Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы
ЕКІНШІ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫС
§ 20. Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы 1
Франциянын тізе бүгуі және оның себептері. 4
Германияның СССР-ге қарсы соғысқа әзірленуі 6
Франция тізе бүккеннен кейінгі ағылшын-герман соғысы 6
Агрессорлардың күш біріктіруі 7
Балкандағы фашистік агрессия. 8
Қарсыласу қозғалысы 8
Фашистердің Африкадағы агрессиясы 9
Германияның СССР-ге соғысқа әзірлігінің аяқталуы 10
§ 22. Антифашистік коалицияның құрылуы. Екінші дүние жүзілік соғыс
барысындағы түбірлі өзгеріс 10
Фашизмге қарсы халықтардың біртұтас майданы 10
Антифашистік коалициядағы екі бағыттың күресі. 11
Жапонияның Англия мен Ақш-қа бас салуы 12
Волгадағы ұлы шайқас және Қарсыласу қозғалысының өрлеуі 12
Тегеран конференциясы 15
§ 23. Фашистік Германияның талқандалуы және тізе бүгуі 16
Екінші майданның ашылуы. Францияны азат ету 16
Польшаны азат ету 17
Гитлерлік блоктың ыдырауы. Оңтүстік Шығыс Европаны азат ету 17
Немістердің Арденныдағы шабуылы 19
Қырым конференциясы 19
Гитлерлік Германияның сөзсіз тізе бүгуі 20
§ 24. Империалист Жапонияның талқандалуы. Екінші дүние жүзілік соғыстың
қорытындылары 21
Берлин (Потсдам) конференциясы. 21
Империалистік Жапонияны талқандау 23
Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы 24
Нюренберг процесі 25
Екінші дүние жүзілік соғыстың негізгі қорытындылары 25
§ 20. Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы
Бірінші дүние жүзілік соғыс сияқты, Екінші дүние екінші дүние жүзілік
соғыс та империалистік қайшылықтардан туды. Бірінші Дүние жүзілік соғыста
жеңген державалар тобы — Англия, Франция, АҚШ — дүниені өз мүдделеріне сай
бөлісті де, жаулап алған позицияларын қалайда ұстап қалуға және ұлғайта
беруге тырысты. Алайда империализмнің заңы болып табылатын әр түрлі
елдердің экономикалық және саяси дамуының әркелкілігі капиталистік дүниеде
күштердің ара салмағын өзгертуге әкеп соқтырды. Екі соғыс аралығында
империалистік державалардың екінші бір күшті тобы — Германия, Жапония және
Италия — пайда болып нығайды, бұлар өздерін бөлістен құр алақан
қалғандармыз деп есептеп, дүниені жаңадан қайта бөлісуге ұмтылды. Мұндай
қайта бөліс тек соғыс арқылы ғана болуы мүмкін еді.
Сонымен, империалистік екі топтың әлемге үстемдік етуге ұмтылуынан
туған капитализм қайшылықтарының шиеленісуі екінші дүние жүзілік соғыстың
шығуының басты себебі болды.
Екінші дүние жүзілік соғыс өртін дүние жүзілік империализмнің барып
тұрған агрессияшыл және қарақшы отряды — герман фашизмі — тұтандырды.
Фашистік белдік державалары әлемге үстемдік орнатуға, халықтарды құлдыққа
түсіріп, еңбекшілердің революциялық қозғалысын қарудың күшімен қанға малып,
тұншықтырып, басып тастауға тырысты.
Барлық басқа елдер империалистерінің, ең алдымен Англия, Франция және
АҚШ империалистерінің, соғысқа әзірленуге көмектесіп, агрессияға жол беру
саясатын жүргізулерінің салдарынан ғана Германия, Жапония және Италия дүние
жүзілік соғыс өртін тұтандыра алды, империалистер агрессия Совет Одағына
қарсы бағытталады деп есептеді. Демек, екінші дүние жүзілік соғыстың
шығуына бүкіл елдердің империалистері, тұтас алғанда империалистік система
кінәлы. Соғыс капитализмнің жалпы дағдарысының онан әрі ұлғая түсуі мен
мейлінше шиеленісуінің нәтижесі еді.
Капиталистік системаның өз ішінде туған екінші дүние жүзілік соғыс екі
жақтан да империалисты соғыс болып басталды. Фашистік агрессорлар тарапынан
бұл соғыс өн бойында әділетсіз, басқыншылық, тонаушылық соғыс болып қала
берді. Ал антифашистік коалиция елдерін алатын болсақ, Англия, Франция және
АҚШ үкіметтері империалистік мақсаттарды көздеді, ал бұл елдердің халықтары
фашизмді құртуға ұмтылып, әділетті соғыс жүргізді. Екінші дүние жүзілік
соғыстың бас кезінде соғысқа жалпы баға беруде үкіметтердің ұстаған
позициялары айқындаушы маңыз алды. Кейіннен, агрессорлар бір елден соң бір
елді басып алып, бейбіт халықтарды қырып, жойып жатқан кезде, оларды құлдық
еңбекке душар етіп, жек көрінішті фашистік тәртіпті күшпен орнатып жатқан
кезде, халықтар күреске барған сайын білек сыбана батыл кірісті, сондықтан
бұл кезеңде соғыстың сипатына баға беруде халықтар позициясы айқындаушы
маңыз алды. 1940—1941 жылдарда антифашистік блоктағы мемлекеттер тарапынан
соғысты әділетті, азаттық соғысқа айналдыру процесі жүргізілді. Тек азаттық
мақсатты ғана көздеген Совет Одағының екінші дүние жүзілік соғысқа кірісуі
бұл процесті аяқтаған шешуші фактор болды.
Екінші дүние жүзілік соғыс бүкіл адамзат тарихындағы ең жойқын әрі
қырғын соғыс болды. Ол алты жылға — 1939 жылдың сентябрінен 1945 жылдың
сентябріне дейін — созылды. Оған белгілі дәрежеде дүние жүзінің барлық
елдері түгел дерлік — 2 миллиардтан астам халқы бар 70-ке жуық мемлекет —
қатысты. Соғысушы елдер армиясына 110 миллионнан астам адам (бірінші дүние
жүзілік соғыста 70 миллион адам) мобилизацияланды, соғыс қимылдары 22
миллион кв. км-ден артык (бірінші дүние жүзілік соғыста 4 миллион кв. км)
территорияда жүргізілді.
Гитлершілдер Польшаға қарсы ірі күш — 60-тан астам дивизия, 2500 танк,
2000 самолет — жіберді. Неміс авиациясы Варшава мен басқа қалаларды,
аэродромдарды, темір жол тораптарын, шегінген әскерлер мен босқан жұртты
үздіксіз бомба астына алды. Солдаттардың ерлігіне қарамастан, Польша
армиясынын қарсылығы тойтарылып, ол Шығысқа қарай жөңкіді.
Соғыс буржуазиялық-помещиктік Польшаның іріп-шірігенін айқын көрсетті.
Қиын-қыстау кезеңде Польшаның билеп-төстеушілері елді тағдырдың еркіне
тастап, мемлекет қорындағы алтынды алып, шетелге зытты.
Герман-поляк соғысы кезінде Германияның батыс шекарасынан әскер
түгелге жуық әкетілді: бұл жақтан өзіне ешқандай қауіп төнбесіне Гитлердің
көзі жетті. Даладье мен Чемберлен мүсәпір жандар,— деді ол соғыс басталар
алдында,— мен оларды Мюнхеннен білемін. Олардың шабуыл жасауға батылы
жетпейді. Польшаның батыс одақтастарының Германияға қарсы шындап
соғыспайтынына Берлиндегілердің сенімі күшті еді, өйткені Англия мен
Францияның билеп-төстеушілері Польшаны талқандағаннан кейің Германия СССР-
ге қарсы соғыс бастайды деп күтті.
Шынында, Англия мен Франция өз одақтасына ешқандай көмек көрсетпеді,
сондықтан неміс-фашист әскерлері 15 күнде Польшаның кеп жерін басып алды.
Украиндар мен белорустар мекендеген аудандарды гитлершілдердің
оккупациялауына Совет үкіметі жол бермеді. Совет әскерлері Батыс Украина
мен Батыс Белоруссия жеріне енді, сол жерлерді мекендеген халықтардың
тілегі бойынша Батыс Украина мен Батыс Белоруссия Совет Одағының құрамына
кірді. Агрессорлардың Шығысқа баратын жолы бөгелді.
Польшаны құлдыққа түсіріп, гитлершілдер оның батыс жақ бөлегін
Германия құрамына енгізді, ал қалған территориясын генерал-губернаторлық
деп жариялады. Фашистер поляктарды қырды, оларды Германиядағы каторғалық
жұмысқа айдады.
Ғажайып соғыс.
Шығыста өздерінің одақтасының—Польшаның — қансырап жатқанына
қарамастан, ағылшын-француз билеуші топтары әлі де болса Гитлермен
келісімге келеміз деген үмітте болды және оның қытығына тимеуге тырысты.
Өздеріне қарсы резервистерден жасақталған не бары 23-ақ неміс дивизиясы
тұрса да, француз әскерлері (11О дивизия) мен Францияға келген ағылшынның
экспедициялық корпусы (5 дивизия) ешқандай тіршілік нышанын білдірмеді.
Батыс майданда тыныштық болды, немістерге қарсы оқ атуға солдаттарға
тыйым салынды, 4 ай ішіндегі Франциядағы ағылшын әскерлерінің шығыны үш-ақ
адам болды.
Бұл кезең ғажайып соғыс деген атақ алды. Германияға соғыс жариялаған
Англия мен Франция соғыс қимылдарын жүргізгісі келмеді. Ағылшын және
француз үкіметтері өздерінің саясатының соғыстан бұрынғы бағытын өзгертпеді
— олар антисоветтік негізде Гитлермен келісу үмітінен айнымады. Соғыс
басталып кетсе де, Батыс елдерінің билеп-төстеуші топтары агрессия уытын
CCCP-гe қарсы аударамыз, өзіміз сырт қаламыз деген қиял құшағында болды.
Ағылшын-француз және американ дипломатиясы Гитлермен сез байласуға және
коммунизмге қарсы талай жылдар бойы аңсаған крест жорығын бастауға
ұмтылып, 1939—1940 жылдардың өлі арасында белсенді әрекет жасады.
Өздерінің армияларының қару-жарақка ете мұқтаждығына қарамастан,
Англия мен Франция фин реакционерлеріне қару-жарақ жөнелтумен болды.
Ағылшын-француз штабтары Түркия арқылы Совет Одағына баса-көктеп кірудің
жоспарын жасады.
Бесінші колоннамен күресу орнына, француз үкіметі патриот
коммунистерге шабуыл жасады. Компартия заңнан тыс деп жарияланды, парламент
депутаттары — коммунистер — қамауға алынды. Англия коммунистері де қуғынға
ұшырады; АҚШ-та 1940 жылы Смиттің реакцияшыл заңы күшіне енді, бұл заң ең
алдымен компартияға қарсы бағытталды.
Германия өзіне берілген тынысты жақсы пайдаланды, сөйтіп, 1940 жылы
көктемде Батыста белсенді қимылдарға көшті. 1940 жылы 9 апрельде таң сәріде
Копенгаген тұрғындары мотордың қуатты гүрілінен ұйқысынан оянды: Дания
астанасының көшелеріне неміс танкілері қатар түзеп өтіп жатты, қала үстіне
самолет қаптап кетті. Велосипедпен жұмысқа бара жатқан жұмысшылар қара-
құрымданған неміс әскерлерінің арасында қалып қойды. Алғашында датчандар
кино түсіріліп жатқан шығар деп жорыды. Дания королы сол сәтте-ақ армияғa
тізе бүгу туралы бұйрық берді.
Сол күні неміс әскерлері Норвегияның Ослодан Нарвикке дейінгі
жағалауларындағы порттарға түсірілді. Гитлердің жасырын агенті Квислинг
басқарған бесінші колонна басқыншыларға үлкен көмек көрсетті. Норвегия
армиясы мен Орталық және Солтүстік Норвегияға түсірілген ағылшын-француз
әскерлерінің шағын топтарының қарсылықтары дереу тойтарылды.
Дания мен Норвегияны басып алып, гитлершілдер Англияға қарсы қимыл
жасау үшін база және азык-түлік пен шикізаттың жаңа көзіне ие болды.
Ғажайып соғысқа негіз болған антисоветтік саясаттың күлі көкке ұшты.
Чемберлен мен Даладье үкіметтері өз еліне бәле тілеп алды.
Франциянын тізе бүгуі және оның себептері.
1940 жылы 10 майға қараған түні неміс-фашист әскерлері Бельгия,
Голландия және Люксембург жеріне баса-көктеп кірді, олардың бейтараптығын
қадір тұтуға Гитлер сан рет уәде берген болатын. Гитлершілдердің бұл
елдерде де сан салалы агентуралары бар еді, бұлар неміс-фашист әскерлерінің
шабуылын жеңілдетті. Голландия армиясы бірнеше күннен кейін тізе бүкті, ал
28 майда фашистерге тілектес болған Бельгия королының бұйрығы бойынша
Бельгия армиясы да қару-жарағын тастады.
Даладье мен Чемберлен үкіметтері бүтіндей саяси апатқа ұшырап,
орындарынан түсті. Англияның жаңа үкіметін консерваторлардың екінші бір
лидері — Черчилль басқарды.
Уинстон Черчилль (1874—1965) ағылшын империалистік буржуазиясының
көрнекті саяси қайраткерлерінің бірі болды. Мансап қуған ол алғашында
консерваторлар партиясына кірді, кейіннен либералдар партиясы жағына шықты,
ал 1924 жылдан бастап қайтадан консерватор болды, 1900 жылдан бастап ол
парламент мүшесі, бірнеше рет министрлік орындарда отырды. 1918—1920
жылдарда антисоветтік интервенцияны ұйымдастырушылардың ең басты
адамдарының бірі болды. В. И. Ленин бұл үшін Черчилльді Советтік Россияға
мейлінше жаны қас адам деп атады. 1940—1945 және 1951 —1955 жылдар У.
Черчилль ағылшын үкіметін басқарды. Британ империализмінің мүддесін қорғау
үшін көп күш-жігер жұмсады, бірақ Англияның онан әрі әлсірей беруіне бөгет
жасай алмады.
Француз территориясына баса-көктеп кірген герман әскерлері Ла-Маншқа
қарай ентелей ұмтылды да, ағылшынның экспедициялық корпусын қоршап алды.
Егер Гитлер шабуылды тоқтатпаса, теңізге тықсырылған әскери құрамалардың
тізе бүгуі даусыз еді. Ағылшын үкіметі бітім жасауға келісер деп есептеп,
Гитлер Дюнкерк порты арқылы адамдарының көпшілігін эвакуациялауға
ағылшындарға мүмкіндік берді, бірақ барлық техника немістердің қолына
түсті. Ағылшындарды Франциядан қуып шығып, гитлершілдер Парижге шабуыл
жасады.
10 июиьде, неміс танкілері астанаға жақындап қалған кезде, фашистік
Италия Францияға соғыс жариялап, оның ту сыртынан соққы берді.
Осы қиын-қыстау кезеңде шапқыншылық жасаған жауды тойтарар бір ғана
мүмкіншілік бар еді: ол үшін бүкіл халықты күреске көтеру керек болды.
Француз буржуазиясы мұны істемеді: ол Гитлер оккупациясынан гөрі өз
халқынан қорықты.
Астананы қорғау туралы коммунистердің үндеуіне қарамастан, француз
үкіметі 14 июньде Парижді ұрыссыз-ақ жау қолына берді. Үкімет басшысы 84
жастағы маршал Петэн халықтың тілегімен санаспастан, уақытша бітім жасау
туралы Гитлерге сөз салды.
1940 жылы 22 июньде Компьен орманында, 1918 жылы маршал Фош жеңілген
Германия өкілдеріне уақытша бітім шарттарын еріксіз қабылдатқан салон-
вагонда француз өкілдері тізе бүгудің масқаралық шарттарына қол қойды.
Француз армиясы дереу демобилизациялануға тиіс болды, оның қару-жарақтары
Германияға берілді; Парижді қоса, Франция территориясының үштен екіге
жуығын неміс әскерлері оккупациялады; Петэн Германияны азық-түлікпен,
шикізатпен, отынмен, қару-жарақпен жабдыктауға міндеттенді. Мұның артынша
іле-шала Франция Италияның алдында да тізе бүкті.
Ұлы держава Францияның бес апта ішінде тас-талқаны шықты. Францияның
апат болуының себебі реакцияшыл буржуазияның ұлтқа қарсы жүргізген ұзақ
жылдар бойғы саясатының нәтижесі еді, буржуазия өзінің тар шеңбердегі
таптық мүддесі үшін Францияның ұлттық мүддесіне опасыздық жасады.
Халық қаһарынан үрейленген Петэн Францияның оңтүстік-шығысындағы
оккупацияланбаған аймақтағы кішкентай курорттық қала Вишиді өзінің
астанасы етті. Францияда жиренішті реакциялық тәртіп орнады.
Француз буржуазиясының басым көпшілігі Гитлер мен Петэнге шын
пейілімен қызмет етті. Тек соғыс министрінің орынбасары генерал де Голль
(1890 жылы туған) бастаған ұлтшылдық ниеттегі буржуазияның бір топ өкілдері
ғана Франциядан кетті де, Лондонда Азат Франция комитетін құрды, комитет
ағылшын жағында соғысты жүргізе беруге бел байлады. Француз халқы
оккупацияның алғашқы күндерінен бастап-ақ басқыншыларға қарсы күрес
жүргізді.
Қарсыласудың ең ықпалды күші коммунистік партия болды.
Германияның СССР-ге қарсы соғысқа әзірленуі
Франция тізе бүккеннен кейінгі ағылшын-герман соғысы
Франция тізе бүккеннен кейін Англияның жағдайы тым ауыр болды: оның
одақтастары қалмады, құрлықтағы қарулы күштері едәуір қайта құруды қажет
етті, елге жаудың баса-көктеп кіру қаупі төнді. Герман бас штабы жасаған
Теңіз арыстаны жоспары Британ аралдарына 30-ға жуық дивизия түсіруді
көздеді.
1940 жылдың жазында гитлершілдер Ла-Манш порттарына 3100-ден астам әр
түрлі кемелерді, баржаларды, буксирлер мен катерлерді жинақтады. Ағылшын
авиациясының үнін өшіруді, соғыс енеркәсібін талқандауды және халқының
үрейін алуды көздеп, фашистік самолеттер 65 түн қатарынан Лондонға үсті-
үстіне шабуыл жасады, соғыс өнеркәсібінің орталығы Ковентриді талқандады,
индустриялық қалалары— Бирмингем, Манчестер және баска да қалаларды —
бомбалады. Гитлердің сүңгуір қайықтары теңіздерде қарақшылық жасады: 1939
жылдың сентябрінен 1941 жылдың июніне дейін олар 2040 сауда кемесін, соның
ішінде 1448 ағылшын кемесін, суға батырды. Бұл — ағылшынның сауда флотының
үштен бірі еді. Германия барған сайын Англияны кыспаққа ала берді.
Осы қиын жағдайда ағылшын буржуазиясының қайсыбір бөлігі тізе бүгуге
оңтайланды. Үкімет Канадаға көшу мәселесін қарастырды; алайда гитлершілдер
ағылшын халқын мойыта алмады; керісінше, оның фашизмге деген өшпенділігі
арта түсті. Халықтың мойымас позициясы күресті жүргізе беруге үкіметті
мәжбүр етті.
1940 жылдың жазына дейін АҚШ Англия мен Францияға ешқандай дерлік
көмек көрсетпеді. Франция тізе бүккеннен кейін Англияның жеңілуі Құрама
Штаттардың өздері үшін елеулі қатер төндірер деп қорқып, американ үкіметі
Англияға қару-жарақ сата бастады. Англияның финанс мүмкіндігі сарқылған
кезде, АҚШ конгресі 1941 жылы мартта қару-жарақты, азық-түлік пен шикізатты
қарызға беру немесе уақытша арендаға (ленд-лизға) беру туралы заң
қабылдады. Осы заңға сәйкес АҚШ белдік державалардың жауларына мұнан
былай көмек көрсетіп отырды. Осы жолмен американ буржуазиясы екі бірдей
міндетті: фашистік державалардың шабуылын тоқтату және олардың жауларын
өзіне бағындыру міндеттерін — шешпекші болды. 1940 жылы жаздың аяқ шенінде
Гитлер Англияға әскер түсіруді кейінге қалдырып, СССР-ге қарсы мүмкіндігі
болғанша тезірек соғыс бастауға шешім қабылдады, өйткені Германияның дүние
жүзіне үстемдік орнату жолында СССР ең басты бөгет еді. Егер Россия
талқандалса, Англияның соңғы үміті кесіледі,— деп мәлімдеді Гитлер өз
сыбайластарының шағын тобы арасында. 1940 жылы декабрьде Гитлер СССР-ге
қарсы соғыс жоспарын бекітті, бұл жоспар XII ғасырда Шығысқа крест жорығын
басқарған герман императоры I Фридрих Барбаросстың құрметіне Барбаросс
жоспары деп аталды. Жоспарда СССР-ге тұтқиылдан шабуыл жасау, совет
армиясын қауырт талқандау, Архангельск — Волга — Астрахань линиясына шығу
мақсаттары көзделді. Неміс қарулы күштері,— делінген ол жоспарда,— шұғыл
соғыс операциялары арқылы, Англиямен соғыс аяқталғанға дейін, Советтік
Россияны жеңуге әзір болуға тиіс. Өзінің Батыс Европадағы оңай жеңістеріне
мастанған Гитлер бұл операцияға 8 апта бөлді!
Агрессорлардың күш біріктіруі
1940 жылы сентябрьде Берлинде Германияның, Италия мен Жапонияның Үштік
пактісіне — агрессорлардың саяси-соғыс одағына — қол қойылды. Пактіге
қатысушылар өздерінің мақсаты дүние жүзілік үстемдікті жаулап алу және
Европа мен Азияда жаңа тәртіп орнату болып табылатынын ашықтан-ашық
жариялады. Гитлерлік Германияның СССР-ге қарсы соғысты әзірлеу жолында
Үштік пакт маңызды кезең болды.
Венгрияны гитлерлік Германияның вассалына айналдырған венгер диктаторы
Хорти Үштік одаққа бірінші болып қосылды. Гитлердің агенттері Румынияда
фашистік төңкеріс ұйымдастырды, сонан кейін румын фюрері Антонеску
Хортидің үлгісімен ол да Үштік одаққа қосылды. Румынияның мұнайы, астығы,
материалдық және адам резервтері Германия бақылауына көшті. Неміс әскерлері
елді оккупациялады. Үштік одаққа Словакияның қуыршақ үкіметі де қосылды,
оны Гитлер дербес мемлекет деп жариялаған болатын.
Болгарияның реакцияшыл буржуазиясы мен патшасы Гитлерді қолдады, бірақ
халықтың ыза-ашуынан сескеніп, ол жөнінде ашықтан-ашық мәлімдеуге батылдары
бармады. Берлинмен құпия келісім жүргізіп, олар Болгарияға неміс
солдаттарын енгізуге жол берді, мұнан соң болгар үкіметі де Үштік одаққа
қосылды.
Балкандағы фашистік агрессия.
1940 жылдың күзінде фашистік Италия Грецияға опасыздықпен бас салды.
Алайда күшінің басымдығына қарамастан, итальян фашистері ойсырап жеңілді.
Грек халқы басқыншыларды өз территориясынан қуып шықты. Грек армиясы
Албания жеріне кірді, ол жерде оған албан партизандары қосылды. Сәтсіздікке
ұшыраған Муссолиниге Гитлерден кемек сұрауға тура келді, 1941 жылы апрельде
грек территориясына неміс-фашист әскерінің ірі күштері баса-көктеп кірді.
Халықтың қаһармандық қарсылығына қарамастан, Грецияның тас-талқаны
шығарылды.
Югославияда халық Үштік одаққа қосылған реакцияшыл үкіметті құлатты.
Жаңа үкімет Үштік одаққа қосылу жөніндегі договорды ратификациялаудан бас
тартты. Бұған жауап ретінде герман армиясы Югославияға (1941 жылы апрельде)
бас салды. Югославияны басып алып, гитлершілдер оны бөлшектеді: Словенияны
Германияға қосты, Сербия мен Хорватияны тәуелсіз деп жариялады, ал қалған
жерді Италия, хортистік Венгрия, патшалы Болгария өз ара бөлісіп алды.
Қарсыласу қозғалысы
Құлдыққа түскен елдерде гитлершілдер жаңа тәртіп дегенді құруға
тырысты. Ол ұлттық тәуелсіздікті жоюды, құлдық еңбекті енгізуді, герман
фашизміне қызмет етуге экономиканы мобилизациялауды, фашистік тәртіппен
келіспегендерді және басы артық халықты өлім лагерьлерінде құртуды,
жаулап алған елдерді отарлауды көздеді. Құлдыққа түскен Европада қатал
террор орнады, оның мақсаты халықтарды қорқытып, оларды сөзсіз бас июге
көндіру еді.
Алайда гитлершілдер есебінен мықтап жаңылды. Оккупацияланған барлық
елдерде фашизмге қарсы ең дәйекті және ең батыл күрескерлердің басшылығымен
Қарсыласу қозғалысы басталды. Оған жұмысшылар, шаруалар, ұсақ және орта
буржуазия қатысты.
Коммунистер 1939 жылдың күзінде-ақ Чехословакияда жаппай антифашистік
демонстрация ұйымдастырды. Прагада іс полициямен және неміс әскерлерімен
қарулы шайқасқа дейін барды. Астыртын жұмыста бүкіл антифашистік күштердің
Халықтық майданы қалыптасты. Польшада партизандық қозғалыс өpic алды,
астыртын қарулы күштер құрылды.
Югославия коммунистері ел жеңіліске ұшырасымен бірден-ақ халыққа үндеу
жазды, онда: Коммунистер мен бүкіл жұмысшы табы, толық жеңіске жеткенге
дейін құлданушыларға қарсы халықтық күрестің алдыңғы сапында болыңдар!
Тіпті бұл күресте уақытша жеңіліске ұшыраған күннің өзінде де еңселерің
түспейтін болсын,— делінген. Жұмысшылар мен шаруалар таулар мен ормандарға
кетті, партизан отрядтарын құрды.
Болгария мен Албанияда фашизмге қарсы бой көрсетулер болып жатты,
соғысқа қарсы белсенді үгіт жүргізілді. Греция партизандары диверсиялар
жасады, көтерілісшілер отрядтарын құрды. Жиырма жастағы қаһарман коммунист
Манолис Глезос қауіптен тайсалмай, Афины Акрополынан өрмекші свастикасы бар
гитлерлік жалауды жұлып алып тастап, оның орнына Грецияның ұлттық жалауын
тікті. Мұнан кейін өзінің антифашистік күрестегі ерлігі үшін Гитлердің
бүйрығы бойынша жас патриот сырттан өлім жазасына кесілді. Францияда
коммунистер жауынгерлік астыртын ұйым құрды, ол қатал репрессияға
қарамастан, Гитлер мен Петэнге қарсы күресті басқарды, көптеп құпия
әдебиеттер шығарды, партизан отрядтарын құрды. 1941 жылы майда компартияның
басшылығымен елдің патриоттық күштерін біріктірген Ұлттық кең майдан
құрылды.
Қарсыласу қозғалысы гитлершілдер оккупациялаған басқа да елдерде —
Бельгияда, Голландияда, Данияда, Норвегияда — өріс алды. Бұл елдердің
шетелге қашып кеткен үкіметтері үміттерін сыртқы күштерге артып, азаттық
күресті өрістетуге кедергі жасап жатқан кезде, патриоттар оккупанттарға бір
минут та тыныс бермеді, оларға үсті-үстіне күшті соққы берумен болды.
Гитлершілдер басып алған елдердегі ұлт-азаттық қозғалысы екінші дүние
жүзілік соғыстың барысында едәуір роль атқарды. Ол — Германияға қарсы
күрестің әділетті антифашистік соғысқа ұласуына көмектесті.
Фашистердің Африкадағы агрессиясы
Англияның ауыр халін пайдаланып, итальян фашистері 1940 жылы жазда
өздерінің ежелгі жоспарын — Африканы жаулап алу жоспарын — жүзеге асыруға
кірісті. Итальян әскерлері Британ Сомалиін, Суданның бір бөлігін басып
алды. Египет территориясына баса-көктеп кірді. Алайда Италия тап онша
елеулі жеңістерге жете алмады. 1940 жылдың ақырында ағылшын әскерлері қарсы
шабуылға шықты да, Ливияның көп бөлігін, Италия Сомалиін, Эфиопияны алды.
Африкадан біржолата қуылу қаупінде қалған Муссолини Гитлерден тағы да көмек
сұрауға мәжбүр болды. Африкаға неміс дивизиялары жіберілді, олар Ливияда
шабуылға шығып, ағылшындарды Египетке тықсырды. Алайда фашистер бұл жеңісін
әрі қарай өрістете алмады, өйткені бұл кезде олар өзінің барлық күшін совет
шекараларына шоғырландырды. Африкадағы соғыс қимылдары Германия үшін екінші
кезектегі іс болды; соғыс тағдырының шешілер жері бұл емес еді.
Германияның СССР-ге соғысқа әзірлігінің аяқталуы
СССР-гe шабуыл жасау алдында Гитлер өзінің вассалдарын — Италияның,
Венгрияның, Румыния мен Словакияның билеп-төстеушілерін — Германия жағында
соғысқа қатысуға күштеп көндірді. Мұндай міндеттемені оған Финляндияның
реакцияшыл үкіметі де берді. Мурманскіге шабуыл жасау үшін 1941 жылдың
көктемінде неміс әскерлері жасырын түрде Финляндияға жөнелтіле бастады.
Екі майданда бірдей соғысты болдырмауға тырысып, 1941 жылы майда
гитлершілдер Англияның билеп-төстеуші топтарымен келісімге келуге әрекет
жасады. Гитлердің орынбасары Гесс истребитель самолетпен Англияға ұшып
барып, парашютпен түсті де, өзімен келіссөз жүргізген ағылшын үкіметінің
өкілдерін ықпал жасау аймақтарын бөлісу негізінде бітім жасауды ұсынды: бұл
бітім бойынша Германияға СССР-ді қоса бүкіл Европа, ал Англияға, немістің
бұрынғы отарларынан басқа өзінің бүкіл иеліктері тиесі болды. Алайда
ағылшын халқының Германиямен бітім жасау дегенді естігісі де келмеді.
Мұндай жағдайда Черчилль үкіметінің Гесспен келісімге келуге тәуекелі
бармады. Гесс тұтқынға алынды, ал Гитлер Гессті ақылынан айрылды деп
жариялап, онан бойын аулақ салды.
1941 жылдың май айы қарсаңында, СССР-ден басқа, континенттік Европа
герман фашистерінің бақылауында болды. Германия мен оның вассалдарының
әскерлері совет шекарасына топталды да, шекараға баса-көктеп кіру жөніндегі
бұйрықты күтті.

барысындағы түбірлі өзгеріс
Фашизмге қарсы халықтардың біртұтас майданы
1941 жылы 22 июньде таң сәріде гитлер - ш]лдер жасампаз бейбіт
еңбекпен шұғылданып жатқан социализм еліне зұлымдықпен шабуыл жасады. Совет
халқының Ұлы Отан соғысы басталды.
Екінші дүние жүзілік соғыстың адамзаттың қас жауына — фашизмге — қарсы
азаттық, әділетті соғысқа ұласу процесі аяқталды.
Соғыстың бірінші күнінен бастап-ақ бүкіл әлем халқы Совет Одағын
жақтап шықты. Гитлерлік Германия СССР-ге шабуыл жасағаннан кейін
антифашистік коалиция құрыла бастады. Сонымен қатар Англия мен АҚШ-тың
реакцияшыл буржуазиясының бір бөлігі СССР мен Германия арасында, ақыр
аяғында, қақтығысу басталды деп өз қуаныштарын жасыра алмады. Мысалы,
кейіннен АҚШ президенті болған сенатор Трумэн беті шімірікпестен: Егер
Германияның жеңіп бара жатқанын көрсек, онда Россияға көмектесуіміз керек,
ал егер Россия жеңіп бара жатса, онда Германияға көмектесуіміз керек,
мүмкіндігінше олар бірін-бірі көбірек қыра беретін болсын,— деп мәлімдеді.
Бірақ ол кезде АҚШ пен Англияның билеп-төстеуші топтары СССР-дің
қатысуымен антифашистік коалиция құруға мүдделі болды, оның себебі,
біріншіден, Совет Одағына қарсы соғыс неміс-фашист армияларының батыстан
бетін аударды да, олардың Британ аралдарына баса-көктеп кіру қаупін жойды;
екіншіден, СССР-ді қолдау өз халқының алдында АҚШ пен Англия үкіметтерінің
беделін арттырды; үшіншіден, совет халқының фашизмге қарсы қарсыласуы
әлемге үстемдік орнату жолындағы күресте Англия мен АҚШ-тың басты
бәсекелесін — Германияны — әлсіретті. Осы себептерге байланысты Англияның
премьер-министрі Черчилль өзінің Совет Одағына ынтымақтастығын білдірді, ал
АҚШ президенті Рузвельт СССР-ге жан-жақты көмек көрсетуге уәде берді.
1941 жылы июльде Германияға қарсы соғыста бірлесіп қимыл жасау
туралы ағылшын-совет келісіміне қол қойылды. Сонан соң ағылшын-совет
келісіміне басқа мемлекеттер қосылды. АҚШ үкіметі ленд-лиз туралы заң күшін
СССР-ге де таратты. 1942 жылы май — июньде өз ара көмекті реттейтін ағылшын-
совет договоры мен совет-американ келісіміне қол қойылды.
Сөйтіп, антифашистік коалиция — гитлерлік Германия мен оның
одақтастарына қарсы мемлекеттер мен халықтардың жауынгерлік одағы —
құрылды. Бұл одақтың шешуші күші Совет Одағы болды. Соғыстың аяғы
қарсаңында антифашистік коалицияға 50-ден астам мемлекет, оның ішінде бес
ұлы держава (СССР, АҚШ, Англия, Франция, Қытай) кірді. Коалицияға қосылған
елдердің бәрі бірдей күреске онша белсенді кірісе қоймады. Олардың
қайсыбірі (мысалы, Түркия) коалицияға соғыстың ең аяғында кірді және
жеңісті жеделдету үшін ештеңе бітірмеді.
Антифашистік коалициядағы екі бағыттың күресі.
Соғыстың бүкіл барысында антифашистік коалицияның өз ішінде екі
бағыттың арасында күрес жүрді, бірінші бағыт — фашистік державалардың тез
талқандалуын қамтамасыз етуге және баянды да әділетті бейбітшілік үшін
жағдай жасауға қажырлы күш жұмсаған СССР бағыты, екіншісі — соғыс жүргізуді
өздерінің империалистік мүдделеріне бағындыруға тырысқан АҚШ пен Англия
бағыты.
Бұл күрес ең алдымен Европада екінші майдан ұйымдастыру мәселесінен
көрінді. Екінші майдан құру Германияны талқандауды едәуір тездеткен болар
еді,— гитлершілдердің екі майданда соғыс жүргізуден ат тонын ала қашуы
тегін емес еді. Батыс державалардың шабуыл қимылдарын жасамайтындығына
берік сенім ғана фашистерге совет-герман майданына бірден 152 дивизия
аттандыруға мүмкіндік берді. Кейінірек совет әскерлерінің еселеген
соққысына киліккен гитлершілдер шығысқа үсті-үстіне жаңа күштер жөнелтуге
мәжбүр болды.
Екінші майдан деп Солтүстік Францияға ірі күштердің түсірілуін ұғуымыз
керек деп, Совет үкіметі соғыстың басында-ақ атап көрсетті. Англия мен АҚШ
екінші майданды 1942 жылы ашуға міндеттенді, бірақ олар өз міндеттемелерін
орындамады: екінші майдан 1942 жылы да, 1943 жылы да ашылмады.
Жапонияның Англия мен Ақш-қа бас салуы
1941 жылы декабрьде Совет Армиясы қарсы шабуылға шығып, фашистерді
Москвадан қуып тастады. Гитлерлік Германияның тұңғыш рет мұндай қатты
жеңіліске ұшырауының халықаралық үлкен маңызы болды. Бұл жеңіс фашистер
оккупациялаған елдер халықтарының жауынгерлік рухын көтерді, азаттық
күресінің құлашын кең сермеуіне және антифашистік коалицияның нығаюына
себепкер болды.
Германияның қауырт соғыс жоспарының күйрегеңіне, гитлершілдердің
Москваны алуға шамасы келмейтініне, ал СССР-дің өзінің шығыс шекарасын
әлсіретпейтініне көзі жеткен жапон милитаристері Англия мен Американың Қиыр
Шығыстағы иеліктеріне бас салуға әзірленді. Жапония СССР-re бас салады-мыс
деп сенген Англия мен АҚШ-тың билеп-төстеуші топтары өздерін бейқам ұстады,
сондықтан да олар тиісті тойтарыс беруге әзірленбеді.
Жапон-американ қайшылықтарын бейбіт жолмен реттеу туралы Вашингтонда
келіссөз жүріп жатқан кезде, Жапонияның соғыс-теңіз флоты Америка мен
Англияның маңызды базаларына елеусіз келді де, тұтқиылдан соғыс қимылдарын
бастады. АҚШ-тың Тынық мұхиттағы негізгі соғыс-теңіз базасы Перл-Харборға
(Гавай аралдары) жүздеген самолеттер шүйілді. 1941 жылы 7 декабрьде бірнеше
сағат ішінде АҚШ-тың Тынық мұхит флоты — 8 линкор және басқа көптеген
корабльдері— түгел дерлік жойылды немесе зақымдалды. Мұнымен қатар жапондар
Сингапурға бас салды, ағылшынның көптеген кемелерін суға батырды және әр
түрлі аудандарға десант түсірді.
Осы оқиғалардан кейін бірнеше күннен соң Германия мен Италия АҚШ-қа
соғыс жариялады. Екінші дүние жүзілік соғыс өрті лаулай түсті.
Волгадағы ұлы шайқас және Қарсыласу қозғалысының өрлеуі
Сталинград шайқасы екінші дүние жүзілік соғыстың барысындағы бет бұрыс
кезең болды. Немістердің таңдаулы 22 дивизиясын (330 мың солдаты мен
офицерін) жойып жіберген совет әскерлерінің орасан зор шабуылынан кейін,
соғыстың немен тынатыны алдын ала белгілі болды.
Волга жағалауында тарихтағы ең ұлы шайқас жүріп жатқан кезде, Англия
мен АҚШ Францияның солтүстігіне әскер түсіру орнына Марокко мен Алжирде
десанттық операция жүргізді, онда жаудың әскерлері жоқ болатын. Бұған жауап
ретінде гитлершілдер Францияның бүкіл территориясың оккупациялады.
Солтүстік Африкаға түсірілген ағылшын-американ әскерлері Египеттегі
герман-итальян бөлімдеріне қарсы шабуыл жасады. 1943 жылдың көктемінде
белдік державалардың әскерлері тізе бүгуге мәжбүр болды. Африкадағы соғыс
қимылдары аяқталды.
Англия мен АҚШ-тың билеп-төстеуші топтары Африкадағы операцияны екінші
майдан деп көрсетуге тырысты, бірақ бұл айтқандары тайға таңба басқандай
фактілермен жоққа шығарылды: 1943 жылдың бас кезінде совет-герман
майданында жаудың 240 дивизиясы болса (179 неміс, 22 румын, 14 фин, 13
венгер, 10 итальян, 1 словак, 1 испан дивизиясы), ал Солтүстік Африкада бұл
кезде одақтастарға не бары 4 неміс және 11 итальян дивизиясы қарсы тұрды.
Совет әскерлерінің Сталинград түбіндегі тарихи жеңісі Қарсыласу
қозғалысына қатысушы патриоттарға жаңа күш-жігер берді. Олардың қатарына
ондаған мың адам қосылды. Қатал террорға қарамастан, Германияның өз ішінде
коммунистер, социал-демократтар, кәсіподақ белсенділері, интеллигенция
өкілдері астыртын баспаханалар құрды, антигитлерлік листовкалар басты.
Германияға айдалып барған шетел ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz