Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-әрекеті мотивтерін қалыптастырудың басты мәселелері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімМотиваия және мотив мәселелері ғылыми зерттеу объектісі және адам іс-әрекетінің негізгі қозғаушы күштері ретіндеБастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мотивтерін қалыптастыру-педагогика ғылымының басты мәселесі ретіндеБастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мотивтерін қалыптастыруда олардың анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескеруБастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетінің мотивтерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары.
  3. Практикалық бөлім.
  4. Қорытынды бөлім.
  5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Баланың оқуына күшті әсер ететін себептердің бірі - мотивтер. Олар дидактикалық процестің басты қозғаушы күштері болады. Әсер етіп тұрған мотивтерді зерттеу және дұрыс қолдану, жеке адамның дамуын бағыттайтын мотивтерді қалыптастыру - педагогикалық еңбектің өзегі болып табылады.

Мотивтер (латынша қозғалтамын) - оқушыларды білім мазмұнын белсенді меігертетін, өнімді танымдық іс-әрекетке ұмтылдыратын процестердің, әдістердің және құралдардың жалпы аты. Егер де оқушылардың іс-әрекетінде мотив болмаса, онда ол бейтарап процеске айналуы мүмкін. Мотив - адамның объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін әрекетіне ішкі талаптануы. Демек, мұқтаждық пен ынта мотивация негізі болады. Оқушылар білімге мұқтаждығын сезуі қажет, ал мұқтаждық олардың оқуға деген ынтасын көтереді.

Оқыту практикасында оқудың әр түрлі мотивтері болады. Олардың бірі - тікелей талаптандыру мотивтері, екіншісі - перспективті талаптандыру мотивтері. Педагог-ғалымдар танымдық мотивтер және әлеуметтік мотивтер деп тағы бөледі.

Мотивтер жас ерекшелігіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, кіші жастағы балалар үшін тікелей талаптандыру мотивтері, жоғары сыныптағы балалар үшін перспективті талаптандыру және әлеуметтік мотивтер үлкен роль атқарады. Ал ойдың талаптандыру мотивтері оқытудың барлық сатысында болуы қажет.

Мотивтерді қалыптастыру педагог-ғалымдарды, мұғалімдерді ойландырып, оны зерттеуге талпындыруға. Бұл мәселені А. К. Маркова, Г. И. Шукина, В. И. Ильин, Т. А. Матис т. б. психологиялық-педагогикалық зерттеуде. Шет елдерде де мотивті қалыптастыруға көп мән беріледі. Американ психологы Д. Мак Клелланд осы салада жемісті еңбек етуде. Қазақстанда Т. Сабыров, А. Бейсенбаева т. б. осы мәселемен айналысуда.

Арнайы зерттеулер мектеп мұғалімдерінің мотивтерді зерттеуді және қалыптастырудың жолдарын, әдіс-тәсілдерін біле бермейтінін көрсетті.

Бүгінгі таңда республикадағы нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында мектепте мотивтерді қалыптастыру әдіс-тәсілдерін жетілдіру, осы мақсатта озық технологияларды қолдану өзекті проблемаға айналып отыр. Мұғалімдерді мотивтерді қалыптастыруға үйрету мәселесі де бар.

Осы айтылғандардың барлығы біздің зерттеу жұмысымыздың көкейтестілігін анықтап, жұмыстың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларын оқу іс-әрекетінің мотивтерін қалыптастырудың білімді игеруде алатын орны» деп тұжырымдауға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты : оқушыларда оқу мотивтерін қалыптастырудың жолдарын қарастыру.

Зерттеудің объектісі -бастауыш мектептегі оқу тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні -оқушыларда оқу мотивтерін қалыптастыру процесі.

Зертеудің міндеттері:

-сапалы білім алуда оқу мотивінің алатын орнын, мәні мен құрылымын пдагогикалық, психологиялық тұрғыдан ашып көрсету;

-бастауыш сынып оқушыларында оқу іс-әрекетінің мотивінің қалыптастыруының жолдарын қарастыру.

Зерттеу көздері -философия, психология, еңбектері, Қазақстан Республикасының үкіметінің Білім және Ғылым министрлігінің ресми құжаттары, мектептегі мұғалімдердің және өзінің ұстаздық тәжірибесі.

Зерттеу әдістері -философиялық, психологиялық, педагогикалықжәне оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, оқушылардан сауал-сұрақтар алу, интервью алу, әңгімелесу, педагогикалық бақылау, өзінің педагогикалық тәжірибе жұмысы.

  1. Мотивация және мотив мәселелері ғылыми зерттеу объектісі және адам іс-әрекетінің негізгі қозғаушы күштері ретінде

Адам іс-әрекетінің мотивациясы және мотиві, әсіресе оқу іс-әрекетінің мотивтері мәселесі әрбір адамды, соның ішінде педагогтарды толғандыратын өзекті мәселелердің бірі. Кез-келген оқу -тәрбие үрдісін нәтижелі ұйымдастыруға тырысатын педагог ең алдымен оқушылардың оған деген мотивациясын, яғни қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолдануға тырысады, оның негізін, түп - тамырын іздеуге талпынады.

Адамның белгілі бір іс - әрекетті орындаудағы ерекшеліктері мен оның өзіндік қасиеттері өзара біртұтас құрылымды құрайды және бұл құрылым иерархиялық түрде көрінеді, яғни адамның барлық қасиеттері айналасына жинақталатын орталығы болады. Л. И. Божовичтің пікірінше мұндай орталық адамның мотивациялық - қажеттілік сферасы болып саналады /1, 145б. /. Окрит қажеттілікті негізгі қозғаушы күш және қажеттілік эмоционалды қайғыруларға, адмның ойлауға, сөйлеуге, еңбекке дағдылануына әсерін тигізеді деп түсіндірді. Яғни, оның пікірінше егер адмда қажеттілік болмаса, онда сол жабайы күйінде қалар еді.

Қазіргі уақытта мотивация теориялары көптеп саналады. Мотивацияның қазіргі теорияларының көздерін алғашқы психологиялық білімдер туындаған ошақтардан іздеген жөн. Бұл мәселені зерттеу кезінде адам мотивациясының пайда болуы мен мәніне көзқарас үнемі өзгеріп, философиядағы рационализм мен иррационализм ағымдарының арасында орналасты. Рационалистік позиция бойынша адам жануарға еш ұқсастығы жоқ ерекше тіршілік иесі. Ол әсіресе XIXғасырдың ортасына дейінгі ежелгі философтардың еңбектерінде айқын көрінеді. Яғни, олардың пікірлерінше тек адам ғана санаға, ақылға, ерік-жігерге ие. Адам мотивациясының ошағы, оның ақыл ойы, санасы және ерік-жігер.

Иррационализм ілім ретінде негізінен жануарларға бағытталады. Онда жануарлардың мінез-құлқы адамдармен салыстырғанда санасыз, биологиялық күштердің, ағза қажеттіліктерінің ықпалымен басқарылады деп түсіндіріледі. /24, 179б. /.

Адам іс-әрекетінің мотивациясы жөніндегі алғашқы психологиялық теория XVII-XVIII ғасырларда пайда болған адам мінез-құлқын рационалистік негізде түсіндіретін, жануарлар мінез-құлқын иррационалистік негізде түсіндіретін автоматттылық теориясы.

XVII-XVIII ғасырларда механика жетістіктерінің нәтижесінде кең өріс алып дамыған автоматтылық теориясы, кейін тірі ағзаның түрлі әсерлерге беретін механикалық, автоматтылық ретіндегі жауабы рефлекс идеясымен байланыстырылды. Бірі адамдар, екіншісі жануарлар үшін бөлек екі мотивациялық теория философияны екі қарма-қарсы ағымға, идеализм мен материализмге бөлу XIXғасырдың соңына дейін созылды.

XIX ғасырдың екінші жартысы түрлі ғылымдарда ашылған жаңалықтармен есте қалды. Соның ішінде Ч. Дарвиннің биологиядағы эволюция теориясының орны ерекше. Ч. Дарвин өз ілімін көптеген ғасырлар бойы анатомиялық, физиологиялық және психологияылқ жағынан мүлде ерекше бөлек болып саналып келген адамдар арасындағы шыңырау үстіне көпір салғандай болды. Ол бұл тіршілік иелерін өзара мінез-құлықтық және мотивациялық жақындастыруда, әсіресе эмоционалды экспрессивті көріністері, қажеттіліктері мен инстинктілері тәрізді ортақ мінез-құлық формалары бар екенін көрсетті.

Иррационалистік, адам мінез-құлқына мәні жағынан биоголизаторлық көзқарас ұстанған инстинкт теориясын XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында З. Фрейд пен У. Макдауголл ұсынды.

Адамның биологиялық қажеттіліктері, жеткіліктері мен ұмтылыстары теориясынан басқа XX ғасырдың басында Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясынан, яғни И. П. Павловтың жаңалықтарынан тағы екі ағым пайда болды. Олар мотивацияның мінез-құлықтық теориясы және жоғары жүйе іс-әрекетінің теориясы мотивациялық мінез-құлықты түсіндіретін Д. Уотсонның идеяларының логикалық жалғасы сияқты болды. Д. Уотсон мен Э. Толманнан басқа бұл бағыттың көрнекті өкілдеріне Х. Холл мен Б. Скиннерді жатқызуға болады.

XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап тек адамға қатысты мотивацияның арнайы тұжырымдамалары пайда бола бастады. Мұндай тұжырымдамалардың алғашқысын К. Левин ұсынды. Содан кейін А. Маслоу, К. Роджерс сияқты гуманистік психология өкілдерінің еңбектерінде жариялана бастады.

А. Н. Леонтьев тұжырымдамасы бойынша адамның мотивациялық сферасы оның басқа да психологиялық ерекшеліктері сияқты практикалық іс-әрекетте өзінің көздері, бастаулары болады. Іс-әрекеттің өзінде мотивациялық сфера элементтеріне сәйкес, олармен функционалды және генетикалық байланысты құрамаларды байқауға болады /24, 63б. /.

XX ғасырдың ортасында мотивацияның бірнеше теориясы бөлініп шықты. Олардың әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бұл теориялардың барлығын жеке-жеке қарайтын болсақ, мотивация феномендерінің кейбір жақтарын ғана түсіндіруге қабілетті. Дегенмен, адам мотивациясы туралы нақты фактілердің жетіспеушілігінен, зерттеу әдістерінің әртүрлігінен оларды жақындастыру қиындыққа алып келеді.

Адамдарда мұқтаждық қажеттіліктерді тудыратындығыы барлығымызға мәлім. Адамдар қандай да бір физиологиялық немесе психологиялық жетіспеушілікке тап болғанда, қажетттілікті сезінеді. Демокриттің пікірінше қажеттілік бірінші және екінші болып жіктеледі. Бірінші қажеттілік өз табиғатында физиологиялық болып саналады және әдетте, тумыстан пайда болады. Бұған мысал ретінде тамаққа, суға, ауа жұтуға, ұйықтаука, жыныстық қарым-қатынас жасауға және т. б қажеттіліктер жатады. Екінші қажеттіліктің табиғаты психологиялық. Мәселен, табысқа жетуге, өзін құрметтеуіне, үйірсектікке, билік етуге, бір нәрсені қажетсінуге құштарлық. Бірігші қажеттілік генетикалық негізде, ал екіншісі өмір тәжірибесі арқылы қаланады. Адамдарда тәжірибенің жинақталуы алуан түрлі болғандықтан, екінші қажеттіліктің біріншіден едәуір айырмашылығы болады.

Қажеттілік әрекет етуге себепші болады. Адам қажеттілікті сезіне бастағанда, онда талаптану күйің сезіледі. Талаптану-бұл бір нәрсенің жетіспеушілігін сезіну, белгілі бір мақсат көздеу. Бұл мінез-құлықтағы қажеттілік көрінісі, әрі мақсатқа жету ниеті болып саналады. Осы тұрғыдан қарастырған мақсат- бұл қажеттілікті қанағаттандырудың өзіндік әрекеті. Адам өз мақсатына жеткен кезде, оның қажеттілігіне қанағаттанады, не қанағаттанбайтын болады.

Мотивация үшін таңдаулы деген бір ғана әдіс болмайды, адамдардың біреуіне мотивацияның бір түрі тиімді болғанмен, екіншісіне түкке жарамауы мүмкін . Сонымен қоса ұйымның өзі де жеке бір адамға бейімделген мотивация теориясы іс жүзіне асыруды күрделендіре түседі. Жұмыстың өзара тәуелділігі, жекелеген адамдардың жұмыс нәтижесі туралы мәліметтердің жеткіліксіздігі, технологияның жетілдірілуінен қызмет міндеттерінің жиі өзгеруі - осының барлығы мотивацияны күрделендіре түседі . /3, 125б. /.

П. Гольбах қажеттіліктер біздің еркіміздің, ақыл-ой белсенділігіміздің қозғаушы факторы деп санап, сананың спонтанды белсенділігін, танымдық, эмоционалдық және еріктік әрекетті мойындады .

Адам мінез - құлқын түсіндіруде Н. Г. Чернышевский де қажеттіліктердің ролін мойындайды . Ол ағзалық қажеттіліктерді өтеу адамгершілік - эстетикалық қажеттіліктің пайда болуына алып келеді деп санайды.

Р. Вудвортс та адмның психикалық белсенділігінде қажеттіліктердің ролін мойындай отырып, соның арқасында ағза бір стимулға сезімталболып, басқаларын байқамауы мүмкін, сол себептен ол тек қозғалыс реакциясының сипатын анықтап қана қоймай, қоршаған дүниені қабылдауға әсерін тигізеді деп санайды. Бұл жерде Р. Вудвортс пен А. А. Ухтомскийдің көзқарастары сәйкес келіп, қажеттілікті қозудың доминанты ретінде қарастырады /24, 10б. /.

XX ғасырдың 20 жылдары батыс психологиясында тек адамға қатысты мотивация теориялары пайда болды. Мұнда ағзалықтан басқа оқыту және теория нәтижесінде пайда болатын психогенді қажеттіліктер бөліп көрсетіледі /35, 60-85б. /. Оған жетістікке жету, тәуелсіздікке жету, аффиллиация, агрессия, сыйластық және қорғаныс, басымдылық және көңіл аударту, зиянды әсерлер мен сәтсіздіктерден қашу т. б. қажеттіліктер жатқызылады. Сонымен қатар А. Маслоу да адам қажеттіліктерінің классификацияысн ұсынды /24, 9-11/. А. Маслоу адамдардың бұрын тәжірибесі бар, әрі білмді деп қана қарамай, оларды өзін-өзі меңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде қарастырды. Ол адамдарда иерархиялық жүйеден тұратын көптеген қажеттілік болғандығын мойындайды. А. Маслоу бұл қажеттіліктерді 5 категорияға (1-сурет) бөледі:

  1. Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін керек. Бұған тамақ, су, баспана, демалу және жыныстық қатынас қажеттіліктері жатады.
  2. Қауіпсіздік, қорғану және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп-қатерден қорғану қажеттілігі, болашақта физиологиялық қажеттіліктің қанағаттандырылуы жатады.
  3. Әлеуметтік қажеттілік-бұл бір нәрсеге немесе біреулерге қатыстылық сезімі, өзіңді біреулердің құрметтеу сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас, құштарлық және сүйемелдеушілік сезімі.
  4. Құрметтеу қажеттілігіне өзін-өзі құрметтеу, жеке басыныңжетістктері, біліктілігі, басқа біреудің өзін құрметтеуі, мақұлдаы жатады.
  5. Өзін-өзі көрсету, өзектендіру қажеттілігі - өзінің потенциалды мүмкіндігін, жеке басының өсіп-жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі. Өзін-өзі өзектендірудің көптеген міндеттері тұлғаішілік болып келеді. Оларға: жоспарлау, өзін ашып көрсету, дамудың потенциалдық мүмкіндіктерін ашып көрсету, өмірлік позицияны қалыптастыру жатады.

Сурет 1

А. Маслоу бойынша қажеттілік пираммдасы

өзін-өзі

көрсету

құрметтеу

әлеуметтік

қауіпсіздік және қорғану

физиологиялық

Маслоудың жорамалдауынша төменгі деңгейдегі қажеттілік қанағаттандырылған жағдайда ғана, едәуір жоғарғы деңгейдегі қажеттілік пайда болады да, адамдардың назарында осы жоғарғы деңгейдегі қажеттілікті қанағаттандыру ой-ниеті туындайды. Әрбір нақты уақыт кезеңіне орай адамдар өзіне аса маңызды немесе күшті қажеттілікті қанағаттандыруға ұмтылады. Осы қажеттіліктердің негізінде бала дамып, өсіп шығады. Өзін ортада еркін ұстауын көмектеседі.

Өзін-өзі көрсету қажеттілігі ешқашан да толық қанағаттандырылмайды, өйткені адамның жеке басының ой-өрісі дамуына орай, оның потенциалдық мүмкіндігі ұлғая түседі. Сол себептен де мотивация үрдісінде адамның қажетсінуінде шек болмайды.

Маслоу теориясы адамдардың жұмысқа және оқуға ынталандыру негізін түсінуге зор үлес қосты. Оның бұл теориясынан оқушының оқу іс-әрекетіне, мотивациясында олардың отбасындағы әлеуметтік жағдайлары, қарым-қатынастары, сонымен бірге өз сыныбындағы жағымды психологиялық хал-ахуалдың тигізетін әсерінің маңызы маңызды роль атқаратынын байқаймыз.

Маслоу пирамидасының жалпы құрылымына сыншылар тарапынан түрлі пікірлер айтылды. Оның теориясында қате жақтары болуы, ұсыныстарының бәрі бірдей жүзеге аса бермеуі мүмкін, алайда көптеген ой-пікірлерінің айрықша маңызы бар екені сөзсіз.

Қажеттілік теориясын ұстанғандардың бірі- Мак - Келланд. Мак-Келланд тәсілі мотивтер құрылымын және оның мінез-құлыққажәне жеке басқа әсерін зерттеуге негізделген. Ол адамдарға үш түрлі қажеттілік: билік, жетістік және қатыстылық тән деп есептейді. Билік қажеттілігі басқа адамдарға ықпал ету ниетінен көрінеді. Оқушылар ұжымындағы мұндай оқушылар әдетте өз пікірін батыл, ашық айтады, пікірталастан, өзара сыннан тайсалмайды, өз пікірін өткізуге тырысады шебер сөйлейді, әрі басқалардың өзіне ерекше көңіл бөлуін талап етеді. Адамның мадақтауға құштарлығы, сол адамның жетістігін жариялаумен шектелмейді, оның жұмысты ойдағыдай орындауымен қанағаттандырылады. Мадақтауға өте құмар адамдар кері байланысты ерекше ұнатады, өзіне тәуекел шешім қабылдайды, алдына қолайлы мақсат қояды, басқалардан гөрі өз жұмысына ерекше көңіл бөледі, әрі өзін-өзі ұдайы жетілдіріп отыруға тырысады. Мұндай адмдар қалай да табысқа жетуге тырысады. Бұлар таныстарымен жиі араласуды, достық қарым-қатынас орнатуды, біреулерге жәрдем беруді жақтайды.

XX ғасырдағы экономикалық өрлеу бұл салада да түрлі мотивациялық теориялардың пайда болуына алып келді. Бұған Герцбергтің екі факторлы теориясы мен мотивацияның іс жүргізу теориясы. Бұл теориялардың негізін басшылардың өз қол астындағы жұмысшыларының жұмысқа мотивациясын арттыруға бағытталған кеңестері құрайды /3, 151-159б/.

Бихевиористер тітіркендіргішті ағза реакциясының белсенді көзі ретінде қарастырып, мінез-қөұлықты «стимул-реакция» кестесі арқылы түсіндіреді. Олар үшін мотивация мәселесі жоқ, һйткені олардың көзқарасы бойынша ағзаның реактивтілігі мінез-құлықтың динамикалық шарты, яғни оның тітіркендіргішке өзіндік ерекше жауап беруге қабілеті кестеге реактивтіліктегі айырмашылықты түсіндіретін фактор (мотивация деп аталатын) ендірілгендігіне байланыста ағза әрқашан да сырттан келген стимулдарға жауап бере бермейді. Бірақ бұл фактор таза физиологиялық механизмдерге қосылады. Осыдан аотивацияны ағзаның кейбір тітіркендіргіштерге реактивтілік табалдырығының төмендеуі функциясы жағдайы ретінде түсіне бастады. Бұл жағдайда мотив энергизатор немесе сенсибилизатор ретінде қарастырылады.

Ж. Нюттен күнделікті өмірде адам мінез-құлқы, іс-әрекеті жоспармен және бұл жоспарды жүзеге асыруға, мақстақ жетуге ұмтылыспен анықталады деп түсіндіріледі. Бұл кесте Ж. Нюттеннің пікірінше шындыққа сәйкес және адамның күрделі мінез-құлқын ескереді /48, 237б/.

XX ғасырдың екінші жартысында адамның мінез-құлқы детерминациясында сананың жетекші ролін мойындайтын Дж. Роттер. Г. Келли, Х. Хекхаузен, Дж. Анкинсон, Д. Маккелланндтың мотивациялық тұжырымдары пайда болды /10; 11; 11; 13; 14. /. Мотивацияның когнитивтік теорияясы ғылымға әлеуметтік қажеттіліктер, өмірлік құндылықтар, когнитивтік факторлар, когнитивтік диссонанс, сәтсіздіктен қашу, жетістікті күту сияқты жаңа мотивациялық ұғымдардың кіруіне ықпалын тигізді.

Мінез-құлық детерминациясын зерттеудегі жаңа кезең XIX ғасырдың соңында З. Фрейдтың адамның бейсаналылығы және ұмтылыстары туралы ілімінің шығарылуымен байланысты. Мұны мотивацияның психоаналитикалық теориясы деп атайды. Ол мінез-құлықтың ұйымдастырылуында күшті ұмтылыстардан тұратын психикалық өмірдің бейсаналық ядросының шешуші ролін атап көрсетеді. Егер У. Джемс мотивация белгілі деңгейде шешім қабылдауды саналылықпен байланысты деп көрсетсе, З. Фрейд және оның ізбасарлары мінез-құлықты детерминациялауда шешуші роль «Жоғарғы -Мен» жағынан ұмтылыстарды басып тастау неврозға әкеліп соқтыратын, бейсаналылыққа беріледі. Мұны З. Фрейд өзінің психоаналитикалық теориясы арқылы кез келген іс-әрекеттің астарында жыныстық ұмтылыс жатыр деп дәлелдеуге тырысты /67, 45-63б. /.

Бұл бағытта У. Макдауголл да өз теориясын ұсынады. Ол объектілердің қабылдау сипатын анықтайтын, эмоциональдқ қозу тудыратын және ағзаның мақсатқа ақыл - ой, денелік әрекетін бағыттайтын, ерекше тұлға (инстинктілі) энергиясы («горме») болып саналатын мінез-құлықтың қозғаушы күші болып табылатын деп түсіндірілетін «гормоникалық» тұжырымдаманы ұсынды.

Мотивацияның биологизаторлық теориясы адамға мотивациялық факторлар ретінде бұрын тек жануарларда болады деп саналған инстинктерді, ағзаның қажеттіліктеріне де таңба басады /24, 12б. /.

Осындай иррационалистік адам мінез-құлқына мәні жағынан биологизаторлық көзқарас ұстанған (инстинкт теориясын) XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында З. Фрейд пен У. Макдкуголл ұсынды. Олардың ішінен тек ағзаның белсенділік себептерін түсіндіру үшін «Мотивация» ұғымына қатыстыларын ғана атап көрсетуге болады /48, 146-258б. /. Мұнда мотивация туралы тек энергияны мобилизациялау жөнінде айтылады. Мұнда да мотивацияны физиологиялық тұрғыдан қарайды.

Адамның биологиялық қажеттіліктері, жеткіліктері мен ұмтылыстары теориясынан басқа XX ғасырдың басында Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясынан, яғни И. П. Павловтың жаңалықтарынан тағы екі ағым пайда болды. Олар мотивацияның мінез-құлықтық теориясы және жоғары жүйке іс-әрекетінің теориясы мотивациялық мінез-құлықты түсіндіретін Д. Уотсонның идеяларының логикалық жалғасы сияқты болды. . Д. Уотсон мен Э. Толманнан басқа бұл бағыттың көрнекті өкілдеріне Х. Холл мен Б. Скиннерді жатқызуға болады.

XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап тек адамға қатысты мотивацияның арнайы тұжырымдамалары пайда бола бастады. Мұндай тұжырымдамалардың алғашқысын К. Левин ұсынды. Содан кейін А. Маслоу, К. Роджерс сияқты гуманистік психология өкілдерінің еңбектерінде жариялана бастады.

Ресейден XX ғасрыдың басында мотивация мәселесін алғашқылардың бірі болып көтерген А. Ф. Лазурский. Ол 1906 жылы «Очерк науки о характерах» еңбегін жариялады. Мұнда тілек және ұмтылыс, мотивтер күресі мен шешім қабылдау, шешімдердің тұрақтылығы және толғаныс импульстерін іштей ұстап тұруға қабілеттілік мәселелері қарастырылған /8, 42б. /. Бұл сү\ұрақтар қазіргі уақытта да өзектілігін жойған жоқ.

Ұмтылыс, тілек және «қалау» мәселелерінің ерік және еріктік актімен байланысы жөнінде өз еңбектерінде көрнекті психолог Н. Н. Ланге (1914) баяндайды. Ол «қалау» - бұл әрекеттегі ерік деп көрсетті /24, 13б/.

XX ғасырдың 20 жылдары мотивация мәселесін В. М. Боровский, Н. Ю Войтонис те биологизаторлық тұрғыдан түсіндіреді /10; 11/.

Л. С. Выготский де адам мінез-құлқының мотивациясы мен детерминациясы мәселесін назарынан тыс қалдырмады. Ол «Педология подростка» атты оқу құралында қызығушылықтың мәніне және оның жеткіншектік кезеңдегі өзгерістеріне арнайы үлкен тарау арнайды. Л. С. Выготский ұмтылыс пен қызығушылықтың сәйкестігі мәселесі бала мінез-құлқының және қызығушылығының эволюциясымен шартталатын жасөспірімнің психикалық дамуының кілті деп санады /24, 11б/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының мотивациясының теориялық негіздері
Оқушыларының оқу іс-әрекетінің мотивтерін қалыптастыру
Оқушының оқу мотивациясын мұғалімдердің зерттеуі
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясының психологиялық сипаттамасы
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін мотивацияландырудың педагогикалық шарттары
Балалар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы
Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясындағы мақсат, эмоция және қызығушылықтардың рөлі
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу танымдық мотивациялық сферасы
Балалардың оқу мотивациясын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz