Кяхтинск, Айгун келiсiм шарттары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Кяхтинск келiсiм-шарты

Орыс-қытай арасындағы сауда мәселесi жөнiнде жүргiзiлген келiссөздер
орыс-цин қатынастарын әрi қарай шиеленiстiрiп жiбердi.
Цин патшалығы Ресей Империясының Халха жерiне енуiн тоқтату мақсатымен
бiрнеше шаралар қолданды:
●Солтүстiк Моңғол жерiне Қитай мемлекетiнiң саудагерлерi үшiн жол
ашылды, мұнда Ресей Империясы саудагерлерiн қуу, Халханы Қытай рыногына
сай қайта құру мақсаты көзделдi;
●1689 жылы Нерчинск келiсiм-шартын бұзып, моңғол халқына Ресеймен сауда
жасауға тыйым салынды. Бiрақ бұл шара жүзеге аса алмады: орыс-моңғол
сауда қатынастары одан әрi дами бердi.
Жасалған әрекеттердiң нашарлығы, Жоңғар хандығымен қатынастардың сууы
Цин Императоры Кансидiң келесi әрекеттерге итермеледi: Ресей Империясы
саудагерлерiнiң Солтүстiк Моңғол жерлерiне енуiн тоқтату мақсатында
манчжурлықтар орыс керуендерiнiң Пекин қаласына келуiне тыйым салынады.
Ресей-Қытай сауда қатынастарын қайта қалпына келтiру мақсатында 1727 жылы
Пекин қаласына Л. Измаилов бастаған миссиясы келiп, бұл миссия саяси
мәселелердi шешуге өкiлеттiлiктiң болмауынан миссия сәтсiздiкке ұшырайды.
Бұл миссия Мәскеудiң мүддесiн анық көрсеттi, яғни Ресей Империясы Солтүстiк
Моңғолиядағы өз үстемдiгiн сақтап, Қытай мемлекетiмен сауда қатынастарының
әрi қарай дамуын көздедi. Ресей өз дегенiнен қайтпай, мақсатына әрi қарай
ұмтыла бастады.
Ресей Империясымен сауда қатынастарыны үзiп, Цин мемлекетi үлкен қателiк
жiбердi. Бұл қателiк салдары өте ауыр болды деуге болады: Ресей Империясы
үкiметi аймақтағы шектелген саясатын тоқтатты, себебi орыс-қытай керуендiк
сауда өз жұмысын тоқтатты. Мұны пайдаланған Ресей көп ұзамай қажеттi
шараларын қолданыла бастады: 1772 жылы Жоңғар хандығына Ресейден Унковский
миссиясы жiберiледi, бұл миссияның мақсаты Жоңғар мемлекетiнiң Ресей
Империясы құрамына енуi, яғни ресей-жоңғар келiсiм-шартын жасау едi.
Әрине сол уақыттағы Ресей Империясының патшасы Петр I орыс-жоңғар
шартының нәтижесiнде кемiнде Ресей-Қытай қатынастарының шиеленiсiп кету,
тiптi соғысқа да алып келу қаупiн болжай алды. Ресей Империясы өз
жерлерiнен айырылып қалудан қорықпады. Әрине Цин Империясының Ресейге деген
қысымы жайлы әңгiменiң де болуы мүмкiн емес едi.
Бiрақ Цин Империясының патшасы Кансидiң өлiмi орыс-жоңғар қатынастарының
алыстап кетуiне алып келдi. Сонымен қатар орыс-цин байланыстары да
бiртiндеп үзiле бастады. Осының салдарынан Ресей Империясы Қытаймен сауда
байланысын жақсарту, шекара мәселесiн шешу мақсатымен 1725 жылы Қытайға С.
Рагузинский бастаған елшiлiгiн жiбередi.
Ұзаққа созылған келiссөздер нәтижесiнде әуелi 1727 жылы 20 тамызда Бурин
трактаты, сонан соң Кяхтинск келiсiмшарты дүниеге келедi.
1727 жылғы Кяхтинск келiсiмшарты 1689 жылы Нерчин келiсiм–шартында
болған оқиғалардың нақты қайталауы болып шықты деуге болады. Бiр өзгешелiгi
мұнда әскери қақтығыс, қантөгiс болмады. Бурин трактатының нәтижесiнде
Ресей империясы Урянхай өлкесін, Косогол мен Далай-нор өзендер аймағын
бердi. Жауап ретiнде Цин үкiметi орыс-қытай сауда керуендерiн қайта қалпына
келтiрiп, орыс керуендерiнiң санын 200 адамға жеткiзiп, әрбiр 3 жыл сайын
керуендердiң жүруiне келiстi. Мұнда орыс пен жоңғар керуендерiнiң мөлшерi
теңестiрiлдi. Сонымен қатар Цин үкiметi Ресей Империясы саудагерлерiне орыс-
халха шекарасындағы екi аймаққа: Кяхта мен Цурхайту (Маймайчене) жерлерiне
сауда жасауға мүмкiндiк бердi. Осының нәтижесiнде Цин Империясы Моңғол
жерлерiнен Ресейдiң кетуiне қол жеткiздi. Мұнда Циндiктер еш нәрсе
жоғалтқан жоқ деуге де болады. Олар Ресей Империясымен сауда қатынасын да
дамытып, Орыстардың шекаралас жерлерiне ықпал етуге де мүмкiндiк алды.

Шекара мен сауда мәселесi жөнiндегi Ресей мен Қытай арасындағы Айгун
келiсiмшарты

1858 жылғы Айгун келiсiмшарты – орыс-қытай шекарасы мен сауда мәселесi
жөнiндегi келiсiмшарт. 16 мамырда Амур өзенiнiң оң жақ жағалауындағы Айгун
қаласында жасалынды. Ресей Империясы жағынан Шығыс Сiбiр генерал-
губернаторы Н.Н. Муравьев қол қойса, Қытай мемлекетi жағынан iрi қолбасшы И
Шань қол қойған болатын. Келiсiмшартқа сай Амур өзенiнiң сол жақ жағалауы,
Аргуннан бастап, Амурдың теңiзге құятын жерiне дейiн Ресей Империясының
жерi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытайдың шет елдермен қарым-қатынасы
Саяси келісімдер
“xvii-xix ғ.ғ. орыс-қытай қатынастары”
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясатының басымды бағыттары
Цинь империясының сыртқы саясатының кезеңдері
Ресей-Қытай қатынастарының стратегиялық серіктес ретіндегі деңгейі
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
Xix ғасырдағы сауда сипатының өзгеруі
ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі және дамуы
Сауда желілерінің жалпы ұғымы
Пәндер