Мерзімді баспасөздігі жаңа қолданыстар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Мерзімді баспасөздігі жаңа қолданыстар

Әдеби тілдің жазба тіл, сондай-ақ баспасөз тілі де жазба әдебиет тілі екенін көрсетіп, олардың белгілі дәрежеде бірлікте болатынын анықтап, сөйтсе тұрса да ол екеуінің айырмашылықтары бар екенін саралаудың бір ұшы стиль мәсілесіне барып тіріледі.

Негізгі лингвистикалық еңбектердегі ғылыми тікірлерді қорытып барып жасалған, соңғы лингвистикалық терминдердің сөздігінде стиль былай анықталған: “стиль (слог, язык) . Одна из дифферинциаллных разновидностей языка. Языковая подсистема с своеобразным словарем фразеологическими считаниями, оборотами и кострукциями, отличающаяся от других разновидностей в основном экспресивно - оценночными свойствами составляющих ее элементов и обычно связанная с определенными сферами употребления речи? Та что эти разновидности, или под системы, является дифференциальными то есть задачей различения выявляется особенно ясно ясно тогда, когда элементы одного стиля конструктируют с элементами другого” (1, 455, 456) .

Қазіргі әдеби тілімізде қалыптасқан өзіндік типтері бар негізгі стильдік үш тармақты көрсетуге болады. Ола: көркем стиль, ресмі стиль және бнйтарап (нейтральды) стиль? Тілдік стильдерді бұлай болудың өзі абсолютті емес екендігін ескерген жөн. Ондай шарттылық еңбектерде де айтылады.

Сонымен бірге бұлай бөлінген тілдік стильдер әдеби тілдің өз ішінде ғана қаралады, сол шеңберде ғана қолданыс табады, сондықтан белгілі бір стильде жазылған жанрлық тексте басқа стильдердің элементтері қолданылып отыруы мүмкін? Мұның өзі таза бір стильде жазуға болмайтын, қайтсе де онда басқа стиль элементтері болып отыратын көрсетеді. Сол себепті де тілдік стильдерді әдебиет жанрлары тұрғысынан топтастыруға болмайды? Әрине, белгілі жанрдағы текст стиль жағынан бүтіндей бейтарап емес. Олай болғанда стильдерді бөліп, оны танудың, зерттеудың қажеті де болмас еді. Бұлай болу стиль мен жанр категорияларының белгілі дәріжеде бірлікте болатының, бірақ ол екеуі бір емес екендігін көрсетеді.

Әдеби тілдегі стильдерді жоғарғыдай үш түрге бөлінгенімізде стиль түрлерінің осындай әдебиет жанрларымен тығыз қарым-қатынаста бола тұрып, ол екеуі бір емес екендігін көрсетеді.

Әдеби тілдегі стильдік тармақтарды атыра туда “өзіндік элементтер жүйесінің” қолданылу шеңберінен басқа тілді жалпы қоғамдық қызметімен тікелей байланыста болатының да ескердік.

Тілдің негізі қоғамдық қызметінің коммуникативтігі, яғни оның қатынас құралы екіндігі. Сондай-ақ тіл жалаң коммуниктивтік қызмет атқарып қана қоймайды, белгілі бір ойды жұртқа жеткізудің әр түрлі жолы болады, ол ойдың айтулы және жету мақсатына байланысты. Мысалы, белгілі бір тарихи оқиғаны жәй ғана хабарлап (тілдің қатынасу қызметі) беруге болады. Онда тыңдаушы сол оқиғаның тек болғаны туралы жалпы сол оқиға туралы хабар алады.

Тілдік стильдердің топтасуы тілдің қоғамдық қызметтелген және ойды тындаушысына жеткізудің мақсатымен байланысты болып келеді. Демек, тілідің негізгі қызметі коммуникативтік қызметтінен басқа эстетикалық қызметінің сөз сұрыптап, тілдік элементтерді толғап қолдануға айтарлықтар әсері бар.

Публицистикалық шығармалар тілінің көркем әдебиет тілінен ажыратылатын ең басті айырмашылығының өзі онда тілдік стиль элеметтерінің қолданылу ерекшелігімен байланысты болса керек. Лексиканы болай қойғанда, қазақ тіліндегі баста сөз тіліне тән болып келетін - и тұлғалы қатыстық сын есімдер және олар құраитын сөз тіркестері (тарихи оқиға, әдеби тіл тәріздес), ілік септік жалғауы түсіп қалған сөзбен тәуелдік жалғауы сөзден тұратын релятивті түркістер - ліқ қосымшасының деривациялық қызметінің артуы, ырықсыз етіс жұрнақты сөздер және олардың объектілік - предикативтік қатынасқа түсуі арқылы құралған сөйлем құрылыстары, нексусты түйдікті тіркестер т. б. сипатқа айнала бастаған тілдік құбылыстар ресми стильді белгілейтін тұлғалар болып табылады. Демек, грамматикалық тұлғалар өздерінің белгілі грамматикалық мағынаны білдіруіне байланысты және ол мағынаның өзіндік ерекшелікке не болуына қарай тілдік стиль тармақтарына бейтарап емес, тіпті кейде грамматикалық үлгілердің (модель) өзі стилдік көрсеткіш ретінде қалыптаса алады.

Мерзімді баспа сөз тілінде де әр стильдік тармаққа жататын тілдік элементтер жұмсала береді. Ол мерзімді баспасөз бетінде басылған материалдың сипатына да байланысты.

Мерзімді баспа сөз тілінде белгілі қажеттіліктен туып, қалыптасып отыратын тілдік штамптар, тұрақты тұлғалық үлгілермен конструктивтік модельдер осыны анғартады. Мерзімді баспасөз тілі, бір жағынан осы қасиеттері арқылы, яғни ресми стильге тән тілдік элементтер жүйесінің қолданылуы негізінде, ғылыми әдебиеттер, ресми іс-қағаздар тілінде жақындап, көркем әдебиет тілінен ерекшеленіп отырса, екінші жағынан, беллетристикалық сипаты арқылы, яғни көркем стильге тән тілдік элементтер жүйесінің қолданулы негізінде, керісінше, ғылыми әдебиеттер, ресми іс-қағаздар тілінен оқшауланып, көркем әдебиет тілінде жақындай түседі. Міне осыдан келіп мерзімді баспа сөз тілінің атқаратын қызметіне қарай тілдік элементтерді сұрыптап қолдануында белгілі бір бірлік пен қарама-қайшылықты, содан туындайтын күрделі тілдік процесті байқаймыз.

Қазақтың мерзімді баспасөзінің жүз жылдан аса тарихы бар. Сөйтсе де әуелгі кезде (революциядан бұрын) мерзімді баспасөз тілі жазба әдеби тілдің өзіндік ерекшіліктері орныққан нормалары бар, жүйелі тілдік өрнектелген публицистикалық мазмұнына сай сөз тігісімен сипаталатін тұрақты көрінісі ретінде бірден қалыптасы кете алмады. Оның басты себебі революциядан бұрынғы газет журнал шығару ісінің тарихы онша терең, мерзімі ұзақ болмауында ғана емес, сонымен бірге бұл мәселені (газет-журнал шығару), жалпы баспа ісінің қазақ қауымы үшін жаңалық болу мен, баспа ісінің көршілес татар, башқұрт, өзбек халықтары өкілдері мен тығыз қырым-қатынаста болуы мен алғашқы газеттердің, негізінен, аударма органдар болуымен және маман да сауатты журналистердің жетіспеуімен тікелей байланысты. Сондықтан да алғашқы қазақ газеттерінің тілінде орфография ерекшіліктерді ескермегеннің өзінде сөйлем құрылысынан болсын, сойлемдегі сөздердің орын тәртібінен болсын, сөздердің сөйлем ішінде байланысу ерекшіліктерінен болсын, бұрын қазақта жоқ ұғымдарды бейнелеу үшін жана сөз алуда болсын, бір ізді норма, орныққан жүйе байқала бермейді.

XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың жазба әдебиет тілінде осылай құрылған сөйлемдер тән, норма екен деп қарауға болмайді. Бұл сойлемдердің құрылысы, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі қазақ әдебм тілінің нормаларынан тыс бөтін тілдің ықпалынан немесе ауызекі сөйлеу тілінің әсірінен туған.

Революцияға дейын газет-журнал беттерінде бір ұғымды білдіру үшін бірнеше параллель сөздердің қолданылуы да жиі ұшырайды.

тілідік тұлғалардің да біркелкі қолданыла бермеуінде, яғни жекелеген грамматикалық формалар мен лексикалардың бірлігі бір стильде жұмсалуға өте икет болуында. Демек, әр стильдік қасиеті бар, әр жанрға жататын текстің баспасөз тілі мен көркем шығарма тілінің ара қатынасын көрсетудің теориялық та практикалық та мәні бар. Мерзімді баспасөз тілінің басқа жазба әдебиет жанрларынан тілдік құрылысы жағының ажыратарлықтай грамматикалық формалардың бар екені, яғни кейбір формалардің әдебі тілдің осы екі түрінің біріне ғана тән, немесе біреунде көбірек қолданылатыны байқалады.

Баспасөз тілінде тұлғалы қатыстық сын еселдер, -лық, -лік, - дық, - дік, - тық, - тік, шыл, - шіл, -ма / -ме, - ба, - бе, - па / пе, қосымшалы зат есімдер мен сын есімдер, -уда, - уде тұлғалы баяндауыштар, көптік жалғауы, ортқ жіне ырықсыз етіс тұлғалары терминдік мағыналардағы лексикаланған атаулық тікістер, ІІ тіркістері, т. б. конструктивты тұлғалар сан жағынан салмақты болып келеді. Демек, бұл формалардың қолданылуында стильдык реңк айқындала түседі. Бұлар тілдік форма форма жағынан баспасөз тілінің мазмұнына сәйкес келіп отырады. Мерзімді баспасөз материялардың ондай стильдык формалардың қалыптасу, даму жолын да көрсетеалды. Баспасөз тіліне тән кейбіреулері тілдегі басқа да жанрлармен, яғни ғылыми шығарма, публицистика тілімен астасып кетеді. Өйткені ондай текстер стильдык жағынан бір-біріне өте жақын.

Осы формалар негізінен, белгілі кезеңге байланысты тандаса да, олардың көпшілігі жалпы баспасөз тілінің қай кезеңінен болса да азды-көпті кездесіп отырады. Яғни бұл тұлғалар мен формалар тек белгілі бір кезеңдегі баспасөз тіліне ғана тән емес, сонымен бірге жалпы баспасөз тілінің орқауы іспетлис.

Қазіргі қоғамдағы ең пәржінді бұхаралық нисихат құралдарының бірі газет болғандықтан, біз мәтінінде идеологиялық мақсатты көрсететін саяси мәнді лексиканың бөлек қарап отырмыз. Бұл лексика адресанттың идеологиялық көзқарасы ықпал етуге бағытталған тілдің ерешектерлерін қолданатын салаға келетін болсақ, жекелеген кез келген тілдік актіде грамматиканың тілінді-лігі айқындалған, нақтылы мақсаты бар субъективті бағалауыш құбылыс болады. Адресант прогматикалық мақсатқа жетіп оқырманына әсер ету үшін қазақ тілі лексикасы құрамындағы сөздерді идеологиялық реңк жүктеп қолданатын жағдайлар жиі кездеседі. Аудиторияның газет мәтінін қабылдап, соған байланысты туындайтын іс-әрікеттеріне бағыт беру мақсатында идеологиялық бағыттағы тілдік құралдарды зерттеуге тілдің прагматикалық ерекшелігін қосу керек осыған байланысты социолингвистика мен прагматиканың міндеттері сәйкес келеді, өйткені лингвистиканың аталған екі саласы да тілдің қоғам өміріндегі қызметі заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Адамдар арасындағы табиғи қарым-қатынас сөйлеуші субъектіге тән ерекшіліктерден тысқары бола алмайды. Автордың (субъектінің) эмоциясы, нақтылы бір адамға бағытталған сөзімен белгілі бір жағдайға әр түрлі баға беруі тіпе прагматика деп аталатын ерекшелікті жүктейді. Тілдік коммуникация барысында бұл аспектілерді зерттеу, әсіресе баспасөз өз оқырмандарының әлеуметтік құрамын ескеріп, идеяларын салардың арасындағы жекелеген топтары бөле насихаттайды. Насихаттың әдістері жолдары мен формалары аудиторияға, оның әлеуметтік- психологиялық ерекшілігіне сай болуыкерек.

Қосым сөз стилендегі идеологиялық сөздердің бағалауыш ерекшеліктерін тандауы тілдің прагматикалық қызметіне, тілшісінің мақалада айтатын ойына, пікірін кілпе, қашан, қандай жағдайға айтып отырғандығына байланысты. Газет тілшілерінің сөзді астарлап, бейнелеп қолданулының басты - газет оқырмандарына қоғамдық өмірдегі құбылыстарды дәл жеткізеп, оқырманға жер ету, оқырманның сана сенімінде жазылып отырған мәселе төңірегінде белгілі бір тікір қалып тастыру.

Үгіт - насихат жүргізетін бұқаралык ақпарат құралдарының адам факторына басты көңіл бөлуі заңды құбылыс. Осы ерекшелік жайында ғалым Р. Сыздыкова “Адам факторын жандандыру дегеннің өзі ең алдымен адамның өзіне әсер етіп, оның байындағы барлық қасиеттеріне жақсылық болып беру, ақыл-ой, күш мүмкішіліктерінің бәрін ортақ іске жетуіне ықпал ету болмақ. Бұл ықпал адам санасына қоғамдық өміріміздің түрлі саларынан түрлі жолдармен жетіп жатады. Солардың бірі - идеологиялық әсер ету.

Идеологиялық әсер, ықтап ету жұмысы қоғамымыз өмірінің барлық кезендеріде жүргізіліп келеді. Осымен байланысты идеологиялық жұмыстағы басты міндет ең алдымен оның тиімділігін арттыру, адамдар арасында жүргізілетін насихат және үгіт жұмыстарымыздың әсерлілігіне жету болмақ” /2, 3-4/, деген тікір айтады.

Газет тілінің прагматикалық бағыттылығына сәйкес идеологиялық мақсатты қолданылатын сөздердің даму процессінде тілдің бағалауыш элементі айтқын көрінеді. Қоғамдық - саяси мәндегі сөздер ең алдымен тілдегі басқа стильдерге ауысп, әдеби тілдің жетістігіне айналады. Баспасөз бетіндегі қоғамдық саяси лексика газет сөздігінің басқа түрлері сияқты бағалауыш экспрессиялық ерекшелігіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олар:

1) жағымды, 2) жағымсыз, 3) бейтарап қоғамдық - саяси лексика. Бұл мәселе Г. Я. Солганиктің (3), Б. Момынованың (4), еңбектеріне қаралған.

Баспасөзде насихат мақсатындағы прагматикалық тиімділікке жасырын және ашық берілетін тілдік құралдардың эмоциялық экспресивтік ерешіліктерін қолданудың нәтижесінде қол жеткізуге болады. Баспасөздің қазақ тіліндегі эмоциялық - экспрессивтік лексикасын пайдалана отырып, аудиторияға ашық және жасырын түрде ықпал ету әдістерін қолдану мүмкіндігі зор.

Газет мәтінінде идеологиялық мақсатта қолданылатын лексиканы Р. Барлыбаев (6), Б. Момышова (5), қоғамдық - саяси лексика ретінде қарастырады.

Идеология белгілі бір қоғамда, сол қомдағы саяси - әлеметік жағдайларға байланысты болатын құбылыс. Сондықтан газет мәтінінде идеологиялық мақсатта қолданылатын саяси мәнді лексиканың ерекшеліктерін қоғамнан бөліп қарау мүмкін емес. Соған байланысты лексиканың бұл ерекшелігін социолингвистикамен ұштастыра зерттеудің маңызы артады. Қазақ газеттері мәтінінде идеологиялық мақсатта қолданылатын саяси мәнінде лексикалар мынадай топқа бөлінеді.

  1. Қоғамдық - саяси термин сөздер.
  2. Идеологиялық мағыналық реңк үстемеленген саяси мәнінде лексика.
  3. Идеологиялық реңк үстемеленген эмоциялық - экспресивтік саяси мәнінде лексика:
  1. Жағымды эмоцияны білдіретін лексика;
  2. Жагымсыз эмоцияны білдіретін лексика.

4. Идеологиялық реңк үстемеленген тұрақты тіркестер, мақал - мәтелдер.

Қазақ газеттерінің көпшілігі саясат, ұлт ертеңі, тәуелсіздік, егемендік, ұлт жандылық 2030 бағдарламасы, Алаш, Әкім, рынок механизмі, табыс декларациясы, оңтайландыру саясаты, ішкі инвестиция саясаты, шағын және орта бизнес, экономикалық блок, парасат, ұлттық элита, зиялы қауым өкілдері, азаматтық татулық, шенеулік, сыбайлас жемқорлық, жемқорлық, жұмыссыздық, әлеуметтік күзейме, т. б. сияқты бүгінгі экономикалық, саяси, әлеумметік жағдайдың қажетілігін өтейтін сөздер мен сөз тіркестерін де идеологилық мақсатта қолданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы
Газет тілінің және ондағы шағын жанрлардың орны
Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері
Қазақ әдіби тілінің лексикалық нормасы
Газет тілінің ерекшелігі
Газет тiлi - қазақ тiл бiлiмiнде зерттеушiлер назарында жүрген сала
Кәсіби этика стандарттарын енгізу
Метафора туралы
Табу және эвфемизм
Әбіш Кекілбаевтың тілдік тұлғасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz