Шыңғыс ханның Цзинь және Корея мемлекетін жаулап алудағы әскери өнерді дамытуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Шыңғыс ханның Цзинь және Корея мемлекетін жаулап алудағы әскери өнерді дамытуы

1211 жылы көктемде монғол әскерлері Керулен өзенінің бойынан Гоби шөлі арқылы Ұлы Қытай қорғанына қарай жорыққа аттанды. Олар өздерімен бірге азық-түлікке пайдалану үшін табын-табын мал айдай кетті. Цзинь мемлекетінің сол замандағы ең соңғы техникамен жарақтанған армиясы бар болатын. 20 ат сүйреп жүретін аса үлкен тастарды лақтыратын /бір тасты 10 шақты адам жабылып әрең көтерді/ тас лақтырғыш машиналары /бұл машиналармен кемінде 200 адам жұмыс істеді/, әскери мақсатта пайдаланатын оқ-дәрілері /порох/, оқ-дәрі толтырылған шойыннан жасалған гранаттар, гранаттарды ататын арнайы ракеталар т. с. с қару-жарақтарға ие еді.

Цзинь әскерлері, негізінен 3 халықтан құралды. Олардың негізгі бөлігін құраған қытайлар жат жерлік цзинь билеушілерін және олардың елі жужендерді жек көрді. Бұған қоса цзиньдіктерді Қытайды оған дейін билеп келген тайпалардың ұрпақтары қидандар, яғни қарақытайлар да ұнатпайтын. Осындай жағдайды пайдаланған Шыңғыс хан жорықты аз шығынмен аяқтауды мақсат етті. Өйткені Қытаймен ұзаққа созылған соғыс монғолдардың оңтүстіктегі және батыстағы дүшпандарына ес жинап, күшеюге мүмкіндік беретін. Барлаушылардың алдын-ала мәлімет беруі нәтижесінде монғолдар Ұлы Қытай қорғанының осал тұстарын іздестіре бастаған болатын.

Сары өзеннен бастап Пекин қаласының солтүстігіне дейінгі өңірде, яғни ел астанасының солтүстік-батыс шекарасы ішкі және сыртқы екі ірі қорғанмен қоршалды. Бұл екі қоршаудан тұратын мықты күзет қойылған аса берік қабырға болатын. Астананы қорғауға бар күштің жұмылдыратынын, сондықтан бұл қорғандарды бұзудың мүмкін еместігін жақсы түсінген Шыңғыс хан бар күшін осы бағытта ұйымдастырған сияқты көрінді де, өзі Ұлы Қытай қорғанының осал тұстарын жедел іздестіре бастады. Көп ұзамай ол қорғанның осал тұсын тауып, сол бағытта шабуылды жедел үдетті. Монғолдар, әсіресе ішкі қорғанды аларда үлкен шығынға үшырады. Даши қолбасы басқарған Цзинь әскерлері де осы тұста бар күштерін жүмсап, қатты қарсылық көрсетті. Үлкен шығынға ұшырағандықтарына қарамастан, Қытай қорғанының ішіне кіріп алған монғолдар жан-жаққа шабуылды үдетті. Олар тіпті осы маңда бағылатын қытай императорының жылқыларын да қолға түсірді. Бұл үлкен табыс болатын. Ішкі қорғаннан өтіп алғаннан кейін Шыңғыс хан Цзюй-юнь-гуань асуы арқылы Қытайдың ішкі өлкесіне 30 мың адамдық жасақ аттандырды. Бұл жасақты атақты қолбасылар Мұқалы, Жебе, Сүбедей басқарды. /Кейбір деректерде бұл жасақтың бас қолбасшысы Жебе ноян болатын делінеді/. Бұл жасақтың басты мақсаты негізгі күшпен байланысты үзбестен, жаудың ішкі өлкелерін байқап, осал тұстарын анықтау еді. /81, 93/

Жорыққа Шыңғыс ханның 4 үлы: Жошы, Шағатай, Үгедей, Толы қатысты. Үш үлкен ұлы әскерде қол басқарды, ал кенжесі Толы әкесінің жанында қалып, 100 мыңдық негізгі монғол әскеріне басшылық жасады. /89, 470/

Қытай қорғанының ішіне кіріп алғаннан кейін монғолдардың жекелеген ұсақ отрядтары жан-жақты барлауға аттанды. Көп ұзамай Жебе ноян цзиньдіктердің тылынан күйрете соққы берді. Бұл шайқаста монғолдар жер жағдайын қытайлықтардың өздерінен де жақсы білетіндіктерін байқатты. Әкесінен арнайы тапсырма алған ханзадалар Чаньси провинциясының солтүстігі мен Сары өзеннің арасында орналасқан қытай қалаларының бірінен соң бірін басып ала бастады. Ұзамай монғол әскерлері елдің астанасы Пекин қаласын басып алды /2, 210/. Нәтижесінде бар-жоғы бірнеше айдың ішінде Цзинь әскерінің негізгі әскери күші талқандалып, елдің көпшілік бөлігі мен 10 шақты ірі қалалары монғолдардың қолына өтті. Цзинь барлаушылары монғолдардың жорыққа дайындалып жатқандығын дер кезінде сарайға жеткізген болатын, алайда оңтүстіктен әскер жинап әкелгенше, солтүстіктегі Ұлы Қытай қорғаны жауды бөгей тұрады деген үміт ақталмай, қытайлар өздері күтпеген жағдайда талқандалып қалды. /81, 92-93/

Дегенмен Шыңғыс хан өзінің нашар қаруланған әскерімен бір жорықта-ақ Қытай мемлекетін бағындыра алмайтындығын жете түсінді. Сондықтан 1211 жылы күзде әскерін Ұлы Қытай қорғанынан алып шығып, далаға әкетті. Келесі 1212 жылы көктемде ол өзінің негізгі күшімен Қытайға қайта басып кірді. 1212 жылы цзиньдік қолбасы этникалық жағынан қидан болып табылатын Елюй Люгэ бүкіл әскерлерімен монғолдарға берілді. Бір жыл өткеннен кейін ол өзін ляо әулетінің билеушісімін деп жариялап, өзінің ата-бабалары басқарған қидан мемлекетін қайта қалпына келтіруге әрекет жасады. Ол 100 мың адамдық армия жасақтады, әрі бүкіл Манчжурияның қожайынына айналды. Шыңғыс хан қытай әскерлерін бір-біріне қоспай, жеке-жеке талқандауды көздеді. Бұл амал іске асып, қытай әскерлері тегеурінді қарсылық көрсетуге жарамай, жеке-жеке талқандалды. Көп ұзамай Сары өзеннің солтүстігіндегі жерлердің барлығына монғолдар бақылау орнатты. Тек Пекин мен он шақты ірі қала монғолдарға берілмей қалды. Өйткені монғолдар әлі қамалды ұзақ қоршаудың әдіс-тәсілдерін жете меңгеріп кете қоймаған болатын. Ал ұсақ қалалар мен елді мекендер Шыңғыс ханға соғыссыз бағынды немесе әртүрлі айла-тәсілдердің нәтижесінде қолға тиді. Мысалы, кезекті шайқастан кейін монғолдар өтірік жеңілген болып, әртүрлі арбаларды /обоз/ тастай қашты. Цзиньдіктер оңай олжаға масайрап қаладан шығып кетті. Осы сәтті тез пайдаланған монғолдар кенеттен шабуыл жасап, сыртқа шыққандарды қырып тастады да, бос қалған қалаға басып кірді. Жебе осындай тәсілмен цзиньдіктердің тылында орналасқан монғолдардың одақтасы Ляодун князіне қарсы соғысып жатқан Ляо-янь қаласын басып алды. Көптеген қалалар Жебеден қорқып, өздері еріктерімен бағынуға мәжбүр болды. /122, 124-126/

Пекин қаласының түбіндегі кезекті бір шайқаста 1212 жылы күзде Шыңғыс хан жараланып қалды. Армия дереу қоршауды тастап, Ұлы Қытай қорғанының сыртына шығып кетті. Бұл бір жағынан соғыста шаршаған әскер мен жылқыларды тынықтырып, қатарларын толықтырып алу мақсатында болса, екінші жағынан мұның саяси мәні де бар болатын. Осындай күтпеген шаралар арқылы төңіректегі көршілерді үнемі қорқытып ұстауға болатын. Келесі 1213 жылы да соғыс осындай бағытта өрбіді. Сөйтіп Қытаймен соғыс ұзаққа созыла бастады.

Ашық шайқаста монғолдар үнемі жеңіске жетіп отырды. Алайда үлкен қамалдарға орналасып алған цзиньдіктерге Шыңғыс хан еш нәрсе істей алмады. Бұл кезде цзиньдікгер монғолдардың одақтасы болған таңғұттар мен ляодундықтарды талқаңдаған болатын. Сөйтіп монғолдарға қос қанаттан қауіп төнді. Осындай жағдайда даланың ұлы әміршісі өз әскерлерін Ұлы Қытай қорғанынан далаға алып шықты. Дала оған қауіпсіз еді. Алайда Шыңғыс хан жараланғанына, шегінгеніне қарамастан, өзінің әрбір жорығынан кейін жіберілген кемшіліктерден қорытынды шығарып, тәжірибе жинақтап отырды. Бұл кемшіліктерді алдағы жорықтарда жібермеуге тырысты.

1214 жылы көктемде монғолдар Қытайға тағы да басып кірді. Бұл жолы монғолдар өткен жорықтарда кеткен кемшіліктер мен қателіктерді ескере отырып, жаңадан әскери тактика қолданды. Үлкен қамалдарды қоршаған кезде олар алдымен төңіректегі халықтарды жинап алып, қамалға қарай айдап жүрді. Мұндай жағдайда цзиньдіктер қамалды ұстап тұруға шыдамай, амалсыз берілуге мәжбүр болды. Монғолдардың жабайы тобыр емес, мықты армия екендігіне әрі олардың Қытайды басып алмайынша тынбайтындығына көздері жеткеннен кейін көптеген қидан көсемдері, кейіннен журдужендіктер өз жасақтарымен Шыңғыс ханға келіп қосыла бастады. Ал Шыңғыс хан алысты болжайтын қолбасы ретінде өздігінен берілгендерді дереу қабылдап, оларды қарсыластарына қарсы найзаласуға және қамалдарды күзетуге қалдырып кетіп отырды.

1214 жылы соғыс компаниясы кезінде Шыңғыс хан армиясына жаңа жау - жұқпалы дерт /моровая язва/ пайда болды. Бұл аурудан монғолдар жаппай қырыла бастады. Ұзақ жорыққа жылқылар да шыдамай, қатарлары селдіреп қалды. Бірақ қарсы жақтың әлсірегені сонша, монғол әскерлерінің ауыр жағдайын көре тұрып, оларға қарсы шабуыл жасауға ешқайсысының жүректері дауаламады. Керісінше император Шыңғыс ханнан бітім сұрап, көп алым төлеуге, жыл сайын салық төлеп тұруға келісім берді. Бұған қоса сарай ақсүйектерінің бірінің қызын Шыңғыс ханға беруге уәде берді. Бітім шарты қабылданды да, екі арада бейбітшілік орнап, монғолдар далаға қайтып келді. Бұл бітімге Шыңғыс ханның келісуінің тағы бір себебі - оның Батыстағы негізгі жауы найман Күшлік хан 1208 жылы монғолдардан қашып құтылып, қарақытай мемлекетіне өтіп кеткендігі белгілі болатын. Осы Күшлік ханның қарақытай мемлекетін басып алғандығын естіген Шыңғыс хан өзінің Батыс шекарасы үшін қауіптене бастады.

Ал цзинь императоры бітім жасасып, монғолдардың далаға кеткеніне көзі анық жеткеннен кейін, өзінің жеке басының қауіпсіздігі үшін астананы оңтүстіктегі қауіпсіздеу қалаға көшірді де, астанаға басшы етіп өзінің ұлы - тақ мұрагерін тастап кетті. Мұны мұрагердің төңірегіндегі патриотсымақ шенеуніктер дереу пайдалана қойып, жас ханзаданы әкесіне қарсы шығып, жабайы көшпенділерге қарсы халық қозғалысын ұйымдастыруға желіктірді. Сөйтіп бұрын-сонды болып көрмеген цзинь қаруының кемсітушілігін жоюды ұсынды. Бұған желіккен ханзада өзіне жоғары билікті алып, халықты көтерілуге шақырды. Монғолдар шапқыншылығынан әбден ашынған халық бірден көтеріліп, солтүстіктегі монғолдар тастап кеткен гарнизондарды қырғынға ұшыратты. Моральдік көңіл күйлері көтеріліп алған халық пен цзинь армиясы бұған да қанағаттанбай, монғолдардың одақтасы Ляодун князьдігіне шабуыл жасады. Жағдайдың тез ұшыққаны сонша, бұл оқиға Шыңғыс ханның құлағына жеткен кезде ол әлі өз ордасына жеткен де жоқ болатын.

Қыстың түсіп келе жатқанына қарамастан, Шыңғыс хан әскерлерді дереу тоқтатып, оларды тез екіге бөліп, бір тобын оңтүстікке - император сарайына жіберіп, екінші топты солтүстікке - көтерілген халықты басуға аттандырды. Ал негізгі күшті Ұлы Қытай қорғаны маңайына қыстап, қажет болған жағдайда алдыңғы жасақтарға жәрдем беруге даяр тұруға қалдырды. Алайда жіберілген жасақтар олардың көмегін қажет етпестен, тапсырманы ойдағыдай орындап шықты.

Солтүстікке жіберілген Сүбедей жасағы халық көтерілісін басып қана қоймай, әрі қарай жорық ұйымдастырып, Кореяны да басып алды. Мұқалы мен Ляодун князі Минга жауды шегіндіре отырып, ел астанасы Пекин қаласын қайтадан толық қоршауға алды. Жақында ғана көтерілген халықтың еңсесі түскені сонша, ешқандай қарсылық көрсетуге шамалары келмеді. Сөйтіп үш жыл бойы монғолдар қоршап ала алмаған Пекин қаласы ұзақ қоршаудан кейін Мұқалыға берілді. Бұл 1215 жылдың мамыр айы болатын, /2, 210/

Бұл кезде Ұлы Қытай қорғаны маңында қыстап шыққан монғолдардың негізгі әскерлері де соғысқа араласқан болатын. Олар оңтүстіктегі императордың Пекин қаласын қорғаушыларға көмекке жіберген армиясын талқандады, бірақ олардың ізіне түсіп қуалауға әскер күші аздық етті. Бұған қоса көтерілісті бастауға түрткі болған ханзадаға да қашып құтылудың сәті түсті. Пекин қаласының құлауы соғысты тоқтатуға негіз болмады. Оңтүстіктегі күшіне сенген император соғысты жалғастыра берді, Монғолдар Пекин қаласындағы мол олжаны басып қалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шыңғыс хан империясы
Моңғолстанның құрылуы
Шыңғыс хан (Тэмуджин, Темучин)
Шыңғыс-хан құрған мемлекеттің негізі
Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің қоғамдық - саяси жағдайы
МОҢҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ. ШЫҢҒЫСХАН ЖӘНЕ ТҮРІК-МОҢҒОЛ МЕМЛЕКЕТІ
Шыңғыс хан- өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері
Моңғол шапқыншылығы дәуірінде Қазақстанда мемлекет пен құқық
Шыңғыс хан ұлы қолбасшы және евразиялық империяны құрушы
Монғолдардың өзара қырқысуы және Темучиннің жоғарлануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz