ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

1тарау

I - ТАРАУ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨБЛЫСЫНА ҚЫСҚАША ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан территориясының оңтүстігінде орналасқан. Облыстың солтүстігінде Бетпақ даламен, оңтүстік шығысында Шатқал жотасымен, солтүстік шығысында Мойынқұммен, батысында Қызылордамен, шығысында Қырғыз жотасымен шектеседі.

Саяси экімшілік жағынан облыс батысында Қызылорда, солтүстігінде Жезқазған, шығысында Қырғызстанмен, оңтүстігінде Өзбекстанмен шектеседі. Оңтүстік Қазақстан облысының жер көлемі - 116, 3 мың шақырым. Халкының саны - 2, 17 млн адам (2004ж. ) . Орталығы - Шымкент қаласы. Шымкент қаласы ертеден келе жатқан қалалардың бірі. /І/

Оңтүстік Қазақстан өлкесі ерте уақыттан-ақ ежелгі адамдар тұрағы болған. Оған куә Оңтүстік өлкесіндегі Қаратау тауының баурайынан тас дәуірінің көптеген ескерткіштері, әр түрлі тас құралдары табылды. Бұл табылған заттар сол кездегі халықтың жоғары дәрежедегі мәдениеті мен ой-санасын көрсетеді. Жүздеген және мыңдаған жылдардың ішінде бұл мекенді көптеген халықтар мен мемлекеттер бір-бірің ауыстырып, мекендеп отырды.

Оңтүстік Қазақстан өлкесі сол кездегі Қазақстан аумағы мекендеген және өмір сүрген сақ тайпасының негізгі орталық жері болды. Келесі ғасырларда (VI ғасыр) олар түрік қағанатының құрамына кіріп, Гоби шөлінен Каспий теңізіне дейінгі орталықты алып жатты.

Бұл өлке жайлы айтқанда мына бір тарихи оқиғаны айтпай кетуге болмайды. Оңтүстік өлкені басып өткен Ұлы Жібек жолы VI - VIII ғасырларда шығыс пен батыс елдерінің сауда-саттық, мәдени байланыс жасауына орасан зор қызмет атқарды. Қытай жерінен басталған Ұлы Жібек жолы Оңтүстік Қазақстан арқылы Орта Азиядан Үндістан, Иран, Туркия, Мысыр, Сирия, Византияға дейін созылды. Қазақстандагы Ұлы Жібек жолы бойында мәдениеті гүлденген қалалар бой көтерді. Олар Отырар, Сайрам, Сығанақ, Сауран, Созақ, Яссы. /І/

Оңтүстік өлкесінің мақтанышы, Дүние жүзіне белгілі ғалым, асқан ойшыл, "екінші Аристотель" деп атанған Әбу Насыр Әл-Фараби Отырар өңіріңде орта ғасырда (870 жылы) дүниеге келген. Бұл өлке тарихи архитектуралық ескерткіштерге өте бай. Бұлар Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Арыстан баб, Абдил Азиз, Қарашаш-ана, Ибрагим-ата, Домалақ-ана, Бәйдібек-ата кесенелері. Өзінің мыңдаған ғасырлық тарихында біздің өлке ұлы Жібек жолымен өткен қазынаға толы керуендерді де, Монгол шапқыншылығында, Жоңғар қонтайшыларының басқыншыларын да басынан өткерді.

XIX ғасырдың 60-шы жылдары Қазақстанның Ресейге ұзаққа созылған келісімінен кейінгі қосылуы аяқталды. Ресей патшалығы өзінің Қарамағына енген жаңа жерлерді игеру мақсатында бірнеше ғылыми-экспедициялар ұйымдастырды. Қазақстан аумағында физикалық-географиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.

И. В. Мушкетов алғашқы зерттеу жұмыстарын Тянь-Шанның батысындагы ежелгі Қаратау жотасын, Боралдай, Арыс, Бадам өзендері мен

Қазығұрт тауынан бастады. Ол алғаш рет Тянь-Шань тауының жер бедері құрылымы заңдылығын жазды.

А. Н. Краснов - Оңтүстік өлкені тексерген ең атақты зерттеуші еді. Ол жазық далаларды зерттеп, шөл даланың топырақ құрамын толық зерттеді. (сазды, тасты, құмдақты, сортаңды) . 1865-1879 жылдары А. Татаринов Оңтүстік Қазақстанның Ленгір, Келтемашат және тагы басқа қоңыр көмір кен орындарын ашты.

Оңтүстік Қазақстан өлкесі саяси дамудың бірнеше өткелдерінен өтті. 1932 жылы Қазақстан орталық атқару комитетінің ақпан айында өткен екінші сессиясында Оңтүстік Қазақстан облысының құрылғанын жариялады. Орталығы Шымкент қаласы болды. Ал 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы құрамынан Қызыл Орда облысы, 1939 жылы Жамбыл облыстары бөлініп шықты. 1964 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкесі тарап, Шымкент облысы құрылды. 1992 жылы 6-шілде күнгі Қазақстан жоғары кеңесінің қаулысымен оған өзінің ескі аты қайтарылып, Оңтүстік Қазақстан облысы деп аталды.

1. 1. Жер бедері мен геологиялық құрылысы

Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат жағдайлары алуан түрлі, мұнда құмды шөлдер мен шөлейттер, төбелер, тау жоталары мен қыраттар кездеседі. Жер бедері бойынша оны үш ауданға бөлуге болады: таулы, төбелі және жазық дала. Облыстың таулы ауданы оңтүстігінде Батыс Тянь-Шань жоталарынан, орталығында Қаратаудан, ал оңтүстік - шығысында Талас Алатауының сілемдері болып табылатын Қаржантау және Өгем жоталарынан тұрады.

Өгем жотасы оңтүстік - батыс бағытта 120 км-ге созылып жатыр және кескіннің тегістігімен сипатталады. Оның су айрық жоталары әдетте жазық келеді, көптеген карст шұңқырлары бар. Оңтүстік - батыс бөлігіндегі басты су айрық жотасы солтүстік - шығыс бөлігінде көтеріле отырып, 2800-3200 м биіктікке жетеді. Жекелеген шыңдарының биіктігі 3700-3800 м дейін жетеді. Жотаның құрылысы ассиметриялық, ол түгел дерлік ізбестен тұрады.

Жотаның солтүстік - батыс баурайлары көлбеу және ұзын келген. Су

айрық жоталары тегіс формаларымен ерекшеленеді. Ағын су мұнда бірқатар тар, жартасты, жүру қиын шатқалдар түзген. /2/

Жотаның су айрық басы солтүстік - шығысқа қарай өзінің жазық пішінін жоғалтып, сүйірленген және тілімденген. Жотаның баурайларын Өгем және Піскем өзендерінің көптеген салалары алып жатыр. Бұл салалардың аңғарлары тасты шатқалдар болып келеді.

Қаржантау жотасы Өгем жотасынан батысқа қарай орналасқан. Оның жалпы ұзындығы 80 км-ге жуық. Жотаның шығыс бөлігін Өгем жотасынан Өгем өзенінің аңғары бөліп жатыр. Батысында Келес өзені орналасқан Келес ойпаты жатыр. Жотаның басты су айрығы Оңтүстік - батыстан солтүстік - шығысқа қарай созылып бөлінген. Жотаның орташа биіктігі 1700-2000 м Ең биік нүктесі - Мыңбұлақ тауының биіктігі 2834 м.

Қаратау жотасы Талас Алатауынан Шоқпас асуы тұсында бөлініп шығып, солтүстік - батысқа қарай 420 км-ге созылып жатыр. Ол Солтүстік - батыс (Үлкен) Қаратау мен Шығыс (Кіші) Қаратауға бөлінеді. Қаратау жүйесіне негізгі жотамен қатар Боралдайтау, Үлкен Ақтау сияқты оған қатар орналасқан бірнеше жота кіреді.

Жотаның көлденең қимасының құрылысы ассимметриялық - оңтүстік-батыс баурайы көлбеу, ұзын келген, ал солтүстік - шығысы тік, салыстырмалы қысқа. Оңтүстік - батыс баурай Қарашық, Баялдыр, т. б. өзендердің аңғарларымен күшті тілімденген. Жоғары бөлігінде 100-400 м, орта бөлігінде 500-600 м және етегінде 60-250 м тереңдікке дейін жетеді. Өзен аралықтарында құрылымдық қырқалардың рельефі тән, Су айрық жоталардың бойында кейде үстірт тәріздес учаскелер кездеседі. /2/

Оңтүстік - Батыс Қаратаудың ізбестен, құмнан, алеврометтен және интрузивтік жыныстардан тұратын солтүстік - шығыс баурайына тар өзен аңғарлары бар тік баурайлар тән, мұнда төбелі учаскелер сирек кездеседі.

Қаратау жотасы солтүстік - батысында біртіндеп төмендеп, жекелеген шоқыларға ауысады және Қызылқұм мен Бетпақдала шөлдерінің шекарасы маңында көрінбей кетеді.

Кіші Қаратау үшін төбесінің жайпақ болып келуі және солтүстік - шығыс баурайының айтарлықтай тілімденуі тән. Сипатталып отырған аумақты байқалатын тектоникалық қозғалыстар таулардың геморфологиялық құрылысы мен қатпарлы құрылысында өз ізін қалдырған. Жас көтерілулер тау рельефінің әртүрлі сатыларын жасады, ал тау етегі мен тау аралықтарында аккумулятивтік рельеф қалыптасты. Осыған байланысты аумақта рельефтің үш генетикалық типін бөліп көрсетеді: денудациялық - текнотикалық таулар, эрозиялық - денудациялық пласты жазықтар және аккумулятивті жазықтар.

Денудациялық - тектоникалық таулардың рельефі мұздықты -нивальдық биік тау белдеуін, эрозиялық - денудациялық орта тау белдеуін және аридті - денудацияық тау бөктерін біріктіреді.

Мұздықты - нивальдық биік тау белдеуі биіктігі 2500 м асатын Өгем, Майдантал, Талас жоталарында дамыған. Рельефте мұздық денудацияның жэне аязды желден мүжілудің іздері бар. Мұнда аспалы мұздықтар мен күртік қар басқан қарлар, трог аңғарлары, цирктер, мореналық шөгінділер және адам аяғы жете бермейтін жартасты аңғарлар кең таралған. Трог аңғарларының көбінде ежелгі мұз басудың іздері қалған, тек кейбірінде ғана қазір аңғар мұздықтары кездеседі. Қардың көптігі мен тік баурайлар қар көшкінінің жүруіне себепші болады. Мұнда шұңқырлар мен үңгірлер түрінде ежелгі және қазіргі карсттар кездеседі. Шөгінді және опырынды материалдардан аңғарларда түрлі бөгеттер түзіліп, тоғандар пайда болады. /3/

Эрозиялық - денудациялық орта тау белдеуі Қаратау, Талас және Қаржантау жоталарында кездеседі. Рельеф 1800-2500 м биіктікпен сипатталады. Су айрық жоталардың ұштары сүйір, дегенмен жайпақтары да кездеседі. Аңғарлардың кескіні Ү-тәріздес, баурайларының тіктігі әртүрлі, олар қиыршық тастармен және қой тастармен көмкерілген. Шұңқыр түріндегі карстар, сайлар кездеседі, олар болуы мүмкін сел ошақтары болып табылады. Көлбеу келген баурайларда эрозияның интенсивтілігі әлсірейді, Орта белдеуі релъефінің түзілуі альпі тектогенезімен байланысты. Аридті денудациялық төменгі тау белдеуі Қаратау тауының негізгі рельефі болып табылады және 700-1500 м аралығындағы биіктікпен сипатталады.

Мұндағы рельеф эрозиялық тілімденуімен және беткейдің тегістелу кескіндерімен ерекшеленеді. Су айрық жоталардың тегістелген беткейлерін аңғарлар кесіп өтеді. Қаратаудың оңтүстік шығысында Боралдай және Құлан таулары орналасқан. Мұндағы су айрық жоталар шошақ келген, ал жекелеген шыңдар үшкір пішінді. Тау аңғарлары тар, жартасты, ал олардың ұзына бойы кескіні сатылы келген. Баурайлардың жартасты сипаты мен карст құбылысының дамығандығы тау жасаушы ізбестердің кең таралуымен анықталады. Төменгі тау белдеуінің рельефі тектоникалық және одан кейінгі денудациялық - эрозиялық процестердің өзара әрекеттесуінен түзілген.

Эрозиялық - денудациялық пласттық жазықтар Қаратау жотасының оңүстік - батыс баурайының бойында таралған. Толқын тәріздес жер бедері мезозой және кайнозой шөгінділерін сайлар мен аңғарлардың тілімденуі нәтижесінде пайда болған. Мұнда мезозой және кайнозой замандарында опырынды материал жинақталған. Кейіннен тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде тау жыныстары көлбеу қатпарлы құрылымдарға айналған. Осыған байланысты рельеф солтүстік - шығыстан оңтүстік - батысқа қарай созылған қысқа тау тізбектерімен сипатталады. Литологиясы жағынан әртүрлі жыныстардың эрозиялық мүжілуі рельефтің төбелі және үстелді - тау жүрнакты типін анықтады. Рельефтің осы типі жыралық эрозия процестерінің әлсіз байқалуымен сипатталады. /З3

Аккумулятивтік жазықтардың рельефі екі түрлі - пролювиальдық еңіс және аллювиальдық террасаланған жазықтар.

Пролювиальдық еңіс жазықтар Талас Алатауының солтүстік баурайларын, Қаратаудың оңтүстік - батыс жйне солтүстік - шығыс баурайларын және Қаржантау жотасының солтүстік баурайларын түзген. Олардың биіктігі 300-800 м аралығында ауытқиды. Тау етегінде бірқатар көтеріңкі учаскелер түзілген, бұл жазықтарға әлсіз толқынды сипат береді. Эрозиялық аңғарлар кең таралған, олар әлсіз байқалатын террасаланған кертпелер түзеді. Көбіне жас эрозиялық ойықтар ежелгі кең аңғарларға сұғынып жатады. Аңғарлардың ойығының тереңдігі тау етегінде 20-30 м жетеді, ал таудан алыстаған сайын біртіндеп азайып, тегістеліп кетеді.

Еңіс жазықтардың рельефі тектоникалық, денудациялық және негізінен, аккумулятивтік процестердің өзара әрекеттесуінен қалыптасқан.

Аллювиальдық террасаланған жазықтар Ақсу, Арыс және т. б. өзендердің бойында кездеседі. Жазықтардың түзілуі өзендердің аккумулятивтік әрекетше байланысты. Жазықтардың беті террасалармен бұдырланған. Төрт терраса бөліп көрсетіледі: өзен жайылмасы және жоғары жайылма, екінші және үшінші жайылма үстіндегі террасалар.

Жайылма (жоғары жайылмамен бірге) барлық өзендердің бойында кездеседі. Олардың ені 0-600 м аралығында ауытқиды. Жайылма өзен бастауларында қиыршықты - малта тасты шөгінділерден құралған, бұл шөгінділер өзеннің орта ағысында қиыршықты - құмды және саздақты қурылымға ауысады. Өзен сағасына қарай құмды - саздақты құрылымдар басым болады.

Бірінші жайылма үстіндегі террасаның ені 0, 2-ден 2-4 км-ге дейін өзгереді және жайылмадан 0, 6-2, 5 метрлік кемермен бөлініп тұрады. Террасаның беті тегіс болады, тек өзен жаққа қарай болмашы ғана еңіс келеді.

Екінші жайылма үстіндегі террасаның су бетінен биіктігі 5-10 метрдей болады. Оның беті тегіс, террасаның ені 0, 5-2 км-ден 15-20 км-ге дейін ауытқиды.

Үшінші жайылма үстіндегі терраса кең таралған. Оның беті лай тәріздес саздақ топырақтан тұрады, жыралармен тілімдеген. Жыралар ойығының терендігі 10-30 м жетеді, ал террасаның биіктігі 5-7 ден 20-40 метрге дейін өзгереді. Террасаның ені кейде 20 км-ге дейін жетеді. Аумақты геологиялық құрылысының күрделілігі бойынша аудандастыру Қарастырып отырған аумақта үш негізгі геологиялық - құрылымдық элементті бөліп көрсетуге болады: денудациялық, пластық және аккумулятивтік жазықтар. Денудациялық - тектоникалық тарауларға Талас Алатауы, Өгем, Майдантал, Қаржантау, Жабағылы, Үлкен және Кіші Қаратау сияқты бірқатар тау жоталары жатады. Өгем және Майдантал жоталары - биіктігі 4000 м асатын таулар. Мұнда аспалы мұздықтары бар қарлар, трог аңғарлары, цирктер, мореналар, тік жартасты аңғарлар кең таралған. Қаржантау жотасының ұзындығы қысқа ғана - 50 км жуык, биіктігі 1800-2000 м. су айрық жоталарының пішіні негізінен жұмыр, жазықтан 900-1000 м көтеріліп тұрады.

Жабағылы тауы солтүстік - шығысқа қарай 30 км созылып жатыр. Тау биіктігі 4000 м асады. Ең биік нүктесі - Ақсукент шыңы (4027 м), оның солтүстік баурайында мұздық бар. Таудың оңтүстік және солтүстік екі тармағы бар . /3/

Үлкен және Кіші Қаратау жоталарының ұзындығы - 420 км, биіктігі 1500-1800 м, орта және аласа тауларға жатады. Ең биік нүктесі Бессаз тауы -2176 м. Баурайлары асимметриялы, солтүстік - шығыс баурайы тік, жартасты, оңтүстік - батыс баурайы көлбеу және тау өзендері мен жылғалар көп шығады. Терең өзен аңғарлары жота баурайларын жекелеген өзен аралық массивтерге бөледі. Өзен аңғарлары каньон тәріздес. Рельеф макропішіндері оны жасаушы жыныстардың литологиясымен байланысты: су аирық кеңістіктер ізбестерден тұрады, төбелі рельеф аргиллиттер ауданында дамыған. Эрозяилық -денудациялық - пласттық жазықтар Қаратау жотасының оңтүстік - батысында таралған. Бұл толқынды рельефтің кеи жердегі биікігі 50 м дейін жетеді. Аккумулятивтік жазықтардың рельефі екі түрмен - пролювиальдық еңіс жазықпен және аллювиальдық жазықпен берілген. Ақсудың төменгі ағысы және Арыс сияқты ірі өзендердің бойында таралған. Пролювиальдық еңіс жазықтар Талас Алатауының солтүстік баурайында жэне Қаратаудың оңтүстік - батыс баурайында кездеседі /4/.

Оңтүстік Қазақстан облысының көпшілік жері Тұран шштасьшың құрамына кіреді. Жазық өңірі негізінен кембрилік, девондық карбондық, жыныстардан, /құм, тас, тақта тас/ таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан /құм, тас, граниткогаомерат/ жота аралық ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған. /4/

Ақсу, Сайрам өзендерінің бассейндерінде бор жыныстары таралған. Батыс Тянь-Шаньда, Қаратауда ерте бор дәуірінде қызыл сарғыш топырақтан құралған. Бор дэуірінің климаты құрғақ, аридті болады. Мұның өзі қызыл топырақтың көп таралғанын көрсетеді. Бор жыныстары, Шымкент аудандарында тараған. Төменгі жағы құмды саздармен, жоғарғы қабаты конгломераттармен шөгінді тау жыныстарымен толтырылған. /5/

Облыс территориясы төменгі бор қызғылт түсті құмдармен, саздармен күрделі. Ол - 1500 метр тереңдікке дейін барады. Жоғарғы бор теңіздің эктасты ашық қызыл құмдарымен ерекшеленеді. Ең жоғарғы қабаты қоңыр топырақпен жамылған. Қаратау және Талас Алатауының төменгі силурда және жоғарғы силурда болған, лавалармен ерекшеленеді. Талас Алатауында, Қаратауда эффузивті жыныстар аз таралған. Талас Алатауында, Қаратауда үштік дәуір жыныстары құмды сазды болып басталады. Тянь-Шанның батыс бөлігінде тектоникаға байланысты мезокайнозойлық жыныстар таралған. Бұл негізінен оңтүстікке қарай Сайрам өзені алабында, Қаратау жотасында үштік дәуір жыныстары құмды саздар болып басталады. /6/

Орта бөлігі гипс тектес сазбен күрделенген жоғарғы олигоценге жатады. Континентті гора қатпарлығы Шымкент қаласыыда белгілі. Бұлардың төменгі қабаты триас жасындағылар.

Облыс қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Мұнда полиметалл рудалары /қорғасын/ қоңыр көмір қабаттары, мәр-мәр, отқа төзімді және кварцты құмдар, темір, гипс, құрылыс материалдары, жер асты және грунт суларының қоры мол. Қазақстан қорғасын өндіруден бірінші орын алады. Соның негізінде Шымкент қаласында қорғасын зауыты бар. Шығарған өнімі тазартылған қорғасын, алтын, күміс рудалары және тағы да басқа. Қоңыр көмір Төлеби ауданында. Бұл Шымкенттің өндірістік жылу базасы болып табылады. Шымкенттен 170 шақырым, Солтүстік батысында "Таскөмірсай" көмір кен орны ашылды. Мұнда юра жасындағы көмір кен орны бар. Цемент өндіру Оңтүстік Қазақстан облысында Састөбеде бар. Оңтүстік Қазақстан басқа облыстарға қарағанда өзгеше айырма және көршілес жатқан Орта Азия Республикаларымен салыстырғанда бұл жерде фосфорит кен орны, қорғасын қоры жөнінен орасан зор маңызы бар. Оңтүстік Қазақстан су ресурстарына да оай. Бұл жөнінен ол Шығыс Қазақстан облысына жол береді. Таскөмірсай кен орнында 50 мың тонна көмір өндіріледі. Қоңыр көмірдің 476 млн. тонна қоры »ар тек 258 млн. тоннасы өндірісте пайдаланылады. Төлеби ауданында өндіріледі. Көмірді өндіру бұл жақта қиынға соғады. Гидрологияның және тау-кен техникалық жагдайларға байланысты көмір өндіру жылына 5 мың тоннадан аспайды. Қалған кен орнындарында өндіріліп болған десе де болады. Мысалы, Келте Машат Шымкенттен шығысқа қарай. Қорғасын мен мырыштын ірі кен орны Қаратаудың оңтүстік батыс бөлігінде. /Кентау, Ащысай, Байжансай кен орындары. Бұл темір жолдан және қайта өңдеу орталықтарынан қашық емес. Шымкент қорғасын балқыту зауытында өңделеді. Қаратаудың аласа бөліктерінде мыс, молибден, ваннадий рудалары бар. Темір рудаларын кен орындары Шымкент, Жамбыл темір жолдарына жақын жерлерден зерттелінген. Бұл жердегі темір қорына 182 млн. тонна, ал өндірісте 58 млн. тонна пайдаланылады. Оңтүстік Қазақстанда ТМД-дағы ірі фосфор бассейні бар. Қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде ұзындығы 200 шақырым. Бұлардың қоры 1472 млн. Өндірісте 779 млн. тонна. Оңтүстік Қазақстанда құрылыс материалдары көп. Бұл жерлерде су жоғарғы сапалы ізбес тастары мен сазды цемент бар. Састөбе поселкесінде гипс, мрамор, шыны жасайтын құмдар және минералды бояу және тағы басқалар кездеседі.

1. 2. Климаты мен ішкі сулары

Облыс аумағы Қазақстан Республикасынық оңтүстік бөлігінде орналасқан. Дүниежүзілік мүхиттардан бірнеше мыңдаған шақырым қашықтықта жатыр. Биік таулардың оңтүстікте көлбеу жатуы, ал солтүстігінде таулардың аласалығы суық ауаның еркін кіруіне әсер етеді. Климаттың құрылуына географиялық ендіктің де әсері мол.

Оңтүстік климаты шұғыл континентті. Бұл температураның тез өзгеруіне әкеліп соғады. Күн мен түнгі, қыс пен жазғы ауа-райлары әртүрлі болып келеді. Жаз айлары жылы болып келеді және солтүстік аудандарда 8 айға созылады. Барлық жерінде ыстық болып, құрғақ әрі ұзақ тұрады. Шілде айы температурасы +21+29°. Абсолютті ыстық +47° Шардарада тіркелген. Қыс айы қысқа, жиі-жиі жылы ауаға ауысып отырады. Ең суық айы қаңтар. Солтүстікке орташа температура-15°С және -11, 5°С оңтүстігінде. Абсолютті суық Созақта-4ГСтіркелген. /8/

Жауын-шашын: климаттың айрықша өзгешілігі құрғақшылық болып табылады. Жылдық жауын-шашын жарық жерлерінде 130-150 мм, тау алды аймақтарда 400-600 мм, таулы аудандарда 700 мм-ге жетеді. Жауын-шашын жыл бойы біркелкі емес, негізінен көктем және күз айларында көп жауады. Қар қалыңдығы жұқа және бір қалыпты емес. Қардың орташа қалындығы 20-40 см, және ол 2 айдан 5 айға дейін жатады. 19/ . Циклондық әрекет тауда өте сирек. Жаз айларында шөлді аудаңдарда 100 мм дейін жауын түседі. Кейбір жылдары жауын жаумай да кетеді, тіті 3-4 айға дейін қар жамылғысы 10-15 еліден аспайды. Еруі наурыз айында басталады. Күн радиациясы 5-7 айға дейін жақсы түседі. Бұлттылық солтүстік аудандармен салыстырғанда 1, 5 есе аз. Облыста оңтүстік және солтүстік батыс желі көп тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1, 9-3, 9 м/сек. Желдің қатты тұратын аймағы Ақсұрам, онда желдің жылдамдығы 5, 1 м/сек. Шақпақ желі мен Арыстанды-Қарабас атақты желдер болып есептеледі. Ылғалдығына қарай облыс 3 аймаққа бөлінеді. Өте құрғақты ( 0, 1-0, 3 ), құрғақты таулы, биіктігі 1000 метр (0, 3-0, 5) таулы, биіктігі 1000 метрден жоғары (0, 5 жоғары) Оңтүстік Қазақстан Орта Азиялық субтропикалық зонамен шекаралас, күн горизонтта ткоғандықтан радиациялық балансы жоғары, солтүстік облыстармен салыстырғанда суық ауа массалары оңтүстікке жылжыған сайын жылына бастайды. Сондықтанда бұл жерде күшті аяздар сирек болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың ролі
Ақтөбе облысының хроммен ластануы
Жайық өзенінің орналасуы
Шығыс Қазақстан облысының экономикасы
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі
Жамбыл облысы
Оңтүстік Батыс Азия
Қостанай облысына жалпы сипаттама
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz