Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.
Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінісінің, ал қалған 25% - зілзаланың басқа түрлері.
Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.

Пән: ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности), Защита труда
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.
Тұрғындарды қорғау
Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының
зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік
бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша
қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол
жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны,
қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін
күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға
ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын
табиғат құбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі,
қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік
ықпал ету ерекшелігі бар.
Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер
залалы мол төтенше оқиға.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін:
жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны,
буырқасын, өрт.
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді
екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінісінің, ал
қалған 25% - зілзаланың басқа түрлері.
Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына,
Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы
төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.
Жер сілкінісі
Жер сілкінісінің кенеттен пайда болатын және қас қағымда өтеді.
Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі
бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде
пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа
таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл
құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге
ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және
қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр.
Сейсмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл сайын жер
бетінде 100-ден аса жер сілкіністері болып тұрады.
Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте
жойқын болып келеді.
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар,
көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар,
су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды,
байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс
пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарға үрей
болады. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде,
теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңіздің гравитациялық
толқындарынан цунами пайда болып, құрылыста үлкен бүлінушілік
жасайды.
Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттары
көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр
аумағында жер сілкіну қауіпі бар. Бұл аймақта 6 миллионнан
астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден астам елді мекендер бар.
Еліміздің 40 пайызға жуық өндірістік әлеуеті осы аймақта
шоғырланған.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан,
Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық
қауіпті аймақты орналасқан. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының
30% -ы шоғырланып, тұрғын үй қорының 35%-на жуығы
орналасқан, Республика халқының 40%-ы тұрады.
Жер сілкінісінің қауіпті бар аймақтарда ірі қалалар мен елді
мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп
орындары, жасанды
1-сурет
Жер сілкінісінің ошағының схемасы
және су қоймалары, жарылғаш және улы материалдар қоймалары
орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген
объектілерді кейбіреулерінің бұзылуы, оңалмайтын экологиялық
өзгеріске алып келуі мүмкін. Инженерлік желілер мен
коммуникациялардың жер сілкінудің салдарынан бұзылуы аса қауіпті.
Жер сілкінісі кезіндегі қондырғы мен ғимаратты зақымдалуынан
шегілген залал ғимараттың өзінің зақымдалуынан шеккен шығыннан
біршама есе асып түседі.
Жер сілкінісінің бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның
экологиясы бұзылады, қопарылма, сырғыма, сел тасқыны және т.б.
шаруашылыққа қосымша залал әкеледі.
Жер сілкінісінің жанама шығыны да орасан зор: өндірістік циклдің
уақытша тоқтауы, еңбек ресурстарының зардапты жоюға тартылуы
және тағы басқалар. Сонымен қатар көлік жолдарының зақымдануына,
тұрғын үй тұрмыстық жағдайдың нашарлануына, халықтың апат
аймағынан кетуіне, жерасты дүмпуінің қайталануын күтуінің
нәтижесінде адамдардың ұнжырғысының түсуіне әкеліп соғады.
Жер сілкінісі салдарының аса ауыр түрлері ғимараттар мен үйлерді
сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар жер сілкінісі қауіпті
ескерусіз жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарда пайда болады.
Бұған мысал ретінде соңғы жылдары Қазақстанда болған жер
сілкіністері салдарын келтіруге болады.
Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің ықтимал жер
сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды:
сейсмалогиялық бақылау мен жер сілкінісінің болжамының
республикалық жүйесін дамыту; сейсмикалық аудандастыру сапасын
жақсарту; сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу;
халықтың сейсмикалық білімін жақсарту; басқару; хабарлау мен
байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру; дамыту
және қолдау; жер сілкінісі кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін
тарту және тұрақты дайындықта ұстау.
Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының және өзге де шараларға
жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға
басшылық жасау.
Сел
Сел – тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің
күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.
Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен,
моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның
шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Тасқындардың басқа
түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекеленген
толқындар мен 10 мс және одан көп жылдамдықпен қозғалады.
Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай,
Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел
қауіпі күшті аудандар болып табылады.
Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне
зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және
ол туралы хабарлауы (ескерту) ұйымдастыру үлкен әсер етеді.
Сейсмикалық қауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс
жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң
орындауға тиіс.
Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарланған жағдайда,
сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте,
ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерге ескертіп,
қауіпсіз орынға бару керек. Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде
пешті сөндіріп, газ бұрандысын жауып, жарықты өшіріп,
электр заттарын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қаупті
аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан
уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.
Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен
көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ,
арқан, сырық, шынжыр және т.с.с. болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі
адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты
бойынша шығару керек.
Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден
қарттар мен балаларды, аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын
адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық толғандарды
нығайтуға, кедергілер туғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.
Егер сел апатына елді мекен ұшыраса, онда іздеу-құтқару
жұмыстарына әзірленген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әр түрлі
құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары
тартылады.
Қар көшкіні
Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай
жылдам лықсуы.
Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне
ұшырайды.
Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы
геоморфологиялық және топырақтық - ботаникалық жағдайлары бар Батыс
Тянь-шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында
болып жатады. Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-
60 градуспен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған
кезде болады. Көшкін тауда жауын –шашынның жиі болуынан, циклондық
құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек
қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының
ең үлкен жылдамдығы 100 метр секундке дейін жетеді. Барлық
көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық
объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге
көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі
мүмкін.
Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады.
Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты, қар
көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, ал биік тауда –
қазан-мамыр.
Тауда болған кез-келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді,
сақтандыру шараларын білуге міндетті.
Жай адамдар көшкіндерге қыстың суық мезгілінде тауда болса
тап болуы мүмкін. Ал альпенистер мен тауға шығуды әдет қылған
туристер бұған жыл бойы әзір болуға тиіс. Тау әуезқойларымен
болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25% -на жуығы көшкіннің
еншісінде. Ол әдетте бағыт пен қозғалыс уақытын дұрыс таңдай
алмаудан, көшкін қауіпі бар беткейлерден ебдейсіз өтуден,
көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден, тәртіп
бұзудан болады.
Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен
жабайы хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тау ешкілері қар
көшкінінің ықтимал лықсуын алдын ала сезіп қауіпті аймақтан
кетеді), сондай-ақ беткейдегі қардың төзімділігін қолда бар
қауіпсіз әдістермен тексеру қажет. 15 градустан тік беткейлер
аса қауіпті болмағанмен, қар көшкінінің одан да жазығырақ
беткейлерде лықсу оқиғалары белгілі. Беткей тік болған сайын
көшкіннің лықсу ықтималдылығы арта түседі, алайда 50
градустан тігірек беткейлер қауіпті емес, өйткені қар жамылғысы
жинақталмайды, қар жауған сайын шағын бөліктермен сырғып түсіп
отырады.
Жағдай сәтті аяқталса, зардап шегушіге алғашқы медициналық
көмек көрсетіледі және ол қауіпсіз жерге апарылды.
Опырмалар
Опырмалар – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының
тмөен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы
жекеленген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі
жақпарлардың құлауы.
Опырмалар Қазақстан барлық таулы ауданыдарында болып тұрады.
Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен
топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның
шаруашылық қызметі болып табылады. Сас ірі опырмалар
тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда
болған опырмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су
тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай
өзендерге Күнгей Алатауындағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен
Алматы өзені жатады.
Опырмалар жылдың кез-келген уақытында, әдетте, тіктігі 19
градусқа жуық жарларда болады. Ірі қопырмалардың алаңы 50-60 га
дейін жетеді.
2-сурет
Опырылманың құралымы
Соңғы жылдары Қазақстан тауларындағы опырмалар құбылыс өрістеген
техногендік жүктемеге байланысты саяжай учаскелерінің кесінділері
есебінен жандана түсті. Тау беткейлерінің табиғи
геоморфологиялық тепе-теңдігі олардың жол, саяжай үйін салу, су
құбырларын өткізу және басқа құрылыстарды салу кезінде
тірегінің кесілуінен бұзылады, сонымен қатар өсімдік-топырақ
жамылғысы бұзылып, беткей топырағы суырмалы сумен ылғалданады.
Опырмалар бұрын олар байқалмаған жерлерде де пайда болады.
Тұрғындар қопарылманың басталғандығы туралы хабарды алған бойда
үй-жайдан жылдам шығып, төңіректегілерге қауіп туралы ескертіп,
қауіпсіз орынға барған жөн. Үйден шығарда пешті өшіріп, су
мен газ бұрандаларын жауып, жарық пен басқа да электр
қондырғыларын ажырату қажет.
Қар басу
Қар басу – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі.
Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан
тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып,
қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына,
малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына
әкеліп соғады.
Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса,
кедергілер орнатылады. Жолдың ғимараттың шетінен желге қарсы
бағытта арасы 15-20 метр қалқан, қар тосқауылы қойылады.
Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс
түрлері: жоғалған адам мен малды іздеу; запрдап шеккендерге
алғашқы дәрігерлік көмек көрсету; жол бойындағы, үй-жай
төңірегіндегі қарды тазалау; жолда тұрып қалған көлікке
көмектесу; коммуналдық және энергетикалық желідегі аварияларды
жою.
Барлық жұмыс бірнеше адамнан тұратын топпен бірге жүргізіледі.
Егер қар басуға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап,
тұрған жерді белгілеу керек, ол үшін ашық матаны ілген жөн.
Машинаның үстін толығымен жауып, двигательді радиатор жағынан қымтау
керек. Машина капотын желге қарай бұрып, отынды үнемдеу үшін,
пешті ұдайы қоспаған жөн. Машинаны қар басып қалу қаупі болса,
есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз.
Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты
қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бүлінген улы газ
автомобиль ішіне жиналып, қақаған суықтан бұрын өзіңізді
өмірден алып кетуі мүмкін.
Машинадан шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз
(Бір ұшын автомобильде қалдырыңыз). Адам үйден немесе машинадан
жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар
көптеп кездеседі.
Жолдағы көкайғақ аса қауіпті, ал қилысы көп жерлерде
автомобиль қозғалысын мүлдем тоқтатуы мүмкін. Жаяу жүру өте
қиын, әр түрлі заттардың құлауы және ұшуы өте қауіпті. Бұл
жағдайларда ескі құрылыстардың маңынан, электр желілерінің және
олардың діңгектерінің жанынан аулақ кеткен жөн.
Қар басуы, боран туралы хабарды алған бойда, уақыт болса, жалпы
қоршаулар, жолдағы ғимарат шетінен 15-20 метр қашықтықта жел
соғатын жақтан қалқандар орнатылады.
Дауыл
Дауыл - жойқын күші бар және едуәір созылатын, 30 мс жылдамдықпен
соғатын жел.
Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда
болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ
асытнан бұзылуы әсер етеді.
Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып
келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келітреді.
Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салуға тыйым салынып, ал қалған
аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс
нормалары енгізіліп, онда пайдаланылатын материалдардың қолайлы
үлгілері көрсетілуге тиіс. Дауыл өзінің алапат күшімен
инженерлік ғимараттарға жер сілкінісінен кем әсер етпейді.
Шаңдақ дауыл - бұл күшті жел салдарынан шаңның, құмның,
топырақтың, тұздың және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға
көтерілуі.
Қазақтсан аумағында шаңдақ дауыл - сәуір, мамыр және қыркүйек
айларында жиі байқалады.
Дауылдың жойқын салдарын төмендетудің тиімді шарасы, ол –
таянған дауыл қауіпін тұрғындарға дер кезінде хабарлау және
дауыл болып тұратын аудандарындағы осыны ескере отырып
орналастыру. Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салғызбай, ал қалған

нормаларын енгізіп, бақылауға алып көмектесу керек.
Дауылдың жақындағаны туралы хабар алған соң, мына іс-әрекетті
жүзеге асыру қажет:
Панахананы, жертөлені әзірлеу; есікті, терезені, шатырдағы
(желдеткіш) люкті нығыздап жабу; саңылауларды бекіту; төбеден,
лоджиядан, самалдықтан жел ұшырып кету қаупі бар заттарды шығару;
даладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу; газды, электр
жүйесін ажырату, суды жабу; пешті сөндіріп, қажет болса қорғаныс
панаханаларына барып орналасу керек.
Өндірісте барлық сыртқы жұмыстарды тоқтату, қондырғыларды бекіту,
агрегаттарды, механизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну,
ауылды жерлерде фермалардағы мал үшін жемнің, судың қорын
даярлау, панаханада радиоқабылдағышты тұрақты қосып қою керек.
Ғимарат ішінде болған әйнек, шыны сынықтарынан және
жарықшақтардан сақтанған жөн. Далада қалған кезде ең жақын
шұңқырды, жел өтінен сақтайтын жерлерді іздеу керек немесе
жерге етпетінен жатады. Орманда қалғанда ең жақсысы ашық
алаңға шыққан жөн, нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде
жалғыз тұрған ағашқа жасырынбаңыз, электр беру желілерінің
діңгектеріне жақындамаңыз. Дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден
тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығады. Шаңдақ дауыл
жақындағанда үйде есік пен терезені нығыздап жауып,
ғимараттан шықпаған жөн. Үй хайуанаттарын қорға немесе ғимарат
ішіне қамау керек.
Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда болсаңыз,
малды тасаға жасыру қажет. Жақын жерде сексеуіл, шеңгел
тәрізді бұталы жерде малды ұстай тұрған жақсы.
Егер дауыл кезінде елді мекеннен қашықта болсаңыз, көру
қашықтығы азайып, адасып кету қауіпі туса, онда қозғалысты
тоқтату қажет. Егер адассаңыз, жарақат алсаңыз, онда өз
орныңызды білдіру мақсатында түтіні қатты шығатын матаны,
бұтаны, көк шөпті жағып, дыбыс беріп, алыстан көрінетін ашық
затты жерге іліп, қам жасағаныңыз жөн.
Егер шаңдық дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңізді
түймелеп, бас киімдеріңізді киіңіз. Көзіңізге шаң мен тас, қоқым
түспес үшін арнайы көзілдірік киіңіз. Егер қандай да бір
жамылғы болса, оны шаңнан, суық желден, дененің суынуынан қалқа
ретінде пайдалануға болады.
Дауылдан, бораннан, буырқасыннан кейін құтқару бөлімшелері
еңбекке жарамды тұрғындармен бірге жасырынған, жарақаттанған
адамдарды шығарып, қауіпсіз жерге немесе емдеу мекемесіне
апарады.
Таудың су тасқыны. Таудан аққан көп су аз уақыт ішінде дүлей
күшке айналып, жолындағы тау тастарын, топырақтарын ала төмен
құлайды. Олардың биіктігі 10-20 метрге, кейде 40-50 метрге
дейін жетеді. Құлау шапшаңдығы секундына 3-5 метрді құрайды.
Су тасқынының пайда болу себептеріне таудағы жауынның ұзақ
болуын, мұздың кенеттен мол еруін, сол жердің топырағының
бостығын, тас жиынтығының көптігін жатқызуға болады.
Республика бойынша 300-ден аса осындай қауіпі бар тау бассейіндері
бар. Әсіресе қауіпті жерлерде Іле, Жоңғар, Талас, Алатау,
қаратау, Кетмен, тарбағатай таулары жатады. Бұл тауларда осындай
тасқындар жыл сайын болып тұрады.
Тау су тасқынынан сақтану жолдары:
• Жауын уақытында және жауын өткеннен кейін 2 күндей тауға
шықпау;
• Тауда тек бұрын адам жүрген жолдармен жүру;
• Жазда тауда түс қайтқанда, күн қызғанда жүрмеу;
• Тұманды күні тауға шықпау;
• Тауда жүргенде айқайламау, шуламау (дауыс ауаға әсер етеді,
ауа қарды қозғап жіберуі мүмкін);
• Қар басқан тау бөктеріне жақындамау;
• Егер тасқын жылжып келе жатқанын сезсеңіз, оның жолынан
шығағу тырысу;
• Күнделікті теледидар, радиодан берілетін хабарларға көңіл
аударып жүру.
Су тасқыны. Бұл құбылыс та біздің елімізде жерімізде жиі болып
тұрады. Тек соңғы бес жылдың ішінде, Атырау облысының өзінде
ғана бірнеше су тасқыны болды. Бұл өзгерістердің барлығы тек
абиғат күштерімен ғана болып жататын құбылыстар. Әсіресе, Каспий
теңізінің тасуынан Құрманғазы, Исатай аудандары көп зиян
шегуде. Мал, қора, қыстақтар, үйлер суға кетуде.
Жайық, Ойыл, Эмбі өзедерінің суының көтерілуінен Қызыл-қоға,
Жылой, Махамбет аудандары көп зиян шегіп отыр. Каспий теңізі
мен Жайық өзендері Атырау қаласына қауіп төндіруде. Бұған
қарсы облыс басшылары тиісті шаралар қолданып (жағаны бекіту,
елді мекендерді қауіпсіз орындарға көшіруді), күрес жүргізуде.
Осындай жағдай 2003-2004 жж. Шардара су қоймасында, Сырдария
өзенінің батысында болып, үлкен материалдық шығын әкелді.
Су басу - өзен, көл немесе теңіз суының деңгейінің көтеріліп,
жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы. Ол елді
мекендердің су астына қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне
алып келеді.
Көптеген су басудың негізгі себептеріне нөсер жаңбыр жаууы,
қардың, мұздақтардың үздіксіз еруі жатады.
Сырғымалар, бөгеттерден, тоғандардан кенет бұзылуынан пайда болатын
су басу өте қауіпті болады.
Судың көтерілуінен болатын су басуы Қазақстанның барлық
аймақтарындағы өзендерде болып тұрады. Оңтүстік Қазақстан
өзендерінде мұндай құбылыстар ақпан-наурыздан, оңтүстік-шығыс және
Шығыс Қазақстанда - наурыз – шілдеде, республиканың жазықтағы
өзендерінде – наурыз-маусым айларында болады.
Жаңбырдан болатын тасқындар, Қазақстан аумағында таза түрінде
негізінен оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы тау етегінде және
ортасындағы өзендерде, сайларда көктемнің аяғында және жаз
мезгілінде, сондай-ақ жазғы-күзгі мерзімде. Ертіс байссеіні
өзендерінде байқалады. Орта таулы аймақтардағы жаңбыр тасқынының
ерекшелігі сол, белгілі бір жағдайларда олардың селге айналуы
мүмкін.
Қума желге байланысты апатты тасқын Қазақстан аумағында Орал
өзенінде және Каспийдің бүкіл солтүстік-шығыс жағалауында болады.
Атырау және Маңғыстау облыстарының бүкіл шаруашылық кешеніне орасан
зор залал келтірген соңғы жылдардағы су тасқыны Каспий
теңізінің деңгейінің көтерілумен ушыға түсуде.
Кептелулер мен тосқауылдардан болатын қирату салдары бар тасқынның
таралу аудандары Іле, Жоңғар Алатауының, Шығыс Қазақстан
өзендері болып табылады. Олар күз бен көктемде мұз жамылғысының
бұзылуы мен пайда болуы кезінде байқалады.
Өзеннің жоғарғы бөлігінде мұз тосқауылдары топырақ
бөгеттерінің бұзылуы жағдайында тасқын қас-қағым сәтте болуы
мүмкін.
Қалған жағдацларда су басу қауіпіне дер кезінде назар аударуға
мүмкіндік беретін азды-көпті уақыт бар. Алайда қардың көктемгі
еруі, құбылмалы ауа райының созылуы, мұз жүрген кезде, қар еріп
жатқанда және қолайсыз ауа райы кезінде батпақтардың үстімен
жүрі өте қауіпті. Су батпақтардың сінгіштіген азайтады да,
батпаққа батудың қауіпі туады.
Су тасқыны апаты кезінде мүмкіндігінше төменгі жерден жылдам
кетіп, биік жерлерге көтерілу қажет.
Елді мекендегі тасқын кезінде қауіпсіздің көп жағдайда оның
алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі.
Республика аумағындағы көптеген тасқыдардың судың деңгейінің
көтерілуінің болатындығынан белгілі. Алдын алу жұмыстарының тұтас
жүйесі бар: судың басуы болатын аумақтың тасқын судың арнасын
бұру; су қоймасы, ьөгет, тосқауыл тұрғызу; жағаны биіктету және
түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу; ғимараттар мен үй-жайларды судан
оқшаландыру қондырғысын қою; қысқа бұталы ағаштар отырғызу;
жүзу және құтқару құралдарын жасау және даярлау; толқын
соққыларына төзетін күрделі құрылысты тұрғызу; отбасының барлық
мүшелерін жүзуге үйрету; қайықтың болуы; жақын орналасқан биік
жерді білу; жақындаған зілзала туарлы хабарды алуға дайын
болу; тұрғын үйдің жанына топырақ салынған тосқауылдар қою,
топырақ төгу.
Тұрғындарды уақытша көшірудің басталуы мен тәртібі туралы
жергілікті радио мен теледидар, ал жұмыс істейтіндерге кәсіпорын,
мекеме және оқу орындары арқылы, ал өндіріс пен қызмет көрсету
саласында жұмыс істейтін халыққа тұрғын үй басқармасы органдары
арқылы хабарланады.
Халыққа жиналатын орынды, жиналу мерзімін, көшу кезінде жаяу
баратын бағыт, сондай-ақ апаттың күтілген көлеміне орай туындаған
жағдайларды, оны ауыздықтау жолдарын және барысын және басқа да
мәліметтер хабарланып отырады.
Уақыт жеткілікті болған жағдайда қауіпті аймақтағы халық дүние-
мүлкімен бірге су басу аймағынан тыс орналасқан жақын елді-
мекендерге көшіріледі.
Кәсіпорын мен мекемелер су қауіпі төнген жағдайда жұмыс тәртібін
өзгертеді, ал кей жағдайда жұмыс мүлдем тоқтайды. Су басу
ықтимал аймақта мектептер мен балалардың мектепке дейінгі
мекемелері уақытша жұмысын тоқтатып, балалар қауіпсіз жерге
орналасқан ментеп пен балалар мекемесіне ауыстырылады. Егер
төменгі қабатта тұратын және кешенді адамдар судың көтерілуін
байқаса, жоғарғы қабаттарға көтерілуге, егер үй бір қабатты
болса, шатырға шығу тиіс. Жұмыста әкімшілік нұсқауымен
белгіленген тәртіпті сақтап, биік орналасқан орындарға көтерілу
керек. Далада кенеттен су басқан кезде дөңеске немесе ағашқа
шығып, әр тұрлі жүзу құралдарын пайдаланған жөн.
Үйден (пәтерден) шыққан кезде өзіңізбен бірге құжаттарыңызды, құнды
заттарды, аса қажетті заттарды, екі-үш тәулікке жеткілікті азық-
түлік қорын алу ұсынылады.
Судың басуынан сақтауды қажет ететін және алу мүмкін емес
мүлікті жоғарғы қабатқа, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz