Журналистика - маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Журналистика - маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады.
Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында
жутналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан
өткені белгілі. Журналистика қоғамның әлеуметтік институттарының бірі
болып саналады. Ол адам санасын көтеруге , рухани әлемді байытуға
себепкер болады. Журналистика өмірді сипаттап қана қоймай , онда
болып жатқан іс - әрекеттерге адамның өзінің де бағыт - идеалға
жетуіне ой тастайды. Мақсатына жол сілтейтін бағыт - бағдар алуына
көмек етеді.
Сонау бұрынғы ғасырлардан басталатын кәсіби журналистиканың
нақты жұмыс процесі қазір де лайықты жалғасын тауып келеді. 1776
жылы саясатшы әрі публицист Э.Берк айтқандай , БАҚ - ты "төртінші
билік" санап , көпшілік арасында пікір қалыптасып кеткені секілді ,
журналистикада жаңа көзқарас , ұғымдар пайда болып отыр. Бұл да
жайдан - жай құбылыс емес. БАҚ - қа деген ерекше ықылас , назар
аударудан туған оң тенденция , халықтық ниет - пиғылдан келіп шығатын
пікір - түйіндер нәтижесі.
Әлемдік журналистика дегенде (оның ішінде қазақ журналистикасы
да бар) даму , қалыптасу жолдары өзара ұқсастықтармен де , өзіндік
өзгешеліктермен де ерекшеленетіні белгілі жайт . Неге десеңіз ,
журналистика - қайда да журналистика . Мейлі Еуропа , мейлі Азия ,
мейлі Америка болсын оның міндет - борышы замана талабына орай
қалыптасады . БАҚ пен журналист Францияда , АҚШ - та немесе Жапония
мен Қырғызстанда тағы басқа жер шарындағы екі жүздей мемлекетте
күнделікті істерін тиісінше атқаруда.
Алайда бұл ретте мына жайларға назар аударған жөн. Әлемдік
журналистиканың аймақтық , сондай - ақ әрбір мемлекеттік және ұлттық
мәселелерге сай жұмыс істеуі қалай ? Бұған байланысты түрліше
көзқарастар мен принциптерге көз жұмып қарауға болмайды. Сондықтан
да журналист пен БАҚ - тың алға қойған мақсат - мүддесі мен
позициясын анықтау керек. Мұның өзі сайып келгенде , саясат пен
қоғам дамуына , елдік мүддеге қатысты болып келеді де ,
журналистиканың әр жерде өзіндік ерекшелігі болатыны жоққа
шығарылмайды. Бізлің республикамызда БАҚ мемлекеттік және мемлекеттік
емес болып екіге бөлінеді , соған орай жұмыстары өрбиді . Бірақ
лицензиялық - құқықтық жауапкершілікті ұмытпау лазым .
Негізінде қай елдің бұқаралық ақпарат құралы болсын , олардың
әлемге ортақ белгілерімен бірге , сол елдің Конституциясына және
жекелеген заң актілеріне сәйкес ұстанымдары пайда болады . Ортақ
мәмілелер ЮНЕСКО - ның құзырына түйіседі де , ал мемлекеттердің
саналуан бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс істеу әдіс - тәсілдері
белгілі бір нормаларға сүйенеді . Сондай бағыт - бағдар бойынша іс -
әрекет танытады .
Дамыған елдердің көпшілігінде конституциялық тұрғыда баспасөз
бостандығына шек келтірмейді , азаматтардың сөз бостандығы құқығын
сақтау мағынасындағы тұжырымдар жасалған . Айталық , Еуропа мемлекттері
мен АҚШ мұны әжептеуір қарастырған .
Біздің Қазақстанда да аталмыш концепция Конституциямызда
айқын көрсетілген . Мысалы 20 - бапта былай деп жазылған : "Сөз бен
шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі . Цензураға тыйым салынады"
.
Соңғы онжылдық көлемінде бізде ғана емес , Еуропаның
бірқатар елдерінде конституциялық жаңа тұжырымдар мен кейбір
өзгертулер халықаралық нормаларды ескере отырып енгізілген . Онда
әдеттегідей сөз , баспасөз бостандығы болумен бірге , белгілі бір
мөлшерде ақпараттық шектеушілік те ұшырасады . Неге бұлай десек -
ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп және мораль мен азаматтардың
жеке бас құқығын , беделін түсірмеуді көздеуге байланысты алынғаны
айтылады .
Францияда сот жүйесі мен қарулы күштерге және мемлекеттік
әкімшілікке қарсы БАҚ - та негізсіз жала жабу қылмыс саналады .
Германияда баспасөз бостандығын еркін демократиялық құрылымға қарсы
пайдаланғаны үшін жаза беріледі .
Еуропаның Ұлыбритания , Франция , Германия сияқты ірі
елдерінде ертеден бастап шыққан газеттер бүгінде миллиондаған
данамен таратылатыны таңдандырмай қоймайды . Жаңа дерек бойынша
Ұлыбританияның алғашқы бір газеті саналатын "Инглиш меркьюри" 1558
жылы 23 маусымда шыққаны өте ұзақ мерзімнен хабардар етсе , "Дейли
миррор" және "Ньюс оф уорлд" газетінің тиражы кейбір кезеңдері 5-7
миллионға дейін жеткен ! Бұл көрсеткіш көп елдер үшін қол жетпес
нәтиже екеніне сөз жоқ .
Ал АҚШ баспасөзбен бірге , әлектронды ақпарат құралдары
бойынша әлем елдерінің алдыңғы шебіне шықты десек , артық айтқандық
емес . "Америка дауысы" радиосы барлық континентке хабар тарата
алады . Телевизия хабарлары спутниктік жүйе мен кабельдік торап
арқылы параболистік антенналармен жер жүзіне хабар береді . Атақты
Тед Тернер ашқан Си - Эн - Эн сияқты өте қуатты телекомпания жұмысы
сөзімізге айғақ .
Журналистиканың әлеуметтік институт ретінде - басқа қоғамдық
институттармен қарым - қатынаста болуы заңды . Сол арқылы ол әр
саламен , жан - жақты жұмыс істей алады . Демократия мен плюрализмді
пайдаланады . Қоғамдық пікір қалыптасуға ықпал етеді .
Еуропа мен АҚШ журналистикасының халықаралық деңгейдегі алар
орны мен табиғатын сараптап - саралау керек . Оның жалпы адамзатқа
тән сипатын интеграциялық жолмен ғана байланыстырса артық емес .
Әсіресе , қазіргі БАҚ - тағы озық техника мен технологияның
өркендеуінен шет қалмау шарт . Сондай - ақ журналистиканың мән -
мағынасын арттыра беру зор міндет .
Бүкіл әлемде болып жатқан қазіргі заманғы зор өзгерістерге
байланысты журналистика да жаңа көзқарасты , жаңа ұғымды , жаңаша
ойлауды қажет етеді . Уақыт өткен сайын ішкі - сыртқы саясат
баспасөз , радио мен тележурналистиканың алдына тың міндеттерді қояды
. Ондай міндеттерді орындау үшін бүкіл ұжым болып , ізденістер жасау
арқылы жұмыс істеу қажет . Бұл орайда журналистердің интеллектуалдық
тәжірибесін қолданбай болмайды . Әсіресе , бұл салада халықаралық
тәжірибелерге ерекше назар аударған жөн . Ол үшін олардың жұмысына ,
журналистік шығармашылығына талдау жасап , қорыта білу керек . Мұндай
тәжірибе алмасу материалдар , хабарлар дайындауда түр мен стильді
жаңартуға , уақыт өзгерісіне сай хабарлар беруге мүмкіндік жасайды .
Стандарттан қашып , тапқыр әрі қызықты материалдар беруге пайдасын
тигізеді .
Газеттің , радио мен телехабардың мазмұны мен характерін ,
тақырыбын , идеясын түрлендіруге , дамытуға әсер етеді . Қоғамның
моральдік - саяси ахуалын жақсартуға , ескі ұғымда қалып қоймауға ,
жаңалықтарды дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді . Ой тереңдігіне ,
сөздің өткірлігіне , тележурналистердің барлық қабілеті мен шеберлігін
дамытуға ықпалы тиеді .
Халықаралық тәжірибе мен жетістіктерге сүйену , сонымен бірге
әрбір журналистің немесе ұжымның жетістігін онан сайын толықтыруға ,
дамытуға игі әсер етеді .
Демократиялық қоғам құру үшін бұқаралық ақпарат құралдары
көп жұмыс істеуі тиіс . Бұл өмірге тереңдеп ену , шындықты айту ,
қажетті де актуальді фактілерді таба білу , оны зерттеп , халыққа
ұсыну үлкен жауапкершілікті тілейді .
Әрине , шетел журналистикасына назар аударғанда бәрін бірдей
ала беру , үйрене берудің негізі жоқ . Ең жаңашыл , бұрын айтылмаған
нәрселерді таңдай білген жөн . Алдымен халыққа не қажет және нені
айту керек , соны байқаған дұрыс . Бұл үшін өткен мен жаңаны ,
сондай - ақ өзімізде не бар , не жоқ соны біліп барып , ажырата
білу керек . Қажеттісін алып , қажет емесіне сын көзбен қараған
дұрыс .
Бұрын біздің елімізде шетел журналистикасының тәжірибесіне
назар аударылмайтын . Ал бүгінде бәрі басқаша . Халықаралық қатынастар
бейбіт түрде , бірін - бірі түсінушілік жағдайда дамып келеді . Яғни
, сенім мен қауіпсіздік , жер бетінде бірлесе өмір сүру тенденциясы
байқалады . Демек , бұрынғыдай елдердің бір - біріне сенімсіздікпен
қарауы бірте - бірте өзара түсінушілік қарым - қатынасқа айналып
келеді . Бұл орайда ақпарат құралдары да өзгеріссіз қалуы мүмкін
емес .
Әрбір елдің ақпарат құралдары өз тәжірибесіне қоса ,
халықаралық журналистика тәжірибесін біліп , зерттеп , қорытып , одан
әрі даму жолында пайдалана білуі керек . Әсіресе , қазір жер жүзі
журналистикасында орын алып келе жатқан дамыған елдер - Американың
және Еуропаның - Англия , Франция , Германия мен басқа да елдердің
тәжірибелік жұмыстары назар аудартады .
Радио мен телевидениенің тез дамитынын өмірдің өзі көрсетіп
отыр . Әрісін айтпағанда , осыдан 20 - 30 жыл бұрын ғана түрлі -
түсті теледидардың пайдаланылуы бүгінгідей дәрежеге жетеді деп ешкім
ойламаған еді . Әрине , мұның қоғамның әлеуметтік қажеттілігінен
туатыны белгілі .
Бүгінде телевидение бүкіл әлемде өтпелі кезеңді бастан кешіп
отыр . Ақ - қара түсті теледидардың орнына қазір түрлі - түсті
теледидарды пайдалану көбейіп келеді . Ал мұның өзі телехабарларды
беруді жаңа бір сатыға көтеріп отыр . Түрлі - түсті телевидениені
айтқанда , қазір бүкіл әлемде бұл орайда радио мен телевидение
жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатқанын айту керек . Мәселен ,
жаңадан жер серігі (спутниктік ) және кабельдік телевидениенің пайда
болуы соның айғағы . Бұл радио мен телевидение дамуының
стратегиялық мәнін айқындайды . Әсіресе , Еуропа елдері мен Америкада
қоғамдық телевидение монополиясын бұзып , жаңадан коммерциялық
телевидениені енгізу өріс алып отыр . Алайда телевизиялық ұйымдардың
көбеюі телебағдарламалар көбеюіне жағдай жасай ма , жоқ па , оны
өмір көрсетпек .
Спутниктік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Журналистика және қоғам
Баспасөз бостандығының келелі мәселелері
Социология пәнінен дәрістер
Репортаж жанрына қойылатын басты талаптар
Журналист этикасы туралы
БАҚ саласындағы этикалық нормалар
«Айқын» басылымы: тақырып және талғам
ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
Әлеуметтік коммуникацияның журналистік, психологиялық, философиялық, семиотикалық табиғаты
Журналист тұлғасын қалыптастыру факторлары
Пәндер