Жеткіншектердің құрбы - құрдастарымен қарым - қатынас мәселелерінің психологиялық аспектілері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе.

  1. Жеткіншектердің құрдастарымен қарым - қатынасы мәселелерінің теориялық аспектілері. Жеткіншектердің құрдастарымен қарым - қатынасының мінездемесі. Жеткіншектердің ересектермен өзара әрекеті.
  2. Қарым - қатынаста қиындық көретін жеткіншектердің психологиялық ерекшіліктерінің эксперементалды - психологиялық зерттемелері.

2. 1. Қарым - қатынаста қиындық көретін жеткіншектерді

эксперименталды- психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру.

2. 2. Эксперименталды- психологиялық зерттеулер

әдістемелерінің баяндауы.

2. 3. Эксперименталды- психологиялық зерттеулердің қорытындысы

мен талдауы.

Нәтижесі.

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша.

Кіріспе.

Өзектілігі. Әлеуметтік қоғамда негізгі мәселе ретінде жеткіншек шақтағы тұлға аралық қарым- қатынас қарастырылады. Тұлға аралық қарым- қатынас дегеніміз шынайы өмірдегі адамдар арасындағы қарым- қатынас. Ең алдымен, тұлға аралық қарым- қатынас адамның тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Адам өмір сүріп және әрекеттеніп жүргенде моральді түсініктер, қылықтарды бағалауға үйреніп, дағдыланады. Соңғы уақытта адам тәртібі мен оның өмір сүру мәні туралы сұрақтарға қызығушылық өсуде. Жеткіншекте құрдастарымен, ересектерімен қарым- қатынасының сапалық мінездемесі өзгеше.

Әрбір жеткіншек өзін қанағаттандыратын ұжымда орын алғысы келеді, алайда, олайша жаса алмайды. Соңғы кездері жеткіншектердің құрбыларымен қарым- қатынасының мәселелері ашық қаралуда.

Жеткіншектердің қарым- қатынасының мәселелерінің факторларын білу, жеткіншектердің өзін- өзі бағалауын дағдылау, тұлға аралық өзара әрекеттестік жағдайларын анализдеуін үйренуін дамыту, сонымен бірге адамдармен қарым- қатынасындағы сәйкес тақырыбын коррекциялауға қажет.

Қазіргі мектептердің негізгі мақсаты жеткіншектердің қарым- қатынасын зерттеу. Жеткіншектердің қарым- қатынасы мәселелері туралы әдебиеттерде аз берілгендіктен, оған назар аудартпауға болмайды. Жеткіншек шаққа тән қасиеттерге: жеткіншектің өз мүмкіншіліктерін сезіну, қоршаған ортада өз орнын табуға талпыныс, өз құқықтарын ересектер арасында қолдануға мұқтаждықтар жатады. Жеткіншек алдына жаңа қарым- қатынасқа түсу, сонымен қатар өмірлік жолын анықтау міндеті, осы шақтыңактуалдылығы болып табылады. Олардың қалай қиындықтармен кездесетіндігі жеткіншектердің түрлі орталардағы қарым- қатынасы анықтайды. Нәтижесінде жеткіншектердің қиыншылықтарының психологиялық мәселелері өзекті болып табылады.

Ғылыми жаңалықтағы негізі , бұл дипломдық жұмыстағы Ақтөбедегі

№ 39 орта мектебіндегі жеткіншектердің құрдастармен қарым- қатынасқа түсуіндегі қиындықтарының психологиялық мінездемесінің толық қарастырылуы.

Практикалық мәнділігі - дипломдық жұмыстағы қорытындылар,

практикалық психологтің қызыметінде қолдануға болады.

Мақсаты - жеткіншектердің құрдастармен қарым- қатынасындағы

қиындықтардың психологиялық мінездемесін зерттеу.

Зерттеуде келесі міндеттер орындалады:

  1. Психологиялық әдебиеттердегі жеткіншектердің құрдастарымен қарым - қатынас мәселелердің теориялық анализі.
  2. Жеткіншектердің құрдастарымен қарым-қатынасының ерекшеліктерін ашу.
  3. Қарым - қатынаста қиындық көретін жеткіншектердің психологиялық портретін баяндау.

Ғылыми болжам: Құрдастармен қарым-қатынаста қиындық көретін жетіншектер коммуникативті және ұйымдастыру қабілеттілігі төмен, ал ситуативті және жеке адамдық мазасыздығы жоғары ерекшеліктерге ие. Бұл жеткіншектің социометрикалық мәртебесіне әсер тигізеді.

Дипломдық жұмыстың пәні негізінде жеткіншектің қарым-қатынаста кездесетін қиындықтарды қарастыру.

Дипломдық жұмыс обьектісі ретінде 14-15 жастағы жеткіншектер алынды.

Дипломдық жұмыс зерттелудегі әдістерге «Социометрия» Д. Морено; мазасыздықты зерттеуге арналған тест, «Спилберг сауалнамасы»; коммуникативтік және ұйымдастыру қабілеттілігін зерттеу әдісі «КОС-1» жатады.

Дипломдыұ жұмыс құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден, қосымшадан тұрады.

  1. Жеткіншектердің құрдастарымен қарым - қатынасы

мәселелерінің теориялық аспектілері.

  1. Жеткіншектердің құрдастарымен қарым - қатынасының мінездемесі.

Жеке адам дамуының негізгі және жалпы шарты болып, қарым-қатынас болып табылады. Қарым-қатынаста өсіп жатқан адам әлеуметтенуі сонымен бірге жеке адам ретінде қалыптасуы жүреді. /1. 103б/ И. С. Кон бойынша өтпелі шақта ата-аналары мен мұғалімдерімен, жалпы ересек адамдармен қарым-қатынасқа бейімделуі жүреді. Бұндай бейімделу әрбір жеткіншекте әртүрлі жүреді. Біреуінде жылдам, ал келесінде баяу, түрлі әрекет өрісінде де әрқилы байқалады. Ересек адамдар мен құрдастарының беделі де әрқилы. /2. 128 б/

Т. В. Драгунова мен Д. Б. Эльконин әлеуметтік қарым-қатынасының нормаларын емдеуден басталады. Жеткіншекті 1-2 кластағы оқушы позициясы қанағаттандырмайды. Әлеуметтік ортада өз орнын табуға ұмтылатын жеткіншек өз ісінің дұрыстығын дәлелдеп беруге талпынады. Бақылау кезінде жеткіншектің жеке адам ретінде дамуының негізгі қарым-қатынаста екнін көруге болады. /3. 317б. /

Құрдастарымен қарым-қатынас қажеттілігі балаларда ерте басталып өсе келе күшее түседі, А. В. Мудриктің анықтауы бойынша мектепке дейінгі шақта, құрдастары мен қарым-қатынасы баланың коммуникативті қабілеті мен өзіндік санасына әсер етеді. Жеткіншектің тәртібі ұжымды топтық болып табылады.

Біріншіден: құрдастармен қарым-қатынас мәліметтердің ерекше өзегі, бұл арқылы жеткіншектер ата-аналардан белгілі себептермен ала алмаған мәліметтерді ала алады.

Екіншіден: тұлғааралық қарым-қатынастың өекті түрі. Топтық ойындар мен түрлі бірлескен іс-әрекеттер әлеуметтік қарым-қатынасқа дағдылануына негіз болады. Бұл жеткіншектің ұжымдық тәртібіне бағыну, өз құқығын қорғауға, үйренуге мүмкіндік береді. Құрдастарынан тыс қарым-қатынаста балалар ересектерге тән коммуникативті қасиеттерді ұстана алмайды.

Үшіншіден бұл эмоционалды қатынастың өзекті түрі. Топқа енуі, жолдастық өзара көмек жеткіншекке ересектерден тәуелсіз болуына ғана әсер етпей, сонымен бірге эмоционалды тұрақтылық пен сәттілікті қамтамсыз етеді.

Ф. Райх атап кеткендей жеткіншек шақта жақсы жолдастарды емденуге мұқтаждық аса байқалады. Жеткіншек шақта жастық ерекшелікке көп мән берілмей, жолдастарды таңдау ойындар, жалпы қызығушылықтардың бірдей болуына байланысты болып келеді. Олар сенімді жоғалтуы немесе қайта емденуі мүмкін, ал эмоционалды қатынас маңызды орын алады. Эмоционалды қажеттілік құрдастармен қарым-қатынасқа түсінуінде қанағаттанбауы мүмкін. Бала қанағаттануды ата-анлардан іздейді. Солардан бала мақтауды, махаббатты күтеді.

Егерде баланы одан айырса, ол жолдастары мен өзге ересектер көмегімен эмоционалды қжеттілікті толтырады. Ал жеткіншек кезеңде өзгеріс пайда болады. Жаңа сезімдер пайда болып ата-анадан тәуелсіз болуға, бостандық емденуге тырысад. Жеткіншектер өз құрдастарына талпынады. / 5. 339 б/

Д. И. Фельштейн еңбегінде жеткіншектің құрдастары мен ересектер арасындағы қарым-қатынастың қажетті іс-әрекет процесінде алатын орны туралы айтылған. Бұл жерде жеке-даралық стихиялы топтық, әлеуметтік бейімделу сияқты қарым-қатынас түрлерінің психологиялық мәнділігіне назар аударады. Өйткені оларсыз әлеуметтік бейімделудегі қарым-қатынастың түрлерінің мәнділігін анықтау қиынға соғады. Бұндай қарым-қатынас өзге адамдарға пайда әкелуге, қоғамаға жақсылық жасау қажеттілігін дамытуды болжайды. Өсіп келе жатқан адамның сәбилік шақтан, ересек шақта да негізгі қажеттілігі, қоғамда өз орнын анықтау. /1. 31б. /

В. С. Мухинаның ойынша ересектік шақта құрдастармен болатын қарым-қатынас өзге мәнде болады. Жеткіншектер әлеуметтік қарым-қатынастың «мектебінен» өтіп, қарым-қатынастың түрлі тәсілдерін игереді. Бір бірімен қарым-қатынаста жеткіншектер өзіне және құрдастарына бағытталған рефлексияға үйренеді. Жеткіншек үшін өзара құштарлық, қоршағаны біріге түсіну өзіндік бағаны қалыптастырады. Қарым-қатынасқа деген құштарлық соншалық, балалар сабақтарын, үйдегі міндеттерін ұмытады. Балалық шақтағы ата-анамен болған эмоционалды байланыс, сатысыз байланысқа айналады. Өз жоспарлары мен сырларын ата-анаға емес, емденген жолдасына сенеді. Жолдастары мен достарына тіл тигізбейді. Жеке досының жағымды болсын, жағымсыз болсын жақтарын талқыға салғызбайды, өйткені ол таңдау құқығына қастандық ретінде қабылданады.

Құрдастарымен қарым-қатынасында жеткіншек өзінің тұлға ретінде дамуын жүзеге асыруға тырысады. Бұл үшін өзіндік жауапкершілік қажет. Есеюге құқығы бар екенін дәлелдеу үшін, өзінің бостандығын қорғайды. Осы сәтте жеткіншек ата-анасына қарама-қайшы позицияны ұстанады. Жеткіншектердің даму деңгейлеріне байланысты өзіндік ар-намыс кодекстері дамиды. Әрине, заңдар мен ережелер ересектерден алынады. Бірақ, әркім қалайша өзінің ар-намысын қорғайды, бостандығын қалай сақтайды барлығына мән беріледі, бақыланады. Бұл жерде сенімділік, шыншылдық бағаланады, ал өз сөзіне тұрмау, опасыздық жазаланады.

Қарым-қатынастағы бейімделушілік, ересектердің бейімделуімен сәйкес келеді. Бірақ, құрдастардың қылығын бағалау максималды және эмоционалды жүреді.

Қоршаған орта сияқты, жеткіншектердің қарым-қатынастағы бейімделу әдісі әртүрлі. Алайда, бұндай бейімделушілікке әсер ететін құрдастарға деген қажеттілік пен жалғыздықтан қорқыныш сезімі. Бұл сәтте жеткіншек өзін жалғыз санайды, мазасыздық сезімі туындайды. Ал егер құрдастарымен қарым-қатынас сәттә болса, жеткіншек өзін бақытты сезінеді. /6. 368-371/

Ұжымның оқушыға деген тигізетін әсері, ең алдымен оқушының сыныппен орныққан үйлесімділікке байланысты. Жеткіншек шақта қарым-қатынастың таңдауы өседі. /3. 360 б, / Бұл балалық ұжымның құрылымдық даралауына әкеледі, өсе келе сыныптағы сәтсіз орныққан оқушылар саны өсе береді. /7. 239 . / Статустың төмендегі сыныптағы оқушы үшін жағымсыз зардабын тигізеді; мазасыздық, агрессивтілік, оқушының невротизациясына әкеледі.

Осыған байланысты оқушының статусын анықтау ғылыми-практикалық міндет болып табылады. Топтағы оқушының орны ұнау немесе ұнмау құрылымының негізі болып табылады, бұл социометрикалық статуспен баяндалады. /8. 64 б. /

Түрлі авторлармен сныптағы сәтсіз орынға ие болатын жеткіншектер ерекшеліктері берілген. Қайшылықтардың негізгі себептері топтың әр мүшесінің даралық мінезінің акцентуациясына назар аудара авторлар, бірігу іс-әрекетінің ерекшелігін, құндылықтар мен нормалар құрылымына мән бермейді.

Тұлғааралық қарым-қатынастың дамуы, ең алдымен, топтың даму деңгейіне байланысты. /9. 256 б/

Сонымен, қарым-қатынас жеткіншек шақтың негізгі мақсаты болып табылады.

Біріншіден: құрдастармен қарым-қатынас мәліметтердің ерекше өзегі. Осынвң көмегі арқылы ата-анадан ала алмаған мәліметтерді ала алады.

Екіншіден, тұлғааралық қарым-қатынастың өзекті түрі. Іс-әрекетті бірігіп орындау, әлеуметтік өзара әрекеттестікке дағдылануды, ұжымдық тәртібіне бағынуға, үйренуге мүмкіндік береді.

Үшіншіден, бұл эмоционалды қатынастың өзекті түрі. Топқа енетін сезіну, жеткіншектің сәтті және тұрақтылықты сезінуге мүмкіндік береді.

Жеткіншектердің қарама-қарсы жыныспен қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктерін анализдеуге арналған жұмыстарға көшейік.

  1. Жеткіншектердің қарама- қарсы жыныспен қарым - қатынасының психологиялық ерекшеліктері.

Жеткіншектің есею шағында, өзін ересекпін деп санауында ересектік қарым-қатынастың жаңа жағын игеруге соқтырады. Бұған итермелейтін В. С Мухина бойынша дененің дамуы, жеткіншектердің ересекпен ұқсастығы болып табылады.

Айтылған факторлар ер бала мен қыз баланың арасындағы қарым-қатынасының өзгеруіне әкеледі. Осыған юбайланысты жеткіншек үшін өзгелердің көзқарасы мәнді орын алады. Ең алдымен сырт бейнесі: бет әлпеті, жыныстық идентификация тән. жеке тартымдылығы маңызды орын алады. Бұл құрдастар арасында да алғашқы деңгейлі мәнде болады.

Ербалалар мен қыз балалардың арасындағы ерекшелік түрлі қиналыстар туғызады. Қыз балалар физикалық дамуды да алда болады, олар ұзындау, әрі ірілеу болуы мүмкін. /6. 375 б/

Кон И. С. бойынша, жеткіншек шақтағы махаббатқа деген талпыныс «өзін жоғалту», тәуелді болу қорқынышы сезімімен байланысты. Қыз балалар өзінің еліктеуін жасырады. Бұл ішкі тұлғалық қарама-қайшылықтарды жеңу, ер балалар мен қыз балалардың қоршаған ортадағы алатын орнына байланысты. Әрине, қыз балалар мен ер балалар арасындағы психологиялық аралықты сақтау қиынға соғады. Алғашқы психологиялық жақындық өз жынысын зерттеуден басталады, бұл қиналыстармен байланысты. Қыз балалаар ер балалармен қарым-қатынаста өздерін сенімді, әрі емін-еркін сезінеді. Осы сәтте қыз балалармен ер балалар арасындағы достық болуы мүмкін. /2. 228 б/

В. С. Мухинаның айтуынша, әрбір жеткіншектің қарама-қарсы жынысқа деген қызығушылығы түрлі болады. Мысалы кейбір ер балалар өзіне назар аударуы үшін бұзақылық жасайды. Ал қыз балалар мән бермеуге тырысады, ер балаларға ренжімейді.

Кейіннен қарым-қатынаста өзгерістер болып, күрделене түседі. Қарым-қатынастағы тікейлік жоғалады. Көбіне қарама-қарсы жынысқа деген толғаусыздық көрсетеді немесе қарым-қатынаста ұялшақтық білдіреді. Бұл кезде қарама-қарсы жынысқа деген сүйіспеншілік сезімі туындайды.

Қарама-қарсы жынысқа деген қызығушылық күшейе түседі, алайда, ер балалар мен қыз балалар арасында үлкен жекелеушілік пайда болады. Бұл сәтте қарым-қатынас өзіне ұнайтын адамға бағытталады. Қыз балаларда бұндай қызығушылық ертерек басталады: көбіне өзіне ұнайтын ер бала туралы тек өз жақын досына ғана айтады. Бір біріне деген ұнату сезімі ортақ болса да, жеткіншектер достық сезімін білдірмейді, өйткені, құрдастарының жағынан мазақ болады деп ойлайды. Жеткіншектердің ересектеуі арасындағы қарым-қатынас ашық болады.

Қарым-қатынас жынысқа деген құштарлық, күшейтілген мәнде болады, оған үлкен көңіл бөлінеді. Егер де түсініспеушілік болған жағдайда, эмоционалды жағымсыздықтың дамуына себеп болады.

Жеткіншектің қарама-қарсы жыныс құрдастарына құштарлығы, өзге адамдардың қылықтары мен қиналыстарын бағалауға, даралануға қабілеттілігі мен рефлексияның дамуына мүмкіндік береді. өзге адамға деген алғашқы қызығушылық құрдастармен өзгелерді қабылдауға негіз болады. Бірте-бірте өзгелердің қасиетін анықтау арқылы, өзін бағалауға мүмкіншілік алады. өз қиналыстарын тікелей түсінуге себепші болатын, қарама-қарсы жыныс құрдасымен орныққан қарым-қатынас. /10. 375-376/

Романтикалқ қарым-қатынастың орнығуы Краковский А. П. бойынша, бірге өткізген уақытқа байланысты: музей, театр, киноға бару. Жеткіншектер өздерін белгілі кейіпкерлерге ұқсатып, соған ұқсауға талпынады. Біреулерін бұл ұялтады, ал біреулері бұны мақтан тұтады. Көзқарас негізгі бағаға ие болады: «Мен оған ұнаймын! Ол маған қарады!» бір-біріне деген күлімдеу бір-біріне міндетті етеді. Егер өзіне жауап ала алмаған жағдайда жеткіншек үлкен қиналысқа ұшырайды. Қыз балаларда «қиналыс көз жасымен аяқталады»: «ол мені сүймейді!»

Жанасу үлкен мәнді емденеді. Романтикалық қарым-қатынас қарама -қарсы жыныс туралы армандар мен фантазияларды тудырады, бұл жерде үміт ақталады.

Армандар мен фантазиялар рефлексия мен балылдықты дамытады. Фантазияларында жеткіншек әрекеттенуге үйренеді. Әрине, сүйіспеншілік, шынайы махаббат болуы мүмкін. Бұл жағдай сирек кездеседі.

Көптеген жеткіншектер сезімін ашық және айқын көрсетпейді. әрине, оларда әсемдікті армандайды. Көбіне өзгелерге көрсетпей өз сүйгенін сыртынан бақылайды. Бұндай жеткіншектердің сүйіспеншілігі уақытша болады. Көбінесе, жеткіншек өзінің арманына ғашық болады. Алғашқы сезімдер есейген шақта да көптеген адамдар еске алады, өйткені, олар жас жанға күшті әсер қалдырады. /11. 270-72 б. /

Сонымен, жеткіншек шақта денелі даму жүріп, жеткіншек өзін ересектермен ұқсатады. Бұның бәрі, ер баламен қыз балаларда бір-біріне қызығушылық пайда болуына әкеледі. Оның нәтижесінде жеткіншектер өзгелердің қылықтарын бағалай алады. Бұл адамдарды қабылдауға мүмкіншілік береді.

  1. Жеткіншектердің ересектермен өзара іс-әрекеті.

Жеткіншектердің қарама- қарсы жыныспен қарым - қатынасының психологиялық ерекшеліктері.

Жеткіншектің негізгі ерекшеліктері И:С. Кон бойынша, ересектермен қарым-қатнасының згеруі. «Біз ересектерміз» - жеткіншектер рефлексиясының негізгі тақырыбы. Әрине, «біз» түсінігі балалық шақта да кездеседі. Бірақ балалар екі дүниені айыра біледі - ересектер мен балалар дүниесін, сонымен бірге олардың дүниесі тең емес екенін біледі. Ал жеткіншектер мен осы дүниелердің қақ ортасында орналасқан, дәл орналасу жеткіншектің психологиясын, өзіндік танымын қалыптастырады.

Отандық психологтар, Л. С Выготскийден бастап жеткіншек шақтың негізі - ересектің сенімнің қалыптасуы деп санайды. Алайда, ересектік құндылықтарға назар аударады, жеткіншектің «баламын» деп сезінуіне әкеледі. Әрине, балаға қарағанда өзін жетілдіруге талпынады. Осы жерден қарама-қайшылық туындайды-жеткіншек өзін ересек деп есептейді, бірақ ересектен даму деңгейі төмен екенін біледі. /2. 128 б/

Өтпелі шақтың негізгі қажеттілігі ересектерден тәуелсіз болуға талпыну, ата-анадан, мұғалімнен бақылауынан шығу.

Әлеуметтіктің негізгі әсері болып жеткіншектің, ата-аналарнының қарым-қатынасы болып табылады. Жанұядағы жағдай баланың өмірлік жолын анықтайды. Балаға тек саналы әсер ету ғана емес, жанұядағы атмосфера да әсер етеді. Бұл әсер ету бала дамыған сайын жинала береді. Барлық әлеуметтік психологиялық тәртіптің аспектілерінің негізін жеткіншектің жанұячындағы қарым-қатынасы анықтайды. Жанұядағы қарым-қатынас жеткіншектің дамуына әсер етеді. Жанұядағы жағымсыз жағдайлар, қиын жеткіншектің дамуына әкеледі. Ата-аналардың жеткіншекке әсер етудің бірнеше механизмі бар:

  1. Нығайту - баланы қолдау немесе құқық орнату.
  2. Идентификация - бала ата-анасына ұқсауға талпынады.
  3. Түсінушілік - баланың жан дүниесін түсіну, оның өзіндік сансын дамытады.

Сонымен қатар, эмоционалды тонмен бірге ата-ананың балаға берген тәртәбә де маңызды. Бұл процесс күрделі. Әрине тәуелсіздік баланың ата-анамен арасында орныққан қарым-қатынасына байланысты, соның ішінде ата-анасына деген достық жне махаббат сенімі, жанұяда қалыптасқан құндылықтарға олардың қаншалықты нақты болғанына байланысты. Баланың эмоционалды құштарлығы, оның ата-анаға бұрын болған тәуелсіздігіне байланысты, көбіне ана әкеге қарағанда жақынырақ болады. Жеткіншек өскен сайын бұндай тәуелділік баланы қиналтады. Ата-ананың махаббатының аздығы жағымсыз әсер қалдырады, алайда, жағымды эмоцияның аса көптігі де балаға зиян келтіреді. Ішкі дүниесін билеуге кедергі етеді. Аса қатты өз баласын сүйетін ана, баланың жеке дамуына әсерін тигізеді. Мысалы: ер бала өсе келе ата-анасына тәуелді, әрі агрессивті, әрі пассивті болуы мүмкін. Кейде жеткіншек өзін ата-анасына керегім жоқ деп санайды. Жеткіншектерді түсіну үшін оның ересектермен қалыптасқан қарым-қатынасының функциясының өзгеруіне көңіл аударған жөн. Бала үшін ата-ана бірнеше мағынаға ие:

  • эмоционалды жылулық пен қолдаудың бастамасы;
  • билік, игілік, жазалау, мадақтау көзі;
  • ұқсаудың үлгісі, ақылдың негізін іске асырушы;
  • ересек дос және кеңесші.

Бұл функциялар мен психологиялық маңызы өсе келе өзгереді. Жеткіншек шақ - ата-анадан тәуелсіз болу периоды. Тәуелсіздік эмоционалды болуы мүмкін. Яғни, жақын, әрі жылы қарым-қатынас (ата-ананың махаббаты) болуы мүмкін немесе қайшы алыс, тіпті дұшпандылыққа жеткізуі мүмкін.

Алғашқы жағдайда негізгі тәсілдер ретінде назар мен мадақтау болса, екінші жағдайда қаталдық пен жазалау қолданылады. Ата-ананың нәтижесінде бала жоғары өзіндік силастыққа, өзге адамдарға достық қарым-қатынасқа дайын болады, сонымен бірге жағымды, әрә тұрақты «мен» образын емденеді.

Жеткіншек пен ата-ана арасында жағымды қарым-қатыныс орнығуы, ата-ананың баламен қарым-қатынасы негізінде қандай стиль таңдайды соған байланысты. Ең қолайлы - демократиялық стиль тәрбиесі. Бұл стиль баланың өз бетті, белсенді, әлеуметтену процесінде жауапкершілікті келеді.

Авторитарлы стиль - балада ата-анадан бөлектенуге итермелейді, жанұяда өзін ұнамсзбын деген сенімді тудырады.

Өзіндік өсу функциясы билік етудің өсу барысында төменгі деңгейде болады. Жоғары сынып оқушылардың таңду жоғары болады. Олар өзіне жолдас таңдай алады, өз бос уақытын үлестіре алады. Жалпы заңдылық: Егер жеткіншектің ересектермен қарым-қатынасы нашар болған жағдайда жеткіншек өз құрдастарына тәуелді болады, ересектерден алшақтау жүзеге асады. /12. 150-155 б. /

Сонымен, И. С. Кон жеткіншектердің шақтық негізгі ерекшелігі - ересектік сезімнің туындауы. Жеткіншекке әсер ететін жанұядағы тәртіп.

Ф. Райс айтуынша, құрдастармен қарым-қатынас нәтижесінде жеткіншекте жандүниесінде қиыншылықтар туғызады. Жеткіншек өз құрдастарымен теңдес болуға тырысады. Бұл қарым-қатынас жеткіншектің өзіндік бағасын анықтауға әсер етеді. Әсіресе, ер балалармен қыз балалар ерте жеткіншек шақта өздерінің құрдастарына ұқсауға тырысады. Егер құрдастар жеткіншекті қабыл алмаса, жеткіншек наркоманияға, депрессияға ұшырайды. Ере жеткіншек шақта баланың стресске ұшырауының мүмкіндігі өте жоғары. Жеткіншек шақта негізгі мәселесі - жалғыздық. Олар өзінің күйін «бостықпен», «оқшауланумен» салыстырады. Жас адамдар өздеріне мән аударта алмаған жағдайда, өзін сенімсіз санайды - осыны олар жалғыздық деп біледі. Жеткіншектің жалғыздықтығ п. б. негізгі себептеріне: қоршаған ортада өзін ұстай алмау жатады. «Жабысқақтық» - өзін сенімді, әрі қорғанышта сезінеді. /13. 68б. /

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектердің құрдастарымен қарым- қатынас мәселелерінің теориялық аспектілері
Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы қарым - қатынастың рөлін зерттеу
Дамуында кемістігі бар жеткіншектермен педагогикалық-психологиялық жұмыс
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау
Жеткіншіктердің агрессивтілік мінез-құлық көрсетуі және оны коррекциялау
Жеткіншектер қарым - қатынасының өзіндік бағалауын анықтау
Жеткіншіктердің агрессивтілік мінез-құлық көрсетуі
Компьютерлік ойындармен әуестенетін жеткіншектердің агрессивтілік мәселесі
Отбасында педагогикалық процестерді ұйымдастырудың теориялық негіздері
Жеткіншек жаста мазасызданудың қалыпты жағдайда және ауытқуда көрініс беруі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz