АЛҒАШҚЫ ОТАРЛАРДАН АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНА ДЕЙІН



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
АЛҒАШҚЫ ОТАРЛАРДАН АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНА ДЕЙІН
Британ отарларының қалыптасуы. Англиядан алғашқы қоныс аударушылар
Солтүстік Америкадағы үнді тайпаларының мекен етуші аймақтарында бірден
алтынға "тап болмаса да", олар бұл аумақтағы құнарлы жерлерді игеру үлкен
түсім әкелетіндігіне сенімді болатын. Әлем тарихындағы Х.Колумбтың Америка
құрлығын ашуы және оны Еуропалық теңіз державаларының өз иеліктеріне
айналдырып игере бастауы, батыстық жаңа өркениеттің кең тарауына бастама
болды. Солтүстік Америка аумағы үшін XVII ғасырда пайда болған ағылшын
отарлары шешуші рөл атқарды. Соның нәтижесінде көшпелі отарлар пайда болды.
Осы ағылшын отарлары 160 жылға созылған ұзақ даму жолынан өткеннен соң,
Англиядан тәуелсіздік үшін күрес нәтижесінде бөлініп, жаңа заманда батыс
жарты шарындағы ірі мемлекеттің біріне, кейіннен әлемдік державаға айналған
- Америка Қурама Штаттарын құрды.
Заманында Испан Америкасының сарқылмас байлығы британ саудагерлеріне
маза бермеді. Ағылшын отарларындағыларды француздар игере бастаған және
испандықтар мен португалдықтар қоныс тепкен Солтүстік Американың Атлант
жағалаулары да қызықтырады. Ол аумақтағы басты байлық жер астында жатқан
асыл металлдар емес, әлі рулық құрылым дәрежесінде өмір сүрген аз санды
үнді тайпаларының құнарлы жерлері болды. Соңғы жәйтжеке меншіктегі
акциөнерлік Лондон және Плимут компаниялары бастаған отарлау әрекеттері
мақсатын қүйтырқыландыра түседі. Олар король І Яков Стюарттан жаңа
территорияларды игеруге рұқсат беретін грамота (хартияны) алады. Осы
грамотаға сәйкес бұл жерлердің иесі король, ал оның отар иелігіндегілер
бодандар еді.
1607 жылы Солтүстік Америкадағы ағылшындардың тұңғыш тұрақты тұрағы
болашақ Виргиния жерінде пайда болған Джеймстаун порты және бекеті болды.
Алғашқы кезеңде отаршылардың бар күш жігері күнелтуге жұмсалды. Алайда,
отаршылардың копшілігі аштықтан, аурулардан және үндістермен болған
қақтығыстарда қаза болады. Тек 1616 жылғы жаңа жерде өсірілген темекі
өнімінің ағылшын нарығында жақсы сұраныска ие болуымен, отарлардың өзін-өзі
ақтауға және оған жаңа тұрғындарды көшіруге мүмкіндік туады.
1625 жылы таққа келген I Карл Виргинияны король отары деп жариялай,
оған әзінің губернаторын тағайындады. Виргиниядағы қоғамдық құрылымдар және
әлеуметтік қатынастар басқа отарлар үшін үлгі ретінде айтыла жүрді.
Алғашқы он жылдықта губернатор басқарған отарлық
әкімшіліктен тұратын үстемшілер мен ағылшын джентрилерінен,
компания акциөнерлері және басқада ауқатты тұрғындардан тұратын орташалар
пайда болды. Олардың барлығы толық құқылы азаматтар фримен) қатарына кірді.
Қоғамның ең төменгі тобы негізінен келісім бойынша компания есебінен
келгендерден тұрды. Олар келісім бойынша белгілі бір жұмыспен
айналысуға тиісті еді. Еңбек ету мерзімі аяқталғаннан кейін оларға жер
кесілімдері беріледі деп уәде етілген еді. Мұндай келісімге отырған
адамдар сервенттер деп аталады.
Ал, плантациялық темекі осіру шаруашылығымен айналысып, байығандар
жергілікті "жаңа ақсүйектер" тобын құрады. Сбрвенттердің материалдық және
құқықтық жағдайлары нашарлай түсті, себебі енді олар келісімге жер беруге
мүдделі емес жеке шаруашылықтармен отырады. Осылайша, сервенттер құқықсыз,
жеке меншігінен айырылған кіріптар жұмысшыларға, немесе уақытша құлдарға
айналды. Негізінен олар темекі плантацияларында күнелтті.
Кәсіпкерлік және коммерциялық сипатқа ие плантациялық шаруашылық үнемі
жұмыс күшінің артуын талап етті. Еркін отарлар мұндай жұмыстарға барған
жоқ. Мәжбүрлі еңбексіз, сондай-ақ, қара нәсілділердің құлдық еңбегінсіз
(оларды Виргинияга 1619 жылы ғана әкеле бастаған) ірі шаруашылықты алып
жүру мүмкін емес еді. Оның үстіне үндістерді отаршылар құлдарға айналдыра
алмады. Жалдамалы еңбек мүлдем болмады. Сондықтанда ірі жер иеленушілерге
құлдар немесе жалдамалылар ғана еңбек етті. Қарапайым отарлаушылар
фригольдерден тәрізді жер иеленуші король немесе лордқа салық (квитрента)
төледі.
Солтүстік Америкада корольдік отар Виргиниядан басқа, жеке меншік отар
түрлері де кеңінен таралады. Өзін теңіз бойындағы территориялардың
болашакта иесі ретінде есептейтін король, сол жерлерді тек компанияларға
ғана емес, сонымен бірге феодал ақсүйектеріне де таратады.
I Карл 1632 жылы екінші Балтимор лорды Сесил Калвертке Виргинияның
солтүстік бөлігін иемденуге рұқсат беретін арнайы хартия тапсырады
(Мәриленд отары). Бұл аймақ "провинция" деп аталады да, лорд Балтимор
шексіз билік пен феодалдық сеньор құқықтарын иемденді. Алайда
ұжымдық басқару органы-фримендердің Бас ассамблеясы болғанымен оның
жұмысы тікелей лорд еркіне тәуелді болды.
1681 жылы II Карл II ақсүйек Уильям Пеннге, кейін соның есімімен
құрылған болашақ Пенсильвания отарының үлес жерін иемденуге рұқсат береді.
Келесі жылы Пенн Америкаға келіп, Филадельфия қаласының негізін қалайды.
Лорд Балтимор өз діндестері католиктердің Мәрилендке келуін қалай қолдаса,
Пенн өзі шыққан протестанттық "достар" сектасын (квакерлер) барынша
қолдады. Жалпы алғанда осы отарлардағы дін бостандығының сақталуы түрлі
этникалық топ өкілдері мен дін тұтынушыларды қызықтырды. Осылайша,
Пенсильванияны отарлауда неміс-меномиттер маңызды рөл атқарды.
Отар иелері үндістермен бейбіт қатынастарын орнатуға және қоныстанған
жерлерден рентаның жиналуында мүдделі болды Мысалы, Уильям Пенн үндістермен
келісімге де келген еді.
Бастапқыда Нидерланды иелігінде болған, ал кейін 1664 жыль ағылшындар
жаулап алған Солтүстік және Оңтүстік Каролин; жерлері, Нью-Йорк провинциясы
жекеменшік отар иеліктер қатарына жатты. Жаңа Амстердам қаласын Нью-Йорк
деп өзгерткеннен кейін бұл атау бүкіл отарға тән болды. 1685 жылы оның иесі
герцог Йоркский король II Яков болып тағайындалады да, отар корольдік
отарга айналады. Оның басқа билеушілерге берілген оңтүстік бөлігі Нью-
Джерси деп аталды. Бұрынғы Жаңа Швеция аталған кішігірім Делавер отары,
1776 жылға дейін ресми түрде Пенсильвания құрамына кіргенімен, өз алдына
автономия болды 1732 жылы британ иелігінің қиыр оңтүстігіндегі жекеменшік
сипаттг құрылған Джорджия отары, 20 жылдан кейін король қол астына өтеді.
Француз иеліктерімен бітісетін (Канада) солтүстік-шығыс жерлерге
қоныстандыру — отарлаудың үшінші бір түрі, корпоративті түрін алып келді.
Оның бастауында Америкаға эмиграцияланған діни қауым мүшелері тұрды. Олар
жер иеленуші лордтарға берілмеген Жаңа Англияның тұрғылықты мекен аталған
жерлерін алды.
1620 жылдың қыркүйегінде діни қуғындауға ұшыраған бір топ пуритан-
сепаратисттер Плимут компаниясымен жасалған келісім бойынша "Мэйфлауэр"
кемесімен Америкаға жіберілген еді. Жылдың аяғында олар қазіргі Массачусетс
штатының жағалауында түсіріліп Жаңа Плимут тұрағының негізін қалайды. Одан
кейінгі жылдарь мұнда бірнеше топ эмигранттар келіп қоныстанды. Отар
иелігіндегілер "азаматтық қоғам" ұйымдарын құру жөнінде шешім қабылдайды.
Олар "Мэйфлауэрдің" өзінде-ақ келісімге қол қойып "отарлардың ортақ игілігі
үшін" қабылданған заңдарды қатаң қадағалауға міндеттеме алады.
Отардағылар сайланбалы губернатор билігі мен ең жоғарғы өзін-өзі
басқару органы - жалпы фримендер жиналысын құрады. Сервенттер саяси билікке
жіберілмеді және оларға жер бөліп беру карастырылмады. Еркін отаршылар
телімдерін өзара теңдей бөлісіп алған еді. Бұл мүліктік теңсіздіктің одан
әрі тереңдеуіне бөгет бола алмады. Сондай-ақ олар қоғамдық және жеке өмірге
тәртіп енгізді. Корольдің жоғарғы билігін мойындай отырып, отаршылар
басшылығы сол уақыттың озық діни ұйымдары секілді ұйым құруды көздеді де,
сондықтан олар бір ғана иконға сенушілерді қудалай бастайды. Массачусетс
отарында пуритан дін басшылары зор ықпалға ие болды. Сейлемде діни
көзбояушылықпен айналысқандары үшін көпшілік алдында 20 адам өлім жазасына
кесіліп, 150 адам тұтқындалады.
Діни қудалаудың әртектілігі, бір кезде "Мэйфлауэрде" ояна бастаған
демократияның құлаштануына кедергі тудырды. Массачусетстің король қол
астына өтуі де жағдайды өзгертпеді. Тек XVIII ғасырдың алғашқы он
жылдығында пуритандарға қарсы ішкі оппозициясының күшеюі теократия
езгісінен бір жола құтқарды. Өз заманының адамдары бұл парасат жеңісін "Ұлы
ояну" деп атады.
Массачусетс отары Жаңа Англияның бірқатар жаңа қоныстарының бастамасы
болатын, оның ізінше Род-Айленд, Коннектикут, Нью-Гэмпшир және Мэн
отарларының негізі қаланды. Пуританизм цитаделінен отардағылар либералдылық
жағдай мен жаңа құнарлы жерлер іздеу үшін кетті. Род-Айлендтің негізін
салушы Массачусетстен қуғындалған священник Роджер Уильямсте пуритан
басшыларымен көзқарас қайшылығында болған еді. 1636 жылы негізі қалана
бастаған осы кішігірім отарда діни жарасымдылық сақталынды, шіркеу биліктен
аластатылып, жер үндістерден күшпен емес, сатып алынды. Едәуір мығым
Массачусетсттің жойылып кетуінен қауіптенген отардағылар король билігін
мойындай, II Карлден өз тәуелсіздігін сақтайтын заңды тәжілік келісім
алады. Нью-Гэмпшир мен Мэн жеке иеліктер қатарына жатты. Бұл аумақтарда
халық аз қоныстанғандықтан, әсіресе Мэн кейіндері Массачусетс құрамына
енді.
Отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуы. Феодализм Солтүстік
Америкада терең тамыр жая алмады. Өйткені жаңа құрлықта феодализм
тіршілігінің басты шарты феодалдардың жерге деген монопольды құқығы
болмады. Ол жария етілгенімен жеткілікті көлемде сақталынбады, оның үстіне
отар иелігіндерге бос жатқан жерлер молшылығына квитрентоны төлету және
олардың лорд иелігінен кету мүмкіндігін пайдалануға тыйым салу қажет емес
еді. Негізінен XVII-XVIII ғасырлардағы феодалдық құрылыс өзін-өзі тауысты,
ал отарлау шарттары оны қайта жаңғырта алмады.
Феодалдық және плантациялық шаруашылық сыртқы ұқсастықтарына
қарамастан, табиғаттары әр түрлі болатын, Лвндлордтардың мақсаты — оның
жерін пайдаланушы отар иелігіндерден квитентроны немесе арендалық төлемді
алу болды Мұны ол феодалдық құқық негізінде іске асырды. Шығыс Еуропалық
түрдегі барщиналық шаруашылық та осы сипатта құрылды. Ал, плантаторлардың
мацсаты - өз жеріне қаржы жұмысау арқылы, өсіріп өндірген өнімді сату
арқылы табыс табу. Лендлорд плантатордай капиталист бола алмады, себебі ол
жер мен жұмысшыларды корольдің рұқсатымен иеленді.
Егер Солтүстік Америкада феодалдық қатынастарды тұрақтандыру
әрекетінің болашағы болмаса, плантациялық шаруашылық өзінің болашағына
сеніп, сервенттер мен қара құлдарды шеттен әкелуден жалтармады. Құл саудасы
өте пайдалы іс болды. Сондай-ақ, отарларда заңсыздық әрекеттерде кең етек
жаяды, яғни үндістермен жүргізген эквивалентсіз сауда нәтижесінде, олардан
арзаиға немесе спирт пен қару жараққа айырбас жасау арқылы бағалы терілер
алынды. Сондай-ақ жерді сатуда да алып-сатарлық дамиды.
Ауыл тұрғындарының негізін (80% дейін) фермерлер құрады. Кейбір шалғай
аумақтағылары өздерінің күндерін күнелту үшін патриархалдық шаруашылық
жүргізуге де мәжбүр болады. XVI] ғасырда Массасучетс жер иеленушілері
квитрентаны төлемегендіктен шын мәніндегі жеке меншік иелеріне айналды.
Жаңа Англияның оңтүстігіне қарай орналасқан отарлардағы фермерлер жағдайы
әлдеқайда ауыр болды, ал ұсақ арендаторлар лендлорд жерінде
орналасқандықтан оларға тәуелді болды. Сонымен бірге Америкада скваттерлік
немесе отаршылардың игерілмеген жерлерін беттерінше иемденуі әрекеттері
орын алады. Бұл жер иеленудін монопольды құқығына нұқсан келтіріп, батыс
жерлерге стихиялы түрде қоныстануға түрткі болды.
Америкада басқарудың олигархиялық түрі орнады. Билікті хартиялар
негізінде ең бай және беделді әулеттер, ұрпақтан ұрпаққа қалдыру арқылы
жүргізген еді. Алайда, сол дәуірдегі еуропалық мемлекеттерге қарағанда және
әлемнің басқа елдерін атамағанда билік негізінен жұмсақтығымен және өмірдің
салыстырмалы түрде қиындығының аздығымен ерекшеленді. Әрине, тек еркін
отарлар мен алғашқы жылдары болған тіршілік үшін күрес және Массачусетсте
орын алған жарты ғасырлық теократияны ескермесе, аяқталмаған сипатта болса
да биліктің ассамблея түріндегі немесе фримещщ жиналысы ретіндегі заң
шығарушы және губернатор атқаратын атқарушы бөлінісі қалыптасқанын атап
өткен жөн. Сот билігі де осы бөлініске тәуелдене байланыстырылды.
Губернаторлардың басым бөлігінде ассамблея заңдарына сәйкес вето құқығы
болды, бірақ олардың кейбірі әкімшілік қызметті өрескел бұза және ерекше
құқықтарын пайдалана отырып отар бюджетін өздері реттеді.
Отар иелігіндегілер губернатор озбырлығына қарсы бірнеше рет бас
көтерді. Бұл қозғалыстарға оппозициялық көзқарастағы қоғамның жоғарғы,
сонымен қатар төменгі де тобы да қатысты. Олардың шіндегі іргелісі
Виргиниядағы (1676) плантатор Натаниэл Бэкон және Нью-Йорктегі (1689-1691)
көпес Джейкоб Лейслер бастаған бас көтерулері еді, бірақ олар күшпен
басылып тасталды. Көтерісшілер демократиялық талаптар қойды, әсіресе сайлау
құқығын кеңейтуге ерекше көңіл бөлді.
Жаңа Англияда алғашқы отардағылардың - шіркеу қауымы мүшелерінің жалпы
жиналыс өткізу дәстүрін жалғастырған қалалық итингілер де елеулі рөл
аткарды. Оларға сайлау құқығына ие жеке меншік иелері және ондай құқығы жоқ
еркін отардағылар да қатысты. Бұл митингтер қызметі демократияны "тікелей"
жүзеге асырумен шектелмеді, оған қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтар
арасындағы саяси ара салмақты теңестіру міндеттелді.
Еркін отардағылардың өмір сүру деңгейі еуропалық орта деңгейден жоғары
болды. Алғашқы қоныстанушылардың ұрпақтары азық-түлікпен, тұрмысқа қажетті
тауарлардан тапшылық көрмеді. Тарихи-антропометриялық зерттеулер көрсеткіші
бойынша, осы уақытта Америкада туып-өскен ағылшындардың бойлары
еуропалықтарға қарағанда едәуір ұзын болды. Олар жақсы тамақтанды және
олардың рациондарында ет пен көкөніс басым болды. Отарларда Англиядағы
Тюдорлар мен Стюарттар дәуіріндегідей қайыршылар мен кедейлер болмады.
Еуропа құрлығын үздіксіз соғыстар дүр сілкіндірсе, анда-санда тек
үндістермен соғысқандары болмаса, мұхиттың арғы бетіндегі отардағылар
әлдеқайда тыныш өмір сүрді. Олар Англия және басқа еуропалық елдердің салық
төлеушілердің мойнындағыдай тұрақты жасақты ұстауға жұмсалатын, король және
аксүйектердің сұранысын өтеуге қажетті қаржы ауыртпалығын көрмеді. XVII
ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында отардағылардың
метрополия тұрғындарына қарағанда белгілі артықшылықтары болды. Мәселен
отарларды қорғауға шыққан шығынды олар өздері төледі.
Американ қоғамы дамуының ерте кезеңінің өзінде-ақ маңызды ерекшілігі,
адамның ескі әлемге қарағанда өз еңбегінің жемісін табысты пайдалана алуға
талпынысы болды. Протестанттық ілім адамдарды еңбектің жоғары мәдениетіне,
еңбекқорлыққа, қүт-берекелікке үйретті, ал маңдай терімен жинаған байлық
иесі құдай қалаулысы болып саналды. Дегенмен, Американы отарлау құл
саудасымен, үнділерді тонаумен, алдап-арбау және алып-сатарлықпен қабаттаса
жүрсе де, қарапайым американдықтардың негізгі бөлігі жеке меншікті
қажырлы еңбектерінің арқасында иеленді.
Еркін отардағыларды метрополия билігіне бағындыру қиынға түсті. Бұдан
келіп, адам құқығы мен бостандығын кемсітуіне төзуге болмайтын қатынас
пайда болды. Еуропалық тұрғындарға қарағанда едөуір экономикалық, саяси,
діни бостандықтарға ие американдықтар оларды одан әрі кеңейтуге және
нығайтуға тырысты. Сондықтанда олар король және парламенттің оларды тәуелді
қылу әрекетінен қауіптенгендіктен метрополияның қатаң саясатына
алаңдаушылықпен қарады.
Тәуелсіздік күрестің алғышарттары. Солтүстік американдық отарлардың
тәуелсіздік үшін күресі (1775-1783) Америкада, сонымен қатар Англияда болып
жатқан дамудың қарама-қайшы ұстанымдарының нәтижесі еді. XVII ғасырдың
ортасына қарай отардағылар шаруашылық жағынан айтарлықтай дамыды және ішкі
сауда тұрақтанды. Өздерінің флоты, орманды, құнарлы жері бар, олар енді
метрополияның тауарларына тәуелді болмады. Плантаторлар экспортқа өнімдерін
шығарды, сондай-ақ олар темекі, күріш, индиго, мақта өсіруге әрекет жасап
жатты. Халық саны өсті. 1688 жылы аумақта - 200 мың адам тұрған жерде,
жергілікті халықтың 18 % құрайтын негр-құлдарды қосқанда 1775 жылы олардың
саны 2,7 миллионға ұлғайды. Солтүстік американдық жерлер ағылышындардың
отар аумағы болғанымен, мұнда Еуропанын барлық мемлекеттерінен дерлік
эмигранттар барды. Сонымен қатар, Ирландия мен Германиядан барған
эмигранттардың көпшілігі негізінен еңбекқор тұрғындар болатын.
Отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуын ішкі және сыртқы сауданың
орталықтары болған - Бостон, Нью-Йорк, Филадельфия, Балтимор, Чарлстон
секілді портты қалалардың өсуінен көруге болады. Білім беру мен мәдениет
салалары да дамыды ХҮІІІ ғасырдың басында отардағылардың өз газеттері шыға
бастады, қоғамдық және жеке меншік мектептер мен колледждер пайда болды Осы
колледждер базасында дүние жүзіне белгілі - Гарвард, Йель, Принстон,
Колумбия университеттерінің негізі қаланды. Отарлық кезеңнің соңына таман
атақты ойшылдардың қатары қалыптасады Мысалы, американдық ағартушылар -
Б.Франклин, Т.Джефферсон Дж.Адамс және Джеймс Мэдисон есімдері осы кезде-ақ
белгілі болг бастайды. Осының барлығы құрлық аумағындағы қалыптасып келе
жаткан "құрлықтық" ұлттың тек материалды мүмкіндіктерін ғак емес, сонымен
қатар рухани ілгерлеушілігін де көрсетті.
XVII ғасырдағы отардағылардың метрополия қамқорлығыі керек еткен
уағында, ағылшындар өзінің ішкі жағдайы мәселелеріі шеше алмай жатқан
болатын (король мен парламент арасындап билікке талас, революция,
Стюарттар билігінің реставрациясы) Ал, отардағылардың біршама ықшамдалғанын
сипаттайтын XVIII ғасырдың барысында, отардағылардың ерікті дамуына
мүмкіндік алар жағдайы пісіп - жетілді. 1756-1763 жылдардағы Жеті жылдық
соғыста Францияны жеңген Ұлыбритания езіне Канада және өзге де құрлықтағы
француз иеліктерін қосып алып, Солтүстік Американың толық қожайыны болған
еді. Метрополияның отарлардағы кәсіпкерлікті шектеуге және өзіне
бағындыруға ұмтылысы, тәуелсіздік үшін күрестің экономикалық алғы шартын
жасады. XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың алғашқы он
жылдықтарында отардағылардың сыртқы саудасын тәртіпке келтіретін
парламенттік актілер сериясы шығарылды. Ол бойынша отардағылардың өздері
тәуелді емес державаларымен сауда жасауына және өндейтін ендірісті
дамытуына тыйым салынды. Бірақ Солтүстік Американың қашықта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ-та ұлттық саяси жүйенің қалыптасуы (1760-1810 жж.)
Солтүстік Америкадағы ағылшын отарлары
АҚШ - тағы Азамат соғысы
Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттарының саяси процестеріне бұқаралық ақпарат құралдарының әсері
Әлемдік саясат ұғымы
Версаль бейбіт конференциясы. 1919-1925 жылдардағы соғыс қорытындысын шығару үшін жиналған конференциялар мен келісімдерде жіберілген қателіктер салдарын танып-білу
АҚШ конституциясының түсінігі
Ағылшын революциясының тарихи маңызы
Көркем мәтінді аударудың стилистикалық ерекшеліктерін зерттеу
Солтүстік Америка материгінің ішкі су қоры және таралу заңдылықтары мен ерекшеліктері
Пәндер