Франция 1945 - 2004 жж


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Франция 1945-2004 жж

Үкімет: Үкімет
Әлеуметтік саясат: Әлеуметтік саясат
Экономикалык сасяат: Экономикалык сасяат
Сырткы саясат: Сырткы саясат
Үкімет:

1. 23. 01. -24. 06. 1946жж Феликс Гуэн

(Жұмысшы

Интернационалдың

Француз секциясы) және 24. 06. -18. 12. 1946жж.

Жорж Бидо (Үлттық-республикалық қозғалыс)

Әлеуметтік саясат: Көптеген өндірістер мен темір жолдар іске қосылды; кемір өнеркәсібі тез дамыды. Ерлер мен әйелдер жалақыларындағы айырмашылық алынып тасталды, жұмысшылар мен кызметкерлердін жалақысы мен зеинетақы көлемі өсті, әлеуметтік сақтандыру жүйесі жақсарды. Тау кеншілерге жеңілдіктер берілді: жасөспірімдердің демалыс уақыты артты: соғыс мүгедектеріне зейнетақы төлене бастады; балалар денсаульның қорғау басшылығы кұрылды; мемлекеттік ауруханалар ашылды. Сонымен қатар: жалға алу туралы жаңа жағдай, ауыл шаруашылық жұмысшылардың әлеуметтік камтамасыздандырылуы туралы заң; егде шаруалар үшін зейнетақы; жас шаруа отбасыларына көмек; кәпотбасылы шаруаларға жәрдемақы төлеу; ауыл шаруашылық жұмысшылар жалақысын көбейту туралы заңдар шықты.
Экономикалык сасяат:

Экономиқалық саясаты

1946ж. көмір, газ, электроэнергетикалық және машина жасау өнеркәсібінің бір бөлігі мемлекет меншігіне өтті. Сонымен қатар 5 ең ірі банк, сақтандыру компаниялардың бір болігі мсмлекеттендірілді. Мемлекеттік инвестициялау есебінен капитал салымдары өсіп. 27%-лан 50%-ға дейін жетті. Мемлекеттік сектор үлесіне онеркәсіптік өнімдердің 20-25%-ы тиісті болдьі.

Сырткы саясат: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Франция жеңуші мемлекеттердің қатарына қосылды. Бірак ол АКІІІ-тың ықпалында болды. Германияны оккупациялауға қатысты. Жеңген мемлекеттермен қарым-қатынастарды жалғастырды.
Үкімет:

2. 1947-1954 жж.

Венсан Ориоль

(Жұмысшы Интернационалдың Француз секциясы)

Әлеуметтік саясат:

40-сағаттық жұмыс аптасы мен төленетін демалыс қайта қалпына келді. жұмыстан тыс қызмет үшін жоғары төлемақы енгізілді. Ерлер мен әйелдер еңбегін тең бағалауға кепілдік беріліп. жұмыссыздарға мемлекеттік көмек жүйесі кеңейтілді. Номинальды жалақы мен зейнетақы мөлшері артты. 1950ж. бастап жалақының кепілденген минимумы енгізілді. Жас пен мүгедектікке байланысты зейнеткерлік 65 жастан басталды. Бірыңғай мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесі еңгізілді, бірақ оған ауыл шаруашылық жатпады.

Демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында балалы ата-аналарға жәрдемақы төленетін болды. Арзан түрғын үй салу басталды. Үкімет соғыста шаруашылығы жоиылған шаруалар мен жас шаруаларға шаруашылық ашуға ссудалар берді.

Экономикалык сасяат: 1947ж. көктемде түрақтандыру бағдарламасы өз нәтижелерін әкелді. Соғысқа дейінгі өнеркәсіптік өндіріс деңгейіне жетті. 1949ж. соғысқа дейінгі жалпы ішкі өнімге қол жеткізді. карточкалы түтыну жүйесі жойылды. 1947ж. үлттык даму жоспарын қамтыған 1947-1953жж. арналған «Қамтамасыздандыру және жаңарту жоспары» немесе «Монне жоспары» қабылданды. Онда басты көңіл мемлекеттендірілген кәсіпорындардың өңдірістік Куаттылықтарын жаңарту. осының негізінде өнеркәсіптік өндірісті арттыру метроплия мен теңіздік территориялар арасындағы тауар айналымын кеңейту, еңбек өнімділігін арттыру идеялары орын алды. Ең басты міндет -қаржылық түрақтылыққа жету болды. 1947ж. күзде қаржы министрі Р. Майер фиксациялық бағалардан бас тартқан, валюталық курстар мен валюта айырбасты есептеудін дифференциялық механизмін еңігізу реформасына кірісті. 1948ж. қантарда франк девальвацияланып. оның алтын құрамы 44% ға азайтылды.
Сырткы саясат: 1948ж. жазда Франция АҚШ-тың «Маршалл жоспарына қосылып, АҚШ-пен бірнеше экономикалық, саяси және әскери келісімдер жасады. Франция НАТО-ға кіріп. Батыс Германияны ремилитаризациялауды қолдады. өз территориясың АКШ-тыц әскери базаларына берді. 1950ж. мамырда сырткы істер министрі Р. Шуман Батыс Европа елдерінде көмір мен болат өндірістерін біріктіруді ұсынды. 1951ж. 18 сәуірде 6 ел - Франция. ФРГ. Италия. Бельгия. Нидерланды және Люксембург Европалық көмір және болат бірлестігін күру туралы келісімге қол қойды.
Үкімет: 3. 1954-1958жж. Рене Коти
Әлеуметтік саясат:

I Инфляцияның жоғраы болуы халыктың әлеуметтік жағдайын нашарлатып жіберді.

Номиналды жалақы төлеу шын мәнінде толенбеді. Тек 1958ж. ортасында ғана танкты жалақы 1938ж. көрсеткіштен жоғарылады.

Экономикалык сасяат:

Ұлттык дамудың екінші жоспары (1954-1957) «Тұрақтылық жағдайында жаңарту және

қамтамасыздандыру жоспары» - француз өнеркәсібінін бәсекелестілігін жоғарылатуға. оның ғылым

сыйымдылығының артуына және өнім сапасының жоғарылауына бағытталды. Ерекше көңіл енді жеке меншікке бөлінді. Үкімет пен фирмалар арасында жасалған контрактілер негізінде кәсіпкерлер құрал-жабдықтар сатып алу үшін несие алды, ал маңызды жобалар үшін салықтық жеңілдіктерге ие болды. 50- жылдардың ортасында өнеркәсіптік өндіріс көлемі соғысқа дейінгіден 60%-ғa негізінен ауыр индустрияда артты. Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар ауыстырыла бастады. Шетелге капитал шығару көлемі азайды. Алайда 50-жылдардың соңында инфляция мәселесі шиеленісті. 1957ж. карай бағалар соғысқа дейінгі көрсеткіштен 25 есе көп болды, ал номиналды жалақы 21 есе көбейтілді.

Сырткы саясат: 1954ж. қарашада Алжирде каруды ұлт-азаттық күрес ; басталғандықтан, 1955ж. жазда Франция Алжирдағы соғысты аяктау қөзғалысты пайда болды. 1956ж. наурызда Франция Марокко мен Тунистің тәуелсіздігін мойындады. 1956ж. мамырда француз үкіметтік делегациясы КСРО-ға сапар шекті. 1956ж. қазан айьның соңында Франция Израиль мен Англиямен Мысырға карсы агрессивті соғысқа қатысты. 1957ж. Европалық Экономикалық Қауымдастықты құру келісіміне қол қойды.
Үкімет:

4. 1958-1969жж. Шарль де Гол ль

(Республиканы қолдау үшін бірігу)

Әлеуметтік саясат:

Де Голль үкіметі қоғамнын әлеуметтік құрылымының өзгеруіне ықпал етуге тырысты. 1959ж. мемлекеттік секторда «қатысу жүйесін» -жұмысшылардың өзінің кәсіпорындарының

табысына қатысуын енгізді. Осы арқылы жалақының жалпы көлемі артты.

Экономикалык сасяат: Экономиканы дамытудың IV және V жоспарында (1962-1965 және 19б6-1970жж. -ға) негізгі бағыт ғылымға сыйымды өнеркәсіпті өндіріске. өндірісті шоғырландыру үрдісін тездету және сыртқы сауда көлемін арттыруға берілді. 1958ж. аяғына қарай жасалған қаржылық түрақтандыру бaғдарламасына сай бюджеттік шығындар рационализацияланатын болды. Франктың жаңа девальвациясы (17% қа) болды. Бюджеттік дефицит несиелік нарықтағы мемлекеттік займдар есебінен жабылды. Қаржылық айналымды ретке келтіру максатында 1960ж. «жаңа франктерге» 1:100 қатынасында айырбастау рсформасы жүрді. 60-жылдары сыртқы сауда көлемі соғысқа дейінгіден 4 есе көоп болды. 1958-1968жж. аралығында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 60%-га өсті; өнеркәсіптік енімдерның өсу қаркыны жылына 5. 5%-га өсті. Ауыл шаруашылық енімдерін өндіру 60%-ға артты. Өнеркәсіптегі монополизация айтарлықтай өсті. Өнеркәсіптің жоғары технологиялы салалары негізінен авиасогу, химиялық және автомобиль салалары. атомдық ракеталық аэроғарыштық әскери-енеркәсіптік кешеннің свалалары дамыды.
Сырткы саясат: 1958-1959>кж. КСРО мен Франция арасында үкімстаралық және экономикалық ынтымақтастық дамыды. Әсіресе І960ж. 11. Хрущев Парижге сапар шеккен соң кеңес-француз қатынастары жаңа сипатқа ие бола бастады. 1966ж. де Голль КСРО-га ресми сапармен келді. Франция батыс еддерінен алғашқы болып ГДР-ді мойындады. 60-жылдары Франция мен АКШ қатынастары нашарлады. Франция 1962ж. ядролық қарулану жүйелерін дамыту ағылшын-француз және ағылшын-американ келіссөздеріне қатысты. І963ж. Франция Сахарада ядролық қаруды сынайды. 1964ж. шілдеде өткен пресс-конференцияда де Голль Францияны ядролық держава деп жариялады. 1965ж. Франция СҒ. АТО Кеңесінің жиналысына катысуды токтатты. 1966ж. наурьпда француз үкіметі НАТО-дан шыгатындыгын жариялады. І962ж. 18 наурызда француз үкіметі мен алжирлік өкілеттіктер арасында оқты тоқтату, Алжирге өзін-өзі анықтау жагдайлары мен болашақ француз-алжир қатынастарын қамтыған келісімге қол қойылады. Алжирде өткен референдумнан кейін 1962ж. 1 шілдеде Франция ресми түрде Алжирдің тәуелсіздігін мойындады. 60-жылдары де Голль Араб елдерімен қарым-қатынастарын жақсартуға тырысты. Де Голль Таяу Шығыста Израильді қолдауды тоқтатып. 1967ж. араб-изранль соғысы кезінде Израильге «Мираж» ұшақтарын тасымалдауға эмбарго жариялап, 1968ж. Тель-Авивке қарудың барлық түрін тасымалдаудан бас тартты. Француз дипломатиясы Азия-Тынық мүхиттық аймақта да белсенділік танытты. 1964ж. қантарда Франция заңды түрде Қытай Халық Республикасын таныды. 1965ж. БҰ¥-дағы француз делегациясы АҚШ-тын Доминикан Республикасындағы агрессивті істері үшін аиыптады.
Үкімет:

5. 1969-1974жж. Жорж Помп иду

(Республиканы қолдау үшін бірігу)

Әлеуметтік саясат: 1968ж. аяғында басталған университеттік автономия мен студенттік озін-өзі баскаруды нығайту мен білім беру бағдарламасын жаңартуды көздеген жоғары білім беру реформасы жалғастырылды. Кәсибі кайта окыту жуйесін мемлекеттік қаржыландыру кеңейді. Отбасын қорғау бойынша үкіметтік көмек белсенді болып. сактандыру категориялары кеңейді. 1970ж. инфляцияға катысты жалакыны жыл сайынғы минималды деңгейін нақтылау заңы қабылданды.
Экономикалык сасяат: Үкіметтін колдауымен 1969ж. аяғында радикалды қаржы реформасы басталды. Франктың жаңа девальвациясы болды: АҚШ долларына қатысты 12, 5%-ға. ат алтынға қатысты 11% -ға. Осыған орай сыртқы саудада қолайлы жағдайлар туды. Үкімет өнеркәсіптік және азык-түлік тауарларының бағасының өсуі тоқтатылды. VI жоспар шенберінде (1971-1975жж. ) өндіріс өсуінің жогғары қарқыны күтілді. 1969-1973жж. Жалпы үлттық онімнің жыл сайынғы өсімі 5. 7% -лы. негізгі капиталдың үлғаюы 4, 9%-ды. ал еңбек өнімділігі 5, 2%-ды құрады.
Сырткы саясат: Президент Помпиду де Голльдің саясатын жалғастырды. Соның негізінде АКШ-пен бір жағынан және КСРО-. мен, екінші жағынан қарым-қатынас жақсарды. Батыс европалық интеграциялық үрліске елдің қатынасуын маңызды деп тапты. Осы орайда 1969ж. Помпиду интеграциялық үрдісті «аяқтау тереңдету және кеңейту» идеясын ұсынды. 1974ж. француз дипломатиясынын женісі деп НАТО қызметінде коллегиальдық қағидасын нығайтқан жаңа Атлант хартиясын атауға болады. Кеңе-француз қатынастары кеңейіп, Помпиду мен, Брежнев 1970-197 Іжж. Париж бен Мәскеуде ресми сапармен болды. Помпиду Қытайға сапар шекті. Американ линиясына қарсы болып, Франция Мысыр мен Иранмен қарым-қатынастарын жақсартты. Жаңа француз әскери доктринасына сәйкес Солтүстік Африка «омірлік мүдделер аясы» деп танылды.
Үкімет:

6. 1974-1981жж.

Валери Жискар

д'Эстен

(Республи кадық партия)

Әлеуметтік саясат:

Жискар д'Эстен кезінде бірнеше реформалар,

соның ішінде сайлау цензі 18 жас болфп

белгіленді, білім беру, ажырасу мен аборт жасау туралы заңдар либералды болды. Жұмыссыздық пен аймақтық даму бағдарламалар қысқарса, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ақпараттандыру мен экологияға көп қаражат бөлінді. Осы саясат негізінде халықтың 90%-ы әлеуметтік қамтамасыздандыру саясатына тікелей неесе жанама қатысты болды.

Экономикалык сасяат:

1976- 1980жж. құрылған жоспар «өнеркәсіптік қайта бағытталу» идеясына негізделді. Ол бойынша мемлекеттік

саясат әлемдік нарықта бәсекеге түсе алатын ірі бизнесті қолдайтын болды. Сөз негізінде автомобиль, химиялық және электротехникалық салалар туралы боллы. Әскери- өнеркәсіптік сектор нығайып, онын өнімінің 40%-ы экспортқа шығарылды. Монетарлы саясат негізге алынды. 70-жылдардың дағдарыстарына қарамастан, Франция жоғарғы өмір деңгейін сақтап қалды. Капитал салулардың тиімділігі артты, инвестициялардың белсенді бөлігі 48, 3% -га дейін жоғарылады. Жалпы ішкі өнім жылына І, 9%-га өссе. енбек өнімділігі жылына 4%-ға артып отырды. Осы кезде сыртқы тауар айналымы 5 есеге өсті. Алайда үкімет инфляция мәселесін шеше алмады. Жеке капиталдың шетелге шығарылуы артты.

Сырткы саясат: Сыртқы саясатта Жискар д'Эстен 2 бағытты ұстанды: халықаралық қатынастар потенциалын елдің экономикалық дамуын белсенді ету үшін пайдалану және голлистік дипломатияға тәне сипаттан арылып, мемлекетаралық реттеу жүйесін нығайту. Француз укіметі Израильдің Таяу Шыгыстағы агрессивті саясатына қарсы болды. Вьетнам соғысының аяқталуына ықпал етті. 1975ж. тамызда Хельсинкиде болған Жалпыевропалық Кеңеске қатысты. Президент Франция мен НАТО-нык әрі қарай қатынасуын қолдады. Жискар д'Эетеның үсынысы бойынша «үлкен жетілік» басшыларының жыл сайынғы кездесулері болатын болды. Оның алғашкысы 1975ж. Рамбуйяда болды. Жискар д'Эстен 1975ж. Және 1979ж. КСРО-ға сапар шегкі. ал Л. И. Брежневтің Францняға ресми сапары 1977ж. болды. І975ж. Жискар д'Эстен Франция атынан Европадағы серіктестік пен қауіпсіздік туралы Хельсинки кеңесінің Қорытынды актіне қол қойды. Қытап басшылығымен. Иран шахымен қатынастар жылыды. Индонезия. Малайзия, Филиппин және Сингапурмен экономикалық келісімдер жасалды.
Үкімет:

7. 1981-1995жж. Франсуа Миттеран

(Француз социалистік

партиясы)

Әлеуметтік саясат:

Теленетін демалыстың бесінші аптасы енгізілді,

жұмыс аптасы бұрынғы жалақыны сақтай

отырып, 39 сағатты кұрады. Әлеуметтік

қамтамасыздандыру реформасы өз жалғасын

тауып минималды жалақы деңгейі өсті.

зейнетақы мен жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы 40-50%-ға артты. ал зейнетке шығу жасы 60 жасты кұрады. Алайда инфляцияның қарқыны түспегендіктен. 1983ж, үкімет әлеуметтік қажеттіліктерге қаржы болуді қыскартуға мәжбүр

болды және бірнеше шығынды өнеркәсіптер мен шахталарды жауып, нәтижесінде көптеген адамдар жұмыссыз қаллы.

Экономикалык сасяат: Экономиканы көтеру мақсатында І982ж. 5 өнеркәсіптік секторлар мемлекеттендірілді. Мемлекеттік кәсіпорындардың жалпы саны 3 мыннан асты. Нәтижесінде мемлекеттік сектордың қаржы және несие аясындағы үлесі 95%-ды құрады. 1983ж. мемлекеттік өнеркәсіп секторының дефициті 7. 5. млрд. франкты кұрады. Ал 1981ж. үкімет франкты 3%-ға, ал 1982ж. тағы 10%-ға девальвациялауға мәжбүр болды. І983ж. сәуірде жаңа экономикалық стратегия үкіметтік «10 пункт бағдарламасында- («Делор жоспары») анықталды. 18 ай ішінде үшінші рет франкты девальвацияда болды, салық өсті, міндетті заем енгізілді, әлеуметтік қажеттіліктерге қаржы бөлу қысқарды. көлікте жүру бағасы мен коммуналды қызмет көрсету төлемі көтерілді. Кеме соғу, металлургия, көмір өнеркәсіптері қайта үйымдастырылды. Нәтижесінде 1984ж. өндірістің өсуі 1. 75%-ды. ал 1985ж. 2%-ды құрады. Қаржылық сауықтандыру негізі деп үкімет қатал экономия мен мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын тоқтату саясатын таңдап алды. Жеке меншік емдеу секторы қайта пайда болып. жеке меншік білім беру жүйесі кенейтілді. Приватизация нәтижесінде 1986-1988жж. бюджетке 84 млрд. франк пайда түсті. Осы соманың 72%-ы мемлекетік қарызды жабу үшін, ал 28%-ы мемлекеттік кәсіпорындарды жанартуды қаржыландыру үшін қолданылды. Салық салу төмендетілді. 1992ж. жүмыссыздық артты. 1989-1992жж. аралығында мемлекеттік бюджет дефициті 90 млрд. -тан 165 млрд. -ка дейін жетті. 1993ж. жазда приватизацияның екінші толқыны басталып, ол мемлекеттік сектордын көптеген бөлігін қамтыды. Қолданған шаралар бюджетті дефицитті кысқартып, жаңа жүмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Жалақы қорына салық төмендетілді. 1994ж. инфляция деңгейі жылына 1. 8%-ғa азайды.
Сырткы саясат:

Миттераннын билік басына келуіне байланысты проатланттық

тенденциялар күшейді. Франция өзінің қарулануын, әсіресе

ядролық қарулануын арттырды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франция дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында
Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай
Трумэн доктринасы
Соғыс испан тағына франция королі
Ресейдегі тарихи оқиғалардың қысқаша жылнамасы
Германия мемлекетінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы
Германия үкіметінің сыртқы саясаты
Жапония мемлекетінің саяси-экономикалық дамуы
ТАРАУ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Жапонияның сыртқы саясатындағы территориялық (РФ, ҚХР, Оңтүстік Кореямен) мәселелердің орны мен маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz