Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасының құрылуы


Ⅱ. Негізгі бөлімі
- с) Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасының құрылуы.
Азияның оңтүстігінде орналасқан елдердің көбі Англияның отары болды. Олардың ішіндегі ең ауқымдысы Британдық Үндістан еді. Оны У. Черчилль: «Ағылшын королінің тәжіндегі жарқырап тұрған бриллиант» деп есептеді. ХХ ғасырдың басында ол артта қалған қоғам өмірінде касталар жүйесі мен феодалдық қатынастар үстемділік еткен ел еді. Алуан түрлі тілде сөйлейтін халықтар(тілдер саны 180-нен астам, ал негізгісі 15 тіл) отаршылдардың қанауынан бас көтере алмады. Елдің кейбір аудандарында ғана сол заманға сәйкес капиталистік кәсіпорындар пайда болып, темір жолдар мен байланыс тораптары, тау-кен өндірістері мен мата шығаратын фабрикалар жұмыс жасады. Ғасыр басында елде 800 мыңнын астам кәсіптік жұмысшылар болды. Олардың көбі ағылшындар иеленетін кәсіпорындарда еңбек етті. Сонымен бірге ұсақ және орта дәрежелі жергілікті үнді буржуазиясы да қалыптасты. Байлықтың негізгі көзі мен саяси билік толығымен ағылшындар қолында болған. Саяси-әкімшілік жағынан ел жалпы екіге бөлінді: 3/4 бөлігінде Британдық Үндістан орналасса, қалған жерін саны 600-ге жуық князьдіктер иеленді. Британдық Үндістанды вице-король аталатын генераль-губернатор басқарды. Оны Англия парламенті мен үкіметі тағайындайтын. Ағылшындардың барған сайын ұлғайған қанаудың қысымы халықтың хал-ахуалын нашарлата түсті. Осы қанауларға байланысты Үндістан халқы мен отаршылдар арасындағы қайшылықтар өсе түскен. Бенгалияны екіге бөлу әрекеті елдегі наразылықты қатты күшейтті. 1905 жылы Үндістанда ереуілдер өршіп, қоғам және саяси ұйымдар мен партиялар өзін-өзі билеу тілектерді алға тартқан. Үнді Ұлттық конгресінің (ҮҰК) жетекшілері Б. Г. Тилак, Б. Ч. Һал, А. Гхош, Л. Л. Рай өте батыл қимылдар ұйымдастырып, ағылшын тауарларын сатып алмау, свадеши (жеке іс, яғни өзіңді өзің қамтамасыз ет), свараджа (жеке билік, яғни өзіңді өзің биле) ұрандарын жандандырды. Содан кейінгі жылдарда елде империалистікке қарсы күрес қыза түсті. Мұсылман Лигасы (МЛ) атты партия құрылып, ол да күреске қатысты. Теміржолшылар, мақташылар ереуілдері ағылшындарды састырды. Жұмысшылар мен шаруалар кәсіподақтары т. б. неше түрлі жастар ұйымдары қатарға қосылып жатты. Бұқара халық свараджа ұранын қолдауды күшейтеді, осы ұлт-азаттық қозғалысты басу үшін Англия Үндістанға жаңа вице-корольді тағайындайды. Ол- либерал Минто еді. Осы Минто енгізген реформалар бойынша (Минто-Морли заңдары) астана Делиге көшіріліп, Бенгалия қайта біріктіріліп, Англия ұлт-азаттық күресті бәсендеткен еді. Британдық отаршылдардың ұлт-азаттық күресті басу әрекеттеріне қарамастан, 1920 -1930 жылдарда халықтар Гандидің сатьяграха іліміне сүйеніп екінші ұлт-азаттық күресті жүргізді.
Ал 30-жылдардың аяғында Еуропа елдері жаңа соғысқа жанталасып даярланды. Англия жағы Үндістанның саяси күштерін Фашистік Германияға қарсы бағыттауға тырысып, қажетті үгіттеу шараларын бастады. ҮҰК фашизмді әшкерелеп, Англияны қолдамас бұрын талаптар ұсынды. Олар: Үндістанда құрылтай жиналысын шақыру, тек оның алдында жауапты барлық саяси партиялардың қатысуымен үкімет құрастыру; елдің келешегін реттейтін құқықты мойындау. Бірақ ағылшындар оларға көнбей, 1939 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталған күні Үндістанды соғысқа қатысушы ел деп жариялап, британдық үнді әскерлерін әр жақтағы майданға аттандыра бастады. Бірден « Үндістанды қорғау тураны » бекітіліп, елде әскери тәртіп орнатылды. Бұл заңның шараларын МЛ қолдаған болды. 1940 жылы наурызда Лахорде өткен МЛ-ның 27-мәжіліс елде мұсылмандар ошағы болатындай жеке Пәкстан мемлекетін құру туралы қарар қабылдады. Содан кейін МЛ қимылдарда жаңа кезең басталды және оның ҮҰК-пен арақатынасы әбден нашарлады. Осы соғыс кезінде ағылшындар Үндістан байлығын, азаматтарын өз мүдделері үшін барынша пайдаланды. Ағылшындардың қысымы, тоқулар, ашаршылық, тұрмыстың нашарлауы мен саяси ұйымдардың араздасуы ереуіддердің бәсеңдеуіне әкеп соқты. Сонда да ағылшындар билігі төмендей берді. Соған қарай беделден жұрдай болған ағылшындар ел мәселесін қарастыру туралы келіссөздер жүргізді. Ағылшындардың араласуымен М. К. Ганди-М. Джинна пікір алысулары 1944 жылы өтті. Екі саяси күш өз пікірлерін алға тартып, 1945жылы көктемде мына келісіммен аяқталды: Уақытша үкімет құрамында әр партия 40% орынды иеленді, қалған 20% орын кесапаттыларға, христиандарға, парсыларға, синхтерге тиесілі болды. Ал елді екіге бөлу тураны мәселені қарастыру Үндістанның саяси мәртебесін реттеген соң кейінге қалдырылды.
Бүкіл әлемде жүріп жатқан империалистікке қарсы әрекетке байланысты, жағыдайдың ушығып жатқанын сезген лейбористер(олар 1945 жылы шілдеде үкімет басына келген) 1947 жылы Үндістанға тәуелсіздік беруге келісті. Бірақ ағылшындар әскерін алып кетер алдында елді екі мемлекетке(доминионға) бөлу ісін қарастырды. Бірі-Үнді одағы(бір топ провинциялар және князьдіктер) . Бұл елде халықтың көпшілігі-үнділер, біраз мұсылмандар да бар. Екіншісі-пәкстан. Оған мұсылмандары басым бірнеше провинциялар және князьдіктер кірді, бірақ үнділерде жеткілікті болды. Осылайша Үндістанның үш рез Ұлт-азаттық көтерілістің және данышпан басшысы М. К. Гандидің бүкіл Үндістан көлемінде бастаған “САТЬЯГРАХА” атты ағылшындарға мәдени түрде бағынбау әрекетінің нәтижесінде 1947 жылы Үндістан бейбітшілік жолмен ағылшын отаршылдардың үстемдігінен босатылып өз тәуелсіздігіне қол жеткізеді. Бірақ оның нәтижесінде, бұрынғы Үндістан -дінге негізделіп Үндістан республика мен Пәкистан болып екіге бөлінеді. Үш жыл бойы өз конституциясын дайындап 1950 жылы 26 қаңтарда Үндістан ресми түрде республика болып құрылады. 1951 жылы 25 қазан мен 1952жылы 21 ақпан аралығында өткізген бүкіл халықтық сайлау нәтижесінде Үндістан республикасының тұңғыш өкіметі құрылады, Джавахарлал Неру Үндістан республикасының ең бірінші примъер-министрі болып сайланды.
Бүкіл әлемдік империалистікке қарсы созғалыстың күшейюі және Үндістанның ағылшын отаршылдардың үстемдігін жойып, тәуелсіздікке қол жеткізуі бүкіл Азияға үлкен әсер етті. Азиядағы тағыда бір ұлы мемлекет-Қытайда өз тәуелсіздігі үшін күресуде.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, Қытайда қайталай елді біріктіру мәселесі көтерілді. Елдегі екі ірі саяси топтар елде билік орнату үшін өзара бәстесе бастады. Солтүстік-Шығыс Қытай аймағында коммунистік партияның бақылауы орнаса, қалған бөлігінде Гоминьдан партиясының үстемдігі тұрақтанды. 1946 жылға дейін, КСРО мен Қытай арасындағы келісімге байланысты Қытайдың Маньчжурия территориясына КСРО әскері еңгізілді. Бұл аймақда Жапондықтар Маньчжоу-го мемлекетін құру кезінде, оны Қытайдағы экономикасы дамыған үлкен аймақтардың біріне айналдырды, және Қытайдың барлық өнер кәсіп өнімдердің 5-ден 1 бөлігі бұл аймақта өндіріледі. Қытай КСРО-мен жаңадан темір жол басқарма бірлестігі тұралы келісімге қол қойды, кеңес одағының мамандары Маньчжуриядағы қиратылған объекттерді қайта ісге қосу әрекетіне көмек көрсетті. Солтүстік-Шығыс Қытайда КСРО әскері Жапония империалистерін талқандап, Квантун армиясы мен Маньчжоу-го армиясының қарулары мен оқ-дәрілерін коммунистерге бағынатын Қытай Қызыл армиясына берді. Солтүстік-Шығыс Қытай аймақтары Қытай революциясының базасына айналды.
Гоминьдан үкіметі АҚШ және басқа капиталистік елдермен жақындасуды жөн көрді. Қытайды бейбіт жолмен біріктіру келіссөздері сәтсіз болды. 1945 жылы 10 қазандағы Қытай коммунистік партиясы мен Гоминьган партиясының Чунцинде өткізген келіссөздің нәтижесінде, екі жақ елде бейбітшілік және ұлт бірлігін орнату, ел саяси опека жүйеден демократиялық республикаға өту кезеңі үшін саяси консультативті кеңес шақыру деген келісімге қол қойды. Бірақ Гоминьдан үкіметінің шыдамсыздығы 1946-1949 жылдардағы азамат соғысына әкелді. 1946 жылға дейін басымдық АҚШ-тың көмегімен соғысқа жақсы дайындалған Гоминьдан үкіметі жағында болды. Олар Қытай коммунистік партияның бақылауында болған орталық жазыққы жаулап алады және 1946 жылдың түзінде, ішкі Моңголдың орталығы - Чжанцзянкоуды жаулап алды. Бірақ Чан Кайши әскерінің ең маңызды жеңісі, ол 1947 жылы Қытай коммунистік партияның билік орталығы-Яньань қаласын жаулып алуы. Қытай коммунистік партиясына қараған аудандарда аграрлық реформа жүзеге асырылып, шаруаларға жер берілді. Халық бұқарасы, көптеген саяси ұйымдар Чан Кайши үкіметінің ықпалынан шығып, коммунистер жағына бет бұрды.
Қытай ұлт-азаттық армиясы КСРО-ның қарулы күштің көмегімен қарсы шабуылға шығып, 1949 жылы Пекинді азат етті. 1949 жылы ұлт-азаттық армиясы Янцзы өзенінен өтті, Гоминьдан армиясын талқандауды аяқтады.
1949 жылы 1 қазанда Пекинде Қытай Халық Республикасы жарияланды. Чан-Кайши бастаған Гоминьдан армиясының қалдықтары Тайвань аралына бекінді. Қытай коммунистердің үкімет басына келуі үлкен жаңалықтарға бет бұрды. Қытай Халық Республикасы КСРО-дан кейінгі әлемдегі екінші үлкен Социолистік мемлекет болды.
Осылайша Азиядағы көне заманнан бері өмір сүріп келе жатқан және бүкіл Азияда өз әсерлерін тигізген ұлы мемлекеттер-Үндістан мен Қытай, өздеріне лайықты әдіс арақылы империалистердің үстемдігін жойып, арт-артынан ел тәуелсіздігіне қол жеттізуі, әлемде болған үлкен оқиғалардың қатарына жатады. Осы екі ел сол замандағы империалистікке қарсы күресіп жатқан басқа Азия және Африкадағы қалған елдерге мақтаныш үлкі болды. Өз тәуелсіздігіне қол жеткізген Үндістан мен Қытай әлемдік сахнадағы орындарын табу, өз елдерін дамыту сияқты істерге кірісе бастады.
2. а) Өз-ара дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы мен 1956 жылға дейінгі достық байланысы.
Азиядағы осы екі үлкен мемлекет-Үндістан мен Қытай, көне замандағы Вавилон және Ежелгі Египетпен бірге өркениеттің биік шынына жеткен төрт мемлекеттің қатарына жатады және сол заманнан бері қазірге дейін өмір сүріп келе жатқан жалғыз екі мемлекеттер, осы екі елдің екеуінде де бес мың жылдан астам бай әрі қызықты тарихы бар және Азияда орналасқан елдердің тіршілігіне осы екі елдің ұлы өркениеті әсер еткен: біріншісі: қытайлық-конфуциялық, екіншіс: үнді-буддалық. Үндістан мен Қытай тек Азияға өз әсерлерін бере ғоймай, бүкіл әлемнің дамуына ежелгі заманнан бастап үлкен үлес қосуда, егер Үндістаннан сан концепциясы әлемге таралса, онда қытай есеп әдіс жағынан дүниежүзіне қосқан үлесіде зор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz