Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ халқының жоңғар шабуылына қарсы күресі
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ халқының тұңғыш мемлекеттік құрылымы (шамамен 1456-1847). Астаналары
әр түрлі кезеңдерде Сарайшық, Сығанақ, Түркістан, Созақ т.б. қалалар болды.
Қазақ хандығы XIV-XV ғасырларда Алтын Орда әлсірегеннен кейін, Дешті
Қыпшақта Ақ Орда, Ноғай ордасы бөлініп шығып, өз мемлекеттерін құрды.
Қазақстанның оңтүстігінде жер өңдеудің қайта қалпына келуі, қалалар
өркендеп, онда қолөнердің қайта жандануы көшпелі, жартылай көшпелі Оңтүстік
Қазақстан даласы мен Жетісудың Оңтүстік Қазақстанның отырықшы диқандарымен
шаруашылық байланысының дамуы - бұл кезеңнің этникалық бірлесу бағытына,
тілі, рухани мәдениеті, шығу тегі бір этникалық топтардың бауырласуына,
ақыры қазақ халқының құрылуына ықпал етті. XV ғасырдың орта шенінде тұрақты
біртұтас мемлекеттің қажет екені айқын сезілді. Осындай мемлекет қана
Қазақстанды мекендеген ұлыстар жерінің шаруашылығының біртұтастығын сақтай
алатын еді. Мұндай жағдайға ең әуелі қазақтың қалың бұқарасы - көшпелі
малшылар мен дихандар мүдделі болды. Бұлар өзара қырқысқан қақтығыс пен
соғыстардан қатты жапа шекті. Оларды қорғайтын күшті мемлекет қажет болды.
XV ғасырдың 50-60 жылдарында Оңтүстік және Оңтүстік Қазақстанды мекендеген
қазақтың кейбір ру-тайпаларының Әбілхайыр қол астынан бөлініп, Батыс
Жетісуға қоныс аударуы осындай мемлекеттің - Қазақ хандығының құрылуына
тікелей ұйтқы болды. Әбілхайырдың қарсыластарын Орыс ханның шөбересі , Ақ
Орданың билеушісі Барақ ханның баласы Жәнібек пен оның туысы Керей
сұлтандар бастап келді. Олар Моғолстан ханы Есенбұғамен одақ құрды. 1462
жылы Есенбұға дүние салғаннан кейін Моғолстандағы билік дағдарысы қазақ
сұлтандарына Жетісу жерінде жеке саяси бірлестік құруға жағдай туғызды.
Қазақ хандарының ешкімге тәуелсіз билік құра бастаған кезеңі 1465-66
жылдар. Қазақ хандығы алғаш Батыс Жетісуда (Шу, Талас ойпаты) құрылды.
Қасым ханның тұсындағы қазақ хандығы
XVI ғасырдың басында Мұрындық ханның тұсында қазақ далаларында Жәнібек
ханның баласы Қасым сұлтан көзге түсті. Ол хан болып, бүкіл Жетісу соның
қол астында болды. Мұрындық қайтыс болғаннан кейін Қасым хан бүкіл Дешті-
Қыпшақтың ханына айналды. Оның хандығының нығаюына онымен көршілес отырған
Ноғай ордасының әлсіреуі себепкер болды. Қасымның ел билеп тұрған кезінде
Шейбани тұқымдары мен қазақ сұлтандарының арасында соғыс бола берді, күрес
көбіне Сырдария қалаларына ие болу үшін болды. Қазақ хандары мен Шейбани
әулеттерінің күресі бейбіт қалалар мен селениелерге тонаушылық шапқындар
жасалуымен қатар жүріп отырды, бұлардың халқын жаңа ауыртпалықтар мен
күйзеліске душар етіп отырды. 1510 жылдың қысында Шайбани хан әскеріҰлытау
бөктерінде отырған Қасым хан ұлысына шабуыл жасады. Оларға күшті тойтарыс
бере алмайтынын түсінген Қасым хан шегініп кетті де, тұтқиылдан шабуыл
жасап, дұшпанын тас-талқан етті. Моғолстан ханы Сұлтан Сайд Ташкентке
бірлесіп жорық жасауды ұсынды. Қасым хан бұл соғыстан бас тартты.1515 жылы
Сұлтан Сайд Шығыс Түркістанға кеткен соң қазақ хандығының Жетісудағы билігі
нығая түсті. Хандықтың шекарасы кеңіді. Қазақ хандығының орыс мемлекетімен
елшілік байланысы басталды. Қасым хан билігінің соңғы жылдарында қазақ
билеушілері мен шайбанилердің өзара қатынастары шиеленіскен қалпында қала
берді. 1516-17 жылдары Шайбани әулетінің сұлтандары күш біріктіріп,
қазақтарға қарсы жорыққа шықты.
Қазақтардың Қасым ханның қасқа жолы дейтін белгілі заңдары Қасым хан 1518
жылы өлген.
Қасым ханның қасқа жолы - қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық
заң ережелерінің жинағы. Қасым хандық құрған кезде ел басқару ісінде
қолданылған. Қасым хан өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этникалық
аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеді.Шариғат
қағидасын мығым ұстанған отырықшы аудандар да Қасым ханның қол астына өткен
соң, әдет-ғұрыпқа сүйенген қазылық биліктерге жүгіне бастады. Қасым хан өз
заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін
сақтады. Мыс., жеті атаға дейін үйленбеу, әмеңгерлік, құдалық жол-жоралар,
қазылық билік т.б. Ол халықтың көкейінен шыққан әрі ежелден келе жатқан
билік дәстүрді, әдет-ғұрыптық жарғыны жаңғыртып, күшейтті. Бұл заңға
енген ережелер: 1) мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы); 2) қылмыс заңы
(кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу); 3) әскери заң (аламан
міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат); 4) елшілік
жоралары (майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік,
ибалылық); 5) жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі
ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері,жасауыл, бекеуіл, тұтқауыл міндеттері).
Бұл жарғы халық арасында ілтипатпен Қасым ханның қасқа жолы деп аталып
кетті. Қасқа жолдың қағидалары өзгерусіз XVII ғасырға жетіп, Есім хандық
құрған тұста (1598-1645) Есім ханның ескі жолы деген жаңа атқа ие болды
Тәуке ханның тұсында (1680-1708) бұл заң әлі де шариғат қағидасымен
боялмай, ежелгі билер жасаған қалпын жақсы сақтады.
Хақ Назар кезіндегі қазақ хандығы
XVI ғасырдың50-70-ші жылдарында Қасымның баласы Хақназар (1538-1580) өзінің
өкімет билігін күшейтіп, өз иеліктерінің шегін кеңейтуге әрекет етті. Бұл
кезде Ноғай ордасында феодалдардың екі тобының арасында қатты күрес болды:
бұлардың бір тобы Россияның қол астына кіруді тіледі, екінші тобы көшпелі
қазақ ұлыстарына бой ұрды. Осыны пайдаланып Хақназар олардың көбісін өз
жағына шығарып алды. Хақназар Моғолстан хандарымен де ұзақ қантөгіс соғыс
жүргізді, бірақ бұл соғыс жеңіліспен тынды. 50-шы жылдардың аяғында
Хақназар Сырдарияның бойындағы сауда-қолөнері орталықтарын өзіне бекітіп
алуға және Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға
тырысты. 60-70-ші жылдары қазақтардың Орта Азия халқымен экономикалық
байланысы одан әрі өрістеді. Хақназар бір топ сұлтанмен бірігіп Бұхардың
ханы Абдулла ІІ мен анттасқан шарт жасасып, дос болып, оған қызмет
етуге уәде берді.Абдулла Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы күрес
жүргізгенде Хақназар мен бірсыпыра сұлтандар Абдулланы қолдаған. Осы үшін
Хақназар Абдулладан Сырдарияның бойындағы бірнеше қаланы алған. Қазақ
сұлтандары талай толқып, бір кезде Баба сұлтан өздеріне Ясы, Сауран
қалаларын бергенде, біраз уақытқа Абдулланы сатып кетті. Кейін қайтадан
Бұхар жағына шығып, Хақназар мен оның өзіне жақын сұлтандары Ташкент
билеушісіне қарсы астыртын әрекет істеді. Бірақ астыртын әрекет ашылып,
Хақназар өзіне жақын бірнеше сұлтандармен бірге 1580 жылы өлтірілген
болатын.
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басындағы қазақ хандықтары. Жеті
жарғы.
XVII ғасырдың аяғында - XVIII ғасырдың басында Қазақстанда феодалдық
қатынастардың одан әрі дамуына байланысты билердің экономикалық маңызы
артты. 1680 жылы Жәңгірдің баласы Тәуке хан болды (1680-1718).Тәукенің
тұсында Россиямен қарым-қатынас күшейе түсті, елшіліктер алысу жиіленді,
сауда байланыстары ұлғайды. Мұнымен қатар қазақтардың әділеттік правосының
нормаларын жинақтап, жүйелеуге әрекет жасалды. XVIII ғасырдың басында
тарихи әдебиетке Жеті-Жарғы деген атпен енген заңдар құрастырылды. Орыс
деректемелерінде бұл заңдар Тәуке ханның заңдары деп аталады.
Бұл заңдарда негізгі назар феодалдық меншікті қорғауға және меншік
жөніндегі дауларды ретке салып отыруға аударылған. Феодалдық праволарды
бұзушылардың қай қайсысына да қатаң жазалаар қолданылатын болды. Жеті Жарғы
шыққаннан кейін еңбекші халыққа түсетін салық ауыртпалықтары бұрынғыдан да
күшейе түсті. Бұрынғы алым-салықтар көбейтіліп, жаңадан түрліше алымдар
енгізілді. Кісі өлтіргендік үшін кесілетін өлім жазасын судьялардың құн
төлеумен ауыстыруына право берілді. Сұлтан мен қожаны өлтіргендік үшін
төленетін құн жәй қара қазақты өлтіргенде алынатын құннан жеті есе көп
болып белгіленді.Құлдар жөнінде олардың иелерінің тірі қоямын десен де,
өлтіремін десе де шексіз правосы болды. Құлдың қожасы жөніндегі шағымы еш
жерде қабылданбады. Өзінің малайын өлтіргені үшін мырзасы Құдай алдында
ғана жауапты,- делінген Тәукенің заңдарында. Жеті Жарғы барымтаны заңды
еткенде айыпты адам мен оның руластарын билер сотының шығарған билігін
еріксіз орындатқызудың басты әдістердің бірі ретінде заңды етті. Тәукенің
заңдары семья басының билігін бұрынғыдан да бетер тежеусіз еткен. Өз
әйелінің неке бұзарлық жасағанын ұстап алған ері оны өлтіре алатын болған.
Әкесінің дегеніне қарсыласатын бала ауыр жазаланатын болған. Өз балаларын
өлтірген ата-аналарға ешқандай жаза жоқ,- делінген заңда. Тәуке заңдарының
негізгі мазмұны - қазақтың феодал шонжарларының мүдделерін қорғау, олардың
меншігі мен саяси үстемдігін қорғау, хан билігін нығайтуға ұмтылу.
Қазақ халқының жоңғар шабуылына қарсы күресі.
Жоңғар феодалдарының қазақ жерлеріне жасаған шабуылдары XVII ғасырдың 40-шы
жылдарында қонтайшы Батурдың тұсында жиі болды. 1643 жылы Батур
Қазақстанның оңтүстік аудандарына шабуыл жасады. Ол Жетісудың едәуір
бөлігін басып алып, көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. XVII
ғасырдың 80-жылдарында жоңғар феодалдарының қазақ жерлеріне жорықтары
қайтадан қозды. Олар оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы сауда
қалаларын, ең маңызды керуен жолдары өтетін территорияны басып алуға
тырысты. Қалдан деген жоңғар қонтайшысы 1681-1685 жылдары оңтүстік
Қазақстанға бірнеше рет шабуыл жасады, Сайрам қаласын алып, қиратып кетті.
Бай аудандар тып-типыл болды. Қалданның мұрагері Цеван-Рабтан (1699-1729)
Қазақстанға басқыншылық соғыстарын тоқтатпады. XVIII ғ. басында
жоңғарлардың сансыз көп отряды Сарысу өзеніне дейін келді. 1718 жылы жоңғар
әскерлері Арыс өзенінің бойында қазақ жасақтарының отрядтарын талқандап
жеңді. 1723 жылдың көктемінде жоңғарлардың сансыз қолы Қаратау тауларынан
асып, Талас өзенінің аңғарына басып кірген. Қазақтар бұл кезде шабуыл
болатынын күтпеген еді де, қыстаудан жайлауға көшуге дайындалып жақан еді.
Мұндағы қазақ халқының бәрі қырылып кетті, ал тірі қалғандары мал мүлкін
тастап қашуға мәжбүр болды.1724-1725 ж. Жоңғар феодалдарыТашкент пен
Түркістанды басып алды. 1728 жылы қазақ жасақтары Шұбар-Теңіз көлінің
маңында, Бұланты өзенінің жағасында жоңғар феодалдарын ауыр жеңіліске
ұшыратты. Бұл жеңіс халықты жаумен одан әрі күрес жүргізуге жігерлендіре
түсті.1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігінде жоңғар әскерлерімен тағы да бір
үлкен ұрыс болды. Жоңғар феодалдар тағы да жеңіліске ұшырады. Кіші жүз бен
Орта жүз территориясының едәуір бөлігі азат етілді.
1723-1725 ж.ж. Ақтабан шұбырынды жылдары
1723-1725 жылдар қазақ халқының есінде ең ауыр кезең есебінде сақталып,
Ақтабан шұбырынды деген ат алды. Бұл қазақ халқының тарихындағы қасірет,
Отан басына күн туған кезең. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш
жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығыныңәскери-саяси
қуатын әлсіретті. Әз Тәуке өз елінің бірлігін нығайтуға талпынғанымен
көздеген мақсатына жете алмады. Жоңғар басқыншыларына тойтарыс беруді
діттеген қазақтар 1710 жылы Қарақұм съезіне жиналып, қанжығалы Бөгенбайды
қолбасшы сайлап, бүкілхалықтық жасақ құруға шешім қабылдайды. Жоңғарлар өз
әскерінің саны жағынан да, қару-жарағы жағынан да қазақтардан басым болды.
1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне
жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Олар Балқаш, Қаратау
бағытымен жылжып Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі. Нұра өңірін қанға
батырып, Шелек, Есік көлі, Шу өңірін таптап, тоқтаусыз Іледен өтіп қарудың
күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Түркістан, Сайрам,
Ташкент қалаларын басып алды. Халық көп қырылды, тірі қалғандар ата мекенін
тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс - қазақ халқының
үдере қашқан босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын
бөлігі Ходжент, Самарқан иеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып
Бұхараға ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге
жетіп құлады. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр
мұңға толы Елім-ай әні дүниеге келді. Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген
қазақ жеріне Еділ бойы қалмақтары, Жайықтың қказак-орысы, Орал башқұрттары,
Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ өз елі тарихында
алғаш рет қасіретті зардабы өте мол зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт
ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның
шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың азаттықты аңсаған күш-жігерін жасыта
алмады, олардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Бөгенбай, Қабанбай,
Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел 1726-1727
ж.ж. жоңғарларға қарсы майдан ашты. Бұланты мен Бөленті өзендерінің
жағасында қалмақтарға қарсы соққы берді. 1727 ж. Қазақтар Қаратауды
қайтарды. Хан тауына Орда тігіп, Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып
тарихта мәңгі сақталды.
Бұланты-Білеуті шайқасы
1727 ж.Ұлытау өңіріндегі Бұланты және Білеуті өзендері аралығында қазақ
жасақтарының жоңғар басқыншыларымен болған шайқасы. 1723-25 ж. Қазақ
жерінің шығысы мен Жетісуды, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңірін басып
алған жоңғарлар Ұлытауға қарай бет бұрды. Осы кезеңде Ордабасы жиынында
біріккен бүкіл қазақ қолының бас қолбасшылығына Әбілқайыр хан сайланды.
Соның нәтижесінде Ұлытау өңіріне енуді көздеген жоңғарлар 1726 ж.
Шұбартеңіз шайқасында қазақ жасақтарынан ойсырай жеңіліс тапты. Бұланты мен
Білеуті өзендері арасындағы кең жазықта шешуші ұрыс болды. Онда қазақ
жасақтары жеңіске жетіп, жоңғарлар Ұлытауға жеткізбей тоқтатылды. Сол
жеңістен кейін майдан кіндігі болған төбе Қалмаққырылған атанды. Өзінің
маңыздылығы жөнінен Бұланты-Білеуті шайқасы 1941 ж. Мәскеу түбіндегі
жеңіспен тең.
Аңырақай шайқасы
(1729жылдары, кей деректерде 1730 ж.) - біріккен қазақ қолының жоңғар
басқыншылығына қарсы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz