ХХІ ғасырдағы қазақ журналистерінің сөйлеу стилі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ХХІ ғасырдағы қазақ журналистерінің сөйлеу стилі

ХХІ ғасырдағы журналистердің сөйлеу стилі қандай? Әрине, күрделі, бір жағынан өте-мөте қажет, соңында үлкен күдік пен үміт ұштасқан ұтымды сұрақ. Оның ішінде қазақ журналистерінің?. . Бұл жерде біз атаған сұрақтың әлбетте қоюшылары кімдер болуы мүмкін деген сауалды да ұмытып кетпеген жөн. Қоғамда көруші көз, естуші құлақ бар, яғни, зейінімен зерделеп, тыңдауымен ой қорытатын, осы арқылы өзіне күнделікті рухани, азық алып отыратын халық сол қызметтің иесі. Сондықтан журналист шындап келгенде миллиондар үшін қызмет ететін жан, сол миллиондар алдында үлкен жауапкершіліктің бар екенін әсте жадында ұстап, лайықты қызметіне жауап бере білетіндей маман иесі болуы тиіс.

Бүгінгі қазақ журналистері осы мүддеден табылып отыр ма? Жалпы, алдымен жаңалық жаршысы деп аталатын осы бір өкілдің өзі журналистика деген кәсібінің бірнеше саласына сәйкес қызмет атқарады. Мысалы: телевизия, радио, интернет(бұлар электронды ақпарат құралдары) және баспасөз(газет, журнал т. с. с) дегендей. Міне, осының әрқайсысына тән журналист қауымын өз аудиториясына қарай оның стильдік тұрғысынан сөз еткенде алдымен әрқайсысының жеке-дара ерекшеліктері болатынын естен шығармаған дұрыс. Мәселен, электрондық ақпарат құралдары саналғандықтан, телевизия мен радиодағы журналистердің сөз қолданыстарындағы стильдік ерекшеліктері көп жағдайда бір-бірімен ұқсас дегенімізбен оларды баспасөз саласының стилімен салыстыруымызға болмайды. Себеді, телевизия мен радионың өн бойындағы хабарлар алдымен көру мен есту арқылы ғана жүзеге асады, соған лайықты оның сөйлейтін сөзі де ықшам, қысқа әрі тұшымды болуға тиіс. Және бұлар арқылы беліетін хабарлардың сөздік құрылымында оғаш тіркестер, қателіктер, көп сөзділік тағы басқалар берілсе, ол аудиторияға бірден байқалады. Міне, әлбетте осының бәрі журналист мойнына артылатын үлкен жауапкершілік.

Журналистің жеке басына қажет деген бірнеше шарттарды атап өтуге болады. Оның бастауы ең әуелі оның білімінде жатса керек. Ал журналист білімнің негізі саналатын ең басты құрал - тіл. Сондықтан аудитория үшін қызмет ететін журналист тіл арқылы ғана өз мамандығының лайықты кәсібін таныта алады.

Соңғы кездері БАҚ-тың қай саласында болмасын қызмет істейтін қазақ журналистерінің атына айтылып жүрген сындар көп. Әрине, оны да әр қырынан жеке-жеке саралауға болатын шығар. Бірақ, мемлекеттік тіл үшін өте қажырлы күрес жүріп жатқан бүгінгі қоғамда журналист қауымының тілдік этикасына да мін тағылуы сондықтан. Өйткені, халқымыздың орыстанып бара жатқанын былай қойғанда, қазіргі қолданыста жүрген тіліміздің өзі зор деформацияға ұшырамасын деген қауіп журналистерден туындап отыр.

Сынның дер кезінде айтылғаны өте орынды. Не дегенмен халық бәріне таразы. Қысқасы, сырт көз сыншы болмай, осал олқылықтың орнын жабу қиын.

Бүгінгі қазақ телевизиясы мен радиосына деген халықтың орынды сыны көп-ақ. Әрине, болғаны дұрыс. Алайда, бұны соңғы уақыттары эфир алаңдарын жас буынның жайлай бастауына қарап, жоруға болатын сияқты. Тіпті, кім көрінгеннің “журналист” боп кеткені жайындағы әңгімелер де жиі ұшырасып жатады.

Қазіргі қазақ электронды ақпарат құралдарын жаулап бара жатқан “диджейлік” дәстүр көп айтылып жүр. Оның түп тамыры әсіресе коммерциялық арналардан молынан табылады. Тілді мейілінше, бұрап, қорлап, қалай болса солай пайдалану міне осы арналардағы диджейлердің үлесінде тұр. Мысалы, “КТК” телеарнасындағы “Аялдама”, “Білгенге маржан” “Таң”-дағы “Тайқазан”, т. б, ал еліміздегі оннан астам радиоларындағы шұбап жатқан әлі қаншамалары артып жығылады. Яғни, бұл арада “батыстық суперсаздар” жайлаған жерде, оның айналасы туған тілге деген құрметтің немқұрайдылықтың көрінісін тудыратынын айтпасқа шара жоқ. Бұл бір.

Екіншіден, бүгінгі таңда халыққа ақпарат таратуда еліміздегі мемлекеттік және жекеменшік арналардың бір-бірімен жарыса бәсекеге алаңына түскенін ескерсек, ондағы журанлистердің халық жүрегінен орын табар сөз қолданыстағы тілдік өзіндік стильдері назарға көп ілігеді. Осыған орай, біз тек бүгінде “Ұлттық арна” санатына жататын республикалық беделді “Хабар” агенттігінің өзін ғана алып қарастырайық. Оның ішінде “Хабардағы” жаңалықтар бөліміне тән журналистердің тілдік стильдік сипатына үңіліп көрейік.

Ең алдымен тәжірибелі жүргізуші болса да Қымбат Досжанға айтылып жүрген сыннның бірін атап өтуге болады. Мәселен оның “Назарларыңызға рахмет” деуін “Ана тілі” газетінің журналисі Сабыржан Шүкірұлы айтып өткен еді. Бұл сөз шынымен халықтың наразылығын туғызған. Ал, бұл аталған сөз тіркесі бұдан бұрын жүргізуші Ләззат Танысбайда кездесіп келді, кейін оны Дана Нұржігіт те қолданған. Ал, шын мәнісінде рахмет назарға айтылмайды, назар салған, тыңдаған адамға ғана айтылады. Бұл енді нағыз “Спасибо за внимание” деген орыс сөзінің қазақша тұп-тура аудармасы.

Журналистердің көбісінде “жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай”, “жасырын емес”, “жасырғымыз келмейді” т. б сан алуан сөздер қолданылады. Тіпті әлі күнге дейін кездесіп жатады. Бір кездері күнде кешкісін жаңалықтардан соң эфирге шығатын “Бетпе-бет” арқылы журналист Нұртілеу Иманғалиұлы бұл сөздердің біразын қолданып келді. Спорт журналисі Телмұханбет Күдеровтан да “ …алтын күткенімізді несіне жасырайық” деген тіркесіне қарап орынсыз қажетсіз тіркестің тағы да пайдаланғандығын аңғарасыз. Бұны айтпағанда күнделікті жаңалықтар арасында “оқиға орын алды”, “ат басын тіреді”, “келеді деп күтілуде”, “жарақат алды”, “аталмыш”, “қоңырау шалды” тағысын тағылар жетіп артылады. Бұлардың кейбірі, мәселен “деп күтілуде” деген тіркес “ожидается” сияқты нағыз орыс сөзінің қазақшы дәлме-дәл көшірме аудармасы. Ал, “оқиға орын алды” деген тіркеске мән берсек, оқиға орын алмайды, оқиға болады. Яғни, “оқиға болды” деп қолданған орынды сияқты. Сол сияқты “қоңырау шалды” деген тіркестің де мағынасы былайғы қарапайым жұрт үшін мағынасы белгісіз, ол әуелі көркем әдебиеттерде солай қолданылып келуі мүмкін. Сонда “қоңырау шалды” емес, “қоңырау соқты” деп пайдаланған дұрыс болар еді. “Ат басын тіреді” - бұл нағыз фразеологиялық тіркес. Сондықтан халыққа ақпарат беруде тұрақты тіркестерге көп ұрынудың қажеті жоқ сияқты. Ақпараттың тілі әуелі ұғынықты әрі мейілінше қарапайым болуы тиіс. Және “жарақат алды” деген тіркес өте орынсыз қолданылып жүр, жарақат - ол жара. Сол себепті жараланаған жерден егер шынында жара алынса онда сөз тіркесі орынды. Ал біздің журналистер оны “жараланды” деген бір ауыз сөздің орнына қолданып жүр. “Аталмыш” сөзіне байланысты да бұған дейін сыншылар баспасөз беттерінде біраз ойларын айтқан еді. Бірақ әлі одан шығар нәтиже шамалы. Мысалы “Хабардағы” “Жеті күннің” (апталық сараптама бағдарламасы) қазіргі жүргізушісі Айдос Үкібаев бұл сөзді әлі қолданып келеді.

“Хабардың” танымал білікті журналисі Жайна Сламбектің тіліне де қатысты біраз сындар айтылып келді. Мысалы, ол бір репортажында былай деген еді: “Мына бауырсақ қуырып жатқан апа…”. Жайнаның бұдан қарапайым ғана қателікке бой алдырып тұрғанын байқайсыз. Бауырсақты қуырмайды, пісіреді ғой!

Қазақ тілі өте бай. Кез-келген сөздің өзіне сан түрлі балама табуға болады. Бізде әзірше орыс тілінің сөздері ақпараттарда көп аударуларды қажет етіп жатады. Бұған себеп, кейбір ақпарат көздері бізге сол орыс арналары арқылы жетеді немесе интернеттен алынып жатады. Осы тұста оның кейбірі біздің сөзге аударған кезде со қалпында сақталып жататын тұстары да бар. Мысалы, “Хабардың” Ақтаудағы тілшісі Әнуарбек Бимағамбетовтің сюжеттерінің бірінде “… дүниежүзінің практикасында жоқ” деген тірексін айтуға болады. Сонда “практика” сөзінің өкінішке қарай баламасы табылмағаны ма деген ойға қаласың. Және басқа да журналистердің бұған сәйкес “контрабандалық жолмен”, “препарат”, ветеринарлық қызмет”, “проблема туды”, “процент” “фактор”, “импорт” сияқты орысша тура айтылып жүрген сөздерінен мысал келтіруге болады.

Халыққа ақпарат беруде спорт жаңалықтарының да өз жанкүйерлері үшін маңызы зор. Осы сәтте спорт журналисі Амангелді Сейтқановтың өз қолтаңбасын сөз ете кеткен жөн. Алдымен Амангелдінің білім деңгейі және өзінің спорт журналисіне тән кәсібі жөнінде оған еш шүбә келтірмейміз. Алайда, оның тіліндегі стильдік кемшілігі ақпаратты жеткізудегі әр сөйлемдерінің қойнауында жатса керек.

Амангелді репортаждарының басым бөлігін тұрақты сөз тіркестері алып жатыр. Ол да керек шығар. Әрине, журналист үшін әуелі оның тілі жұтаң болмауы тиіс. Бірақ, ескеретін жәйт, ақпаратта неғұрлым көркемсөзге, фразеологиялық тіркестерге, шұбалаңқылыққа әрі мағынасыздыққа ұрынудан қашық болған абзал. Себебі аудитория ең алдымен түсінуге жеңіл әрі көкейге қонымды мәлімет талап етеді. Енді сөзімізді нақтырақ болу үшін бірер мысалдармен байланыстыра кетейік. Мысалы, Амангелді сюжеттеріне ден қойған көрерменннің мынадай сөздерді кездестіруі ғажап емес: “жер жастанды, жер қапты, жер қаптырды”, “Қажымұқанның қайыс белдігі”, “жалғыз ұпай қай жыртықты жамасын”, “жеңіс желкенін ауыздарымен үрледі”, “ қанжығасын майлады”, “шайтанарбасын сайлады”, “имек таяғын алып алаңға шықты”, “мүйізімен жер сүзді” т. с. с. Бұлардың кейбірін қарапайым халық түсінеді, кейбірінің мағынасын сол сәттерде ұғынудың өзі қиынға соғады. Әрі жаңалықты тым әсірелеп, көркемдеп жіберудің қажеті жоқ. Амангелдінің кейбір эфир этикасына кері әсер ететін тұситары да байқалып жатады. Ол әсіресе тікелей ойындар арқылы репортаждарға комментарий жасағанда білінеді. Мысалы, экранда жүріп жатқан футбол ойындарының бірінде оның бірнеше футболшының бірінің аяғына бірі шалынып құлағанда айтқан сөзі мынадай: “Охтый”, опыр-топыр құлады!. . ” Кейде осыған ұқсас сарындағы бірнеше тіркестерді де кездестіріп жатамыз. Түптеп келгенде бұл да эфирдің өзіне тән этикасынан алшақтап кету деген сөз. Журналист сондықтан әрине, тікелей эфирде де осы қағиданы жадында берік ұстағаны жөн. Себебі, оның алдында сан мыңдаған халық телміріп отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл мәдениетінің сипаты
Журналист этикасы
Интернет журналистиканың пайда болу тарихы
Публицистикалық стиль
Шығыс Қазақстан облыстық газетінің қалыптасу, даму кезеңдері (1931 – 2004 жж.)
ҚАЗАҚ СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ РӨЛІ
Телебағдарламадағы журналистің позициясы
Қазақ спорт журналистика мәселелері
Әлем журналистикасының тарихы
ҚАЗАҚ ТЕЛЕДИДАРЫ ЖӘНЕ ХАБАР МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz