Жеткіншек шақтағы агрессивті тәртіптің мәселелері жөніндегі теориялық анализ



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I. Жеткіншек шақтағы агрессивті тәртіптің мәселелері жөніндегі теориялық анализ
1.1 Жеткіншектердің агрессивті тәртібінің типологиясы
1.2 Жеткіншек шақ кезеңіндегі балалар агрессивтілігінің көрінуінің себептері мен спецификасы
1.3 Психологиялық бағыттардағы агрессивтілік
II Жеткіншектердің агрессиялық типін анықтауға бағытталған әдістемелердің тигізетін әсерін анықтаудың эксперементалды . психологиялық зерттеуі
2.1Жеткіншектердің агрессиялық типін анықтауға бағытталған әдістемелердің сипаттамасы.
2.2 Тәртіпті модификациялауға арналған тренингтік бағдарлама
2.3 Психологиялық . тәжірибелік эксперименттің нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ.
Өзектілігі: Қоғамда болып жатқан жағдайлар адам психологиясына кері
әсер етеді, бұл мазасыздықты, зорлық-зомбылықты қалыптастырады.
Жеткіншектердің агрессивті мінез-құлығын зертеу, жою, алдын алу әрбір
қоғамдағы күрделі проблемалардың біріне жатқызуға болады.
Әсіресе, бұл проблема әлеуметтік-экономикалық дағдарыс жағдайындағы
мемлекеттерде күрделене түседі. Осыған байланысты соңғы жылдары
жеткіншектердің арасындағы тәртіп бұзушылық, үйден қашу, ұрлық, өтірік
айту, сабақтан қашу, өзге адамның мүлігін бүлдіру, адамдарды жарақаттау,
физикалық және жыныстық зорлық жасау, адамдарды немесе жануарларды
зәбірлеу, суицидалды қылық сияқты проблемалардың көбейуі ерекше көңіл
аудартқызады.
Жоғарыда аталғандай, жеткіншектердің негативті қылықтарының пайда
болуының теоретикалық анализі көрсеткендей, бұл бұзылыстардың себебі
агрессивтілік және оның әртүрлі түрде көрінуі болып табылады.
Агрессивті мінез-құлықтың пайда болуына көптеген экономикалық,
әлеуметтік, медициналық, әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық факторлар
әсер ету мүмкін. Агрессивтілік әлеуметтік және психологиялық дезадаптацияға
әкеледі. Оның негізінде көп психологиялық және әлеуметтік-психологиялық
факторлар жатыр.
Біріншеліріне жеке адамның мотивациялық, эмоционалдық, еріктік және
әдептілік сферасы, екіншілеріне – гармониялық емес отбасылық тәрбие.
Казіргі кезде әртүрлі жастағы балаларда агресивті мінез-құлығының пайда
болуының психологиялық себептерін нақты және өте маңызды түрде зерттеліп
жатыр. Агрессивтіліктің алдын алу және коррекциялау программалары шығарылып
жатыр.
Бірақ зерттеу мен коррекциялық жұмыс жасауда балалардың дамуындағы
функционалдық бұзылыстарына көп көңіл аударылады. Олар әртүрлі болуы мүмкін
бірақ көбіне ол іс-әрекеттің мазмұндық (жекелік-мәнділік) компоненттерінің
және қарым-қатынастың бұзылыстары болып табылады. Сонымен қатар негізгі,
базалдық динамикалық компонентке аз көңіл бөлінген.
Қазіргі замандағы психологиялық ғалымдағы бар психоаналитикалық,
фрустрациялық, бюхевиористтік бағыттар жеткіншектерде агрессивтіліктің
пайда болуын түсіндіреді. Әрине олар белгілі мөлшердегі мәнділікке ие,
бірақ олардың ешқайсысы агрессивтіліктің нақты психологиялық моделін
көрсетпейді. Оларда агрессивтіліктің шығу себептерін, психикалық
процесстердің байланысымен динамикасы, агрессивтілікті шығаруды
регуляциялайтын психологиялық механизмдер нақты түрде көрсетілген.
Қазіргі кезде көптеген психологтар және педагогтар жеткіншектердің
агрессивтілігін коррекция проблемасына кездескенде теорилық және
практикалық жағынан да дайын емес екендігі байқалады. Дипломдық жұмыс
барысында, біздер Исаев Д., Ковалев А., Кон И.С., Невский И.А., Личко А.Е.,
Фельдштейн Д.И., Бехтерев В.М., Паренс Генри, Бэрон Р. еңбектеріне
сүйендік. Сондықтан жеткіншектердің агрессивтілігіне коррекциялық жұмыс
жасауды үйымдастыру, жүзеге асыру туралы білімдерінің спектірін кеңейту,
қазіргі кездегі күрделі проблемалар қатарына жатады.
Мақсаты: Жеткіншек шақта анықталу ерекшеліктерін зерттеу.

Осы мақсатқа жету үшін орындауға қажет ететін міндеттер:
•Берілген мәліметтер бойынша, әдебиеттердің теориялық анализі;
•Жеткіншек шақта агрессияның байқалу ерекшеліктерін анықтау;

•Агрессивті тәртіпті зерттеу әдістерін қолдану.

Зерттеу пәні: Жеткіншек шақтағы балалар агрессиясының байқалу
ерекшеліктері айқындау.
Зерттеу объектісі: Ақтөбе қаласының № 38 қазақ орта мектебінің
жеткіншек шақ кезеңіндегі балалар.
Ғылыми болжам: Агрессивті энергияны толық жою мүмкін емес, оны тек
психотехникалар арқылы пайдалы немесе қоғамға зиянды емес түрде шығаруға
үйретіп, мінез-құлықты регуляциялауға болады.
Зерттеу әдістері: Басса-Дарки жеткіншек агрессиясын анықтауға
арналған сауалнамамен Мазасыздануды зерттеу сауалнамасы.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, бірінші және
екінші бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады.

I. Жеткіншек шақтағы агрессивті тәртіптің мәселелері жөніндегі
теориялық анализ
1.1 Жеткіншектердің агрессивті тәртібінің типологиясы

Қазіргі таңда агрессия терминіне өзге адамға қианат жасау немесе тіл
тигізу тәртібі жатады. Агрессия термині жалпы күш көрсету әрекетімен
негізделеді. Агрессия және агрессорлар жағымсыз бағаланады. Агрессия
негізіне тәртіпке зиян келтіру жатады, яғни ұнамсыз ойын сөзінен бастап,
өлтіруге дейін барады. Жеткіншек шақта бұзақылық , қиянет көрсетушілік,
өзімшілдік терминімен анықталады. Агрессия түсінігіне дұшпандылық күйі
сәйкес келеді. Дұшпандылық – тар көлемді бағыттылық, белгілі обьекттіге
емденеді. 1.23б
Э.Фромм, пікірінше, агрессия әрбір тірі немесе өлі обьекттіге, топқа
жануарларға ойластырылған түрде зиян келтіру. Р.С. Немов агрессияны
дұшпандылық деп санап, агрессияны адам тәртібінің өзге адамға жағымсыз
түрде бағыттылығы деген тұжырымға келді. З. Фрейд өзінің жұмыстарында,
адамның қандай болмасын әрекеттері адам өмірінің инстинктінен алынады, ал
ол міндетті түрде адам өмірінің пайда болуына, қорғануына және
тұрақталуынабағытталатындығын атап өтті.
Агрессивті тәртіпті мінездеу үшін, делинквенттік және девианттық
терминдері қолданылады. Егер, бұзақылық құқық бұзушылыққа енбесе, бұл
кәмелеттікке толмағандардың делинквентті тәртібі деп аталады. Делинквентті
тәртіп сабақтан қашудан басталады, бұл ассоциалды топ жеткіншектерге қосылу
болып табылады. Кішкентай балалардан ақша алу, бұзақылық жасау – бұл
делинквентті қылықтарға жатады. Девианттық тәртіп бұл қоғамдық нормалардан
ауытқушылық. Девиантты тәртіпке делинквентті тәртіппен құқық бұзушылық
жатады. 1.59б
Жеткіншек шақ – адам дамуының ең қиын кезеңі. Бұл шақ қысқа болғанмен
(14-тен 18-ге дейін) ол индивидумның жалғасатын өмірін анықтайды. Осы
шақта мінездің қалыптасуы және жеке адам қасиеттерінің тұрақталануы жүреді.
Бұл жағдайлар: баланың балалық шағынан ересектік шаққа көшунегізінде
орнықталады. Ол өзбеттілікті қолдайды, сол сәтте жанды құндылықтардан бас
тартуға дейін барады. Жеткіншек шақта бала тәртібінің минусы көріне
бастайды. Әсіресе, ата-анасымен қарым-қатынасы маңызды орын алады.
Жеткіншек шақ балалардың девиантты тәртібі өзінің табиғи спецификасын
қарастырады, бұл әлеуметтік патогенез нәтижесі болып табылады. Сонымен
бірге бұл тәртіптіңтердің қалыптасуы әлеуметтік-психологиялық, психолого-
педагогикалық және психобиологиялық факторларға байланысты.
Девиантты тәртіп негізгі өзекті мәселе болып табылады. Әдетте,
девиантты тәртіп тек ер балаларға тән делінетін болса, қазірде бұл түсінік
күрт өзгеруде. Әрине, бұл тек ұсақ құқық бұзушылық емес, кейін әлеуметтік
мәселелерге әсер етеді. Қыз балалар ер балалардың құқық бұзушылдығына
итермелеуші күші ретін де қарастырылады.
Ауытқушылықты тәртіптерге келесі факторларды жатқызуға болады:
• Даралық фактор, ассоциальды тәртіптің психобиологиялық деңгейдегі
қызмет ететін бағыттылық, индивидтің әлеуметтік дамуын тежейді;
• Психолого-педагогикалық фактор, мектептік және жанұялық тәртіптің
дұрыс жүрмеуінде байқалады;
• Әлеуметтік-психологиялық фактор, жанұя жақындарымен
жеткіншектердің арақатынасының жағымсыз ерекшеліктері.
• Жеке адамдық фактор, индивиттің қоршаған ортаны таңдауы, қоршаған
орта нормаларымен құқықтарын қалау, жеке құндылықтарына бағыттылық
және өзін тәрбиелеу тәртіптілігі;
• Әлеуметтік фактор, қоғамның өмір сүруін анықтайтын әлеуметтік және
әлеуметтік-экономикалық шарттар. Әрине, жағымсыз әсерді анықтау
өйткені, ол әсерлер дара жүрмей түрлі факторлардың бірігуімен жүзеге
асады, адамның дамуы көп факторлардың қалыптасыумен анықталады:
тұқымқуалау, қоршаған орта (әлеуметтік биогенді, абиогенді),
тәртіптік, адам практикасы. Девиантты тәртіпті зерттеу өте күрделі
мәселе. Көбіне, баланың агрессивтілігімен мазасыздығы балалық шақ
түп тамырынан басталады, ол есейген шақта басылады. 3.88-90б
Ауытқушылық даралық қасиеттерге байланысты. Мысалы: жоғары топ
балабақша балаларының 12-13 проценттінде ауытқушылықтар байқалады, соның
ішінде құрбы-құрдастармен қарым-қатынасқа түсе алмау. Өзінің қызығушылығын
қанағаттандыруға тырысу, мәдениеттік дағдының жоқтығы, қырсықтық,
агрессивттік тәртіптің байқалуы, ренжігіштік.35.383-391б
Агрессивті реакциясының формаларының ішіндегі анықталатыны:
• Физикалық агрессия - өзге адамға физикалық күш қолдану;
• Жанама агрессия - өзге адамға жанама бағытталатын іс-әрекет, ызының
бағытталуы;
• Вербальды агрессия – жағымсыз сезімнің түрлі формалары арқылы берілуі
(қорқыту);
• Ызалыққа бағыттылық – түрлі әрекеттерде тез қозуға түсу;
• Жағымсыздық – тәртіптің оппазициялық қылығы, басқарушыға немесе
авторитетке бағытталған әрекет. Пассивті қарсы тұрудан күрес жүргізуге
дейін барады.
Дұшпандылық реакция формалары анықталады:
• Реніш – қоршаған ортаға деген жек көрушілік, көре алмаушылық;
• Күдіктілік – қоршаған адамға сенімсіздік.
Жеткіншектің агрессивтілігі жеке адамдық тәртібінің ерекшелігіне
байланысты. Оларға жататын: тұрақсыз қызушылық, құнылықтарға бағыттылық.
4.15бБалаларда интеллекттілік даму деңгейінің төмендігі, еліктеулік, ар-
намыстық сезімдерді түсінбеушілік, қоршаған ересектерге қарсылық,
эмоционалды тұрпайлылық. Өзіне деген сенімділіктің тым жоғары болуы,
мазасыздық қиын жағдайдан шығуға талпыныс, қоршаған орта механизіміне қарсы
тұруға талпыныс байқалады. Әрине, кейде агрессивті тәртіпті балалардың
ішінде интеллектуалды дамуы жоғары, әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілген
балалар бар. Бұл балаларда өз мүдесін көтеруге бағыттылық анықталады.
Балалардың агрессиясын анықтау үшін, анықталған классификациялық жұмысты
талап етеді11.85б
Түрлі әдебиеттерде шетел зерттеушілері ұсынған тақырыптарда екі топ
бөлінеді. Қоғамға қарсы әлеуметтік формалары бар жеткіншектер, олар үшін
психикалық және эмоционалды сапалық бұзылыстар тән емес және әлеуметтік
емес агрессивті тәртібімен ерекшеленетін жеткіншектер, оларға түрлі
психикалық ауытқулар тән топтар болып табылады.6.64б
Отандық психологияда бірнеше классификация түрлері бар. Біреулері,
ауытқушылықты тәртіптерді баланың психофизиологиясының ерекшеліктеріне тән
деп қарастырады. Ал, екіншілері психо-әлеуметтік даму деп санайды. В.К.
Андриенко, Ю.В. Гербеев, И.А. Невский қиын жеткіншектерді былайша бөлді:
1. педагогикалық қараусыз қалған жеткіншектер;
2. әлеуметтік қараусыз қалған (ар-намыстың жойылуы);
3. өте шексіз әлеуметтік қараусыз қалған жеткіншектер;
С.А. Беличева қиын жеткіншектерді тағы үш топ бөлді:
1. педагогикалық қараусыз қалған жеткіншектер;
2. аффективті бұзушылықтары бар жеткіншектер;
3. конфликтті балалар.
Л.М. Семенюк мәліметтеріне сүйенсек, негізгі мектеп құжаттарын
анализдеу, мұғалімдермен сұқпаттасу, жеткіншектердің құрбы-құрдастарымен
қарым-қатынастарын анықтау, көзқарастарын белгілеп, тесттілеу, анкета
жэүргізу, сұранама арқылы балаларды зерттеу арқылы жеткіншектерді төрт
топқа бөлуге болатындығын атап өтті:
• аномальді, аморальді, қарапайым мұқтаждылықтары бар, бос уақытын
тұтынуға талпынатын тұрақты комплекттері бар жеткіншектер. Оларға тән
эгоизм-өзгелерге деген немқұрайлық, авториттеттің жоқтығы, сыйламау,
өзгелерді түсінбеу, өрескелдік, дөрекелік қасиеттер. Олар физикалық
агрессияға жақын;
• Мұқтаждықтарымен құндылықтары деформациялық негізде жүретін
жеткіншектер. Қызығушылығы жан-жақты, білуге талпынатын,
кішкентайлармен әлсіздерді ығыстыру арқылы өз орнын табатындар.
Физикалық күшті тек әлсіздерге ғана қолданады;
• Позитивті және деформативті (жан-жақты) арасындағы конфликттегі
жеткіншектер. Қызығушылығы бір жақты, өтірік айтқыш, екі жүзді
вербалды және жанама агрессия басымырақ келеді;
• Деформативті мұқтаждықтары төмен жеткіншектер, қызығушылықтары жоқ,
қорқақ және кек алғыш, қарым-қатынасқа аз түседі. Күшті жолдастарымен
ересектер алдында кекештенеді. Оларда вербальды және негативті
агрессия басымырақ келеді.
Берілген классивикация агрессивті тәртібі бар жеткіншекпен коррекциялық
жұмысты қолдану мақсатында үлесі мол.

1.2 Жеткіншек шақ кезеңіндегі балалар агрессивтілігінің көрінуінің
себептері мен спецификасы

Жеткіншектер қазіргі таңда әлеуметтік тенденцияның қиын ортасында тұрып
жатыр. Бұл ең бірінші, адам дамуындағы жаңа талаптардың күрт өсуіне,
екіншеден, өмірлік позицияның мәліметтік хабардың көп болуымен сонымен
қатар, экологиялық және экономикалық дағдарыстармен байланысты болып
келеді. Әрине, осының бәрі балалардың, әсіресе, жеткіншек шақ кезеңіндегі
балалардың бойында ашушаңдық пен үмітсіздікті тудырады. Жастарда қарсылық
сезімі қалыптасады, кейде бұл реакция санасыз ретте жүреді, ал бұл
даралықтанудың өсуіне әсер етеді. Жеткіншектер болса, әлеуметтік,
экономикалық және моральды жағдайдың тұрақсыздығын көреді, бүгінгі күнде
құндылықтармен идеяларды жоғалтып, баланың дамуы өзбетті жүрмейді, ол
қоршаған ортаның көмегімен жүзеге асады. Ж. Пиаже пікірінше, 12 жас шағында
жеткіншек әлі де болса теңдікпен өзара сыйластықты қажет етеді, ал 13-15
жасқа келгенде жеткіншек бойында ар-намыс принципі қалыптасады. Жаңа
психикалық күйдің қалыптасуы барысында, өзін-өзі жетілдіру, өзінің орнын
табуға деген мұқтаждық пайда болады. Алғашқы кезеңде, 10-11 жас
аралығындағы жеткіншектердің 34 пронцент (ер балалар), 26 процент (қыз
балалар) өздеріне жағымсыз баға береді. Мұндай жеткіншектердің бойларында
өзіндік баға дағдарысы қалыптасады, әрине жағымсыз бағамен қатар, өздерін
жағымды бағалайтын жеткіншектер кездеседі.
Физиологиялық тұрғыда жасөспірім шағы, орта мектептегі 5-8 сынып
оқушысының жасымен сәйкес келеді, яғни 11-12 ден 14-15 жас аралығын
қамтиды. Жасөспірім кезеңінің күйі, циклдік даму барысында көшпелі,
критикалық деген қасиеттермен негізделіп, суреттеледі, өйткені, мұнда
жастық даму процессінде қиындықтыр көрінеді, ол бір өмір кезеңінен келесі
өмір кезеңіне көшумен тығыз байланысты. Балалықтан ересектікке көшу
барысында, оның негізгі мазмұны физикалық, ақыл-ой, ар-намысты, әлеуметтік
дамуында.
Жасөспірім шағында маңызды жалпы бағыттылық қалыптасады, бұл, әрине ар-
намысты, әлеуметтік құрлымдардың дамуы болып табылады. Жасөспірім шағының
негізгі психологиялық ерекшеліктеріне жасөспірім комплексі жатады.
Жасөспірім комплексіне: қоршаған орта адамдарының, оның сыртқы келбетін
қабылдауына деген сазім, қоршаған орта қатынасына деген талпынысы,
зейінділігі, рақымсыздық, ұялшақтық, өзгелердің бағасымен қамқорлығын
иемденуге деген тілектің болуы, тәуелсіздікке ұмтылыс, авторитеттермен
күрес, бұның қатарына кеңге тараған идеялдармен жалпы қолданыстағы ережелер
жатады. Кумирлерге ұқсас болуға талпыныс, кино кейіпкерлеріне ұқсас болуға
деген ұмтылыс жатады.
Бұл кезеңнің психологиялық қиындық себептердің негізіне, жыныстық
жетілу жатады, ол жасөспірімнің түрлі бағыттылық бойынша, әртүрлі дамуын
қадағалайды. Жасөспірім шағының негізгі қасиетіне, танымға деген
талпыныстылықтың, яғни жасөспірім бұл шақта кең көлемді білімді алуға
ұмтылады, алайдабілім жүйелілігіне мүлдем зейін аудармайды.
Жасөспірімдер өздерінің ақыл-ойын, өзін қызықтыратын өріскеұмтылады.
Бұл шақ эмоционалды тұрақсыздықпен көңіл-күйдің тербелісімен бейнеленеді
(экзальтациядан, яғни шаттық билеген күйден, депрессияға көшу қасиеті
байқалады).Өзіндік сенімділікті, қандай да бір адам басып отырса,
жасөспірім өзінің аффективті күшті реакциясын анық көрсетеді.
Эмоционалды тұрақтылықтың шыңы ер балаларда 11-13 жасқа, қыз балаларда
13-15 жасқа сәйкес келеді. Жасөспірімдердің психикалық өрістілігі, келесі
қасиеттерде көрінеді.
- Мақсаттылық, тұрақтылық және импульсивтілік (тұрақсыздық);
- Өзіне деген сенімділіктің жрғары болуы, пікір беруде ойласпағандық,
кейде өзіне деген сенімсіздік байқалады;
- Қарым-қатынасқа деген мұқтаждық, оқшаулануға деген тілек;
- Қылықтағы без-беректсіздік;
- Мейрімділік, жылылық, қатігездік.
Мұнда көретініміз жасөспірім жасөспірім қарама-қарсы позицияларға
иемденген. Жетілудің маңызды кезеңі болып, өзіндік даму процессі табылады.
Жасөспірім өзінің өмір іс-әрекетінен, өз мұқтаждықтарымен, ойларымен,
еліктеулерін айыра біледі. Жасөспірім шақта субъективті Мен бейнесі,
қоршаған орта пікірінен құралады. Өзіндік сананың негізгі компонентті
болып, өзіндік баға табылады. Алайда, жасөспірімнің өзіндік бағасы
адекватсыз тұрғыда бағаланады.Ол не жоғары, не төмен болуы мүмкін. Ер
балалардың өзіндік тұлғалық дамуы, интеллектуалды және эмоционалды тұрғыда
әртүрлі жүреді. Ер балаларда абстрактілі ойлауға деген икемділік кең
тараған, алайда шынайы өмірлік жағдайларда көмекті қажет етеді. Қыз
балаларда сөздік-тілдік іс-әрекет жоғары дамыған, қиналыспен қолдауға деген
қабілеттілік жақсы дамыған. Қыз балалар сыртқы келбетіне деген сыни
көзқарасқа сезімтал болып келеді.
Жасөспірім өзіндік әрекетпен өзбеттілікке талпынады, бірақ қиын
өмірләік жағдайлардажауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартады,
сондықтан ересектер жағынан қолдауды күтеді. Жасөспірім үшін, топ
мүшелерінің көзқарастары маңызды орын алады. Топқа ену, жасөспірім
үшінөзіне деген сенімділікті қалыптастырады. Жасөспірімнің топта алатын
орны, оның қылықтық мотивтеріне зор ықпал етеді. Топтан оқшаулану
жасөспірім үшін, фрустрациялық күйді қалыптастырып, мазасыздықты
жоғарлатады.
Топтағы жасөспірім мәртебиесі қалай анықталмаса да, бұл жасөспірімнің
тәрбиелік дамуына зор ықпал етеді. Топ құрлымы, олардың бірлескен іс-
әрекеттінің тұрақтылығының мазмұнымен анықталады. Құрбы-құрдастармен қарым-
қатынас, бұл ең алдымен, мәлімет алмасу орталығы, эмоционалды қарым-
қатынасты аудару мүмкіндігі, сонымен қатар әлеуметтік қарым-қатынас орнату
және де топтық бірлестік тәртіпке бейімделу мүмкіндігі, рольдік қарым-
қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қыз балалар ер балаларға
қарағанда қарыми-қатынасқа бейім, эмпатия деңгейі жоғары болып келеді.
Батыс әдебиеттерінде Э.Эриксон концепциясына үлкен мән берілген. Мұнда,
жасөспірімнің ұқсастық туралы концепциясы (Ұқсастық - жасөспірім өзінжеке
тұлға ретінде анықтауын білдіреді). Эриксон бұл дағдарысты Идентификация
немесе рольдерді жаңылыстыру деп атады. Жасөспірім түрлі әлеуметтік
рольдерді өз бойына қабылдайды, жаңалықпен танысу барысында өз
мүмкіндіктерімен құқықтарын және талаптарын анықтайды. Әрине, рольдік
мәндерде, жағымсыз обьекттер баршылық, олар түрлі конфликттер бастамасы
болуы мүмкін. Жасөспірім комплексінің мәні жасмтық психологиялық
ерекшеліктерін анықтап, қылық моделін қалыптастырады. Жасөспірім қоршаған
ортаға деген қылықтық реакциясын көрсете алады. Жасөспірім – алғашқы
әлеуметтік фаза болып табылады, өткені, барлық балалар, оқушылар үкімет,
ата-ана қарамағында болады.
Жасөспірім мәртебесі бала мәртебесінен аз ерекшеленеді, соған
қарамастан, жасөспірім өздерін ересектер қатарына жатқызуға талпынады.
Жасөспірімнің психологиялық шағы өте қарама-қайшы, оған даму ырғағымен
диспропорция қасиеттері тән. Жасөспірімдердің ересектік сезімі, бұл бауыр
басудың жаңа деңгейі, жоғары күйі, алайда жасөспірім оны толық жетілдіре
алмайды. Жасөспірім үшін оның ересектік күйі қоршаған ортаға көрінуінің
алғы шартты болып табылады. Жасөспірім үшін жасаған әрекетінің жемісі
болып, оның ересектік қасиетке көшуі табылады. Жасөспірім бойында
қалыптасқан қылықтық әрекеттерр ересектерді талқыға салуға алып келеді,
осының нәтижесінде жасаралық конфликттер қалыптасады.
Пубертатты кезең мәні, жасөспірімнің өзіндік орнығу жағдайымен
анықталады. Жасөспірімдердің кейбіреулері өз таңдауларын жасай алмайды. Ал
өз таңдауын жасағандар, орта білім мекемелерінен, жоғары оқу орнына түсумен
шектеледі, әрине жасөспірім үшін бұл үлкен таңдау, жаңа бастама. Кейбір
жасөспірімдер білім алу барысында, орта арнайы кәсіби мекемелерде, қосымша
мамандықты игереді, бұлардың қатарына колледж, лицейдегі білім жүйесі
жатады. Нәтижесінде, бір топ бала әлеуметтік ұстамдылық күйінде жүреді.
Кейбір ересектер жасөспірім бала сияқты қарым-қатынасқа түседі, осыған
байланысты олар жасөспірімге аз мөлшерде талаптар қояды.
Қазіргі таңда, өзекті проблемалар қатарына, жасөспірімдердің
агрессивтілік күйі жатады. Көбіне, балалық ұжымдағы қоршаған ортаға деген
қатынас, агрессивті балалар қатынасымен анықталады. Түрлі авторлар
жасөспірім шақтағы агрессивтілік қасиеттермен қылықтарды түрліше
түсіндіреді.
Лоренц пен Ардри бойынша адамның агрессиясы тума қорғаныс реакциясы
ретінде түсіндіріледі. Моррисон агрессия – бұл билікке талпыныс десе,
Хорнимен Фромм адам агрессиясы қоршаған ортадағы қатігез шынайлыққадеген
тұлға реакциясы ретінде суреттейді.
Пубертаттылық энергия үлкен сенімділікті, ақылдылықты қажет етеді.
Бұл үшін, жасөспірім спортпен айналысып, жаттығу жасап, ақыл-ой еңбегін
жетілдіру керек. Жасөспірім қарапайым адам , олар барлығына үйренгісі
келеді, бірақ өз күшіне сенімсіздік білдіреді. Алайда, ересектер
жасөспірімдерді түсінбуйді де, көп нәрсеге рұқсат бермейді. Ал,
жасөспірімге махаббатпен қолдау керек. Сонда ғана, жасөспірім өзін қоршаған
ортаға қажет екендігін түсінеді. Пубертатты кезең әрі күрделі, әрі сан
қырлы шақ.
Екінші кезеңде, 12-13 жас аралығында жеткіншектердің өзін-өзі
бағалауы қоршаған орта бағасына тәуелді болады. Осы кезеңде жеткіншек
бойында өзін-өзі дамыту дамытуға деген мұқтаждық туындайды.
Үшінші кезеңде, 14-15 жас аралығында оператифті өзіндік баға
қалыптасады. Бұл бағаның дамуы жеткіншектің өзіндік ерекшеліктерін бағалай
білумен, өзіндік идеалдарымен өзіндік қалыптасқан нормаларды сәйкестендіру
арқылы жүзеге асады. Атап өтілген кезеңдердің барлығында дерлік
жеткіншектік агрессия күйі көрініс табады.
Негізгі роль атқаратын шағын топтар, осында балалар өзге адамдармен
қарым-қатынаста болады. Ең алдымен, ол жанұяға байланысты. Сәтсіз жанұяны
көптеген авторлар бірнеше топқа бөледі, осы жанұяда агрессивті мінез-
құлықты балалар дүниеге келеді. Бұл классификация бірін-бірі толықтырып
отырады. Алексеева Л.С. сәтсіз жанұялардың келесі түрлерін анықтады:
конфликттік, аморальды, педагогикалық тұрақсыздық, асоциальды.
Бочкарева Г.П. жанұяны былайша бөледі:
• Жанұядағы сәтсіз эмоционалды атмосфера, ата-аналардың балаға қол
жұмсауы;
• Жанұя мүшелерінің арасында эмоционалды қарым-қатынастың жоқтығы,
бұндай жағдайларда бала жылы эмоционалды қарым-қатынасты өзгелерден
іздейді;
• Ар-намыстың атмосфераның жағымсыздығы, аморальды өмірге итермелеу.
Баярунас З.В. тәрбиелеу жағдайының бірнеше варианттарын бөлді: бала
тәрбиесіндегі саналылықтың болмауы, тәрбиедегі зорлық-зомбылықтың жоғары
қолданылуы, баланың эмоционалды түсінігінің жоғары болуы, тұрақсыз тәрбие.
Личко А.Е. жанұядағы сәтсіз жағдайларды төртке бөлді: баланың ішкі
өміріне мән беру, жоғары қамқорлық білдіру (гипер-қамқорлық), бақылаудан
шығып кету (гипо-қамқорлық), баланың кішкентай жетістігін қолдай беру,
балаға аз көңіл бөлу.
Сәтсіз биологиялық, психологиялық, жанұялық және әлеуметтік-
психологиялық факторлар бала дамуына қатты әсер етеді. Оларға тән қасиет
жеткіншектің эмоционалды қарым-қатынасының бұзылуына алып келдеді.
Жеткіншектер шағын топтардың әсеріне тиіп, көбіне бұл өмірлік
құндылықтардың аморальды шкаласының дамуына алып келеді. Жалпы өмір сүру,
орта, қоршаған адамдар девиантты қылықтың қалыптасуына себепші болады.
Яғни, жанұядағы жағымсыз климат жеткіншектің оқшалануына, ата-анаға қарсы
тұруына, агрессивттілігіне, іс-әрекеттінің бұзылуына әсер етеді.
Өзіндік сынның және өзіндік сананың интенсивті дамуы, жеткіншек шақ
кезеңінде қоршаған ортамен қарама-қайшылықты, өзіне деген түсініспеушілікті
қалыптастырады.
Жеткіншек шақтың бірінше кезеңінде, өзіндік сын қалыптасып, көбіне
жеткіншектер агрессивті, жағымсыз мінез жақтарын көрсетіп, сонымен қатар
бұл шақта физикалық агрессиямен жанама агрессия айқын көрінеді. Вербальды
агрессиямен жағымсыз агрессия бір табалдырық дамуында болады.
Жеткіншек шақтың екінші кезеңінде, жағдайлы жағымсыз қарым-қатынастың
өзіне деген бағыттылығы жүреді. Бұл ең алдымен, қоршаған орта көзқарасына
байланысты. Бұл шақта жағымсыздық күрт өсіп, физикалық және вербальды
агрессия байқалады, ал жанама агрессия, балалық шаққа қарағанда төмендейді.
10.33б
Жеткіншек шақтың үшінші кезегінде, жеткіншектер өз тұлғалық
ерекшеліктеріне мән бере бастайды. Жеткіншек белгілі бір тәртіп нормаларына
сүйенеді, топтар құрамына енеді. Бірінші орынға вербальды агрессия шығады,
бұл кезеңде физикалық, жанама және жағымсыз агрессия деңгейі көп өспейді.
Бұл шақта адам жеке өмірге деген дайындықты қарастырады, жеке
құндылықтар, дүниетаным, мамандықты таңдау жүзеге асады, тұлғаның
азаматтылығының анықталуы жүзеге асады. Нәтижесінде, әлеуметтік-тұлғалық
факторлардың әсер ету негізінде, жеткіншектердің қоршаған ортамен деген
қарым-қатынасы мен өзіне деген қатынасы өзгереді. Сонымен қатар, жеткіншек
шақ даму барысында, физиологиялық жағынан психикалық тұрақсыздық байқалады.
Осы сәттерде, жеткіншектерде эмоционалдылық, сезімталдық, әсіресе, ішкі
дүниеге деген сезімталдық күрт өсіп, психологиялық проблемалар байқалады.
Жеткіншек есие бастаған кезде, психологиялық мазмұнда өзгеріске ұшырайды.
Сондықтан, жеткіншек шақ кезінде бала қамқорлықты қажет етеді. Тәрбие
көмегімен, әрі әлеуметтік қамқорлық көмегімен, балаға жеткіншек шақ
кризисінен жеңіл өтуге көмектесуге болады. Ата-ана балаға тәрбие бере
тұра,өз құндылықтарын, принциптерін ұсынады. Осының негізінде, жеткіншек
жеке көзқарастарын қалыптастырады. Мұның барлығы жеткіншектің эмоционалды
тұрақтылығына байланысты.
Топтардың құрылуы жеткіншектердің қызығушылығымен даму деңгейіне
байланысты. Топтар девиантты құндылықтармен тәртіп әдістерін орнықтырып,
жеткіншектің тұлғалық дамуына әсер етеді. Жеткіншектердің арақатынасты
сақтамауы жауапсыздыққа алып келеді. Белгілі топтар бар, олар
жауапкершілікті өзгелерге итермелейді, мақсаттарына жету үшін, оңай жол
іздейді.35.277б Мұндай жеткіншектер оқуға мән бермейді, үлкендердің
талаптарын орындамайды, үй шаруасынан бас тартып, олардың алдарында көп
бос уақыт болады. Мұндай жеткіншектер бос уақытын не бір істерге
жұмсайды. Жеткіншектердің индивидуалды әуестілігі болмайды, үйірмелерге
қатыспайды, олар театрларға бармайды, кітап оқымайды, уақыттың бостығы,
жеткіншектердің жаңалықтарды іздеуге итермелейді. Жеткіншектің девиантты,
құрылымын құрайтын: алкоголизм мен наркомания. Кейде жеткіншектер спирттік
ішімдіктерді ішіп, өз жеңістеріне риза болады. Жеткіншектер микро-ортамен
нақты жағдайға тәуелді болады. Микро-ортаның негізгі анықталушы элементті
болып жанұя табылады. Оның маңызы толық немесе толық болмауында емес, ар-
намыс атмосферасында, яғни ересектер мен балалар арасындағы қарым-қатынас.
35.127б
Жанұяда жұмыстың орта климаты болса, онда баланың агрессивтілік деңгейі
жоғары болады, жағымсыздық деңгейі төмен болады. Орта жанұяда өскен
балаларда агрессивті мінез-құлықтың вербальды формасы орын алады.
Агрессивті тәртіптің физикалық формасының деңгейі орташа болады. Басқарушы
қызмет ететін жанұяда жанама агрессиясы бойынша, жеткіншектер бірінші
орында тұрады. Интеллегентті жанұяларда жағымсыз агрессия жоғары болады.
Сауда жұмысшыларында балалардың тәртібінде агрессия төмен көрсеткішке ие.
Бұдан көретініміз әлеуметтік жанұялық ортаның жеткіншектің тұлғалық
ерекшеліктеріне тигізетін ықпалы зор.8.55б

1.3 Психологиялық бағыттардағы агрессивтілік
Әлемдік тәжіребеде жеткіншектердің агрессивтілігінің табиғатына
әртүрлі көзқарастар болғандықтан психотерапияның да әртүрлі бағыттары бар.
Олардың ең кең таралғандарын қарастырайық:
Психоаналитикалық терапия - бұл бағыт жеткіншектердің
агрессивтілігінің негізгі себептері – шешілмеген қайшылықтар, белсенді
қажеттіліктердің депривиациясы және бұрын алған жағымсыз психикалық
әсерлер, зақымданулар. Сондықтан да психоаналитикалық терапия көбіне
сезімдердің эмоционалды-символикалық көрінуіне (катарсис) үлкен көңіл
аударады. Жеткіншектермен жұмыс жасау барысында индивидуалды және топтық
жұмыстар қолданылады.7.36-38б
Индивидуалды әдістегі агрессивті жеткіншектерге арнайы дайындалған
және бос тақырыпқа сурет салғызу, баланың өмірінде өткен психикалық
әсерлер, қиындық, уайым іс-түссіз жоғалып кетпей физикалық және психикалық
із қалдырып, әрбіп сезім, бейне, эмоция интроекцияланып (іштей бейнеленіп)
баланың дамуына біршама тежейді.
Бұндай балалармен жұмыс жасау тәжірібесі көрсеткендей, тек әңгімелесуді
қолдана отырып психикалық зақымдануды жоюға мүмкін емес.
Сурет салу, мүсін жасау, ойын және қиындық туғызған жағдайды ойын
түрінде қайта бастан кешіру жеткіншек баланың сезімдерін сыртқа шығаратын
күшті әдістер болып табылады.
Сондықтан оларды қолдану жеткіншектің проблемасын шешіп және психикасын
әрі қарай кедергісіз дамуына мүмкіндік береді. Жеткіншектермен индивидуалды
жұмыс, келесі этаптардан тұрады.
1. Алғашкі кездесуде баламен сенімді байланыс орнату керек, сондықтан
бірден сурет салудан бастамаған жөн. Сурет салуды үй жұмысы
ретінде беріп, келесі келгенде алып келуді ұсынып және бұл жағдай
да келесі кездесуде суреттерді талдаудан, мазмұнын түсіндіруден
бастау керек.
2. Сурет салуды баламен әңгімелесу барысында қолдануға болады. Бұл
жағдайда сурет салу жеткіншек балаға өз ойын, сезімін бейнелеуге
көмек көрсететін құрал ретінде болады.
3. Алғашқы кезде балаға сурет салғызу барысында сурет салу тақырыбын
таңдауда еркіндік беріп, тиым салмау керек.
4. Баланың психологқа деген сенімі орнатылған соң, балаға белгілі
тақырыпқа сурет салу ұсынылып бағыттауға болады.
Бұл кезде проективті әдістердің сюжеттерін қолдануға болады. Үй, адам,
ағаш, РНЖ, Жанүя суреті, белгілі бағытқа арналған сурет салу үлкен
дәрежеде терапияны өткізуді жеңілдетеді. Бейнелеу әдістерін қолданатын
терапия психологиялық көмек көрсетудің негізгі бөлігін құрап қана қоймай,
баланың өз сезімдерін, ойларын, армандарын толық бейнелеуге және шығаруға
мүмкіндік береді. Өз армандарын бейнелеу оның сүйікті болу, қажетті болу
қажеттілігін белгілі мөлшерде қанағаттандырып позитивті аффектті
интроекциялауға көмектеседі.
Арнайы тақырыпқа және өз еркімен салатын суреттерді біріктіріп
қолданатын терапия жақындары қайтыс болған, физикалық немесе сексуалды
зорлықты басынан өткізген балалармен жасауда, оларды психологиялық
өзгертуге әкелетін әффективті әдіс болып табылады. Бейнелеу құралын
қолданатын терапияның жиі кездесетін ерекшеліктері. Ең алдымен суреттерді
соқыр анализдеу болмайтындығын ескерген жөн. Суреттерді гештальт
шектеуінде қараған жөн, яғни біртұтас құрылым ретінде. Әсірісе олардың
символикалық мәнін табуға ұмтылуда. Сондықтан бөлек бір затты, тұтастан
бөлек оқшау бөлік ретінде қарау белгілі қауіп келтіреді.
Бұндай бағыттың келесідей түс және символдарға ерекше жиі қолдануына
көңіл бөлген жөн. Түс- белгілі бір түсті ұнату, жас ерекшелікке байланысты
өзгереді. Кіші жастағы балалар жылы – қызыл, сары түстерді үнатады,
жеткіншек жастағы балалар салқын – көк, жасыл түстерді ұнатады, ал сары
түсті ирек қолданады. Қызыл түс өмірдің барлық кезендерінде жиі кездеседі.

Түске байланысты баланың эмоционалды күйін анықтауда түстің өзі емес,
сурет салуда қолданатын жалпы контекст маңызды, яғни түсті үйлесімсіз
қолдану, көп қолдану.28.48б
Күнделікті, қарапайым жағдайда қолданылатын түстер: Қызыл түс – қалыпты
жағдайда үйдің моржасы, ерін, шоме, шие, алма, гүл салуда қолданылады.
Қызғылт – апельсин немесе киімдерді бояуда қолданады. Сары – гүлдер, күн
салуда; Көк – аспан, көз, киім, терезе жапқыш, су. Жасыл – шөп, тал, үйдің
төбесі, киім; Қанық қызыл (багровый) әйелдердің киімін бояуда; Қара –
түтін, шаш, аяқ киім, белбеу, есік және заттың айналасын бояуда; Қоңыр –
шаш, киім, көз, бұтақтар, шар, тау, жер; Ақ – бұлттар, забор т. б. бояуда
қолданылады.
Түсті ерекше қолдану - қызыл түс ең эмоционалды болып табылады. Ол
импульсивтілікті және сезім шығаруын ұстай алмайтындықты өзінен жоғары
тұрған бір адамның мадақтауын күтеді немесе оған кек сақтап, агрессивті
қатынас, сонымен қатар қызыл түс қиналуды білдіреді. Қызғылт – эмоционалды
шыдамдылықты білдіреді. Ол сезімталдық, достық қатынасты немесе сол адамды
өзіне тәуелді қылуға агрессивті қарсыласу.Сары – қызыл сияқты сезім
шығаруын ұстай алмауды немесе акцентті қолдану кезде жаулықты білдіреді.
Сары түс амбивалентті. Ашық сары – интелект, интуиция, сенім және
мейірімділікті, ал сарының қанық түстері – сенімін жою, қызғаныш,
сенімсіздік, түйықтықты көрсетеді. Жасыл – мазасыздықтан арылу, өз тәртібін
бағыттай алу сезімі, таза табиғатқа оралу. Жалпы бұл түс берік эмоционалды
негіз болуын көрсетеді. Көк – шындықты, интелектті, даналықты,
тұрақтылықты, алдын ойлауды, сабырлықты білдіреді.Қанық қызыл - өте қатты,
паранояға жақын билікке ұмтылуды білдіреді. Мүмкін бұл түс патшалардың түсі
болып саналатынына байланысты болғандықтан шығар.Қара және сұры – тежелуді,
депресияны, шыдамдылықты көрсетеді. Депресияның белгісі – ол түсті суретке
қалай болса солай жағып тастау. Ақ – бір-біріне қарама-қарсы символикалық
мағына білдіреді. Ақ түс әлеуметтікке қарсы талаптарды, бірақ кей кезде
трансценденттілікті, қарапайымдылықты, жемділікті және тазалықты білдіреді.
Осы түстерге байланысты қорытындылау тәжірібе көрсеткендей көп жағдайда
сенімді. Бірақ сонымен қатар балаларда кей кезде түсті қарапайым қолдану
да болатындығын ескерген жөн.9.47б
Жиі қолданылатын символдар - әрбір символ универсалды мінезге ие
еместігін ескеру керек, ол бірнеше мағына береді, символдың, суреттің басқа
бөліктерімен байланысты шешім шығаруға болады. Сонымен қатар символ
позитивті немесе негативті қасиетке ие болуы суретке салуының түріне қарай,
баланың өзімен бағаланады. Баланың мәдени ортасы да күрделі ролге ие ,
өйткені әр символ әртүрлі мәдени ортада өз мағынасына ие болады.
Топтық әдіс - бұл әдіс 12-13 жастағы жеткіншектерге ғана сәтті
қолданылады. Бұл әдісте әрбір жетіде (мүмкіндігінше бір мезгілде) 20-40
минут сезімдерді талдауға арналады. Психолог 5-10 жетіге арнап, тақырыптар
таңдайды (бақыт, ашулану, қорқу, жалғыздық, қайғыру, ыза, махаббат,
кектену, ренжу т. б.).Бұл тақырыптар балалардың даму стадиясына сәйкес
келіп, әрбір аптада бір сезімді талдайды. Сонымен қатар бұлай сезімді
шығару қысым деңгейін төмендетеді, сондықтан ол проблеманы жасыру
қажеттілігін да төмендетеді, бұндай сезімді шығару қысым деңгейін
төмендетеді, сондықтан ол проблеманы жасыру қажеттілігін да төмендетеді.
Бұл психолог-консультанттар үшінерекше маңызды. Өйткені олар терапиялық
мақсатпен деликатты әдістер қолданады.32.35б
Тәртіптік және когнитивті-тәртіптік терапия.
Агрессивтіліктің коррекциясының ең эффективті әдісі тәртіптік терапия
болып саналады. Бұл техника үйрену теориясында құрылып әлеуметтік
психология және даму теориясына сүйенеді. Қылықты өзгертудің негізгі
әдістері, дәстүрлі мединицалық модельге жауап ретінде пайда болды.
Сондықтан бюхевиористтік бағыттың теориялық схемасы тәртіптің өзгеруін бір
аурудың белгісі ретінде емес бір жағдайда жауап қайтарудан белгілі бір түрі
ретінде қарастыруды ұсынады.
Бюхевиоризмде адам әлеуметтік дағдыны және эмоционалды жауапты
келесілер арқылы игере алады:
а) Классикалық игеру: (үйрену нәтижесінде шартты стимул шартсызға
бірігіп кетеді).
б) Жабдықталған игеру: үйрену процессінде кейбір әрекеттер немесе
реакциялар күшейді.
в) Бақылау нәтижесінде үйрену. Бақылау арқылы үйрену имитация,
еліктеу немесе идентификация механизмдері арқылы жүреді. Көбінесе
бақылаушы, әсіресе бала болса, бақылап отырған объекттің әрекетін
қайталауға тенденция білдіреді, бірақ әлеуметтік үйренулер келесі процестер
арқылы жүру керек:
Зейін: (бала үлгіге зейін аудару керек.); Ес: (үлгінің әрекетін,
мәліметін сақтау үшін); Моторлық мүмкіндіктер: (Қозғалыстың және когнитивті
қабілеттер, үлгінің әрекетінқайталау үшін керек); Мотивация: (өзіндік
немесе күшейтілген әрекетке итермелеу үшін).
Осыған байланысты бюхевиористтік бағыт өзгеруге және бақылауға мүмкін
бақылауға мүмкін тәртіптік реакцияларға анализ жасауға негізделген. Өйткені
қиын тәртіп көбіне жасырын психологияның көрінуі емес, адекватты емес
және дұрыс емес үйренудің нәтижесі ретінде қарастырылады. Осыдан келе
тәртіптік терапия процессінің әсер ету объектісі, адамның тәртібі болып
табылады. Көптеген психологтар тәртіптік терапияның эффективтілігін
балалармен жұмыс істеуде екенін айтады.
Бұндай эффективтілітің себебін олар мынаған байланысты дейді.
1. Баланың әлеуметтік ортасын бақылай алу мүмкіндігі.
2. Баланың дезадаптивті тәртібінің механизмдеріне әсер ете алу.
3. Терапияның қысқа мерзімділігі.
Тәртібінде бұзылыстары бар балалармен коррекциялық жұмыстық ең кең
таралған түрі әлеуметтік дағды тренингтері болып табылады. Бұл агрессивті
және деликвентті балаларда әлеуметтік дағдының жетіспеушілігімен
байланысты екенін дәлелдейтін зерттеулер нәтижесіне сүйенеді. Негізінде
әлеуметтік дағдылар тренингі, классикалық және оперативті мүмкіндіктерге
сүйенетін терапиялық процедураларды жүзеге асыруда құрылады.2.11б
Әлеуметтік дағдылар тренинг моделінің негізгі мақсаты индивидумның
өзіне ғана емес толықтай қоғамға пайдалы тәртіпті қалыптастыру. Ол көбіне
балалармен жеткіншектерде қалыпты өмірлік икемділікті қалыптастыру және
үйренуге бағытталған. Әлеуметтік дағдылар, тренинг ретінде үйренетін
өмірлік қабілеттердің негізгі түрлеріне, эмоционалды басқару, жақын және
алыс болашақты жоспарлау, шешім қабылдау коммуникативті қабілеттер, өзіне
сенімділік. Әлеуметтік дағдылар тренингінің міндеттері келесідей:
• тәртіп бұзушылық, диструктивті немесе ассоциалды бағытталған
агрессивтілік негізінде жатқан негативті эмоциялардан (қорқу,
ашулану) құтылу.
• өзіне сенімділік, айналасындағылармен конструктивті әрекеттесу
тәжіребесін қалыптастыру. Бұл жерде өзіне сенімді болу - өз
қажеттіліктерімен талаптарын табанды және нақты бірақ агрессивті
емес түрде көрсете алу болып табылады. Сенімді тәртіп, мысалы өзге
адамды қорқытпай, күш көрсетпей немесе басқа да күштеп таңдатудың
түрлерін қолданбай өтініш жасай алу немесе біреудің өтінішіне,
ренжітпей, өзін түсірмей жоқ деп айта алу болып табылады.
Сенімді өтінішпен жоқ деп айтудың компоненттері, тек сөз ғана емес,
сонымен қатар жест, мимика, жүріс-тұрыс болып табылады. Өзіне сенімділікпен
қарым-қатынастағы конструктивтілік қоғамда қолдау алады, ал деструктивтілік
және агрессивтілік қабылданбайды.
Тәртіпттегі сенімділік өзін-өзі сыйлаудың өсуіне әкеледі. Деструктивті
агрессивтілік өз қажеттілігін басқа біреуге зақым келтіру арқылы
қанағаттандыру болғандықтан өзін сыйлау сезімімен сәйкес келмейді. Өзіне
сенімділік, өзін бағаның төмендеуі, қобалжумен өз кінәсін сезіну әрқашан
ойында жүреді, сондықтан адам осы сезімдерден құтылу үшін агрессивті
болады.
Әлеуметтік дағды тренинг моделі келесі этаптардан тұрады:
- Міндет қою, яғни коррекцияны қажет ететін тәртіпті анықтау.
- Релевантті жағдайды жүзеге асыруды үйрету және нұсқау беру.
- Жағдайды ойнату.
- Қажетті тәртіпті моделдеу.
- Барлық жаттығу барысында оптималды тәртіпті қалыптастыру.
- Қайта байланысты орнату – ойналып жатқан жаттығудан кейін
топтың қалған қатысушылары талдайды.
- Алынған дағдыларды шынайы өмірде бекіту.
Әлеуметтік дағдылар тренингінің негізгі процедуралары, модельдеу,
рольдық ойындар, қайта байланыс орнату, дағдыларды оқу жағдайынан шынайы
өмірлік жағдайға ауыстыру.32.56б
Бұл белгілі коррекциялық топта, амитация арқылы әрбір қатысушының
ойнатылатын жағдайдағы ең сәтті әрекетін үйымдастыру және қалыптастыру
болып табылады. Бұл тәсілде, базалық әлеуметтік дағдылары жоқ адамдарға,
агрессивті емес, конструктивті тәртіптің үлгісін көрсетумен байланысты.
Қатысушылар жаңа тәртіпке, бақылау арқылы және сырттан бекітусіз өздері еш
әрекет жасамай үйренеді. Көбіне әлеуметтік жағынан қолдау алып, қолайлы
түрде алдына қойылған мақсатқа жеткізген тәртіптер модельдерін қарап,
талдап болғаннан соң – тренингке қатысушыларда өз тәртібінің жақсы жағына
өзгеруі байқалады.
Рольдік ойындар - тренингке қатысушыларда өмірде кездесетін жағдайларды
ойын түрде өткізуге мүмкіндік беру. Көбіне белгілі бір керекті дағдыларды
қажет ететін жағдайда өзінің сезіне және сол жағдайдағы әрекетін көрсету
ұсынылады. Қалыпты жағдайда бұл процедура барлық қатысушылар үшін
актуалды, сонымен қатар қиын емес жағдайлардан басталады. Мысалы: Дөрекі
сөйлеп тұрған мұғалім, ата-ана, инспектор т.б. Жайменен топ жеңіл
жағдайлардан, күрделі жағдайларға қарай көшіп отырады.
Әрине әлеуметтік дағдылар тренинг тобындағы ролдік ойынның мақсаты –
бұл белгілі бір қиын жағдайда өзіне сенімділікке және конструктивті
құрылымға сүйене отырып қолайлы тәртіпті туындату болып табылады.
Қайта байланыс орнату - әлеуметтік дағдылар тренингінің бұл стадиясында
қатысушылар тәртібіне деген топ басшының (тренер) реакциясы түрінде
көрінетін қайта байланыс орнатады. Ол үшін екі негізгі тәсіл қолданады. Бұл
топ басшысының қатысушыларға жағдайдан шығуға қолайлы тәртіпті табуға
түсіндіру, ақыл айту арқылы көмектеседі.
Нығайту – бұл белгілі жағдайда қатысушыларда дұрыс тәртіпті
стимулдайтын, жазалау немесе қолдау болып табылады.
Қолдаумен жазалаудың ең қолайлы түрі, басшысы немесе топ мүшелері,
белсенді қатысушының тәртібін мазақтау немесе жазалау болып табылады.
Оқу жағдайында алынған дағдыларды шынайы өмірге ауыстыру: Әлеуметтік
дағдылар тренингінің барлық этаптарында топта алынған жаңа тәртіп
дағдыларды күнделікті өмірде қолдануға үлкен көңіл бөлінеді. Осы мақсатта
келесідей әдістер қолданылу мүмкін:
- Универсалды тәртіп: Тренингке қатысушылар жалпы принциптерге үйрену
- әрқашан әртүрлі жағдайда орынды болатын тәртіп принциптері. Мысалы:
Сыпайы қатынас.
-Үй жұмысы: Тренингке қатысушыларға шешім шығаруға қиын жағдайларды
жазуға күнделік арнау ұсынылады. Бұл жағдайлар топта ойнатылады, сонымен
қатар қатысушыларға үй жұмысы ретінде тек агрессия, қорқыныш немесе ашу
сезінетін жағдайға тікелей қатысу арқылы орындай алатын жаттығу беріледі.
Мысалы: өзіне дөрекі сөйлеуге, ренжітуге жол бермеу, бірақ табанды
болғанменен де өзін тұрақты, жайлы ұстай алу. Келесі сабақта үй жұмысын
орындаған қатысушы барлық топтағыларға өзінің не сезінгенін айтады. Егер
тренердің ойынша жаттығу дұрыс орындалмаса, топта оны қайта ойнатылады,
бірақ оның алдында сол жағжайжа қолайлы тәртіпті алдынала модельдеп алу
керек.
Агрессивті балалар үшін тәртіпті модификациялау техникасы кейбір
жағдайларда эффективті, бірақ бұл техника кейбір жетіспеушілікке ие.
1.Тәртіптің бұзылу симтомдары шешіледі бірақ оның себептері
жоғалмайды.
2.Тәртіп бұзушылықтың профилактикасы жоқ.
3.Қысқа мерзімді эффект береді.
4.Ауыстыру эффектісі әрқашан сәтті бола бермейді.
Ең негізгі жетіспеушілігі ауыстыру эффектісінің болмауы, басқаша
айтқанда қылықтық терапия кезінде алынған дағдыларды күшейтіп
генерализациялау. Үйренген тәртіптің жаттықтыру пәні болып саналмайтын
жағдайда пайда болуы қамтамасыз етуге ұмтылу, тренинг процедураларының
кейбіреулерін қайта қарастыруға қажет екенін дәлелдеді.
Негізгі модификациялауға келесілерді жатқызуға болады:
а) Дағдыларды генерализациялауға итермелейтін арнайы жағдайды жасау
және қолдану.
б) Дағдыларды тікелей қалыптастыратын әртүрлі бейне – үлгілерді
қолдану.
в) Әртүрлі үлгі – жауаптарды қолдану және тағы басқа. Мысал ретінде
әртүрлі кең спектірлі бейне, сюжеттер және ролдік ойындарды өткізуге
жатқызуға болады. Бірақ өзгерістер әрқашан тұрақты сәттілікке әкеледі.
Психоанализбен бюхевиоризмнің интеграциясы болу мүмкін.
Когнитивті- тәртіптік психотерапия - қазіргі таңда топтық терапия
сәтті дамып келе жатқан әдіс. Оның мәні - тәртіптік терапияның классикалық
әдістермен бірге когнитивті қайтақұру техникасын қолдануға бағытталады.
Оларға альтернативті жол табу, жағдайды басқару; иррационалды сенімдерге
жабуыл жасау, өзінің тәртібінің нәтіжесін және мәнін түсіне алу қабілетін
қалыптастыру, жауапкершілік, дұрыс дағды және құрылым қалыптастыру. Сонымен
қатар бұл терапияда ең негізгісі қарама-қарсы сенімді қалпына келтіру емес,
когнитивті процестер көмегімен тәртіптік процедураларды күшейту болып
табылады. Яғни вербализация. Барлық терапиялық процедуралар адам өз істеген
ісінің мәнін түсініп, өз ресурстарын (Мен күшін) түсінсе эффективті
болады. Өзгелердің сәттілігімен жетістігін бақылау, сөздік сенім тудыра
алады. Адам ол сенімге қиын жағдайда сүйенеді ішкі импульстерге бағытталып
оны басқара алса, олар өзіндік күшті сездіреді. Бірақ нағыз мен
күштілігін сезіну, адамның өз тәжіребесінің негізінде пайда болады. Яғни
адам өз бетінше белгілі бір әрекет жасаса көбіне когнитивті-тәртіптік
өзгерту программасы 6 сатыдан тұрады.
1.Өзін өзгерте алу қабілетін белсендендіру - тәртіптің мақсатын табу,
өткен нәрсенің негізгі себебін табу, осы әрекетті тудырған оқиға,
жағдайларды және оның жақсы және жаман нәтижелерін еске түсіру; өзгеру
мақсатын анықтап және күшейтуді таңдау.
2.Релаксациялық тренинг – прогрессивті бұлшық ет релаксациясына үйрету
(тәртіптік проблемасына байланысты) күнделікті қысымды, қобалжуды бақылау
және релаксациялық әдістерді қолдану.
3.Жақсы жағдайларды күшейту – қайталанатын әрекеттерді бақылау,
басқару; тәртіпті күнделікті жоспарлау: негативті, позитивті, нейтралды
әрекеттердің арасындағы байланысты тұрғызып әрбір күнге күнтәртіп құру.
4.Когнитивті стратегиялар - позитивті ойларды белсендендіріп,
негативті ойларды тежеу әдістеріне үйрету; иррационалды сенімді шақыру және
қайталау; Пайда болған проблемдық жағдайда өзіне көмек бере алу мақсатында
өзінің білімін жетілдіру.
5.Табандылықты қалыптастыру - жүйелілік реттілік көрінетін жағдайларды
идентификациялау ролдерді ойнату және моделдеу арнайы әлеуметтік
тәртіпттерге табанды түрде бағытталуды үйрету.
6. Әлеуметтік әрекеттесуді оптимизациялау: әлеуметтік әрекеттістікте
бұзылыстардың туылуына себеп болған, факторларды идентификациялау;
позитивті әлеуметтік қатынастар деңгейін көтеру мақсатында өзгертіліп
отыратын әрекеттерді таңдау.
Гештальт-терапия шегінде қолданылатын агрессивтіліктің терапиясына
тоқталсақ Гештальттерапияда агрессивті реакциялар проекция (қысым
көрсетуден пайда болған барлық агрессия түрлері) интроекция (үйреншікті
агрессия) немесе ретрофлексия (аутоагрессия). Бірақ қалай болғанда да
агрессивтілік өзін регуляциялаудың процессінің бұзылуы болып табылады.
Пайда болған қажеттілікті қанағаттандыруға болмаса және гештальт бітпей
қалу мүмкін болған жағдайда көрінеді.22.34-37
Гештальттерапия невротикалық, үйлесімсіз немесе тұрақты агрессивті
реакцияларды конструктивті, пайдалы және жақсы тәртіпке трансформациялауға
мүмкіндік береді. Жоғары айтылғандағыдай агрессивтіліктің пайда болу
себептері әр түрлі болуына байланысты оның түрлері де әр түрлі болады:
Мысалы, релевантты жағдайларда агрессияны ұстай алу механизмдерін
белсендендіру, агрессивті импульстерді объективті емес, бағытталмаған
көрсетуді басқаратын механизмді белсендендіру. Өзінің агрессивті
әрекетінің нәтижесін алдын ала көре алу, жоспарлай алу. Сонымен қатар
балаларда гештальтты аяқтаудың агрессивті әдістері көп. Бұл жерде
гештальтты жою немесе қайта құружұмысы жүргізілу мүмкін.
Жеткіншектердің агрессивтілігін түзеуде гештальт-терапияны қолдану.
Баланың өмірлік қажеттілігін қанағаттандыру көбіне ересектерге
байланысты. Сондықтан махаббат, мазақтау, көмектесу жағдайында тәрбиеленген
бала толық дамиды. Сондықтан егер балаға қатты сөйлеп, жазаласа, әсіресе
ата-ана, бала өзін шеттелген болып сезінеді. Кей кезде бала өз эмоциясын
және сезімін қалай пайдаланатынын білмейді. Сондықтан ол кей кезде сезімін
ұстап немесе оны басуа тырысады. Шығарылмаған эмоция сақталып, баланың
психикалық денсаулығына әсер етеді. Барлық сезімдер бұлшақ ет, дене
функциясында көрінетін, физиологиялық өзгерістермен байланысты. Егер бала
өз ашуын сыртқа шығармаса, ол басқаша жолмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектердің агрессивті тәртібінің типологиясы
Физикалық вербальды агрессия
Жеткіншектердің құрбы - құрдастарымен қарым - қатынас мәселелерінің психологиялық аспектілері
Жеке тұлға интеракционистік теория
Компьютерлік ойындардың бала психикасына кері әсері
Жеткіншектік шақта дамудың психологиялық ерекшеліктері
Компьютерлік ойындардың мінез - құлыққа агрессивті әсер ету проблемалары
ДАУ - ДАМАЙ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЖЕТКІНШЕКТІҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІНЕ ӘСЕРІ
Агрессиялық мінез – құлықтың феноменологиясы
Конфликт және оның шешу жолдары
Пәндер