Әлем журналистикасының тарихы


Алғысөз
”Әлем журналистикасының тарихы” пәні журналистика тарихы бойынша өтілетін курстың бір бөлігі. Шетел баспасөзінің пайда болуы, қалыптасуы және даму сатыларын, жаңалықтар индустриясы технологиясымен таныстыра отырып, әр ел журналистерінің кәсіптік шеберлігінен, әдіс-тәсілдерінен жан-жақты мағлұмат береді.
Бұл пәнді жүргізу барысында студенттер баспасөз тарихынан жалпы хабардар болумен бірге, шетел публицистикасының озық үлгілерімен танысып, қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат құралдары туралы нақты мәліметтер ала отырып, олардың заң шығарушы, орындаушы және сот биліктерімен қарым-қатынасының механизмін түсінеді. Сондай-ақ БАҚ-тағы жарнаманың маңызы туралы кеңірек мәлімет алуға мүмкіншіліктері мол. Баспасөздің концентрациялануы мен монополиялануы, журналистиканың қазіргі заманғы теориясы, газет пен журналдардың типологиясы, ақпарат агенттіктерінің маңызы сынды мәселелердің бұл пәнде қарастырылуы студенттердің қызығушылығын туғызатыны сөзсіз.
ПӘННІҢ МАҚСАТЫ: Бұл пәннің алдындағы мақсат-міндеттерді былайша тұжырымдауға болады: әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының ауқымды мәселелерімен, бағыт-бағдарымен‚жетістіктерімен таныстыра отырып‚ баспасөз бен заңның байланысына ерекше көңіл аударту. Төртінші билік иесінің әр елдегі бағалану жағдайына объективті баға бере алатын дәрежеге жеткізу; сондай-ақ студенттер әр ел журналистикасының өзіндік белгілерін‚ерекшеліктерін дөп басып аңғара алулары қажет. Керекті жерінде шетелдік ақпарат көздерінің іс-тәжірибесіндегі жетістіктерін дәлелді талдауға талпындыра білу керек. Студенттерге шетел баспасөзі тарихынан курс және диплом жұмыстарын жазуға ықпал ету.
ПӘННІҢ ІЗАШАРЛАРЫ. Ең алдымен, алғашқы курста оқытылатын “Орыс журналистикасының тарихы” аталмыш пәннің ізашары болып табылады. Сонымен бірге, шетел журналистикасын зерттеуші ғалымдардың еңбектері бұл пәнді жүргізуде теориялық тірек қызметін атқарады.
Пәннің мазмұны
Лекция 1
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ( 2 сағ. )
Журналистиканың дүниеге келуі. Саяси журналистиканың қалыптасуы.
Кітап басу ісінің пайда болуы. Мерзімді баспасөздің қалыптаса бастауы адамзат мәдениеті тарихындағы заңды құбылыс. Журналистиканың дамуы. Журналистиканың қоғамдағы жағдайы, қудалау мен цензураға қарсы күрес. Баспасөз бетіндегі сөз- адам қолындағы әділеттілік құралы. Журналистика ақпаратты таратушы, әрі саяси және идеологиялық күрестің қаруы. Саяси журналистиканың қалыптасуы.
Еуропа елдеріндегі төңкеріс. Басылым түрлері: газеттер, листовкалар, памфлеттер, брошюралар. Баспасөздің ролінің артуы: болып жатқан оқиғаға баға беру, насихаттау дәрежесіне жетуі.
Ұлы француз революциясы тұсындағы баспасөздің ролі.
Газет пен журнал - қоғамның рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Сөз бостандығы және цензура.
Лекция 2
ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖУРНАЛИСТИКА
Капитал және журналистика (2 с )
Бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі жағдайы. БАҚ-тың ірі капиталға тәуелділік формалары: жарнама, несиелер, банк капиталымен және ақпаратты - насихатты монополиялармен байланысы; қағаз шығаратын, типографиялық, полиграфиялық өнімдерін дайындайтын, радиотеле құрал-жабдықтарын жасайтын, ЭЕМ өндіретін монополиялармен байланысы.
БАҚ -қа ірі капиталдың бақылау жасау жүйесі. БАҚ- ты біріктіру мен монополизациялау.
Қазіргі шетел ақпарат өндірісінің экономикасы. Жарнама және БАҚ.
Бұқаралық ақпарат құралдары капиталына саяси бақылау жасау.
Саяси бақылаудың негізгі типтері.
Лекция 3
Мемлекет және журналистика (2 с. )
Бұқаралық ақпарат құралдары - мемлекеттік-монополистік капитализм жүйесінің бір бөлігі. Капиталдың БАҚ- на ықпалы. Заң шығарушы, сот және орындаушы биліктің БАҚ-на әсер етуі.
БАҚ экономикасының реттелуі. Материалды жариялау мен ақпаратқа жету құқының шектелуі. Баспасөз бен эфирді әкімшілік тарапынан бақылау, ақпараттар легіне манипуляция жасау. Мемлекеттің ақпараттық қызметі.
Мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарына ықпал ету механизмі. Мемлекеттің мемлекеттік емес ақпарат құралдарына ықпал ету тетіктері.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен саяси партиялар арасындағы қарым-қатынас мәселесі. Саяси партиялардың бұқара санасы мен іс-әрекетіне әсер ету механизмінде БАҚ-тың алатын орны.
Дін және бұқаралық ақпарат құралдары. Діни басылымдарға тән ерекшеліктер.
Лекция 4
Шетелдердегі бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі (2 сағ)
Ақпараттық жарылыс: ақпараттар ағынының толассыз өсуі, оның ғаламдануы, байланыстың “ескі” құралдарын жаңарту, жаңа құралдардың пайда болуы, олардың одақтасуы (бейнетелефон, телегазет, телефакс т. б. ) .
Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік-монополистік капитализм жүйесіндегі ерекше еңбек бөлінісі бар өндірістің жеке тармағы. Телевизия, радиохабар тарату және баспасөз: ақпарат және жарнама агенттіктері - ақпараттық шикізатты өндіретін және өңдейтін ерекше мекемелер; ”паблик рилейшнз”- қоғаммен қатынас жөніндегі компаниялар және үкіметтік насихат ұйымдары.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары жүйесіне жалпы сипаттама.
Сапалы, танымал және аралас газеттер бөлінісі, олардың спецификасы.
Шетел журналдарының типологиясы. Ақпарат агенттіктері. Пресс-синдикаттар жүйесі. ”Паблик рилейшнз” жүйесі.
Лекция 5
Аудиторияға ақпараттық ықпал етудің түрлері, әдістері және тәсілдері (2 сағ)
Аудиовизуальды насихаттың дамуы. Сендіру, ережелер мен көзқарастарды енгізу жүйесі. Сурет, бейнелеу, кескін, дыбыс. Олардың көрініс жасаудағы рөлі, бағалау бағаналары.
Аудиторияға эмоциялық тәсілмен әсер ету. Суреттерді пайдалану. Баспасөздің бес сұрағы: кім, не, қайда, қашан және неліктен. ”Эфирлік” журналистиканың төрт ережесі: дұрыстық, анықтық, қысқалық және әртүрлілік.
Ақпарат насихат құралы ретінде. БАҚ және аудитория. Ақпаратты түрлендірудің әдіс-тәсілдері: сенсация және сенсация қуушылық; статистика; жартылай шындық және инсинуация; диффамация әдісі; әлеуметтік сауалнамалар. Бұқаралық баспасөзде мәліметтерді қолдану. Насихаттаудың ішкі құрлымы.
Лекция 6
ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДЕГІ БАСПАСӨЗДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Ұлыбритания баспасөзінің тарихы (2 сағ )
Ұлыбритания баспасөзінің пайда болуы. Ағылшын баспасөзі дамуының негізгі кезеңдері. Ағылшын баспасөзінің алғашқы қарлығашы-1606 жылғы «Уикли ньюсң газетінің ролі. Күнделікті газет «Дейли куранттыңң /1702/ пайда болуы.
ХҮІІ ғасырда Англияда сатиралық басылымдардың қалыптасуы. ХҮІІ ғасырдағы мерзімді басылымдардың түрлері:ақпараттық, аналитикалық, сатиралық және жарнамалық.
Ағылшын баспасөзіне тән ерекшеліктер. Оқырмандардың әлеуметтік топтарға қарай бөлінуі: А, В, С-1, С-2, Д, Е-тобы. Газет рейтингінің анықталуы-жарнамашылар үшін аса маңызды жағдай.
Ағылшын баспасөзінің дифференциялануы. Көпшілік қолды газеттердің пайда болуы. Тиындық газеттердің өркендеуіне А. Хармсворттың қосқан үлесі. "Сапалық" газеттердің қаймағы -«Таймсң. “Таймс” газеті 1785 жылдан бері шығатын көне басылым. ”Таймстың” иелері - Дж. Уолтер, Р. Томсон, Р. Мэрдок. ”Таймс”- шынайы британ институты. Шағын газеттен «Таймстыңң ірі газет кәсіпорнына айналуы.
Сапалық басылымдар:”Таймс”, ”Дейли телеграф”, ”Файнэншл таймс”, ”Гардиан”, ”Индепендент”.
Танымал басылымдар: ”Сан”, ”Дейли миррор”, ”Дейли мейл”, ңДейли скетчң, ңНьюс оф уорлдң. 60-жылдары танымал газеттерге сұраныстың өсуі. Ағылшын газеттерінің өтімділігі.
Ағылшын баспасөзіндегі монополиялану процесінің басталуы. “Рой Томсон” мекемесі. Лорд Нортклифтің бастамасымен өмірге келген “Интернэшнл паблишинг корпорэйшн” монополиясы. Оның бүгінгі тіршілік - тынысы. “Ассошиэйтед ньюпейперс” концерні. Бивербрук концерні. “Пирсон Лонгман” концерні: “Файнэншл таймс” газеті. Халықаралық монополист Рупер Мэрдоктың “Ньюс лимитед” монополиясы. Рупер Мэрдок империясының ақпарат әлеміндегі орны. “Берри” газеттер тобы. 70-80 ж. баспасөздегі монополиялану процесінің күшеюі. Ірі топтар арасындағы бәсекелестік.
Ағылшын бұқаралық ақпарат құралдарына трансұлттық корпорациялардың ықпалы.
Ақпарат агенттіктері. ”Рейтер”(1851 ж. ) - экономикалық және іскер қауымға арналған ақпараттарды таратуға маманданған халықаралық агенттік. Ақпарат тарату ісін өркендетуге "Рейтердің" қосқан үлесі. ”Рейтер” Қазақстанда. ”Пресс Ассошиэйшн”(1868 ж. ) - ішкі ақпараттарды жинап, таратумен айналысатын бірден-бір агенттік. ”Эксшэйнжл телеграф” (1872) агенттігінің ақпарат таратудағы ерекшелігі.
Ағылшын баспасөзінің бүгінгі күні. Көпшілік қолды басылымдарға сұраныстың азаюы. Мерзімді басылымдардың тығырыққа тірелуі.
Лекция 7
Франция баспасөзі : өткені мен бүгіні (2 сағ)
Франция баспасөзінің қалыптасу тарихы. Алғашқы басылымдары. Теофраст Ренодоның «Газетң апталық газеті мерзімді басылымдардың түп қазығы. Әлемдегі журналдардың негізі- «Журналь де саванң /1665/ Францияда дүниеге келген.
Ұлы Француз революциясының баспасөзді дамытуға қосқан үлесі.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі басылымдар арасындағы бөлініс. Франция баспасөзіндегі католиктік басылымдардың ролі.
Информациялық газеттердің ерекшелігі : “Паризьен либере”, “Фигаро”, “Франс - суар”, “Монд”. Франция баспасөзінің негізгі категориялары.
Франциядағы ірі газет - баспа монополиялары: “Ашетт” /1826 ж. /, “Эрсан тобы” /1950 ж. /, ңПризма прессң, ңЭдисьон Мондьяльң. Франциядағы газет тарату және тасымалдау мекемелерінің қызмет ерекшелігі. Матра-Ашетт конгломераты:Ашеттің әскери-өндірістік фирмасы және баспа тресі. Эрсан және заң.
Француз апталықтарының түрлері:информациялық саяси апталықтар, көпшілік қолды иллюстрациялы журналдар, әйелдерге арналған журналдар, телевизиялық апталықтар. Әйелдер апталықтарының әлемдік ақпарат рыногындағы орны. Француз тележурналдарының ерекшеліктері.
“Франс Пресс” агенттігі. “Франс Пресс” - “Гавас” агенттігі әлемдегі ақпарат агенттіктерінің түп қазығы. Агенттіктің өмір сүру өзегі - ақпарат сату. ңФранс -прессң Қазақстанда.
Франция бұқаралық ақпарат құралдарының халықаралық рыноктағы ролі. Француз басылымдарының бүгінгі бет -бейнесі.
Лекция 8
Америка Құрама Штаты БАҚ дәстүрлері (2 сағ)
Америка баспасөзінің пайда болуы. “Паблик оккарэнсыз энд доместик” /1690/ - алғашқы басылым. . Ағылшын газеттері үлгісіндегі алғашқы басылымдардың бағыт-бағдары. Америка басылымдарына тән сипат - жергілікті газеттердің қарқынды дамуы.
Электронды ақпарат құралдарының дүниеге келуі. Баспасөздегі монополиялану ісінің қалыптаса бастауы. Әлемді дүр сілкіндірген Херст ісі. Америка бұқаралық ақпарат құралдарының ұстанымдары.
Баспасөз - бизнес көзі. Америка БАҚ-ның заңмен қорғалуы. Америка БАҚ - төртінші билік иесі. Америка бұқаралық ақпарат құралдары - елдегі демократия сақшысы.
Америка журналдарының ақпарат рыногындағы орны. Журналдардың қалыптасуына Генри Люс пен Бритон Хадденнің қосқан үлесі.
Айшықты айдарлы, түрлі - түсті суретті, көлемді шрифтті газет-бүгінгі Америка басылымдарының көрінісі. АҚШ-тың ықпалды, белгілі газеттері:”Балтимор сан”, (1846 ж ), “Вашингтон пост” (1877 ж ), ”Нью-Йорк таймс”, ( 1851 ж ), “Уолт стрит джорнал” ( 1889 ж ), ”Крисчиан сайенс монитор”. ңНью-Йорк таймсң газеті - Америка мемлекетінің орталық нерв жүйесі. ңВашингтон постң сапалық газеттердің бетке ұстары. ңКрисчиан сайенс мониторң - діни басылым. “Ю-Эс-Эй- Тудей” газеті бүгінгі күнгі журналистиканың нақты көрінісі.
Баспасөз және оқырман. АҚШ басылымдарындағы «омбудсменң қызметінің маңызы.
Ірі баспасөз монополиялары. ң Толқын бір құрлықтың жағасынан екінші құрлықтың жағасына лақтырған ақпарат құралдарының Магелланың - Р. Мэрдоктың баспасөз империясы. «Ганнетң компаниясының ұстанымдары. .
Ақпарат агенттіктері:”Ассошиэйтед Пресс”, ”Юнайтед Пресс Интернэшнл”. ңКөкте -Күн, Жерде - Ассошиэйтед Прессң. ЮСИА агенттігінің қызметі. ЮСИА Қазақстанда.
Журналистика саласындағы марапаттаулар. Пулитцер атындағы сыйлықтың мәні.
Семинар сұрақтары (4 с. )
1. БАҚ және ғаламдану
2. Америка бұқаралық ақпарат құралдары - демократия сақшысы.
3. Американың беделді басылымдары:ңНью-Йорк таймсң, «Вашингтон постң, «Ю-Эс. -Эй тудейң. Ақпарат таратудағы ұстанымдары.
4. Ірі баспасөз монополиялары
5. Журналистік зерттеулер - АҚШ журналистикасының ерекше тәсілі.
6. Әлемдік ақпарат тарату жүйесіндегі «Ассошиэйтед Прессң агенттігінің ролі.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Андрунас Е. И. Информационная элита: корпорация и рынок новостей. М., 1991.
- Андрунас Е. Ч. Бизнес и пропаганда. М., 1986
3. Актуальные проблемы журналистики Азии, Африки, Латинской Америки. М., 1989.
4. Барманкулов М. К. Искусство современной информации. Алматы, 1993.
5. Беглов С. И. Монополии слова. М., 1972.
6. Бурмистенко А. Н. Сколько стоит «собственное мнениең? М., 1977.
7. Бурмистенко А. Н. «Та
8. Великович Л. Н. Религия и политика в современном капиталистическом обществе. М., 1970
9. Вороненкова Г. Ф. СМИ Германии в 90-е годы. М., 1998
10. Гляйсберг Г. О концентрации печати и манипулировании общественным мнением. М., 1974.
11. Ермошкин Н. И., Сучков И. В. Печать, радио, телевидение Индии. М., 1971.
12. Желтяков А. Д. Печать в общественно-политической и культурной жизни Турции. М., 1972.
13. Журналистика западноевропейских стран. Л., 1990.
14. Журналистика и управление СМИ. Оклахома, 1995.
15. Журналистика в буржуазном обществе / Под ред. Я. Н. Засурского. М., 1976
16. Журналистика развивающихся стран. М., 1986.
17. Журналистика в США:время перемен. ЮСИА, 1996.
18. Законы и практика СМИ в 11 демократиях мира. М., 1996
19. Зарубежная печать. М., 1978.
20. Зарубежная печать. М ., 1986
21. Землянова Л. М. Зарубежная коммуникативистика в преддверии информационного общества. М., 1999
22. Попов Ю. В. Зарубежная журналистика . М., 1994
23. Назаров М. М. Массовая коммуникация в современном мире. М., 2000
Сабақта пайдаланылатын көрнекі және әдістемелік құралдар
1. Пән бойынша пайдаланылатын оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік құралдар, қойылатын сұрақ карточкалары
2. Шетелдік газет-журналдар
3. Магнитафон, аудиокассета
Сынақка арналған сұрақтар:
- Ұлыбританияның алғашқы басылымдары
- Эрсан монополиясы
- АҚШ БАҚ-ның негізгі принциптері
- БАҚ-ты бақылаудың түрлері
- АҚШ журналдары
- “Таймс“ газетінің дәстүрі
- Баспасөздің төрт теориясы
- Ұлыбританияның ірі баспасөз топтары
- Италия апталықтары
- Монополиялану: жетістіктері мен кемшіліктері
- “Ганнет“ компаниясы
- Италияның күнделікті газеттері
- АҚШ-тың жалпыұлттық газеттері
- С. Берлускони монополиясы
- БАҚ-тағы этика мәселесі
- “Сапалық“ және “сары“ басылымдаар бөлінісі
- Германия баспасөзіне тән ерекшеліктер
- “Ю-ЭС-ЭЙ-Тудей“ газеті
- Шпрингер - сары басылымдар королі
- “Нью-Йорк таймс“ газетінің ұстанымдары
- Француз апталықтары
- БАҚ және заң
- “Тайм“ журналының стилі, ерекшеліктері
- Г. Вальраф публицистикасы
- Трансұлттық Р. Мэрдок монополиясы
- Журналистиканыың үш бағыты
- Ықпалды “Вашингтон пост“ газеті
- Халықаралық ақпарат агенттіктері
- Херст концерні
- “Бурда“ концерні
- БАҚ: сөз бостандығы және жариялылық проблемалары
- “Ашет“ тобы
- Германияның беделді баспасөз топтары
- АҚШ баспасөзінің қалыптасу кезеңі
- Трансұлттық Р. Томсон компаниясы
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Журналистика факультеті
Журналистика тарихы кафедрасы
“Бекітілген“
Журналистика факультетінің
деканы, доцент
Жақып Б. Ө.
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: Әлемдік журналистика тарихы
Мамандығы журналист
Оқу түрі сыртқы
Семестр 8
Курс- 4
Дәріс-16 сағат
семинар-4 сағат
Бақылау түрі -емтихан
Алматы, 2003
Бағдарлама авторы:ф. ғ. к., доцент Рамазан. А. Ә.
Жұмыс бағдарламасы журналистика кафедрасының отырысында талқыланды. Хаттама
Кафедра меңгерушісіпроф. Қозыбаев С. Қ.
Журналистика факультетінің әдістемелік кеңесімен келісілген. Хаттама №
Әдістемелік кеңестің төрағасы доц. Қамзин К.
Алғысөз
”Әлем журналистикасының тарихы” пәні журналистика тарихы бойынша өтілетін курстың бір бөлігі. Шетел баспасөзінің пайда болуы, қалыптасуы және даму сатыларын, жаңалықтар индустриясы технологиясымен таныстыра отырып, әр ел журналистерінің кәсіптік шеберлігінен, әдіс-тәсілдерінен жан-жақты мағлұмат береді.
Бұл пәнді жүргізу барысында студенттер баспасөз тарихынан жалпы хабардар болумен бірге, шетел публицистикасының озық үлгілерімен танысып, қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат құралдары туралы нақты мәліметтер ала отырып, олардың заң шығарушы, орындаушы және сот биліктерімен қарым-қатынасының механизмін түсінеді. Сондай-ақ БАҚ-тағы жарнаманың маңызы туралы кеңірек мәлімет алуға мүмкіншіліктері мол. Баспасөздің концентрациялануы мен монополиялануы, журналистиканың қазіргі заманғы теориясы, газет пен журналдардың типологиясы, ақпарат агенттіктерінің маңызы сынды мәселелердің бұл пәнде қарастырылуы студенттердің қызығушылығын туғызатыны сөзсіз.
ПӘННІҢ МАҚСАТЫ: Бұл пәннің алдындағы мақсат-міндеттерді былайша тұжырымдауға болады: әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының ауқымды мәселелерімен, бағыт-бағдарымен‚жетістіктерімен таныстыра отырып‚ баспасөз бен заңның байланысына ерекше көңіл аударту. Төртінші билік иесінің әр елдегі бағалану жағдайына объективті баға бере алатын дәрежеге жеткізу; сондай-ақ студенттер әр ел журналистикасының өзіндік белгілерін‚ерекшеліктерін дөп басып аңғара алулары қажет. Керекті жерінде шетелдік ақпарат көздерінің іс-тәжірибесіндегі жетістіктерін дәлелді талдауға талпындыра білу керек. Студенттерге шетел баспасөзі тарихынан курс және диплом жұмыстарын жазуға ықпал ету.
ПӘННІҢ ІЗАШАРЛАРЫ. Ең алдымен, алғашқы курста оқытылатын “Орыс журналистикасының тарихы” аталмыш пәннің ізашары болып табылады. Сонымен бірге, шетел журналистикасын зерттеуші ғалымдардың еңбектері бұл пәнді жүргізуде теориялық тірек қызметін атқарады.
1 лекция Германия баспасөзінің тарихы
Баспасөздің дамуындағы Германияның айрықша ролі. Кітап басу ісінің дүниеге келуі. ХҮІ ғ. қолжазба газеттердің пайда болуы. Германиядағы алғашқы газеттер: “Реляцион” және “Авизо” . Алғашқы күнделікті газет “Лейпцигер цайтунг”/1661/.
ХҮІІІ ғ. баспа мен редакция арасындағы бөлініс. Неміс баспасөзіне тән ерекшеліктер.
Баспасөздегі шоғырлану процесінің басталуы. Бұл істі өркендетудегі Р. Моссе, А. Шерл, Л. Ульштайн, Ф. Котталардың ролі.
Екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі басылымдар. Идеологиялық заказдың орындалуы. Соғыстан кейін шыққан “Аахенер нахрихтен”, ”Франкфуртер рундшау” газеттерінің ролі. Неміс басылымдарына қойылған бақылаудың жойылуы.
Неміс баспасөзі концентрациялануының қарқынды дамуы. Жаңа монополиялардың құрылуы. Шпрингер империясы. “Грунер унд яр”, ”Бурда”, ”Генрих Бауер феррлаг” концерндері.
«Берлин қабырғасы” тұсындағы бұқаралық ақпарат құралдары. Неміс журналистикасының қазіргі бейнесі. Ақпарат агенттіктері. :ДП
2 лекция Италия бұқаралық ақпарат құралдары
Ежелгі Рим шежірелері- журналистиканың бастау көзі. Цезарьдың қолжазба басылымдары.
Италиядағы кітап басу ісі. ХҮІІІ ғасырдағы «Каффең, ңОссерваторең басылымдарының баспасөз тарихындағы орны.
Муссолини билігі тұсындағы баспасөзге салынған тұсау. Елдің буржуазиялық демократия жолына өтуі.
Солтүстік және Оңтүстік газеттері арасындағы бөлініс. Газет шықпайтын аймақтар.
1948 жылғы баспасөз туралы заңның маңызы.
Италия газеттерінің типологиясы. Ұлттық басылымдардың ақпарат рыногындағы орны. Италияның беделді басылымдары: ңКоррьера делла сераң, ңРепуббликаң, «Стампаң, ңДжорнолең. Басылымдар арасындағы өзара бақталастық. Спорттық газеттердің ақпарат рыногындағы орны.
Италия газеттеріне тән ерекшеліктер. Талантты журналист Паоло Миели дүниеге әкелген «Миели моделініңң жаңашылдығы.
Италия журналдарының типологиясы, аудиториясы. Информациялық апталықтардың басымдылығы: ңПанорамоң, «Экспрессоң, ңЭпокаң. Әйелдер журналдарының өтімділігі.
Италиядағы діни басылымдардың ролі.
Баспасөздегі монополиялану ісіндегі ерекшеліктер. Ірі өндірістік топтардың БАҚ-қа ықпалы. С. Берлускони - Италиядағы беделді баспасөз магнаты.
АНСА ақпарат агенттігінің қызметі.
АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ
3 лекция ЖАПОНИЯ баспасөзі
«Каварабанң- алғашқы жапон газеттері. Олардың еуропалық басылымдардан өзгешелігі, тарихи маңыздылығы.
ХІХ ғ. Жапонияда еуропалық басылымдардың дүниеге келуі. Аударма газеттердің ұлттық басылымдарды қалыптастырудағы ролі.
«Иокогама симбунң/1870/ - жапондардың тұңғыш төл басылымы. Басылым түрлері: жалпыұлттық, жергілікті және коммерциялық. Негізгі айырмашылықтары, басылымдардың құрлымы, аудиториясы, рентабельділігі.
Жапонияның беделді басылымдары: ңАсахиң/1888/, ңМайнитиң/1872/, ңИомиуриң/1874/, ңНихон кэйдзайң/1876/, ңСанкей симбунң/1950/. Жергілікті газеттермен бәсекелестік. Бұл беделді басылымдардың бірте-бірте концерндерге айналуы.
Жапониядағы газет тарату жүйесі. Жапон басылымдарының таралымы. Түрлі партиялық басылымдардың маңызы.
Журналистер ассоциациясының баспасөзді дамытудағы ролі. Жапон журналдарының ақпарат рыногындағы орны. ңМейроку дзассиң /1873/ - журналдардың түп қазығы.
Жапониядағы ірі газет-журнал топтары.
Ақпарат агенттіктері. ңКиодо цусинң және «Дзидзи Цусинң.
4 лекция Түркия баспасөзінің өткені мен бүгіні
Түрік баспасөзінің қалыптасуында француздардың атқарған ролі. Француз елшісі А. Блак шығарған «Спектатер ориентальң/1821/ газетінің маңызы. “Таквим уакай-ең газеті /1831/ - түріктің алғашқы басылымы.
Түрік мерзімді басылымдары дамуының негізгі кезеңдері. “Жас түріктер” қоғамының баспасөзді дамытудағы ролі. Олардың ұстанған бағыты. И. Шинаси, Зия бей - түрік журналистикасының негізін салушылар.
Эмигранттық басылымдар және олардың елдегі саяси ахуалға ықпалы.
Түрік журналдарының типологиясы.
Азамат соғысы тұсындағы баспасөз. Мұстафа Кемал Ататүріктің баспасөзге жасаған көмегі.
Бір партиялық жүйе тұсындағы БАҚ-ның жағдайы. Демократиялық партия кезеңі және баспасөз бостандығы.
Түркиядағы массондық басылымдар. Стамбул күнделікгі газеттерінің ақпарат рыногындағы орны. «Тамашаланатынң газеттердің басымдылығы.
Беделді басылымдары: ”Ақшам”, ”Хюрриет”, ”Заман”. ”Заманның” Қазақстандағы бөлімі -”Қазақстан - Заман”.
Түркиядағы бұқаралық ақпарат құралдарын бақылайтын холдингтер:ңDogan holdіng”, ” Іnlas holdіng”, ” Medі group”.
Агенттіктер - баспасөз хабарларының қайнар көзі.
1980 жылдан кейінгі түрік баспасөзі. Тұрғыт Өзал тұсындағы бұқаралық ақпарат құралдарындағы оң бетбұрыс.
Түрік баспасөзінің бүгінгі бет-бейнесі.
5 лекция Қытай баспасөзінің даму жағдайы
“Дибаоң (VІІІ ғ. ) - қытай баспасөзінің алғашқы қарлығашы. ХІХ ғасырда еуропалық типтегі газеттердің дүниеге келуі. Цинь шенеуніктері басылымдарының маңызы. ңДунсиян каомэйюэ тунцузичуаньң‚ңСуэр чуаньжэньң миссионерлік басылымдарының тыңшылық әрекеттері. Линь Цзэсюя құрған аудармашылар бюросының маңызы. Публицист Ван Таоның қытай журналистикасын өркендетуге қосқан үлесі. Демократиялық басылымдардың қалыптасуы. Төңкеріс тұсындағы баспасөз.
ҚХР-дың құрылуы - жаңа жүйедегі БАҚ-ның қалыптасуы. Шектен тыс идеологияланған қытай баспасөзі. Мәдени төңкеріс тұсындағы баспасөздің жағдайы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz