Дыбысталған сөз - басты бейнелеуші құрал



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

I. КІРІСПЕ.

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

1) Дыбысталған сөз – басты бейнелеуші құрал.

2) Радиожурналистиканың пішіндік бейнелеуші құралдары.

3) Радиожурналистиканың стильдік бейнелеуіш құралдары.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Радиожурналистика – дыбыстық коммуникация.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Н.Омашев. Қазақ радиожурналистикасы, Алматы, Қазақ университеті,
1992 ж.

2. Интернет сайт www.kulichki.ru, www.kulichki.net, www.popal.ru,
www.gorskie.ru, www.misinov.org.

ДЫБЫСТАЛҒАН СӨЗ - БАСТЫ БЕЙНЕЛЕУШІ Қ¥РАЛ

Радиожурналистика - дыбыстық коммуникация. Оның ерекшелігі дыбыстың
табиғатымен, мүмкіндіктерімен жэне оны адамның психологиялық тұрғыдан
қабылдауымен тікелей байланысты. Материалдың логикалық мазмұны, әдеби мәтін
үзінділерінің ішкі түтастығы, дәлелдер, пікірлер және дәйектерді келтіру
жүйесі дыбысталған сөздің (ауызекі тілдің) заңдылықтары негізінде құрылуы
тиіс.
Радиохабардың тиімділігі мен әсерлілігі хабарды ұйымдастыру барысында
бейнелеу құралдарын жүйелі әрі сауатты түрде қолданумен тікелей байланысты.
БАҚ-тың ықпалды әрі кең таралған қолайлы түрі - радио табиғатында
тыңдаушылармен бейнелік немесе образдық қарым-қатынас жасауға негізделген,
яғни дыбыс арқылы адамның елестету қабілетінің жұмыс белсенділігін
арттырады.
Дыбыстық образ дегеніміз дыбыстық элементтердің жиынтығы (сөз, музыка,
шулар). Адамның мінезі, тұрмыс-тіршілігі немесе хабарда әңгіме арқауы
болатын нысаналар, өмірлік құбылыстар туралы дұрыс мазмұнда, әрі әсерлі
етіп баяндау, яғни солардың бейнесін сөз арқылы сомдап, тыңдаушының қөз
алдына кслтіру.
Радиохабардың өзіндік құралдарының ерекше табиғаты, олардың атқаратын
қызметі және шығармашылық жүмыс барысында алар орнын дұрыс бағаламау үлкен
келеңсіздіктерге апарып соғады. Радиожурналист сапалы, сауатты, тартымды
хабар жасауы үшін, әрі өзінің шығармашылық мақсатына толық жетуі үшін
бейнелеуші құралдарды өз идеясына бағындырып, өз орнымеп тиімді түрде
жүйелі етіп пайдалана білуі қажет. Бір сөзбен айтсақ сөз, шу, музыка -
радиожурналистің негізгі құралдары.
Радионың бейнелеуші құралдары бір-бірімен тығыз байланысқа екі топқа
белінеді:
Біріншісіне тұрақты, сандық өзгерістерге ұшырамайтын дыбыстық
материалдар жатады: сөз, музыка, шулар (шынайы, өмірлік, студиялық) және
студиядан тыс жазылған деректі жазбалар - бұлар табиғи немесе пішін
тудырушы бейнелеуші құралдар. Екіншісі - өзгеріске ұшырайтын, өзіңе
қолайлы, әрі ыңғайлы етіп қолдануға болатын, радиожурналистің шығармашылық
қажеттілігіне тәуелді техникалық немесе стиль қалыптастырушы бейнелеуші
құралдар, яғни монтаж және дыбыс құрастырудың техникалық тәсілдері.

РАДИОЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ПІШІНДІК БЕЙНЕЛЕУШІ Қ¥РАЛДАРЫ

СӨЗ. Сөз - адамдардың тіл қатысуында қолданылатын негізгі өнім.
Радиожурналистикада сөздің алатын орнын зерттемес бұрын, алдымен сөзге
анықтама беріп алайық. Мағжан Жұмабаев бүл жөнінде төмендегідей ой түйеді:
"Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз һәм басқа
адамдардың ойларын біле аламыз. Сөз болмаса, адамда білім болмас еді. Атын
атап,сөзбен бекітіп тастамасақ, жанды суреттер, ұғымдар тұрмас еді. Сөз
болмаса, сөзбен адамзаттың бір-бірімен ұғысуы болмаса, жер жүзіндегі осы
күнгі адамзат тұрмысы деген тұрмыс та болмас еді. Қысқасы, жан
көріністерінің ең қымбаты - ой. Ой тілі – сөз". Ал Ахмет Байтұрсыновтың
қағидасына сүйенсек "бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки
көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады.
Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп, қисынын, қырын,
кестесін келтіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады". Яғни
Мағжанша айтсақ, адамдардың ішкі жан дүниесіндеғі толғаныстарды жеткізудің
негізгі құралы, сонымен қатар ойдың тілі – сөз болса, ал Ахметше көңіл
түкпіріндегі өзгерістерді, құбылыстарды жай тілмен емес, көркем, қисыны
келіскен сөзбен кестелеп, жүйелеп жеткізу әр азамат үшін парыз болмақ. Ал
сөз қадірін бірінші кезекте бағалайтын журналистер үшін Ахмет
Байтұрсыновтың бұл талабы негізгі қағида болуы тиіс.
Ең алдымен сөзбен жүмыс істегенде журналистің алдында тұратын үш
міндетті жүйелеп өтейік:
Біріншісі – журналист көңіл қойып, назар аударған оқиғаны және оның
барлық болмысын сөзбен дәл әрі нақты мазмұнды суреттеп тыңдаушыға жеткізе
білуі қажет.
Айтуым өз ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан өз ойын
өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. Оның үшін айтушы сөйлейтін
тілін жақсы қолдана білуі тиіс. Яғни, сөздің мағынасын жақсы біліп,
дұрыстап сөйлемді тізу білу тиіс.
Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала
білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді
айтамыз. Бұдан шығатын тұжырым сөзді дұрыс тауып қана қоймай, оны оқиғаның
бар болмысын, негізгі мән-мазмұнын шынайы етіп суреттейтіндей дәрежеде
қолдану керектігі.
Екінші міндет – сөздің оқу мақамын дәл табу, кез келген мәтінді
нақышына келтіріп оқи білу шеберлігі. Бернард Шоу айтқандай иә немесе
жоқ сөздерін жазудың бір ғана тәсілі бар, ал айтудың 50 түрі бар, көп
жағдайда кері мағынада яғни айтылу мақамын таппасаңыз кез келген сөздің
өзіндік мәні, берер мазмұны жойылады.
Жазбаша түрде немесе ауызша айтылған сөз нақты бір мағынаны білдіретін
болса адамның елестету қабілетіне тиімді түрде әсер ете алады,
радиожурналист материалының көп бөлігі, әсіресе ақпараттық бағыттағы
хабарлары аудиторияға осы жолмен жетіп жатады.
Сөз әдебиетте де, журналистикада да мазмұнды жеткізуші құрал
болғандықтан адамның эмоциясына, кез келген айтылған, көзбен көрген жайтты
ойша бейнелей білетін елестету қабілетіне бағытталады. Адам санасында
қалыптасқан образ (бейне) табиғатынан күрделі, яғни ол мәндік,
эмоционалдық, рационалдық әсерлермен және түйіскен сезінудің қосындыларының
жиынтығы.
Кез келген мәтіндегі әрбір сөзді нақышына келтіріп айтып, оқу мақамына
салып, жан тәніңмен тебірене отырып оқысаң, баяндалған оқиғаның болмысын
өзіндік бояуымен әсерлі етіп жеткізе білсең тыңдаушыға әсер етпей қоймайды.
Кез келген мәтінді ауа-райы болжамынан бастап қайғылы жайттар, елең еткізер
оқиғаларға дейін ресми түрде немесе селқос баяндауға болады, сонымен қатар
тыңдаушыны толғандырып, селт еткізердей етіп жеткізуге де болады. Бұл үшін
журналист шығармашылық адамы болуы тиіс, мәтінді ішкі түйсікпен терең
сезініп, тақырып мазмұнына қарай дауысын құбылтып отыруы керек.
"Біз басқаларды тыңдағанда олардың айтқандарын құлақпен қабылдаймыз,
содан кейін барып тыңдағанымызды көзбен көреміз" (К.С. Станиславский), яғни
айтылғанды көзбен көру, тыңдау болса, ал сөйлеу- ойша елестетіп, бейнелеп
тұрған образдарды (ұғымдарды) сөзбен сомдау болмақ.
Үшінші міндет-журналист логикалық және экспрессивті акценттерді,
екпіндерді іздеуі қажет.
Сөздің әсер ету күші, создің эсерлі, эрі бейнелі шығуы үшін журналист
дауыстың күшіне емес оқу мақамының (инто-пация) деңгейіне (жоғарылату
немесе тс мендету), екпіндердің дүрыс қойылуына (фонетикалық акцеііттер),
тыныс алудыц рсттілігіне көңіл. қоюы керек. Дауыс кушімен эсер етем деу
қате, бүл жағдайда қажетті көңіл-күй ту гызу қиын болмақ, бүл тэжірибеде
дэлелденген қағида.
Екпін - сөз мәнінің көрсеткіші, сөздегі ой дәлдігінің көрсеткіші.
Екпінді дұрыс қолдану дегеніміз оны қай сөзге қою керектігін таба білу ғана
емес, оны қай сөздің арасында қолданбау керек екенін сезіну.
Ахмет Байтұрсынұлы "буын екпіні мен сөз екпінінің қолайлы орналасуы
сөйлеу әуезділігін тудырады" дейді. Ауыз екі сөйлегенде түрлі сөздердің
үндері орайласып, ұнамды құралуын, құлаққа жағымды болып естілуін сөйлеу
әуезділігі десек, онда екпіннің айтар ойды жеткізудегі рөлін бағамдауга
болады, яғни екпінді дұрыс қолдану сөздің кестесін келтіріп айтудың негізгі
шарты.
Радиожурналист ең алдымен өзі хабарлап отырған ақпараттағы оқиғаның
маңыздылығын, шынайылығын сезініп, түсінуі қажет, сонда ғана оның айтқаны
сенімді шығады.
Тыңдаушыларды хабарға тартудың бір жолы - студия қонағымен еркін
сұхбаттасып, шынайы әңгіме айтуга жетелеу.
Ауызекі сөйлесудің негізгі пішіні-диалог, яғни нақты бір проблеманы
шешудің жолдарын бірлесе іздестіріп жүрген немесе бұл бағытта білетін
ақпараттарымен ой бөлісуді көздеген екі немесс бірнеше адамның әңгімесі.
Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктері бар, яғни сөйлеуші адам
мен тыңдаушы арасын кеңістік бөліп тұрады, тікелей байланыс жоқ. Бірақ
журналист тыңдаушылардың назарын өзіне аударып, белсенді тыңдаушыларды ойша
елестетіп, алдын-ала оңың реакциясын бақылап, ойын түсініп, әңгіме
барысында туындайтын сұрақтарды біліп, екеуара әңгімелесіп, бетпе-бет
отырғандай әсерде ақпараттардың берілу ретін, логикалық шешімдердің жүйесін
құрып алады. Радиоәңгімені диалогтың, яғни ауыз екі сөйлеу стилінің
элементтерін қолдану арқылы шынайы, әрі тартымды етіп құруға болады, ауыз
екі сөйлесудің мақамын пайдалану, сөздердің құрылу тәртібін бұзу, адам
сөйлеп отырып қажетті сөзді таппаған жағдайда немесе ойланған кезде
қолданатын сөз арасындағы кідірістерді табиғи қалыпта колдану.
Диалогта ой дамып, қозғалыста болғаны жөн, әр түрлі көзқарастар мен
дәйектемелердің жан-жактылығынан ойлар туындап, әңгіменің бар мазмұны өз
мәнінде ашылғаны дұрыс.
Радиожурналист ең бастысы сөз құдіретін бағалайтын, сөздің адам ойының
негізгі көрсеткіші екенін түсінетін маман болуы, әрі ол "Сөздің асыл болуы
ұнауымен. Сөз көңілге сипат жағының келістілігімен, мағына жағының
күштілігімен жағатынын, сөз көркемдігі әуезділігінің әдемілігі мен
кестесінің келісті болуынан екенін" әрқашанда көңіліне түйіп жүруі керек.
Радиожурналистің бар ойын, пікірін, сезімін жеткізу құралы тек қана сөз
десек, онда ауыздан шыққан әрбір сөзге жете мән беріп, тілдің құдіретін жан-
тәніңмен сезе білуің қажет. Ал ол үшін Ахмет Байтұрсынұлынша айтсақ:
"Тілдің міңдеті - ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше,
көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы
табылса, тіл шама-қадырынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам
табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің
түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп
шеберлік керек".
Радионың негізгі бейнелеуші құралы - сөз. Бұл онын барлық жанрларына
тән болуы тиіс. Дегенмен әр жанрдың тілдік құралдарын іріктеу мен үйлестіру
принциптері бір-біріне ұқсамайды. Осыған орай түрлі жанрларда сөздердің
образдылық қызметі де өзгеріп отырады. Ол бірде көрнекілік рөлін атқарса,
енді келесіде публицистикалық текстің бейнелеуші және эмоционалдық негізі
ретінде көрінеді.
Радиожурналистика жанрларының негізін ауызша айтуға бейімделіп жазылған
(речевые тексты) мәтіндер құрайды, олар алдын ала жазылған жазбаша мәтіннен
және ауыз екі тіл заңдылықтарының элементтерінен тұрады. Әр жанр бір
дыбыстық бірлікке, жиынтыққа бағытталыл ұйымдастырылады.
Радиохабарды есту арқылы қабылдайтын болғандықтан, мәтіннің немесе
сценарийдің айтылатын әңгімеге, сөйленетін сөзге айналу процесіне аса зор
мән беріледі. Яғни "радиохабарының бастан-аяқ ойдағыдай тыңдалуы үшін тек
мазмұнды болуы жеткіліксіз. Себебі, маңызды деген материалдың өзін
бірқалыпты дауыспен (монотонды) оқу адамның логикалық ойлау жүйесін іске
қосқанымен сезіміне әсер етпейді, әрі адамның логикалық пайымына, сезіміне
жазбадан гөрі сөз күшімен, үн тілімен әсер ету оңайырақ та, мүмкіндік те
мол". Ал "адам дауысының ырғақтарын, үн реңдерін мәтінге толық түсіру
мүмкін болмайды. Немесе қағазға жазылган сөз өзінің қосымша бейнелеуші
құралы - үннен айырылады, сол арқылы мазмұны да кемиді" (3.Паперный).
Сондықтан мәтінді ауыз екі тіл стиліне бейімдей отырып жазып, баяндап
отырған жайттың мазмұнын ашатын, айтылатын ойды нақты айшықтап суреттейтін
негізгі деген сөз тіркестерін іріктеп қағаз бетіне түсіріп, әрі айтылатын
әр сөздің ауызша айтқандагы әсер ету деңгейі бірінші кезекте ескерілуі
қажет. Әрбір айтылған сөз естіген немесе көзбен көрген адам бойында оның
сезімін қозғайтыны, белгілі бір бейнені тудыратыны сөзді зерттеуші
А.Ковалев "тілді қолдана отырып, оның көмегімен шындықтың алуан түрлі
картинасын бейнелеуге және оқырман бойында жарқын образдар тудыруға болады"
деген пікірін айтады.
Расында да қай замандарда болмасын адам сөз құдіретінің алдындабас иіп
келеді. Радиозерттеушілер осы аталған қағиданы да өз еңбектерінде алға
ұстанады. Тіл айқындылығы мен бейнелілігі көркем әдебиетке ғана қатысты
мәселе емес, ол шынайы публицистиканың ажырамас бөлігі екені де рас. Бұл
жөнінде М.Зарва ...Выразительность и изобразительность меняют здесь свое
фунциональное назначение. Если в художественной литературе с ее методом
образной трансформации действительности изобразительно-выразительные
средства служат целям познания, то в публицистике - это один из способов
воздействия убеждения доказательства" дейді.
Бейнелеу және айқындаушы құралдар әдебиетте танымдық мақсатта
қолданылса, радионың табиғатынан келіп туындайтын тілдің немесе сөздің әсер
ету, әрі сендіру, дәлелдеу құралы екенін зерттеуші дәл көрсеткен. Радиодағы
баяндау тәсілі жанды көркем болуы керек, тыңдаушыға бейнелі сөзбен әсер
етуі керек деген пікірлер де айтылды. Бейнелі сөздің адам ойын өткір әрі
мәнді етіп жеткізудегі және ой нанымдылығын күшейтудегі рөлі айқындала
бастады.
Бейнеу құралдарының тиімділігі оның бір ойды, бір пікірді дәелдеу
бағытында жүйеленіп берілуінде. Ал бұл талаптар жазушы қауымнан
қырағылықты, тәжірибені, ең бастысы жазу шеберлігін қажет етті.
Радиожурналистиканың өзгешелігін айта келіп М.Зарва эфирден берілетін
сөзге талапты басқа қырынан қояды: "ауызекі сөйлеуге негізделген
радиожурналистика оқырмандар мен тыңдаушылардың ой-өрісін жетілдіріп қана
қоймай, оның жандүниесін қозғап, біліктілік пен сезімталдыққа тәрбиелеуі
керек" дейді. Ал зерттеуші В.Яхонтов сөздің бейнелілігі мен дыбысталуының
сабақтасуын былай көрсетеді: "Зримость слово можно найти в каждом...
произведении. Оно требует особой приглядки: как зримое переходит в звучащее
слово! ...Живописать надо звуком. ...Звук - это плацдарм нашего искусства.
Звуком рисуешь видимое слово, звуком чувствуешь, страдаешь, восхишаешься и
звуком же рассказываешь о месте действия, о мире, о природе, небе, морях, и
реках. И конечно же, о людях", яғни бұл анықтама радионың өзіндік табиғатын
тануға да көмектеседі.
Бұдан шығатын қорытынды, радиожурналист бейнелеу құралдарының қыр-сырын
жетік меңгеріп қана қоймай, радионың өзгеше акустикалық ерекшеліктерін
жақсы білуі тиіс.
Радиохабарлар тыңдаушылардың есту қабілетіне негізделіп жасалатындықтан
дыбыстың өзіндік сипатын зерттеу хабар берудің озық, әрі жетілген түрін
қалыптастыруға, дамытуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Радиохабарлардың
мазмұнымен қатар эфирден берілу формасы, естілу ерекшелігі де тыңдаушыны
тартып, оның көңіл-күйіне әсер етіп, дыбыс арқылы оқиға бейнесі сомдалуы
қажет. Бұл жерде басты қызметті атқаратын нәрсе - сөйлеушінің дауыс ырғағы.
Адамның жанды дауысы, оның ырғақтары мен үн реңдері хабар мазмұнын, берілу
пішінін жандандыратын ең басты құрал.
Сөз хабардың басты дыбыстық элементі десек те, ол радиодағы идеялық
және көркемдік ойдың жалғыз жеткізуші құралы емес. Аудиторияға тиімді ықпал
етіп, тыңдаушылардыц назарын аудару үшін сөз жеткіліксіз, тек оның музыка
және шулармен сабақтаса байланысу мүмкіндігі болғанда ғана тыңдарман
ықыласын жаулап алуға толықтай сенуге болады.
Музыка мен шулар. Радиохабар кұрылымында музыка мен шу композицияның
жеке элементі ретінде орыи алады және сөзбен, бір-бірімен тең дәрежеде
қолданылады. Олар аудиоәңгіменің сюжеттік желісін, атмосферасын, өзіндік
мазмұнын жеке дара таныта алады.
Бүгінгі күнде психологтар мен өнертанушылар музыка мен шулардың рөлін
тең дәрежеде деп көрсетеді және олардыц материалдық әлемдегі құбылыстарды
ырғақты әрі нақышты ұйымдарылған дыбыстармен бейнелеу мүмкіндігін жоғары
бағалайды. А.Стоковский деген ғалым адам өмірінде кездесетін барлық шулар
"өзіндік ырғақты қагыстардан тұрады және өзіндік музыкалық мәнге ие" деп
көрсетеді. Ғалымның бұл пікірі радиожурналистика мен радиоөнердегі Арт-
акустика деп аталатын қызықты әрі жаңа бағыттың негізі етіп алынды. Бұл
күнделікті өмірде кездесетін және нақты тарихи оқиғаларды көз алдыңызға
келтіретін шуларды қолдана үйымдастырылатын сюжеттік хабарлар. Мысал
ретінде алсақ, Сталин мен Гитлердің сөздері, сөз мағынасы түсініксіз тек
сөйлеу мәнері мен ырғағына қарап оратордың анықтауға болады, яғни дыбыстар
символ ретінде қолданылады, сөздер тарихи мәнге ие болып, шуға тең диохабар
барысында қосымша түсіндірме сөздер қолданылмайды. Музыка мен шу айтылған
сөздегі идеялық және эстетикалық ақпараттарды дәлелдеп, толықтырып әрі
жетілдіріп отырады және сюжет желісіне қажетті логикалық және эмоционалдық
талаптарды орындауға қабілетті.
Радиохабардағы әрбір музыкалық және шу фрагменттерінің орнын және
негізгі атқарар қызметін анықтау өте жауапты жұмыс, бұл істе
радиоқызметкерлерінен кәсіби білім мен үлкен жауапкершілік талап етіледі.
Музыка мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиожурналистиканың пішіндік бейнелеуші құралдары
Радиохабар таратудың міндеттері
Жасақталған сайттардағы мәтін ерекшелігі
ЭФИРДЕ СӨЙЛЕУ ТЕХНИКАСЫН МЕҢГЕРУ
Кино көру мәдениеті
Қазақ тілінің орфографиясы. Жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құрал
Цифрлық білім ресурстары мен ЦБР топтамалары және оларды оқу үдерісінде тиімді пайдалану
Радиодискурсының тілдік ерекшелігі мен стильдік құралдары
Көмекші оқыту құралдары
Орфография және орфоэпия
Пәндер