Термидорлық Конвенттің соғыстары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
1796—1812 жылдардағы Франциядағы соғыстар әскерлерінің жорықтары мен
Наполеон алмады, өйткені Францияда пролетариат жаңадан қалыптасып келе
жатқан еді.
Термидорлық Конвенттің соғыстары. Генерал Бонапарт. 1795 жылы
әскерлері шабуыл жасап келген Франция Пруссиямен бітім жасасты. Бұл бітім
бойынша Франция революция кезінде армияның қолы жеткен жеңістерінің
жемісіне ие болды. Рейнніц сол жак жағалауындағы француз әскерлері басып
алған жерлер Францияда қалды. Солай болғанымен Пруссиямен бітім шарты
жасалғаннан кейін де Австрияға, Англияға қарсы соғыс тоқталған жоқ. Бұл
соғыста жас генерал Бонапарт ерекше көзге түсті.
Наполеон Бонапарт 1769 жылы Корсика аралында туды, бұл арал Наполеон
туардан үш ай ғана бұрын Францияның қарамағына көшкен болатын,
Наполеонның әкесі адвокат, кедейленген дворян еді, ол баласын
Францияда окытпақ болды. Наполеон Бриенна дейтін шағын қаладағы әскери
училищеде оқиды. Тұйық, икемсіз, француз тілін жөнді білмейтін кішкентай
Наполеонға жолдастарыныц назары ауды. Оның корсиканша бұрмалап сөйлеуіне
күліп, жолдастары оны мазақтайтын еді. Он бес жарка келгенде ол Париждегі
әскери училищеге ауысып, оны үздік бітірді. Әсіресе математикадан, тарихтан
ерекше жақсы білім алды. Жас Бонапарт баллистика жөнінде, яғни оқтың ұшу
заңдары жөнінде, арнаулы еңбек жазды.
1793 жылы Тулонды қоршауға алған кезде, Бонапарт артиллерияны өзі
жасаған схема бойынша орналастырып қойды. Атыс сәтті болып шықты, ағылшын
интервенттері талқандалып, Тулон алынды. Осы үшін Конвент 24 жастағы
Бонапартқа генерал атағын берді. 1795 жылы Бонапарт артиллериядан шүйілте
оқ жаудырып, Парижде бүлік шығарған монархистерді талқандады. Осыдан кейін
Бонапарт австриялықтарға қарсы жорық жасамақ болған армияның командашысы
болып тағайындалып, Солтүстік Италияға жіберілді.
Бонапарттын, Италияға жорығы. Бонапарт аса зор, алысқа сілтейтін
жоспарды ойлап тапты. Ол бүкіл Европа мен Шығысты француз буржуазиясына
жаулап алып беру үшін Италияны плацдарм жасауға ұйғарды да жоспарды іске
асыруды қолға алды.
Жорыққа аттанар алдында, Бонапарт солдаттарға Италияны сендердің
тонауыңа берем деп уәде етті. Солдаттар!—деп жазды Бонапарт өзінің
бұйрығында,— сендердің киім-кешектерің жұпыны, аш құрсақ жүрсіңдер. Мен
сендерді дүниедегі ең шұрайлы бай елдерге алып барамын. Сонымен бірге
Бонапарт екінші бір бұйрығында: мен Италияға, оның халқын австриялықтардан
азат ету үшін және оларды феодалдық үкіметтердің езгісінен құтқару үшін
бара жатырмын деп жалған айтты.
Бонапарттың әскерлері Италия жеріне екпіндей баса-көктеп кірді.
Австриялықтар жеңілген үстіне жеңіле берді. Генерал Бонапарт Италия жеріне
аттап басқаннан-ақ оның Италия халқын азат ету үшін соғыспақшымын деген
сөзінің жалғандығы барша жұртқа айқын болды. Австрия үстемдігінің орнына
Франция үстемдігі орнады. Әділетсіз және жаулап алу соғысын жүргізген
Бонапарт халыққа әрқашан өшпенділікпен қарады, оны жек көрді. Наполеон
Бонапарт итальяндарды талан-таражға салып тонады. Италиядағы халық
қозғалысын аяусыз талқандады.
Бұған мысал ретінде мынаны айтуға болады: қаһарына мінген Бонапарт бір
қаланын бүкіл халқын бағынбағаны үшін қырып тастауға бұйрық берді, ал оның
солдаттары тұрғындарды найзасымен түйреп шықты да қаланы өртеп жіберді. Ал
Бонапарт өзінің солдаттарына Италияның басқа бір қаласын 24 сағат бойы
талауға берді. Жергілікті тұрғындар өлтірген француз солдаттарының өлігі
қай деревняға жақын табылса, сол деревняны Наполеон өртеуге бұйрық берді.
Италияда Наполеон Бонапарттың армиясы зеңбіректер мен қару-жарақтарды және
толып жатқан азық-түлік пен ат жемін басып алды. Жаулап алынған жерлерінде
ақшалай миллиондаған контрибуция төлеуге мәжбүр етті. Бонапарт музейлердегі
қымбат мүсіндер мен картиналарды, шіркеу мүліктерін, бриллиант пен алтынды
тонап алып, мұның бәрін Парижге жөнелтіп жатты.
Бонапарт Австрия шекарасына өтті, сөйтіп ол өзіне қарсы жіберілген
Австрия әскерлерін талқандап, Венаға дейін жетті. 1797 жылы Австриямен
жасасқан бітім бойынша Рейннің сол жақ жағалауы Францияда қалды. Италия
кішігірім деп аталған бірнеше республикаларға бөлінгенімен, іс жүзінде
олар Францияға тәуелді болды. Швейцария мен Голландия да Францияға тәуелді
республикалар болып саналды. Бірақ Англияға ешкімнің тісі батпады.
Египет пен Сирияға жорық. Француз буржуазиясы Англияның неғұрлым осал
жеріне соққы бере отырып, онымен айқасуға бел байлады. Бонапарт Үндістанға
жорық жасауды ұсынды, ондағы ойы Англиядан ағылшын тажының асыл меруерті
болып тұрған Үндістанды тартып алу болды (1763 жылдан кейін Үндістанда
Францияға тиесі азғана иелік калған болатын). Жорықты Египетті жаулап
алудан бастау ұйғарылды. Египетке кім ие болса, Үндістанға да сол ие
болады,— деді Бонапарт. Бонапарт 1798 жылы майда 30 мың адамы бар
армиясымен және артиллериясымен 350 кемеге отырып, Египетке карай жүріп
кетті.
Түрік сұлтанына тәуелді болған Египет пен Сирияға жасалған жорық сәтті
болмады. Арабтар мен копталар (Египеттің ежелгі халқының ұрпағы) жан ұшыра
қарсылық көрсетті. Осы қарсылық көрсетудің жазасы ретінде Яффаның бүкіл
халқын Наполеонның бұйрығы бойынша түк қалдырмай қырып салды. Яффаның
түбінде тұтқынға алынған төрт мың түрік солдатын теңіз жағасына айдап
апарып, бәрін де атып өлтірген. Үздіксіз жүргізілген ұрыстардан, қатты
ыстықтан, оба ауруынан Бонапарт армиясы әлсіреді. Франциямен байланыс
үзілді. Ағылшындар Абукир түбінде болған шайқаста француз флотын қирата
жеңіп, француз армиясының Египетке мініп өткен флотын жойып жіберді.
Осы кезде Наполеон, Суворов бастаған орыс әскерлері Италияда
француздарды қирата жеңді деген хабар алды. Франция үкіметінің өз ел
ішіндегі жағдайы да жақсы емес деген хабарлар келді. Осыдан Наполеон өзінің
армиясын Египетке қалдырып, Египетті қоршап тұрған ағылшын кемелерінің
тізбегін әрең дегенде бұзып өтіп, 1799 жылдың октябрінде Парижге келді.
1799 жылғы мемлекеттік төңкеріс. Бұл кезде арам ниетті жылпос
саудагерлер мен қазына ұрлаушылар билеп-төстеген француз буржуазиялық
үкіметі буржуазия арасында беделден жұрдай болған еді. Буржуазия болат
қолын батырып, монархистерді де, якобиншілдерді де тұншықтыра алатын,
феодалдық коалиция мен Англияға қарсы соғысты ойдағыдай жүргізе алатын
күшті өкімет орнының болуын талап етті. Буржуазияға үміт семсері керек
болды. Буржуазияның назары Бонапартқа ауды да, Бонапарт төңкеріс жасауды
мақұл көрді. Париж банкирлері оны ақшамен қамтамасыз етті.
1799 жылғы ноябрьде (республиканың VIII жылының 18 брюмерінде
революциялық календарь бойынша), таңертең Бонапарт өзінің әбден сенетін
әскерлерін шақыртып алып, үкіметті тұтқынға алды және қашып кеткен бірнеше
ондаған депутаттарды ұстап алып, оларға Бонапарт өзі басқарған билеуші
консулдарға үкімет билігін беру туралы зорлап заң қабылдаттырды.
Сөйтіп, 1799 жылы өкімет билігі ірі буржуазия қойған адамның —
Бонапарттың қолына көшті, ол армияға арқа сүйеп, ірі буржуазияның мүддесін
қорғайтын әскери диктатура орнатты.
Француз шаруаларының меншік иесі болып табылатын бөлігі, феодалдық,
коалицияға қарсы соғыста атағы жеңіспен әйгілі болған Бонапарт, Францияны
сыртқы жаулар мен эмигранттардан қорғайды және революция кезінде қолға
тиген жерді иемденуді қорғай алады деп үміттенді.
Наполеон үкіметінің ішкі саясаты. Империяны басқару. Наполеон
Бонапарттың ішкі саясат саласындағы шаралары Наполеон үкіметінің буржуазия
үстемдігін нығайтқанын толық айқындап берді.
Төңкерістен кейін кеп ұзамай-ақ генерал Бонапарт жаңа конституцияның
тексін өзі айтып жаздырды. Бұл конституция бойынша өкілдік мекемелер іс
жүзінде барлық мағынасын жойды.
Барлық билікті қолына алған бірінші консул өзін-өзі мәңгі консул деп,
ал 1804 жылдан бастап француздардың императоры деп жариялады. Францияда
іс жүзінде тағы да монархия қайта орнады, бірақ енді ол феодалдық монархия
емес, буржуазия билігін жүргізетін буржуазиялық монархия болды.
Наполеон Рим папасымен конкордат (келісім) жасады. Бұл конкордат
бойынша католик шіркеуі Наполеон үкіметін қолдауға міндетті болды,
шіркеулерде: О тәңірім, консулдарға (1804 жылдан бастап — императорға)
амандық бере гөр дейтін ерекше дұға оқылатын болды. Менің жандармдарым
мен дін басыларымның арқасында қолымнан бәрі де келеді,— деп мәлімдеді
Наполеон.
Эмигрант дворяндарға амнистия (кешірім) берілді, олардың Францияға
қайтуына рұқсат етілді, оларға сатылып кетпеген имениелері қайтарылды,
бірақ оларға өкімет тарапынан бақылау қойылды. Аман қалған якобиншілдерді
қатал қуғыиға салды, оларды тұтқынға алды, Франциядан баска жаққа жер
аударды.
Өз басқаруының алғашқы қадамынан бастап-ақ Наполеон буржуазияның
мүддесін көздеп, өнеркәсіпті барынша қолдады. Ұлттық өнеркәсіпті
мадақтайтын қоғам құрылды. Бұл қоғамның ең ірі жарнашылары Бонапарттың
өзі, оның чиновниктері мен генералдары болды. Өнеркәсіп көрмелері ашылып
тұрды. Француз өнеркәсібініц дамуының Англиямен күресте маңызы зор болды.
1804 жылы Азаматтық кодексті құрастыру аяқталды. Азаматтық кодекс
заңдардың жүйелі жинағы болды, мұның ең негізгі міндеті буржуазияның өз
меншігін пайдалануды қамтамасыз ету болды. Наполеон кодексінің атақты 544-
статьясында былай делінді: Меншік дегеніміз—мүлікті пайдалану мен оған
билік жүргізудің неғұрлым шексіз правосы...
Буржуазиялық семьяның негізін баянды етуді көздеген кодекстің басқа
бір статьясында: Ері өзінің зайыбын қорғауға міндетті. Әйелі өзінің еріне
мүлтіксіз бағынуға міндетті. Ері мен зайыбы бірге тұруға, қайда жүрсе де
ерімен бірге болуға міндетті. Бұл заңдар Францияда, сондай-ақ басқа да
буржуазиялық елдерде осы күнге дейін қолданылып келеді.
Кодекс революция кезінде алынған меншікті жаңа иелерінің меншігі етіп
бекітті және барлық азаматтың заң алдында теңдігін жариялады. Алайда 1802
жылдың өзінде-ақ Наполеон француз отарларында якобиншілдер жойған құлдықты
қайта орнатты.
Наполеон Құрылтай жиналысының жұмысшыларға қарсы шығарған заңын
бекітті. Жұмысшылар одақтарына бұрынғысынша тыйым салынды, стачка
жасаушылар қатаң жазаланды.
Жаулап алынған көптеген елдерде ішкі межелер мен таможнялық алымдар
жойылды, бірқатар мемлекеттерде конституция енгізілді, өнеркәсіп пен сауда
дамыды. Бірақ бұл қайта өзгерістердің бәрі бұл елдерді француз
буржуазиясыныц қанап езуімен жүргізілді.
„Теңдер манифесінен"
Бабёф заговорына қатысқандардың бірі жазған Тендер манифесі
Бабёф пен оның ниеттестерінің ойын білдіреді.
Франция халқы!
Сен он бес ғасыр бойында құл болып өмір сүрдік, демек, бақытсыз
болдық. Ал енді есін кетіп тәуелсіздік, бақыт, теңдік күткеніңе, міне, алты
жыл болды...
Француз революциясы басқа бір ұлы революцияның, неғұрлым салтанатты
революцияның хабаршысы, ол ен соңғы революция болмақ.
Француз халқы өзіне қарсы күш біріктірген корольдар мен священниктерді
жаншып тастады; ал бұрынғылардың орнын басқан жаңа тирандарға да ол соны
істейді...
Тең праводан баска бізге тағы не керек?
Біз бұл теңдіктің тек Адам мен азамат праволары декларациясында
жазылуын ғана емес, өз ортамызда, өз үйіміздің ішінде болғанын тілейміз.
Біз... қоғамдық меншікке, дүние-мүліктің ортақтығына... ұмтыламыз!
Жерге жеке меншік ендігі жерде болмайды, жер ешкімнің меншігі болмайды. Жер
жемісін ортақ пайдалануды талап етеміз, біз соны тілейміз, жер жемісі
жалпыға ортақ.
Біз адамдардың басым көпшілігі маңдай терін бес төгіп, ат төбеліпдей
азшылықты масаттандыру үшін, құлдыққа еңбек етуіне мұнан былай көнбейді деп
мәлімдейміз.
Біздің келешек ұрпақтарымызға түс сияқты болып көрінетін бұл керемет
маскарашылдыкдын қарасы өшсін! Бай мен кедейге, күшті мен әлсізге, мырза
мен күтушіге жан түршігерлік бөлінушілік жойылсын...
Франция халқы!
Бақытка қарай аш көзіңді, мейірлен! Бізбен бірге теңдер Республикасын
таны және оны жарияла!
18. Империяның жаулап алу соғыстары және оның күйреуі
1805—1807 жылдардағы француз әскерлерінің жеңістері.
Европадағы соғыс күннен-күнге күшейе түсті. Францияның негізгі жаулары
Англия, Австрия, Россия болды. Ағылшын үкіметі өзінің одақтастарын қаржымен
қамтамасыз етуге, Францияда шпиондық әрекет жасауға орасан көп ақша
жұмсады.
1805 жылдың күзінде Наполеон Булоньға, Ла-Манш жағалауының басқа да
пункттеріне аса зор десанттық операция жасау үшін 2300 кеме жинады.
Өнер тапқыштар оған көптеген ауа шарларын жасауды. Англияға карай
соғатын қатты желді күтіп, сол жел соққан кезде аэростаттар жіберіуді
ұсынды. Сондай-ақ императорға қол двигателі бар, бір кісі жүргізетін толып
жатқан кішкентай сүңгуір қайықтар жасайық деген ұсыныстар енгізілді.
Әзірлік қызу жүріп жатты. Англияға зор қауіп төнді.
Франция әскерлеріне көмектесу үшін Жерорта теңізінен аса үлкен француз
эскадрасы жіберілді. Бұл эскадра Гибралтардан өтіп, Атлант мұхитынан жүзіп
шыққаннан кейін, Испания жағалауына жақын жерде, Трафальгар мүйісінде,
адмирал Нельсон бастаған ағылшын флотына кездесті (1805 жылғы 21 октябрь).
Атақты адмирал Нельсон 40 жерден жараланған еді; оның бір қолы мен бір көзі
жоқ болатын. Трафальгардағы шайқас Нельсонның 140-шы және ең соңғы шайқасы
болды. Нельсон бұл ұрыста қаза тапты, бірақ француз флоты жан түршігерлік
жеңіліске ұшырады.
Францияның дүние жүзін билеуге ұмтылған жолына көлденең тұрған ең
күшті мемлекет Россия болатын. 1805 жылдың декабрінде Моравиядағы Аустерлиц
(Славков) түбінде Наполеон әскерлері мен австриялық және орыс әскерлерінің
арасында шешуші қақтығыс болды. Кутузовтың қарсы болуына қарамастан, I
Александр қолайсыз жағдайларда шайқасқа шықты да, ұтылды. Француз әскерлері
австриялықтарды талқандап, орыс әскерлерін мұзды бөгеттерге қарай ығыстырып
тастады. Наполеон мұзды ядромен атқылауға бұйрық берді. Мұз ойылып,
кептеген орыс солдаттары суға батып кетті,
Қасиетті Рим империясын басқарып тұрған Австрияны талқандап,
Наполеон 1806 жылы бұл империяны жойды. Қасиетті Рим империясының
императоры өзінін, титулынан бас тартып, тек қана Австрия императоры болып
қалуға тиіс болды.
Сол 1806 жылы Наполеон Пруссиямен соғысты. Пруссия әскерлері құлақ
естімеген жеңіліске ұшырады. Қамалдар ұрыссыз беріліп жатты. Соғыс
басталғаннан кейін 19 күннен соң француз әскерлері Берлинге келіп кірді.
1807 жылы орыс әскерлерімен бірнеше табан тірескен қан төгіс
шайқастардан кейін Наполеон Тильзитте Россиямен, Пруссиямен бітім
шартына кол қойды. I Александр Наполеонның жаулап алғандарының бәрін
мойындап, Франциямен бітім және одақ туралы келісім жасауға мәжбүр болды.
Наполеон Пруссияға контрибуция салды және оның шекараларын мейлінше
қысқартты.
I Наполеон империясының әлсіреуінің себептері. 1810—1811 жылдары
ұзаққа созылған соғыстардың нәтижесінде халықтың қайыршылыққа ұшырап,
күйзелуі салдарынан, Франция өнеркәсібі көптеген товарларын өткізе алмады.
Жұмыссыздар көп болды, жұмысшылар қобалжи бастады. Үздіксіз соғыстардың
салдарынан туған өлшеусіз көп салықтар буржуазияға да ауыр тиді. Армияға
үнемі адам жинау шаруалар мен жұмысшылардың да наразылығын күшейтті.
Наполеонға тәуелді Европа мемлекеттерінен де көптеген адамдар армияға
алынды. Армияның едәуір бөлігі ұрыстарға зорлықпен шығатын, француз тілін
білмейтін, әр түрлі ұлттардан құралған солдаттар болды.
Наполеонның француз буржуазиясының езгісіне бағындырмақ болған
халықтардың, әсіресе Испания мен Россия халықтарының, француз әскерлеріне
көрсеткен тегеуріні Наполеон империясына аса күшті соққы болып тиді.
Француз жаулап алушыларының басып кіруіне қарсы халық қозғалыстары.
XV—XVI ғасырлардағы күшті Испания XIX ғасырдың басында Англия мен
Франциядан едәуір артта қалған еді. Испанияда абсолюттік монархия болды.
Елді король мен оған жаққан бір топ сарай маңындағы қызметкерлер баскарды.
Дін басыларының ықпалы аса күшті болды, халықты күйзелту есебінен бұлардың
байлығы арта берді. Елде инквизиция қаһарын төгіп тұрды.
1808 жылы Наполеон әскерлері Испанияға баса-көктеп кірді. Француз
әскерлері Испания жеріне кірген күннен-ақ, онда халық соғысы — герилья —
басталды. Испания партизан отрядтарын ұйымдастырып, шетел басқыншыларына
қарсы күресті. 180 мың әскерді бастап, Наполеонның өзі Испанияға басып
кірді, қылышын жарқылдатып, жолындағының бәрін қырып-жоя отырып, Мадридке
кірді. Бірақ партизан соғысының өрті бүкіл Испанияда қаулай түсті.
Көтеріліс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бонапарттың Италияға жорығы
Наполоенның билікке ұмтылуы
Мемлекеттік төңкеріс және Наполеон Бонапарттың консулдық кезеңі
Ұлы француз революциясы кезіндегі саяси ұйымдар мен ағымдар
Франциядағы алғашқы империя
Наполеонның басқыншылық саясаты
Ірі буржуазия өкімет басында
Наполеон Бонапарт – 1-консул
Ұлы Француз революциясы және оның тарихнаманың дамуына ықпалы
ХІХ ғасырдағы Францияның әлеуметтік экономикалық және саяси дамуы
Пәндер