Журналистика және қоғам



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады.
Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика
бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. XVI-
шы ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда
болғанымен, оның негізі ерте кезді мегзейді. Сол уақыттардан бері
журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Әртүрлі қоғамдақ формация
дәуірлерін бастан кешірді. Сөйтіп өзінің тарихын рөлін толық ашып берді.
Бұлай дейтін себебіміз, ешқандай басқа құрал дәл осы журналистика секілді
халықты әлеуметтік-саяси тұрғыда жылдам әрі жан-жақты, белсендә түрде
әртүрлі хабарлармен қамтамасыз етіп көрген емес. Бұл ретте адамның сана-
сезіміне, іс-әрекетіне әсер етіп, олардың көзқарастары мен мақсаттарынаың
қалыптасуына ықпалы тиген. Сөйтіп, ол барлық уақытта қоғам өміріне араласа
отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар
айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-
әлеуметтік қатынастар т.б. көптеген салаларда шешім жасап жүзеге асыруға
ықпалы болады. Сөйтіп, журналистика қоғамнығ әлеуметтік институттарының
бірі болып саналады. Сондай-ақ ол адамдарды идеялық тәрбиелеу құралы.

1. Баспасөз бостандығының келелі мәселелері
Егеменді ел атанып, тәуелсіздік жолына халқымыз соңғы оншақты жылда
небір қилы кезеңдерді бастан кешіруде. Қазан төңкерісінен кейін жетпіс
жылдан астам уақыт бойы коммунистік шеңберде дами келе сталиндік,
хрушевтік, брежневтік догматизмдерден бас тартқан, демократия мен
жариялылыққа жол ашқан сексенінші жылдардағы қайта құрудың алғашқы
қадамдары көңілімізне көп сенім ұялатып еді. Амал нешік, бірпартиялық
аппарат өктемдігіне негізделген социалистік қоғамның саяси-экономикалық
проблемалары еңсе көтертпестей қордаланып қалған болып шықты.
Газет-журналдардың, радио мен телевизияның шындық пен
объективтілікке ұмтылысы журналистерге соңғы жылдары пайда болған өзге
партиялық құрылымдар мен түрлі саяси қозғалыстар қызметін, олардың
күнделікті тыныс-тіршілігін жан-жақты көрсетіп отыруға мүмкіндік берді.
Мәскеудегі 1991 жылғы тамыз оқиғалары партиялық өктемдікке біржолата
нүкте қойды. 74 жылға жуық уақыт өзіміз жырлап келген мызғымас одақ
ыдыраджы. Қазір елімізде әлеуметтік жаңаору процестері күрделоі де
шиеленісті жағдайда жүріп жатыр. Қоғам бір-бірімен керағар идеялар мен
пікірлер тайталасының аренасына айналды.
Өкімет билігін қайта бөлісуге ұмтылған күштердің бой көтеруі даму
заңдылығынан туындаған көрініс ретінде мойындалып отыр. Осы орайда, заң
шығарушы, атқарушы және сот биліктері құрылымдарының арақатынасы мен
шекарасы бұрынғыдан да айқындала түсті. Бір жайт айқын: қоғам дамуындағы
кұрт бетбұрысты кезеңде жоғарыдағы биліктердің бір-бірімен тығыз байланысы
мен ынтымағынсыз мемлекет еркін тыныс ала алмайды. Бұған соңғы жылдары
бұқара санасында пайда бола бастаған төртіншіу билік – баспасөз билігінің
күшін қоссақ, қоғам дамуындағы өзгеріс аясының да кеңейе түсері де ақиқат.
Төртінші билік: шындық па әлде елес пе? Бұл қазір қазақ
журналистикасындағы өткір проблемелардың бірі. Осы идеяны теориялық жағынан
негіздеуге ұмтылған ғалымдар мен журналистер соңғы уақыттарда газет-
журналдарда өз ойларын ортаға салып, пікірлдер сайысына шақырып келеді. Шын
мәнінде әлі де болса, шынайы сөз еркіндігіне тұсау салынып отырған қоғамда
баспасөздің толық тәуелсіздікке ұмтылуы заңды. Өкініштісі сол, төртінші
билік заң жүзінде бекітілген жоқ, оның функциялары негізделмеген.
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Республика Заңы баспасөздің, радио мен
телевидениенің қоғамдағы орнын өһз мүддесіне сай бір арнаға бағыттап отыр,
журналистердің құқығына ішінара ғана кепілдік берді, олардың міндеттерін
белгіледі. Онда билік өкілеттігі жөнінде сөз жоқ. Демек, журналистика
әлемін төртінші билік елесі кезіп жүр.
Қоғамдағы биліктер құрылымдары жөнінде әңгіме қозғағанда төртінші
биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінен принципті
айырмашылығы бар екенін атап айту ләзім. Заң шығарушы билік өзінің кез
келген деңгейінде – мейлі ол нормативті акт немесе Президент Жарлығы болса
– біржақтылық қасиетке ие. Жарлық орындалу тиіс. Атқарушы және сот
биліктерін қолдану кезінде де жоғарыдағы бәржақтылық сақталатыны мәлім.
Қандай бір бағдарламаның болмасын орындалуы билікті жүзеге асыруға
бағытталған, ол белгілі бір жарлықпен, кодекспен, тағы басқалармен
заңдастырылады. Қал-қадірімізше төртінші билік - баспасөз билігі жөнінде
түсінік беруге тырысып көрелік. Оның астарында бұқаралық ақпарат
құралдарына ежелден тән қасиет белгілі бір идеяны қалың бұқара арасында
насихатау, жүйелеу жататынымен ешкім таласа алмаса керек. Журналистика
арқылы Заңның, Жарлықтың, нормативтік актілердің орындалуына бақылау
жасалып келді. Жариялылық өмірімізге дендеп енген сайын, журналистика да
терең өзгерістерге ұшырады.
Енді мәселеге өзге қырынан келейік: баспасөз билігі деңгейінде заңдар
күшіне енеді. Негізінен алғанда қоғам өмірі екі күштің қақтығысынан –
адамгершілік аспектілерін қиратудан және осы асыл қасиеттің салтанат
құруынан тұрады. Бұл орайда, әр адамның өз позициясы болуы тиіс. Жаңа
қоғамдық құрылыс құрсақ болды, бәрі де өздігінен шешіле салады деудің дұрыс
емес екендігін кеңестік қоғамның тәжірибесінен айқын аңғардық.
Шынайы демократиялық қоғамда баспасөз билігі болуы тиіс. Бұл жерде
билік мәселесін анайы үстемдікпен шатастыруға болмайды. Баспасөзге ежелден
тән қасиет – оның қалың бұқарамен тікелей және кері байланысының
екіжақтылығымен конфункциялылығы. Біріншіден, арасындағы байланысты
ұйымдастырушы. Екіншіден, баспасөз қоғамның әлеуметтік өміріндегі
өзгерістерге жедел үн қосып отырады. Осы арқылы заң шығарушы, атқарушы және
сот биліктеріндегі ішінара құбылмалық жөнінде халықты хабардар етеді.
Журналист қызметінің негізінде болып өткен, болып жатқан және алдағы
уақытта болатын әлеуметтік өзгерістер жөніндегі концептуальды түсінік
алынады. Баспасөз негізінен адамдар бойына моральдік, адамгершілік және
эстетикалық танымды қалыптастыруды басты мұрат санайды. Еркін сөздің әсер
ету күші кез келегн билік ықпалынан кем түспейді. Журналистің әлеуметтік
әділеттілік проблемаларын шешу, траихи шындықты қалпына келтіру жөніндегі
өткір сөздері, қалыптасып отырған әлеуметтік-саяси жағдайға философиялық
талдау жасауы қалың бұқараның қым-қиғаш қайшылықты жайларды байыппен
саралауына, олардың қоғамдарды өзгерістерге нақты көзқарастарын
қалыптастыруына мүмкіндік берді. Саяси қайраткер, ғалым мен экономист
оқырман – көрермен аудиториясында істің шынайы жай-күйін өз беттрінше
жеткізе валмайды. Осы орайда, ақпарат құралдарының көмегі ауадай қажет. Бұл
жағдайда халық журналистердің мұқият өңдеуінен, ой-елегінен өткен дүниені
оқиды. Журналистің саяси ойлау мәдениетінің деңгей-дәрежсі айқын көрінетін
тұс та осы.
Баспасөз билігі жөнінде айтқанда, ең алдымен, тұтас қоғам, жекелеген
адамдар және журналистер мүдделерінің қаншалықты қоағалып отырағанын естен
шығармау керек. Қазақ қоғамы нарықтық қатынастармен сипатталатын
экономикалық дамудың ауыр да азапты кезеңін бастан кешіруде. Қазіргі таңда
республикалық бұқаралық ақпарат құралдары жоғарыдағы өзекті мәселелер
төңірегінде байсалды ой қоуғауға бағытталған. Басылмыдарда халық мүддесін
көздеген материалдар бұрынғы қай кездегіден болсын салиқалылығымен назар
аудартады. Солай десек те, бүгінгі кезеңде қазақ журналистикасының ішкі
проблемалары қатты алаңдатып отыр. Жасыратыны жоқ, бұқаралық ақпарат
құралдары, оның ішінде баспасөз ең алдымен қаржылық тоқырауды бастан
кешіруде.
Қазір тәуелсіздік республика баспасөзінің ең арысы байланысшыларға да
тәуелді болып отыр.бүгінгі таңда нарықтық экономиканың от жалыны газет-
журналдарды шарытып барады. Енді журналистердің алдына газет не журналдың
мазмұндық жақсарту, қандай жолмен болса да оқырман назарын өзіне аудару
міндеті қойылып отыр. Қалай десек те, мемлекеттен қажетті датация ала
алмаған газеттер коммерциялық құрылымдар мен жеке адамдарға арқа сүйеп
отыр.
Журналистика шынайы шындық, халықтың қамы үшін күресуі тиіс. Төртінші
билік – баспасөз билігінің құдіреті күшті, оны ешкім ештеңемен ауыстыра
алмайды.

2. Журналистика және қоғам.
Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі. Журналистика адам
санасын көтеруге, рухани әлемді байытуға себепкер болады.
Баспасөз, радио, телевидениенің негізгі міндеті – жалпы информацияны
жинап, өңдеп, халыққа ұсыну. Ал жалпы “Бұқаралық ақпарат құралдары” деген
атаудың өзі мына жайларды қамтиды:
1. Бұқараға, мемлекетке қарым-қатынас. Яғни, барлық ақпарат мәселелері
қоғамға, халыққа, ұлтқа арналмақ, олармен тікелей байланыс орнатылмақ.
2. Бүкіл ақпарат көпшілік аудиториясының сұраныс-қажеттілігін, талап-
талғамын қанағаттаныдру үшін берілмек.
3. Қоғамдық істерге байланысты ел күткен мәселелерге белсенді позиция
ұстап, соған жұртты жұмылдыруға атсалысу.
4. Қажет еткен жағдайда әркімнің ақпарат құралдары орындарына қатысуына
жол ашу.
5. Билік пен халық арасындағы байланыс рөлін атқару.
6. Жер жүзінде гуманистік борышқа адал болу және сақтау.
Журналистика тек қана хабарларды берумен шектелмейтінін ескеру керек.
Ол сонымен бірге қоғамдық пікір рөлін атқаратынын да ұмытпау жөн. Баспасөз
бен радио және телевизия арқылы берілетін материалдарда тақырыптың көптігі,
ішкі және сыртқы өмір жайларын беруде кең көлемде әрекет етіп, географиялық
тұрғыдан шектеліп қалмауды қарастыру абзал. Әрбір БАҚ берген материалдарда
хабарлардың толық әрі жеткілікті болуы өте қажет. Бұл ретте мына жүйе
бойынша жұмыс жүргізілмек. “Журналист – ақпарат - аудитория”. Журналист
творчестволық тұлға – ол айтады, жазады, ал оны халық тыңдайды, көреді,
оқиды. Міне, бұл байланыс үзілмей жүріп отырмақ. Сонда ғана бұқаралық
ақпарат құралдарының ісі ойдағыдай жүзеге асады.
Демек, жұртшылық газет оқып, радио тыңдап, телевизор көрген кезде
әлемдегі жаңалықтар мен өзгерістерді біліп қана қоймай, сонымен бірге сол
жайларға өзінің де қаншалықты қатысы бар екенін сезініп, сол құбылыстардың
неге, қалай, не үшін болғанына анық көзі жетуі тиіс. Оқиғалардың болу
процесні аңғарып, даму тенденциясына ой жіберіп, дайындықта болуына, қажет
жағдайда нақты іс-әрекетке араласуына әсері болуы керек.
Қазақстан Конституциясында: “Мемлекттік органдар, қоғамдық
бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір
азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен
және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті” –
делінген. Бұл әркез бұлжымай орындалып отыруы тиіс.
Журналистика, ең алдымен, өмір көрінісін, беретінін есте сақтаған
жөн. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, болып жатқан іс-әрекеттерге адамның
өзінің де бағыт-идеал алуына ой тастайды.
Осылайша журналистиканың ақпараттық қызметі маңызды қоғамдық-саяси рөл
атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді.
Ақпараттық қызмет халықтың керегіне жауап беріп, јлеуметтік дамудыѕ
жолдарын жариялап отырады. Сондыќтан бўл салада ќоєамдыќ-саяси ќызмет
жасаудыѕ ґнерін игере біліп, јлеуметтік процестерге ґз еѕбегімен араласуы –
кїн тјртібінен тїспейтін мјселе.
Жалпы журналистика – халыќтыќ, ўлттыќ болып саналады. Ґйткені
журналистика – халыќтыѕ ќамын ойлайтын, соныѕ ќажетін ќарастыратын сала.
Сондыќтан халыќтыѕ жаєдайын ойластыруды журналистика јркез назардан тыс
ќалдырєан емес. Ќандай мјселені кґтермесін журналистика соныѕ бјрін
халыќтыќ тўрєыда ќозєауєа, халыќтыѕ сґзін сґйлеуге кїш салады. Јрќашан
халыќтыѕ жаєында болып, халыќтыќ позиция ўстайды. Бўл дўрыс та. Себебі,
жеке біреулерге ќызмет етпей немесе азын-аулаќ топтыѕ мїддесін кґздемей,
бїкіл жўртшылыќтыѕ, жалпы адамдардыѕ мїддесін кґздейтін маќсат анаєўрлым
аќылєа сыйымды, адамгершілікке жататын іс болса керек. Тар кґлемде белгілі
біреулердіѕ єана идеясын жаќтамай, наєыз адамзатќа ќызмет ету – биік
моральдыќ-этикалыќ ќасиет екені аќиќат.
Журналистиканыѕ халыќќа ќызмет етуі – сол халыќтыѕ реалды ќажеттерін
ґтеу їшін, оны прогреске бастайтын, жаќсылыќќа жеткізетін жолды таѕдау
деген сґз. Дїниеде бірер адамныѕ баќытты болєанынан ештеѕе бітпейді, ал
бїкіл халыќ баќытты болса, онан асќан арман – маќсат жоќ. Міне,
журналистика да осы жаєдайды ескеріп, осы баєытта жўмыс істемек. Халыќ
ґмірінде ќандай жаѕалыќтар, ґзгерістер, бастамалар болып жатыр? Осыныѕ бјрі
журналистикада айнадаєыдай кґрініп отыруы керек. Сондай-аќ халыќтыѕ
пікірі, ойы, маќсаты журналистиканыѕ еѕ бір мўќият назар аударып отыратын
тўсы. Ал ґмірде жаќсылыќтар болып жатса, соны журналистика еѕ бірінші кґре
біліп, ізін суытпай жариялап отыруы тиіс. Оны кеѕ насихаттап, ќолдап,
таратып отыруы жґн. Ал, егер ќажет болєан жаєдайда, оны тіпті тез ґмірге
енгізуге кїресіп отырудыѕ да мјні зор. Яєни халыќтыѕ шынайы керегін
ќанаєаттандыратын болуы керек. Сол їшін де халыќты біріктіріп, оныѕ
жетімсіз нјрсесін жеткізуге ўмтылу їлкен жауапкершілік. Журналистер жан-
тјнін аямай, ќате идеяларды немесе астарында жалєан маќсат жатќан істерді
халыќ алдында јшкерелеп, кемшілігін ашып айтып, оны толыќтыруєа, тїзетуге
тырысу ќажет. Халыќ ґмірінде кдергі келтіретін нјрсеніѕ бјрін журналистика
дер кезінде кґріп-біліп, ескертіп отыруы, ќоєамдыќ пікір туєызуы парыз
екені айтпаса да тїсінікті. Сондыќтан ґмірде сенімсіз нјрсеге жол бермеу
керек.
Мўндай жайларды атйќанда, жазєанда, јрине, оныѕ ќарапайым халыќќа
тїсінікті болуын ойластыру керек. Бўл ретте ауыл адамы їшін де, ќала адамы
їшін де, сондай-аќ интеллигентке де ќозєалып отырєан мјселе ортаќ јрі екі
жаќќа бірдей тїсінікті, ўєыныќты болуы ґте маѕызды. Жалпы журналистикада
екіўшты ойдан, бір-біріне ќайшы пікірден саќтану ќажет. Ондай жаєдайда
оќырманды не тыѕдаушыны шатастыру оѕай. Ал бўл журналистиканыѕ беделін
тїсіретіні белгілі. Журналист їшін тїсінікті тіл, аныќ ой ќажет. Сґзді,
сґйлемді ауырлатпауєа тырысу керек. Халыќ јрбір маќаланы оќыєанда, не
тыѕдаєанда ќиналмай ўєатындай дјрежеде болуы тиіс. Јртїрлі терминдер мен
шетелдіѕ сґздерін жјне тїсініксіз ўєымдарды журналистикаєа тыќпалай бермей,
тиімді тјсілдерді ќолдану ќажет.
Келесі бір білуге тиіс нјрсе – журналистиканыѕ демократиялылыєы. Яєни,
журналистика шынайы демократия їшін еѕбек етеді, кїреседі. Халыќтыѕ
демократиялыќ ќўќыќтарын кеѕейту їшін кїш жўмсайды. Халыќтыѕ еркіндігі,
оныѕ ґз ісін атќаруы мен тиімді мемлекет ісіне араласуы баспасґз, радио,
телевидениеніѕ їздіксіз жїргізіп отыратын мјселесіне айналуы ќажет.
Демократия – саяси ќўрылыстыѕ формасы ретінде азаматтардыѕ теѕдігі мен
бостандыєын, ґкіметті басќаруєа араласуын, јртїрлі орындарєа сайлануєа
ќатысуын, Конституцияда адам праволарын ќамтамасыз етуді кґздейтін баєыт.
Ол ќоєамдыќ ўйымдар ќызметін, їкіметтік, мемлекеттік мјселелерді
бїкілхалыќтыќ етіп талќылауды жїргізуге пайдалы. Демократия жаєдайында
барлыќ адам заѕ алдында бірдей ќўќыќќа ие болады, олардыѕ јділ ґмір сїруіне
кепілдік беріледі. Біреуге біреу ќысым жасау тиылып, демократияєа кґшкенде
єана шынайы ґмір ќатынастары орныєады. Демократияныѕ таєы бір пайдасы –
жариялылыќты кїшейтіп, јділетсіздікке ќарсы сынды дамытуєа жаєдай жасайды.
Демократия мен журналистика тыєыз байланыста болуы тиіс.
Демократия кезінде журналистиканыѕ рґлі онан сайын артып, ќоєамдыќ
пікірдіѕ ўйымдастырушысы мен жариялаушысы ретінде кґрінеді. Ќоєамдыќ
пікірді туєызатын да, жасайтын да халыќ, јлеуметтік топтар. Ќоєамдыќ пікір
– ґз кезіндегі јлеуметтік ґмірдіѕ маѕызды мјселелеріне байланысты туады.
Ґткен мен бїгінге байланысты процестер мен фактілерге байланысты ґріс
алады. Актуальді оќиєалар мен ќўбылыстар, іс-јрекеттер мен идеялар
баєаланып, наќты маќсаттар мен міндеттер жјне оєан жету жолдары жґнінде
ќоєамдыќ пікір пайда болады. Ол – кґзќарастар мен тарихи санаєа ќатысты
болып келеді. Жалпы ќоєамдыќ пікір – ґмірдіѕ наќты жаєдайларын байќай
отырып, оны ќалай ґзгертудіѕ жолдарын ќарастыратын жїйе болып табылады.
Ќоєамдыќ пікір тарихи жаєдайларєа байланысты ґзгеріп отырады. Ол єылым,
саясат, экономика, мјдениет, яєни барлыќ саланы ќамти береді. Демек,
журналистика болса, сол ќоєамдыќ пікірдіѕ туып, дамуына, жариялануына ќызу
араласып отырады. Егер демократия болмаса, ќоєамдыќ пікір де еркін дами
алмайтыны белгілі. Ќоєамдыќ пікір – ќоєамдыќ санадан туып, јртїрлі пікірлер
арќылы ќалыптасады.
Бұл орайда Президентіміз Н. Назарбаевтың: “Ғасырлық тарихта біздің
мемлекет тұңғыш рет саналы түрде шығармашылық үрдістерге қысым жасаудың кез
келген түрінен бас тартып отыр” – деуі журналистикаға да қатысты боларына
сөз жоқ.
Журналистиканың халықтығы мен демократиялылығы – оның қалың
көпшілікпен байланысында. Сол арқылы журналистика өз жұмысы туралы халықтың
қатысын әрі пікірін біліп отырады және халық арасында демократиялық
құбылыстардың ашық, екпінді жүруіне мүмкіндік туғызады.

3. Журналистің қоғамға тән кәсіби рөлі
Әрбір кәсіптің өз мамандығы болатын секілді, журналистік мамандық та
өз саласы бойынша пайда болған. Ал қандай мамандық болса да өз
ерекшелігімен көрінетіні белгілі. Демек, журналистика – басқаға ұқсамайтын,
өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз творчествосы арқылы қоғамға,
адамға қызмет етеді. Әрбір мамандық сияқты, журналистің де өзіне қатысты
білімі, іс-тәжірибесі болмақ. Кезінде ұлы ғалым М. Ломоносов журналист
туралы өзекті ойларын айтқан. Оның еңбегі Журналистік дәреже туралы
диссертация деп аталған. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де,
қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол әркез жаңаны
жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп газет-журнал
немесе радио мен телевидениенің жұмысын атқарып, творчествалық қызмет
жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші – ұйымдастырушылық, екінші - әдеби
өңдеу, үшінші – шығарушылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет
керек. Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет
болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз
жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен
өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт,
журналист қоғам қайраткері бола алса тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын
жақсы түсінуі тиіс. Әсіресе жұрттың назарын аудара білгені жөн.
Журналистің тағы бір қасиеті – оның саяси-әлеуметтік қызметіне,
дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл – жан-жақты
білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз
өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің
патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-
құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз
ісіне адал берілген маман болуы тиіс.
Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық,
психологиялық, творчествалық қабілетін толық пайдаланып, сонымен бірге
табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл-ой, эрудиция
бірінші орында тұруы керек. Сондай-ақ журналистің жеке бас мәдениеті көп
нәрсені аңғартады. Әсіресе, журналистің мәселені терең білушілігі аса
қажет. Онсыз журналистің табысты жұмыс істеуі екіталай. Өмірде журналист
әртүрлі жағдайға кездесуі мүмкін. Соның бәрінде жан-жақты хабардарлық,
білімділік болмаса, кей нәрсенің анық-қанығына жету, ақ-қарасын ашу оңай
емес. Оқиға, фактіге жеңіл-желпі қарамай, оның түпкі мәніне, себеп-
салдарына назар аудару керек. Ол үшін сол саладағы арнайы мамандармен
кеңесу артық емес. Жаңа мәліметтерді салыстырып қарау жөн. Бұл орайда жақсы
дайындық, жаңа мәселелерді тез аңғару, проблеманы байқай білу шарт. Сөйтіп
ашық түрде өз көзқарасыңды білдірген жөн. Сондықтан журналист әрқашан өз
білімін теориялық тұрғыдан толықтырып, практикалық тұрғыдан еңбек ете
білгені жөн. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болуы
керек. Өзіңді журналист мамандыққа арнап, таңдағаннан кейін, сол жолда
аянбай қызмет ету лазым. Ол принципті түрде, қайсарлықпен бұқаралық ақпарат
құралдары алдындағы өзінің міндетін, борышын, бар күш-қайратын салып
орындайтын маман. Бұл ретте журналист өзінің ұстамды мінезімен, қиындыққа
қарсы тұратын күрескерлігімен, инициатива танытқыштығымен, тез арада
шешімдер жасай білуімен ерекшеленеді. Ол қай істе болсын нәтижеге жетуге
тырысуы керек.
Бұған қоса журналистің кең пейілді, жаны жомарт, жақсылыққа құштар,
мейірімді, жақсы дос, қиналғанда қол ұшын беретін жан болуы да үлкен
қасиет. Ол менмендіктен аулақ болуы керек, өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекет
арқылы өзгелерге үлгі-өнеге бола білгені ғанибет. Журналист жұртпен тіл
табысқыш болса тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс
істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек. Оған есте сақтағыш
қабілет те өте қажет. Тез ойлап, тез жазу да жақсы нышан. Журналистің өз
жұмыс істеу тәсілі, өз ерекшелігі болуы заңды. Әркімнің сондай-ақ өзі
қалайтын тақырыбы да болуы мүмкін. Журналистің стил қалыптастыруы да үлкен
жетістік. Ал жалпы кәсіби және творчествалық қасиет пен ерекшелік бір-
бірімен ұштасқанда нағыз журналист қалыптаспақ.
Журналист өз қызметінде тек қана шындықты жазып, барлық мәселені
объективті түрде қарау керек. Нағыз журналист өмірде осылай еңбек етуге,
осылай өмір сүруге тиіс. Бұл журналистің алдында тұратын үлкен борыштардың
бірі. Журналистиканың маңызы жариялық болса, халықты тек қана объективті
түрде, жан-жақты әрі дәл де анық ақпараттық хабарлармен, материалдармен
қамтамасыз ету керек. Сондықтан, ең алдымен, өмірдегі жайларды деректі
фактілерге сүйене отырып жазу керек. Бұл шыншылдыққа бастайтын негізгі
жолдың бірі. Еш нәрсені тексеріп алмай тұрып жазуға болмайды. Мәселенің
әбден анық-қанығына көз жеткізу қажет.Ал кездейсоқ, бірен-саран ғана
фактіге сүйену кемшілікке апарып соқтырады. Сондықтан мәселенің заңдылығына
назар аударып, шындықты көре білу, өмірде жақсылықты таңдай білу және
құбылысты дұрыс бағалай білудің жөні бөлек. Оқиғаны бұрмаламай, сол болған
күйінше, құрғақ сөзге салынбай жазу керек. Әр нәрсені дұрыс түсініп, талдау
қажет. Яғни, әрқашан ақиқаттан айнымау – журналистің басты парызы.
Болған жайдың дұрысы қайсы, бұрысы қайсы соны айыра отырып, терең де
сенімді қорытынды жасау керек. Әсіресе, актуальды мәселелерді дәлелдеп
көрсету керек. Ал, мәселені айту, шешімін таппаған нәрсені жасырып, айналып
өту жараспайды. Кемшіліктер мен қиыншылықтар туралы айтпай кету, өткір
сұрақтардан қашу жөнсіз болмақ. Бәрін де жақсы деу, бәрін де салтанатты
түрде жазу да көкейге қонбайды. Яғни, барды бардай, жоқты жоқтай нақты
көрсетіп жазу, айту жөн.
Журналист еш уақытта қателеспеу керек, бұл да басты принциптердің
бірі. Өйткені, журналист қателессе ол бір адамның қателесуі емес –
мыңдаған, миллиондаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін. Жұрт нағыз
журналист жазған материалға сеніммен қарайтынын ұмытпау керек. Журналист
қателессе, оқырмандар мен көрермендердің, яғни, халықтың өзіне деген
сенімінен айырылады. Алайда журналист қателесе қалған жағдайда, өз қатесін
өзі мойындап, оқырмандардан кешірім сұрауы тиіс. Жалған намысқа тырысып,
кешірім сұрауға арсынбау керек. Және қателігін дер кезінде түзете білу де –
мәдениеттілік.
Журналистің қателігі оның өзіне ғана емес, ол жұмыс істейтін газет-
журналға, радио мен телевидение атына да кір келтіретінін ойлау керек.
Сондықтан фактіні өзгертіп қолдану, өтірік жазу журналисті жарға жығады. Әр
нәрсені өз атымен атап, айқын көрсетіп отыру қажет. Бұл орайда
жауапкершілік пен адалдықты есте ұстаған жөн. Журналистің ары бәрінен
қымбат болуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Журналистика «Хабаршысының» ғылыми кадрларды даярлаудағы рөлі
Азаматтық журналистика төңірегіндегі құқықтық мәселелер
Публицистика – сөз өнерінің бір саласы
Қазақ тілді интернет-журналистика: бүгінгі жағдайы мен болашақ дамуы
Баспасөз бостандығының келелі мәселелері
Ражиожурналистиканың функциялары
БАҚ саласындағы этикалық нормалар
Журналист тұлғасын қалыптастыру факторлары
Қазақстандағы желілік журналистиканың даму ерекшеліктер
Журналистика ұғымы, міндеттері
Пәндер