XIX гасырдыц аяғындағы — XX гасырдыц басындагы Қытай



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Азияныц оянуы

§ 28. XIX гасырдыц аяғындағы — XX гасырдыц басындагы Қытай

Елдің жағдайы. XIX ғасырдың аяғында Қытайда феодалдық қатынастар әлі
үстем еді. Жердің негізгі көпшілігі феодал-помещиктердің қолында. болды.
Шаруалардың көпшілігінің өз жері болмады, оны помещиктерден арендаға
алды, ол ушін помещиктерге ақшалай немесе егін өнімінің тең жартысынан
үштен екісіне дейін заттай ақы төледі. Рас жеке меншік шаруалар да болды.
Бірақ олардың көпшілігінің болмашы ғана жер учаскелері бар еді. Сондықтан
олар жоғарыдағыдай кіріптарлық шартпен косымша арендаға жер алуға мәжбүр,
болды. Помещиктерге төлейтін аренда ақысынан басқа шаруалардың мойнынз
мемлекет пайдасына алынатын ауыр алым-салықтар мен міндетті жұмыстар да
жүктелді.
Шаруалар деревнялардан қалаларға қашты, бірақ олар онанда көбінесе
жұмыс таба алмады, өйткені Қытай өнеркәсібі нашар дамыды. Қытайда ұлттық
өнеркәсіптің баяу дамыған себептері: деревняда феодалдық қатынастардың
үстемдігінен, қытай шаруасы мен қолөнершісінің сатып алу қабілеті өте нашар
болғандығынан, ішкі рыноктың тарлығы, шетел товарларының бәсекесі, шетел
капиталының озбырлығы болды.
Қытайда өте-мөте дамыған, қол еңбегіне негізделген майдагерлік
өнеркәсіп елге қаптап кеткен шетелдік машина өндірісі өнімдерімен
бәсекелесуге төтеп бере алмады. Күйзелген колөнершілер жат елдерге
топтобымен эмиграцияға кете бастады немесе жүмыссыздардың катарын
толықтырып жатты.
Феодалдык сарқыншақтар мен шетел капиталы Қытайдың ұлттық
өнеркәсібінің дамуын қаншама бөгегенмен, XIX ғасырдың соңғы ширегінде жане
XX ғасырдың басында елде алғашқы капиталистік кәсіпорындар: көмір
шахталары, тоқыма фабрикалары пайда бола бастады. Түңғыш темір жолдар
салынды. Экономикалық байланыстар үлғайтылып, іріірі қалалар өсті, жұмысшы
табының саны көбейді. Өнеркәсіптің пайда болуымен бірге ұлт буржуазиясы да
туды.
Қытай буржуазиясының едәуір бөлегі компрадорлар деп аталатын — шетел
капиталы мен Қытайдың ішкі рыногының арасында жүрген делдалдар еді. Шетел
фирмаларының агенттері болған компрадорлар шетелдіктермен бірлесіп, елді
қанады, ел Қытайдағы түқғыш тар табанды темір жол, оны 1886 жылы
француздар салған.
ге әкелінген товарларды өткізуден, халықтан арзан шикізат сатып алудан
олжа тауып байыды. Феодалдар сияқты компрадорлык буржуазия да реакцияшыл
күш еді. Ол феодалдармен бірге Қытайдағы халыққа жек керінішті монархиялық
тәртіпті қолдады.
Елге капиталистік қатынастардың енуімен бірге шетелге кіріптарлықтык
күшеюі, сол сияқты елде капиталистік қатынастардың дамуымен бірге қытай
халқының ұлттық санасезімі, оныц империалистік құлданушылыққа жәие
феодалдық езгіге деген ызасы өсті.
Империалист мемлекеттердің Қытайды экономика жағынан кіріптар етуі.
Қытайдың ұлттық капитализмінің дамуы Қытайды шетел капнталының экономика
жағынан кіріптар етуі жағдайында өтті. Елді билеп отырған Цин (яғни
маньчжур) династиясы акшаға мұқтаж болып, шетел мемлекеттерімен кіріптарлық
шарттар жасады және ұлт мүдделеріне нұксан келтіретін оларға көп
кецшіліктер берді. XIX ғасырдың 70жылдарының басындаақ шетелдіктер Қытайдың
26 портына еркін еніп алып, онда еіикім бақыламайтын, толық кожа болды.
Темір жол кұрылысы шетелдіктердің қолында болды. Көмір шахталарының,
рудниктердің және тағы басқалардын. кепшілігі де солардын карамағында
болды. Қытайдың іріірі калаларында шетел сеттльменттері, яғни
шетелдіктердің өздерінің жеке басқармасы бар және кытай екімет орындарынан
тәуелсіз ерекше аудандары пайда болды.
Шетел капиталистері барған сайын Қытайға тереңдеп кіре берді, онда
ездерінің ықпалын нығайтып, елді экономика жағынан кіріптар етті. Қытай шет
мемлекеттердің аграрлық шикізаттық шылауына айналды.
Қытайдың жартылай отар мемлекетке айналуы. XIX ғасырдың ақырында
Қытайдың нағыз белсенді сыртқы жауы жаңа шыққан жас жыртқыш—Жапония
империализмі болды. Қытайдың Жапониямен соғыста (1894—1895) жеңілуі оны
империалистердің онан әрі талантаражға салуына және қанай беруіне мүмкіндік
туғызды.
1897 жылы неміс импералистері Цзяочжоу қойнауын басып алып, Шаньдун
провинциясын'өзінің ықпал аймағыпа айиалдырды 2. Франция Гуанчжоувань
қойнауын басып ады және Юньнань провинциясына өзінің басымдылық ықпалын
орнатты. Россия ПортАртурды басып алды. Англия Вэйхайвэй портын басып алды.
Қытайдың аса бай бөлігі — Янцзы өзенінің бассейні — Англияның ықпал
аймағына айналды. Фуцзянь провинциясында жапон агрессорларының үстемдігі
орнады. Империалистік державалар Қытайды осылайша ықпал аймақтарға бөлісті,
Олар Қытай үкіметін негізінен темір жол салу үшін өздеріне көп концессиялар
беруге көндірді. Қытай барған сайын шетел империализмінің жартылай отарына
айнала бастады.
Халық бұқарасының ұлтазаттығы үшін күресі. Империалиста мемлекеттердің
Қытайды тонауы халық бұқарасының наразылығын туғызды. 1897 жылы шаруалардың
стихиялық жеке қозғалыстары бұрқ етіп, олар 1898—1899 жылдары елдің едәуір
бөлігін шарпыды. Еңбекшілердің қанаушыфеодалдарға қарсы күресі сөзсіз шетел
империалистеріне де қарсы бағытталды. Қозғалыстың империализма қарсы сипаты
неміс империалистері өтемөте аяусыз қанаған Шаньдун провинциясында ерекше
айқын көрінді. Олар қолданған жүгенсіздік пен террор Шаньдунның халық
бұқарасын куреске көтерді. Мұнда құпия қоғамдар әрекет жасап, жауынгерлік
отрядтар құрды, бұлар бейбітшілік және әділдік үшін күрес — қытайша
ихэтуань деген атақ алды. Олар шетел басқыншыларына қарсы қарулы күресті
бастады.
1900 жылғы халық көтерілісі. Қөп ұзамай халық қозғалысы елдің едәуір
белігін шарпып, ұлтазаттық сипат алды. Халықтың ашуызасынан аулақ болу үшін
әйел император Цыси бастаран Цин династиясы мен оның үкіметі халық
бұқарасының қозғалысы шетелдіктерге қарсы бағытталғандықтан, оған бөгет
жасамауға провинция өкімет орындарына арнаулы нұскау берді. Цин династиясы
қозғалысты өзіне зиянсыз ету үшін оны менгеруге және басқаруға тырысып
бақты (бұл талабы белгілі дәрежеде жемісті болды.). Сонымен бірге Цин
монархиясы опасыздық жасап, көтерілісшілерді жазалауға әзірленді.
Ал халық қозғалысы күн санап кең өріс ала берді. 1900 жылы июньде
көтерілісшілер Пекинге енді. Олар шетелдердің дипломатиялық өкілдіктері
орналасқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ тың экономикалық даму ерекшеліктері
Шәкәрім Құдайбердиев (1858 – 1931)
Мұнай мен газ өндірісі
Шәкәрім шығармаларының дені
Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары
Қоныс аудару
Психологияның жас ерекшелігі
Психологияның философия мен жаратылыстану ғылымдары қойнауынан бөлініп шығуы
Халықаралық туристік нарық
Саяси сана және идеология
Пәндер