ЖАПОНИЯ МЕН ҚЫТАЙДЫҢ ТЕКЕТІРЕСІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ЖАПОНИЯ МЕН ҚЫТАЙДЫҢ ТЕКЕТІРЕСІ: РЕСЕЙДІҢ ЕКІЖАҚТЫ «ОЙЫНЫ»

Жапондар жарты ғасырдан астам уақыттан бері «қырғи қабақ соғыс» кезінде орыстардың қанжығасында кеткен аралдарын қайтара алмай әлек. Өткен аптада бірқатар жапондық шенеунікпен кездескен Путин бұл проблеманы талқыға салудан бас тартатындығын ашық мәлімдеді. Халықаралық сарапшылар қауымы жапон дипломаттарының жер дауына қатысты мәселеде (Курильдегі 4 арал) солқылдақтық танытуы мен Ресейдің аса бай энергетикалық қоры Путиннің өктем әрі батыл болуына мүмкіндік беретінін айтады.

Көмекейге «құм құйған» - мұнай құбыры . . .

РФ президенті Путиннің Жапонияға жасаған іссапарын ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары үлкен жетістік ретінде бағалады. Бірақ, есесі кеткен жапондық БАҚ, керісінше, ресми кездесулерде талқыланған мәселелерге теріс пікір білдіруде. Себебі, «екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жақсарғанымен, арадағы 60 жылға созылған жер дауы кез келген достық қатынасқа сызат түсірері анық». Курильдегі 4 аралға қатысты жер дауы ресми кездесу барысында талқыланған жоқ. Аталған проблеманы екі тарап та шешуге мүдделі секілді көрінгенмен, кездесу барысында бейбіт келісімге қол қойылмады. Есесіне, Ресей мен Жапония Сібір мен тынықмұхиттық жағалауды жалғастыратын ұзындығы 4100 шақырымдық мұнай құбырының құрылысына қатысты келісімге қол қойды. Путин күніне 1, 5 млн. баррель мұнай өндіруге қабілетті бұл құбырдан Жапонияға келер пайданың мол екендігін мәлімдеді. Жалпы көлемі 16 миллиард долларға бағаланып отырған мұнай құбырының құрылысы 2006 жылдың соңына қарай қолға алынбақ. Аталған соманың жартысын жапондар қазір-ақ қалтасынан суырып салуға дайын отыр. Ресми Токионың көкейін тескен мәселе - орыс мұнайының көмегімен таяушығыстық энергоқорларға деген тәуелділікті 15 пайызға дейін төмендету. Бірақ Ресей мұнайы - жапондар үшін «айдалада жатқан батпан құйрық» емес. Ол үшін орыстардың мұнай шикізатына біраздан бері көзін сүзіп отырған «аспан астындағы аждаһамен» текетіресте жапондар жағы жеңіске жетуі керек. Тағы бір қауіп: Кремль Ресей үшін аса маңызды әрі тиімді саналатын мұнай құбыры жобасын (Сковородинодан Қытайға дейін) тез арада жүзеге асыруға құлшынып отыр.

«Даудың басы . . . »

Сарапшылар пікірінше, Путиннің Жапонияға сапары ресейлік-жапондық қарым-қатынастың жаңа кезеңінің басталуына ықпал етті. Ұзақ уақыт бойы тоқтап қалған саяси қатынастардың кесірінен екіжақты экономикалық байланыстар да зиян шеккен еді. Екі ел арасындағы жер дауына келгенде, Путин жер табандап жатып алды: «Курильдік аралдарға Ресейдің қожалық етуі халықаралық құқықтық стандарттарға сәйкес келеді». Негізі ресми Мәскеу 1956 жылы алғаш рет 2 аралды ғана қайтарып беруге ұсыныс жасаған. Арада 49 жыл өткеннен кейін Кремль сол ұсынысты тағы да қайталады: «4 аралды емес, екеуін ғана қайтарып беруге келісеміз». Ресейдегі қоғамдық пікірге қарсы шықпайтынын ашық мәлімдеген Владимир Владимирұлы кезінде күшпен басып алған жерін қайтарып беруді талап еткен жапондарға Ресейдің ұлан-ғайыр жерінен ұлтарақтай да топырақ бұйыртпауға нық бекінген сыңайлы. Сарапшылар пікірінше, ВВП егер жапондармен келісімге келсем, олардың талабын қанағаттандырсам, арадағы жер дауын одан сайын ушықтыра түсемін деп қорқады. 1945 жылы тамызда Жапониямен соғысқан КСРО Оңтүстік Курильдегі 4 аралға қожалық ететінін мәлімдеді. 1945 жылы ақпанда Рузвельтпен болған кездесуде Сталиннің 1855 жылы Ресей патшалығы Жапонияның қанжығасына байлап жіберген аймақтарды қайтарып алуға байланысты келісімге келгенін көлденең тартқан Кремль осы себептен Куриль аралдарына қатысты дауда өліспей, беріспеске бекініп отыр. Сарапшылар жапондардың қорқасоқтауы мен орыстардың аса бай мұнай қоры Путиннің кез келген мәселеде үстемдік етуіне және қатаң талап қоюына мүмкіндік беретінін айтады. Шынында да, кейінгі жылдары жапондық өндірісшілер Ресеймен тығыз қарым-қатынас жасауға мүдделілік таныта бастады. Мысалы, бір ғана жапондық компания - «Тойота» жыл сайын орыстарды 50 мың машинамен қамтамасыз етеді. Екіжақты сауда айналымы үстіміздегі жылы 10 млрд. долларға жетеді деп күтілуде. Алайда кейбір сарапшылар пікірінше, жер дауын түбегейлі шешіп алмайынша, Жапония Ресеймен арадағы экономикалық қатынасты қарқынды дамыта алмайды.

Қытаймен текетірес

Кездесу барысында Пекинге мұнай мен қару сатып отырған Путин жапондарға да бүйрегі бұратындығын жасырып қала алмады. Қытайлық-ресейлік екіжақты сауда айналымының көлемі жылына 15 миллиард фунт стерлингті құрайды. «Қырғи қабақ соғыс» кезінен қалған жер дауын әлдеқашан шешіп алған Пекин мен Кремль Біріккен Ұлттар Ұйымында Иран мен Судан мәселесіне келгенде жиі «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып жүр. Бірақ аспан асты елінің ескі жауы саналатын әрі аймақтық бәсекелесі болып табылатын жапондармен Путиннің ауыз жаласуы, атап айтқанда, сібірлік мұнайды Жапонияға дейін жеткізетін мұнай құбырын салуға қатысты мәселеде келісімге келуі қытайларға жаға қоймағаны анық. Ал жер дауын шешіп алуда солқылдақтық танытқан жапондық шенеуніктер Ресейдің Пекинді қарумен қамтамасыз етуіне келгенде, батыл талап қойды: «Қытайға қару-жарақ тасымалдау мәселесінде аса сақтық таныту керек» (Жапонияның премьер-министрі Дзюнъитиро Коидзуми) . Бірақ сыртқа оңайлықпен сыр алдыра қоймайтын ВВП сабазың бұл мәселеде де міз баққан жоқ. Премьердің талабын түсін бермей отырып, үнсіз тыңдады. Путиннің жапондар мен қытайларға қатысты бастаған екіжақты «ойынын» сарапшылар сан-саққа жүгіртуде. Мысалы, Ұлыбританиядағы Уорик университетінің сарапшысы Кристофер Хьюз: «Қырғи-қабақ соғыстың» соңына қарай Ресей құрдымға қарай құлдыраса, керісінше, Жапонияның «тасы өрге домалаған» еді. Ал қазіргі жағдай бұған мүлде кереғар. Баяғы беделінен айырылып қалған Жапония аймақтық дипломатия мен мұнай шикізатын пайдалануда басымдыққа ие әрі оған аса ірі экономикалық бәсекелес болып табылатын Қытайдың тегеурініне төтеп беруі керек» дейді. Хьюздің пікірінше, Жапонияның Қытаймен күш теңестіруі үшін АҚШ-тан басқа тағы бір алпауыт мемлекет керек. «Токионың жер дауына себепкер болған аралдарға қатысты мәселені төтесінен қоя алмауы осы себептен».

«Қайда барсаң, Қорқыттың көрі» . . .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси доктринасыныңкөпвекторлылығының тұжырымдамалық негізін айқындау
Саясат пен экономиканың байланысы неде. Ұлы көршілер
Дағдарыстың пайда болу табиғаты
ҚАЗАҚСТАНДА ЭТНО - МӘДЕНИ ТУРИЗМІН ДАМЫТУ ӘЛЕУЕТІ
«Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы» пәнінен лекция жинағы
Социалистік партия
Абылай хан саясаты
Көппартиялардың пайда болуы және ерекшеліктері
Қазақстандағы көппартиялықтың пайда болуы
Түркістан өңірі тұрғындарын енді Ресейдің кару күшімен басып алудағы негізгі мақсатын айналымға түскен жаңа құжаттар мен деректер негізінде көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz