Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы туралы


Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
Соғыстың басталуы. Екінші дүниежүзілік соғыс 1939ж 1 қыркүйекте Германияның Польшаға шабуылынан басталды. Польшаның Франциямен және Англиямен өзара көмектесу туралы келісім жасағанын білетін Германия Польшаны жылдам талқандауға тырысты. Қауырт соғыс жүргізу мақсатында ол Польшаға қарсы барлық әскерінің үштен екі бөлігін топтастырды.
1939 ж. 3 қыркүйекте Англия мен Франция Польшамен одақтастық міндеттерін орындау мақсатында Германияға соғыс жариялады. 1939ж 19 қыркүйекте Скандинавия елдері басталған соғыста бейтараптылық саясат ұстайтындарын мәлімдеді.
Польшаға қарсы қауырт соғыс жоспарын іске асыру үшін неміс әскерінің барлық түрлері бір мезгілде екпінді шабуылға шықты. Сонымен қатар неміс ұшақтарын поляк қалаларын үздіксіз бомбылаумен болды. Немістер алғашқы күндері-ақ поляк әскерлерінің қорғаныс шебін бұзып, Варшаваға бағыт алды. 16 қыркүйекте олар Варшаваны қоршап алды. Ал 17 қыркүйекте шығыстан Польша жеріне Кеңес Одағының әскерлері енгізілді. Қоршаудағы Варшава 28 қыркүйекке дейін шайқасты, алайда күш тең емес еді.
1939 ж. 28 қыркүйекте Достық және шекаралар туралы кеңес- герман келісіміне қол қойылды. Бұл келісім екі мемлекеттің Польшаны ықпал аймағына бөлісуін бекітті және КСРО мен Германияның арасындағы жаңа шекараны белгіледі 2 қазанда қорғаныс шайқастарын жүргізіп жатқан соғыс поляк бөлімдері берілді. Осылайша Польша мемлекеті төртінші түсті.
Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс. 1939 жылғы 23 тамызда кеңес-герман келісім бойынша, Финляндия және Прибалтика Кеңес Одағының ықпал аймағы болуға тиісті еді. 1939 ж. қазанда КСРО Финляндияға шығанағындағы бірнеше аралды Карел мойнағының және Рыбачий түбегінің бір бөлігін ауыстыру туралы және Ханко аралын жалға беру туралы талап қойды. Ханко аралында кеңес әскери-теңіз базасын салуды жоспарлады. Финляндия негізгі талаптарға келісті, бірақ Ханко аралын беруден бас тартты, бұл Финлядияның қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін еді. Қараша айында Финляндиямен шекараға кеңес әскерлері топтастырыла бастады. 1939ж 26 қарашада Кеңес үкіметі Финляндияға әскерлерін шекарадан 25 шақырым алысқа алып кету туралы талап қойды. Фин үкіметі тура осындай қашықтыққа кеңес әскерлері шекарадан шегінсе, бұл талапты орындаймыз деді. Алайда Кеңес Одағын қанағаттандырмады. 1939 ж. 30 қарашада Кеңес Одағы ресми түрде соғыс жарияламай-ақ, Финляндияға шабуыл жасады. Бұл 1920 жылғы кеңес-фин бейбіт келісімшартын, 1932 жылғы бір-біріне шабуыл жасамау туралы кеңес-фин келісімшартын және Гаага конвенциясын бұзу еді. Сонымен қатар бұл 1939 ж. жарияланған Финляндияға бейтараптылығын бұзу еді. Сондықтан бұл соғысты ірі мемлекеттің ұсақ мемлекетке күш көрсету деп есептеп, Ұлттар Лигасын Кеңес Одағына басқыншы деген айып тағып, оны 14 желтоқсанда Лига қатарынан шығарып тастады. Соғыс 1939жылдың 30 қарашасынан 1940 жылдың 12 наурызына дейін созылды.
Кеңес фин соғысы Солтүстік Еуропада халықаралық жағдайды шиеленістірді және оған Батыс Еуропада бір-бірімен соғыс жағдайында тұрған Германиямен және Англия мен Францияның тартылу қаупін төндірді. Егер бұл соғысқа Англия мен Франция қатысса, олар, әрине Финляндияға жақтасқан болар еді. Күш тең емес еді. 1 миллион кеңес әскеріне қарсы 420 мыңдық фин әскері соғысты. Батыстың 11 елі Финляндияға әскери техника, қару -жарақ берді және 11 мыңнан астам еріктілерді жіберді.
1940 ж наурызда Швеция мен Норвегияның делдалдығымен кеңес-фин соғысы тоқтатылып, келісім жасалды. Келісім бойынша, КСРО құрамына Карел мойнағы, Выборг шығанағындағы аралдар, Ладога көлінің батыс және солтүстік жағалауы, Рыбачий және Средний түбектері кіреді. Кеңес Одағына Ханко аралы 30 жылға жалаға беріледі. Кеңес Одағының халықаралық беделіне нұқсан келтірді және адам шығыны да көп болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz