Оқушылар тұлғасын қалыптастыру және қабілеттерін тәрбиелеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Оқушылар тұлғасын қалыптастыру және қабілеттерін тәрбиелеу

Мазмұны

Кіріспе
1. Оқушылар тұлғасының жас және жеке басы ерекшеліктерін ескеру
негізіндегі тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы
2. Оқушылар тұлғасының тәрбиесінің негізгі ерекшеліктері мен
міндеттері
3. Оқушылар тұлғасының ерекшеліктері.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Тұлғаны жан-жақты дамыта тәрбиелеуге арналған жаңа шешімдерді іздестіру
төрбиелік үрдістің түтас идеясын тұрақтандырудың қажеттіін туғызады.
Соңғы он жылда тәрбие үрдісі шынына келгенде оның қүрылымындағы
жекелеген үрдістер жиынының жалпы саны ретінде қаралып келді. Бүл үрдістер
төрбие ісін үйымдастыра да, жетілдіре де алады деп саналды, Бүдан басқа
түлғаның түтастай қалыптаеуына емес, оның жекелеген сапаларын
қалыптастыруға көңіл бөлінді, сонымен бірге түлғаның жан-жақты үйлесімді
дамуының үстанымы бүзылды.
Төрбие үрдісін осы заманғы жағдайдағы түсінік бойынша тербиешілер мен
тәрбиеленушілердің бірлесқен мақсатқа жетуге бағытталған өзара тиімді
әрекеті, ыңтымақтастық әрекеті деуге болады.
Еңбектің бірініші бөлімінде бүгінгі күнгі емір талаптарынан шыққан
тербиенің мақоаты белгіленген. Осы негізгі мақсатты нақтылай келіп, қазіргі
қоғамды ізгілендіру мен демократияландыру үрдістерінде, нарықтық
қатынастарға көшіп отырғанда, жалпы адамзаттық қүндылықтарға және тәрбиенің
осы заманғы теориясына сүйене отырып жөне Қазақстанның үлтгық, өлеуметтік-
экономикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның ішкі мүмкіндіктерін
өздігіне толық пайдалануға даяр белсенді, іскер, қоғам алдындағы өзінің
жауапқершілігін сезінетін, сонымен бірге қайырымды жөне тапқыр, қоғамдық
талаптарға икем, жеке басының мүдделерін қоғам мүддесімең үштасгыруға
қабілетті, жеке бастың қүндылығын бағалай білуші, жоғары ойлы, адал, үлтгық
саңасы оянған, басқа да ізгі қасиеттері жетілген, жан-жақты мөдениері
азамат тәрбиелеу керекгігін еске саламыз.
Уақыт талаптарына байланысты тәуелсіз республикамыздың жалпы білім
беретін мектептерінде төрбие жұмысының негізгі түрлері сақталғанымен,
оларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Ең бастысы сол —
мектептегі сабақтарда, сыныптан тыс және мектептен тыс уақытга мүғалім мен
оқушының езара қатынасында қажетті білім көлемін игерту арқылы ғылыми
көзқарастар негізін қалыптастыруға қамқорлық жасалуы керек. Сонымен қатар,
түлғаны рухани-адамгершілік қүндылық-тарымен байыту көзделуі керек, соның
нәтижесінде оқушылардың жоғары қабілеттілігі дамиды, еңбекке, табиғатқа,
өнерге, айналадағы адамдарға саналы қатынасы орнайды, тиісінше өзін қоғамда
үстай білушілігі қалыптасады.

1. Оқушылар тұлғасының жас және жеке басы ерекшеліктерін ескеру
негізіндегі тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы
Кітаптың бірінші бөлімінде айтылған тәрбиенің жалпы мақсаттары барлық
басқыштағы жаста жүзеге асырылады. Сондықтан бұл бөлімде I—IV, У-УІ,
VII—VIII, IX сынып оқушыларын тәрбиелеу олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
қарастырылып, жалпы міндеттері нақтыланады, тәрбиелік міндеттерді жүзеге
асыруға көмегін тигізетін тәрбиенің ұл гілері ұсынылады.
Осы арада жасына қарай жекелеген топтардың арасыңдағы шек қоюшылық
туралы мәселені шешуге белгілі бір ықпал жасайтын кейбір жаңа құбылыстарға
назар аударған жөн. Соңғы уақытга барлық жерде балалардың дене және
психикалық жағынан барынша ерте даму себебі әлі күнге жеткілікті зерттеліп
болмаған акселерация жайы еске алынып отыр. Мұғалім, тәрбиеші үшін жас
ерекшеліктеріне байланысты көзқарасты екі түрлі мағынада қарастыруға тура
келеді. Ол, біріншіден, әр балаға тән жас ерекшелігі ғана емес, сонымен
бірге топ немесе ұжымға тән жас ерекшелігін де ескеруге тура келеді.
Сондықтан тәрбиешілерге тек жекелеген оқушының жас ерекшелігін біліп қою
жеткіліксіз, сонымен бірге, сынып оқушыларының жас ерекшеліктері туралы
мағлұматының да мол болуы қажет. Оны тәрбиелеу мақсатында оқушының жеке
басын зерттеп білу көзінде мұғалім, ең алдымен, нені білу керектігін
айқындап алуы керек.
Бірқатар себептер бойынша I—IV сынып (7—10 жас) оқушылары педагогикалық
тұрғыдан ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Біріншіден, педагогтың бұл
жастағы баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, әлеуметтік ортамен
жаңа қатынастарға түсіп отырғанын есінде ұстауы тиіс. Бұл төменгі сынып
оқушыларының өмірін жаңа жағдаймен толықтырады. Сөйтіп, жаңа ортамен өзара
қарым-қатынас жасау үрдісінде оның мінез-құлқы, еркі, оқуға деген
қызығушылығы мен танымдық қабілеті дамиды. Екіншіден, тәрбиешіге бұл
жастағы баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін білу аса қажет.
Солардың кейбіреуін атайық: бұл кезенде физиологиялық тұрғыдан алғанда,
7-10 жастағы оқушыларда негізінен бас сүйегі қатаяды, тұтастай алғанда
қаңқаның қатаюы жалғаса береді. Ми салмағының артуы, жүйке жүйесінің
жетілуі, екінші сигналдық жүйенің (сөйлеу) қарқынды дамуы байқалады, сөздік
қор көбейеді, тежелуден қозудың басым болушылығы, ойдың нақты бейнелі түрі
және естің болуы, елестетудің айқындығы, білуге құмартушылық, жеңіл-желпі
сенушілік, елік-теушілік, ерік үрдісінің дамуы сезіледі, моральдық
санасында императивтік (бұйырушылық) элементі, өз құрбыларының мінез-
құлқындағы кемшіліктерге қатты әсер ету және өзіне сын көзбен қарамауы
басым болады.
Психиканың дамуы жаңа құрылым деп аталатын қызмет түріндегі жүйелі
оқу сияқты жаңа сапалық ерекшеліктердің пайда болуына байланысты: ойын
қызметтің шешуші түрлерінің бірі болып қала береді, келесі сынып ұжымына
ауысқанда ойын балалардың мінез-құлқында ерекше ізін қалдырады.
Үшіншіден, оқу процесі баланың жеке басына, оның назарына, есіне, ойлау
жүйесіне әсер етіп, тұлғаның психикалық даму деңгейі мен үнемі өсіп
отыратын талаптар арасындағы қайшылықтардың тууына себепкер болады.
Мектепке келген алғашқы күннен бастап балалардың өз құрбыларына,
педагогтарға, оқуға, табиғи ортаға деген қарым-қатынасы қалыптасады,
алғашқы дағдылар мен әдеттер пайда болып, кейін оқушының мінез-құлық стилін
және оның мектеп ұжымындағы орны мен бағытын айқындайды.
Төменгі сынып оқушылары көп өсерленгіштігімен, басқаға назар аудара
білушілігімен біршама ерекшеленеді. Сондықтан оларды оқыту үрдісімен және
сабақтан тыс кездегі бірлестікте өткізілетін тартымды жұмыстармен қызықтыра
білудің маңызы зор. Жеті жастағы бала әдетте тәрбиелік ықпалға тез
кендігеді. Оның жақсы оқушы болғысы келеді. Бұл жастағы баланың бойында
қазірдің өзінде белгілі бір дәрежеде адамгершілік тәжірибесі бар екенін
есте ұстау керек.
Мамандар дәлелдегендей, балалардың адамгершілік жайындағы түсінігі
бастауыш сыныптарда қалыптаса бастайды. Оқушының іс-әрекетінде белгілі бір
ортаға бейімділік байқалады. Қоғамдық ортада болғанда төменгі сынып
оқушыларында моральдық түсінік тез дамиды және бастауыш мектептің соңына
қарай оларда адамгершілік туралы- белгілі бір түсінік пайда болады.
Мәселен, егер I— II сыныпта оқушының мораль жөніндегі түсінігі тек ата-
аналар мен мұғалімдердің пікірлеріне негізделетін болса, III—IV сыныпта ол
басқа адамдардың іс-әрекетіне талдау жасауға және қорытындылауға тырысады.
Сонымен бірге, олардың бойында өздерінің оқығандары мен көргендерінен
тәжірибе жинақталады және ол жеке басының әрекеттерін саналы түрде бағалай
білу деңгейіне көтеріледі. Бастауыш сыныптарда оқушының бойында өзіне төн
мінез-құлықтың қалыптаса бастайтынын және түрліше қайшылықтардың бой
көрсететінін білудің маңызы зор. Оны төмендегі фактілермен тұжырымдауға
болады: жүйке жүйесінің әлсіздігіке байланысты теменгі сынып оқушыларында
ұялшақтық пен тұйықтық пайда болады; тежеу үрдісінің әлсіздігінен шапшаң
қимылдаушылық пен өз әрекетін тежеуге қабілетсіздігі басым болады;
психикалық үрдістің әлсіз қозғалуынан оларда баяулық және бір заттан
екіншісіне солғын назар аударушылық байқалады. Оқытудың бастауыш басқышында
оқушының ойланбай жасалатын қылықтарға бейім тұратынын есте ұстаған жөн.
Мәселен, ерік үрдістерінің әлсіздігінен бала тіпті белгіленген мақсаттарды
орындай алмауы мүмкін, сонымен бірге оған назарының тұрақсыздығы да тән.
Осыған байланысты мұғалімдер мен ата-аналар баланың өзіне деген сенімін
әрқашан қолдап отыруы керек.
Бастауыш басқыштың оқушысы үшін мұғалім қашан да еліктейтін үлгі болып
табылады. Оқушы барлық істе мұғалімге ұқсағысы келеді. Озат мұғалімдердің
тәжірибесі осындай қызығушылықты тәрбиелік жұмысқа пайдалана отырып, үлкен
нәтижелерге жетуге болатынын көрсетгі. Егер III сыныптың басында оқу-тәрбие
жұмысы педагогикалық тұрғыдан сауатты ұйымдастырылған болса, онда
оқушылардың бойында еңбексүйгіштік, ұқыптылық, шыдамдылық, жауаптылық,
қиындықты жеңе білушілік сияқты ерік сапаларын дамытуға болады. Бастауыш
басқыштың оқушысында оқуға деген талап пен қызығушылықтың өте жоғары екені
белгілі. Ол бәрін білгісі және бәрінен үйренгісі келеді. Ең алдында ол
(I—II сыныпта) жекелеген заттар мен құбылыстарды тануға ұмтылады, содан
кейін себептерін, зандылықтарын және құбылыстардың байланысын айқындауға
тырысады. Осындай жағдайларға сәйкес оқу үрдісімен қатар, мұғалімнің
сабақтан тыс тәрбиелік шаралары танымдық үрдісте оқушылардың қызығушылығын
күшейтуге бағытталуы керек.
V—VI сыныптарда (11—12 жас) оқитын оқушылар кіші жасөспірімдер деп
аталады. Жасөспірімдік жас - оқушының дамуындағы жаңа кезең. Жасөспірім
енді бала емес, бірақ ол әлі үлкен де емес. Баланың бейнесінде балалық
көріністерімен қатар, есейе бастаған адамға тән жаңа белгілері және үлкен
адам болуға деген белсенді ықылас пайда болады. Сондықтан бұл жастың
өтпелі кезең деп аталуы кездейсоқ емес. Жасөспірімнің анатомиялық-
физиологиялық дамуында елеулі өзгерістер пайда болады. Ол біркелкі
болмағанымен, қарқынды өтеді. Әдетте, оқушылар бұл өзгерістердің бәрін де
сөзінеді және оларды ауырсынуды жиі бастан өткізеді. Бұл жаста баланың
партада отыруына көңіл белудің, оның гимнастикамен көбірек шұғылдануына,
спорттық секцияларға қатысуына ақыл-кеңес берудің маңызы зор. Сондай-ақ бұл
жас олардың рухани жағынан күшті дамуымен сипатталады. Алайда көптеген
жағдайда олардың ересек болуға талпынысы дамуының ішкі қайшылықтарымен
қақтығысып қалады және бұны тәрбие үрдісінде еске сақтаған жөн.
Бұл кезде кіші жастағы жасөспірімдер кейбір білім, қоғамдық-пайдалы
жұмыс тәжірибесін игереді, өзіне деген сенімге және тәуелсіздікке ие
болады. Бұл жастағы балалар маңызды тапсырмаларды орындауға қабілетті.
Оларда өздерінің қылықтарына талдау жасай білу, сондай-ақ үлкендер мен
құрбыларының іс-әрекетін бағалай білуге бейімділік байқалады. Сол арқылы
олардың жеке сапасы корініс табады. Кіші жастағы жасөспірімдер үшін
тәрбиешінің жеке басының және сыныптық, ұжымдық ортаның төтенше маңызы бар.
Сөзбен әсер ету, түсіндіру жөнс сендіру әдістерін пайдаланумен бірге бұл
әдістердің тиімділік әсері интеллектуалдық және моральдық даму деңгейіне,
олардың дұрыс ойлай білу және дәлелді меңгере білу қабілеттеріне байланысты
екенін есте ұстау қажет. Бұл жаста тәрбиенің сөздік әдістерінің ықпалы
әлсіреуі мүмкіи, өйткені жас өспірімдердің бойында дамып келе жатқан
сыншылдық қасиет оларды үлкендердің әрекеттері мен дәлелдеріне күдіктене
қарауға және үлкендердің талаптарына қарсы тұруға мәжбүр етеді. Мұндай
құбылыстарды елеулі алшақтыққа душар етпеу үшін жасөспірімдерге жасалатын
тәрбиелік ықпалдың әдістері мен тәсілдерін іріктеуді жан-жақты ойластыру
қажет.
Жасөспірімдердің мінез-құлқын қалыптастыруда тәрбиешілердің жеке бас
үлгісінің ерекше маңызға ие болуы одан әрі жалғаса береді. Сонымен
бірге, жасөспірім өзін үлкен кісі санаумен үлкендердің қылықтары мен
әрекеттеріне саналы түрде ұмтылады. Сондықтан жасөспірімдер үшін
үлкендердің істерінің, қылықтарының, ойларының маңызы зор. Жасөспірімдер
өзіне қойылатын талаптардың нақтылығын тез сөзінетін болады. Олар үшін
үлкендердің талаптарындағы әділдік, ақылдылық, мақсаттылық т.б. ұстанымдар
бірлігінің үлкен маңызы бар.
Осы орайда жскелеген педагогикалық талаптарды кейде тікелей емес,
оқушының жеке басына жанамалай ықпал етумен тұспалдай қоюға болады.
V—VI сыныптарда оқу үрдісінде оқушылардың жеке басын жан-жақты дамыту
үшін қабылданған мемлекеттік оқу жоспарына сәйкес пәндерде және оқудан тыс
кездегі іске асырылатын тәлім-тәрбие жұмыстарында қоғамдық-білім, біліктер
мен дағдылар жүйесін меңгереді.
VII—VIII сыныптардың оқушылары ересек жасөспірімдер болып табылады. Бұл
кезенде олардың ішкі дүниесінде терең өзгерістер болады: санасы дамиды,
өмірден өзінің орнын айқындай бастайды, өзінің іс-әрекеттеріне жауаптылығы
арта түседі, ізгілік және адамшылық проблемалары жайында ойланады. Оларда
өздерінің білімдерін, өзін-өзі тәрбиелеуді жетілдіруге, эететикалық
мәселелерге ұмтылыс пайда болады. Ересектерге, айналасындағы адамдардың
адамгершілік қасиетіне ерекше назар аудара бастайды. Сондай-ақ VII— VIII
(13-14 жас) сынып оқушыларының анатомиялық-психологиялық дамуында
айырмашылық ерекшеліктер кездеседі. Бұл кезенде жасөспірімдерде жыныс
бездерінің жетіле бастауына байланысты гипофиз бен қалқанша бездерінің
күшеюі әсерінен дененің жедел дамуы байқалады. Ол дене түзілісі мен зат
алмасу үрдісін жеделдетеді, сол себепті қарқынды өсуге өкеп (акселерацияға)
соғады, сонымен бірге, жас жеткіншектің қаңқасы шеміршектен сүйекке
айналады.
Сырт кезге дене түзілісі жақсы қалыптасқан болып көрінгенмен,
жеткіншектің әлеуметтік дамуы оның дене дамуына сәйкес келмейді немесе ата-
анаға материалдық тәуелділікте болуымен байланысты түсініспеушілік туады.
Сайып келгенде, жеткіншектің ақыл-ойының тез дамуына қарамастан, оның
жауапкершілік сезімі мен міндетінің баяу дамитыны байқалады.
Жасөспірімдерді түсіну - күрделі үрдіс. Қоршаған ортаның өзгермелі
болуынан жасөспірімдер бір жағдайдың өзін түрліше бағалауы мүмкін,
өйткені бір сыныптағы оқушылар санасының деңгейі түрліше болады.
Тәрбиеде салақтыққа жол беру қиындықтардың бірі болып табылады. Бұл
үлкендердің өзінің айтқандарын міндетті түрде орындауды талап етуіне
байланысты, баланың өздігінен әрекет жасауына кедергі келтіруге байланысты
туындайды. Мұндай жағдайда мұғалім жасөспірімдер әрекетінің ішкі
дәлелдеріне үйлес болуына тырысуы керек. Олай болмаған жағдайда тәрбиелік
жұмыстағы мұндай салақтық жасөспірімдердің көңіл күйін төмендетуге әкеп
соқтыруы мүмкін. Мәселен, түрлі құбылыстарды түсіну мен бағалаудың арасында
байланыстың әлсіздігінен көп ретте жасөспірімдердің іс-әрекеттерінде
келіспеушілік туындайды. Бала бойында өз еркінің болмауы да осы тұста
байқалады. Осындай себептерден жасөспірімдердің мінез-құлқында тұйықтық
пайда болады.
Бұл жастағы жасөспірімдердің тәрбиесіндегі тағы бір салғырттық олардың
жауапсыздығы болып табылады, сонымен қатар жасөспірімдер өздеріне сенімсіз
қарайды, өйткені ол өзі енетін әлеуметтік қатынастардың проблемасын ақырына
дейін түсінбейді. Сондықтан жасөспірімдердің әлеуметтік әрекеттерін
дамытудың, оларды қолдаудың және бағалаудың мәні аса зор.
Егер отбасында және ұжымда жасөспірімдер әрекеттерінің онды жақтары
қолдау тауып, бағаланатын болса, онда олар түрлі ортада болғанда өзіне
деген сенімге ие болады. Өзіне сенімі жоқ жасөспірімдердің ақыл-ойының даму
дәрежесі қаншалықты жоғары болса да, айналадағы дүниені ұғынуда оларда
ауытқушылық байқалады.
Жасөспірімдер тәрбиесінде кездесетін кемшіліктердің тағы бір түрі —
қоғамда өзінің толық бағалы еместігін сөзінуі. Жасөспірімдердің әлеуметтік
санасының жеткіліксіздігі қоғамдық мінез-құлықты бұзуға әкелетінін тәжірибе
көрсетуде. Сондықтан олар өз құрбыларының ішіндегі әлеуметтік топтардың
ықпалына тез түседі. Ендеше, тәрбиеші топтың қызметіне ерекше көңіл аударуы
және олардың іс-әрекеттеріндегі дұрыс және бұрыс сәттерді байқай білуі
керек. Психологтар әдетте мұндай топтарда түрліше психологиялық таңқаларлық
жайлар - психикалық индукция, конформизм (айналадағылардың пікірлеріне
бағыныштылық) сенімі, еліктеу байқалатынын, сондықтан жасөспірімдер
өмірде көпті көргендерге көбірек еліктейтінін және олардың қылықтарын сол
қалпында қайталайтынын айтады. Өмірде жасөспірімдерге шағын топтар ауадай
қажет. Мұндай ортада олардың міндеттері мен құқығы тең болады, проблеманы
түсінбеушілік өзінен-өзі шешіледі. Мұндай топтар жеке бастың сапасын
қалыптастыруға және басқалармен өзара қарым-қатынасты анықтауға ықпал
етеді. Сол себепті тәрбиеші бұл проблемаларға ерекше көңіл бөлуі керек.
Жасөспірімдердің тәрбиесінде жыныстық дамуға байланысты психологиялық
өзгерістер ерекше ескерілуі керек. Жыныстық жетілу кезеңінде ер балалар мен
қыздардың дене құрылысында өзгерістер пайда болатыны байқалады. Жыныстық
өзгешеліктер себебінен ер балалар мен қыздарда өмір жолы мен мамандық
таңдауда өмірге түрліше бейімділік пайда болады. Олардың арасындағы қарым-
қатынастар нәтижесінде өзіне деген сенімі дамиды. Жыныстық жетілу кезеңінде
өзіне-өзі баға беру өзгереді, есейеді, соған сәйкес үлкендерге деген қарым-
қатынас өзгереді. Жыныстық даму үрдісінде жасөспірімде құндылықтарды
қайтадан бағалау пайда болады.
Тәрбиедегі қиындықтардың бірі оқушылардың отбасындағы жағдайы мен жай-
күйі болып табылады. Кейбір отбасында жасөспірімдерге еркіндік беріліп,
үлкен жауаптылық тапсырылады, кейбір отбасында керісінше, жасөспірімдерге
жас балаларға қарағандай қатаң бақылау жасайды, оларды өзіне деген
сенімінен айырады. Жасөспірімдер бір-бірімен араласқанда көбінесе
отбасындағы жағдайларды салыстырады. Бұлай ету үлкендермен қарым-
қатынастардағы түсінбеушілікке екеп соғады. Қатаң бақылауда болатын
жасөспірімдерде әдетте үлкендермен қарсыласу көп болады, өйткені олар
өздерін қазірдің өзінде үлкенбіз деп санайды. Оларға үлкендердің орынсыз
қамқорлығы немесе олардың адамгершілігін кемітуі ұнамайды. Мұның бәрі
олардың өздерін толық құқылы азаматпыз деп санауынан келіп шығады. Сонымен
бірге, үлкендер мен жасөспірімдер арасындағы түсінбеушілік жасөспірімнің өз
істерін асыра бағалауынан да пайда болады. Үлкендер балаларды өздерінің
меншігі санап, олардың қызығушылықтарымен және қажеттіліктерімен
санаспайды. Жасөспірімдер өздеріне қойылған шектеушіліктің себебін білгісі
келеді, үлкендер болса, көп ретте дәлелді жауаптар қайтармайды. Соның
салдарынан оларда үлкендердің әділетсіздігі жайында ұғым қалыптасады.
Әдетте, өмірде тәрбие ісінде үлкендердің өздерінің үлкендігін жиі
пайдалануы тәрбиенің дұрыс болуына кедергі келтіретіні байқалады. Өзінің
әрекеттерін жоғары бағалайтын жасөспірімдер түрлі проблемалар бойынша
өздерінің пікірлерін толық айтқысы келеді. Егер олардың солай істеуіне
мүмкіндік берілмесе, қарама-қарсылық шиеленісе түседі. Осындай жағдайдың
салдарынан кейде жасөспірімдер үйін немесе тәрбиелік мекемелерді тастап
кетеді. Тәрбие жүйесінде жасөспірімдер үнемі өзгергіш және дамымалы буын,
ал үлкендер қалыптасқан буын деген фактіні ескере отырып, тәрбиеде
жіберілген өз қателіктерін мойындауы керек.
Сыртқы ортаның ықпалымен жасөспірімдердің ішкі дүниесінде терең
өзгерістер болып жатады. Сондықтан тәрбиешілердің жасөспірімдерді
тапқырлыққа және тұлғалық тәуір қасиеттерді қалыптастыруға бағыттауы қажет.
VII сынып оқушыларының білімін өздігінен терендетуге ұмтылатыны және
білімнің түрлі саласына қызығушылық танытатыны белгілі. Көп жағдайда
олардың қызығушылығы кездейсоқ факторларға негізделген. Оның оқыған
кітапқа, көрген фильмге немесе пән бойынша алған жоғары бағаларына
байланысты болуы мүмкін. Егер тәрбиеші оқушылардың қызығушылығын дамытуға
үнемі көңіл бөліп отырмаса, онда олар біржақты және шектеулі болып қала
береді. Осыған байланысты оларды қоғамдық мәні бар мақсаттарға бағыттаудың
маңызы зор.
Ересек жасөспірімдер ой еңбегі мәдениетінің негіздерімен таныс. Олар
өздерінің уақытын жоспарлай және тиімді пайдалана біледі.
Күн режимін сақтай білудің де ерікті дамыту мен мінез-құлықты тәрбиелеп
жетілдіруде маңызы зор.
Жыныстық дамуға байланысты жасөспірімдердің қарама-қарсы жыныс
өкілдеріне қызығушылығы артады. Алғашқы сүйіспеншілік сезімі
жасөспірімдердің іс-әрекеттеріне ықпал етеді. Тәрбиеші жас жігіттер мен
қыздардың арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы, достық және махаббат
туралы, жоғары адамгершілік түсініктер туралы әңгімелер өткізуі керек,
санитарлық-гигиеналық білімге көңіл аударуы қажет. Әсіресе, бүгінде сексті
кең марапаттауға байланысты түрлі жұқпалы аурулардың неден пайда болатынын,
оның адам өмірінс, түқымға зияндылығын түсіндіру керек.
ҮІІ-ҮІІІ сыныптардың оқушылары, әдетте, спортпен, бимен, түрлі
ойындармен, кештермен шұғылданады. Егер олардың қызығушылығын дер
көзінде керекті арнаға бұрып отырмаса, олардың оқуына бөгет жасауы
мүмкін.

2. Оқушылар тұлғасының тәрбиесінің негізгі ерекшеліктері мен
міндеттері

Басты қажеттілік — оқушы болу. Ол сыртқы пішінімен, оқуда озат болу
ниетімен, оқушының мінез-құлқымен, мектеп оқушысын алдымен мұғалімнің,
содан соң (үшінші-төртінші сыныптар) құрбыларының тануымен, сыныптағылармен
бірге болуға талаптанумен айқындалады.
Оқушы бейнесі осы міндетті өтеудің көрінісі. Бұл жаста баланың бойында
өзін оқушы сөзінуі, жақсы үлгеруші, қолынан бәрі келетін екінші немесе
үшінші сынып оқушысымын деген мақтаныш сезім билейді.
Қызмет. Танымдық қызметтің қарқынды қалыптасуын (баланың, неліктен
солай? дейтін сұрағы сиректеліп құндылықты, оқи білуді (бөліктерін
оқи, санай, жаза білуден бастап) игеру.
Мұғаліммен өзара әрекет жасаумен ережелер бойынша жасалған қатынастық
қызметті, сол секілді бір сыныптағылармен оқу-іскерлік қатынасты дамыту.
Оқудан тыс жердегі қатынас баяу, стихиялы түрде қалыптасады. Ол көп
ретте арнаулы педагогикалық қамқорлықта, бақылауда бола бермейді.
Бірлесе атқарылатын танымдық және ойындық (рольдік және қимылдық)
қызметтер тартымды болады.
Тұлғааралық қатынастың мазмұны - аспаптық — оқиғалық — жағдайлық.
Әдетте, балалар бұл жаста бір-бірімен сойлесіп пікірлескенде көбінесе
Бүгін не істейсің?, Не істеп жатырсың?-нан бастайды. Олар өткендегіге
немесе алдағы істелер іске аз көңіл бөледі.
Сыныпта өзара қарым-қатынас біркелкі, біршама қиын емес және мұғалім
бағалауының күшті ықпалында болады. Қатынастың белгілі топтары 2—3 адамнан
(бұл ойындық және ұйымдық жағдайлар үшін дұрыс емес) тұрады.
Мұғалімнен күтілетін негізгі рольдер — тергеуші және қорғаушы.

Кіші жасөспірімдердің белгілі сипаттамасы. Бұл жаста болу,
үлкендерге еліктеу бірінші жоспарда болады. Мәселен, егер кіші жастағы
оқушыға үлкен болу — оқушы болу мақсат болса, кіші жасөспірімдер өзіндік
әрекетімен, қарым-қатынаста үлкендерге теуелсіз болуымен, өзінің
қызығушылығын өздігінен жүзеге асыруымен ерекшеленеді.
Мен бейнесі. Мен бейнесінің (дамудағы өзгерулер) — Жолдастары үшін, ата-
аналары үшін өзін құнды етіп көрсетіп, жақсы көруді өзіне қабылдауы. Егер
жолдастық ортада ондай түйсіктер қарқынды орнайтын болса, онда ата-аналар,
кейде мұғалімдер арасында жылдамырақ, өзі түсініктің нығаюын күтеді.
Меннің қиялдық және шынайылық ерекшелігі айқындалып арақатынаста
және әлеуметтік-мәдени үлгілерде, соның ішінде батылдық пен нәзіктіктің
мақсат мұраттарына сәйкес келетін ер азаматтық және қыз балаға тән нәзіктік
өлшемдердің көрінісі беруі байқалады.
Қызмет. Жеке тұлғаның бойына тән қасиет. Ол оқу оқу, білім алудан
басталып, қоғамдық жұмыста көрініс беретін немесе көше қаңғып, қоғамға жат
қылықтармен айналысуынан байқалатын құбылыс. Оның ішкі ерекшелігі
қайраткерлік көрсетуге талпынумен байланысты. Егер ол өзіндік Меніне —
сын көрсете алса жеңіске жеткені, ал көрсете алмаса іс-әрекеттің нәтижесіз
болғаны.
Әсерленушілік пен өзін әр түрлі қырынан көрсетуге тырысу арқылы бала өз
бойындағы қабілеті мен ерекшелік қасиетін танытады. Ол жолдастары арасында
дами түседі де, жолдастық-ұжымдық мақтаныш сезімге ие болады. Мысалы: 5
б - біздер 5 а сынып сияқты емеспіз, ерекшелігімізбен кезге түсеміз
деп мақтанады.
Топтық қатынас саласында — қатыстық топтың жыныс белгілеріне қарай
бөлінуінің дами түсуі, оқиғалық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеу
Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабағында жүргізілетін шығармашылық жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын қалыптастыру жолдары
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын анықтау
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Педагогикалық технологиялардың қызметтері
Мектептегі мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастыру
Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі
Пәндер