Қазақ баспасөзі тәуелсіздік жылдарында


ЖОСПАР
Қазақ баспасөзі тәуелсіздік жылдарында2
Пайдаланған әдебиеттер9
Қазақ баспасөзі тәуелсіздік жылдарында
Тәуелсіздігіміздің арқасында еліміздегі демократияның бір пошымы ретінде қызмет атқарып отырған бұқаралық ақпарат құралдарының халқымыздың әлеуметтік-саяси және рухани-мәдени өмірінде алар орны, атқарар қызметі өте салмақты.
Бүгінгі таңда қоғамдық санаға ықпал ететін, бұқараны ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірден-бір күш бұқаралық ақпарат құралдарының басты тетіктерінің бірі- баспасөз болып табылады.
Баспасөздің қоғамымыздағы алатын орнына жоғары баға берген Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев:, , Қалыптасқан қоғамдық экономикалық жағдайға, оқырманның сипаты мен тілегіне орай баспасөз қазір ағартушылық- танымдық, қазақстандық патриотизмді қалыптастыратын сипатқа ие болып отыр. Себебі, біз жаңа мемлекет құру үстіндеміз. Демек, осындай сын кезінде баспасөз халықты біріктіруші қоғамды алға жылжытатын саяси ойдың алдыңғы қатарда болуын қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан, мемлекетті қалыптастырушы күш ретінде танымдық, терең ойлы баспасөзге арқа сүйеместен өз саясатыңды қалай жүргізіп, реформа мәнін қалай ұғындыруға болатынын түсінбеймін,, - деп атап көрсеткен еді.
Бүгінгі демократиялық елімізде баспасөздің қоғамдағы ролі айтарлықтай дәрежеге көтерілді. Ол бұрынғыдай насихатшы ғана емес, сонымен бірге, қоғамдық ой-санамыздың сараптаушысы және қоғамдық ой-пікірді қалыптастырушы да болып отыр. Сондай-ақ, баспасөз саласында бәсекелестік пайда болып, мемлекеттік емес газеттер көптеп пайда болды. Мемлекетіміздегі қоғамдық-саяси өзгерістердің нәтижесінде баспасөз де бұрынғы қасаң қағидалардан арылып, демократия үрдістері бойынша, саналудан тақырыптар төңірегінде қалам тербеуде. Сонымен мемлекеттік тілдегі қазақ баспасөзі де соңғы жылдары сандық, сапалық, рухани танымдық жағынан елеулі өзгерістерге ұшырады.
Қазіргі қазақ баспасөзі қоғамымыздағы болып жатқан оқиғалардың барлығына ат салысып, өзекті проблемаларды дер кезінде көтеріп, қоғамдық пікір туғыза отырып, сол проблемалардың дұрыс шешілуіне мұрындық болып отырғаны белгілі. Қазақ баспасөзі мемлекет тәуелсіздігінің нығаюы мен көркеюі жолында мейлінше үлкен рол атқаруда. Әсіресе, ұлттық тіл мен жер, еліміз тәуелсіздігінің идеясын насихаттау, қорғау, идеология майданындағы бітіспес күрес ісінде атқарып отырған қызметін ерекше айтуға болады.
Сонымен қатар, бүгінгі қазақ баспасөзінің көтеріп отырған өзекті тақырыптарының бірі-республикамыздағы мәдениет құрылысының жетістіктері мен проблемалары.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, бұрын қағажау көрген тілімізді, өнеріміз ұмыт бола бастаған салт-дәстүріміздің даму деңгейін көтеріп, қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік туған еді. Осы игі шаралар арқасында елімізде ауқымды жұмыстар атқарылды. Өкінішке қарай, еліміз демократиялық зайырлы қоғамға бет бұрғаннан кейін, бұрынғы кеңестік қоғамдағы коммунистік идеялогиядан әбден шаршаған қоғамымыз, тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары барлық идеялогиядан бас тартып, рухани-мәдени өмірде, жастар тәрбиесінде кейбір кемшіліктер жіберіп алды. Мемлекетіміздің мәдени және рухани саласында айқындалған нақты саясат болмады.
Тәуелсіздігіміздің нәтижесінде рухани дүниеміздегі ұлттық, рухтың оянуы экономикамыздағы нарықтық қатынастар қиындықтармен қатар жұріп жүздеген білім және мәдениет ошақтарының жабылуымен, халықтың басым бөлігінің кедейшілікке
ұшырыуымен тұспа-тұс келді. Бұл келеңсіз құбылыс рухани -санамыздың ажырығысыз бөлігі қазақ баспасөзін де айналып өтіп қаржы тапшылығына байланысты 1995-1996 жылдары аудандық газетті айтпағанда, республикалық “Өркен”, “Азия”, “Халық кеңесі”
газеттері біржақты шығуын тоқтатты. Қазақ газет- журналдарының таралымы азайып кетті. Мәселен 1996 жылы республикамыздағы басты басылымдар” Егемен Қазақстан” мен “ Алаш” 1995 жылмен салыстырғында 20 мыңнан аса оқырмандарынан айрылды. Нәтижесінде, еліміздегі руғани- мәдениет саласында дағдарысты құбылыс болып алып, өз рухани дүниеміге өзіміз ие бола алмай қалдық. Біздің кемшіліктерімізді ұтымды пайдаланып жат жұрттың идеологиялық отаршыл демократия ұранын желеулетіп, рухани дүниемізді кеңінен игеруге кірісті. Соңғы сегіз-тоғыз жыл ішінде еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарын жаулап алған олардың мақсаты мәдениетіміздегі ұлттық сипат пен ұлт нышандарды әлсірету арқылы ” батыстық мәдениетті”жастарымыздың санасына тықпалау болып табылады. Жалпы мәдениетіміздің даму барысына шолу жасай отырып, олардың біршама табыстарға қол жеткізгеніне куә боламыз. Бұлардың жетегіндегі қазақстандық мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдар қатыгездік пен зорлықты, понографияны насихаттаудан қалысар емес. Мәселен жоғары деңгейге жеткені соншалық Президентіміз Н. Ә. Назарбаев: ” Бапасөз әсіресе, электронды баспасөз бүгінгі таңда Қазақстанның ақпарат кеңістігінде қалыптасқан үйлесімсіздіктерді дұрыс бағалай алмай, олардың шешімін таба алмай отыр. Қазір республикамыз алыс және таяу шетелдермен жетіп жатқан теле-радио бағдарламаларының нөпірінің астында қалды. Оларды ешкім табалап жатқан жоқ” деген болатын.
Батыстық мәдениет тасқынын тоқтатып, оған қарсы тұрудың бірден-бір ұлттық сананы көтеру, халқымыздың ғасырлардан келе жатқан мұраларын ұлттық құндылықтарын барынша ұтымды пайдалана отырып, халық санасына жеткізе білу болып отыр. Осы орайда еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарына үлкен жауапкершілік пен міндет жүктелуде. Осылай дейтініміз, бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікірді тудырып қана қоймай, ақпараттық кеңістікпен қорғап, қоғам санасын қалыптастырушы құрал ретінде өмірдегі барлық жақсылық пен жамандықты алдымен байқап, насихаттауы, түсіндіруі тиіс. Өкініштісі ауқымды жұмыстарды атқаратын, рухани-мәдени дүниеміздің қайнар бұлағы мен халықты сусындататын ана тіліміздегі телехабардың мөлшері 10-12 ғана. Қазіргі қазақ баспасөзі ұлттық мәдениетті қорғауда, ата салт-дәстүрімізді сақтауды уағыздауда, халық санасын оятып, мемлекеттің болашағын, ұлт мүддесінің проблемаларын жан- жақты қозғауда, демократиялық мәдениетті қалыптастыруда зор үлес қосып отырып ерекше күшке айналып келеді.
Бүгінгі таңда республикамызда қазақ тілінде 144 газет, 32 журнал шығады. Республикалық қоғамдық-саяси басылымдар “Егемен Қазақстан”, Жас алаш”, “Ана тілі”, Түрікстан газеттері, “ Ақиқат”, журналы негізінен мемлекетіміздегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік мәселелерге көбірек назар аударса, ” Жұлдыз”, ” Парасат” журналдары мен “Қазақ әдебиеті” газеттері мәдениет, өнер, әдебиет салаларын кеңінен қамтиды. Соңғы жылдары халқымыздың ислам дініне қарай
Бет бұруының өсуіне байланысты діни басылымдар да көбейіп келеді. “Шапағат нұр”, ”Ислам әлемі”, Алдаспан”, ”Ясауи” журналдары мен Имандылық”, “Заман және иман”, ”Әл-хабар”, ”Ислам және өркениет” газеттерінің басты мақсаты, халық арсында ислам дінін уағыздау, насихаттау, дініміздің жөн-жораларын халыққа түсіндіру болып табылады.
Сонымен қатар, қазақ тіліндегі газет-жуналдар шет мемлекетте де жарық көруде. Қазақтардың ең көбірек тұратын жері Қытай мемлекетінде 6 газет, 8 журнал шығады. Монғолияда қазақ тілінде”Жаңа өмір” газеті мен “Шуғыла” жуналы жарық көрсе, Өзбекстанда “ Достық туы” газеті жарық көріп келеді. Еліміздегі сөз бостандығының арқасында 90- жылдардан бастап ана тіліміздегі тәуелсіз басылымдар жарық көре бастады. Алғашқы тәуелсіз газеттерге “Азат”, ” Желтоқсан” жатады. Одақтың шаңырағы шайқалып, тәуелсіздік алуға мүмкіндік туғалы тұрған шақта, бұл газеттердің басты тақырыптары Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі, халқымыздың бостандығы болатын.
Бұл алғашқы тәуелсіздік идеяларын насихаттаудың рөлін айта кеткеніміз жөн. Ал соңғы жылдары ана тілімізде жарық көріп келе жатқан тәуелсіз “Айғақ”, ” Қызық газет”, Күн мен түн”, Барыс” басылымдарының тақырыптары мүлдем басқа арнаға, ұсақ-түйекке, күнкөріс мәселесіне ауысты.
Бұл басылымдардың негізгі тақырыбы анайы түрдегі жыныстық қатынастар мен іс-әректтер, қатыгездік пен зорлық төңірегіндегі барынша ашып жазылған әңгімелерден, өсек-аяңдардан тұрады. Ұлттық менталитетімізге жат, ұлт мүддесі, жастар тәрбиесі секілді мәселелер аяқасты бұл басылымдардан халықтың рухани қажетін өтей алатын дүниелер таппай қиналасың.
Қазіргі кезде әлемде неше түрлі жыныстық аурулардың өршіп отырған кезінде және сол аурулардың көбісінің жыныстық тәрбиедегі білімсіздіктен болатындығына байланысты, жастарға жыныстық тәрбие жайындағы басылымдардың қажет екені ақиқат.
Бұл салада анайы жыныстық қатынасты емес, тәлім-тәрбиелік ниеттегі, махаббат, неке және отбасы қарым- қатынастары төңірегіндегі мәселелерді қозғап отырған “Адам Ата- Хауа Ана “ газетінің аяқ алысын құптаған жөн.
Бұл аталған басылымдардан басқа саяси науқандар кезінде арнайы мақсаттарда шығарылған “ Дат” кейіннен Сол “Дат” сияқты мемлекеттік емес басылымдар да жарық көрді. Біріқ бұл газеттер белгілі бір топтың мүддесін көздеп, мемлекет басшысын, үкімет мүшелерін қаралаудан тұратын субьективті жарияланымдары арқылы
Халықтық басылымға айнала алмаған еді. Еліміздегі қазақ тілінде жарық көретін тәуелсіз басылымдар туралы айтқанда “Алтын Орда”газеті ерекше атап өтуге лайық. Алтын Орда” газетінің бір жылдан аса мерзім ішінде тиражы өсіп, өткір қалам қайрауымен, тың пікірлер көтерумен, республикамыздағы келеңсіз құбылыстарды жоғары жаққа батыл жеткізе біліумен халықтың көңілінен шығып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz