Ағартушылық дәуірі және оның ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Ағартушылық дәуірі және оның ерекшеліктері 4
Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғ.) 12
Ағартушылық дәуір саяси-құқықтық ойының негізгі белгілері мен ерекшеліктері
20
Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 24

Кіріспе

Феодализмнен капитализмге өту дәуiрiндегi осындай жалпы ықпалды мәдени-
гуманистiк қозғалыс Ағарту деп аталып, оның өкiлдерi тарихқа XVIII ғасырдың
ағартушылары деген атпен ендi. Ағартушылық бағыттың кең өркен жаюына
ағылшын және американ буржуазиялық револю-цияларының идеялары да едәуiр
ықпал еттi.
Ағартушылық бағыт сол дәуiрдегi жас буржуазия мен халық бұқарасының
феодалдық құрылыс пен оның идеологиясына қарсы күрестегi құрамды
бөлiктерiнiң бiрiнен саналды. Ағартушылықтың басты мазмұны әлеуметтiк-
адамгершiлiк идеалдар мен оны iске асырудың жолдарын iздестiрумен
сипатталады. Адам қасиеттерiн құрметтеудi, қараңғылық пен бойкүйездiктi
жеңудi, рационалды бiлiмдi халық арасына кең таратуды басты мақсат еткен
ағартушылар ең алдымен, феодалдық тәртiптер мен шiркеу үстемдiгiн жоюды
талап еттi. Олардың феодалдық тәртiптерге қарсы, жеке кәсiпкерлердiң
еркiндiгi мен адам бостандығын және құқықтарын қорғау және адамды, қоғамды
шiркеу мен абсолютизм езгiсiнен азат ету жолындағы айтқан ой-пiкiрлерi мен
үндеулерiнiң аса зор маңызы болды.
Ағартушылық әр елдiң қоғамдық-тарихи ерекшелiктерiне қарай әртүрлi
мазмұнда және сипатта көрiндi. Франциядағы ағартушылықтың көрнектi өкiлдерi
Ф. Вольтер, И. Монтескье, Ж. Руссо, Дидро, Мелье, Г. Морелли, Г. Бабеф және
тағы басқалар болды. Олар өз заманы үшiн озық идеялар ұсынды, бұл идеялар
күнi өткен дәстүрлердi жойып, неғұрлым прогресшiл тәртiптердi енгiзуге
бағытталды.
Европадағы ағартушылықтың басты идеяларының бiрi адам құндылықтарын
қадiрлеумен қатар, социалистiк идеялар да ұлы ойшылдар қозғаған
тақырыптардың бiрiне айналды. XVIII ғасырдың өн бойында социалистiк мұратты
бiлдiретiн әдеби шығармалар оған дейiнгi бүкiл дәуiрге қарағанда көбiрек
жазылды. Бұлардың қатарына француз ағартушылары Г. Мореллидiң Табиғат
кодексi немесе оның заңдарының нағыз рухы, Г. Маблидiң Азаматтардың
құқықтары мен мiндеттерi туралы, Г. Бабефтiң Теңдiк және тағы басқа
еңбектердi қосуға болады.
Жеке меншiкке жан-тәнiмен қарсы болған Бабеф сол кезде өмiр сүрiп
тұрған халықтық емес мемлекеттiк құрылысты құлатып, халықтық мемлекет
орнықтыру идеясын батыл жақтады. Оның ойы бойынша, мұндай мемлекеттi
қастандық жолымен өзiнiң жақтастарының — яғни теңдiктi жақтаушылардың шағын
тобы мен революционерлер дайындаған халық көтерiлiсi орнатады. Оның
Теңдiк манифесiнде көрстiлген бiз қоғамдық меншiкке немесе дүние-
мүлiктiң ортақтығына ұмтыламыз. Мұнан былай жерге жеке меншiк жоқ, жер
ешкiмнiң де меншiгi емес. Бiз жердiң жемiсiн бәрiмiз де пайдалануды талап
етемiз, солай еткiмiз келедi және жердiң жемiсi ортақ болуы адамдардың
барлығын тұрпайы теңестiруге әкелiп соғатын қоғамдық құрылысты бiлдiрдi.

Ағартушылық дәуірі және оның ерекшеліктері

Жаңа заманда адамдар өздері өмір сүрген әлемді ретке келтіруге
ұмтылды. Әлі де болса жеткілікті түрде күшті болып қалған Құдайға деген
сенім екінші кезекке ысырылды, ол ақыл-парасатқа сенім және адамдардың
данышпандық қуаты көптеген білімді адамдар үшін жаңа дін тәріздіге айналды.
Қоршаған әлемді — табиғат әлемі мен адамдар дүниесін — адам
ақылпарасат, ғылым және тәжірибе арқылы тануға ұмтылды. Сол кезде жарық
сәулесі тәрізді — білім-ілім білімсіздік түнегін сейілтеді деп есептеді.
Көпшілігі қоғамдағы өмір сүріп отырған тәртіптерге сын көзбен қарай
бастады. Бұл ұғымдар ағартушылық деп, ал білімді адамдар арасында үстемдік
құрған сол дәуір — Ағартушылық ғасыры деп аталды. Ол XVII ғасырдың екінші
жартысынан XVIII ғасырдың соңына дейін созылды.
Сол кездің алдынғы қатарлы адамдары өздерін ғылымда, білімде,
саясатта, қоғамдық іс-әрекеттерде, өнерде көрсетуге тырысты. Идеялары мен
іс-әрекеті замандастары мен ұрпақтарының өміріне үлкен ықпал көрсеткен
адамдарды ағартушылар деп атады.
Ағарту ғасырының білімді адамы — бұл кітаби мәдениет адамы. Оның
өміріндегі білім дәстүрлерге қарағанда анағұрлым үлкен рөл атқарады.
Ағартушылық идеялары Англияда пайда болып, одан кейін бүкіл Еуропаны
қамтып, мұхиттардан әрі асып, ағылшын және испан отарлық иеліктеріне дейін
таралды.
Қайта өрлеу мен Реформациядан кейін Ағартушылық ғасыры үшінші рухани
төңкеріс болды және Еуропада ортағасырлық қоғамдық қатынастарды жою ісін
жүзеге асырды.

Ағартушылық XVIII
ғасырдағы Еуропа халықтарының өміріндегі ірі құбылыс болды және Еуропа
қоғамының сауатты, білімді дамуына ғана емес, ортағасырлық өмір салтынан
толық ажырап, жаңа заманның игіліктерін жасауына зор ықпал етті.
Католиктік, лютерандық және православиелік елдерде Ағартушылық ғасыры
қоғамды білімді, сауатты, көзі ашық жандар мен қараңғы, надан, қарапайым
адамдар деп екіге бөлді.
Ағартушылық ғасырында ғылымға деген ынта күшті болды. Ғалым, ойшыл,
философ адамдарды халық ерекше құрметтеді. Олардың ғылыми және философиялық
такырыптағы әңгімелері зайырлы қоғамның белгісі деп саналды. Ғалымдарды
ақсүйектер жиналатын арнаулы орындарға шақырып, зор ынтамен тыңдайтын еді.
Халық мәдениеті. XVIII ғасырда кейбір герман князьдіктерінде міндетті
түрде бастауыш білім беру енгізілсе де, бірқатар адамдар, соның ішінде
Пруссия королі II Фридрих қарапайым халықтың білім алуына қарсы болып,
түрлі кедергілер жасап отырды. Бұл жағдай "жоғарыдағылар" мен
"төмендегілер" арасындағы теңсіздікті одан әрі тереңдете түсті.
Ағартушылар арасында қарапайым халыққа және халық мәдениетіне дұрыс
көзқарастағы адамдар да болды. Германияның ұлы ойшылдары Иоганн Готфрид
Гердер, Иоганн Фридрих Шиллер, Иоганн Вольфганг Гете ешқашан халықты
қараңғы, надан, дөрекі деп есептеген емес. Германия ол кезде біртұтас
мемлекет болған жоқ, бірақ немістердің мәдени тұтастыққа деген ұмтылысы өте
күшті болды. Олар тілдің, дәстүрдің, әдет-ғұрып пен тұрмыс-салттың бірлігін
көздеді. Ал бұлардың иесі тек қана халық деп білді. Сондықтан Гердер өз
халқының мәдениетін, шығармашылығын және олар көрініс беретін аңыздар,
ертегілер, мақал-мәтелдер мен тарихи шежіре жырларды оқып-үйренуге, оны
қастерлеуге шақырды.
XVII—XVIII ғасырлардағы Еуропаның мәдени өміріндегі өзгерістер
негізінен ағартушы элитаны тудырды, оларға жаңа ой салды. Ал қарапайым
халық жаңа идеяларды қиындықпен түсінді, оны, шынайы қалпында қабылдауға
шамасы келе бермеді. "Төмендегілердің" санасы діннен асып кете алмады және
көбі христиандыққа дейінгі діни сенімдерде қалды. Рухқа, аруаққа табыну,
сиқыршылық салт-дәстүр, бал ашу сияқты сенім-нанымдар ағартушылық
идеяларынан да, шіркеулік діни уағыздардан да басым болды. Бұл нағыз
халықтық, шаруа мәдениеті болатын, оған Ағартушылық ғасырындағы білімді
элита, шіркеу мен мемлекет бітіспес күрес ашты.
Ағартушылар өздерінің кітаптары, пьесалары мен мақалалары арқылы өз
елдеріндегі қоғамдық пікірге елеулі ықпал ете білді. Олар абсолюттік билік
тәртібін, шіркеулік қараңғылық пен сол заманғы білім беру жүйесін,
адамгершілік азғындауды сынға алды. Ағартушылық ғасырының аса көрнекті
қайраткерінің бірі Вольтер — шын аты Франсуа Мари Аруэ (1694—1778) болды.
Ол католиктік дінбасыларын қатал сынға алып, шіркеулік әдет-ғұрыптар
қарапайым халықты қараңғылықта, надандықта ұстау үшін ойлап табылған әдіс
дегенді айтты. Абсолютизмді жақтаушы бола тұрып, Вольтер монарх өте
сауатты, данышпан философ болуы керек деп есептеді. Ол үстем таптардың
зорлық-зомбылығының басыбайлылық тәртіп пен феодалдық артықшылықтарды жоюға
шақырды.
Ғылым. Ағартушылық ғасырының ғалымдары жаратылыстану ғылымына ерекше
көңіл аударды. Ғалымдардың пайымдауынша, физика, химия, биология, геология
және басқа жаратылыстану ғылымдары жер бетінде болып жатқан барлық
құбылыстарды түсіндіре алуы тиіс деп саналды, тек неміс философы Иммануил
Кант (17241804) адамдарға "сенің қолыңнан бәрі келе бермейді, сенің санаң
шектеулі, дүниеде сен түсініп біле бермейтін заттар көп" деп ескертті.
Бірақ сананың күш-қуатына, ғылымға деген сенімнің күштілігі соншалық,
көптеген ғалымдар ғылымды жаңа дінге балап, соның жолына бәрін сарп етуге
дайын тұрды. Ағартушылық ғасыры ғалымдарының санасында дүниеге екі түрлі
көзқарас: ғылыми және діни көзқарас өзара күреске түсті. Ағартушылық
дәуірінің ірі ғұламаларының бірі Исаак Ньютон (1643—1727) өте діндар адам
бола тұра, адамзат баласы Құдайдың құдіретін танып-білуге жақындай түсуге
ұмтылуы керек деп есептеді. Оның пікірінше, табиғат сондай қарапайым және
түсінуге онай, жаратушы Құдайдың құдіреті де осыдан көрінбек.
Екінші бір топтағы ғалымдар табиғат заңдары өзінше жүреді, бұл жерде
ешқандай да Құдайдың құдіреті жоқ деп санады.
Ағартушылардың бұл тобы діни сенімдерді ғылым тұрғысынан сынға алды.
Бұл топтың бір өкілі Пьер Лаплас (1749—1827) Күн жүйесінің құрылу сызбасын
жасады. Император I Наполеон одан: "Бұл ғылыми жаңалығыңда Құдайға қатысты
нәрсе бар ма?" — деп сұрағанда, "жоқ" деп жауап берген.
Діни көзқарастар. Протестант дінін ұстаушы елдерде ғылым мен дін
арасында қайшылық аса көп болмаған. Ал католиктік елдерде ағартушылар мен
шіркеу арасында елеулі келіспеушіліктер болып тұрды. Францияда көптеген
ағартушылар католиктік шіркеуден қол үзіп, оларды сынға алды.
Бұл ағартушылар, яғни Құдайды жоққа шығарушы құдайсыздар — атеистер —
дүниені ешкім жаратқан жоқ, ол мәңгілік және шексіз деп санады. Сонымен
бірге, табиғат адамның санасынан тыс жене тәуелсіз өмір сүреді дейтін
ағартушылар — материалистер болды. Францияда Поль Гольбах, Жюльен Ламетри,
Дени Дидро, Клод Гельвеций сияқты аса ірі атеистер мен материалистер болды.
Олар жанның өлмейтіндігіне, дүниені Құдайдың жаратқанына, табиғаттан тыс
күштердің бар екеніне сенбеді, олар Құдайға сенушілік табиғаттың барлық
құпиялары ашылғанда өзінен-өзі жойылады деп есептеді.
XVIII ғасыр ағартушыларын адамзат тарихының мәселелері, оның даму
барысы, өткен өмір мен қазіргі заманның айырмашылықтары, оның себептері,
т.б. толғандырды.
Қоғам дамуы туралы ойлар. Ағартушылық ғасырында Еуропада
"өркениеттілікпен", білім мен ғылымның дамуымен байланысты қоғамдық
прогресс идеясы қалыптасты. Адамның ақылына сене отырып, ағартушылар
адамзаттың болашағы жарқын деп есептеді. Француз ағартушысы Жак Тюрго
(1727—1781) қоғамның прогресін шаруашылықтың, ғылым мен техниканың дамуымен
байланыстырды. Философ Антуан Кондорсе (1743—1794) адам өзін-өзі шектеусіз
жетілдіре алады деп сенді. Бұл қабілеттің іске асуын ол ғылымның
прогресімен байланыстырды. Ғылымның және адамның дамуы, Кондорсенің ойынша,
жер бетіндегі ұжмаққа, болашақта мінсіз қоғамға жеткізуге тиіс.
Ағартушылық ғасырында шіркеудің қоғам мен мемлекетке ықпалы әлсіреді.
Жер иеленуші ақсүйектерді жаңа меншік иелері — банк иелері, саудагерлер,
өнеркәсіпшілер ығыстыра бастады. Ағартушыларды өкімет пен қоғамның
арасындағы, ескі мен жаңа меншік иелерінің арасындағы, жаңа дворяндар мен
буржуа арасындағы қатынастар енді қалай өрбиді деген сұрақ мазалады.
Олардың көпшілігі адамдардың болашақ өмірі меншіктің кімнің қолында болуына
байланысты дамиды деп есептеді. Кейбіреулері мемлекет пен қоғамның арасында
үйлесімге жету үшін жеке меншік болмауы керек деді. Енді біреулері жеке
меншіктің үстемдігі — қоғам мен мемлекет игілігінің шарты деп ойлады.
Француз ойшылы Жан Мельенің (1664—1729) пайымдауынша, барлығы бірдей
тең және ортақ мүлікке ортақ иелік ететін қоғам ең әділетті қоғам болады.
Зұлымдықтың төркіні халықтың надандығында, ал игілікке жетудің жолы
кедейлердің байларға қарсы күресінде деп есептеді.
Мұндай көзқарасқа француз тарихшысы және саяси ойшылы Габриэль Бонно
де Мабли (1709—1785) жақын тұрды. Ол адамзаттың алғашқы қалпына, яғни
мүлікке барлығы бірдей ортақ билік ететін заманға оралуды ұсынды. Мабли
байлыққа қарсы болды, ол сән-салтанат пен байлық барлық қасіреттің көзі деп
санады.
Бұған қарама-қарсы пікір ұстанған шотландық экономист әрі философ Адам
Смит (1723—1790) болды. Оның ойынша, адам өзінің жеке мүддесін ойлай
отырып, онымен қатар қоғам өмірін де жақсарта түседі және оны байытады.
Адам Смит өзінің экономикалық теориясын "Халық байлығы" деген кітабында
баяндады. Мемлекеттік меркантилизм мен протекционизм саясатына қарсы шыға
отырып, Смит еркін бәсеке мен сауданың мүддесін қорғауға шақырды. Ол жеке
табыс түбінде қоғамға пайда ғана әкеледі деді.
Сонымен қатар, Смит мемлекеттің жол құрылысы, білім беру жүйесі,
кедейшілікке ұшырағандарға көмек көрсету сияқты салаларға бақылау жасап,
осы істерге тікелей араласып отыруын жоққа шығармады. Адам Смиттің идеялары
ағылшын парламентінде кең қолдау тауып, парламент меркантилизм саясатынан
бас тартты. Кейінірек экономикалық саясаттағы мұндай өзгерістерді басқа
мемлекеттер де құптап, қабылдады.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет туралы идеялардың тууы мен дамуы
Ағартушылық ғасырының көрнекті қайраткерлері Томас Гоббс, Джон Локк пен
Шарль Монтескье атымен тығыз байланысты болды. Олардың ойынша, егер үкімет
басшылары биліктерін асыра пайдаланатын болса, онда халық көтеріліске
шығуға және ондай билеушілерді орнынан тайдыруға құқықты. Ағартушылық
ғасырында мұндай көзқарастардың болуы өкімет билігі Құдайдың құдіретімен
беріледі деген сенімнің күйрей бастағанын көрсететін еді.
Олардың пікірі бойынша, егер мемлекеттік өкімет саналы билікке
ұмтылған жағдайда, өз іс-қимылында заңмен шектелетін болса, онда қоғам және
ондағы азаматтар еркін дамиды. Ондай мемлекеттің — құқықтық, ал қоғамның —
азаматтық болуға мүмкіндігі бар.
Құқықтық мемлекетте әрбір адам — азат өмір сүруге, жеке меншік иесі
болуға жене жеке бас бостандығына құқықты. Бұл құқықтар заңмен қорғалады
және кепілдікке ие болады. Құқықтық мемлекетте заң бәрінен жоғары тұрады
және ол жалпыға бірдей міндетті. Мұндай мемлекетте өктемдік пен
жүгенсіздікке жол бермейтін, өкімет билігін тежейтін механизм қалыпты жолға
қойылады.
Азаматтық қоғам дегеніміз адамдар арасындағы мемлекеттің араласуынсыз
және оның шеңберінен тыс тұрған қарым-қатынастардың жиынтығы. Ол құқықтық
мемлекеттің қалыптасуы барысында туындап, дамиды. Азаматтық қоғам құқықтық
мемлекетсіз өмір сүре алмайды және керісінше, құқықтық мемлекет азаматтық
қоғамсыз болмайды.
Ағартушылық, жалпы алғанда, қоғамдық сананы саясатқа бет бұрғызып,
қоғамдағы революциялық көңіл-күйдің өрістеуіне зор ықпал етті.
Жаңа қоғам туралы армандай отырып, ағартушылар "революция — бұл
мәселелерді шешудің ең жақсы әдісі" деп әсте де санаған жоқ. Ескішілдік пен
білімсіздіктің түнегін сейілту — басты іс деп есептей отырып, олар зорлық-
зомбылыққа халық пен басқарушылардың рухани ағартуын қарама-қарсы қойды.
Осыған қарамастан ағартушылардың теориясы қоғамдық санада мүлдем басқа
— революцияландырушы рол атқарды. Ағылшын, американ және француз
революциялары ағарту идеясы белгісімен, бәрінен бұрын адамдардың табиғи
теңдігі және қоғамдық келісім теориясымен жүрді. Мемлекеттік құрылысты
құлатуға тікелей шақырмай, ағартушылар адамның сана-сезіміне қоғамды қайта
құру үшін өздерінің ерік-жігері мен білімі жеткілікті екендігі туралы ойды
кіргізді.

Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғ.)

XVIII ғ, Еуропалық мәдениет — XVII г. мәдениетінің заңды жалғасы
болумен қатар, өзінің түрі, мазмұны және мәні ерекше мәдениет. XVII ғ.
рационализмнің қалыптасу кезеңі болса, ал XVIII ғ. Ағартушылық ғасырына
айналды. Бұл дәуірдің ұлы ағартушы — гуманистері: Вольтер мен Руссо
(Франция), Гете мен Шиллер (Германия), Юм (Англия), Ломоносов пен Радищев
(Ресей) және т.б. адамзат баласының теңдігін батыл қолдап, құлдық пен
деспотизмгс қарсы бітіспес күреске шақырды. Қоғамдық сананың жаңа сатыға
көтерілуі, протестантизм идеяларының кеңінен таралуы, жаратылыстану
ғылымдарының қарқынды дамуы, ғылымға бұрын-сонды болып көрмеген
қызығушылықтың пайда болуы және т.б. — осылардың бәрі де жаңа ғасырға тән
белгілер еді. XVIII ғ. құдайға, қоғамға, мемлекетке, тіпті адамның өзіне
деген көзқарастар өзгеріп, жаңа арнаға түсті.
XVIII ғ. Франция мемлекеті Еуропаның рухани өмірінің негізгі ошағына
айналды. Француз халқының философиясында, әдебиетінде, өнерінде және т.б.
жаңа леп, соны бағыттар аңғарыла бастады. Осы уақытқа дейін өздерін
Францияның қарсыласымыз деп есептеп келген Испания, Германия, Польша,
Ресей, тіпті Англия сияқты өркениетті елдер француз мәдениетін мойындауға
мәжбүр болды.
Қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтары шиеленіскен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғ. )
Қоғамдағы мәдениет туралы түсінік
Кітаби ақындар шығармашылығындағы сопылық ілімнің жырлануы. Автораферат
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Ағартушылық ғасыры және француз материализмі
Мораль принциптері
Қазақ антропонимдерінің әлеуметтік мәні
Жаңа заман мәдениетіндегі ағартушылық
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Пәндер