Екінші дүниежүзілік соғыс: алғышарттары және басталуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе 3
1-тарау. Екінші дүниежүзілік соғыс: алғышарттары және басталуы 4
2-тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстың өрбу кезеңдері 5
3-тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары 14
Қорытынды 16
Пайдаланылған әдебиеттер 17

Кіріспе

Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы туралы ғылыми зерттеулер
жетерлік. Алайда оның көпшілігі СССР кезеңіндегі идеологиялық талаптарға
сай жазылды. СССР ыдырағаннан кейін екінші дүниежүзілік соғыстың тарихына
жаңаша көзқараспен қарау қажеттігі пайда болды. Екінші дүниежүзілік
соғыстың алғышарттары, соғыстың басталуы, оған қарсы антигитлерлік
коалицияның құрылуы, т.б. мәселелер де жан-жақты, бүгінгі заман талабы
тұрғысынан қарауды талап етеді. Бұл ретте соңғы жылдардағы ашылған
мұрағаттық құжаттар мен жаңадан, соны көзқараспен жазылған әдебиеттерді
қарастыру, оларға шолу жасап, талдап-таразылау айрықша өзекті. Әрине, шағын
жұмыста бұлардың барлығын қамту мүмкін емес. Сондықтан біз жоғарыда
аталғандарға бастама боларлық мәселелерді қарастырумен шектелеміз.
Жұмыста В.М. Бережковтың, В.Т. Фоминнің, Н. Вознесенскийдің, Д.А.
Волкогоновтың тағы басқа да тарихшылар мен әскери қолбасшылардың
күнделіктері мен мемуарларын да шама-шарқымызша қарастыра отырып, екінші
дүниежүзілік соғыс туралы кеңінен ақпарат беруге тырыстық.
Гитлерлік Германияның Совет Одағына шабуыл жасауы бүкіл халықаралық
жағдайды түп-тамырымен өзгертіп жіберді. Империалистік державалардың
бәсекелес екі тобының жанжалы болып басталған екінші дүние жүзілік соғыстың
антифашистік, азаттық соғысына айналу процесі аяқталды. Құрамына СССР,
Англия және АҚШ енетін әскери-саяси одақтың құрылуы үшін нақты алғышарттар
жасалды. СССР, АҚШ, Англия және басқа да антифашистік мемлекеттердің
антигитлерлік коалициясы құрылуының заңдылық жағы жөнінде айтатын болсақ,
ол бірнеше сатыдан өтіп барып, 1942 жылдың бірінші жартысында аяқталды. Осы
кезеңнің бүкіл барысында Совет Одағы фашизмге қарсы соғыста халықтардың
жауынгерлік одағын құру үшін нысаналы күрес жүргізді.

1-тарау. Екінші дүниежүзілік соғыс: алғышарттары және басталуы

Екінші дүниежүзілік соғыс (1939—45) – халықаралық империалистік
реакция дайындап, агрессияшыл мемлекеттер – Германия, Италия және Жапония
бастаған соғыс. Бұл соғыс империалистік елдер арасындағы қайшылықтардың
барынша шиеленісіп, өткізу рыногы, шикізат көзі және капитал орналастыру
жолындағы күрестің салдарынан туды. Халықтардың ұлт-азаттық күресінің
ықпалымен және соғысқа СССР-дің амалсыз кірісуінің салдарынан фашистік
басқыншыға қарсы күрес әділетті антифашистік соғыс сипатында жүргізілді.
Соғыстың дайындалуы және басталуы. 30 жылдары Германия мен Жапония
соғыс ошақтарына айналды. 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін
Германия империализмінің ең алдымен СССР-ге қарсы бағытталған екпінді
күшіне айналды. Германияның фашистік үкіметі бүкіл дүние жүзін жаулап алып,
үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға тырысты. Жапония мен Италия да
дүниені қайта бөлуді қалады. СССР-ге ғана емес, Ұлыбритания, Франция, АҚШ-
қа да қауіп төнді. Капиталистік елдердің антисоветтік топтары Германияны
СССР-ге айдап салып, екеуін де әлсірету, СССР-ді фашистердің қолымен жою
саясатын жүргізді. Капиталистік және социалистік жүйелер арасындағы басты
қайшылық екінші дүниежүзілік соғыс алдында осылай байқалды.
Соғыс қаупі жағдайында СССР бірнеше елмен күш біріктіру арқылы ұжымдық
қауіпсіздік жүйесін құрып, басқыншыларды тежеу саясатын жүргізді. 1935 ж.
Франциямен және Чехословакиямен өзара көмек шартын жасады. Совет мемлекеті
елдің қорғанысын нығайтып, оның соғыс-экономикалық потенциалын дамытуға
бағытталған шараларды жүзеге асырды.
30-жылдары гитлерлік Германия дүниежүзілік соғысқа дипломатиялық,
стратегиялық, экономикалық жағынан даярланды. 1919 жылғы Версаль бітім
шартын бұзды, Ұлттар лигасынан шықты. 1936 ж. Рейн аймағын басып алды. 1936
ж. Германия мен Жапония Антикоминтерн пактісіне қол қойды, бұған 1937 ж.
Италия қосылды. Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935—36 ж. Эфиопияда,
Германия мен Италия 1936—39 ж. Испанияда соғыс жүргізді. 1938 ж. Германия
Австрияны қосып алды. Германия тарапынан қауіп төнгенде, Чехословакия (Э.
Бенеш үкіметі) СССР көмегінен бас тартты. Англия, Франция араласпау
саясатын ұстады. Олар 1938 ж. Мюнхен келісіміне қол қойып, Чехословакияның
Судет облысын Германияның басып алуына келісті. Германия 1939 ж. наурызда
Чехословакияны, Литваның Мемель облысын, сәуірде Италия Албанияны басып
алды. Ұлыбритания мен Франция өз мүдделерін қорғап қалу үшін Польша,
Румыния, Греция, Түркияның тәуелсіздігіне кепілдік берді. Франция
Польшаны Германия шабуылынан қорғауға міндеттенді. Ұлыбритания, Франция
үкіметтері қоғамдық пікірден сескеніп әрі Германияға қыр көрсету үшін 1939
ж. СССР-мен Москва келіссөздерін жүргізді. Бірақ олар ұжымдық қауіпсіздік
шартына келіспеді. Совет Одағы сәтсіз келіссөзді тоқтатып, өз қауіпсіздігі
үшін Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне (1939 ж. 23 тамыз)
келісті.
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Германия қару-жараққа жұмсалған
қаржыны 37 млрд. маркаға, әскер санын 4,6 млн. адамға жеткізді. Бұл кезде
Франция әскері 2,67 млн., ағылшын әскері 1,27 млн. адам еді. Польша өз
күшінің 70%-ін мобилизациялап үлгірді. Ол Франция мен Ұлыбританияның
көмегіне сенді. Германия ең алдымен Польшаны тез басып алуды жоспарлады.

2-тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстың өрбу кезеңдері

Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек - 1941 ж. 21 маусым) – соғыс
майдандарында фашистік Германияның жеңіске жеткен кезеңі. 1 қыркүйекте
Германия Польшаға шабуыл жасады. 3 қыркүйекте Ұлыбритания мен Франция
Германияға соғыс жариялады. Поляк армиясы табандылықпен күресті. 8-28
қыркүйек аралығында Варшаваны ерлікпен қорғады. Алайда күші басым жау
басшысыз, көмексіз қалған Польшаны қазанда басып алды.
17 қыркүйекте Қызыл Армия Польшаның шекарасынан өтіп, Батыс Белоруссия
мен Батыс Украинаны фашистік басқыншылардан азат етті. Олар УССР мен БССР-
ге қосылды. 1939 ж. қыркүйек-қазан айларында Совет Одағы Эстония, Латвия,
Литвамен өзара көмек шарттарын жасап, оларды агрессордың соғыс плацдармына
айналуынан сақтап қалды. 1940 ж. бұл елдер буржуазиялық үкіметтерін
құлатып, өз тілегімен СССР-ге қосылды. 1939-40 ж. совет-фин соғысы
нәтижесінде СССР шекарасы Карель мойнағында, Ленинград маңында Мурманск
теміржол бойында солтүстік-батысқа қарай жылжытылды. 1940 ж. 28 маусымда
Румыния 1918 ж. басып алған Бессарабияны және Солтүстік Буковинаны СССР-ге
қайтару туралы Совет үкіметінің ұсынысы жүзеге асырылды. Екінші
дүниежүзілік соғысы жағдайында Совет елі батыс және солтүстік шекараларын
нығайтты.
Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германиямен антикоммунизм негізінде
тіл тауып, оны СССР-ге қарсы айдап салуға тырысты. Олар соғыс жариялап
тұрса да, 9 ай бойы Германияға қарсы соғыс қимылдарын жүргізбеді. Осыны
пайдаланып фашистік Германия әскері Ұлыбритания теңіз флотына соққы берді,
Батыс Еуропаны басып алуға кірісті. 1940 ж. сәуір-мамырда Норвегия мен
Данияны жаулап алды. 10 мамырда Бельгия, Нидерланды, Люксембургке басып
кірді, Францияға бас салды. Германияның қарулы күштері Францияның Мажино
бекінісін айналып өтіп, Ла-Манш бұғазына беттеді. Петен бастаған Француз
үкіметі қарсыласудан бас тартып, 22 маусымда тізе бүкті. Оңтүстік Францияға
Петеннің Виши қуыршақ үкіметі ғана сақталып, қалған территорияда
гитлерлік басқыншылардың тәртібі орнады. 1940 ж. маусымда Лондонда генерал
Ш. де Голль басқарған Ерікті Франция комитеті құрылды. 1940 ж. маусымда
Италия Ұлыбритания мен Францияға соғыс жариялады. 1940 ж. жазда гитлершілер
Ұлыбританияның соғыс-экономик. потенциалын әлсірету үшін ағылшын қалаларын
аяусыз бомбылай бастады. Кейін Гитлер Ұлыбританияға басып кіруден бас
тартып, Сов. Одағына қарсы агрессиялық соғысқа дайындыққа кірісті. Осыған
байланысты Германия, Италия, Жапония одағы нығайтылды. Балқан кампаниясы
(1941) нәтижесінде Югославия мен Грецияны жаулап алды. Югославияда фашистік
Хорватия, Сербия мемлекеттері құрылды. Румыния, Венгрия, Болгария,
Финляндия фашистік одақтың құрамына енді. Жаулап алынған жерлерде фашистер
аяусыз террор, лагерьлердегі тұтқындарды қырып-жою, жұмысқа пайдалану
саясатын жүргізді. Бұл нацистік тәртіп Қарсыласу қозғалысын туғызды.
Ұлыбритания мен АҚШ сыртқы саясатын өзгертіп, фашизмге қарсы күрес
жүргізу бағытына көшті, әскери күштерін нығайта бастады. АҚШ соғысушы
Еуропа елдеріне несиеге, жалға соғыс материалдарын беру (ленд-лиз) туралы
заң (11. 3. 1941 ж.) қабылдады.
Соғыстың 2-кезеңі (1941 ж. 22 маусым —1942 ж. 18 қараша) – екінші
дүниежүзілік соғыс аумағы кеңейіп, оның басты және шешуші бөлігі – Совет
Одағының Ұлы Отан соғысы басталған кез. 1941 ж. 22 маусымда гитлерлік
Германия СССР-ге опасыздықпен шабуыл жасады. Оған Венгрия, Румыния,
Финляндия, Италия қосылды. Германия қарулы күштерінің 77%-ін Совет Одағына
қарсы қойды. Совет елінің фашизммен күресі екінші жүниежүзілік соғыстың да,
бүкіл адамзаттың да тағдырын шешті, соғысушы елдердің саясатына және
стратегиясына зор әсер етті. Совет территориясына баса-көктеп кірген жау
қатты қарсылыққа ұшырап, таңдаулы қарулы күштерінен айрылды. Қызыл Армия
Москва шайқасында (30. 9. 1941— 20. 4. 1942) фашистердің қауырт соғыс
жоспарын күл-талқан етіп, қарсы шабуылға шықты. Қызыл Армияның Москва
түбіндегі жеңісі екінші дүниежүзілік соғыстың бүкіл барысына ықпал жасады.
Гитлерлік Германияның 1942 ж. маусымдағы шабуылы да нәтижелі болмады. Шілде-
қараша айларының аралығында совет әскерлері Сталинградты ерлікпен қорғап,
жауға соққы берді. Қызыл Армия ірі жеңістерге жетті. СССР-де екінші
дүниежүзілік соғыс барысында түбірлі өзгеріс жасауға қажетті жағдай
жасалды.
Халықтардың азаттық күресі антигитлерлік одақтың негізін салды. Совет
үкіметі фашизмге қарсы бірігіп күресу туралы 1941 ж. шілдеде
Ұлыбританиямен, Чехословакиямен, Польшаның эмигрант үкіметімен келісімге
келді. 24 қыркүйекте АҚШ пен Ұлыбритания арасында жасалған Атлантика
хартиясына қосылды. Қыркүйектің аяғы - қазанның басында Москвада АҚШ,
Ұлыбритания, СССР керек-жарақпен өзара алмасу туралы хаттамаға қол қойды.
1941 ж. 7 желтоқсанда Жапония Тынық мұхитта Пёрл-Харбор соғыс базасына
шабуыл жасап, АҚШ-пен соғыс бастады. 8 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания және
басқа мемлекеттер Жапонияға соғыс жариялады. АҚШ-тың соғысқа кіруі
антигитлерлік одақты нығайта түсті. 1942 ж. 1 қаңтарда Вашингтонда фашизмге
қарсы күресуші 26 мемлекет декларация қабылдады. Олар барлық күшті
біріктіріп, жауды толық жеңгенге дейін соғысуға келісті. Антигитлерлік одақ
дүние жүзіндегі антифашистік күштерді біріктірді. Вашингтон
конференциясында 1941 ж. 22 желтоқсан – 1942 ж. 14 қаңтар Черчилль мен
Рузвельт соғыстың стратегиялық жоспарын белгілеп, Батыс одақтастардың жалпы
басқару жүйесін құрды (біріккен ағылшын-американ штабы, Тынық мұхитта
ағылшын-американ - голланд - австралия бірыңғай одақтық командованиесі).
1941 ж. қарашада Германия, Италия, Жапония Антикоминтерн пактісін 5
жылға ұзартып, желтоқсанда АҚШ пен Ұлыбританияға қарсы соғысты жеңгенше
жүргізе беруге келісті. Жапония АҚШ-тың Тынық мүхит флотының негізгі
күштеріне соққы беріп, Таиланд, Сянган (Гонконг), Бирма, Малайяны,
Филиппин, Индонезияның басты аралдарын басып алды, Австралияға қауіп
төндірді.
АҚШ бүкіл ресурсын жинақтап, соғыс экономикасын жеделдетуге шара
қолданды. Атлантикадан флоттың бір бөлігін Тынық мұхитқа көшіріп, 1942
жылдың 1-жартысында жапондарға қарсы соққы берді. Жапония флоты бірнеше рет
жеңіліске ұшырап, қорғаныска көшті. Индонезия, Үндіқытай, Корея, Бирма,
Малайя, Филиппин патриоттары Жапония басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық
қозғалысын күшейтті. 1941 ж. жазда Жапонияның Қытайдағы шабуылы тоқтатылды.
Американ және ағылшын флоттары Германияның сүңгуір қайықтарына тойтарыс
беріп, 1942 ж. жазда оларды Атлантиканың орталық аудандарына ығыстырды.
Соғыстың 3-кезеңі (1942 ж. 19 қараша - 1943 ж. желтоқсан) –
антигитлерлік одақ бастаманы өз қолына алып, жаппай стратегиялық шабуылға
көшкен кезең. Шешуші шайқастар совет-герман майданында жүргізілді.
Германияның 1942 ж. қарашасы қарсаңындағы 267 дивизиясы мен 5 бригадасының
192 дивизиясы мен 3 бригадасы, яғни 71%-і Қызыл Армияға қарсы соғысты.
Бұлардан басқа Германия отаршыларының 66 дивизиясы мен 13 бригадасы осы
майданда болды. 1942 ж. 19 қарашада Совет әскерлері Сталинград түбінде
қарсы шабуылға шықты. Оңтүстік-Батыс, Дон, Сталинград майдандарының
әскерлері жау қорғанысын бұзып өтіп, Волга мен Дон өзендерінің аралығында
неміс армияларының 330 мыңдық тобын қоршауға алды. 1943 ж. 2 ақпанда жаудың
Сталинград түбінде қоршауға алынған тобы жойылды. Сталинград шайқасының
нәтижесінде гитлерлік армияның 32 дивизиясы мен З бригадасы талқандалды, 16
дивизиясы әлсіреді.
Қызыл Армияның жеңісі СССР-де партизан қозғалысының қанат жаюына және
Польша, Югославия, Чехословакия, Греция, Франция, Бельгия, Нидерланды,
Норвегия және басқа елдерде фашизмге қарсылық қозғалысының дами түсуіне зор
әсер етті. Антифашистік күштердің ұйымдастырушылары коммунистік партиялар
болды. Гитлершілер басып алған жерлердегі бұл қозғалыс жаудың біраз
күштерінің қолын байлады. 1942 ж. 1-жартысында Батыс Еуропада екінші майдан
ашуға ыңғайлы кез туды. АҚШ пен Ұлыбритания басшылары 1942 ж. 12 маусымда
жарияланған ағылшын-совет және совет-американ коммюникесінде екінші
майданды 1942 ж. ашатындығын мәлімдеді. Алайда Батыс Еуропа мемлекеттерінің
басшылары СССР мен Германияны бірдей әлсіретіп, дүние жүзінде үстемдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары
Бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихын зерттеу
Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Бірінші дүниежүзілік соғысты жан-жақты талқылап, тарихи мәнін ашу
Германиядағы қараша революциясы
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы туралы
Франк- Прусс соғысының басталуы
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
Пәндер