Қабілеттіліктердің дара ерекшеліктері



Жоспар
1. Қабілеттер туралы жалпы түсінік.
2. Қабілет және нышан
3. Қабілет теориялары
4. Қабілет саласындағы дар айырмашылықтар және оларды қалыптастыру.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Адамның өмірін бақылай отырып, олардың өз істеріндегі жетістіктері мен
ерекшеліктерін салыстырып, адамдардың қабілеттіліктері бар екенін айыру
қиын емес.

Қабілеттіліктердің дара ерекшеліктері туралы мәселенің қоғамдық мәні
орасан зор. Қабілеттіліктер ерекшеліктерін айырумектеп мұғалімі мен
психологқа қызығушылық туғызады. Қабілет негізі іс- әрекет кезінде
көрінеді. И.П.Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі қабілеттердің
физиологиялық негізін түсінуде де үлкен орын алады. Ми қабығында жасалатын
уақытша байланыстар жүйесінің пайда болу жылдамдығы мен беріктігі қозу,
тежелу процестерінің күші мен тепе- теңдігіне, қозғалғыштығына байланысты
болатындығы, ал адамның іс- әрекетінің белгілі бір түрін нәтижелі етіп
орындауда осылардың елеулі рөл атқаратындығы күнбе- күнгі тәжіриебеде жақсы
байқалып жүр. И.П. Павлов адамға тән нерв қызметінің үш түрлі типі болады
деп тұжырымдады, яғни Павлов сигнал жүйелерінің өзара қатынасының
ерекшеліктеріне байланысты жоғары жүйке қызметі 3 түрлі арнаулы адамзат
типіне ажыратты.

Бірінші сигнал жүйесінің басым болуы көркем тип.

Екінші сигнал жүйесінің басым болуы ойшыл тип.

Ең соңғы тип орта тип тепе- теңдік деп аталады.

Көркем тип көңіл- күйдің айқындылығымен, қабілетімен, естің
бейімделуімен, бай қиялмен сипатталады.

Ойшыл тип талдауға және жүйелеуге, жалпылауға және абстракциялы
ойлауға бейімделумен ерекшеленеді.

Сигналдық жүйенің арқасында типологиялық ерекшеліктері психикалық іс-
әрекеттің әр түрінде, соның ішінде оқу процесінде аңғарылады.

Қабілеттік ұғымын тәжірибеде қолдануда 2 белгіні ерекше атап өткен
жөн:

1. Адамнан адамның айырмашылығын, яғни дара психологиялық ерекшелігін;

2. Қабілеттің кез келген жалпы даму ерекшелігі емес тек қандай да
болмасын іс- әрекет немесе көптеген іс- әрекеттіңжемісті болуына
қатысы.

Көптеген шетел ғалымдары адам қабілеті тұқым арқылы берілетін туа
біткен қасиет деген.

Психология ғылымы осы көзқарасты сынай отырып, қабілеттің дамуының
табиғи алғы шарттары ретінде табиғи биологиялық фактордың белгілі дәрежеде
рөлін мойындайды, жоққа шығармайды. Осындай қабілеттер дамуының табиғи
шарттары нышан деп аталады. Туа біткен тек анатомиялық, физиологиялық
ерекшелік демек нышандар болып табылады. Олар қабілеттіктер дамуының
негізіне жатады. Қабілеттің өздері әр уақытта да дамудың нәтижесі. Нышандар
мидың, жүйке жүйесінің анализаторлардың кейбір туа біткен анатомиялық,
физиологиялық ерекшеліктері. Нышандар қабілеттің табиғи алғы шарттары болып
табылады және оның қалыптасу, даму үрдісінде әсер етеді. Нышанның болуы
қабілеттің қалыптасуына ерекше ерекше қолайлы жағдай жасайды. Оның дамуын
жеңілдетеді. Нышандар бұл тек қабілеттер қалыптасуының шарттарының бірі.
Егер белгілі бір жағдай жасалмаса, онда олардың сөніп қалуы мүмкін.
Қабілеттер ерте де, кеш те көрінуі мүмкін. Дарынды балалардың психологиясын
зерттеумен көп жылдар бойы Москва психология мектебінің психологы,
психология ғылымының докторы Лейтес айналысқан болатын. Ол өзінің ақыл-
ой жас кезеңінің алғы шарттары мақаласында арнаулы қабілеттер туралы емес
( музыка, сурет) жалпы немесе ақыл- ой қабілеттері деп аталатын қабілеттер
туралы сөз болды.

Қабілеттің негізгі көрсеткішінің бірі кеште берілуі мүмкін. Жас
кезінде қабілеттің байқалмауы болашақта дамуы мүмкін емес деген түсінік
болмауы керек.

Психология ғылымында қабілет жайлы әр түрлі теориялар қалыптасты.
Кейіннен таралған теориялардың бірі тұқым арқылы берілетіндігі , адамдардың
туа біткен психикалық ерекшеліктері туралы. Платон қабілетті туа біткен деп
қарастырды, Декарттың еңбегінде де туа біткен идеялар туралы ілім ретінде
қарастырылды. 1875 жылы Гальтон таланттың тұқым қуалауы, оның заңдары мен
салдары деген кітап жариялады. Ол еңбекте автор тарихтағы белгілі
адамдардың туыстық байланыстарын зерттей келіп, тұқым арқылы пайда болады
дегенді дәлелдегісі келді. Бірақ Гальтонның еңбегінде ғылыми негіз болмады.
Гальтон зерттеуі бойынша, атақты композитор Бахтаның отбасында музыкалық
талант алғаш рет 1550 жылы аңғарылды және бес ұрпақтан кейін ұлы композитор
Бахта талант ерекше аңғарылды. Осындай қорытындылар көп келтірілген.

Френология ғылымының болуы Франсгаль есімімен тығыз байланысты.
Адамның немесе жануардың психологиялық ерекшеліктері бассүйектің сыртқы
бітімімен байланыстылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі қабілетті оқушы балалар
Қабілеттілік
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу бағыттары
Индивид ­биологиялық түр өкілі, жеке тірі пенде
Жасөспірімдерде психологиялық білімдерді қалып-тастыру мәселесі
Педагогикалық қызмет
Дарынды балаларды тәрбиелеу мәселелері
Қабілет жайлы
Еңбек рыногы туралы
Пәндер