БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ АУДИТОРИЯСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ АУДИТОРИЯСЫ

Кіріспе

Жалпы журналистика - 1) баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы. Әдеби-шығармашылық қызмет түрі ретінде журналистика саяси, салалық, тақырыптық т. б. басылымдар, радио және телебағдарламалар арқылы қоғамдағы көкейкесті мәселелерді қозғап, алуан түрлі аудиторияны әлеуметтік, саяси және арнаулы мағлұматтармен қамтамасыз етеді. Қоғам дамуының заңдылықтары, әлеуметтік, экономикалық және рухани мәселелер жөнінде мағлұмат беріп, жұртшылықтың қоғамдық пікірін қалыптастырады. Журналистикаға берілетін анықтамалар мен тұжырымдар барлық уақытта біркелкі болған емес. Кейбір тұжырымдар журналистика қоғамдық ой-пікір мен дүниетанымды қалыптастыратын, сол уақыттағы нақтылы оқиғалардың барлық жағынан қамти отырып, ондағы ағымдар мен процестерге, сондай-ақ құбылыстарға түсінік бере алатын әлеуметтік-бағыттаушылық мәнге ие болуы қажет дегенге тоқталса, кейбір тұжырымдар журналистика тек қана боямасыз ақпарат жеткізуші құрал, сондықтан тыңдаушы не оқырманның ой-пікірді өзі қорытуына, дүниетанымдық таңдау жасауына мүмкіндік қалдыруы тиіс деп санайды. Тіпті қазіргі заманғы ақпарат құралдарының қайсыбірі өз өнімдерінің ішкі мазмұны мен идеясына, ал кейбіреуі жалан хабарды неғұрлым шұғыл да шапшаң таратуға баса назар аударып жүр. Эурналистиканы қалыптасқан жалпыадамзаттық ортақ құндылықтармен қатар әрбір елдің өзіндік ішкі бағыттары арқылы дамитын пластикалы ақпарат тарату түрі ретінде қарастыруға болады. Адамдарға ықпал ету мақсатында ақпарат жинақтау және оны тарату іс-әрекеттерінің белгілері ежелгі дәуірлерде-ақ байқалған.

Басылымдар мен бағдарламалар, тіпті жекелеген материалдар мен көрсетілімдер кейде аудиторияның барлығына бірдей бағытталса, кейде белгілі бір әлеуметтік және саяси топтарға (мамандыы, кәсібі, жынысы т. б. бойынша) арналады. Журналистік қызмет - аудитория шеңберінде жүргізіледі.

Қазақстан қоғамының дамуының қазіргі кезеңінде саяси, экономикалық және әлеуметтік мақсаттардың табысты шешілуі тұлғаның әлеуметтік белсенділігі сияқты фактор әрекетіне тәуелді. Белсенділікті қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдары маңызды роль ойнайды. Еліміздің қоғамдық өміріндегі баспа, радио және теледидардың алатын ролін, олардың қарқынды өсуі, жақсы таралуы және кез-келгеннің қолына жетерлігі куәландырады.

Баспа және ауызша сөз, теледидарлық бейнелеу қысқа мерзімде ең алыс аудандарға жетіп, кез келген әлеуметтік ортаға бейімделе алады. Бұқаралық ақпарат құралдарының зор мүмкіндіктері бізді оның жұмыс жасалуы мен дамуын, аудиторияға әсер ету нәтижелілігін оқу қажеттілігін туғызады. Бұқаралық ақпарат құралдарының нәтижелілігін дәстүрлі түрде зерттеуде дәрісхананың ақпарат құралдарының тұтыну анализі мен газет, радио және теледидардың миллиондаған аудиториясының санын ғана келтіріп кетеді, ал жүйелік зерттеу БАҚ-ның тұлғаның әлеуметтік белсенділігіне тигізетін әсері ойдағыдай еместігін көрсетті.

Ғалымдардың анықтауынша, мысалы, ақпарат құрмалдарын тұтыну, қолдану және өндірумен тығыз байланысты қазіргі кездегі адамның бұқаралық-комминикациялы қызметі, ақпарат қол жетерліктей болса және жаппай таралған болса, кез келген салада істеу мүмкіндігін тудырады: ол қоғамдық-саяси, танытарлық, еңбектік т. б. болса да. Алайда ондай тек бұқаралық ақпарат құралдарының мазмұны мен пішінінің адамдардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сай ауысып тұрса ғана мүмкін.

БАҚ-ның нәтижелілігі проблемаларының әлеуметтік зерттелуі, солардың нәтижелерін журналистік тәжірибеге енгізу - қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму процессін толық көрсетер еді.

1-бөлім:

Журналистік қызметтің нәтижелілігі

БАҚ-ның нәтижелілігі проблемасының қойылуынан кейін бізде шешудің жолдары мен тәсілдері туралы сұрақ туады? Соңғы кезде ғана нәтижелілікті зерттеу мен проблемаларды шешу мәселесі толық қамтылған тиянақты және кең көлемде жазылған ғылыми еңбектер пайда болуда.

Біріншіден, онда хабар қайнарының түрлі кезеңін атап көрсету (ақпарат қайнарымен, оның құрамында бар ақпаратпен алғашқы қатынас, және ол ақпарат әр түрлі сипатта, түрлі формада кездесетінін ескеріп, берілген ақпаратқа өзіндік жеке-дара қатынас тауып, сол ақпаратты игеру және есте сақтау керек) . Екіншіден, болуы мүмкін жағдайларды мынадай бес топқа біріктіріп қарастыру: когнитивті, бағалылығы, ұйымдастырылуы, қатынасы, пайда болуы мен эмоционалды-психологиялық тонустар.

Нәтижелілік проблемасын зерттеу мұндай жағдайдан шығатын маңызды практикалық шешім тапты: ол жоғары нәтижелілік беретіндей және жеке әлеуметтік жағдайлар, аудиторияның жағдайы, журналист кадрлерін дайындауда керек кепілдемелерді, барлық журналистерге ортақ міндеттерді жасау.

Журналист нәтижелілік проблемасын жұмыстың әрбір кезеңінде кездестіреді: белгілі бір мақсатты орындау барысында, тақырып таңдауда, алғақы ақпаратты жинауда, басылымның немесе бағдарламаның типологиялық кейіпкерлерін анықтауда т. б. Журналистің жұмысына мұндай баға берудің маңызы прагматикалық аспектпен, яғни информацияны қабылдаушылармен қатынаста болуымен байланысты. Екі басқа аспект - семантикалық және синтаксистік - тиісінше көрсетілген ақиқат мінездемесі мен материалды дауындау мінездемесі жағынан бір-бірімен байланысты.

Журналист өз қызметінде шындыты суреттейді, сосын танып-білгеннің негізінде сөздер (текст) дайындайды, ал сол текст содан кейін аудиторияға түседі. Сондықтан да журналистік

қызметті зерттеудің алдында текст пен аудитория арасында қарым-қатынастарды зерттеу керекпіз. Бұл қарым-қатынас журналистің тұтынушының қажеттіліктеріне табан тірей отырып шығарманың кез-келген жерін түр-сипатын өзгерте алатын болса ғана үйлесімді бола алады. Бұдан, «нәтижелілікке» анализдің мақсаты болып журналистік қызметтің түрлі сатыларының прагматикалық парабарлық міндеттеріне сәйкестігін анықтау, ал содан кейін оған практикалық шешімдер табу болып саналады.

Менің ойымша, журналистік қызметтің нәтижелілігін зерттей отырып, БАҚ қызметінің екі түрін ажырату керек. Олар журналисттермен шешілетін мақсаттардың екі түрімен тікелей байланысты: халық қажеттіліктеріне сай жүйелі мақсатқа бағытталған нәтижеге қол жеткізу (шешім қабылдау саласында, адам сана-сезімінің қалыптасуында, оның өмірлік көзқарасы) . Бұл нәтиженің қайсысы маңыздырақ екенін анықтау қиын. Бірақ анығы мынау: әрекеттілік пен нәтижелілік ұғымдарын бір-біріне қосу болмайды, оларды бөле білу керек. Журналистиканың әрекеттілігі мен нәтижелілігін жоғарылату талабы - БАҚ жұмыскерлері мен ғалым-зерттеушілердің журналистика алдында қойылған мақсаттарын жүйелі және келісімді түрде шешу керектігін білдіреді. Себебі, жоғары нәтижелілік әрекеттіліктің артуына, ал жоғары әрекеттілік - нәтижеліліктің артуына мүмкіндік жасайды, себебі бедел аудиторияның сенімділігін арттырады.

Көптеген тәжірибелер БАҚ ақпараттарының көбісі екі жаққа бағытталғанын және сондықтан да әрекеттілік пен нәтижеліліктің белгілі бір деңгейіне ие болады.

Журналистік жұмыстың нәтижелілігін толық анықтау үшін, журналист деген тұжырымның ішкі құрылымын толық ашу керек.

Нәтижеліліктің дәстүрлі анықтаулары оны нәтиже мен мақсат арасындағы қатынас деп танып білуде, бұған анықтық енгізу керек. «Мақсат», субъективті тілектелген нәтиже, адамдарда қалыптасады.

Нәтижелілік туралы нақты ғылымдар адамдарға БАҚ-ның түрлі сипатта шын мәніндегі нәтижелілігін анықтауға және потенциалдық нәтижелілігін қалыптастыруға, яғни, осы жүйенің, немесе оның жекелеген бөлшектерінің алдына қойылған мақсаттарын шешуіне мүмкіндік береді. Аудиторияның информациялы қажеттіліктерін ескере отырып нақтылы мақсаттарды білу, олардың дұрыс қойылуына берілетін баға - «нәтижелілік» анализінің міндетті шарты.

2-бөлім:

БАҚ-ның нәтижелілігін көтерудың амал-тәсілдері.

Бұқаралық ақпарат құралдары - халық санасына әсерін тигізе алатын, ақпаратты жедел түрде жер шарының кез-келген жеріне тасымалдай алатын, адам сезіміне әсер ететін қуатты күш.

БАҚ-ның нәтижелілігі жоғарылуына кадр дайындау мәселесі үлкен әсерін тигізеді. БАҚ-ның жақсы дайындалған профессионалды шығарылымдары төменгі дәрежедегі шығарылымдарға қарағанда нәтижелі.

БАҚ іскерлігінің арттыруына шығармашылық жұмысқа аудиторияны қосу өте маңызды шешім болып табылады. Ақпараттық кеңістіктің қалыптасуында аудиторияның қатысы ол жоғары дәрежедегі дәлдік пен шындық, ойлаудағы ерекшеліктері, материалды ұсыну түрі болып табылады.

Жалпыға бірдей ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға адамдарды қосу БАҚ-ның жаңа түрлерін туғызады. Журналист пікір қабылдап, авторды көтерілген проблеманы шешуге қосады да, өзінің істеген еңбегінің дұрыс-бұрыстығын тексеруге мүмкіндік жасайды.

Ақпараттық кеңістік шеңберінде журналист пен аудитория арасындағы әңгіме жүргізу - тақырыптың мәнісін ашып, өзекті мәселелерін тұжырымдауға мүмкіндік жасайды. Хабардың мұндай түрі маңызды әлеуметтік, экономикалық және саяси мақсаттарды шешуге мүмкіндік жасайды.

Қорыта келсек, корреспонденцияны зерттеу, БАҚ-ның жұмысына аудиторияны қосу - БАҚ-ның әрекеттілігінің артуына, ал, ол өз кезегінде, нәтижеліліктің артуына алып келеді.

3-бөлім:

БАҚ және аудиторияның информациялық қажеттіліктері

БАҚ қызметінің нәтижелілігі қоғамның оған қойған талаптарына сәйкес зерттеледі. Мұндай мақсаттарды шешу халықтың көптеген әлеуметтік, жан-дүниелік, саяси қажеттіліктерін шешумен тығыз байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқаралық ақпарат құралдарының аудиториясына салалық анализ жүргізу
Медиабілім беру білім беру саласының арнайы бағыты ретінде
Радио жайлы
Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларындағы маркетинг
Радиохабар таратудың міндеттері
Жылжытудың жалпы мақсаттары
Іскери журналистика
Жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің педагогикалық шарттары
Әлем журналистикасының тарихы
Интернет журналистиканың жанрлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz