Францияның азат етілуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Францияның жағдайын бірде бір Батыс елдерінің соғыстан кейінгі жағдайымен
салыстыруға келмейді. 1940 -1958 ж.ж. арасындағы үш мәрте өзінің
мемлекеттік құрылысын ауыстырды, ІІІ Республикадан Виши жүйесіне,содан
кейін ІҮ Республикаға ауысты, ал кейіннен Ү Республика болды. Бұл кезде
Францияның сыртқы саясаты да өте ауыр болды. Олар Францияның метрополия
статусынан айырылуы болды. Отарлар үшін күресте Франция өзінің халықаралық
беделінен айырыла жаздады. Оған Француз үкіметінің Солтүстік Африкадағы
Ұлт- азаттық күрестерді күшпен қантөгіс арқылы басуы болды.Осы отарлар үшін
күресте Франция саяси тұрақсыздықта болды. Ол билік басындағы бірін-біоі
алмастырған 25 үкімет мүшесінің өздерінің сыртқы саясатты сауатсыз
жүргізуінен көруге болады. Осы сауатсыз саясат ІҮ Республиканың күйреуіне
әкеп соқты.
Осы кезде елде, яғни Франция тарихына айтарлықтай үлес қосқан, оның беделін
сақтап қалған , француз елінің көрнекті саясаткер- қолбасшы генерал Шарль
де Голльді айтып кетуге болады. Де Голльдің қайраткерлігін үш аспектіде
қарастыруға болады. Бірінші, алғашында әскери адам ретінде кейіннен
мемлекет қайраткері ретінде. ІІ Дүниежүзілік соғысқа дейін кәсіби
офицер,1940 жылдан бастап ол маршал Петен үкіметіне бағынудан бас тартып
Лонданға кетіп, саясатпен айналасты. Франция азат етілгеннен кейін Уақытша
үкімет басшысы болды. Бұл тұғырдан өз қызметін 1958-1969 ж.ж өзидеясын
орнатқан кезде көруге болады.
Екінші аспект де Голльқызметі голлистік қозғалыспен байланысты. Ол осы
ұйымның негізін салушы ж\е 30 жыл басшы болды. Соғыс кезінде Голлистер
Францияны азат етуді мақсат етті, ал 1947 жылдан бастап оппазицияға көшті.
Үшінші және ең маңызды аспект де Голльдің голлизмидеясынқұру, ішкі саяси
және сыртқы саяси әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың өз ара
байланысын айтуға болады.
Жұмысты жазу барысында біз Францияның жаңа заман тарихынан деректермен
дәйектерді пайдаландық Деректер қатарына ең бірінші Ш де Голльдің
мемуарларын қосуға болады. 50-ші жылдарда дәйекті түрде жеткізген Әскери
мемуары болды. Онда осы кездегі Францияның жалпы әлемдегі қайта құру
үрдісін байқауға болады .
1969 жылы де Голль Үмір мемуары жұмысын бастап 1970 жылы Жаңару 1
томын шығарды. Ал екінші томы Күш алу аяқталмай қалды.
Мемуарлы дерекетерге ФКП мүшелерінің естеліктерін айтуға болады – Франсуа
Бийу және Жак Дьюнно.
Коммунистер де Голль тәртібіне аппозиционер және сонымен бірге ІҮ
Республика үкіметіне де өзіндік оппозиционерлік ұйым бола білді.
Зерттеу жұмыстары ІҮ Республиканың ыдыраған күнінен бастап, яғни 1960
жылдардан жарық көре бастады. Олар Молчанов Н.Н., Манфред А., Смирнов В.П.,
Ратиани Г. Н., Наумов Н.Н. еңбектерін атауға болады . Ратяни Г.Н. еңбегінде
Франция тарихындағы елеулі орын алған қос республика жөнінде кең жазылған.
Гуксаян –Гандзакелл П.Г. еңбегіне Францияның отаршылдық саясаты
көрсетілген.
Ал 80-ші жылдардағы зерттеулерді қызығушылығын президенттік билік жүйесі
тудырған. Ү республика кезіндегі атқарушы билік бұтағының маңызын бағаламақ
болған еңбектерінің бірі В.Г.Серебренниковтың еңбегі. Ол 1946 және 1958
жылдардағы конституцияларды салыстырған .
Осымен қатар президенттік жүйенің ерекшеліктері мен кемшіліктерін зерттеген
Савицкий П.Н. және Миронов Ю.Б. президент билігінің өкілеттілігіне
сұрыптама жасаған .

Төртінші республика
Германияның әскерлері Францияның аудандарына кірген кезде Лондон
қаласында орналасқан Ұлттық комитет Францияны басқарған болатын. Француз
қарсылығының қозғалысын онда ешкімге белгісіз де Голль басқарды.
Коммунистік партия Франция жерлерінде фашистерге қарсы халықты
ұйымдастырып, қайтадан Ұлттық майдан құрды.
Англияда тұрғанда Ш. де Голль 1940 жылы “Еркін Франция” (1942 жылдан
бастап “Айқасушы Франция”) қозғалысының негізін қалады. Көп ұзамай Голль
ағылшын үкіметімен “барлық еркін француздардың басшысы” ретінде танылды.
1943 жылғы жазда біртұтас Ұлт-азаттық француз комитеті құрылды, кейінірек
ол да Голльдың басшылығымен Францияның уақытша үкіметі болып қайта құрылды.

1944 жылы осы Ұлттық майданның өкілдері мен Ұлттық комитет уақытша
үкіметті құрды. Коммунистер бірінші рет үкіметке кірді. Екінші майдан
ашылғаннан кейін Францияның уақытша үкіметі Парижге көшті. Енді Францияның
мемлекеттік құрылысын шешу қажет болды. 1945 жылдың қазан айында референдум
өтіп, Францияның тағдырын құрылтай жиналысы шешетін болды. Францияда
парламенттік сайлау өткеннен кейін коммунистік партия, халық республикалық
қозғалысы (жаңа партия), социалистік партиялар өздерінің фракцияларын
құруға мүмкіндік алды. Үкіметке осы партиялардың өкілдері кіріп, жаңа
конституцияның жобасын жазған да солар.
1944 жылғы жазда ағылшын-американдық әскерлер Франция жеріне аяқ басты
(екінші фронт). 1944 жылдың соңында Франция жалпы алғанда босатылды.
1945 жылы Францияның уақытша үкіметі жаңа Конституция қабылдау үшін
Құрылтай жиналысына сайлау өткізу және сонымен бірге референдум өткізу
туралы шешім қабылдады. Сайлаушыларға келесі екі сұраққа жауап беру
ұсынылды:
1) олар жаңа Конституция қабылданғанын қалай ма немесе 1875 жылғы
конституциялық заңның күшінде қалғанын қалай ма;
2) Құрылтай жиналысы қабылдаған Конституцияның жобасы референдуммен
бекітілуі тиіс пе.
Референдумның барысында дауыс берушілердің 96,4 %-і жаңа конституцияны
қабылдау үшін дауыс берді, 66,3 %-і Конституцияны халықтық дауыс берумен
бекітуге дауыс берді. Құрылтай жиналысына сайлау бойынша дауыстардың басым
көпшілігін коммунистік партия, екінші орынды социалистік партия, үшінші
орынды 1944 жылы құрылған Халықтық-республикалық қозғалыс иеленді. 1946
жылғы сәуір айында Құрылтай жиналысы конституцияның жобасын жасап аяқтады.
Бұл жоба бойынша жалғыз палаталық парламент енгізу, президентті вето
құқығынан, парламентті таратып жіберу құқығынан, кешірім жасау құқығынан
айыру және де өнеркәсіптің жекелеген түрлерін ұлттандыру бекітілді. Бұл
жоба референдумның барысында қайтарылып жіберілді.
Референдумның нәтижесінде Құрылтай жиналысының жаңа құрамын сайлау
қажеттілігі туындады. Алайда, бұл жолы көп дауысты Халықтық-республикалық
қозғалыс жинады, сонан соң коммунистер, олардан кейін социалистер тұрды.
Конституцияның жаңа жобасы 1946 жылғы қазандағы референдумда
бекітілді. Преамбулада 1789 жылғы Адам және азамат құқықтары туралы
декларацияда жарияланған азаматтың құқықтары мен бостандықтары салтанатты
түрде бекітілді. Сонымен қатар, қосымша саяси құқықтар да енгізілді.
Республика жаулап алушылық соғыстарды жүргізбеуге міндеттенді. Конституция
парламенттік республиканы құруды көздеді.
Бұл Конституция Францияда парламенттік республикасының режимін
бекітті. Конституцияда енбек ету, дем алу, кәсіподақтар құру, ереуілдер
өткізу құқығы, жұмысшылардың қәсіпорындарды басқаруға қатысу құқығы
жарияланған еді. Конституция шеңберінде терең саяси-экономикалық қайта
құрулар жүргізу мүмкіндігі туды.
Парламент екі палатадан тұрды: Ұлттық жиналыс және Республикалық
кеңес. Ұлттық жиналыс жалпыға ортақ, тікелей сайлау құқығының негізінде 5
жылға сайланатын болды, тек Ұлттық жиналыс қана заң шығару құқығын иеленген
болаты. Республикалық кеңесті жалпыға ортақ және жанама сайлау құқығының
негізінде коммуналар мен департаменттер сайлайтын.
Республика президентін парламент 7 жылға сайлайтын, және ол келесі
мерзімге қайтадан сайлана алатын. Мемлекетті тікелей басқаруды Министрлер
кеңесі жүзеге асыратын, бұл органды төраға басқаратын. Төрағаны президент
парламент фракцияларының лидерлерімен кеңесе отырып тағайындайтын.
Министрлер кеңесінің төрағасы Ұлттық жиналысқа өз бағдарламасын ұсынатын
және егер сенім вотумын алса, ол өзі және оның кабинеті тағайындалды деп
есептелінетін. 1946 жылғы конституция Министрлер кеңесіне (үкіметке) Ұлттық
жиналыстың алдында ұжымдық жауапкершілікті көздеді.
Жергілікті басқару мен үкіметтік бақылау өзгерген жоқ.
Конституцияның VІІІ тарауы Француздық одаққа (Ұлттардың британдық
одағына ұқсас) арналды. Барлық колониялардың метрополиймен теңдігі
жарияланды, олар біріге отырып Француздық одақты құрады. Одақ үшін маңызды
мәселелер Француздық одақтың жаңадан құрылған Ассамблеясында қарастырылуы
тиіс болды.
Жалпы алғанда 1946 жылғы конституция ХІХ ғасырдағы республикалық
конституциялардың мазмұнын сақтап қалды, алайда оған демократиялық
қозғалыстың көтерілуімен байланысты арнайы сипаттар тән болды:
1) парламенттің екі палаталық жүйесі сақталып қалды, алайда жоғарғы
палатаның (Республикалық кеңес) құқықтары шектелді;
2) заң қабылдау құқығы тек бір палатаға — Ұлттық жиналысқа берілді;
3) парламенттен тәуелсіз және қуатты президенттік билік көзделмеді;
4) Ұлттық жиналысқа тәуелді үкімет режимі енгізілді.

Конституциялық реформалар
1948 жылы Республикалық кеңеске сайлаудың мажоритарлық жүйесі
енгізілді, кейін бұл жүйе Ұлттық жиналысқа сайлауда да қолданылатын болды.
1951 жылғы 8 мамырдағы заңға сәйкес партия немесе партиялар блогы егер
сайлаушылардың даусының 50 %— ін алған болса сол округтағы мандаттардың
барлығын иеленетін. Егер бұл жүйе бір де бір партияға дауыстардың қажетті
санын алуға мүмкіндік бермесе, сайлаудың пропорционалдық жүйесі
қолданылатын.
Республикалық кеңестің мәртебесі өзгерді. 1954 жылғы 7 желтоқсандағы
заңмен екі палатада заң шығару саласында теңестірілді. Кеңес өз құқықтары
бойынша соғысқа дейінгі Сенатқа ұқсады. Аталған заңмен Ұлттық жиналыстың
қызмет ету уақыттары анықталды. Бұған дейін Ұлттық жиналыс тұрақты қызмет
ететін құрылым болып табылған. Осының нәтижесінде үкіметтің билігі күшейді.
Саяси жағдай төртінші республика кезінде тұрақты бола алған жоқ: бұл
республика тұсында 25 кабинет өзгерді.

Францияның азат етілуі. Ұлттық көтерілістің жеңісі ағылшын-американ
әскерлерінің қимылдарын жеңілдетіп, Францияны азат етуді тездетті. 1944
жылдың қыркүйегінің ортасында Эльзас пен Лотарингиядан басқа бүкіл француз
территориясы оккупанттардан тазартылды. 1944 жылдың қараша-желтоқсанында
Эльзас пен Лотарингияны азат ету аяқталды.
Азат болған территорияларда билік Уақытша үкімет қолына көшті.
Францияда одақтастардың әскери-әкімшілік құру әрекеттері жүзеге аспаған
соң, АҚШ пен Англия Уақытша үкіметті мойындады, бірақ Францияның үлы
державалар жиналыстарына қатысуына қарсы шықты және онымен ресми одақтық
қатынастар жасамады. Азат болған территорияларда патриоттық және
демократиялық күштердің, жұмысшы табының, коммунистік партияның ықпалы
айрықша өсті. Бұл де Голль бастаған Уақытша үкіметтің буржуазиялық тобын
едәуір мазасыздандырды. Ағылшын-американ командашысының қолдауына иек
артып, олар қалың көпшілікті қарусыздандыруға асықты. Азат болған Парижге
келген де Голль француз ішкі істер командованиесінің жойылғандығы және
Қарсылықтың Ұлттық кеңесінің, Патриоттық милицияның қарусыздандырылуы
жөнінде мәлімдеді. Жергілікті жерлерде билік Уақытша үкімет тағайындаған
префектілер мен төтенше комиссарлардың қолына кешті. Оккупанттар езгісінен
азат болтан француз халқы экономиканы қалпына келтіру мен саяси өмірді
жаңартуға кірісті.
Азаттық алған Францияның сыртқы саясаты бұрынғы дипломатиялық
позицияны қалпына келтіру және антифашистік коалиция державаларымен
байланыс орнатуға бағытталды. Франция фашистік Германия мен оның
жақтастарын талқандауда үлкен роль атқарған Кеңес Одағымен қатынасына баса
көңіл аударды. 23 қазан 1944 жылы де Голльдің Уакытша үкіметін үш үлы
держава үкіметтері таныды. 11 қараша 1944 жылы Франция Европалық
консультативтік комиссия жұмысына қатысуға шақырылды. 1944 жылы желтоқсанда
генерал де Голль КСРО-да болып, 13 желтоқсан 1944 жылы одақтасу мен өзара
көмек туралы келісімге қол қойылды.
31 наурыз 1945 жылы француз әскерлері Рейннен өтіп, Дунайға жетті.
Рейхстаг төбесінде Кеңес жалауы желбіреген 4 мамыр күні Леклерк дивизиясы
Берхтесгадендегі Гитлер апанына шабуыл жасады. Францияның соғыс қимылдарына
қатысуы өз жалауын КСРО, АҚШ, Англия жалауларымен қатар желбіретуге
мүмкіндік берді. Маршал Г.К.Жуков және АҚШ пен Англия командованиесінің
өкілдерінің қолымен қатар Германияның сөзсіз капитуляциясы туралы актіге
генерал Делаттра де Тассиньидің қойған қолы тұрды. КСРО, Англия, АҚШ-пен
бірге Франция Нюрнбергте неміс-соғыс кінәлілеріне сот процесі үшін
Халықаралық соғыс трибуналын құру жөніндегі келісімге қол қойды. Кеңес
үкіметінің талап етуімен Германиядан Францияға дербес оккупациялық зона
бөлінді. Оған Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылтай мүшесі статусы және
Қауіпсіздік Кеңесінен тұрақты мүшелік орын берілді (КСРО, АҚШ, Англия,
Қытаймен қатар).
Азаттық алған соң 2071 сатқындарға елім жазасы кесілді: оның 1303-і
кешірілді, 768-і жазаланды. Онан басқа 39 мың сатқындар түрмеге жабылды.
Франция бес жылға созылған азапты, қорлықты өмірден соң бейбіт өмірге
қайтып оралды.
Уақытша режим. Францияның саяси құрылымы азат етіле бастаған 1944
жылдың күзінен, 1946 жылдың күзінде Тортінші Республика конституциясы
қабылданғанға дейінгі аралық тарихқа Уақытша режим деген атпен енді. Бұл
ұзаққа созылмаса да, демократиялық және антифашистік күштер біраз
табыстарға жеткен Франция тарихындағы өте маңызды кезең болып табылады.
Антифашистік коалицияның жеңісі бұрынғы күш арасалмағын түбегейлі өзгертті.
Соғыстан кейін француз империализмінің позициясы біршама әлсіреген
еді. Өнеркәсіп өндірісі 38 пайызға дейін құлап, ал ауыл шаруашылық онімі
соғысқа дейінгі 60 пайызға ғана жеткен еді. Өнеркәсіптің бүлінгені аз
болғанына қарамастан француз заводтарының көпшілігі тоқтаған, шахталар,
почта жұмыс істемейді, транспорт жүрмеді. Францияның сыртқы саудасы
тоқтады. Франк құнсызданды. Франция Англия мен АҚШ-қа қарыздар болды. Елде
отын, шикізат, азық-түлік, күнделікті қажетті товарлар жетіспеді,
жұмыссыздық орын алды. Карточкалық система халықты тойындыра алмады. Қала
тұрғындары ауылдардан азық-түлік іздеуге аттанды. Алыпсатарлық гүлденді.
Француз отарлық империясында ұлт-азаттық қозғалыс кең қанат кайды.
1945 жылғы тамыз революциясының нәтижесінде президент Хо Ши Мин бастаған
Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. Француздық Үндіқытайдың басқа
екі еліңде - Лаос пен Камбоджада (қазіргі Кампучия) - отаршылдарға қарсы
қарулы көтеріліс басталды. Таяу Шығыстағы Сирия мен Ливан - бұрынғы
мандаттық территорияларда француз әскерлерінің жергілікті халықтармен
қарулы қақтығысы болып жатты. 1946 жылы француз әскерлері эвакуацияланды.
Сирия мен Ливан тәуелсіздігін алды.
Азаттық алғаннан кейін Францияда Қарсылық қозғалысына қатысқандардың
беделі орасан зор болды. Уақытша үкіметті басқарған генерал де Голль беделі
тым жоғары еді. Оны соцалистік партия мен Қарсылықтың буржуазиялық-
патриоттық топтары қолдады. Демократиялық және жұмысшы қозғалысының зор
өрлеуі буржуазиядан жаңа жағдайға бейімделуді талап етті. Бұл міндетті
орындауға Қарсылықтың буржуазиялық қайраткерлері кірісті.
Генерал де Голльдің пікірінше ұлылығынан айырылған Франция Франция
бола алмайды. Сондықтан да француз патриоттарының басты міндеті өз еліне
ұлы держава рангасын қайтару болып табылады. Де Голль күшті мемлекет,
ұлттарды топтастыру, ұлылыққа жету бағыты саясатының басты элементі
әлеуметтік реформалар жүргізу деп есептеді. Де Голль қажетті реформалар
қатарына негізгі демократиялық бостандықтарды қалпына келтіруді ғана емес,
өнеркәсіпті национализациялау, экономикаға мемлекеттік бақылау, әлеуметтік
қауіпсіздік жүйесі мен еңбек жағдайын жатқызды. Де Голльдің сыртқы
саясаттағы программасы ұлттық тәуелсіздік проблемасын көтерді. Батые Европа
мемлекеттерінің Батыс Одақ немесе Европа Құрама Штаттарын құру
мақсатында жақындасуы Франция өз тәуелсіздігін сақтап, бұл бірлестікте
басқару орнын алатын болса ғана жүйелі деп санады.
Соғыстан кейін Францияның саяси ішкі өміріндегі маңызды саяси оқиға
жаңа конституция жасауға тиіс Құрылтай жиналысына сайлау болды. Болашақ
конституцияның мазмұны, Құрылтай жиналысының өкілеттілігі мен құқықтары
жөніндегі мәселе қызу таластар туғызды. Коммунистік партия мен ВКТ Құрылтай
жиналысына кең өкілеттіліктер беруді ұсынды. Радикалдар партиясы Құрылтай
жиналысын шақырмай-ақ 1875 жылғы конституцияны қалпына келтіруді талап
етті. Генерал де Голль Құрылтай жиналысының өкілеттілігін шектеп, оны
шақыру мәселесін шешуді халыққа беруді (референдум) ұсынды.
21 қазан 1945 жылы Францияда соғыстан кейінгі алғашқы сайлау
жүргізілді және онымен бір мезгілде Құрылтай жиналысы туралы мәселе бойынша
референдум өткізілді. 96,4 пайыз сайлаушылар 1875 жылғы конституцияны жоюды
және Құрылтай жиналысын шақыруды қолдап дауыс берді. 66,3 пайыз сайлаушылар
де Голль ұсынған өкімет ұйымдастыру жобасымен келісті. Құрылтай жиналысына
сайлау елде жаңа саяси ахуал туғызды. Коммуниста партия Франция тарихында
тұңғыш рет парламентте бірінші орын алып, үлкен жеңіске жетті - 5 млн.
дауыс, 152 депутаттық мандат. Екінші орында Социалистік партия - 4,6 млн.
дауыс, 142 депутаттық мандат. МРП 4,5 млн. адамның дауысын жинады - 141
мандат. Оңшыл Республикандық бостандық партиясына сайлаушылардың небәрі 6
пайызы ғана дауыс берді. Осылайша Құрылтай жиналысында коммунистер мен
социалистер көпшілік орынға ие болды (545 мандаттың 294-і). Құрылтай
жиналысының басым көпшілігіне көнгісі келмеген генерал де Голль 20 қаңтар
1946 жылы күтпеген жерден отставкаға кетті. Онан кейінгі 12 жылда ол
саясатпен айналысқанына қарамастан үкімет құрамына кірген жоқ.
Де Голль отставкаға кеткен соң коммунистер социалиста партияға бірігіп
үкімет құруды ұсынды. Үкімет басшысы болып социалист Ф.Гуэн, сонан соң 1946
жылдың маусымынан МРП партиясының лидері Ж.Бидо болды. Гуэн мен Бидо
үкіметіне коммунистердің қатысуы қалың көпшілік талап еткен ірі
реформаларды жүзеге асыруға себепші болды. 1945-1946 жылдарда оңшыл
топтардың қарсылығына қарамастан ірі 5 банк: Француз банк, Лион кредиті,
Бас қоғам, Ұлттық есеп конторы, Ұлттық сауда-өнеркәсіп банкі; басты
сақтандыру компаниялары; көмір, электро-энергия мен газ өнеркәсібі
национализацияланды. Олар бұрынғы национализацияланған кәсіпорындармен
бірге ірі мемлекеттік сектор құрды.
Еңбек министрі А.Круазаның инициативасымен 40 сағаттық жұмыс күні
калпына келтірілді, 40 сағаттан асқан жұмысқа жоғары бағада ақы төленді.
Жұмысшыларға екі апталық, қызметкерлерге үш апталық төленетін демалыс
қалпына келтірілді. Морис Торездің басшылығымен шахтерлердің, мемлекеттік
қызметкерлердің статуты жасалынды. Үкімет шаруашылығы соғыстан бүлінген
шаруаларға ссуда берді, қартайған шаруалар зейнетақы алатын болды. Соғыстан
бүлінген экономиканы тез қалпына келтіру үшін компартия мен ВКТ
жұмысшыларды өндіріс үшін күреске шақырды.
13 қазан 1946 жылы екінші рет өткізілген референдумда сайлаушылардың
көпшілігі қолдап, жаңа конституцияға дауыс берді. 1946 жылы желтоқсанда
жаңа конституция ресми түрде күшіне енді. 1946 жылғы француз конституциясы
Қарсылықтың солшыл ұйымдарының конституциялық жобаларының көптеген идеясын
өмірге енгізді. Ол буржуазиялық елдердегі демократиялық конституцияның
бірінен саналды. Конституцияға сәйкес Франция тұтас, зайырлы,
демократиялық және әлеуметтік Республика болып жарияланды. 1946 жылы
конституцияда еңбек ету құқы, демалыс құқы, әлеуметтік қамтамасыз ету құқы,
білім алу құқы сияқты ең қажетті әлеуметтік құқықтар көрсетілген. Сонымен
қатар конституцияда ерлер мен әйелдердің тең құқықтығы, еңбекшілердің
кәсіпорын басқаруға қатысуы, кәсіподақ және саяси қызмет, заң аясында
ереуіл жасау құқықтары айқыңдалған. 1946 жылы конституцияға солшыл
күштердің талап етуімен әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мүмкіндігі
енгізілді. Француз империясы деген атау Француз одағы деген терминмен
ауыстырылды. Франция халқының және отар мен тәуелді елдердегі халықтардың
құқықтары мен міндеттерінің теңдігі жарияланды.
1946 жылғы конституция бойынша мемлекеттік өкіметтің ең жоғарғы органы
Ұлттық жиналыс пен Республика кеңесімен тұратын парламент болды.
Жалпыхалықтық дауыспен сайланатын Ұлттық жиналыс ғана заңдар шығара алды.
Республика Кеңесі заңның қабылдауын кейінге қалдыруға және оны Ұлттық
жиналыста қайта қарауға жіберу құқын иеленді. Үкімет Ұлттық жиналыс алдында
жауапты, оның талабымен отставкаға кетуге міндетті. Республика президентін
парламент сайлады, оның барлық актілерін үкімет бекітті. Жалпы алғанда 1946
жылғы конституция буржуазиялық-демократиялық сипатта болды.
Блюм бастаған тек социалистерден тұратын бір партиялық үкімет құрылды.
Ол бір ай ғана өмір сүрді. Соған қарамастан Францияның тағдырында терең із
қалдырған іс істеп үлгерді. 1946 жылы желтоқсанда ол Вьетнамда отарлық
соғыс тұтандыруға себепші болды. 1947 жылы желтоқсанда Блюм үкіметі
социалист Рамадье бастаған коммунистер, социалистер, МРП мүшелері,
радикалдардың өкілдері кірген коалициялық үкіметке орын берді. Екі
палатаның біріккен мәжілісінде Франция президенті болып Венсан Ориоль
сайланды. Ұлттық жиналыстың төрағасы Эррио болды. Уақытша режим күні бітті.
Төртінші Республика кезеңі басталды.
Төртінші республика. Төртінші республиканың алғашқы жылдарында
Францияның экономикалық жағдайы ауыр болып қала берді. 1948 жылы ғана
өнеркәсіп өндірісі көлемі соғысқа дейінгі деңгейіне жетті. 1949 жылы
карточкалық система жойылды, тек 1950 жылы гана ауыл шаруашылық өнімі
соғысқа дейінгі деңгейіне жетті. Осы кезенде бюджет жоқтың қасы еді. Мұнан
соң экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Голль (Gaulle) Шарль де
Франция екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
Англияның Еуропадағы саясаты
Ұлыбритания, АҚШ, кеңес одағының мемлекет басшыларының тегеран конференциясы
Антигитлерлік коалицияның құрылуы
Франция ХХ ғасыр табалдырығында
Тегеран конференциясы
Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы
Францияның саяси жүйесі
100 жылдық соғыс
Пәндер