Ұлыбританияның экономикалық және саяси дамуы


Мәшімбаевтан
Ұлыбритания (1918-1929 жж. )
Ұлыбританияның экономикалық және саяси дамуы.
Бірінші дүниежүзілік соғыста Антанта елдерінің жеңісі Ұлыбританияның беделінің өсуіне әкелді. Негізгі қарсыласы Германия жеңіліп, Версаль бітімі нәтижесінде Германия отарлары Ұлыбританияға берілді. Сонымен қатар, араб және басқа шығыс елдері де бағындырылды. Ұлыбритания бұрынғыша отарлық империя болып қала берді. 1918 жылы 11 қараша күні бітімге қол қою салтанатында Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Керзон соз сөйлеп, «Империяның қасиетті туы бүкіл әлемде желбіреуде, біртұтас империя дүниежүзі халықтарының тағдырын шешуге бел байлап отыр» - деді. Ал, шын мәнінде ағылшын буржуазиясының бұл мақтанышы ұзаққа барған жоқ. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Ұлыбританияның экономикалық дамуы әлсіреп, дүниежүзіндегі үлес салмағы азайып, экономикасының дамуы «ауру» адамға ұқсады. Бұған не себеп болды? Енді соған талдау жасап көрейік.
XIX ғасырдың соңғы он жылында Ұлыбритания экономикасы жедел дамыды. Оның негізгі себебі: 1. Өндірістік төңкеріс аяқталып, өнеркәсіп шаруашылығы жаңа құралдармен жабдықталып, өндіргіш күш тез өсті. Шет елде ағылшын қаржысы үстем болды. Ұлыбритания отарлық империя ретінде өз отарларында үстемдікке ие болды. Халықаралық сауда жүйесі ағылшын монополиясының қолында болды. Ұлыбританияның бақталас елдері болмады. Ұлыбритания дүниежүзіндегі бірден-бір империя болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанда бұл процесс керісінше дамыды. Оған бірнеше себептер болды:
1. Дүниежүзіндегі жаңа капиталистік елдер - Германия мен АҚШ экономикасы жедел қарқынмен даму жолына түсті. Экономикалық даму қарқыны Ұлыбританияны басып озды. Өндірісте жаңа технологиялық төңкеріс енгізілді. Өнеркәсіп орындары жаңа тауарларды көптеп шығарып, Ұлыбритания тауарларын ығыстыра бастады. XX ғасырдың 20-жылдарында Ұлыбритания өнеркәсібіндегі технология ескірді. Германия мен АҚШ-тың дамуына қарқынды тойтарыс беру үшін, монополияға өте көп күрделі қаржы қажет еді. Ондай қаржы ағылшындарда болмады. Шет елге салған капиталы өсімді аз бере бастады. Ұлыбритания өз капиталын таза пайда табу үшін отар елдерден өндіріске салды да, ал ішкі ұлттық өндіріс құрылымы өзгермей қалды, технология да жаңартылған жоқ. Ұлыбритания экономикалық дамуы Германия мен АҚШ-тан артта қала бастады.
2. Бірінші дүниежүзілік соғыс Ұлыбританияның экономикасына айтарлықтай әсер еткені сондай, ол АҚШ мемлекетінің алдында қарыздар болып шықты. Германия соғыста әлсірегенімен, АҚШ соғыстан байып шықты. Мысалы: Ұлыбританияның мемлекеттік қарызы 1914 жылы 645 млн ф. ст. болса, 1918 жылы 7, 8 млрд ф. с. өсті. Ал, АҚШ-қа қарызы 1919 жылы 850 млн ф. ст. жетті. Ұлыбританияның өнеркәсіп салалары тозып, әлсіреді. Байырғы өнеркәсіп салалары: көмір, тоқыма, кеме жасау артта қалды.
XX ғасырдың 20-жылдарында Ұлыбританияның көмір өнеркәсібі 20%-ға жаңа технологиямен жабдықталса, АҚШ-та көмір өнеркәсібінің 70%-ы жаңа техникамен жабдықталды. Көмір шахталарында бұдан 50-60 жыл бұрынғы техника пайдаланылды.
68
Бірінші дүниежүзілік соғыс жаңа экономикалық дағдарысқа әкелді. 1921 жылы өнеркәсіп өнімдерін шығару 1913 жылғы шығарылған өнімнің 61%-ын берді. Өнеркәсіптегі тұрақсыздық жұмыссыздықты көбейтіп, 1 млн. адамға жетті. Дүниежүзілік өнеркәсіп өнімдерін өндірудегі үлес салмағы төмендеді. 1913 жылы 15% болса, 1921 жылы 10%-ға жетті. Жоғарыдағы айтылған мысалдар Ұлыбританияның беделінің түсуіне, «ауруға» ұшырауына әкеліп соқты.
3. Бірінші дүниежүзілік соғыс Ұлыбританияның дүниежүзілік қаржы саласында да құлдырай түскенін байқатты.
Елдегі экономикалық дағдарыс еңбекші халықтың тұрмыс жағдайының нашарлауына әкелді. Жұмысшы табы саяси және экономикалық күреске шықты. Гап күресінің күшеюі Ллойд Джордж үкіметін жеңілдіктер жасауға мәжбүр етті. 1918 жылы сайлау реформасын жүргізіп, 21 жасқа толған еркектер, 30 жасқа толған әйелдерге сайлау құқықтары енгізілді. 14 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына міндетті білім алу енгізілді. Экономикалық дағдарыс ағылшын буржуазиясының бірігіп либералдық үкіметке қарсы топ құруына жағдай жасады. Консервачорлар саяси билік үшін күреске шықты. Лейбористік жұмысшы партиясының қатары есіп, елдегі саяси партияға айнала бастады. Либерализм козқарасы дағдарысқа үшырады. Осындай саяси дағдарыс жағдайында 1918 жылы желтоқсанда парламент сайлауы өггі. Сайлауда консерваторлардың қолдауымен либералдар жеңіске жеткенімен, парламентте жұмысшы партиясы ірі оппозицияда болды. Лейбористер сайлауда өз бағдарламасымен қатысып, 62 депутаттық орынға ие болды. Лейбористерді 2, 5 млн. сайлаушылар қолдап дауыс берді. Сайлаудан кейін консерваторлар мен либералдар біріккен үкімет құрды. Ұлыбританияның премьер-министрі болып Ллойд Джордж тагайындалды. Бұл үкімет 1922 жылға дейін елді басқарды. 1922 жылы Ұлыбританияда үкіметтік дағдарыс болып, жаңадан консерваторлар үкіметі құрылды. Премьер-министрі Бонар-Лоу болды. Соғыстан кейінгі екі үкімет те реакциялық, халыққа қарсы саясат жүргізді. Елде саяси дағдарыс жалғаса берді. Екі үкімет те Ресейдегі большевиктер үкімеііпе қарсы саясат жүргізді. Бұл саясат алдагы парламент сайлауында лейбористердің жеңіп шығуына негізгі себеп болды.
Себебі, Ресейдегі қазан төңкерісі Ұлыбританиядағы саяси дағдарысты тереңдетті, жұмысшы табының Ресейдегі Кеңес үкіметінің саясатын қолдап, «Тарт қолыңды Кеңестік Ресейден» деген ұрандағы қозғалыстың кең етек алуына жол ашты, бұл қозғалыстың басында лейбористер тұрды.
Капитализмнің уақытша тұрақтану кезіндегі Ұлыбритания (1924-1929 жж. ) .
Жаңа парламент сайлауы қарсаңында саяси күштердің ара салмағы реформалық жолды қолдаған Лейбористік партия жағына ауысты. Бұдан бұрынғы реакциялық бағыт ұстаған партиялардың халық арасында беделі түсті. Лейбористер сайлау қарсаңында өз бағдарламаларын жариялады. Онда біріншіден, елде әлеуметтік-экономикалық реформа жүргізу, яғни жалпы ұлттық бірыңғай жалақы, салық реформасы, жұмыссыздықты азайту, жол құрылысын жүргізу, тұрғын үй мәселесін шешу, әлеуметтік қорғау, жалпыға бірдей сайлау заңын жетілдіру сияқты мәселелер көтерілді. Сыртқы саясатта КСРО-ны елшілік деңғейде мойындау да маңызды мәселе ретінде қарастырылды. Лейборист партиясының жетекшісі Рамзей Макдональд «Таймс» газетіне берген сұхбатында: «Заңдылықты сақтай отырып, реформа арқылы, еңбекші халықтың қолдауына сүйенген мұндай партия бұрын-соңды елде болған емес» - деді.
1923 жылы желтоқсан айының 6-ы күні кезектен тыс парламент сайлауы болды. Сайлауда лейбористер партиясы ірі жеңіске жетті. Оларды 4, 5 млн сайлаушылар қолдап, парламентке 191 депутат өткізді. Сайлаудан кейін 1924 жылы қаңтар айының 22-і күні Ұлыбританияда тұңғыш peт лейбористік партия үкімет құрды. Бірінші лейборист үкіметінің премьер-министрі Рамзей Макдональд болды.
Жаңадан құрылған үкіметтің көбі оңшыл лейбористер болды. Сондықтан олар монополиялық буржуазияның мүддесіне сәйкес саясат жүргізе бастады. Солшыл лейбористер үкіметтің құрамына кіре алмай қалды. Олар үкіметті сайлау алдындағы әлеуметгік-экономикалық реформаны іске асыруға шақырды. Елде еңбекші халықтың қозғалысы етек алып, солшыл лейбористердің талабын қолдады. Р. Макдональд үкіметі сайлау алдындағы көптеген уәделерін орындаудан бас тартты. 1924 жылы ақпан айында КСРО-ны мойындап, екі ел арасында сауда жасау туралы келісімге қол қойылды. Зейнеткерлер мен мүгедектерге зейнетақы мөлшерін өсірді, жұмысшыларға арнап тұрғын үй салуды қолға алды.
Бірінші лейбористік үкімет халық алдында әшкереленіп, еңбекші халық үкіметтің ішкі саясатына қарсы күреске шыға бастады. Үкімет, сонымен қатар Ұлыбритания Коммунистік партиясының басшысы Кэмпбеллді қудалап, сотқа тартты. Ол «Workers» газетіне жазған мақалалары үшін айыпталды. «Кэмпбелл ісіне» жұмысшы табы қарсы шықты. Үкімет амалсыздан өз шешімінен бас тартты. Бірақ парламенттегі либерал мен консерваторлар Макдональд үкіметінің шешіміне қарсы шығып, лейборист үкіметіне сенімсіздік жариялауға ұсыныс жасады. «Кэмпбелл ісін» сылтау жасап Р. Макдональд үкіметгі таратты. 1924 жылдың 8-і қазан күні үкімет таратылып, 1924 жылы 29 қазанда парламент сайлауы өткізіліп, консерватор партиясы жеңіске жетті.
1924 жылы қазан айында консерватор үкіметі құрылып, премьер-министрі болып Стэнли Болдуин отырды.
1926 жылғы жалпы халықтық ереуіл.
1924 жылы Ұлыбритания экономикасы біркелкі тұрақтану жолына түсе бастады. Финанс саласы тұрақтанып ф. ст. алтын баламасы өсіп, ағылшын тауарлары шетелге көптеп шығарыла бастады. Алайда, өнеркәсіп өнімдерін шығару соғысқа дейінгі деңгейде қалды. АҚШ экономикасының жедел қарқынмен дамуы, ағылшын рыногын біртіндеп жаулап алып, дүниежүзінде өз үстемдіғін арттыра түсті. Сонымен қатар АҚШ Еуропадағы Ұлыбританияның негізгі бақталасы Германияны қаржы жағынан қолдап, экономикасының жедел дамуына көмектесті. Консерваторлар үкіметі ішкі экономикалық тоқырауды тоқтата алмады. Еңбекші халық өздерінің тұрмыс жағдайларының нашарлауын консерваторлар үкіметінен көрді. Елде саяси дағдарыс күшейе түсті. Әсіресе, бұл кезде ағылшын көмір-иелерінің жағдайы төмендей бастады. Консерваторлар үкіметі көмір өнеркәсібіне мемлекеттік көмектер беруден бас тартты. Көмір өнеркәсібі жұмысшыларының үкімет алдындағы талабын лейбористер мен ағылшын кәсіподақ ұйымы Тред-юнионның Бас Кеңесі қолдады. Үкімет пен жұмысшылар арасында жекпе-жек басталды.
бастады. Франция үкіметінің сыртқы саясаты Еуропа елдерінде біршама елсіреп, оқшаулана түсті. Болдуин үкіметі АҚШ-тың Германияны қолдау саясатын жақтады.
Сөйтіп, АҚШ және Ұлыбритания бірігіп, Германияны осы кезден бастап КСРО-ға қарсы соғысқа дайындай түсті. Консерваторлар үкіметінің антисоветтік саясаты елде кең етек ала бастады. У. Черчилль бұл кезде консерватор үкіметінің құрамында финанс министрі болатын. Ол КСРО-ға қарсы батыл шаралар жүргізуге шақырды. 1926 жылы маусым айында КСРО елін айыптаушы «Ақ кітап» деген жарық көрді. Британ компартиясының кеңсесін тексергенде «Мәскеудің қолынан жасалған ағылшындарға қарсы құжатгар табылды» деп жала жабылады. Бұл кітаптан кейін парламентте КСРО-ға қарсы айып тағылып, КСРО елімен арақатынасты үзіп, елшілікті қайтару туралы талап қойылды.
1927 жылы Варшава теміржол вокзалында кеңес елшісі Войков қастандықпен өлтіріледі. Совет үкіметі бұл қастандықты ұйымдастырушы Болдуин үкіметі деп таниды. Сол жылы Лондонда кеңес-ағылшын сауда үйінде арандатушылық ұйымдастырылады. 1927 жылы мамыр айында консерваторлар үкіметі КСРО-ға нота жіберіп, елшілік қатынасты тоқтатады.
Екінші лейбористік үкімет. Елдегі экономикалық дағдарыспен қатар консерваторлар үкіметінің реакциялық ішкі және сыртқы саясаты 1929 жылғы парламенттік сайлауда жеңіліске ұшырады. Парламенттік сайлау қарсаңында лейбористік партия «Еңбек және ұлт» деген бағдарламасын алып шықты. Бұл бағдарламасында: жұмыссыздықты жою, капиталға салық енгізу, 1927 жылғы жұмысшы табына қарсы шығарылған заңды жою, көмір шахталарында 7 сағаттық жұмыс күнін енгізу, көмір, транспорт (көлік саласын), энергия және жерді национализациялауды қарастырды. КСРО-мен елшілік қатынасты қалпына келтіру талаптарын қойды. Консерваторлар сайлау алдында сайлаушылар реформасын жүргізіп, әйелдерге 30 жастан емес, 21 жастан сайлауға қатысып дауыс беру құқығын енгізді. Бұл сайлаушылардың санын 8 млн. көбейтіп, сайлауда дауыс берушілердің саны 29 млн. жетті. Сайлау қарсаңында консерваторлардың сайлаушылар алдында беделі түсіп, лейбористердің сайлауда жеңіске жететініне ешқандай күмән келтірмеді.
1929 жылы мамыр айында парламенттік сайлау өтті. Лейбористер 287 депутаттық орынды жеңіп алды. Консерваторлар - 260, либералдар - 59 депутат өткізе алды. Лейбористер жаңа үкімет құрды. Премьер-министрі Макдональд болды. Үкіметтің құрамына Гендерсон, Сноуден, Мориссон т. б. кірді.
Парламенттік сайлаудан кейінгі құрылған лейбористік үкімет өздерінің сайлау алдындағы сайлаушыларға берген уәдесін орындауга кірісіп, біршама қызмет атқарды. Алғашқы шаралары елдегі жұмыссыздықты жою үшін, қоғамдық жұмыс орындарын ашты, жұмыссыздарды Канадаға жіберді, бірақ оларға онда да жұмыс таба алмады. Жұмыссыздарға кішігірім жер бөліп берді. Жұмыссыздарға мемлекеттік көмек көрсету шараларын жүргізді.
1930 жылы жұмыссыздарға берілетін мемлекеттік жәрдем ақының мөлшерін өсірді. Бұл шаралар аяғына дейін жүргізілмеді. Жұмысшы табының негізгі талаптары орындалмады. 1927 жылғы заңды жоя алмады. Көмір шахталарында 7 сағаттын орнына, 7, 5 сағат жұмыс уақыты белгіленді. Лейбористік үкімет құрылған кезде басталған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс елге ауыр зардаптар әкелді. Бірақ та үкімет ірі монополияға көптеген жеңілдіктер жасады. Капиталға салынатын салық мөлшері азайтылды, өнеркәсіптің көбі жеке меншіктің қолында сақталды. Сайлау алдындағы тағы бір уәделері орындалмады. Артта қалған көмір өнеркәсібі национализацияланбады. Ірі компаниялардың таза табысы өсті. Мысалы: 1929 жылы компаниялардың жылдық табысы 49, 4 млн фунт болса, 1930 жылы 54, 5 млн фунтқа артты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz