Прессамен жақсы қатынас негіздері


ЖОСПАР
Кіріспе2
Прессамен жақсы қарым-қатынасқа қалай қол жеткізуге болады3
Медиа болмысын түсіну. 3
Пресса туралы білуге қажет аспекттер. 4
Прессамен жақсы қатынас негіздері5
Жауапкершіліктің қарама-қайшы сфералары және адалдықтың түрлі дәрежелері. 6
Прессада жарық көрудің керектігі. 7
«Жаңалық» ұғымының анықтамасы. Жаңалық - алушыға әлі белгісіз ақпарат. 8
РR- материалды тексеру. 8
Нашар релиздер мен нашар РR9
Материалды білікті түрде ұсыну9
Релиздерді қалай жазу керек. 10
Жеті құрамды бөліктен тұратын формула (SOLAADS) . 11
Жаңалықтық релиздердің басқа түрлері. 13
Жаңалықтық релизді ұсыну15
Прессамен байланыс
Кіріспе
Алдағы тарауларда біз паблик рилейшинз практикасының не екенін, оның кәсіби деңгейде қалай жүзеге асырылуы тиіс екенін, тиісті нәтижелерге қол жеткізу үшін қойылған мақсаттарға байланыста қалай жоспарлануы қажеттігін көрсеттік. Енді прессамен байланыс үшін пайдаланытындарынан бастап паблик рилейшнз аспаптарын қарастырамыз. Press relatіons және Publіc relatіons аббревиатуралдары (PR) бірдей болғандықтан, бұлар бір зат деген қателік туады, дегенмен прессамен байланыс - паблик рилейшинздың бір бөлігі ғана. Олардың маңызы мен қажеттіліг БАҚ (СМИ) болуы мен елдегі сауаттылық деңгейіне тәуелді. Демек, индустиралды-, урбандалған масс-медиасы өте көп елдерде прессамен қарым-қатынас дамыған болады.
- Press relatіons анықтамасы
Press relatіons қызметі - PR сипаттағы ақпараттық құбылыстар мен процестерді түсіндіріп, қажет білімді беру үшін радио және телехабарлар баспа шығарылымдарының барынша көп болуын қамтамасыз ету.
Сараптама.
(а) прессамен байланыс тек прессамен шектеліп қоймайды, сондай-ақ ақпаратты берудің барлық жаңалық құралдарын: пресса, радио, теледидар және хроникалық фильмдерді (олар бар болса) қосады. Анда-санда басқа туыс терминдер пайда болса джа, мысалы «медиамен қатынас» - medіa relatіons сияқты, олар кең танымал бола қоймады, ал рабио мен теледидарда «пресс-релизден» гөрі «жаңалықтық релиз» (news release) терминін қолданғанды жөн көреді. Сонымен қатар «пресс-релиз» термині кең қолданылады және жарнамалшылар пайдаланылатын «пресса үшін хабарламалар» үшін ыңғайлы, бірақ оны PR-мамандарды қолданудан қашады.
(в) Прессамен байланыс мақсаты - клиент немесе жұмыс берушінің басулы түрінде көргісі келген затын босу немесе «қолайлы ескертпелер» алу ғана емес, құбылыстар мен процестердің түсінілуіне қол жеткізіп, қажет білім ұсыну. Ешкім де БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) кез-келген нәрсені баса береді немесе эфирге шығара береді деп ойламауы тиіс, демократиялық мемлекетте бұлай болмауы тиіс.
(с) Американ PR-кеңесшісі Айви Ледбеттер Ли ертеректе (1906 ж) жарияланған «Принциптер декларацияларында» (Declaratіon of Prіncіples) жазылғанындай, PR-адамдар ойлағандай жаңа құбылыс емес; ең бастысы - прессаға арналған барлық материалдардың «қызықты әрі жариялануға тұрарлық» болуы.
Тек осы ғана PR-маманының медияға беретін барлық материалдардың критерлі болуы тиіс, бұл иатериалдар осы критерий негізінде бағалануы тиіс. Егер алынған материал оқырманға, тыңдарман немесе көрерменге, «қызықты» болса және «жариялануға тұрарлық» болса, оны пайдалануға болады, ал бұның нәтижесінде алынған паблисити клиент немесе жұмыс беруші үшін позитивті болары сөзсіз.
Прессамен жақсы қарым-қатынасқа қалай қол жеткізуге болады
Медиа болмысын түсіну.
Медиаға басуға немесе эфирге шығаруға материал ұсынудан өзге теле және радио бағдарламалардың қалай дайындалатынын, газет-журналдар қалай басылатынын білу қажет. Бұл жартылай публикацияларды зерттеу мен телебағдарламаларды сараптау негізінде жасалады, бірақ баспахана, типографиялар мен студияларға бару да өте пайдалы. Көп жағдайда медианы жақсы түсіну үшін тек адамдарға телефон соғып, оларға практикалық сипатта бірнеше сұрақ қойса, мысалы нақты бір нөмірге жариялау үшін немесе белгілі бір күнде не уақытта эфирге шығару үшін РR-материалды берудің ең соңғы мерзімі қандай деген сияқты сұрақ берсе жеткілікті. Мұндай ақпаратты алу - РR маманның тұрақты жұмысының бір бөлігі. егер маман мұндай жұмыстарды көзіне ілмесе, ол үлкен қателікке ұрынуы мүмкін, мысалы жарық көрген көмірге жіберуші мүмкін. Осы тұрғыда көп пайдалы кеңесті Denn’s Medіa Dіrectory немесе РR-Planner анықтамалықтарымен табуға болады. Біріншісінде Ұлыбритания бойынша ақпарат болса, ІІ-шісінде - британ және еуропалық басылымдар бойынша ақпарат берілген.
Пресса туралы білуге қажет аспекттер.
Алдағы пункттерде жалпылама түрде РR-маман білуі тиіс пресса жұмысының мәні туралы ақпарат берілген.
(а) Баспа саясаты (edіtorіal polіcy) - журнал немесе газеттің жалпы бағыттамасы немесе онда басылатын материал сипаты. мысалы, бизнес әлеміндегі қызметке жаңа тағайындаулар туралы мәліметтерді газет тұрақты түрде жарияламай ма, жоқ па?
(в) Публикация жиілігі (frequency of pubLіcafіon) - күн сайын, апта сайын, аптасына екі рет, екі аптада бір, ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет. Күн бойындағы шығарылу саны да маңызды ақпарат болуы мүмкін.
(с) Материалдарды ұсыну мерзімі (copy date) - алынған материалдардың келесі шығарылымға кіруінің соңғы датасы немесе уақыты. Бұл публикация кезеңділігі мен қолданылатын баспа процесіне байланысты. Риит-стриттегі ескі типографияда емес, Лондонның сыртында орналасқан типографиялармен контракт бойынша басылатын ұлттық газеттер үшін шығарылу күннің таңертеңі де мұндай мерзім бола алады.
(d) Басу процесі (prіntіnd process) - журнал жоғарғы басу арқылы басыла ма, фотографиялық әлде фиексографиялық жолмен басыла ма? Соңғы кезде бүкіл дүниежүзінде офсеттік-литографиялық басу кең таралды.
(е) Таралу аумағы (cіrculafіon area) - сарапталып отырған басылым халықаралық па, ұлттық па, аймақтық па, қалалық па әлде қала маңында таратыла ма, егер провинциалдық болса - аймақтың қай бөлігінде таралады? Спутниктік (жерсеріктік) байланыс басылымдардың халықаралық таралуына мүмкіндік береді. Мысалы, Іnternatіonal Herald Trіbune, Wall ftreet Journal, USA Today, Fіnancіal Tіmes, The Economіst және бірқатар Қытай және жапон газеттері дәл осылай тарайды.
(f) Оқырман профилі (treadshіp profіle) - журналды қандай адамдар оқиды: жас топтары, жынысы, әлеуметтік жағдайы, жұмысы ерекше қызығушылығы, ұлты, этникалық топтар, діни және саяси көзқарасы.
(д) Таралу әдісі (dіstrіfutіon method) - кітап дүңгіршектері (жеке сауда), жазылу ( пошта арқылы), тегін газеттер («есіктен есікке дейінң), қадағалай тарату (пошта арқылы тегін, іріктей, тапсырыс бойынша) .
Прессамен жақсы қатынас негіздері
Пресамен жақсы қатынасқа қол жеткізудің бірнеше негізгі принциптік жолдарын атайық.
(а) Медиа қызметін ұсыну. Жоғарыда келтірілген ақпаратты ескере отырып, РR - маманы мединамен тығыз әрекет жасасуы тиіс. Қалыптасқан қатынастар екі жақты болуы керек.
(в) Өз шынайы ақпарат көзі ретіндегі беделік қалыптастыру. Жіберілген материал өте дәл болып, керек жеріне, керек уақытында жіберілуі тиіс. Осы жағдайда жорналшылар бұл ақпарат көзін сенімді деп санайды, ал қатынастар екіжақты әрі мықты болады.
(с) Сапалы үлгілерімен қамтамасыз ету. Мысалы, жақсы, қызықты, сәйкес қосымша материалы бар фотографиялармен қамтамасыз ету. Сондай-ақ компьютерлік тікелей енгізу пайда болған соң жаңалықтық реміздерді жіберушінің өзі тереді, нәтижесінде жіберілген материалды қайта басып, оны түзетудің қажеті жоқ.
(d) Материалмен қамтамасыз етудегі өзара әрекеттесу. Мысалы, қажет болған кезде белгілі тұлғалармен пресса өкілдері үшін сұхбат ұйымдастыру.
(е) Материалды тексеру үшін мүмкіндік туғызу. Мысалы, жорналшыларға сипатталған процестерді өз көзімен көру мүмкіндігін беру.
(f) Медиа өкілдерімен жеке қарым-қатынастар орнатып, бекіту. Қатынастар орнатып, бекіту. Қатынастар сенімге және өзара кәсіби құрметке негізделуі тиіс.
Жауапкершіліктің қарама-қайшы сфералары және адалдықтың түрлі дәрежелері.
Адалдық аз ғана болса да талқылауды қажет етеді. РR-маман мен жорналшы жұмыстарында әр түрлі, кейде тіпті қарам-қайшы мақсаттар мен адалдық деңгейі бар. Рөлдердің мұндай контрасттылығы жалпылай түрде мынадай болады:
(а) РR-маман
(і) Оның басты міндеті - кәсіби этика, заң немесе қоғамдық мүдделерге қайшы келмейді деген шартпен клиенттің немесе жұмыс беруші алдында жауапкершілік.
(іі) Үйлестірілген РR- бағдарламалар орындау; мақсат - клиент ұйымды немесе жұмыс берушіні тауар мен қызметтерді барынша түсіндіру мен білдіруге қол жеткізу.
(в) Жорналшының бірінші міндеті - өзінің баспашысы алдында жауапкершілік, ол оның күнделікті редактор беретін саясатына бағынуы тиіс. Негізінен ең ықтимал саясат біреу ғана - басылымды табысты (кірісті) ету, мұнда кірісті жарнама табысынан немесе басылым бағасынан, немесе екеуінен де алады. қазіргі күнде газет-журналдар толығымен жарнамадан түсетін табысқа сенбейді, кейде тіпті оларға мүлдем сенбейді. Бұл жорналшы газеттер сата алатын материал жазуы тиіс дегенді білдіреді.
(іі) Оқырман талаптарын қанағаттандыру қажет болғандықтан, оның оқығысы келгені, тыңдарманның тыңдағысы келгеннен, көрерменнің көргісі келгені РR- маманының жариялағысы немесе эфирге шығарғысы келгенімен сай болмауы да ықтимал. Нәтижесінде медианың жақсы жаңалықтан гөрі жаманына жол беретін жағдай туады. Бақытсыздықтар табысқа қарағанда көбіне әсер етеді, бұл ағылшын БАҚ-на тән болса керек, олардың аудиторияларының көп бөлігі орнықты, байсалды жаңалықтардан гөрі, ойын-сауықты қалайды. РR-маман мұндай қайшылықтар және аномалиялармен келісіп, мұны цинизм көрінісі емес, өміршындығы деп санауы тиіс. Осыған байланысты бұл жағдай қарама-қайшылықты деп қабылданады.
Жаңалық деген не?
Прессада жарық көрудің керектігі.
РR-маман жаңалықты жариялағысы келетіндіктен, оның материалын басу үшін жарамдылығы дәрежесіне бағаланатындықтан, біздің «жаңалық деген не?»-деп сұрауымызға болады. Неміс оқырманы ағылшын прессасына «жаңалықтар» жетпейді және тек Daіly Telegrafh қана Frankfіrter Allgemeune - мен салыстыруға келетін лайықты басылым деп ойлауы әбден мүмкін. Американ пресса конституцияда «төртінші билік» деп жазылған, ал «Washіngton Post» - тағы Уотергейт ісін әшкерелеу американ прессасының рөлінің типтік көрінісі болды. Көптеген дамушы елдерде саяси жаңалықтар басым болады, ал танымал ағылшын газетінде олар әлдеқайда аз орын алады.
Ұлыбританияда саяси жаңалықтармен қаныққан газет 400 мың экземпляр тиражбен сатылса, танымал газеттердің тиражы 4 млн. құрайды.
Осыған қарамастан ағылшын пресса басқа әлемдік прессадан айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл бір ғана нәрсемен түсіндіріледі: күнделікті ұлттық газеттер түрлі әлеуметтік кластарға бағытталған және тек осы класты қызықтыратын материалды жариялайды. Кластарға бөлу мынадай байланыстарды көрсетті (әлеуметтік кластар, GІCNARS пайдаланатын түрде) .
Әлеум. кластар Газеттер
А. Жоғарғы орта класс The Tіmes, Fіnancіal Tіmes
В. Орта класс Daіly Telegraph Guardіan The jndependent
С. Төменгі орта класс Daіly Express Daіly Maіl
С 2 Д Жұмысшы класс Jun Daіly Mіrror Daіly Star
Басқа елдерде кластарға бөлу басқа негізде жүргізілуі мүмкін: діни (мысалы, католиктер мен протестанттар), саяси (мыс., хритиан-демократтар мен социал-демократтар), немесе тіл бойынша (ағылшын немесе француз) . Мұның барлығы әртүрлі адамдардың әрқилы жаңалықтарға қызығатынының мысалдары.
«Жаңалық» ұғымының анықтамасы. Жаңалық - алушыға әлі белгісіз ақпарат.
Сараптама.
(а) Жаңалық міндетті түрде ағымдағы оқиғаларды хабарламайды. Оқырманға қызықты нәрсе де жаңалық бола алады. Кейде саяси немесе қоғамдық оқиғалар туралы жаңалықтар «бірінші жолң немесе «қатты жаңалықтар» деп аталады. Keuters пен Press Assocіatіon дәл осындай жаңалықтар таратады. Бірақ, жаңа ерін помадасы, компания қызметінің аталатын ат туралы ақпарат та жаңалық бола алады. Two-Ten Communіcafіons компаниясына олардың «іс жаңалықтарын» немесе компания туралы жаңалықтарын таратқаны үшін төлейді.
(в) Жаңалықтар міндетті түрде «жаңа» болуы тиіс емес: егер бұрын-соңды жарияланбаған нәрсе берілсе - ол да жаңалық болады. Дегенмен де, әркім «жаңа емес» (stale) жаңалықтар ұғымын сезінуі тиіс: кейде газет бұдан бірнеше күн бұрынғы болғанда жариялайды. Бірақ өнім туралы ақпарат, бұл өнім қаншалықты ерте шықса да, бірақ ол туралы ақпарат берілмеген болса, жаңалық болып табылады. Жаңа өнім туралы материал күнделікті, аптасына бір, айына бір шығатын, яғни кезеңділігі әртүрлі басылымдарда да жақсы жарияланады.
Жаңалықтық релиз
РR- материалды тексеру.
Баспада жарық көруге жарамдылық, ақпараттың оқырман үшін қызықты, сондықтан басппа үшін құнды болатынын білдіреді. Бірақ РR- маманы бұл стандарттарды редактордың қарастыруына берілетін барлық жаңалықтық релиздерді, мақалалар мен фотогарфияларды тексеру үшін, сондай-ақ пресса өкілдеріне ұсынылатын оқиғаны бағалау үшін қолдануы тиіс. Осы расында тұрарлық материал ма, бұл фотогарфия бетті жақсарта ма, неліктен жорналшылар жоспарланған кездесуге назары мен уақытын бөле алмайды - деген сұрақтар қоюы тиіс. РR-маманының өзі материалдың баспаға жарамдылығын объективті түрде бағалап, шешуі тиіс.
Нашар релиздер мен нашар РR
Тәжірибелі редакторлар жаңалықтық релиздердің мазмұны бойынша ұйымның имиджі туралы ой қорыта алады. Дегенмен РR әлемінде жаңалықтық релиздерді жазудан өзге ешнәрсе мұндай нашар деңгейде жасалмайды. Редакторлар әрдайым алынған релиздердің сапасына қанағаттанбайды, бұл тек прессамен қарым-қатынас үшін жаман болып қана қоймай, сондай-ақ мұндай релизді жіберген ұйым туралы пікірдің нашар болуына себеп болады. Бұл өте өкінішті жәйт, бірақ редакторлардың талабына сай келетін релиз дайындау аса күрделі емес және де кейбір релиздер дәл осылай жазылған.
Жақсы жаңалықтың релиз материал, осы ақпаратты жорналшы жазғандай етіп беруі тиіс. Бұл «бұны хабарлай отырып, біздің көңіліміз мақтанышқа толы» дегендей болмауы керек, «біз» есімдігін қолданбаңыз өзіңізді-өзіңіз мақтаумен айналыспаңыз. Қалай болса да жаңалықтық релиз жарнамаға ұқсамау керек. Жаңалықтық релизді жазуды үйренудің қарапайым жолы - газеттерді мұқият оқу. Редакторлар алатын релиздердің кейбірі ғана баспада көруге болатын оқиғалар сипаттамасына ұқсайды. Біз бұл мәселеге әлі ораламыз.
Материалды білікті түрде ұсыну
Прессамен байланысты жақсартуға 4 фактор көмек етеді.
(а) Релиздер жорналшылар қолданылатын стильде жазылуы керек, ол эссе, сұрақтарға жазбаша жауап немесе негізгі мақала стилінен елеулі ерекшеленеді. Газеттік хабарлама да өзіндік стильмен өзгешеленеді. Іс-жүзінде берілген РR-хабарды өз есебінің негізі ретінде қолдануға келіскен жорналшының қолы қойылған жағдайларда жиі жақсы хабарлама туады. Мұнда табысқа кепілдік бар.
(в) Релиздер қолжазба түрінде жіберіліп, хатшылар өз тәжірибесінде сай келуі тиіс. РR-маманы релизді басып отырған хатшыны, абзац бөлу, ұйымның атауындағы нүктелерді қалдырып кету, мысалы J. P. R. емес JPR деп жазу және Fіnancіal Tіmes-тағыдай бас әріптерді жиі қолданудан қашу туралы нұсқау беріп отыруы тиіс. Бас Директор дегеннен гөрі - бас директор деп жазған дұрыс. Сондай-ақ релиздің кәсіби түрі болуы керек, бұл редакторға әрқашан да ұнайды, өйткені жіберілген материалды түзей - қосымша жұмыс:
(с) Релиз өзі жіберілген дорналға сай келуі керек. Техникалық прессаға арналған техникалық материалдарда дұрыс терминологияны қолдану қажет. Ал қызмет орындарына жаңа тағайындаулар туралы бір-екі жол жазатын газетке бизнесменнің өмірбаянын жіберудің мағынасы жоқ.
(d) Релиз өз уақытында басылу үшін оларды мұқият іріктелген басылымдарға алдын-ала жіберу керек. Бұл үшін медиа тізімдері, қандай басылымдар қандай материал жариялайтынын, баспа процесі мен келетін материалды қабылдаудың текті мерзімдерін білу қажет. Әрбір тақырыптық материал өз тізімін қажет етеді, сондықтан стандартты тізімінің барлық стандартты қанағаттандыруы сирек. Мысалы, стандарты тізім күнделікті, апталық және айлық басылымдардан тұрады, бірақ нақты бір оқиға туралы релиз апталық және айлық басылымдар үшін тым кешіктірілген болуы да мүмкін ғой. Олардың редакторлары жақсы материалдың басылуы үшін тым кеш келгеніне ренжуі мүмкін, олар мұндай материалды жіберудің текті мерзімін білмейтін РR-маманына сын көзқарас танытуы мүмкін.
Релиздерді қалай жазу керек.
Жаңалықтық релизді жазып үйренудің қарапайым жолы - газет хабарламаларын зерттеу және олардың қалай жазылғанын сезіну және соның негізінде - арнайы тәсілдерді зерттеу. Газттерді оқи отырып, негізгі екі ерекшелікті байқауға болады.
(а) Кіріспеде тақырып дәл көрсетілген Релизде сирек жағдайда ұйымның атауы тақырып болады, көбінше оның істегені тақырып болады. Мысалы, «Brіtіsh Aіrurays Жапонияға жаңа маршрут Brіtіsh Fіruays-бен ұсынылды» - деген ыңғайлы.
(в) Алғашқы абзац бүкіл материалдың резюмесі болып табылады, ол, одан басқа ешнәрсе басылмаса да, бүкіл хабардың мағынасын түсінуге мүмкіндік береді.
Қолдары босалмайтын редакторлар, олар ыңғайлы релизбен толтыруы қате 1/2 ғана бағана бар дейді, сондықтан баспа талаптарына сай келмейтін релиздер бірден кері қайтарылады. Күн сайын редакторлар жүздеген релиз алады, тек бірінші абзац қана, жіберілген материалдың баспаға немесе қоқыс кәрзеңкесіне жетуінің крийтериі болып табылады.
Жеті құрамды бөліктен тұратын формула (SOLAADS) .
Релизге қосу қажет мәліметтерді тексеру үшін формула бар. Бұл формуланы Фрэнк Джеркинс ұсынған және SOLAADS деп аталады (құрамды бөліктердің ағылшынша алғашқы әріптерінен) :
- Тақырып (subqіct) - әңгіме не туралы?
- Ұйым (Organіkatіon) - ұйымның аты қандай?
- Орналасуы (Locatіon) - ұйым қайда орналасқан?
- Артықшылықтар (Advantages) - жаңа не ұсынылады және оның пайдасы бар ма?
- Қосымша (Applіcatіons) -пайдасы не, кім тұтынады?
- Нақты мәліметтер (Detaіls) - өлшемдері, түстері, бағалары қандай, кім орындайды және басқалары.
- Көзі (fource) - ол орналасудан өзге ме? Мысалы, орналасу деп жұмыс атқарылатын орынды айтып, ол көзі ретінде бас офистің мекен - жайы көрсетілуі тиіс.
Осы формуланы ескере отырып материалдың жалпы мазмұндалуы 9. 1 кестеде берілген.
13. SOLAADS формуласының артықшылықтары бұл формуланың келесі артықшылықтары бар:
а) Релизді жазбас бұрын қажет мәліметтердің тексеру тізімі.
б) Релиздің жалпы мазмұны, ол ақпарат кезектілігін көрсетеді; материалды оқырмандар алдында баяндауға қолайлы реттілігін ұстану имүмкіндігі;
с) Автор мазмұндамада қандай да бір қажетті ақпараттың қалып қалмағанын қадағалап отыратын тексеру тізімі. Редактордың тәжірибелі автордың өзі міндетті түрде қосатын маңызды ақпаратты сұрау үшін телефон соғуы қажет болмайды.
10) Формула 7 абзац қана және одан көп болмауы керек дегенді білдірмейді. Ол тек ақпараттың кезек ретін береді.
е) Бірінші абзацты релиз тақырыпты көрсетілуі тиіс; ұйым атауы (толық атауын беру керек емес: Mazda, ал Meccanoltd орнына жай ғана Meccano деген дұрыс) қажет болса немесе ол тауар немесе қызмет көзінен өзге болса орналасуын көрсету; сондай-ақ материал мәні. Тақырып міндетті түрде ерекше бөлінуі тиіс. сосын, істі құрамды формуланың 4, 5 және 6 пунктерін жеті құрамды формуланың 4, 5 және 6 пункттерін қолдана отырып, материалға формалы түр береді.
Қазіргі редактор компьютерінің мониторында немесе дисплей экраннында тек бірінші абзацты көрсету мүмкін болып отырған кезде «кіріспең өте маңызды болып табылады. Ешқашан да оны бас қатыратындай жазбаңыз, бұл сізге сөзжұмбақ емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz