Қазақ коммуникация жүйесіндегі жаңа технологиялар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ коммуникация жүйесіндегі жаңа технологиялар

Ақпараттық кеңістігімізді өзіміз игеру ол – мемлекеттің қауіпсіздігі
мен тұрақтылығы және тұтастығын қамтамасыз ету дедік. Әрине, ең алдымен
ақпараттық тәуелсіздікке қол жеткізер едік. Демек, еліміздің
территориясында айналымда жүрген барлық ақпарат түрлерін өз мемлекетіміздің
мүддесі тұрғысынан таратып, тұтынушыға кері әсер етпейтіндей өңдеп, ұдайы
бақылаудан шығармау қажет. Осы жерде бір заңды сұрақ туындауы мүмкін, яғни
қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарын қадағалау ол демократиялық
заңдылықтарды аяққа таптау деген емес пе?
Бұл сұраққа жауап бермес бұрын "демократия" (demo - cratе грек сөзі
халық билігі) ұғымын жақсылап түсінген дұрыс. Яғни, демократия біреуге
еліктеп, солардың заңымен жүріп немесе демократия деп шектеудің барлық
түрлерін алып, кез келген нәрсеге рұқсат деп, мемлекет тізгінін соларға
ұстату емес. Бұлай істегеніміз әрі ақымақтық, әрі өз ұлттылығымызды
менсінбеу дегенмен пара–пар болар еді. Сол үшін, өзімізге тән заңдарға
бағыну қажет. Егер өз құндылықтарымыз бас тартып батысқа иек артар болсақ,
кешегі КСРО-ның тоталитарлық жүйесінен бүгінгі демократиялық жүйе
айырмашылығы да шамалы болары рас.
Еліміз егемендігін алып, ұлтымыз етек жеңін жинап, бары мен жоғын
түгендегеннен кейін шекарамызды белгіледік. Енді, алдымызға қойылған ең
маңызды мақсаттардың бірі – өз ақапараттық саясатымызды құру. Ол халықтың
әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыра отырып, елді рухани құндылықтармен
сусындату және ұлтаралық бейбітшілікті ұстап тұру сонымен қатар мемлекеттің
саясаттын қолдап, жұртшылықты жаңалықтармен хабардар ету.
Рас, еліміздің ақпарат кеңістігіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының
барлығы мемлекеттік мүддені қорғап отыр деп айта алмаймыз. Өкінішке орай,
елімізде мемлекеттік тілдегі ақпарат құралдарының жай – күйі, орыс тілді
және батыстық ақпарат құралдарының өнімдерінен кәсіптік деңгейінен болсын,
материалдық жағдайынан болсын төмендеу. Осы орайда біздің ақпарат
құралдарын үш топқа бөліп қарастыруға болады. Олар: мемлекеттік тілдегі БАҚ
өкілдерінің, орыс тілді БАҚ өкілдерінің саяси ұстанымдары және халықаралық
ұйымдармен қаржыландырылып отырған еліміздегі аз ұлт өкілдерінің бұқаралық
ақпарат құралдарының саяси ұстанымдары деп үш топқа бөліп қарастыруға
болады. Өкінішке орай, бұл үш топ үш мүдденің мақсатын көздеп отыр.
Енді, ақпарат кеңістігіндегі электронды ақпарат құралдарына
тоқталсақ. Олар: бұрыннан пропаганда көзі болып келген теледидар мен радио,
ақпараттық агенттіктер және соңғы кездері бүкіл әлемді өрмекші торындай
торлап алған жаңа интернет жүйесі.

І) Теледидар
Теледидар - ХХ-шы ғасырдың телекомуникация саласындағы адам баласының
қол жеткізген ен үздік жетістігі, әрі адам санасымен күресетін ең мықты
құрал – қару-жарақтың бірі деп те түсінуге болады. Оның радио мен
баспасөзден ерекшелігі тұтынушының есту мүшесіне де, көру қабілетіне де
әсер ету арқылы болып отырған оқиғаға көрерменге қатысушы әсерін
қалыптастырып, санаға тез әсер етеді. Тағы бір артықшылығы: адам баласын
әлемнің кез келген нүктесіне әп-сәтте апарып, қыдырту мүмкіндігіне ие
бұқаралық ақпарат құралы.
Ал, адамның ең басты қабілеті – ой, ойлану. Барлық іс әрекеттердің,
шешім ұйғарымдардың бастауы да осы ойдан және ойлаудан туады.
Ойлану – адамның ең жоғарғы табиғи қасиеті, мидың атқаратын қызметі.
Міне осы анықтамаларға қарап теледидардың ең бірінші әсері де осы ойға
болатынын аңғаруға болады.
Ойды маздаған от десек, оның отыны – білім деп саналады. Ал білім
дегеніміз – ақпарат. Күнімізде адам баласы кітап, журнал дегендерге
қарағанда, осы электронды ақпарат құралдарынан жылдам алып, тез
қабылдайтыны белгілі. Теледидардан берілетін көркем және деректі
фильмдердің, авторлық, саяси - танымдық бағдарламалардың, басты мақсаты
қоғамдық пікірді қалыптастырып қоғамдық ойды ой қозғауына ықпал ету. Демек,
ой маздаған от, ал оның отыны сиқырлы көк-сандықтықтың көгілдір сәулелері.
Ол сәулелер – кешкісін бәріміз телміріп көретін жаңалықтар, кинолар мен
бейнефильмдер, телесериалдар тіпті, сол сандықтан тараған барлық хабарлар
деп айтуға болады. Бұл үйде тұрып бүкіл әлемге ашылған көксандықтың сиқыры
одан шашыраған түрлі-түсті сәулелерде. Сол сәулелердің санамызға әсері
елдің рухани жағдайын шағылыстырып тұрғандай. Мәселен: Ресейлік және
батыстық телесерияалдармен кинолардың кері әсері сонғы кездері жастардың
арасындағы қылмыс пен ұлттық тектіліктен айырып, жат мінез қалыптастырып
жатқанын айтуға болады. Теледидарды ХХІ ғасырдың жоқын қаруы деп атасақта
сөзіміз артық болмас. Өйткені, "ұлттық шекарамызды" қару жарақтың қандай
түрі болсын, оған белгілі бір дәрежеде тойтарыс беруге болады. Себебі, одан
төнген қауіп біріншіден, белгілі бір объект болса, екіншіден, майданның
мекені, яғни белгілі бір географиялық орны болады. Ал, ақпараттық
технология мен телекоммуникацияның шарықтап дамуымен әлемге тарап жатқан
ақпарат ағымындағы шабуыл елдің мемлекеттік шекарасын емес, сол мемлекеттің
әрбір үйіне бірден соққы беретін үлкен қару. Осы жерде Маколейдің сонау
1960-шы жылдарда "телекоммуникацияның қарқынды дамуы әлемді бір “үлкен
ауыл” деңгейіне алып келеді" деген сөзі қазір қоғамда болып жатқан әсіресе,
жаһандану үрдісінің қанат жайған тұсындағы теледидардың адам өмірінде
қаншалаықты орын алатынын аңғартса керек...

ІІ) Радио

Радиодан тараған хабарлар да дәл теледидар сияқты болмаса да адам
санасына едәуір әсер етуде. Сонау радионың енді ғана қалыптасып келе жатқан
кездегі АҚШ-тағы оқиғаны алсақ. 1938 жыл болатын радионың жүргізушісі:
“Америка жеріне комета құлап жатыр, Абай болыңыздар! Ол комета емес екен
“Марс планетасының тұрғындары” бізді атқылап жатыр” деген сөзі бүкіл
Америка халқын баспаналарын тастатып, үйлерінен қуып шығып, үлкен әбігерге
салған еді. Міне радионың адам сансына қалай әсер ететініне бірден-бір
үлкен дәлел.
Бұл әсіресе, сонау қырғи қабақ соғысы тұсында екі жүйедегі
мемлекеттер яғни, АҚШ пен КСРО арасындағы психологиялық қарудың ең үздік
түрі. Сол үшін де екі жүйе мемлекеттерінің ғалымдары радио саласын көп
зерттеген. Өйткені, өз идеяларын таратудың ең оңай әрі тез жемісін беретін
құрал болып есептелген. Сөзіміз дәлелді болу үшін комунизмнің көсемі В.И
Ленин “Радио – кең алқапқа бірден тарайтын және таралымы шексіз қағазсыз
газет” десе, ағылшындардың "Голландықтар су мен теңізді гере берсін, біз
радио арқылы бүкіл әлемді басқарамыз" - деген сөзін айтуға болады
Тақырыбымыз тұрғысынан келетін болсақ, радио адам психикасына әсер ететін
құрал. Сондықтанда, тыңдарманға ұлттық әуендерді ұсынып, ұдайы мемлекеттік
саясатты насихаттаса, онда, патриоттық сезімін оятатын үлкен құрал. Ал,
егер керісінше батыстық әндер мен әуендерді таратумен айналысатын құрал
болса, онда жастарымызға, тіпті орта жастардың өзіне де кері әсер етіп,
ұлттық болмыстан айыратын үлкен қару десек болады.

ІІІ) Интернет

Интернетті соғы кездері теориялық жағынан зерттеп жүргендер оны
бұқаралық ақпарат құралдарына жатқызып жүр. Интернет алғаш рет 1976-78
жылдар да АҚШ-та әскери салада ғана пайдаланылды. ХХ ғасырдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси процестегі БАҚ рөлі
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары жайында
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары
Тіл мәдениетінің сипаты
Кітапханалық анықтамалық библиографиялық ақпаратты ұйымдастыру
Интернеттегі коммуникация және қоғамның тілдік даму мәселесі
Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі
Ақпарат қоғамының философиялық аспектілері пәні бойынша лекция жинағы
Интернет журналистиканың дамуы және қалыптасуы
Пәндер