Психология ғылымындағы жеткіншек шақ туралы ғалымдардың теориялары.



Кіріспе

I тарау. Психология ғылымындағы жеткіншек шақ туралы
ғалымдардың теориялары.

1.1 Жеткіншек шақтың психологиялық ерекшеліктері.

1.2 Теңдестіру ұғымы, оның түрлері мен қалыптасуы.

1.3 “Дағдарыс” пен “теңдестіру” арасындағы байланыс.

1.4 Э. Эриксонның “эпигенетикалық теориясындағы”
теңдестірудің маңызы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

I тарау. Психология ғылымындағы жеткіншек шақ туралы
ғалымдардың теориялары.

1.1 Жеткіншек шақтың психологиялық ерекшеліктері.

1.2 Теңдестіру ұғымы, оның түрлері мен қалыптасуы.

1.3 “Дағдарыс” пен “теңдестіру” арасындағы байланыс.

1.4 Э. Эриксонның “эпигенетикалық теориясындағы”
теңдестірудің маңызы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Көкейтестілігі:
Жеткіншек жасқа өту баланың жеке тұлғалық дамуына әсер ететін
шарттардың терең өзгеруімен сипатталады. Осыған орай, бүгінгі таңда
психология ғылымының жасаралық психология деп аталатын бөлімінде жеткіншек
шақ психологиясының мәселесі жиі көтерілуде.
Психологтар осы кезеңмен сәйкес, яғни жеткіншектердегі “дағдарыс”
кезеңі туралы білімдер әлі де болса, зерттеу сатысында екенін айтуда.
Кеңес психологі Л.С. Выготский 1920 жылдардың өзінде жеткіншек жас
психологиясы туралы нақты құрылған фактілерден гөрі жалпы теориялар көп
екенін айтты.
Жалпы, жеткіншек жас психологиясының ерекшеліктерін негізгі үш
бағытта бөліп көрсетуге болады: биогенетикалық (С. Холл, Э. Кречмер, Э.
Йенш, В. Целлер, А. Геззел), социогенетикалық (К. Левин), психодинамикалық
(Э. Эриксон, Э. Шпрангер, Ш. Бюллер). Бұдан басқа жыныстық толысу (З.
Фрейд), жеке құрылымдардың қалыптасуы (Б.Г. Ананьев), мәдени – тарихи
теория (Л.С. Выготский), нервтік – психикалық принципке (В.В. Ковалев)
негізделген еңбектерді де атамай кету мүмкін емес.
Жеткіншек жас өзіндік сананың қалыптасуы, жаңа іс – әрекет түрлерімен
өзінің тұрақты мінез – қылығының және жеке тұлғалық сапалардың дамуымен
аяқталады. Өзіндік сананың белсенді қалыптасуы туралы көптеген сұрақтардың
тууына әкеледі. Психология оны “Мен”- теңдестірумен байланыстырады. Бұл
кезеңде барлық балалық идентификациялар қайта құрылып, ересек міндеттерді
шешуге көмектесетін жаңа теңдестіру құрылымы пайда болады.
Жалпы, жеткіншек шақтың ең ауыр міндеттерінің бірі теңдестіру
дағдарысының шешілуі және ерте ересек жастың міндеттерін сенімді қарсы
алуға көмектесетін тұрақты теңдестірудің қалыптасуы болып табылады.
Осындай жеткіншек шақта болатын ерекшеліктерді негізге ала отырып,
курстық жұмыстың мақсаты – жеткіншек жастағы теңдестіру дағдарысының
маңызын ашу.
Курстық жұмыстың міндеті:
1.Берілген тақырыпқа сәйкес, ғылыми әдебиеттерді шолу, талдау.
2.Жеткіншек жас туралы ғалымдардың теорияларын қарастыру.
3.Жеткіншек жас үшін теңдестірудің маңызын ашу және
Э. Эриксонның “эпигенетикалық теориясындағы” теңдестіру ұғымын талдау
Зерттеу объектісі: 11-13 – 18-20 жастағы жеткіншектер.
Зерттеу пәні: жеткіншектердегі теңдестіру сезімі.
Ғылыми болжам: теңдестіру процесі жеткіншек жастағы тұлғаның жетілуі
мен дамудың шарты болып табылады.
Зерттеу жұмыстың құрылымы: кіріспеден, I тараудан, IV бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I Тарау. Психология ғылымындағы жеткіншек шақ туралы ғалымдардың
теориялары.

Түрлі есею аспектілерін сипаттағанда даму түсінігімен “өзгеру”,
“модификация”, “жаңашылдық”т.б секілді терминдердің қолдануын қажет ететін
өмір кезеңінде көрінетін белгілерді жеткіншек деп атайды.
Кеңес психологі Л.С.Выготский 1920 жылдардың өзінде психологияда
жеткіншек шаққа нақты құрылған фактілерден гөрі жалпы теориялар әлдеқайда
көп екенін айтты.
Жеткіншек шақты түсіндіретін негізгі үш бағытты бөліп көрсетуге
болады. Біріншісі, жетілудің биологиялық процесіне негізделетін
-биогенетикалық. Екіншісі, әлеуметтену процесіне негізделетін -
социогенетикалық. Үшіншісі, өзіндік психикалық процестермен функцияларға
негізделетін – психогенетикалық.
Биогенетикалық теорияның дамуы әлеуметтік – психологиялық қасиеттер
көрінетін, дамудың биологиялық детерминанттарына назар аударады. Дамудың
типтерімен жасаралық процестердің вариациясы конституционалды типке
генетикалық шартталған.
Бұл бағыттың көрнекті өкілі – Америка психологі С. Холл. Ол бойынша
даму психологиясының негізгі заңы биогенетикалық “рекапитуляция заңы”. Осы
заңға сәйкес, индивидуалды даму , онтогенез, филогенездің негізгі
стадияларын қайталайды. Ол жеткіншектің дағдарысымен өзіне тән ерекшеліктер
комплексін биологиялық шарттар себепші болмай қоймайтын ірі универсал
құбылысы деп санады. Бірақ, С. Холлдың “рекапитуляция заңына” негізделген
концепциялар нақты психикалық даму заңдылықтарын түсінуге кедергі
келтіреді.
“Дағдарыс” түсінігі С. Холл концепциясының ең үлкен жетістіктері
екенін айта кету керек. Оның концепциялары советтік жас ерекшелік
психологиясымен қоса, қазір де қолданылуда. Себебі, С. Холлдан кейінгі
теоретиктер де көп жағдайда есею кезеңіне түсінікті құрылым ретінде
“дағдарыс” түсінігіне негативті мазмұн енгізді, және де олар “дағдарыс”
себептерін түсіндіруде көбінесе С. Холлдың “Буря және натиск” құбылысы
жеткіншекте болатын драмалық сексуалдық және физиологиялық өзгерістерден
туындайды деп келіседі.
Биогенетикалық концепцияның өзге вариантын неміс “конституционалды
психология” өкілдері өңдеді. Э. Кречмер, Э. Йенш жеке тұлға психологиясын
кей биологиялық факторға (денелік тип және т.с.с) негіздей отырып, адамның
физикалық типімен оның даму ерекшеліктері арасында байланыстың бар екенін
айтты. Э. Кречмер барлық адамды осы бойынша орналастырды, яғни, бірінші
полюсте тұрған циклоидты (тез қозатын, көңіл-күйі тұрақсыз, өз бетінше), ал
екіншісі – шизоидты (тұйық, қарым-қатынасшыл емес) типтер. Шизоидты жеке
тұлғада жеткіншек шақ күрделі және ауыр өтеді. Себебі, жасаралық қасиеттер
оның индивидуалды типологиясына терең әсер етеді. Ал, циклоидты жеке тұлға
оны жеңіл қабылдайды, себебі, жасаралық қасиеттер оның типологиялық
қасиеттеріне тұрақты. Кречмерге қарағанда Йенш жеке тұлғадағы психикалық
процестерінің түрлі деңгейлеріне назар аударды.
Көбіне, биогенетикалық бағытқа сәйкес, даму процесіне негізделетін
теориялар басқа көзқарастармен байланысуда.
Мысалы, белгілі Америка психологі Л. Геззелдің концепциясы. Холл
секілді Геззел де дамудың биологиялық моделіне сүйенеді. Геззел үшін “бойы”
мен “даму” прогрессивті дифференциация процесін түсіндіретін синонимдер.
Жеткіншек шақ, яғни балалықтан ересекке өту кезеңі, Геззел бойынша,
11-ден 21 жас аралығы, бастапқы бес жыл (11-ден 16-ға дейін) өте маңызды
деді. 11 жаста организм қайта құрылады: бала импульсивті, негативизм, ата-
анаға қарсы шығу, құрдастарымен жанжал. 12 жаста әлемге деген көзқарасы
позитивтілеу , жеткіншектің тәуелсіздігі өседі, шыдамдылық, сыртқы
келбетіне қарама-қарсы жыныстағы адамға назар аударады. 13 жастың жетекші
қасиеті – интроверттілік басым, іштей түңілу, сезімтал, әсершіл,
психологияға қызығушылық танытады, достыққа қатаң. 14 жаста интроверт
экстраверсияға ауысады, жеткіншек қарым – қатынасшыл, өзіне сенімді, өзін
басқалармен салыстыруды ұнатады. 15 жаста индивидуалды айырмашылықтар анық
көрінеді. Бұл жастың жаңашылдығы – тәуелсіздік рухының өсуі, саналы өзін –
өзі тәрбиелеу, өзін бақылау; 16 жаста қайтадан тепе-теңдік басталады: ішкі
эмоционалды тұрақтылық, өз бетінше болу, қарым – қатынасшыл, болашаққа
ұмтылу.
Осы секілді биогенетикалық бағыт хронологиялыққа біріктіретін Геззел
дамудың түрлі аспектісін көрсетті. Бірақ, күнтізбедегі жас өздігінен
жасаралық периодизация мазмұнын түсіндіре алмайды, себебі, ол индивидуалды
айырмашылықтармен тәрбиелеудің әлеуметтік шарттары ескермеген.
Биогенетикалық бағытқа қарсы жеткіншектің қасиеттерін қоғам құрылымы,
әлеуметтену процесімен жеткіншектің басқа адамдармен өзара әрекет ету
барысының ерекшеліктерін түсіндіретін социогенетикалық теория.
Бұл бағыттың дамуына әлеуметтік психологияның ролі ерекше. Оған неміс
психологі К. Левиннің “кескін теориясын” атап өтуге болады. Левин бойынша,
бір жағынан, адамның мінез-қылығында жеке тұлғалық қызметтер бар, екіншіден
– оны қоршайтын орта бар. Бірақ, жеке тұлға қасиеті мен қоршаған орта
қасиеті өзара байланысты.
Жеткіншек шақтың негізгі процесі Левин жеке тұлғаның өмірлік әлемінің
қарым – қатынас шеңберінің кеңеюі деді. Жеткіншектің мінез-қылығы ең
алдымен маргиналдылығына байланысты. Балалық әлемнен ересекке өтуде
жеткіншек толығымен не біреуіне, не екіншісіне жатпайды.
Левин концепциясының негізі мынада, ол әлеуметтік – психологиялық
көріністі жеке тұлғаның психикалық дамуындағы әлеуметтік жағдайының
өзгеруімен байланыстырып жеткіншекті түсіндірді. Бірақ, бұл концепция -
абстрактілі, нақты емес.
Жеткіншекті түсіндіретін биогенетикалық және социогенетикалық бағыт
бойынша, олар дамудың қозғаушы күші деп психикалық факторлардан тыс
қасиеттерге назар аударды. Біріншісінде – организмде болып жатқан
биологиялық процестер болса, екіншісінде – жеке тұлғаға әсер ететін
әлеуметтік процестер.

Психогенетикалық бағыт екі процесті жоққа шығармайды, бірақ, бірінші
кезекке өзіндік психикалық процесті қояды.
Психодинамикалық теорияның көрнекті өкілі, белгілі Америка психологі
Э. Эриксон. Оның философиялық – әдістемелік көзқарасы фрейдистік
психоанализдің дамуын көрсетеді. Оның негізгі даму заңдылығы -
“эпигенетикалық принципке” сүйенеді. Ол бойынша, әр даму этапында, алдыңғы
даму стадияларында болмаған жаңа көріністермен қасиеттерінің пайда болуы.
Э. Эриксонның “эпигенетикалық принципіне” курстық жұмыстың төменгі
бөлімінде терең тоқталмақпыз.
Жеткіншек шақты зерттеуде Э. Шпрангердің теориясы маңызды орынға ие
болды. Э. Шпрангер өз теориясында, психологияның негізгі міндеті –
мәдениет, тарихпен тығыз байланысты жеке тұлға өзінің ішкі әлемін тану
деді.
Жеткіншек кезең, қыз балаларда 13-19 жас аралығында, ал ер балаларда
14-22 жас арасы деп санады. Бұл жастың негізгі жаңашылдығы - “меннің”
ашылуы, рефлексияның дамуы, өзінің индивидуалдылығын саналы түсіну; өмірлік
жоспардың құрылуы. Шпрангер жеткіншекті екі фазаға бөлді. 14-17 жастағылар
үшін негізгі мәселе – балалық тәуелділікке сәйкес дағдарыс; ал 17-21
жалғыздық сезімі, “бостандық дағдарысы”.
Шпрангер теориясын (нақтылап) жүйелеп, одан әрі дамытқан Ш. Бюллер.
Бюллер жетілудің екі фазасын бөлуі: негативті, позитивті.
Негативті фаза пубертаттық кезеңнің алдында басталады. Оның негізгі
белгілері – мазасыздық, қоздырғыш, үрей. 2-ден 9 айға дейін созылады. Қыз
балаларда 11-13 жас арасында, ер балаларда 14-16 жас арасында.
Позитивті фаза бірте – бірте басталады. Жеткіншек табиғатпен
жақындығын сезінеді, өнерді жаңа көзқараспен қабылдайды, құндылықтың жаңа
әлемі пайда болады, махаббат сезімін сезінеді, жақындық қарым – қатынасқа
қызығушылық танытады, т.б
Жаңа әлеуметтік құбылыс – дамудың жеткіншек кезеңіне алғаш назар
аударған Ж.Ж. Руссо. 1762 жылы шыққан “Эмиль” романында ол алғаш осы
кезеңнің адам өмірінде алатын психологиялық мәніне назар аударды. Ол
жеткіншек шақты адам өзінің өмірге келуі сияқты “Екінші рет туу” деп
сипаттады. “Эмиль” романы жеткіншк шақ туралы елестердің қалыптасуына үлкен
әсер етті.
Психоаналитикалық бағыт тұрғысынан, жеткіншек шақты түсіндіру ең
алдымен жыныстық өзгерістермен байланыстырылды. Оған З. Фрейдтің көзқарасын
атап өткен жөн.
З. Фрейд бойынша, барлық жыныстық дамудың ішіндегі ең маңыздысы тек
жыныстық есею кезеңі болып табылады. Ол жеткіншек дамудың сыни белгілерін
таба отырып, жеткіншек жастағы феноменнің көріну дәрежесі жыныстық есеюдегі
сексуалды мотивация күші мен оған байланысты индивидуалды ерекшеліктердегі
мазасыздану әсер етуі мүмкін деді.
Жеткіншек шақ басқа жеке тұлғаның жасаралық фазаларымен салыстырғанда
қарама – қайшылықты, дисгармониялық болып келеді. Дамудың гетерохрондылығы
бұл жастың негізгі белгісі және жеткіншек психологиясының қайшылықтарымен
шартталады. Б. Г. Ананьев индивидтің , жеке тұлғаның деңгейіндегі жеке
құрылымдарының қалыптасуы тең емес екенін айтты. Л. С. Выготский бойынша
“даму бұл жерде тіке емес, ол өте күрделі, қисық жолдармен жүреді.
Жеткіншек жеке тұлғасының құрылымында тұрақты, қозғалмайтын дымда жоқ. Онда
барлығы – өтпелі”.
Психология әдебиеттерінде (Кон.И.С., 1980; Геззел А; 1956) жеткіншек
шақ ер балаларда 13-16 жас, қыздарда 12-15 жасқа тән. Кон бойынша, өмірлік
жолдың психологиялық периодизациясы индивидтің өзі игере алатын, келесі
өмір фазасына жеңіл өтуі үшін әлеуметтік және қалыпты құндылықты шарттарды
игеруі қажет деді.
В.В Ковалев өз кезегінде нервтік – психикалық принципке сәйкес, 11-17
жас аралығындағы эмоционалды – идеаторды бөлді.
Белгілі жеткіншек психиатры, психолог А. Е. Личко пубертатты периодты
шамамен 10-11-ден 18-19 жас арасында өтеді деді. Ол екі фазаны бөлді:
Біріншісі – 15 жасқа дейінгі негативті фаза, яғни барлығына, қоршаған
ортаға қарсы. Екіншісі – 16 жастан бастап позитивті фаза, яғни өмірлік
ережелерді өңдеуде, әлеуметтенуде қалыпты көзқарасы дамиды.
Қорытындысында, баланың организмі оның биологиялық, психологиялық
және әлеуметтік жақтарына әсер ететін өзгерістерден өтеді.
Басқаша, пубертаттық кезеңде терең денелік өзгерістер, ойлау мінезі,
сандық және сапалық жаңашылдықтар пайда болады, әлеуметтік даму екі жол
арқылы : ата – ана қамқорынан арылу және құрдастарымен жаңа қарым –
қатынастық құрылуы. Соңғысы, мінездің қалыптасуын аяқтайтын өзіндік сана
мен өзіне-өзі баға берудің дамуы.

1.1 Жеткіншек шақтың психологиялық ерекшеліктері.

Жеткіншек жасқа өту баланың жеке тұлғалық дамуына әсер ететін
шарттардың терең өзгеруімен сипатталады. Бұл шақты балалықтан ересектікке
көшу кезеңі деп те айтуға болады.
Мишель Кленің айтуы бойынша, жеткіншек организмінде оның барлық
биологиялық, психологиялық және әлеуметтік дамуына әсер ететін маңызды
өзгерістер өтеді: пубертаттық кезеңінің уақытында терең денелік өзгерістер,
сандық, сапалық жаңашылдықтар пайда болады, әлеуметтену екі жол бойынша –
ата – ана бақылауынан тыс қалу және құрбылдарымен жаңа қарым – қатынастың
құрылуымен өтеді. Өзіндік сана жаңа субъективті пікірлердің өзгеруімен
мінезделеді, яғни, сексуалды, когнитивті, әлеуметтік трансформация секілді
өзгерістермен шартталады. Әр кезеңде бұл өзгерістер өзімен сол уақытта даму
мазмұнын бейнелейтін психологиялық жаңашылдықтарды көрсетеді. Көптеген
психологтар (Геззел, Левин, Эриксон, Блос) “дамудың міндеті” түсінігін
психо – әлеуметтік жаңашылдықтарды түсіндіру үшін қолданады. Бұл
жаңашылдықтар әлеуметтік жекелік тәуелсіздікке және сексуалды
қажеттілігімен анықталады.
М. Кле келесі даму зоналарымен негізгі даму міндеттерін бөлді:
1)пубертатты даму: қысқа мерзімге сәйкес, орташа төрт жылды алады,
балада маңызды өзгерістер болады. Оның екі негізгі даму міндеті бар:
- денелік “мен” образын қайта құру және ерлік немесе әйелдік
“тұқымдық” ұқсастығының құрылуы.
- келе өз серіктестігімен эротизм мен екі бірін – бірі толықтыратын
құштарлықпен мінезделетін сексуалдыққа өтуі.
2)когнитивті даму: оның балалық шақтағы әлемді танудан өзгешще сандық
және сапалық өзгерістер жеткіншектегі интеллектуалды сферасының
дамуына негіз болады. Когнитивті қабілеттерінің құрылуы екі негізгі
жетістік арқылы белгіленген: абстрактілі ойлауға және уақытша
перспективаның кеңеюі.
3)Әлеуметтенудегі жаңашылдық: жеткіншек сонымен қатар маңызды
әлеуметтену өзгерістермен мінезделеді. Бұл өзгерістер екі даму
міндетіне сәйкес, екі бағытта өтеді:
- ата – ана қамқорынан тәуелсіз болу;
- құрдастардың тобына кіруі: екі жыныс арасындағы бәсекелестік,
әлеуметтену каналының құрылуы;
Жеткіншек шақ – жеке тұлға тұрақтануын таныстыратын бала жасының ең
қиыны және күрделісі болып табылады.
Жеткіншек жастағыларды көптеген әдебиеттерде “қиын”, “өзгерілу”,
“ауысу жастары” т.б. деп атайды. Соңғы жағдайда “ауысу жасында” жеткіншек
балалық кезеңнен ересек жасына ауысады.
Жеткіншек шаққа эмоцияның тұрақсыздығымен мінез- қылығының тез
өзгергіштігі тән. Дағдарыстан бастап бала және оған жақын адамдары үшін осы
кезең ауыр болып табылады. Сол себепті де жеткіншек шақты кейде ұзаққа
созылған дағдарыс деп те атайды.
Бала қашан жеткіншекке айналады? Балалықтан ересектікке өту – арнайы
шеңбермен шартталған. Жалпы, жеткіншек шаққа өту біреулерінде ерте, ал
біреулерінде кеш жүреді. Жеткіншектердің жыныстық даму дағдарыстары 11 жас
пен 13 жас аралықта басталады. Жеткіншектердің жыныстық дамуы адам
организмінің эндокриндік өзгерістеріне байланысты.
Көбіне , ер балалардың салмағы, бойы, денесі, яғни физиология жағынан
тез өзгереді, дауыстары жуандап, сыртқы келбеттерінің өзгеруімен
шартталады.
Жеткіншектерді Батыс психологтары бисесуалды деп көрсетті: яғни
олардың жыныстық өзгерістері жоғары деңгейде жүреді.
Организмдерінің дамуы барысында өздерінің сыртқы пішініне көп көңіл
бөледі.
Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жеткіншектің барлық нәрсені өз
бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен ақыл – кеңесінен құтылғысы
келеді. Әдетте, балалардың жалпы интеллектуалды даму процесі ертерек
басталады және аяқталады.
Өте жауапкершілік кезең , адамгершілік негіздері, әлеуметтік құрылым,
өзіне, өзге адамдарға, қоршаған ортаға сыни көзбен қарау тән.
Жеке адам аралық қылықтың негізгі формалары және мінез бітістері
тұрақтанады. Осы кезеңнің басты мотиві – жеке тұлғаның өзін белсенді
жетілдіруге талпынуымен байланысты - бұл өзіндік манера, өзін – өзін
тану, өзіндік пікір.
Жеткіншек жастың бастың үлкендерге ұқсас болу, еліктеу басым келеді.
Көп жағдайда олар ересек адам талаптарына жауап бере алатындай дәрежеде
болады.
Жеткіншек шақта жеке адам дамуына әсер ететін рольдермен оның мазмұны
өзгереді: Егер, онтогенез сатысында стихиялы сипатта болып, бала аз
бақылауда болса, оны толығымен еліктеу басқарады.
“Ересек секілді болу” мақсатына жету ең жеңіл тәсіл болып, мінез –
қылықтың сыртқы формасы еліктеуден құралады. Оған киімдегі мода, әшекейлер,
косметика, қылық моделі, демалыс тәсілі, қызығушылығы және т.б кіреді.
Жеткіншек жаста балада өзіндік сананың дамуы мен қалыптасу процесі
жалғасады. Өз “менінің” дамуы, өзінің санасын жетілдіру, өзінің жеке
кемшіліктеріне назар аударумен сипатталады. Жеткіншектердегі “мен –
бейнесі” әдетте, басқа адамдардың құдылығы деп танылады.
Сонымен, жеткіншек тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік фактор жетекші
болса, ал биологиялық – соған ықпал етеді.
Психиканың дамуындағы әлеуметтік фактордың әсері:
-түрлі мұғалімдермен көптеген сабақтар жүретін төменіден орта
мектепке өту, бұл оның оқу іс-әрекетін және мұғалімдермен оқушыларының
қарым – қатынасын өзгертеді.
-өз құрдастарымен қарым – қатынас шеңберінің кеңеюі.
-жанұяда баланың орны өзгереді, ата-анасы баласына сеніп, күрделі
жұмыстарды тапсыра бастайды, жанұялық мәселелерді шешуге қатысады.
Психикалық дамудың биологиялық факторы:
-жыныстық жетілудің басы, жаңа гармондардың ой жүйесіне әсері.
-қарқынды өсу және барлық органдарда физикалық даму.
Құрдастарымен қарым – қатынас: жеткіншектің мінез-қылығымен іс –
әрекетін анықтайтын өмірінің орталығында болады.

1.2Теңдестіру ұғымы, оның қалыптасуы мен түрлері

Жалпы “теңдестіру” түсінігін қарастыру оның тарихына терең назар
аударуды қажет етеді. “Теңдестірудің дағдарысы” термині Екінші Дүниежүзілік
соғыс кезіндегі Сион тауындағы ардагерлерді реабилитациялау клиникасында
алғаш қолданды. Онда түрлі бағыттағы психиатрлар, соның ішінде Эмануэль
Виндхольд және Джозев Вилрайт серіктесіп жұмыс жасады.Сол кездері олар
ойлағандай пациенттердің көбісінің “естері ауыспаған” болды. Яғни, олар
соғыс шарттарына сәйкес, жеке тұлғалық теңдік сезімдерін жоғалтқан. Олар
бұл бақылауды өздерінен жоғалтып, психоанализдің көзқарасы бойынша , ол
“эгоның ішкі күшін” қамтамасыз етеді деп айтылды.
“Теңдестіру” жалпы алғанда адам өзін – өзіне теңдестіруі,
ұқсастыруы. Ал, оған тереңірек анықтама берсек бұл – терең игерілген,
қоршаған ортаға өзінің жеке тұлғалық бейнесін қабылдауы, “меннің” және
жағдайдың өзгеруіне қарамастан өзіндік, жеке тұлғалық “менін” тұрақты және
қалыпты игере алуы; оның әр даму этапында пайда болатын міндеттерді сапалы
орындау қабілеті.
Теңдестіру ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектік шақта дамудың психологиялық ерекшеліктері
Жас ерекшелік және әлеуметтік психология пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Даму психологиясы пәні мен міндеттері
Жеке тұлға интеракционистік теория
Жас кезеңдерге бөлу теориялары. Дағдарыстар
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау
Топ психологиясының ғылыми таным жүйесіндегі орнын түсіну
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оны есепке алу
Жеткіншек жас аралығындағы психологиялық мінез-құлық ерекшеліктері
Пәндер