.

Конституция мемлекеттің негізгі заңы. Германия демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Бүкіл демократиялық құқықтар мен бостандықтар конституцияда бекітілді. Биліктің бөліну принципі енгізілді. Бұл Конституция бойынша Германияда халықаралық құқықтық нормалар мемлекет үшін міндетті, бейбіт өмірді бұзатын немесе соғыс дайындайтын әрекеттердің бәрі Конституцияға қарсы және қылмыс. Биліктің қайнар көзі халық.

Германия федеративтік мемлекет болып бекітілді. Құзырет федерация мен жерлердің арасында 30, 70-баптарда бөлінген. ГФР Конституциясының Веймар Конституциясынан айырмашылығы көп. Енді жерлердің құзыреті кеңейді.

Конституцияны қорғау тетігі өте күшті жасалған болатын. Конституцияға қарсы құрылатын партияларға тыйым салынады.

Оған сәйкес, Герман федеративтік республикасы федерализмнің негізіндегі 10 аймаққа бөлінді, яғни, олар бір-бірінен тәуелсіз болды және олардың тәуелсіз бюджеттері болды. Әр аймақтың үкіметі өз өкілдерін жоғарғы палатаға - бундестагқа (Одақтық Кеңес) тағайындады, төменгі палатаны (Бундестаг) халық сайлады. Конституцияны өзгерту, аумақты өзгерті, қаржы мәселелеріне байланысты бундесрат абсолюттік вето құқығын иеленді.

Мемлекет басшысы ретінде 5 жылғы сайланатын президент жарияланды. Ол канцлер (үкімет басшысы) лауазымына үміткерді ұсынды, канцлер болып әрқашанда сайлауда жеңіске жеткен парияның лидері тағайындалатын.

Федералдық Конституциялық сот бірқатар маңызды функцияларды иеленді: Конституцияға ресми түсіндірме беру, парламенттің құқықтық актілерінің конституцияға сәйкестігін тексеру және т. б. Конституциялқ соттың судьялары өмір бойға тағайындалатын. Елдегі ең қуатты партиялар болып мыналар табылды: Христиан-демократиялық партия, Социал-демократиялық партия, Еркін демократтар партиясы.

ГФР-нің мемлекеттік құрылысы. ГФР-нің негізгі билік органдарына: бундесрат, бундестаг, федералдық, президент, федералдық үкімет пен канцлер және федералдық конституциялық сот жатады.

Бундестаг халық сайлайтын өкілетті орган, ол 4 жылға сайланып қойылады. Сайлау жүйесі мажоритарлық жүйеге жатады. Бундестаг заң шығарады, халықаралық шарттарды бскітеді, федералдық президентті, үкіметті сайлайды.

Бундесрат парламенттің жоғарғы палатасы. Бундесратты жерлердің өкіметтері сайлайды, оның құқықтық жағдайының ерекшеліктері бар. Әрбір өкімет 3 депутаттан кем бермейді. Жердің өкіметі бундесраттың депутаттарына талап қояды, олар талапты орындауға тиісті. Қабылданатын зандарды бундесрат қарап, өзінің пікірін білдіреді, жерлердің конституциясын, шекараларын өзгерту үшін осы органның келісімі керек.

Федералдық президент 5 жылға сайланады. Оның құқықтары аса кең емес. Президентті федералдық жиналыс (бундестагтың және ландстагтың депутаттары) сайлайды. Ол жасы 40-қа толған, сайлау құқығы бар Германияның азаматы болуға тиіс. Президент тек екі мерзімге ғана сайлана алады. Президент федерацияның халықаралық қатынастардағы өкілі болып табылады, халықаралық шарттарға қолын қояды, соғыс жариялайды, федералдық судьяларды, қызметкерлерді тағайындайды және орнынан алады, кешірім құқығын жүзеге асырады, канцлердің кандидатурасын ойластырады. Веймар Конституциясымен салыстыратын болсақ, енді президенттің жағдайы әлсіреді де, канцлердің құзыреті күшейді.

ГФР канцлері өте қызық мемлекеттік тұлға, үкімет пен канцлердің арасындағы қатынас ерекше қалыптасқан. ГФР парламентінің алдында үкімет формальды түрде жауапты, бірақ шынында парламент бүкіл үкіметті тағайындамайды және сенімсіздік білдірмейді. Ол тек канцлерді талқылаусыз сайлайды және сенімсіздікті соған ғана көрсетеді. Бундестаг канцлерге сенімсіздік көрсетсе, президент бундестагты тарата алады. Үкіметтің басқа мүшелерін президентке канцлер ұсынады, министрлердін құзыретін де сол анықтайды, өзінің орынбасарын тағайындауға құқылы. Федералдық үкімет заң шығару бастамасын жүзеге асырады. Кейде ол өзі де заң шығара алады. Канцлер үкіметті басқарады, ол мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының негізін белгілеп, федералдық министрлердің кызметін тексереді.

Конституциялық федералдық соттың мүшелері бундестагтың және бундесраттың депутаттары арқылы сайланады. Сот екі Сенаттан тұрады. Бір Сенатқа 8 судья кіреді, олардың сайланып қойылатын мерзімі 12 жыл. Екінші мерзімге оларды сайлауға болмайды. Бұл соттың құзыретіне жататындар: заңдардың конституцияға сәйкестігін тексеру, жерлердің арасындағы таластарды қарау, жерлер мен федерацияның арасындағы таластарды қарау, азаматтардың. партиялардың конституцияға қарсы іс-әрекет істеген жағдайларында құқықтарыи қарау.

Сот жүйесі. Сот қызметкерлері өмір бойына сайланады. Олар сотта азаматтық және басқа істерді қарайды, азаматтардың құқықтарын корғайды. Конституцияның 9-бөлімі заң органдарының құқықтық жағдайы мен мәртебесін бекіткен. Германияның сот жүйесі: Жоғарғы федералдық сот, Жоғарғы Қаржы соты, Еңбек дауларын қарайтын жоғарғы сот және әлеуметтік мәселелерді реттейтін жоғарғы сот деп бөлінеді.

ГФР 1949 жылы 10 Жерден тұратын, олардың әрқайсысының мемлекеттік құрылысы Конституцияға сәйкес болуға тиісті. Әрбір мемлекеттің өзінің Конституциясы бар. Олардың өкілетті органдары ландтаг деп аталады, олар Баварияда екі палатадан, басқа жерлерде бір палатадан тұрады.

ГФР мемлекеттік дамуының өзгерістерге толы кезеңі 1954-56 жылдар. Конституцияға алынған түзетулер бойынша Германияда бундесвер және бәріне жалпы әскер міндеті енгізілді. Енді ГФР НАТО одағына қатыса алатын болды.

60 жылдары ГФР мемлекетінде төтенше бірнеше заңдар қабылданды, Коммунистік партия Конституцияға қарсы деген тұжырыммен жабылды, азаматтардың экономикалық құқықтары шектелді.

Соғыстан кейін Германияның экономикасы өте жылдам дами бастады. Германия соғысқа дейінгі дәрежесіне жетіп, одан асып түсті. Ол дүниежүзілік экономикада 2, 3-ші орын алатын болды. Германияны осы терең дағдарыстан шығарған Аденауэр мен Эрхардтың ақылды жақсы ойланған саясаты. Эрхард Германияның экономикалық өзгерістерінің архитекторы деп аталады. Германия ақша және экономикалық реформаларын сол адамның басшылығымен өткізді. Германияның жағдайы біздің мемлекеттің жағдайына ұқсас. Людвиг Эрхардтың рөлінің көрінген кезі Германияны авторитарлық монополисте экономикадан, нарықтық экономикаға кешіру кезеңінде. 1945-46 жылдары Германия өнеркәсібінің дамуы 1936 жылмен салыстырғанда 30 процентке жететін. Соғыс аяқталған кезде өнеркәсіп орындарының 15 проценті жойылды, бірақ 50-жылдың аяғында, 60-жылдардың басында Германияның ішкі өнімі 1950 жылмен салыстырғанда үш есе көбейді. Бір жылғы экономикалық өсу 10 процентке жетті, 8 миллион отбасы жаңа үй алып, жұмыссыз қалған адамдардың саны 1 процентке дейін азайды.

ГФР-дағы ең белсенді және күшті партия христиандық-демократиялық партия. Ол мемлекетті басқарған кезде Батыс Германия соғыстан кейінгі дағдарысты жеңіп, дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Социал-демократиялық партия да мемлекетті басқарған кезең болды.

ГФР-ның жаңа кезеңі Шығыс Германияның коммунистік үстемдігі жойылғаннан кейін басталды. Шығыс Германия Кеңес одағы әскерлерінің оккупациясы, коммунистердің билігі аяқталғаннан кейін ГФР мемлекетімен қосылды. ГФР мемлекеті Шығыс Германияны өзіне бағындырып алды. Енді социалистік Шығыс Германиядан ештеңе қалған жоқ, ол ГФР одағында жаңа 6 жер құрды.

Шығыс Германияны Кеңес одағының әскери әкімшілігі басқарды. СЕПГ социалистік реформалардың көбін өткізді. Аграрлық реформа өтті, монополиялардың жерлері тәркіленіп, еңбекшілердің езгісі тоқтатылды.

ГЕРМАНИЯНЫҢ БІРІГУІ

Шығыс Германияға біраз уақыт бойы Кеңестік әскери әкімшілік басшылық жасады. Көп ұзамай, мемлекетті басқаруға Германияның социалистік біртұтас партиясы (ГСБП) тартылды. 1946 жылғы қыркүйек-қазанда Шығыс германияда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына (ландтагтар) сайлаулар өтті . ГСБП сайлауда жеңіске жетті. 1948 жылғы наурызда Халықтық Кеңес бұл партияға болашақ Герман демократиялық республикасының конституциясын жасауға тапсырма берді.

1948 жылғы 7-қазанда Халықтық Кеңес Герман демократия-лық республикасының құрылғандығы жөнінде жариялады және өзін ГДР-дің уақытша халықтық палатасы ретінде қайта құрды.

ГДР-дің заңшығару органдарына сайлау 1949 жылы өтті.

1952 жылы ГСБП конференциясы социализмді құру туралы шешім қабылдады. 1968 жылы ГДР-дің жаңа конституциясы елдің социалистік даму бағытын ұстанғанын бекітті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Германия мемлекетінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы
Герман Федеративтік Республикасы
Герман Федеративті Республикасы
Германия (ГФР)
Германия экономикасының құрылымы
Фашистік Германияның сыртқы саясаты
Қазақстан-Германия қарым-қатынастары
Германияның саяси бірігу мәселесінің жүзеге асуы және екі герман мемлекетінің интеграциясы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі
Саяси жүйелердің қазіргі кездегі түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz