Франция екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Франция екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында . Империалиста державалардың өзара күресінен туындаган екінші дүниежүзілік соғыс екі жақтан да әділетсіздік, империалистік сипатта басталды. Француз басқарушы топтары ағылшындармен бірге Москвада Кеңес Одағымен келіссөздерді үзіп, Польша арқылы Гитлермен жаңа қастандық ұйымдастыруға кірісті. 1 қыркүйек 1939 жылы фашистік Германия Польшаға айуандықпен шабуыл жасағанда, Польшаның бұрынғы жасалған гарантия негізінде көмек көрсетуін өтінгеніне қарамастан, Франция мен Англия үкіметі агрессормен қүпия келіссөздерін жалғастыра берді. Империалистік қайшылықтардың шиеленісуі, қалың бұқараның наразылығы Англия мен Франция үкіметін 3 қыркүйек 1939 жылы Германияға соғыс жариялауға мәжбүр етті.

Батыс майданда басталған соғыс ұзамай-ақ «ғажайып соғыс» деп аталды: 23 германдық дивизияға қарсы бағытталған 110 француздық және 10 британдық дивизия Полынаны тағдыр талқысына тастап, соғысқан жоқ. «Ғажайып соғыс» шын мәнінде Мюнхен қастандығының жаңа жағдайдағы жалғасы болатын. Франция соғысты «шығыс бағытқа» - КСРО-ға аударуды ойластырды. Францияның басқарушы тобы солтүстікке - КСРО-ға қарсы гоғысып жатқан ақ финдерге көмектесті және оңтүстікте Кавказ жағынан эасып кіруге дайындалды. КСРО-ға қарсы соғыс мәселесі Францияның газет-журналдары бетінен түспеді, парламентте талқыланды. 26 қыркүйек 1939 жылы үкімет Француз Коммунистік партиясы мен онымен байланысты уйымдарды, кәсіподақтарды тарату жөнінде мәлімдеді. КСРО-ны басып ілуга дайындық ерекше қарқынмен жүрді: Кавказға ену 1940 жылдың яказына белгіленді. 20 наурыз бен 3 қыркүйек арасында Парижде 44 коммунист депутаттардың сот процесі жүрді. Соғыс трибуналы барлығына гүрме жазасын кесті. 9 сәуірде Даладье үкіметінің орнына келген Рейн ^кіметі коммунистік үгіт-насихат үшін елім жазасын енгізді. 9 сәуірде }) ашистік Германия әскері Дания мен Норвегияға енді. Англия мен Франция Норвегияның солтүстігіне аз ғана әскер жібере алды. 10 мамыр 1940 жылы ғажайып соғыс» аяқталды. Гитлер әскері француздық Мажино бекінісін шналып, Бельгияны басып алды. 15 мамыр 1940 жылы голландиялық әскер тізе бүкті. Танк колонналарымен күшейген неміс әскерлерінің бір бөлігі Бельгияға көмекке келген ең мықты француз дивизиялары мен ағылшын эскерін қоршап, Па-де-Каль жағалауындағы Дюнкерк ауданына шыкты. Гитлердің танк шабуылын тоқтатқан бұйрығының арқасында Англияға 335 кіың солдат пен офицер, оның ішінде 100 мыңы француздық әскер эвакуацияланды. 4 маусымда Германия Дюнкеркті алды. 5 маусымнан Гитлер Парижге қарай бұрды. Осы кезеңде Рейн үкіметінің құрамына екі белсенді сапитулянт: маршал Петэн және генерал Вейган кірді. Петэн премьер-динистрдің орынбасары, Вейган француз әскерінің бас қолбасшысы болып гағайындалды.

Маршал Филипп-Анри Петэн (1856-1851) . Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында одақтас әскердің басшысы ретінде кең танымал болған. Осы кезеңге дейін ол қызмет сатысымен байып көтерілген. Полковник атағына тек 55 жасында ғана ие болды. 1916 жыл ол үшін ең даңқты жыл болды. Верден түбіндегі жеңісті соның атымен байланыстырды. Петэн 1917 жылы бас қолбасшы болып тағайындалып, іскердегі революциялық қозғалысты аяусыз басты. Оның талап етуімен француз әскерінде әскери-далалық сот енгізілді, ол көтерілген іөлімдердің әрбір оныншы солдатына өлім жазасын кесті. Үкім 24 :ағаттан кейін орындалды. 1925-1926 жылдары Петэн Мороккаға Риф республикасын багындыруға жіберілген әскерді басқарды. Ол маневрлық соғысқа қарсы болды және танк әскерінің күшіне сенбеді. Петэн көп уақыттан бері фашистік ұйымдармен тығыз байланыста болатын. 1937 жылы кагулярлардың фашистік ұйымы оны елдің диктаторлық қызметіне тағайындады. 1939 жылдың наурызында Франция генерал Франконы ресми танығанда Испанияға Франция елшісі болып жіберілді. Петэн мақтагаиды сүйетін, атаққұмар, оның ісі сөзінен алшақтап жататын. 1940 жылы Петэн 85 жаста болатын.

Петэн мен Вейганның тағайындалуын оңшыл топтар қуана қарсы алды. Екеуінің маңайына гитлерлік Германия алдында капитуляцияны жақтаушылар топтасты. Кейбір мәліметтерге қарағанда Вейган 22 мамырда тәртіпті ұстау үшін армияны сақтау мақсатында фашистік Германиямен келісімге келуді талап еткен. Вейган революция жақындап қалды, М. Торез Елисей сарайын басып алуға дайындалуда, коммунистік көтеріліс каупі деген сияқты өтірік дақпырттар таратты. Сондықтан да Петэн, Вейган, Лаваль, Шотан, Бодуэн сияқтылар Үшінші Республиканың көрін қазушылар болды.

Осындай трагедиялық күндерде қүпия әрекет еткен Француз Коммунистік партиясы халық мүддесін қорғауға шықгы. 17 наурыз 1940 жылы ол Ұлттық қорғаныс программасын ұсынып, онда империалиста соғысты бостандық пен тәуелсіздік үшін әділетті соғысқа айналдыруды көздеді.

1940 жылы маусымда Францияда 3047 танк пен 743 бронемашина, 1145 самолет бар болатын. Алайда капитулянттар фашистік Германиямен соғысқысы келмеді. Генерал Вейганның бұйрығымен Париж 11 маусымда қорғаныссыз ашық қалды. 10 маусымда 1940 жылы Рейн үкіметі Тур қаласына қашты. Дәл сол күні Италия Англия мен Францияға соғыс жариялады. 14 маусымда неміс-фашист әскерлері Парижге енді. Рейн үкіметі Турдан Бордаға көшті. 16 маусым сағат 22. 00. Үкіметтің үшінші мәжілісі етті. Рейннің отставкаға кетуі және Петэннін премьер-министр болып тағайындалуы ресми жарияланды. Петэн 17 маусым күні түнге қарай өз үкіметін жинап Германияға қарсы соғысты тоқтату женінде шешім қабылдады. Де Голльдің сипаттауы бойынша орнынан түскен Рейн иығынан үлкен жауапкершілік түскенінен жеңілдік алған адам ретінде әсер қалдырған. Капитулянттар жеңіске жеткеніне көзі жеткен соң, де Голль 17 маусымда ағылшын генералы Спирспен бірге Лондонға ұшып, Британ үкіметінің қолдауымен «Ерікті Франция» қозғалысын ұйымдастырды.

22 маусым 1940 жылы Компьен орманында бүдан 22 жыл бұрын маршал Фош Германияға бітімшартын бұйырған вагонда неміс генералы Кейтель мен француз генералы Хюнтцигер бітім жөнінде келісімге қол қойды. Француз-герман келісім-бітімшарты бойынша Германия Парижді қоса Францияның территориясының үштен екісін оккупациялады. Француз территориясының оңтүстігі Петэн үкіметінің билігінде қалды. Келісім 24 баптан тұрады. Соғыс қимылдары тоқтатылды. Францияның солтүстігі және орталық аудандары, Ла-Манш және Бискай шығанағының барлық жағалаулары оккупациялық зона деп жарияланып, немістің соғыс әкімшілігінің басқаруына берілді. Эльзас пен Лотарингиядан құралған үш департамент «жабық зона» деп аталды.

25 маусымда келісім күшіне енді, Петэн үкіметі бұл күнді ұлттық траур күні деп жариялады. Шын мәнінде реакционерлер қуанышты еді. Петэн халыққа арнаған сөзінде Германия және Италиямен келісімге Франция соғыста жеңіске жете алмайтын болғандықтан қол қойылды деп өзінің сатқындығын патриотизм актісі ретінде түсіндіруге тырысты. Іс жүзінде сатқындар француз халқын жеңуші ырқына салып берген еді. Парламент жұмыс істемеді. Барлық саяси партиялар (жасырын жұмыс істеген коммунистік партиядан басқасы) күйреді. Аз күнде Франция ұлы державадан құлдық елге айналды.

Петэн үкіметінің резиденциясы (ерікті зонада) кішкентай қалашық Вишиде орналасқанымен, бүкіл Францияның үкіметі деп есептелінді, оккупациялық зонада француз әкімшілігіне неміс-фашист оккупанттары қожалық етті. Олар барлық саяси партияларды таратып, коммунистерге өлім жазасын шығарды. Еврейлер мен франкмасондар жұмыстан шығарылды, еврейлер ауланды. 1941 жылы күзде немістер оккупациялаған елдерде бір неміс солдатын өлтіргені үшін 50-100 коммунистті немесе патриотты өлтіру жүйесін енгізді. 1942 жылы жазда Франциядағы гестапо басшысы азаттық күреске қатысушыларды ғана емес, олардың туыстарын 17 жастан бастап ерлерді ату жөнінде бұйрық берді. Туысқан әйелдер және 17 жасқа дейінгі балалар концлагерьге жіберілді. Франция 1939-1940 жылдардағы соғыс қимылдары кезінде 115 мың адамнан айырылса, оккупация жылдарыңда, соғысушы ел деп есептелінбегенде, 500 мыңнан астам француз қаза тапты.

Неміс-фашист оккупациясының түпкі мақсаты Францияны бөлшектеп, толық құлдыққа түсіру еді. Келісімшартта көрсетілмесе де Германия Эльзас пен Лотарингияны аннексиялап, одан Гитлерге адалдық антын бермегендерді қуып шықты. Берлин Германияға Францияны XVI ғасырдағы шекарасына дейін кішірейтіп, солтүстік Франция мен Бургундияны қосуға шешім қабылдады. Францияның Атлант жағалауларында неміс соғыс базалары салынып, француз отарлық империясын Германия, Италия, Испания арасында бөлшектейтін болды. Петэн үкіметінің ықпалымен бүкіл француз экономикасы Германияға қызмет етті.

Итальян оккупациясы Ментон қаласы мен оның жанындағы аудандарға ғана орнаған болатын. Тек 11 қараша 1942 жылдан соң одақтастар әскері Солтүстік Африкаға түсірілген соң, итальян әскері Германиямен келісе отырып, Францияның Оңтүстік және Оңтүстік-шығысынан 8 департамент оккупациялады. 12 қарашада неміс әскерлері аннексиялау үшін Корсикаға түсірілді. Итальян фашизмі күйреген соң, олардың орнын немістер басты.

Виши режимі. Францияның капитуляциялануы Үшінші Республиканы құлатты. 1940 жылы 10 шілдеде Вишиде парламент шакырылды, оңца Петэнге жаңа конституция дайындау тапсырылды. Ертеңіне Петэн Үшінші Респулика конституциясын жойған үш алғашқы «конституциялық актіні» жариялады. Республика президенті мен премьер-министр қызметтері жойылды. Атқару, заң шығару билігі «мемлекет басшысы» деп айқындалған Петэнге берілді. Петэнге биілік беру ашық формада жүзеге асса да, шын мәнісінде Вишиде мемлекеттік төңкеріс жасалды. Үшінші Республика өмір сүруін тоқтатты. «Республика» деген сөз бірте-бірте жойылды, «француз іемлекеті» атты термин қалыптасты. Басқарудың жаңа жүйесі Петэннің жеке іилігін қалыптастырды.

Үшінші Республиканы жойған мемлекеттік төңкерісті Виши басшылары соғыста жеңілген Францияны қайта өркендету үшін жасалған «ұлттық революция» деп даурықты. Вишиліктер республиканың жеңілісіне демократия мен Халық майданы кінәлі деп түсіндіріп, Францияда «еңбек, жанұя, отан» деген девизбен «жаңа тәртіп» орнатуға кірісті. Жаңа режим барлық таза қанды емес француздар мен күмәнді шетелдіктерді жойып, таза қанды француз ұлтын тудырады-мыс. «Ұлттық революция» ұрақдарымен Виши үкіметі буржуазиялық-демократиялық бостандық калдықтарын жойды және Францияға фашистік тәртіп енгізді. Сайланатын мекемелер емір сүруін тоқтатты. Қартайған маршал Петэн шексіз билікке ие болды. Оны «тәж кимеген» король деп атады. Ол салтанатты қабылдаулар ұйымдастырды, «халық әкесі» ретінде делегациялардан сыйлықтар алды.

Виши режимінің таптық тіреуі ірі буржуазия мен аристократия еді. Оларды реакциялық күштер қолдады. Петэн үкіметіне католиктік және протестанттық шіркеу қызмет етті. «Петэн - бұл Франция, ал Франция - бұл Петэн», - деп даурықты француздық католиктік шіркеудің басшысы. Фашистік Италия мен Германиядан Виши үкіметінің айырмашылығы басқаратын фашистік партия құрған жоқ. Оның ролін Виши үкіметі ұйымдастырған «Легион бывших фронтовиков» атқарды. Виши саясатының бастысы неміс-фашист оккупанттарымен ынтымақтасу болды.

Виши үкіметі КСРО-мен дипломатиялық қатынасын үзді. 14 шілде 1941 жылы Виши үкіметі Германияга шекараны 1914 жылғы жағдайына келтіретін және Францияның ірі отар иеліктерін мойындайтын болса соғысқа кіретінін хабарлады. Виши үкіметі Германия, Италия және Жапония Үштік пактісіне кіруге дайын екенін мәлімдеді. Алайда Германия барлық назарын КСРО-ға қарсы соғысқа аударып, шығыс майданда операция аяқталғанша Франция мен Англия немесе Америка Құрама Штаттары арасында қарулы қақтығыс туғызуға болмайды деген шешімге келді. Виши үкіметі АҚШ-пен дипломатиялық қатынасын сақтады және Англиямен құпия байланыста болды.

8 қараша 1942 жылы генерал Эйзенхауэр бастаған одақтастар әскері Солтүстік Африкаға түсірілді. Одақтастардың Африкаға түсірілгенін естіген Германия мен Италия Францияның оңтүстік зонасын оккупациялады, өз әскерін Туниске әкелді. Ағылшын-американ десантына қарсы соғыс басталды. Солтүстік Африкадағы оқиға мен еркін зонаны оккупациялау Виши үкіметінің жағдайын мүддем өзгертті. Ол отарлық империяға өктемдігін жоғалтты, еркін зонадан, армия мен флоттан айырылды.

Оккупанттарға қарсы күреске шақырган қатты жаңғырық Францияда емес, генерал де Голль «Ерікті Франция» қозғалысын құрған Англияда да естілді. 18 маусым 1940 жылы де Голль Англия территориясында түрып жатқан француздарға үндеу тастап радиодан сөйледі. Де Голль Германиямен соғысуға шақырды.

Голль (Gaulle) Шарль де (1890-1970) . 1959-1969 жылдарда Франция президенті. 1940 жылы Лондонда антигитлерлік коалицияға ниеттес патриоттық «Ерікті Франция» қозғалысының негізін салды және басқарды. 1941 жылы Француз Ұлттық комитетінің, 1943 жылдан Алжирдің оңтүстігінде құрылған Ұлт-азаттық француз комитетінің басшысы. 1944 ж. қаңтар - 1946 ж. де Голль - Франция Уақытша үкіметінің басшысы. Соғыстан кейін «Француз халқын біріктіру» партиясының негізін салушы және жетекші. 1958 жылы Францияның премьер-министрі. Де Голльдің инициативасымен 1958 жылы президенттін құқын кеңейткен жаңа конституция дайындалды. Оның президенттігі тұсында Францияның ядролық күшін жасау жоспары жүзеге асты, НАТО ұйымынан шықты, кенес-француз ынтымақтастыгы едәуір дамыды.

1941 жылдың жазында «Ерікті Франция» әскері ағылшын әскерлерімен бірге Сирияда Вшыиге қарсы операцияға қатысты. Виши әскері капитуляцияланған соң, «Ерікті Франция» Англиямен бірге, бұл елдерге соғыстан кейін тәуелсіздік береміз деп, Сирия мен Ливанды басқарды. 1942 жылдың қарашасына дейін «Ерікті Франция» АҚШ-пен тіл табыса алмады. АҚШ тек Виши үкіметін таныды.

ФКП Қарсылық қозғалысы өрістеуінде үлкен роль атқарды. Әсіресе оның баспа органы - «Юманите» газетінің орны ерекше. Францияның тәуелсіздігі үшін күресте оның 12 редакторы каза тапты. Оккупация жылдарында 50 миллион данамен «Юманите» газетінің 317 номері жарық көрген. ФКП осы жылдары 2696 мың листовка мен брошюра таратқан. Қарсылық қозғалысының негізгі күші жұмысшы табы болды.

Үлы Отан соғысының басталуы және антифашистік коалицияның құрылуы «Ерікті Франция» позициясын да өзгертті. Оның басшылары Москвамен байланыс орнатуға шедіім қабылдады. Кеңес Одағы генерал де Голльді барлық ерікті француздардың басшысы ретінде таныды. Кеңес үкіметі «Ерікті Францияға» көмектесуге және жеңістен кейін Францияның үлылығы мен тәуелсіздігін толық қалпына келтіруді қамтамасыз ететіндігіне уәде берді. Бұған жауап ретінде' генерал де Голль КСРО мен оның одақтастары жағында ортақ жауды талқандағанша күресуге міндеттенді.

«Ерікті Франция» қозғалысы Қарсылық қозғалысымен 1942 жылдың қаңтарында ғана байланыс орната бастады. Осыған дейін деголльдік агенттер Қарсылық қозғалысынан тыс Францияда барлау жұмыстарын ғана жүргізген еді.

1942 жылы 23 маусымда АҚШ генерал де Голль бастаған француздық ұлттық комитетімен әскери ынтымактастық туралы меморандум жариялады. 1942 жылы шілдеде де Голль қозғалысы «Күресуші Франция» деп өзгертілді. Оны АҚШ пен Англия, Кеңес үкіметтері таныды. Де Голль өзінің басшылығымен Қарсылықтың әр түрлі топтарын біріктіру шараларын жүргізді.

Неміс-фашист әскерлерінің Сталинград түбіндегі жеңісі Францияда ^лт-азаттық қозғалысты одан сайын жандандырды. Француз Қарсылығының ^йымдары екінші майданды 1943 жылы ашу кампаниясына белсене кірісті.

1943-1944 жылдар француз ірі буржуазиясы мен Виши үкіметін ; олдаған ірі монополистердің сатқындық ролі Қарсылықтың буржуазиялық ; айраткерлер басқарған ұйымдарына да айқын болды.

6 маусым 1944 жылы ағылшын-американ әскерлерінің үлкен топтары генерал Эйзенхауэрдің басшылығымен Солтүстік Францияға түсірілді. 15 тамызда ағылшын-американ басшылығы Францияның оңтүстігіне десант түсірді. Ағылшын-американ әскерлерін іле-шала Француз Республикасының Уақытща үкіметі деп аталған ФКНО-ның әскери бөлімдері Франция территориясына енді. Ағьишын-АҚШ басқарушы топтары Қарсылық көмегіне сенді. Бірак халықты тыныштық сактауға шақырып, жаппай халық кетерілісінен қорыкты. Олар де Голльдің Уақыша үкіметін танығысы келмей Францияны өздерінің әскери-әкімшілігі арқылы басқаруды ойластырды. Осыған қарамастан одақтастар армиясының түсірілуі ұлттық көтеріліске сигнал болды. Францияның түкпір-түкпірінде патриоттар қолдарына қару алды. Франтирерлер мен партизандар отрядтарының саны аз күнде он есе өсті: 25 мыңнан 250 мың адамға жетті. 1944 жылдың жазында ФФИ күресушілерінің жалпы саны 500 мың адам болды. Ұлттық көтеріліс 90 департаменттің 40-ын жайлады. 28 департамент одақтар армиясынсыз Қарсылық күштерімен азат етілді. Генерал Эйзенхауэр француздың ішкі күштері оның әскеріне 15 тұрақты дивизияның күшіндей көмек көрсетті деп санады.

Франция астанасын тез азат етуді ойлаған көптеген патриоттар одактас әскердің келіп жетуін күтпей-ақ Парижді азат етуге кірісті. Кескілескен ұрыс барысында 24 тамызға қарай Париждің негізгі бөлігі азат етілді. 24 тамыз күні кешке Париж шіркеулері қоңыраулары үнімен генерал Леклеркті астана тұрғындары қуана қарсы алды. 25 тамыз 1944 жылы Монпарнас вокзалында Роль-Танги мен генерал Леклерк неміс гарнизонының ресми капитуляциясын қабылдады. Париж қарулы көтерілісі толық жеңіспен аяқталды,

Францияның азат етілуі. Ұлттық көтерілістің жеңісі ағылшын-американ әскерлерінің қимылдарын жеңілдетіп, Францияны азат етуді тездетті. 1944 жылдың кыркүйегінің ортасында Эльзас пен Лотарингиядан басқа бүкіл француз территориясы оккупанттардан тазартылды. 1944 жылдыц караша-желтоқсанында Эльзас пен Лотарингияны азат ету аяқталды.

Азат болған территорияларда билік Уақытша үкімет қолына көшті. Францияда одақтастардың әскери-әкімшілік құру әрекеттері жүзеге аспаған соң, АҚШ пен Англия Уақытша үкіметті мойындады, бірақ Францияның үлы державалар жиналыстарына қатысуына қарсы шықты және онымен ресми одактық қатынастар жасамады. Азат болған территорияларда патриоттық және демократиялық күштердің, жұмысшы табының, коммунистік партияның ықпалы айрықша өсті. Бұл де Голль бастаған Уақытша үкіметтің буржуазиялық тобын едәуір мазасыздандырды. Ағылшын-американ командашысының колдауына иек артып, олар қалың көпшілікті қарусыздандыруға асықты. Азат болған Парижге келген де Голль француз ішкі істер командованиесінің жойылғандығы және Қарсылықтың Ұлттық кеңесінің, Патриоттық милицияның қарусыздандырылуы жөнінде мәлімдеді. Жергілікті жерлерде билік Уақытша үкімет тағайындаған префектілер мен төтенше комиссарлардың қолына кешті. Оккупанттар езгісінен азат болған француз халқы экономиканы қалпына келтіру мен саяси өмірді жаңартуға кірісті.

Азаттық алған Францияның сыртқы саясаты бұрынғы дипломатиялық позицияны қалпына келтіру және антифашистік коалиция державаларымен байланыс орнатуға бағытталды. Франция фашистік Германия мен оның жақтастарын талқандауда үлкен роль атқарған Кеңес Одағымен қатынасына баса көңіл аударды. 23 қазан 1944 жылы де Голльдің Уакытша үкіметін үш үлы держава үкіметтері таныды. 11 қараша 1944 жылы Франция Европалық консультативтік комиссия жұмысына қатысуға шақырылды. 1944 жылы желтоқсанда генерал де Голль КСРО-да болып, 13 желтоқсан 1944 жылы одақтасу мен езара көмек туралы келісімге қол қойылды.

31 наурыз 1945 жылы француз әскерлері Рейннен өтіп, Дунайға жетті. Рейхстаг төбесінде Кеңес жалауы желбіреген 4 мамыр күні Леклерк дивизиясы Берхтесгадендегі Гитлер апанына шабуыл жасады. Францияның соғыс қимылдарына қатысуы өз жалауын КСРО, АҚШ, Англия жалауларымен қатар желбіретуге мүмкіңдік берді. Маршал Г. К. Жуков және АҚШ пен Англия командованиесінің өкілдерінің қолымен қатар Германияның сөзсіз капитуляциясы туралы актіге генерал Делаттра де Тассиньидің қойған қолы тұрды. КСРО, Англия, АҚШ-пен бірге Франция Нюрнбергте неміс-соғыс кінәлілеріне сот процесі үшін Халықаралық соғыс трибуналын күру жөніндегі келісімге қол қойды. Кеңес үкіметінін талап етуімен Германиядан Францияға дербес оккупациялық зона болінді. Оған Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылтай мүшесі статусы және Қауіпсіздік Кеңесінен тұрақты мүшелік орын берілді (КСРО, АҚШ, Англия, Қытаймен қатар) .

Азаттық алған соң 2071 сатқындарға елім жазасы кесілді: оның 1303-і кешірілді, 768-і жазаланды. Онан басқа 39 мың сатқындар түрмеге жабылды. Франция бес жылға созылған азапты, қорлықты өмірден соң бейбіт өмірге қайтып оралды.

Уақытша режи м. Францияның саяси құрылымы азат етіле бастаған 1944 жылдың күзінен, 1946 жылдың күзінде Тортінші Республика конституциясы қабылданганға дейінгі аралық тарихқа Уақытша режим деген атпен енді. Бұл ұзаққа созылмаса да, демократиялық және антифашистік күштер біраз табыстарға жеткен Франция тарихындағы өте маңызды кезең болып табылады. Антифашистік коалицияның жеңісі бұрынгы күш арасалмағын түбегейлі өзгертті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі
Франция дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қортындысы
ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРIНIҢ ҚАЗIРГI ЗАМАН ТАРИХЫ (1918 - 1945 жж. )
1918-1939 жылдардағы Франция
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай «қырғи қабақ соғыстың» шығу себептері
Екінші дүниежүзілік соғыс туралы
Соғыс қарсаңындағы әлемдік халықаралық дағдарыстың салдары
Дүние жүзілік соғыс туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz