ИСПАНИЯ МЕМЛЕКЕТІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ИСПАНИЯ

Фашистік Италия гитлерлік Германия күйрегеннен кейін, Батыс Еуропада - Испанияда Франконың, Португалияда Салазардың фашистік диктатуралары сақталып қалды әрі айтарлықтай ұзақ уақыт өмір сүрді. Потсдам конференциясында КСРО, Ұлыбритания және АҚШ үкіметтерінің басшылары Франко режимін фашистік ретінде айыптап, Испанияға экономикалық және саяси санкцияларды қолдануды жақтады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының ұсынысы бойынша көптеген елдер Испаниямен дипломатиялық және сауда қатынастарын үзді. Елде антифранкистік қозғалыс өрістесе, бірқатар аудандарда фашистік диктатура орнағаннан кейін пайда болған партизан отрядтары қимыл әрекетін жалғастыра берді. Алайда Франко режимі дес бермеді. Бұған Батыс державаларына Потсдам конференциясында Франколық режимге қатысты жарияланған бағыттан бас тартуға мүмкіндік берген «қырғи қабақ соғыс» саясаты септігін тигізді. АҚШ-тың қасарыса талап етуі бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарары 1950 ж. алынып тасталды, ал 1953 ж. АҚШ Испаниямен әскери акт жасасты. Мұндай жағдайда антифашистік қозғалыс уақытша бәсеңсіп, партизандық күрес тоқтады. Португалияның АҚШ-пен әскери-саяси ынтымақтастығы екінші дүниеж. үзілік соғыс жылдарында-ақ, АҚШ Азор аралдарында әскери база құрған кезде (1944 ж. ) басталған болатын. Бұл жағдай өз режимін «либералдандыру» туралы жарияланған Салазар диктатурасының сақталып қалуына жәрдемдесті. Көп ұзамай-ақ Португалия АҚШ-тан «Маршалл жоспары» шеңберінде экономикалық көмек алды, ал 1949 ж. НАТО-ға мүше болды.

Испанияда франколық режимді жою және оның демократиялық даму жолына түсуі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Испания экономикасында мемлекеттік монополистік капитализмнің ролі едәуір өсті. Шет елдік монополияларға өз қаржыларын испан кәсіпорындарына салуға рұқсат беру елге АҚШ және басқа батыс елдері капиталының кең енуіне жол ашты. 60-жылдары Испания индустриялық-аграрлық мемлекетке айналды. Өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқындары жағынан ол тек Жапонияға ғана жол берді. Жүз мыңдаған испандықтардың Батыс Еуропа елдеріне нан табу үшін миграция жасауы жұмыссыздық мәселесін уақытша жойды.

Индустрияландыру үдерісі жұмысшы табының, орташа таптардың техникалық интеллигенцияның санының ұлғаюына алып келді. 60-70 жылдары жұмысшы табы франкистік режимге қарсы күресті күшейтті. Кәсіпкерлер кәсіпорындарда пайда болған жұмысшы комиссияларымен есептесуге мәжбүр болды; олар ереуілдік қозғалыстың ұйымдастырушылары еді. Барынша асыртын жағдайда қимыл жасаған Испания коммунистік партиясы (ИКП) диктатураға қарсы күрес жүргізу және оны «қанды күрес пен өзара соғыстардың жаңа кезеңінсіз азаматтық бостандықтар режимімен» алмастыру үшін барлық испандықтарды біріктіруге арналған «ұлттық келісімге келу» саясатын жүргізді. Бұл саясат басқа оппозициялық күштердің тарапынан қолдау тапты.

Басқа капиталистік елдерде бүліншілік әкелген 70-ші жылдардағы дағдарыс испан экономикасын да зақымдады. Шет елдерден испан жұмысшыларының қайтып оралуы және жаппай эмиграцияның тоқтауы жұмыссыздықтың өсуіне алып келді. Антифранкистік қозғалыс күшейді. Күреске студенттер, интеллегенция қосылды. Каталонияда және Баскілер елінде ұлттық автономияны қалпына келтіруге бағытталған қозғалыс дамыды. 70-ші жылдардың ортасында елде 300-ге жуық оппозициялық ұйымдар әрекет етті.

1975 жылы қарашада 82 жастағы Франко қайтыс болды. 1931 ж. революцияда құлатылған король XIII Алфонстың немересі I Хуан Карлос (1838 жылы туылған) мемлекет басшысы болып жарияланды. 1947 жылдың өзінде-ақ Франко оны өзінің ізбасары етіп тағайындаған болатын. Король Испанияда өзгерістер жасаудың қажеттігі туралы сақтықпен мәлімдеме жасады. Король тағайындаған үкімет мүшелерінің көпшілігі азамат соғысына қатыспаған және бұрын Франкомен жақын байланыста болмаған еді. «Жоғарыдан» жүргізілген реформалар арқылы франкистік режимнің негізгі тіректерін біртіндеп жою саясаты жүзеге асыра бастады. Бірақ бұл үдерісте испандықтардың басым көпшілігің елді демократияландыруға ұмтылысы шешуші роль атқарды.

1977 жылы қазанда үкімет пен саяси партияларды оның ішінде коммунистердің, социалистердің және басқалардың арасында «Монклоа пактісіне» (үкімет резиденциясының атынан алынған) қол қойылды; бұл пакт экономиканы тұрақтандыру және саяси реформаларды жүргізу; жаңа конституция қабылдау, жұмысшыларға мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруға қатысу құқығын беру және т. б. жөніндегі бірқатар шараларды қарастырды. 1979 ж. қаңтарда конституция күшіне еніп, ол Испанияда парламенттік монархияны орнатты. Заң шығару билігін үкіметті іс-әрекетін бақылайтын қос палаталы парламент - көртестер жүзеге асырады. Баскілер елі, Каталония және басқа ұлттық аудандар автономия құқығын алды. Сөйтіп, Франкизмнің саяси жүйесі жойылды.

Буржуазиялық реформистік үкімет елеулі экономикалық және саяси мәселелерді шешуге қабілетсіз болып шықты. Елдің бірқатар облыстары экономикалық жағынан мешеу күйде қала берді, өнеркәсіпке ғылыми-техникалық революцияның жетістіктері баяу енгізіліп, жұмыссыздық өсті. Демократияландыру үдерісі 1981 ж. ақпанда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенген реакцияшыл күштердің қарсылығымен тежеліп қалды. Мұның бәрі 1982 ж. кортестерге сайлау кезінде Испания социалистік жұмысшы партиясының (ИСЖП) жеңіске жетуіне алып келді; бұл партияның лидеры Филипп Гонсалес (1942 ж туған) 1986 ж кейін бірінші рет солшыл үкімет құрды. Өкімет басында болған уақыт ішінде (1986 ж. кортестерге сайлаулар өткізгенде ИСЖП тағы да жеңіске жетті) . Үкімет өзінің бірқатар уәдесін орындады; жұмыс апталығы 42 сағаттан 40 сағатқа қысқарды. Демалыс 30 күнге дейін ұзартылды, қарулы күштер үкіметтің бақылауына қойылды. Алайда, экономикалық қиыншылықтарды, инфляциялық өсуді және жұмыссыздықтың жоғары деңгейін (1986 ж. соңында 3 миллионнан астам адам) жою мақсатымен үкімет жүргізген «қатаң экономика» режимі еңбекшілердің наразылығын тудырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Испания мемлекеті
Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасуы
Омейядтар халифаты
Ислам өркениетінің европаға ықпалы
Монро доктринасы
АШЫЛУЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ ТАРИХЫ
Сефевилер мемлекеті
Испания конституциясы
Дүниежүзінің саяси картасы
Осман мемлекеті және Түркия Республикасы Осман мемлекетінің құрылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz