ИТАЛИЯ 1918-1945 жылдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

ИТАЛИЯ 1918-1945

Италия Европаның оңтүстігінде, Жерорта теңізі аймағында орналасқан мемлекет. Ол Аппенин түбегін, Сицилия, Сардиния сияқты үлкен аралдармен қатар бірнеше ұсақ аралдарды алып жатыр. Территориясы - 301, 2 мың шаршы метр. Астанасы - Рим (1995 жылғы мәлімет бойынша 2, 8 млн. адам тұрады) . Басты қалалары - Милан, Неаполь, Турин, Генуя және т. б. Италия құрамында 2 мемлекет -Ватикан, Сан-Марино орналасқан.

1995 жылғы мәлімет бойынша халқының саны - 57, 8 млн., оның 94% итальяндықтар. Ресми тілі - итальяндық. Діні - католицизм. Ақшасы - лира.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң. Бірінші дүниежүзілік соғыста Италия үкіметі бұлтақ саясат ұстап, 1915 жылы бұрынғы өзінің одақтастарына қарсы, яғни Үштік Одаққа қарсы Антанта жағында соғысты. Сол кездегі Италия мемлекетінің жай-күйі әскеріне ықпал етпей қоймады. Уақыт талабына сай дайындалмай соғысқа кірген итальян әскері майдан даласында бір жеңілістен екінші жеңіліске ұшырады да, соғысқа елеулі үлес қоса алмады. Оның дәрменсіздігін Антанта елдері елемей қойған жоқ. Осылайша Италия үкіметінің Антанта елдеріне сүйене отырып, үлкен территорияны иемдену, халықаралық позициясын нығайту мақсаты орындалмады. Ұзақ соғыс Италияны қанға бөктірді. Антанта елдері Италияны өзіне тең санаған жоқ. Италияға Трентино (Оңтүстік Тироль), Истрия, Триест жері ғана берілді. Аз ғана жерге ие болды, мүддесі орындалмады. Италия «жеңгендердін ішінде жеңілген мемлекет» болып кала берді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Италияға оңай тиген жоқ. 700 мыңдай итальяндықтар соғыс даласында қаза тапты. Соғыс шығыны - 46 млрд. лир, мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің 80%. Сыртқы қарыз 19 млрд. лирге өсті. Шикізат пен жанармайға валютаның жетіспеуі өнеркәсіп өндірісін күрт кемітті. Егістік қысқарды, өнім шықпады, мал басы кеміді. Финанс бұзылды, инфляция күшейді. Жұмыссыздық, халықтың жағдайы тым нашарлап кетті.

Елдегі жағдайдың қиындығымен қатар, Италияның Англия, АҚШ, Франциямен порт Фиуме (Риску) мен Далмацияны бермегені үшін арақатынасы күрделенді. Италияның славян халқы орналасқан территорияға көз тігуі жаңадан құрылған Серб-хорват-словен корольдігімен қатынасын шиеленістірді.

1919 жылдың басына қарай соғыстың аяқталғанына қарамай елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайының еш өзгермеуі, оның үстіне соғыстан қайтқан солдаттардың жұмыссыздықты одан сайын көбейтуі, қымбатшылық қалың көпшіліктің басқарушы топтың саясатына наразылығын тудырды. 1919 ж. 1555 мың адам қатысқан 1871 ереуіл болып өтті. Елде жұмысшының, шаруаның ұсақ буржуазияның, алдыңғы топтың қарсылығы елдің экономикасы мен саяси өмірінде түбегейлі өзгеріс жүргізуді қажет етті.

1919 жылдың басынан бастап, Италияның басқарушы тобының арасында бірлік болған жоқ. Буржуазиялық диктатура системасында дағдарыс туды, мемлекеттің өкімет органдары бұзылды. Армия мен полиция елдегі наразылықты баса алатын күш болудан қалған еді. Осы жағдайда басқарушы топтың бір бөлігі социалист партия, әлеуметтік базасы бәсекеге түсе алатын буржуазиялық партия құруға ұмтылды. Осы мақсатта 1919 ж. қаңтарда Халық партиясы құрылды. Оның программасы: помещик иеліктерін сату арқылы шаруаларға бөліп беру; буржуазиялық-демократиялық реформа жүргізу т. б.

Ал басқарушы топтың екінші бөлігі наразылықты күшпен, зорлықпен басуды ойластырды. Реакциялық ұлтшыл қайраткерлер жұмысшы ұйымдарымен күресетін арнайы бандалар ұйымдастырды. Соғыс кезінде социалистік партиядан шығарылып жіберген Бенито Муссолини «күрескер топтар», ал жазушы Габриэле Д'Аннунцио легионерлердің қарулы отрядтарын құрды. Оларды ірі өнеркәсіп иелері қаржыландырды. Олар 15 сәуір 1919 жылы Муссолини отряды социалистік газет «Аванти» («Алға») редакциясына террорлық шабуыл жасады.

Италия басқарушы топтары халықаралық саясатта да бірауызды болмады. 2 лагерь қалыптасты: бірі ашық агрессорлық, жаулап алушылық саясат; екіншісі соғыстың авантюра саясатының салдарынан сескенген ымырашыл саясат.

Агрессорлық лагерьді ұлттық партия мен оңшыл либералдар басқарды. Лидерлерінің бірі - Соннино кезінде сыртқы істер министрі болған. Париж бейбіт конференциясында премьер-министр Орландо мен Соннино Италияға негізінен славян халықтары мекендеген Адриат жағалауынан территория беруді, Италияның Албанияға протекторат орнатуын, Измир мәселесін шешуді, Орталық және Солтүстік-Шығыс Африкадан отар жер талап еткен болатын. Муссолини «Пополо д'Италия» (Италия халқы) газетінің бетінде Италия зор территорияға ие болуы керек дегенді насихаттады.

Солшыл либералдар (Нитти, Джолитти) Серб-хорват-словен корольдігімен Истрия, Фиуме мәселесі бойынша келісімге келуге шақырды, Далмацияны аннексиялауға қарсы шықты.

Париж конференциясында Италияның аннексиялық жоспарының жүзеге аспауы және осыған байланысты батыстық одақтастармен туған қақтығыс Орландо үкіметінің беделін кетірді де, ол 1919 жылы маусымда отставкаға кетуге мәжбүр болды. Нитти бастаған жаңа кабинет Грециямен құпия келісім жасасты. Ол бойынша Италия Измирге көз тігуін тоқтатып, Фиуме, Далмация мәселесі бойынша қанша талпынса да келісімге келе алмады.

Нитти үкіметі халықтың қысымымен Кеңестік Ресейге деген саясатын өзгертті. Итальян әскері Ресейден қайтарылды. Нитти үкіметінің ымырашыл сыртқы саясаты ұлтшылдар мен фашистердің ашу-ызасын тудырды. Ұлтшылдар «Фиуме немесе өлім!» деген ұран көтерді. 12 қыркүйек 1919 жылы Д'Аннунцио өзінің «легионерлер» отрядымен Фиумені басып алды. Итальян генералы басқарған одақтастардың оккупациялық әскері ешқандай қарсылық көрсетпеді. Фиумеде Д'Аннунцио «республика» жариялады.

16 қараша 1919 жылы парламенттік сайлау өткізілді. Пропорционалдық жүйе негізінде жүргізілген сайлау социалистік партияға зор жеңіс әкелді (5, 6 млн. дауыстың 1840 мыңын жинаған), 156 мандаттық орынды иемденді. Ондаған жылдар бойы билік басында болған либералдар жеңіліс тапты. Екінші орынды Халық партиясы алды (1200 мың дауыс, 100 мандат) . Алғаш рет сайлау күресіне қатысып, халықтың арасында эр түрлі уәделер бергенімен ол толық жеңіліс тапты.

Дегенмен парламенттік сайлау аякталса да саяси күрес тоқтамады, өрши түсті. 1920 жылы сәуірде кәсіпкерлердің фабрика-завод кеңестерінің құқықтарын шектеуге тырысқан кәсіпкерлердің әрекетіне қарсы Туринде жалпы ереуіл болып өтті. Турин жұмысшыларының күресін солшыл социалистер Грамши, Тольятти басқарды. Турин металлистерінің ереуілін Пьемонттың бүкіл жұмысшылары қолдады. Бірақ 11 күн табандылық көрсеткен ереуіл Жалпы еңбек конференцияның реформистік лидерлерінің әрекеттерінен тоқтап қалды. 1920 жылы тамызда металлист-жұмысшылар жалақыны көбейтуді талап етті. Кәсіпкерлер қарсылық білдірді. Бұл Италия фабрика завод жұмысшыларының үлкен бас көтеруіне түрткі болды. Жұмысшы қозғалысы көп ұзамай-ақ Солтүстік, Орталық Оңтүстік Италияны жайлады. Революциялық дағдарыс жалпыұлттық сипатқа ие болды.

Қозғалыстың кең етек алуы буржуазияға үрей туғызды. 1920 жылдың маусымында өкімет басына келген Джолитти үкіметі мен кәсіпкерлер қарулы күш қолдануға батылы жетпей, кәсіпорындарда жұмысшы бақылауын енгізу, жалақыны 10-20% көбейту туралы уәде берді. Жалпы еңбек конфедерациясының Д'Арагон бастаған реформистері бұл уәделерді жұмысшылардың үлкен жеңісі деп түсіндіріп, буржуазияның Италия тарихындағы жұмысшылардың наразылығын басып тастауға көмектесті. Халықтың қозғалысынан үрейленген социалиста партияның басшылығы қозғалысты басқаруға дәрменсіз болды және Джолитти мен Д'Арагонның келіскендігін де ашып көрсетпеді. Халық алданды, қымбатшылық өсті, жұмыссыздық көбейді.

1920 жылдың күзінде Джолитти үкіметі Серб-хорват-словен корольдігімен даулы мәселелерді уақытша реттеді. 1920 ж. 12 қарашадағы Раполль бітімі Фиуме өзінің маңайындағы жерлерімен «Фиуме ерікті мемлекетіне» айналуы керек деп көрсетті. Италия Далмациядан Царь портын, Адриат теңізінен бірнеше аралдарды иемденді. Д'Аннунцио Фиум жөніндегі келісімді мойындамады тек, итальян үкімет әскері бомбылайтын болған соң ғана оны тастауға мәжбүр болды. 16 ай өмір сүрген Д'Аннунцио «республикасы» өзінің өмір сүруін тоқтатты.

1920 жылдың соңынан монополистік буржуазия жұмысшылардың қозғалысын аяусыз басуға кірісті. Джолитти үкіметі фашистерді үнемі қолдап отырды. Фашистік ұйымдар қатары кулактар, помещиктер, шовинистік ниеттегі ұсақ буржуазиялық элементтер арқылы толыға берді. Қаруланған фашистік бандалар жұмысшы белсенділерін ұрып-соқты, өлтірді, жұмысшы ұйымдарының үйлерін бұзды, өртеді, муниципалитеттерді таратты.

1921 жылы мамырда парламенттік сайлау өткізілді. Нәтижесінде Джолиттадің солшыл партияны әлсіретемін деген үміті аяқталмады.

Солшылдармен біріккен фашистер парламентке 35 кандидат ғана өткізе алды, ал социалистер мен коммунистер 138 және Халық партиясы 108 орын алды. Сайлаудың нәтижесі Джолиттидің үлкен жеңілісі еді. Маусымның соңында ол отставкаға кетті. Оның орнына Джолитти тұсында соғыс министрі болған және қарулы фашистік отрядтардың қалыптасуына ат салысқан, бұрынғы социалист Бономи отырды.

1921 жылы шілдеде депутаттар палатасының төрағасы Де Никола фашистер мен социалистер арасында «ымыраласу пактісін» (Пакт умиротворения) жасасу қажет деген ұсыныс енгізді. Бұл ұсыныстың мақсаты жұмысшылардың антифашистік бірыңғай майдан құруына жол бермеу еді. Муссолини және Социалист партияның басшылығы Де Никола ұсынысын қабылдап қол қойды. Тек Италия Коммунистік партиясы ғана (1921 жылы құрылған) бұл пактінің шын бейнесін ашып көрсетті. Коммунистердің дұрыстығын Бономи үкіметі, оны 1922 жылы ақпанда ауыстырған Факт үкіметі фашистерге барынша жәрдемдесіп, Джолитти саясатын жалғастыра берді. «Ымыраласу пактісі» фашистік террорды тоқтатуға әрекеттенген де жоқ.

Халықтың қысымымен Социалистік партия, Жалпы еңбек конфедерациясы және басқа кәсіподақ ұйымдары 1922 жылы ақпанда Еңбек Одағын (Аллеанцадель Лаворо) құрды. Антифашистік мақсатта құрылғанымен, оның реформистік бағыттағы жетекшілері пролетариаттың бас көтеруін ұйымдастыруды қажет деп таппады. 1 тамыз 1922 жылы Еңбек Одағы фашистік террорға қарсы жалпы саяси ереуіл ұйымдастырды. Оған мыңдаған адам қатысып, кей жерлерде полициямен, фашистік бандалармен қанды қақтығыстар орын алды. Күрестің белең алған тұсында Еңбек Одағының реформистік лидерлері ереуілді тоқтату жөнінде бұйрық берді. Жұмысшылардың біразы бұйрықты орындамаса да, кейбірі ереуілді тоқтатып, арандатты. Реформистердің бұл сатқындық әрекеті халықтың ашу-ызасын тудырғаны сонша Социалистік партияның центристік басшылығы реформистермен арасын алшақтатуға мәжбүр болды да, 1922 жылы қазанда өткен съезде реформистер партиядан шығарылды.

Тамыз ереуілінің жеңіліс табуы фашистердің өкімет билігін қолға алуына жол ашты. Финанс капиталының үстем болуы өнеркәсіп конфедерациясы, әскердегі басшылық, король сарайы, Ватикан -Муссолинидің үкіметті қолға алуына жағдай жасады. Осыларға сүйене отырып, Муссолини 27 қазан 1922 жылы «Римге жорық» жөнінде бұйрық берді. Ертеңіне 28 қазанда фашистік қарулы бандалар Римге енді, оларға ешқандай қарсылық көрсетілмеді. Король Муссолиниді үкімет басшысы етіп тағайындады. Италияда фашистік диктатура орнады. Муссолини үкіметі фашистік партиядан, басқа буржуазиялық партиялар топтарынан 10 өкілден құрылды. Үкіметтің алғашқы айларында-ақ оның реакциялық сипаты айқын болды. Жандармерия (карабинерлер) корпусының саны өсті (60 мыңнан 90 мыңға дейін), жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы жойылды, салық түрі көбейді, өсті, барлық жұмыс фашистік ұйымдардың бақылауына алынды. Фашистер жұмысшыларды, коммунистерді аяусыз қудалап, террор ұйымдастырды. Мәселен, 1922 жылдың желтоқсанында фашистер Туринде коммунистердің үйіне басып кіріп, әйел-баласының көзінше коммунист үй иелерін атқан. Осы қанды оқиға итальяндықтардың естерінен шықпады. Сыртқы саясат та агрессорлық жолға түсті.

Елде фашистік диктатура кезеңі басталды. Алғашқы кездегі ерекшелігі - диктатураның ескі конституция шеңберінде және ескі мемлекеттік заңдарды еш өзгертпей жүзеге асырылуы болып табылады. Фашистік диктатураның басты көрінісі екі жаңа институттың құрылуы: Үлкен фашистік кеңес және Ұлттық қауіпсіздіктің Ерікті милициясы. Фашистердің өкімет басына келуімен «зандылық», «заңсыздық» деген ұғымдардың мәні бірыңғайлыққа айналды. Заң шығарушы билік орындаушыға айналды. Жиналыс, сөз, ұйым күру шектелді. Италияда фашизм жеңісімен итальян капитализмі тұрақтану жолына түсті. Өнеркәсіп өндірісі өсті.

1923 жылдың сәуіріне қарай Муссолини коалициялық үкіметтен Халық партиясы өкілдерін шығарды, ал шілдеде фашистер парламентте жаңа сайлау заңын қабылдатты, автордың атымен Ачербо заңы деп аталады. 1923 жылдың қарашасында жаңа сайлау заңын сенат мақұлдап, король қол қойды. 1924 жылдың қаңтарынан бастап саяси саладағы ең маңызды мәселе парламенттік сайлауға әзірлік болды. Парламентке сайлау 1924 жылы 6 сәуірде жүргізілді. Ұлттық блокка - 4. 5 млн., қалған партияларға - 3. 5 млн. адам дауыс берді. Очербо системасы бойынша мандаттарды бөліну нәтижесінде фашистік депутаттар - 374, қалғандары 157-ге ие болды. Соңғысының ішіңде 39 орынға ие болған Халықтық партия да бар. Бұл фашистердің өкімет басына занды түрде 3-ші рет келуі: бірінші - корольдің Муссолини бастаған үкіметті құруға келісім беруі; екінші - парламенттің үкіметке сенім вотумын білдіруі; үшінші - сайлаушылардың фашистік блокқа көп дауыс беруі.

«Маттеотти ісі» және фашизмнің «екінші толқыны». Думини бастаған фашистер 1924 жылы 10 маусымда парламентте фашистердің сайлау барысында іс-әрекетін әшкерелеп сөз сөйлеген депутат-социалист Маттеоттиді өлтірді. Парламентте фашизмге оппозициялық топтар өкілдері Маттеотти өлімі туралы өзара кеңесуге жиналды. Оған үш жұмысшы партиясының парламенттік УСП, ИСП, КПИ сияқты топтары, Халықтық партия, Республикандық партия, «Конституциялық оппозиция» және «Әлеуметтік демократия» топ мүшелері қатысты. Олар 14 маусымда өздерінің Маттеотти ісі анықталғанша палата жұмысына, парламент ісіне араласпайтындығын көрсеткен резолюция қабылдады. Бұл Авентин оппозициясының бастамасын салды. Фашистік емес топтардың парламенттен кетуі Муссолиниді парламент сессиясы жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті.

Елде абыржу туды. Өйткені фашистер жөнінде шындықты айтқан парламент депутаты өлтірілді. Қала көшелері мен аландарында митингілер өтіп жатты, көптеген кәсіпорындарда стихиялы ереуілдер бұрқ ете түсті. Үкімет не істерін білмеді. Муссолини төңкерістің алдын алып, жағдайды қалпына келтіруге тырысты. 16 маусымда ішкі істер министрі етіп, әділеттілігімен әйгілі Федерцониді тағайындады.

Осы кезенде буржуазиялық оппозициялық топ өкілдері үкімет саясатының бағытында халықтың араласуынсыз түбірлі бетбұрыс жасауға ұмтылды. Либераддар революциялық партиялардың үгіт-насихатына берілмеуге, тыныштық сақтауға шақырды. Ал коммунистер үш жұмысшы партиясын біріктіріп, жалпыхалықтық ереуілге үгіттеді. Коммунистерді жұмысшы партиялары қолдаған жоқ. Оның өкілдері 18 маусымда Муссолини үкіметінің кетуін, оппозициялық депутаттардың Құрылтай жиналысын шақыруын талап етті, жаңа үкімет құру талаптарын көрсеткен резолюция қабылдаған жұмысшы партияларының мәжілісіне қатыспады.

Авентин оппозициясында КПИ орнын ИСП басты. ИСП мақсаты: Муссолини үкіметін құлату; басқа оппозициялық партиялармен бірге болу; кейбір мәселелерде келісімге келу. Осылайша олар КПИ жариялаған 24 сағаттық ұлттық ереуілге қатысудан бас тартып, ВКТ 27 маусым күні таңертеңгісін жұмысты 5 минутке тоқтату жөніндегі ұсынысына келісті. Сол 27 маусымда парламент үйінде «Авентин ассамблеясы» деп аталған оппозициялық партиялардың ассамблеясы өтті. Оның декларациясы: фашистік милиция мен заңдылық қалпына келтірілгенше барлық оппозициялық партиялар парламент жұмысына қатысудан бас тартады деп көрсетілген. Олар корольдің, Ватиканның көмегімен Муссолини үкіметін отставкаға жібере аламыз деп ойлап, қалың көпшіліктің қозғалысын ұйымдастыруға ұмтылмады. Бұл Муссолиниге маневр жасауға мүмкіндік берді.

3 қаңтар 1925 жылы Муссолини парламентте сөйлеген сөзінде үкімет пен оппозиция арасындағы күрес күш арқылы шешіледі деп көрсетті. Сөз іске көшті. Фашизмнің екінші толқыны басталды. Демократиялық ұйымдар және оппозициялық газеттер талқандалды. Үкімет таза фашистік сипатқа ие болды. 5 қараша 1925 жылы фашистер реформистік Унитарлық социалистік партия қызметіне тыйым салды. Бұл Дзанибони партиясы мүшелерінің Муссолиниге жасаған қастандығына жауап еді. 24 желтоқсан 1925 жылы мемлекеттік аппаратты «ұлттық мүдде туралы ойламайтын элементтерден» тазарту жөнінде заң қабылданды. 1926 жылы 31 желтоқсанда саяси мигранттардың итальян азаматтығын жою жөнінде процедура қабылданды. Дәл сол күні атқарушы үкіметке заң нормаларын шығару құқын беру жөнінде заң қабылданды. 4 ақпан 1926 жылғы заң бойынша сайланатын муниципалитеттер орнына король декретімен 5 жылға тағайындалатын «подеста» (старшин) институты енгізілді. 6 сәуір 1926 жылғы заңмен провинциядағы префектілердің билігі кеңейді және күшейді. 3 сәуір 1926 жылы «ұжымдық еңбек қатынасын ұйымдастыру құқы жөнінде» заң қабылданды.

1926 жылы ақпанда Муссолиниге төртінші рет қастандық ұйымдастырылды, алайда сәтсіз аяқталды. Ол жаппай репрессия күшейтуге себеп болды. 6 қарашада Муссолини ішкі істер министрі Федерцониді отставкаға жіберіп, өзі осы орынды басты. Осының артынша демократиялық бағыттағы партиялар мен ұйымдардың қалдықтары түгел талқандалды. Парламентте авентиндіктердің депутаттық мандаттарын жою жөнінде шешім қабылданды. Антифашистік баспаға тыйым салынды. Антифашистерді миграциялау тоқтатылды, барлық шекара өткелдеріне «шекаралық полиция» орнатылды. «Король, королева немесе үкімет басшысына қастандық жасаған үшін» өлім жазасы енгізілді. «Мемлекетті қорғау бойынша ерекше трибунал» құрылды. 1926 жылы қарашада фашистік үкімет алғашқыда 5 жылға арналған, кейін ұзартылып отырылған, күшін фашистік режим соңына дейін жоймаған «ерекше заңдар» қабылдады. «Ерекше заңдардың» енгізілуімен Италияда фашизмге қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды.

Антифашистерді жаппай тұтқындау толқыны басталды. Алғашкы тұтқындалғандардың ішінде компартия басшысы Антонино Грамши да бар. Көптеген антифашистер «төтенше заңдар» шыға салысымен шетелге, әсіресе Францияға кетті. Францияда Италия социалист партиясы және Социалистік итальян еңбекшілері партиясының басқарушы органдары орналасты. 4 қаңтар 1927 жылы ВКТ атқарушы комитеті өзін-өзі жою жөнінде қаулы қабылдады. 1927 жылы наурыздың соңында иммигранттық ВКТ, ИСП, ПСЛИ, республикандық партия және эмигрант-масондармен бірге жаңа блок құрды. Ол «Антифашистік әрекеттер концентрациясы» деп аталды. Олар басты мақсат фашизмге қарсы күрес жүргізу деп мәлімдеді. Шетелде итальян антифашистері арасында фашизмге қарсы күрес принциптері туралы талас жүріп жатқан кезеңде, Италияда Муссолини өз «принциптерін» орнықтырған болатын. Үлкен фашистік кеңес 21 сәуір 1927 жылы Еңбек хартиясы деп аталатын құжат жариялады. «Жаңа фашистік мемлекет» негізіне өндіріс салалары бойынша кәсіпкерлер мен жұмысшыларды біріктіретін корпорация жататын болды. Бір мамандық шеңберінде кәсіпкерлер мен жұмысшыларды біріктіру, оларды мүдделерінің әр түрлі болуына байланысты мүмкін болмады. Сондықтан бұл хартия көп жылдар қағаз бетінде қалып қойды.

Италияда фашистік диктатураның нығаюында фашизм мен Ватикан бастаған шіркеудің арақатынасы үлкен роль атқарады. Шіркеудің Италияда ықпалы ете үлкен. Шіркеу мен мемлекеттің жақындасуына олардың социализм мен финанстық-монополистік капиталдың дамуына қарсы күресіндегі ортақ мүддесі әсерін тигізді. Муссолини шіркеумен мәселені тез шешуге ұмтылды.

Ватикан өз тарапынан оның диктатурасының күштілігіне сенген сон ғана Муссолинимен келіссөз жүргізу туралы ұйғарды. Оның үстіне Муссолини либералдар сияқты Италия мемлекетінің зайырлы сипатын сақтауды талап еткен жоқ. Осылайша 1926 жылғы тамызда басталған келіссөз қолайлы жағдайда өтті. Шіркеу мен мемлекет арасындағы ынтымаққа келу келісіміне Муссолини мен папаның жеке өкілі кардинал Гаспарри 1929 жылы ақпанда қол қойды. Бұл «Латеран келісімі» деп аталды. Келісім үш құжаттан тұрады: Саяси трактат; Финанс конвенциясы және Конкордат. Саяси трактаттың басты бабы Рим территориясында дербес Ватикан мемлекетінің өмір сүруін мойындау болып табылады.

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында . 1929 жылға қарай Италияның экономикалық жағдайы фашистік режимнің алғашқы жылдарына қарағанда едәуір жақсарды. Ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық түрлерін өндіру ұлғайды, электроэнергиясы, болат, жасанды жібек және химиялық өнімнің барлық түрі бойынша өнеркәсіп рекордтық көрсеткіштерге жетті. Алайда соңғы айларда жағдай күрт өзгерді. Нью-Йорк биржасында бағаның құлдырауы Европаның барлық елдеріне, оның ішінде Италияға да өз әсерін тигізбей қоймады.

Сатып алу мүмкіндігінің төмендеуіне байланысты сыртқы сауданың рыноктарында экспорт көлемі күрт азая бастады. 1929 және 1932 жылдары ол 14 млрд-тан 6 млрд-қа түсті. Елде шетел товарларын сатып алуға қаражат жетпеді, осы үш жылда ауыл шаруашылық пен өнеркәсіп саласында қажеттіліктің жетпеуіне байланысты импорт көлемі 21-ден 8 млрд. лирге түсті. Сыртқы сауда көлемі қысқаруынан, әсіресе тоқыма өнеркәсібі зардап шекті. 1932 жылы 2939 өнеркәсіп компаниясының 1216-сы банкротқа ұшырады. 1933 жылы жұмыссыздардың саны миллионная асып кетті. Халықтың жағдайы нашарлады. Жалақы азайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
ФАШИСТІК ИТАЛИЯНЫҢ САЯСИ БАҒЫТЫ
Германия — Европада 2-дүн. жүз. соғыстың (1939—45) аяғына дейін өмір сүрген мемлекет
Соғыс қарсаңындағы әлемдік халықаралық дағдарыстың салдары
Бірінші дүниежүзілік соғыс қорытындысын шығару
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
Рузвельттің «жаңа бағыт» саясаты
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
ХХ ғасырдағы елдерде ең алғаш фашизм ошағының пайда болуы
Франция дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz