Хабар телеарнасындағы қазақ тіліндегі бағдарламалардың рөлі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Хабар телеарнасындағы қазақ тіліндегі бағдарламалардың рөлі 1
“Хабар жер” 12

Хабар телеарнасындағы қазақ тіліндегі бағдарламалардың рөлі

20 минут арасында – 8сағ.10мин. Аптасына 3 рет. Сейсенбі, Бейсенбі,
Жұма күндер-әншілермен өтілетін және соларға байланысты, әншілердің жеке
өмірі, шығармашылық қызметі, отбасы, көрермендерін алдағы уақытта қандай
шығармашылық жаңалықтарымен қуантатыны жайында барынша ашық, қызықты
баяндалады. Онымен қоса, менің байқағаным, тек әншілер ғана емес, күйшілер,
бишілер, ақындар жалпы өнер адамдары келіп, өз ойларын, пікірлерін айтып,
теле көрермендерге жаңаша өнерлерін сыйлап жатады. Қәзіргі кезде бұл
бағдарламаның өту бағыты, уақыты, тіпті жүргізушісі де өзгерген. Бұрынғы
жүргізушісі-Қатшыбек болатын. Ал, қәзіргі жүргізушісі-Гүлмира Дайрабаева.
Бұл бағдарлама тек мені ғана емес, бүкіл Қазақстандықтарды қызықтырады және
бәрі де асыға күтіп отыра, сонымен қоса хат жіберіп тұрады деп ойлаймын.
Қәзір хат оқылмайды екен. Бұрын осы бағдарлама өтетін кезде, көрермендер өз
сүйікті әншілеріне, күйшілеріне, жалпы өздеріне ұнайтын өнер адамдарына
көптен көкейінде жүрген, келіп жүрген сұрақ-сауалдарын хат арқылы жазып,
біліп отыратын. Сол кездегі бірер сауалдарына оралсақ, бірде Сандуғаш
Стамғазиеваға осы хабар арқылы хат келгенде, әнші жауап берді. Сондағы
мынандай сұрақ: Сіз, Рамазан Стамғазиевтің қарындасысыз ба? Сүйікті
тағамыңыз? Ең ұнататын анегдотыңыз? Әнші әрине жауап береді: Иә, мен
Рамазан Стамғазиевтің қарындасымын. Сүйік тағамым-палау. Анегдотым,
Жындыханада ылғи тентектер отырған ғой. Сөйтіп, бәрінің алдына бос табақты
қойып: Ал енді тамақ ішіңдер депті. Содан бәрі бос табақты сақырлатып,
тамақ ішіп жатыр дейді. Тек бір тентек табақты сақырлатпай, бетіне қарап
отыр екен. Содан бәрі ойлаған екен бұл сауықты, жақсы болды деп, барып сен
неге тамақ ішпей отырсың десе, тамағы суысын деп отырмын деп жауап берген
екен- деп, өз ойын көрермендеріне айтып берген. Тек бұл әнші ғана емес,
сонымен қоса, Ақжол Мейірбеков, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Мейрамбек
Бесбаев, Бауыржан Исаев, Меруерт Түсіпбева, күйші Асылбек Еңсепов және тағы
басқа көптеген өнер адамдарына хат келіп жататын. Сонымен қоса, қанша
күйеуден ажырасқансыз. Бетіңізге жасанды операция жасатқан деп есткенбіз.
Сіз балаңызды асырап алған екенсіз деген сияқты өсекке берілген хаттар да
келіп, әншілерді састырып жататын.
Бұрынғы кезде, 20 минут арасында таңғы бағдарламасы аптасына 5 рет
болып тұратын. Ал, қәзір, аптасына 3 рет қана болады. Әрине, бір жағынан,
қаржының тапшылығы шығар, екінші жағынан, уақыт жетпейтін шығар. Мысалы, 29-
сәуір күнгі кезекті санын көргенімде, қуанышты жай, әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің магистратурасында
оқитын, қәзір университетімізде студенттерді биге баулып, би кружогын
ашқан, талантты қыз Гауһар Асылбекова өз таланты жайында, шәкірттері
жайында, жалпы биге қалай келгенін айтып берді. Қәзір, университетте
Махабат атты би ансамблі ашылған. Өнердегі ұстазы - Сәрсен Ашекеева екен.
Алты жасында сахнаға би билеп шыққаны есінен кетпейді екен. Содан мектеп
бітірген соң, Қыздар педагогикалық университетіеің би бөліміне оқуға
түседі. Онда 2 жыл оқыған екен. Бірде ҚазҰУ-нің жанынан өтіп бара жатып,
журналистика факультетінің студенттерін байқап қызығады. Өзі айтады: Мен
журналистика факультетіне түсуді жөн деп санадым. Себебі, биді бәрібір
білемін, оданда бір мамандық желісінен ұстайын дедім - дейді. Осыдан кейін
теледидарда өзінің шәкірттерін және олардың бимен жаттығып жатқанын
көрсетеді.
Жолбарыс Cейфуллиннің шәкірті Самал Қали жайында сыр шертіледі. Самал
Қали: Мен осыдан бірнеше уақыт бұрын Сейфуллиннің ұйымдастыруымен болған
байқауға қатысып, жеңімпаз атандым. Содан бері, өнер жолында қызмет
атқарып. Сейфуллин Жолбарыстың ғажайыпң, Сезім самалың деген әндерді
орындап жүрмін. Әуелі, Сейфуллинмен бірге қосылып клип те түсіріп үгірдікң
деп жауап береді. Оның әңгімесінен кейін, клип көрсетіледі.
Үшінші кезекте: Президеттік оркестрде портриоттық әндерді жанындай
сүйіп орындайтын, 1996 жылғы Жас Қанатң байқауының жеңімпазы Мадина
Сәдуақасова қонақтаң деп жүргізуші таныстырады. Мәдина өз шығармашыығы
жайында, алдағы жоспарлары жайында қысқаша әрі толығырақ етіп айтып береді.

Маған бұл бағдарлама өте ұнайды. Бірақ уақыты аз. Әншілермен сыр-
сұқбат бәрін де қызықтырады деп ойлаймын.Сонымен қоса, көптен экранға шыға
алмай жүрген, танымал емес өнер адамдарының көрермендер назарына ұсынылып,
танылып жатады. Тағы айтарым, Неге таңертеңгісін? Бұл уақытта бәрліқ жұрт
ұйқыда болады, кейлері жұмысқа кетіп жатады. Осы жағына көңілім толмайды.

Бармысың, бауырым? - Сенбі күні, 19 сағ.30мин. Жүргізушілері-Рюджи Ромо
және Кенже Қайырбекова. Бұл бағдарламаның маңыздылығы: бір-бірін жоғалтқан,
айырылып қалған туған-туыс, бауырларын, таныстарын іздеп осында келеді.
Анасын жоғалтқанбала, баласын жоғалтқан ана келіп көрермен алдында жылап,
егіле отырып қалай айырылып қалғаны жөнінде бяндайды. Іздеу саламыз деген
бөлімінде – алыс шалғайда тұрып келе аймай қалған жұртшылықтың хаттары
оқылады. Бұл хаттарды жүргізушілер оқиды. Сондағы бір хаттан үзінді: Мен ,
Семей облысы , Аягөз ауданынанмын. Аты-жөнім-Құрманбекова Гүлсая. Мен
өзімнің ұлымды іздеймін. Ол 1976 жылы туылған. 1999 жылдың 19 ақпанында
жұмыс бабымен Атырауға кеткен. Сонда 1 жыл жұмыс істеп жүріп, үйге қайта
оралмады. Атыраудағы жора-жолдастарынан сұрасақ, жұмысқа кеттім деп шығып
кеткен. Содан оралмады. Бізде білмейміз деп жауап берді. Бармысың,
бауырым бағдарламасы! Сіздерден сұранарым, ұлымды тауып беріңіздерші,
өтінемін деген сияқты өзекті өртер, аянышты, жүректі елжіретіп жіберер
хаттар оқылады. Хаттар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп жататынын
байқауға болады.
Студияда қолдарына жоғалтқандарының суреттерін ұстаған көрермендер
отырады. Шеттерінен кімді жоғалтқанын, қалай жоғалтқанын жылап отырып
баяндайды. Сондағы Қызылордадан келген Айнаш деген ана өз туған інісін
қалай жоғалтқанын және осы хабардан тауып беріңіздерші деп жылап сұранғанын
көргенде ішкі бауыр етің езіледі.
Студия төріне, яғни столына жақынын жоғалтқан біреу шығу керек. Сол
кезде Жамбыл облысынан келген Рәмилә Есенқұлова шығып кімді жоғалтқанын
баяндайды.
Мен тұңғыш қызым Салиманы іздеймін. Ол 1973 жылы 15 қыркүйекте
дүниеге келген. 1996 жылы 9 мамырда түңгі сағат 3-4-те кетіп қалған.
Төсегін әдемелеп жинаған, тіпті киімдерін де алып кетпеген. Бәрі өз орнында
тұр. Содан әлі оралмады.
Жүргізуші: Қызыңыз жатар алдында ешқандай сыр берген жоқ па?
Р. Есенқұлова: Жоқ, ешқандайда сыр білдірген жоқ. Себебі, ұйықтар
алдында өзім жуындырып, сүртіндіріп жатқызатынмын. Өйтетінім - ол ауру.
Жүргізуші: Ол жайында кейінірек естіп, хабар алдыңыздар ма?
Р.Есенқұлова: Иә, бірде көрші ауылға Сәлима атты емші келіп, елді
емдеп кетіпті деген сыбыс естіп, сонда барып білемін деген едім бара алмай
қалдым.
Жүргізуші: Сол екенін сездіңіз ғой.
Р. Есенқұлова: Иә, ана жүрек сезеді ғой. Өйткені айтты, бетінін бәрін
жауып алған, түр-келбетін ешкімге көрсеткен жоқ екен.
Осылайша, құлынын жоғалтқан ана, мұң-зарын халық алдында жайып салады.
Ендігі кезекте, Шахлианова Гүлбанудың жазған хатына байланысты студияға
Алтыбай ата шығады. Оны немересі іздеген екен. Бірақ олар келе алмаған.
Алтыбай ата студияға шығып қалай жоғағанын айтып береді. Оның айтуынша ол
1970 жылы бірінші әйелінен ажырап, содан 3 баласын тастап кетіп қалған.
Одан екінші әйелге үйленіп, 2 балалы болған. Қария: Мені іздеген екен,
рахмет. Бүгін өздері келе алмай қалыпты. Енді амандықта жүздесейік. Осы
кезде студияда отырған жаңағы қарияның 2 баласы, келіндері, немерері
сөйлейді. Студияға жоғатқандарын іздегендерге тауып та беріп жатыр. Әрине,
осы бағдарламаны көргенде, Қазақстаннан осындай құнды, халыққа қажет
бағдарламаның табылғанына қуанасың. Бағдарлама өтіп жатқанда төмаенгі
жағына Естеріңізге сала кетейік, іздеу жұмысы тегін деген жазу тұрады.
Және, байланыс телефонымыз-83275700102 делініп тұрады. Ресейдегі Жди меня
хабарына жете алмайды. Бірақ, өз мәресіне жететініне мен сенімдімін. Маған
ұнамайтыны, жүргізуші-Рюджи Роман. Оның ұлты-жапон. Қазақшаға тілі
бұрмаланып, жорға сөйлейді.Соның орнына басқа қазақ жігіт болса, хабардың
шырайы одан әрі кірер еді.
Соңында, 2 жүргізуші шығады да: Жоғалтқандарыңызды іздеңіздер, іздеуден
күдер үзбеңіздер. Айтпақшы, хат жазған кезде анығырақ. Дәл, түсінікті
жазуларыңызды сұранамыз деп хабар бітеді.
Редакторы: Нұрлыбек Саматұлы.
Бірінші байлық... - Жексенбі. 10с.35мин.
Адам қай кезеңде ғұмыр кешсе де бірінші кезекте, өз денсаулығына және
баласының денсаулығына барынша көңіл бөлген. Заман өзгеріп, экономика,
техника алға жылжыған сайын адамның да ақыл-ойы дәл осыған бағытталған.
Бағытталғаны, қәзір көптеген докторлар, ғылыми адамдар дәрі шығарып,
адамдардың ауруын жазуда.
Бұл бағдарлама да денсаулыққа өте пайдалы, адамға керек деп
ойлаймын.Хабардың басында көрерменнің беріп жіберген хаттары оқылады. Сонда
Алмагүл есімді әйелдің баласы неапатиң ауруымен ауырады екен. Осыған
байланысты жүргізуші студияға Білім жетілдір, денсаулық сақтау
министрлігіненң Лепесова Маржанды, №12 қалалық емханасының бас дәрігері
Кисабекова Алманы шақырады.
М. Лепесова: неапата ауруы – сирек кездесетін, тұқым қуалау арқылы
келетін, анасының гені арқылы берілетін ауру. Баланың физикалық дамуы
төмендейді, жүгіре, секіре алмайды, 1,5-2 жаста бұлшықеті өспейді. Бала
көтер деп жылай береді, үйрек сияты бүргештеп жүреді. Бет-әлпеті өзгереді,
жүрегі әлсіз болады.
А. Кисабекова: Бұл ауру үдемелі болып келеді. Әр жылд қосылып отырады.
Тері қабаттарында өзгерістік байқалады деген сияқты себептерін айтып
жатады. Және Бізге келіңіздер, көмек көрсетеміз. Көмек тегін деп
өздероіне шақырып жатады. Агреноз-құстың вирусынан жұғатын ауру.
Декрация орталығының маманы келіп, кішкентай ұл-қыздарымен көрініс
көрсетеді. Оның айтуынша, баланың басын қатырып, көп ойландырған сайын оның
ойлау қәбілеті өсіп, басы одан сайын жұмыс істейді. Мәдинаға сурет
көрсетіп, Мына қыз не істеп жатыр деп сұрайды, олЖұмыс істеп жатыр,
мамасына көмек көрсетіпжатыр деп сурет бойынша сөйлеп, өзі мамасына
көмектесетінін айтып отырады. Сәуле дәрәгер болып, бір қызды емдейді. Мен
ойлаймын, бұл бағдарлама өте пайдалы.
Таң қалмаңыз!-Жексенбі, 11сағ. (1 сағат болады.) Жалпы, бағдарлама
танымдық жағынан, өзектілігі жағынан адамға көп пайдалы, сонымен қоса,
өздерінін кеңестерімен, пайдалы әңгімелерімен адамға өте пайдалы, керек те.
Сән думан,Ән думан, Дәм думан Дүние думан болып бөінеді. Сән думанда
сән үлгісінен көрініс жасап, мәліметтер береді. Бұған арнайы сән жолында
жұмыс атқарып жүрген мамандарды қонаққа шақырып, мәлімет жүргізеді.Сабыргүл
Асанованың айтуынша: Ұлттық киімге байланысты 3 жыл москвада, минскіде
жарыс өтті. Қазақстаннанда қатысты. Мен жури төрайымы болдым. деп Москва
халықтарының дизайнге құштар екенін, бағалайтынын айтады. Дүние
думандаМарал жүргізеді -Әлем жаңалықтарына, әлемдегі жұртты қызықтыратын,
мәдени жаңалықтарға тоқталады. Сонда айтады:1921 жылы әтір су шыққан.
1924 жылы Коко Шонель көйлек қысқартқан. Қытайдағы маймылдар жайлы,
Кериакада 1960 жылы жоғалған кеме табылған, 7 жыл жөндеп, тура сондай кеме
жасап шығарған.
Бағдарламаның арасында міндетті түрде ән беріледі. Спонсор-Камила
сауда үйі, Алматы маргарин сауда белгісі. Дәм думанда-әрине өзінің аты
айтып тұрғандай,тағам жасалады. Бұл кезекте өнер адамдары, әншіле күйшілер
келіп қандай тағам жасай алатыны жөнінде айтып береді.Әр кезекте әр әншіні
шақырып, қонақ етіп, сыйлық беріп жатады. Жүргізушілері: Жүсіп пен Уәли
екені баршаға мәлім. Келген қонақтарын күлдіріп, көрермендерін де
қызықтырып жібереді.
Бағдарламаның жүргізушілері - Азамат, Назгүл. Алдыңғы уақытта Назгүл
емес, Жұлдыз болатын. Маған Назгүлдің сөйлегені ұнамайды. Жаттанды түрде
сөйлейді. Азаматтың шеберлігі көрерменін қызықтырып, өзіне баурап алады.
Келген қонақтарын әңгімеге тартып, сұрақты да орынды қойып шеберлігін
танытады.
1001 мақал, 101 жұмбақ-Жексенбі. 15 сағ. 45мин. Осы хабарды көрсем,
бұрынғы қазақилыққа қайта оралып, атамыздан қалған асыл мұрамыз мақал-
мәтелді, жұмбақты есімізге қайта салғандай күй кешеміз. Ойында небір
мақалдар айтылады. Оған әдеби салада, көркем жұмыстармен айналысып жүрген
әдебиетшілер шығады. Ойынның шарты бойынша, бірінші кезекте мақалшылар
шығады. Оған 3 ойыншы шығу керек.Соның бір кезекті ойынына тоқталып өтсек,
Мысалы бір кезекті ойынында Ардақ, Айгерім Назым есімді қыздар шығады.
Сондағы мақалдар:
1.Еңбек (етсең) ерінбей,
Тояды қарның тіленбей
2.Ел аралаған (сыншы) болады,
Жер аралаған тыңшы болады.
3.Еліне безген (ер) оңбайды,
Көлінен кеткен қаз оңбайды.
4. Отансыз адам, (ормансыз) бұлбұл
5. Бақа (көлінде) патша,
Жігіт елінде патша.
деген мақалдарда Рахман жақшамен берілген сөздерді жасырып, ымдап айтады.
Ол жасырылған сөздерді ойыншылар табу керек. Осы кезде Ардақ ойыннан
шығады. Енді екі ойыншы қады. Екеуі мақал йатып, бірі айтқал мақалдағы бір
сөзге байланыстырып мақал айтып, жалғастыру керек. Мысалы: Жақсы сөз-жарым
ырыс
Таяқ еттен өтер,
Сөз сүйектен өтер
Қойшының таяғынан,
Келіннің аяғынан.
Деген сияқты. Бұл кезекте Айгерім шығады.
Көрермендер ойыны - мақалға байланысты.Бұл кезде, Рахман бір сөз айтады,
кқрермендер соған байланысты мақал айту керек.Мысалы:
Ел (іші - өнер кеніші)
Аз (сөз алтын)
Көп сөз көмір.
Ит- (жеті қазынаның бірі.)
Осы кезде бағы жанған көрерменге сыйлық беріледі.
Жүргізуші жұмбақшыларды шақырады. Олар-Сұлтан, Аслан, Жеңіс. Оларға жұмбақ
жасырады.
Ақ отаудың есігі де жоқ, тесігі де жоқ. (тұқым)
Мақұлық бар тілі жоқ,
Сөйлегенде міні жоқ.(сия)
Тарпаң-тарпаң тарбиған
Түрі жаман жарбиған.(бақа)
Осы кезде жеңілген бір ойыншы шығу керек. Жұмбақ ойыны жалғасады.
Бассан түймесін
Шашады ырысын.(шам)
Отансыз су піскен ас
Адамның бәі ішкен ас.(ана сүті)
Ойыннан Жеңіс шығады.
Көрермендер ойыны басталады.
Мақалдан жеңген ойыншы мен жұмбақтан жеңген ойыншы жарысады.
Жылт еткен, жығадан өткен ,(су).
Судың да сұрауы бар
Судан шығады, судан қорқады.
Астың сәнін тұз келтіреді,
Ауылдың сәнін қыз келтіреді.
Сонымен, қорытындылай келе ұл жеңіліске ұшырап, қыздың яғни Назымның бағы
жанады. Айта кетер жай, әр ойыншы шыққан сайын, Аламансауда белгісінен
силық ұсынылып отырады.
1001 мақал,101 жұмбақ телеойыны –халқымыздың асыл, даналық сөздері мақал-
мәтелдері мен жұмыстарын насихаттауда үлкен жұмыс атқаруда. Ұмытылып бара
жатқан мақал-мәтел, жұабақтарды халықтың есіне салып, додаға түсіріп жарыс
жүргізуде. Ойын барысында ойыншылар үлкен дайындықпен келеді, бақ таласып,
жетістікке жетуге асығады. Жүргізушісі Рахман Омар да өте жақсы сөйлейді.
Ойыншыларды күлдіріп тұрады, Аузынан қазақилық ағылып тұратыны байқалып
тұрады.

Сценарийін жазған: Назгүл Сарыбаева.
Қоюшы оператор: Рашид Қырықбаев.
Жүргізуші: Рахман Омар.

Парасат парақтары-адам жандүниесіне өте жақын, себебі, бұл бағдарламаны
көріп отырсаң, дүниеден өткен немесе атақты, кезінде елінің елеулісі,
халқының қалаулысы болған, ел танитын, халқына еңбегі сіңген, өз кезеңінде
сіңірген еңбегі жетерліктей орын алған халық даналыларын, жазушыларды,
атақты еңбек иелерін халық назарына ұсынып отырады. Теледидардан
көрсеткенде олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы ойын-сауық бағдарламалары
Республикалық телеарналар және олардағы авторлық телебағдарламалар әлеуеті
7 -арна: кәсіби деңгейі мен шығармашылық шеберлігі
КТК телеарнасының кәсіби деңгейі
Телевизиялық жаңалықтар қызметі: жылдамдық және шынайылық
«Оңтүстік Қазақстан телеарнасының өткені мен бүгіні»
Қашықтықтан оқыту жағдайында Балапан телеарнасының қызметі
Тікелей эфирдегі жүргізуші рөлі
Азамат жастар бағдарламасының жүргізушісі
Телевизиядағы интеллектуалдық бағдарламалар
Пәндер