Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай
ЖОСПАР
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай 2
Қырғи қабақ соғыстың шығу себептері. 2
Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы. 3
Черчилльдің Фултонда сөйлеген сөзі 6
Маршалл жоспары 7
Дүниежүзілік саясат белестері. 11
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 13
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай
Қырғи қабақ соғыстың шығу себептері.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы атылғанда дүние өз дамуының
жаңа бір дәуіріне енгендей болды. Адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл,
ең ауыр соғыс аяқталды. Осы сұмдықтан кейін жаңа соғыс туралы ойлаудың өзі
қылмыс болатын. Ол қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрі істелінді.
Германия талқандалып қана қойған жоқ, оны женгендер оккупациялады, енді
герман милитаризмінің қайта өрлеуі туралы сөз болуы мүмкін еместей көрінді.
Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің арасында орнаған ынтымақтастық
деңгейі оптимизм сезімін ұялатты. Үлкен үштіктің жоғарғы дәрежедегі
кездесулері үнемі өткізіліп отырылды. Соғыс қимылдарын үйлестіру, саяси
қатынас келісімдері, экономикалық ынтымақтастықты кеңейте тусу жүзеге
асырылып отырды.
Осы қатынастардың символы ретінде Үлкен үштіктің үшінші кездесуін -
Берлин (Потсдам) конференциясын айтуға болады. Ол Берлиннің жанындағы
Потсдам калашығында 17 шілде-2 тамыз 1945 жылы өтті. АҚШ-тан 1945 жылы
сәуірде қайтыс болған Франклин Рузвельттің орнына болған Гарри Трумэн,
Ұлыбритания - Уинстон Черчилль, КСРО - Сталин қатысты. Алайда конференция
барысында күтпеген оқиға болды. Соғыстан кейінгі парламент сайлауында
Черчилль бастаған консерваторлар жеңіліс тапты. Тұңғыш рет лейбористер көп
орынға ие болып, оның лидері Клемент Эттли үкіметті басқарды. Ол жаңа
құраммен Потсдамға келді. Қырым конференциясымен салыстырғанда Үлкен
үштік құрамы жаңарды,
Берлин конференциясы Париж конференциясы сияқты бейбіт конференция
болған жоқ. Себебі ешкіммен бітім жасалынбайтын еді. Германия
оккупацияланды, оның территориясында билікті төрт оккупациялық зонаға
бөліп, Ұлыбритания, КСРО, Франция, АҚШ жүргізді. Конференцияның басты
мақсаты одақтас державалардын Германияға деген саясатын анықтау болатын.
Конференцияның шешімі: барлық ұлтшыл-социалистік ұйымдарды тарату; бұрын
тыйым салынған саяси партиялар мен негізгі азаматтық бостандықтарды қалпына
келтіру; соғыс онеркәсібін жою; нацистік Германияға қызмет еткен,
өнеркәсіпті милитаризациялаудың құралы болған картельдерді тарату. Сондай-
ақ одақтастар қолына түскен нацистердің ең жоғарғы басшыларын арнайы
Халықаралық трибунал сотына беруге келіеті.
Германияның мемлекеттік шекарасы аныкталды. Германиядан Польша мен
КСРО-ға Шығыс Пруссия берілді, Польшамен шекара батысқа, Одер-Нейсе өзені
сызығына жылжыды. Жалпы айтқанда Германияның территориясы 1938 жылмен
салыстырғанда 14 азайды. Германиянын 1938 жылдан бастап иемденген
жерлерінің бәрі ешқандай қарсылықсыз қайтарылатын болды. Конференция осы
территориялардан (9 млн-нан астам адам) немістердің жаппай көшірілуіне
келісті. Сондай-ақ әр зонадағы соғыс тұтқындарын өзара алмасу туралы да
келісім болды. Сонымен қатар КСРО Англия мен АҚШ-ты КСРО-дан батысқа қашқан
азаматтардың бәрін еріксіз болса да қайтаруға келісімдерін алды. Олардың
КСРО-дағы тағдырыныі қандай болатындығы айқын болса да, одактастар бұл
мәселе бойынш Сталинмен қақтығыскысы келмеді: Трумэн Жапония туралы ойлады,
өйткен КСРО-ның қатысуынсыз оны жеңу қиынға түсетін еді, ал Эттли немістер
тұтқынында болып, КСРО оккупациялаған территорияда қалған 25 мың
ағылшындардың тағдыры туралы ойлады. Репарацияның жалпы сомасы 2 млрд.
доллар көлемінде анықталды, оның 50%-ын КСРО алатын болды Германияда
репарация төлеуін жоққа шығаратындай финанстық қиындық туғызбау үшін,
репарацияны өнеркәсіп құралдарын әкету арқылы алу көзделді. Берлин
конференциясында Германияны біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалу
қарастырылды. Нацизмді құртқан соң елде жалпы сайлау өткізіп жаңа
демократиялық Германия үкіметімен бейбіт келісімге қол қою жоспарланды.
Оған дейін Германияда билікті оккупациялық үкіметтер атқаратын болды.
Осыған сәйкес Германия төртке бөлінді және Берлин Германияның астанасы
болып қалды. 1945 жылы қарашада Нюрнбергте соғыс қылмыскерлеріне сот
басталды. Ұлыбритания, Франция, КСРО, АҚШ-тың білікті заңгерлері рейх
басшыларын соғысты дайындау мен тұтандыруға ғана емес, соғысты жүргізу
заңдары мен адамгершілік принциптерін бұзғаны үшін айыптады. Сот процесі он
айдан астам созылды, үш ғана айыпталушы ақталды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы.
1945 жылы Европадағы соғыстың аяғына қарай, Тынық мұхитта соғыс әлі
жүріп жатқан кезде дүниежүзінің соғыстан кейінгі құрылымы туралы шешім
қабылданды. 5С елдің окілдері Сан-Францискоға (Калифорния) Біріккен Ұлттар
Ұйымын (ООН) құру конференциясына жиналды. Оның уставы бекітілді, ол Ұлттар
Лигасы уставын еске түсіретін еді. Жаңа ұйымның құжатында мемлекеттер
арасында достық қатынастарды дамыту; экономикалық-әлеуметтік және
гуманитарлық сипаттағы проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастықты
жүзеге асыру; дүниежүзіндегі аштық пен қайыршылық, аурулармен күрес
шараларын үйлестіру көрсетілген. БҰҰ барлық мүшелерінің теңдігі, дау-
таластарды бейбіт шешу, күш қолдану қаупінен сақтану принципіне
негізделген. Солай бола тұрса да БҰҰ мемлекеттердің ішкі ісіне қол
сұқпайды. Егер де өз кезінде АҚШ Ұлттар Лигасына қатысудан бас тартса, енді
сенат 98 дауыспен Біріккен Ұлттар Ұйымы хартиясын тез ратификациялады. Бұл
АҚШ-тың сыртқы саясатында белең алған оқшауланудың аяқталғандығын,
дүниежүзіне Құрама Штаттардың халықаралық қатынастарда жетекші роль
атқаруға ниеттенгендігін көрсетті.
БҰҰ жоғарғы органы болып, сессиясы жылына бір рет болатын Бас
Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінен, сол кезде 11-дің - 5-і тұрақты (АҚШ,
Ұлыбритания, Франция, КСРО, Қытай) және Бас Ассамблея екі жылға сайлап, 6-ы
ауысып отыратын мүше мемлекеттерден тұрды. Қазіргі кезде БҰҰ-ның 189 мүшесі
бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасы болғандығы қуантады. Уставқа сай
Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілікті сақтау міндетін тікелей атқаратын үнемі
әрекет ететін орган болып табылады. Өзінің өкілеттілігіне сай Қауіпсіздік
Кеңесінің агрессорларга санкция салуға, блокада енгізуге және оларға қарсы
күш қолдануға құқы бар. Барлық мәселелерді шешуде Қауіпсіздік Кеңесінің
тұрақты мүшелерінін бірауыздылығы қажет. Бас Ассамблея Экономикалық және
Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық жөніндегі кеңес, Халықаралық Сот, Біріккен
Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы бастаған Секретариат сайлайды. Кейінірек
Біріккен Ұлттар Ұйымы эгидасымен әр түрлі арнайы ұйымдар құрылды. Сонын
бірі - ЮНЕСКО (Білім, ғылым, мәдениет бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы). Оның
уставына алғашқыда 50 мемлекет қол қойды Оның ішінде КСРО-нан Біріккен
Ұлттар Ұйымы мүшелері статусын алған Украина мен Белоруссия да кірді.
Германияның бұрынғы одақтасымен бітімшартын дайындау бір жарым жылға
созылды. Бейбіт бітім-шарттарының мәтініне келісу Сыртқы істер министрлер
Кеңесінің Лондонда, Парижде өткен сессияларында және КСРО, АҚШ пен Англия
Сыртқы істер министрлерінің Москвада өткен мәжілісінде жасалынды. 1946 жылы
29 шілде - 16 қазанда Париж бейбіт конференциясы өткізілді. Оның жұмысына
21 мемлекет қатысты: АҚШ, Англия, Франция, КСРО, Қытай, Австралия, БССР,
Бельгия, Бразилия, Голландия, Греция, Индия, Канада, Норвегия, Жаңа
Зеландия, Польша, УССР, Чехословакия, Эфиопия, Югославия, ОАР (Оңтүстік
Африка Республикасы). Конференцияға мемлекет басшылары қатыспады.
Конференцияда басты назар фашизмді түпкілікті жою мәселесіне
аударылды. Демократиялық күштер фашизмнің қайта туындауына мүмкіндік
бермеуді талап етті. Бітімшартының мәтініне Румыния, Венгрия, Болғария,
Финляндиядағы фашистік ұйымдардың қызметіне тыйым салған баптар енгізілді,
осындай баптардың Италиямен жасалынатын бітімшартына енгізілуіне батыс
мемлекеттер қарсы шықты. Бұрынғы Италия отарларының тағдыры жөнінде мәселе
талқыланғанда батыс державалар, егер де Сырткы істер министрлер Кеңесі бір
жылдың ішінде өз пікірін білдірмесе бұл мәселені шешуді БҰҰ-на беруге
ұсыныс жасады. Оган дейін отарларға ағылшын-американ әскерлері бақылау
жасады. Осылайша Италия өзінін барлық отарларынан айырылды. Ол Грецияға
Додеканез аралдарын, Югославияға Истрия түбегін берді.
Европада территориялық мәселелерді реттеу барысында Англия мен АҚШ
өкілдері өз ұсыныстарын өткізуге барын салды. Олар грек делегациясының еш
негізсіз болғар территориясына көз тігуін қолдады, Финляндияның КСРО
есебінен территориялық мәселені шешуге тырысқан реакциялық тобының
антикеңестік көңіл күйін қоштады, Италияның өзіне Юлиялық Крайна мен
Триесті беру жөніндегі талабын қорғады. Финляндия КСРО-ға Печенга (Петсамо)
облысын берді. Үштік пактінің барлық мүшелері репарация төлейтін болды.
КСРО соғыстан кейін өзінің территориясын тағы да ұлғайтты. КСРО
құрамына Оңтүстік Сахалин мен Куриль аралдары кірді. Сонымен қоса КСРО
Қытай территориясынан иелік алды, соның нәтижесінде Солтүстік-Шығыс Қытай
оның ықпал ету аймағына айналды. КСРО-ға Печенгадан басқа, 1938 жылға дейін
Чехословакия құрамында болған Закарпаттық Украина, РСФСР-дың Калининград
облысы болып аталған Шығыс Пруссия бөлігі қосылды. КСРО үкіметі Орталық
және Оңтүстік-Шығыс Европ; мемлекеттерінде өкімет басына кеңестік күштер,
атап айтқанда коммунист партиялар келуге бар күшін салды. 1945-1946
жылдарда территориясын ұлғайтудан сон, КСРО Түркияға территориялық көз
тігіп, Дарданеллді КСРО-ның әскери-теңіз базасын жасау құқын қоса Қаратеңіз
бұғаздарыныи статусын өзгертуді талап етті.
1946 жылдың басында АҚШ пен Ұлыбритания Солтүстік Ираннан әскерін
әкетуді талап етіп, КСРО-ға қысым көрсетуге мәжбүр болды. 1941 жылы КСРО
мен Ұлыбритания ленд-лиз бойынша КСРО-ға Парсы шығанағы арқылы жүк
тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Иранды бірігіп оккупациялағанды. Әскер
соғыс аяқталған соң, 6 айдан кейін әкетілуге тиіс болатын. Ұлыбритания мұны
жүзеге асырды, ал КСРО асықпады, Солтүстік Иранда автономиялық үкімет
құрылды. Осы кезде Грецияда коммунистер басқарған партизан қозғалысы
жанданды. Оларды коммунистер басқарған Албания, Югославия, Болгария сияқты
шекараласып жатқан елдерден қажетті заттармен қамтамасыз етті. Қауіпсіздік
Кеңесінің тұрақты мүше елдерінің Сыртқы істер министрлерінің Лондон
мәжілісінде КСРО езіне Триполитанияга (Ливияға) протекторат орнату құқын
беруді талап етті. Бұл оның Жерорта теңізі аймағында болуын қамтамасыз
ететін еді.
Егер де бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұлы державалар соғыстан
кейінгі дүние құрылымында экономикалық проблемаларға онша мән бермеген
болса, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл проблемаларға баса назар
аударылды. Соғыстан кейінгі дүниеде финанс тұрақтылығына кол жеткізу мен
валюталық соғысты болдырмау үшін БҰҰ эгидасымен Халықаралық валюталық кор
(МВФ) және Халықаралық қайта құру мен даму банкі (К4БРР) құрылды. Осылайша
антигитлерлік коалиция елдерінің соғыстан кейін де ынтымақтастығын
жалғастыра беруге негіз жасалды. Жаңа әлемдік тәртіп негізіне ескі ұжымдық
кауіпсіздік идеясы алынды. Оның көрінісі БҰҰ болды да, оны жүзеге әлемдік
полицай ролін атқарған, кең өкілеттіліктер берілген жетекші бес держава
асырды.
Алайда оқиғаның әрі қарай дамуы кеңес басшылығының 30-шы жылдардағы
тәжірибе сәтсіздігінен кейін ұжымдық кауіпсіздік мүмкіндігіне
сенбейтіндігін көрсетті. Сталин 1939 жылдан бастап қауіпсіздікті қамтамасыз
етудің дәстүрлі жолы - күш қолдану, территориялық экспансия және ықпал ету
аймағын құру - осы бағыттан таймай жалғастыра берді. КСРО ұжымдық
қауіпсіздік жүйесін өзінің қуатын кеңейте түсу үшін пайдаланатындығы айқын
болды. Бұл Европаны елеңдетпей қоймады. Франция мен Италияда коммунистік
партиялар ең ірі саяси партиялар болатын. Осы жерлерде және Батыс Европаның
басқа елдерінде коммунистер үкімет құрамына кірді. Оның үстіне Европадан
американ әскерінің негізгі бөлігі әкетілген соң, КСРО континентальдық
Европада басты әскери күшке айналды. Осы жағдайлардың бәрі кеңес басшылығы
жоспарының жүзеге асуына қолайлы жағдайлар туғызды.
Черчилльдің Фултонда сөйлеген сөзі
КСРО-ның жүргізген саясатына Батыс елдері әр түрлі көзқарас ұстады.
Бірқатар саяси қайраткерлер КСРО-мен ымырашылдықты жақтады. Әсіресе бұл
позицияны АҚШ сауда министрі Генри Уоллес қолдады. Ол КСРО-ның талабы
орынды деп есептеп, КСРО-ның Европа мен Азияның кейбір аудандарында
басымдық құқын мойындап, дүниені кайта бөлуді жүргізуді ұсынды. У.Черчилль
басқа көзқараста болды. 1946 жылы 5 наурызда президент Трумэннің туған
штаты Миссуридың Фултон қаласында президенттің қатысуымен сөйлеген сөзінде
Европада қалыптасқан жағдай батыс демократиясы тағдырына қауіпті деп
сипаттады. Кеңес халықтарының ерлік күресі мен КСРО-ның қауіпсіз шекараға
ие болу құқын мойындай отырып ол кеңес экспансионизмінің етек алуын
үрейлене ескертті. Батыс демократиясын қорғау үшін, оның ойынша, АҚШ пен
Ұлыбританияның күшін біріктіріп, англосаксон дүниесінің бар қуатымен КСРО-
ға тойтарыс беру керек.
АҚШ-тың мемлекеттік департаменті де кеңестік әрекеттерге қарсы жауап
іздеді. Мұнда американ дипломаты, Ресей бойынша маман Джордж Кеннан маңызды
роль атқарды. 1946 жылы ақпанда, Москвада АҚШ елшілігінде жұмыс істей жүріп
ол Вашингтонға жолдаған жеделхатында тежеу саясатының негізгі
принциптерін айқындады. Оның пікірінше, АҚШ үкіметі КСРО-ның өз ықпал
аймағын кеңейту әрекетінің әркайсысына дер кезінде қатты тойтарыс беріп
отыруы қажет. Коммунизмнің еніп кетуіне қарсы тұра алу үшін, Батыс елдері
өзіне сенімді, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек. Тежеу
саясатына олар соғыстың алдын алу тәсілі ретінде қарады және КСРО-ны
соғыста жеңу көзделмеді.
Трумэн, Черчилль, Кеннан КСРО-ны тежеуде АҚШ басты рольді өзі атқаруы
керек деген түйін жасады. Бұл Трумэнді қиын жағдайда қалдырды. Соғыс
кезінде КСРО-ға катынастың өзгеруі, соғыс ауыртпалығынан шаршау еш нәрсеге
қарамай КСРО-мен ынтымақтастықты жалгастыра беруді жақтаған Уоллес типті
саясаткерлерге де көбірек қолдау көрсетілді. Осы бағытты жақтайтындар соғыс
тәжірибесіне Рузвельт Сталинмен компромисске келе алған жағдайға,
Рузвелытің елемеуге болмайтын зор беделіне сүйенді. Сондай-ақ тежеу
саясатына көшу АҚШ-тың саясатын түбегейлі өзгертетіндігі анық еді, енді
Америка Европаның барлық істеріне қоян-қолтық араласатын болды. Трумэн
саясатта мұндай бетбұрысты жүзеге асыруға ықпалы мен беделі жетпейтіндей
сезінді, өйткені 1944 жылы американдықтар президент Рузвельтке дауыс берген
еді. 1946 жылы өткен аралық сайлау қорытындысы да Трумэнге 1948 жылы жеңіс
әкелетіндей нәтиже бермеді. Республикандықтар 1930 жылдан кейін алғаш рет
конгресте бақылауын орнатты. 1919 жылғы Париж конференциясының кезіндегідей
жағдай қалыптасты: президент - демократ, ал конгресс - мемлекет басшысының
кез келген сырткы саясат шараларын тоқтата алуға күші жететін
республикандықтардан құралды. Трумэннің солқылдақтығын түсінуге болады:
бұрынғы саясатты жалғастыру немесе жаңа саясатқа көшу. Алайда оқиғалардың
барысы Трумэннің көп ойлануына мүмкіндік бермеді.
1947 жылдың ақпанында ағылшындар Туркия мен Грецияға әскери жоне
экономикалық көмек беру мүмкіндігі жоқ екенін АҚШ үкіметіне мәлімдеді.
Грециядан ағылшын әскерлерінін шығарылуы мен көмектің тоқтатылуы Жерорта
теңізі аймағында стратегиялық жагдайды түбімен өзгертетін кеңес бақылауы
орнау мүмкіндігін тудырды. Италияда коммунистердің билік басына келу
жағдайы жасалды, Суэц каналына кеңеі бақылауы орнау қаупі төнді. Осы
жағдайлар Трумэннің өз бағытын түпкілікті айқындауына итермелемей қоймады.
12 наурызда Трумэн Греция мен Түркияға 400 млн. доллар көлемінде әскери
және экономикалық көмек көрсету ойы бар екенін жариялады. Сонымен қатар ол
сыртқы қысым мен қарулы азшылық жағынан езгіге түсіруге қарсы болған
ерікті халықтарға көмек көрсетуге бағытталған АҚШ саясатының міндеттерін
айқындады. Осы мәлімдемесінде Трумэн АҚШ пен КСРО арасында басталған
қайшылықтың мазмұнын демократия мен тоталитаризм арасындағы қақтығыс деп
сипаттады. Осылайша соғыстан кейінгі ынтымақтастықтан бәсекелестікке
көшудің бастамасы болған Трумэн доктринасы пайда болды.
Маршалл жоспары
1947 жылы 5 маусымда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джорди Маршалл
европалық демократияны нығайту үшін оларға тез арада финанстық және
экономикалық көмек көрсету қажет деп мәлімдеді. КСРО бұл жоспарды
Американың Европаны экономикалық қанауға салуға; бағытталған деп есептеп,
шығысевропа елдерін Маршалл жоспарын жүзеп асыруға қатыстырмау мақсатында
қысьш жасады. Осы елдерде өкімет билігі коммунистердің қолына көшу процесі
жеделдетілді, ол негізінен 1948 жылы аяқталды. 1948 жылдың сәуірінде 16
Батыстық елдер Маршалл жоспарын; қол қойды. Бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz