Фидель Кастро - коменданте


Фидель Кастро - коменданте
Фидель Кастро испандық жанұяда дүниеге келді. 1945-50 жылдары Гавана университетінде білім алды. Сол студенттік жылдары революциялық қозғалыстың белсенді мүшесі болды. 1953 жылы Фульхенсио Батиста-и-Сальдивардың диктаторлық жүйесін құлату үшін Кастро бастаған топ қарулы көтеріліс ұйымдастырды. Алайда үкімет әскерінен жеңіліс тапқан олар тұтқынға түсіп, Кастро екі жыл түрмеде отыруға тура келді. Екі жылдан кейін оларды Кубадан аластатып, өзге елге жер аударып жіберді. Бірақ 1956 жылы өзінің бір топ серігімен жасырын елге оралған Кастро билікке қарсы партизан соғысын бастады. Қақтығыс 1959 жылы аяқталып, жеңіске жеткен Фидель Кастро билік тізгінін қолына алды. Таққа отырысымен ол Кубадағы АҚШ компанияларының нысандарын тартып алып, мемлекет қарамағына қайтарды. Бұл өз кезегінде АҚШ-тың наразылығына алып келді. 1961 жылы Ақ үй мүлде Кубамен дипломатиялық қарым-қатыгнасын үзді. Ал Кастро болса, КС РО-мен қатынасын жақсартып, социализм жолына түсуге талпынды. Мәскеу де қарап қалған жоқ, қолынан келгенше Ақ үйдің тұмсығының астынан социализмнің жолына бекем түскен елге көмекті аямады.
Кариб дағдарысы
КСРО мен АҚШ теке тіресі Кариб теңізіндегі дағдарысқа алып келгені тарихтан мәлім. 1962 жылдың қазан айында «қырғи-қабақ соғыс» аяқ асты «қайнаған соғысқа» айналып кете жаздады. Оқиғаның ойда-жоқта бел алуы АҚШ пен НАТО-ның Түркияда баллистикалық зымырандарды орнатуы әсер етті. Осыған байланысты КСРО оған қарсы Кубада тактикалық зымырандарды орналастыруды жөн деп тапты. КСРО бұл кезде қарулану мәселесінде көп кейіндеп келе жатқан. Орыстар жай қарулану бойынша Орталық Еуропада зор артықшылыққа ие болды, бірақ олардың аса сенімді емес, небары 300 ғана алысқа ұшатын баллистикалық зымыраны болды. АҚШ-та керісінше, КСРО аумағына соққы жасай алатын 5000 ядролық зымыран бар-ды. Хрущев бұған «ассимметриялы жауап» ойлап тапты: орта қашықтыққа ұшатын зымырандарды коммунистік режим билеп тұрған Куба аралына орналастырды. Әрине, социализмнің жақтаушысы Кастро оған қарсы болмады. Қайта АҚШ тарапынан болатын қауіп-қатерге қалқан болатынана бек сенді. Мәскеу жауынгер саны 43 мыңдық бірнеше зениттік-зымырандық дивизияның Куба жеріне жасырын жеткізуге тырысты. Оған 270 мыңдық Куба армиясы көмектесті. Операцияның кодтық аты «Анадырь» деп аталды. 43 мың жауынгермен зениттік-зымырандық кешендерді жеткізуге 80 кеме жұмылдырылып, олар 183 рейс жасады. Операцияның жасырын жүргізілгені соншалық жағалауды күзетіп жүрген АҚШ әскери кемелері кеңестік зымырандардың Кубаға қалай жеткізілгенін білмей қалды. Тек 1962 жылдың 14 қазан күні АҚШ барлау ұшағы алғаш реет Кубада орналасқан Кеңестік зымырандарды байқап қалды. Бұл - Ақ үйге үлкен соққы еді.
Ядролық зарядтармен жарақтанған Р-12 зымырандарының ұшу қашықтығы 2 мың шақырым. Бұл АҚШ үшін өте қауіпті болды. Вашингтон санаулы сағаттар ішінде 40 мыңдық теңіз жаяу әскерімен Куба территориясындағы Гуантанамо базасында орналасқан 5 мыңдық әскерін аяғынан тік тұрғызып, соғысқа сақадай сай етті. Аралды қоршай 28 шақырымдық мина алаңын жасады. Ал санаулы күндерден кейін Кубаға шабуыл жасау үшін АҚШ Флорида штатына саны бір миллионға таяу әскерін жинақтап үлгерді.
Соғыс өрті әні-міні басталып кету қауіпі туындады. Кез келген сағатта АҚШ тарапынан ядролық соққы берілуі мүмкін еді. Кариб дағдарысы 11 қыркүйектен 21 қарашаға дейін жалғасты. Мұны артынан тарихшылар «ХХ ғасырдың ең қауіпті ядролық теке тіресі» деп атады.
Соғыс қаупі «қаралы сенбі» атанған 27 қазан күні шырқау шегіне жетті, бұл күні кубалықтар америкалық барлаушы-ұшақты атып түсірді, ал АҚШ әскери-теңіз күштерінің кемелері кеңестік сүңгуір қайықтың су бетіне шығуға мәжбүрледі.
Дегенмен сол қараша айында КСРО мен АҚШ басшылары бейбіт келісімге келіп, дағдарысқа нүкте қойылды. КСРО амалсыз қаншама шығын жасап алып барған зымырандарын Кубадан алып кетуге мәжбүр болды. Ал АҚШ оның өтеміне Түркия, ФРГ және Италиядағы КСРО-ны көздеп қойған зымырандарын шығарды. Осылайша әлем ядролық қақтығыстан аман қалды.
Соғыс өрті тұтанғанда не болар еді?
Ол кезде байланыс құралдары жетіліп бітпегенді, сондықтан «сол жерлердегі командирлер өз еріктерімен қару қолдануға бұйрық беруі мүмкін-ау» деген қауіп туды. Дүниежүзілік соғыстан бізді жалғыз ғана зеңбіректің атылуы бөліп тұрды. «Егер сол жерде шүріппені басып жібергенде не болар еді? Қарымта әрекеттерді қиындату үшін Лондонға бомбалар 28 қазан, жексенбі күні таңғы 8-де жауар еді. Алғашқы соққылар әскери нысандарға жасалар еді, сосын іскер және өндірістік орталықтар - қалалардың кезегі келер еді. Қарашаның ортасына қарай Британияны суық пен қараңғылық жайлап тұрар еді, тырысқақтың, сүзектің және іш өтуінің індеттері асқынар еді. Әрине, Аман қалғандарды құтқаруға, бұзылған нәрселерді қалпына келтіруге, өлгендерді жерлеуге талпыныстар жасалар еді. Тонаушылар қылмыс істеген жерінде атылар еді. Радиациялық сәуледен өлушілердің саны 1962 жылдың желтоқсанында өзінің шырқау шегіне жетер еді. Ядролық жарылыстардан, радиациялық жауын-шашыннан және суықтан 18-ден 38 миллионға дейін британдық қырылар еді. 1967 жылға қарай елдегі халық саны 4-8 миллиондай ғана болар еді», дейді Индепендент газетінде өз болжамын жасаған Стивен Бакстер атты зерттеуші.
АҚШ Куба теке тіресі: жеңіс қай жақта?
Әлемде «комендант» деген атқа ие болаған кубалық қаба сақал Фидель Кастро «менің тұсымда 10 АҚШ президенті Ақ үйде отырып шықты» деген сөзді жиі қайталағанды жақсы көреді. Бірақ шындығында, ол Кубаны (47 жыл) билеген кезеңде АҚШ-тың алты (он емес) президенті Ақ үйді басқарса, КСРО мен Ресейді алты басшы басқарыпты. Қаба сақал Кастроға 637 рет қастандық жасалды. Бірақ бәрінен аман қалып отырды. Дегенмен қастандықтың бәрінен сау құтылып кеткенімен, бостандық аралының «темір» қаба сақалы атанған Фидель былтырдан бері қатты сырқат. 47 жыл билік тізгінін ешкімге ұстатпаған ол, амалсыз орнын бауыры Рауль Кастро Руске берді. Кубаның басты қарсыласы АҚШ Фидель Кастро өле қалса, бостандық аралын жедел демократиялық елге айналдырудың жобасын жасап қойғанға ұқсайды. Таратып айтар болсақ, Ақ үйдің арнайы сұранысы бойынша жасалған жоба Фидель өлген соң екі аптадан кейін жүзеге аспақ. 47 жыл социализмнің туын көтерген, сол бағытта дамыған Куба небәрі 180 күнде демократиялық елге айналып шыға келмекші. Ол үшін Ақ үй 57 миллион доллар жұмсамақ. АҚШ қанша тырысқанымен Куба үшін, жалпы, социализм үшін күрескен Фидель Кастроның атын тарихтан сызып тастай ала ма, жоқ па? Мәселе сонда болса керек. Кім қалай десе де Куба халқы еш уақытта Батистаның диктаторлық жүйесінен құтқарған қаба сақал Кастроны ұмыта қоймасы анық. Екіншіден, Латын Америкасында Фидельдің жолын қуушы, Ақ үймен тайталасып жүрген бірқатар ел басшылары билікке келді. Мәселен, венесуэлалық Уго Чавес, боливиялық Эво Моралес, эквадорлық Рафаэль Корреа және никарагуалық Даниель Ортега, т. б. Қысқасы, бүгінде Кубаға қарап бой түзеген Латын Америкасының тоғыз мемлекеті (бұлардың қай-қайсысы да мұнай мен газға және өзге де табиғи байлыққа белшеден батып жатқан елдер) АҚШ-қа қарсы. Өзіндік жүйе қалыптастыруға тырысып, Ақ үйдін ықпалынан қалайда құтылуға асыққандар. Әрине, АҚШ үшін экономикасымен әскери қуаты кем Кубаны тас-талқан ету түк емес. Екі елдің қауқарын салыстыруға әсте келмес. Сондай-ақ Кубаның бұрынғыдай қалқаны болып, қолтығынан демер КСРО келмеске кеткен. Қорғаныс бюджеті 561, 8 миллиард (2006 жыл) долларды құрайтын, ең соңғы үлгідегі қару-жарақ, техникамен жарақтанған бір жарым миллион сарбазы бар (Кубаның әскери бюджеті мен сарбаз саны еш жерде айтыла бермейді. Дегенмен кейбір дерек көздері Куба әскері 250-300 мың дегенді көрсетеді) . Вашингтонға Кубаны бүріп тастау түк емес. Бірақ Ақ үй әскери күштен гөрі Фидельдің дүниеден өткенін күтіп, сосын гуманитарлық жолмен «жаулауды» көздеп отыр. Ол үшін бар-жоғы (Вьетнам, Корей соғысы, Ауғанстан, Ирак, Югославия, т. б. елдерге жұмсалғандай миллиардтаған қаржы емес) 57 миллион доллар ғана қажет. Жалпы, бүгінде аурухана төсегіне таңылған дімкәс, кешегі темірдей қатты Фидель Кастро билікке қалай келді. АҚШ-пен не үшін теке тіресті дегенді енді таратып айтып көрелік.
Фидель Кастро испандық жанұяда дүниеге келді. 1945-50 жылдары Гавана университетінде білім алды. Сол студенттік жылдары революциялық қозғалыстың белсенді мүшесі болды. 1953 жылы Фульхенсио Батиста-и-Сальдивардың диктаторлық жүйесін құлату үшін Кастро бастаған топ қарулы көтеріліс ұйымдастырды. Алайда үкімет әскерінен жеңіліс тапқан олар тұтқынға түсіп, Кастро екі жыл түрмеде отыруға тура келді. Екі жылдан кейін оларды Кубадан аластатып, өзге елге жер аударып жіберді. Бірақ 1956 жылы өзінің бір топ серігімен жасырын елге оралған Кастро билікке қарсы партизан соғысын бастады. Қақтығыс 1959 жылы аяқталып, жеңіске жеткен Фидель Кастро билік тізгінін қолына алды. Таққа отырысымен ол Кубадағы АҚШ компанияларының нысандарын тартып алып, мемлекет қармағына қайтарды. Бұл өз кезегінде АҚШ-тың наразылығына алып келді. 1961 жылы Ақ үй мүлде Кубамен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді. Ал Кастро болса, КСРО-мен қатынасын жақсартып, социализм жолына түсуге талпынды. Мәскеу де қарап қалған жоқ, қолынан келгенше Ақ үйдің тұмсығының астынан социализмнің жолына бекем түскен елге көмекті аямады.
Кариб дағдарысы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz