Өзен жетібай



Мазмұны

Кіріспе
1 Негізгі болим
2.1 Ластанбаған сұр.құба топырақтардың сипаттамалары.
2.2 Зерттеу нысандарындағы топырақтардың мұнай.химиялық ластанулары.
2.3 Топырақ жабындықтарына түсетін антропогендік жүктемелер және техногендік бүліну
2.4 Зерттеу нысандарындағы топырақтардың ақаба суларымен тұзданулары және ауыр металдармен ластанулары.
2.5 Мұнай.химиялық ластанған сұр.құба топырақтардың өзгерулері.
2.6 Өзгерген сұр.құба топырақтарды қайтадан қалпына келтіру
2.7 Өндіріске нусынылатын нусқалар
Қорытынды

Мазмұны

Кіріспе
1 Негізгі болим
2.1 Ластанбаған сұр-құба топырақтардың сипаттамалары.
2.2 Зерттеу нысандарындағы топырақтардың мұнай-химиялық ластанулары.
2.3 Топырақ жабындықтарына түсетін антропогендік жүктемелер және
техногендік бүліну
2.4 Зерттеу нысандарындағы топырақтардың ақаба суларымен тұзданулары
және ауыр металдармен ластанулары.
2.5 Мұнай-химиялық ластанған сұр-құба топырақтардың өзгерулері.
2.6 Өзгерген сұр-құба топырақтарды қайтадан қалпына келтіру
2.7 Өндіріске нусынылатын нусқалар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе
Мәселенің өзектілігі. Республикамыздағы көмірсутек шикізатының ірі
табиғи қорларының ашылуы және олардың негізінде мұнай - газ индустриясының
дамуы, энергетикалық шикізаттың және құрылыс материалдарының бай қорларын
пайдалану, қысқа мерзім ішінде Каспи өңіріндегі сусыз шөл даладағы Өзен -
Жетібай аумағының келбетін өзгертті. Бұлар биогеоценоздың тіршілік әрекеті
үшін жаратылған ортаның экологиялық дағдарыс ошақтарын туындатып,
аймақтағы әлеуметтік - экономикалық жағдайларды шиеленістіре түсті.
Осындай экологиялық қалыптан ауытқыған аумақтарға, әсіресе, Өзен және
Жетібай мұнай - газ кешендері жатады. Техника мен технологиялық жабдықтар
жетілдірілмеген кезде мұнай (жылына 3 миллион тоннадан астам) және газ (1,2
млн. м3) өндіру көлемінің өсуі, буферлігі аз топырақтардың тозуының екпінді
дамуына себеп болып, олардың қарқындылығы, болашақта, орны толмас
экологиялық салдарға күмәнсіз әкеледі. Антропогендік тозудың үдеуі,
зерттелетін өңірге тән топырақтардың ластануы мен шөлейттенуіне әсер ететін
алғы шарттық негізгі себептер болып саналады. Зерттелген топырақтардың
экологиялық жағдайларын сауықтыру және табиғат қорларын шаруашылыққа
зиянсыз және тиімді пайдалану, қазіргі кездегі бірден - бір мемлекеттік
өзекті мәселе болып табылады. Нәтижесінде, топырақ жабындықтарының
экологиялық жағдайын дер кезінде бағалау, парафині жоғары мұнайға қаныққан
топырақтардың тектік құрамдарын, биологиялық, физика - химиялық қасиеттерін
зерттеу, олардың құрамындағы ауыр металдар мен көмірсутектерді анықтап,
мұнайдың топыраққа сіңу және ұшу процестерін математикалық жолмен есептеп,
мұнай мен топырақтардың арасындағы қарым - қатынастық болмыстың
ақиқаттылығын дәлелдеу, ұсынып отырған жұмыстың негізгі тұғырнамалық-
ғылыми өзектілігі болып табылады.
Жұмыстың жалпы ғылыми және мемлекеттік бағдарламалармен
байланыстылығы. Диссертациялық ғылыми-зерттеулер Ф.0357 - 06,05Н.,
Трансформация почв в условиях активного антропогенного прессинга
нефтегазовых месторождений Прикаспия № госрегистрации 0106РК00519
мемлекеттік және салалық жоспар мен бағдарламаға сәйкес жүргізілді.
Зерттеулердің мақсаты мен шешілетін мәселелері.
Мақсаты – Өзен - Жетібай аймағындағы мұнай - газ кенорындарындағы
техногенезден бүлінген сұр - құба топырақ жабындығын экологиялық бағалау.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелер шешілді:
• Каспи өңіріндегі топырақ жабындықтарын зерттеудің тарихына
шолу жасау арқылы зерттелетін тақырыптың орны анықталып, шешілетін
мәселелерді жүйелеуге мүмкіндік туындату;
• зерттелген нысандардың физикалық-географиялық, геологиялық
құрылымдары мен жер бедерлерін, аналық тау жыныстарын, климаттық,
гидрогеологиялық және гидрохимиялық жағдайларын, топырақ
жабындықтары мен өсімдік жамылғыларын сипаттау арқылы, олардың
табиғи болмысын анықтау;
• мұнаймен ластанған сұр-құба топырақтардың өзгеру, антропогендік
жүктемелік және техногендік бүліну дәрежелерін анықтау;
• сұр-құба топырақтардың ақаба суларымен тұздануларын және ауыр
металдармен ластануларын зерттеу;
• өзгерген сұр-құба топырақтарды қайтадан қалпына келтіру
жолдарын іздестіру;
• ластанған топырақтардың құрамдарындағы мұнайдың ұшу және сүзілу
процестерін математикалық тәсілдермен есептеу;
• мұнаймен ластанған топырақтарды экологиялық бағалау;
• зерттеу нәтижелерінің негізінде өндіріске ұсыныс жасау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Алғаш рет Өзен-Жетібай мұнай-
газ кешені аумағының сұр-құба топырақ жабындықтарының экологиялық жағдайына
баға берілді. Ол үшін техногенез әсерінен өзгерген топырақтардың құрылымы,
құрамы және қасиеттері зерттелді. Мұнайдың ұшу және сүзілу процестері
математикалық тәсілдермен есептелінді. Алынған мәліметтер негізінде алғашқы
рет техногенді-бүлінген жерлердің өнімділігін қайта қалпына келтіруге
өндірістік нұсқаулар ұсынылды.
Жұмыстың қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелері:
• мұнаймен ластанған сұр-құба топырақтардың өзгеру, антропогендік
жүктемелік және техногендік бүліну дәрежелері өте жоғары;
• сұр-құба топырақтар ақаба суларымен тұзданып, ауыр металдармен
ластанып, олардың мөлшері шектеулі жол берілген шоғырланудан біршама
жоғары;
• өзгерген сұр-құба топырақтарды қайтадан қалпына келтіру жолдарын
іздестіріп, тәжірибелік сынақтан өткен жоңышқа, теріскен және еркек
шөп өсімдіктерін еккенде, олардың тамыр жүйелері топырақтың сапалық
қасиеттерін жақсартты;
• ластанған топырақтардың құрамдарындағы мұнайдың ұшу, сүзілу
процестерін математикалық тәсілдермен есептеуде, гидравликалық
теңдеулерді қолдану әдістері ақиқаттылық нәтижелер берді және мұнаймен
ластанған топырақтарды экологиялық бағалау мүмкін болды.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Жүргізілген зерттеулердің
нәтижесінде Өзен-Жетібай мұнай-газ кен орындарындағы мұнаймен әр түрлі
дәрежеде ластанған топырақтар жабындығына экологиялық бағалар беріліп,
өндіріске практикалық нұсқаулар ұсынылды.
Ізденушінің жұмысқа қосқан үлесі. Жұмысты зертханалық, вегетациялық
және далалық-эксперименттік жұмыстармен қатар, ғылыми мәліметтерді талдап,
жүйелеп, қорытындылап, диссертацияны жазып шығару толығымен диссертанттың
жеке үлесіне жатады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Зерттеу нысандары. Бұл тарауда, Каспи өңіріндегі сұр-құба топырақ
жабындықтарының ластанғанға дейінгі табиғи жағдайда қалыптасқан шөл дала
топырақ жабындықтарының құрылымдары, құрамы және негізгі қасиеттері
баяндалып, климаттық жағдайлары және жер бедері туралы толық мағлұматтар
беріліп, алынған мәліметтерге байланысты зерттеулердің нәтижелері төмендегі
тараушаларда қарастырылды:
• физика-географиялық жағдайлары, геологиялық құрылымы, жер бедері
және топырақ түзуші аналық тау жыныстарына сипаттама;
• климаттық, гидрогеологиялық және геологиялық жағдайларына сипат-
тама жасалынды;
• топырақ жабындықтары мен өсімдік жамылғылары зертттелген
нұсқаларға негізделіп тұжырымдалды.
Физикалық-геогафиялық жағдайлары. Өзен-Жетібай мұнай-газ кешенді
аумағы Маңғыстау облысының Қарақия ауданының шегіндегі Қазақстан
Республикасының оңтүстік-батысында орналасқан. Географиялық координаттары
520301-530201 с.е. және 43020-430301 ш.б. айқындалады. Аумақ 15 км дейін
солтүстіктен оңтүстікке қарай және 50 км батыстан шығысқа қарай созылып
жатыр. Кен орны Үстірт шоқысының Батыс шыңқының кертпештеріне жанасатын
Басқұдық-Түйесойған құм алқабы мен аласа таулы Маңғыстаудың түйіскен
жеріндегі шоқы - жазықта орналасқан.
Климаттық жағдайлары бойынша, шөлді аймақта орналасқан және
радиациялық балансының жоғарылығымен (34-36 ккал.см2) соңғы он жылдықта
ғаламшардың климатының жаппай жылуымен қиындай түсетін температуралық
фонымен (орташа жылдық температура 9,20-11,80С,) сипат-талады.
Өзен - Жетібай мұнай - газ аймағының геологиялық құрылымы палеозой
іргетасында жатқан палеоген-неоген теңіз шөгінділерінен құралған. Мұндағы
ең ежелгі жыныстар палеогеннің жасылдау және қызғылттау келген саз
балшықтары болып табылады. Олардан жоғары жайғасқан құрамдарында өзгеріп
отыратын құмтастардың, мергелдердің және ғанышпен бірге саз балшықтардың
миоцендік кен қабаттары орналасқан. Жердің беткі қабатына жаппай көлбеу
жататын, бүкіл ауданда тұрақты сарамат дәуіріндегі шамалы жылжыған теңіз
шөгінділері шығады.
Топырақ түзуші аналық тау жыныстарындағы (АТЖ) карбонатты-ғанышты құм
балшықты элювийдің қалыңдығы 1,0-1,5 м аспайды және солтүстіктен оңтүстік
бағытқа қарай азаяды. Элювий қабаты 30-50 см-ден 1,0 м дейінгі тереңдікте
жататын ұсақ кристалды ғаныш қабаттарының аз өзгерген бұрынғы жыныстан
(әктас тақташасы) бөлінеді. Осы тау жынысы мен элювиалдық жабындықтың
жанасуынан ғаныштық қабаттың қалыптасуын көптеген ғалымдар сармат теңізінің
түбіне ғаныштың түсуімен түсіндіреді. Аумақта делювиалды – пролювиалды құм
балшықты және эолды құмдақ шөгінділер түріндегі континенталдық төрттік
кезеңнің шөгінділері кең таралған.
Өзен-Жетібай мұнай-газ аймағының өсімдік жамылғысы өте қатаң
биоклиматтық - топырақ жағдайларында қалыптасқан. Олар өсімдіктің түр
құрамының аздығымен және бір түрлілігімен, өсімдік жамылғысының
сиректігімен, эфемерлер және эфемероидтардың аздығымен өзгешеленеді.
Аумақтың көп бөлігінде сұр-құба шөл топырақтарында өсімдік жамылғысы
бұйырғын-жусан және жусан-боялыш кешенді фитоценоздарын қалыптастырады.
Өзен – Жетібай мұнай-газ кешенінің топырақ жабындықтарын негізінен сұр-
құба шөл топырақтары құрайды. Топырақтың ылғалдану көзі, су режимінің
шайылмайтын типі жағдайындағы жусанды-сораңды өсімдіктің өсіп-өнуін
қамтамасыз ететін, негізінен, қысқы-көктемгі кезеңдегі мардымсыз жауын-
шашын болып табылады.
Ластанбаған сұр-құба топырақтың кескіні генетикалық қабаттарға
бөлінген, түрлі литологиялық-геоморфологиялық жағдайларға тұрақты үш
мүшелік құрылысы бар. Жоғарғы бөлігінде қуаң-сұр өте кеуекті қабат түзілген
(2-5 см). Бұл қабаттың асты (6-10 см) ашық-сұр қатпарлы болып келеді,
тереңіректе (10-20 см) құба немесе қызғылт-құба балшықтанған қабатқа
ауысады, ал кейде 30-50 см тереңдіктегі қабаттың құрамында ұсақ кристалды
ғанышпен қатар аз өзгерген аналық тау жынысына өтетін карбонаттық
теңбілдері болады. Гумус қабаты 25-тен 30 см-ге дейінгі қалыңдықта болады.
Мұнаймен ластанған және техногенді бүлінген топырақтардың кескіні
елеулі түрде өзгергені байқалады. Тіптен (ұңғыма маңында) мұнай битумын
тазартқанда немесе топырақтың желмен бұзылуы нәтижесінде, олар толығымен
жойылып кеткен.

1.2 Зерттеу әдістері

Зерттеу процесінде салыстырмалы-экологиялық, тәжірибе-
эксперименталдық, статистикалық және графикалық әдістер пайдаланылды. Гумус-
Тюрин, жалпы азот-Къельдал, гидролизденетін азот - Тюрин-Кононова,
жылжымалы фосфор-Мачигин, жылжымалы калий - Гусейнов-Протасов, гипс-
Гедройц, карбонаттардың көмірқышқылы - Гейслер және Шейблер, сіңірілген
кальций және магний - Шмук бойынша анықталып, сіңірілген натрий-жалынды
фотометрде, су суспензиясының рН-электрометрінде, топырақтың су ерітіндісі-
Гедройц бойынша, механикалық құрамы - Качинский әдістемесіндегі пипеткалық
тәсілмен және абсолютті құрғақ топырақты пирофосфорқышқылды натриймен өңдеу
арқылы анықталды. Ауыр металдардың мөлшерін зерттеу эмиссиондық-
спектральдық талдау және атомдық-абсорбциялық спектроскопия әдістерімен
жүргізілді.
Мұнайдың органикалық және минералды компоненттерін талдауды ҚР БҒМ
А.Б.Бектұров атындағы химия институтының аттестацияланған қазіргі заманғы
аспаптарды қолданып, стационарлық жағдайда жүргіздік. Шикі мұнайдың және
мұнай қалдықтарының молекулярлық, фракциялық құрамын және химиялық
компоненттерін ЯМР (Меркурий-300) спектометрінде, ИК (Брукер-89), КР
(Рамисер) спектрометрлерінде, СФ-46 спектрофото-метроскопия және газды-
сұйықтықты хроматомасспектрометрде анықтадық. Талдаудың нәтижесін өңдеу
Пентиум-IV бағдарламасы бойынша компьютерде жүргізілді. Топырақ және жер
бетімен жер асты суларының үлгілері жалпыға ортақ әрекет ететін МЕМСТ-тарға
сәйкес алынды, мазутталған грунт және шикі мұнайды уақытша сақтағыштан
алдық. Ал асфальтен, шайырлы және парафинді шөгінділерді, тұрмыстық
қалдықтар мен ақаба суларын Өзенмұнайгаз АҚ экологиялық қызметімен
бірлесіп алдық.
2.1 Ластанбаған сұр - құба топырақтардың сипаттамалары

Ластанбаған сұр-құба топырақтардың қасиеттерінің генетикалық
ерекшеліктері және экологиялық тұрақтылығы әр түрлі гидротермиялық режим
мен биохимиялық топырақ түзу процестерін құрайтын географиялық және
биоклиматтық жағдайлар мен жер бедерінің және топырақтүзуші аналық тау
жыныстарының әр тектілігімен айқындалады. Топырақтың ылғалдану көзі су
режимінің шайылмайтын типі жағдайындағы жусанды-сораңды өсімдіктің өсіп-
өнуін қамтамасыз ететін, негізінен, қысқы-көктемгі кезеңдегі мардымсыз
жауын-шашын болып табылады. Жазда топырақ өсімдіктің солу ылғалдылығының
шамасы максимальды гигроскопиялығына дейін құрғайды. Бұл жағдайларда
топырақтүзуші жыныстардың физикалық үгілу процесі және құрамында шамалы
сазбалшық пен ылай болатын шаңды-құм балшықты элювийдің түзілуі басым
болады. Топырақ кескіні бойынша, үгілу өнімдерінің және топырақ түзілу
өнімдерінің жылжуы шектеулі болып, олар негізінде, орнында қалады.
Карбонатты-саз балшықты агрегаттардың түзілуі, темірлену және карбонаттың
биогенді жинақталуы жүреді. Аймақтағы топырақ жабындығының негізгі фонын
сұр-құба және сортаңды-сор топырақтар құрайды. Салыстырмалы шамалы
аудандарда эрозияға ұшыраған және аз дамыған сұр-құба топырақтар, сондай-ақ
сортаңдар мен сорлар және тақырлар алып жатыр.
Сонымен, аймақтағы топырақ жабындығының өзіне тән ерекшеліктері
айқындалды. Оларды топтастырса келесідей болып шығады:
- сармат әктастарының көлбеу-қатпарлы қабатында жататын, шаңдақ-
құм балшықты-ұнтақ топырақты жабындығының қалың еместігі (0,5-2,0 м);
- карбонаттығы жоғары (СО2 10-15 %), ғаныштылығы (ғаныштың мөлшері 15-
20 % астам) және сілтілігі - рН 8-9 шамасында;
- барлық топырақтар дерлік сорланған, тұздануы сульфатты және хлоридті
– сульфатты болып келеді;
- топырақтың табиғи құнарлылығының және экологиялық қызметінің
төмендігі байқалады;
- топырақ жабындығының құрылыстық-құрылымдық сипаттары ала-құла
теңбілденген.
Бұл топтамалы сипаттарды ластанбаған сұр-құба топырақтың кескіндік
шұңқырындағы тектік қабаттарының морфологиялық (бейнелік) құрылысын далалық
жағдайда зерттеу мәліметтерінен көруге болады. №1(2)-кескіндік шұңқыр
Жетібай кен орнының оңтүстік-батысына қарай 2 км жердегі итсигек-жусан
өсімдігі өскен жазықтықта қазылды. Беткі қабаты тұз қышқылынан көпіршіп
қайнайды. Карбонаттар 22 см-ден бастап көріне бастайды, олар ұсақ
кристалды ғаныш ретінде көзге түсіп, 55 см тереңдікке дейін кездеседі.
0-3 см. Ашық – сұр қабық, құрғақ, кеуекті, құм балшықты;
3-14 см. Құба түсті, құрғақ, тығыз, кесекті–шаңдақ, тамырлар
мол, құмбалшықты;
14-35 см. Сұр – құба құм балшық, құрғақ, тығыз, өсімдік
тамырлары кездеседі, кесекті-шаңдақ;
35-51 см. Құба-қоңыр түсті, тығыз, кесек-шаңдақ, карбонаттар
теңбілденіп кездеседі, құм балшықты;
51-80 см. Құба-қоңыр түсті, тығыз, кесекті-шаңдақ, карбонатты, құм
балшықты;
80-115 см. Құба түсті, құм балшықты, тығыздалған, тұздары аздау,
ұсақ кристалды ғаныш кірмелері бар;
115-130 см. Ғанышты, 130 см әктасты тақташаға ауысады.
Зерттеуге қамтылған сұр-құба топырақтардың (тұзданбаған сор, сортаң,
эрозияға ұшыраған) әрқайсысының химиялық, физика-химиялық, гранулометриялық
құрамдары, су-физикалық қасиеттері, сіңірілген негіздердің және ерігіш
тұздардың мөлшерлері диссертацияның мәтінінде толық келтірілген.
Авторефераттың шектеулі көлеміне сәйкес, жоғарыда тізбектелген мәліметтерді
сортаңданбаған сұр-құба топырақтардың мысалында баяндауға тура келді (1-
кесте).

1 кесте - Ластанбаған, сортаңданбаған сұр-құба топырақтардың физика-
химиялық сипаттамасы

Химиялық, физика-химиялық құрамдары мен қасиеттері, %
Алынған үлгілер, см
Алынған мгэкв. 100 г топырақта % қосындыдан
үлгілер,
см

Алынған үлгілер, см
Алынған Абсолютті құрғақ топыраққа шаққандағы фракциялардың мөлшері,
үлгілер, мм
см

Алынған Сыбаға КөлемдікКеуек Дала Далалық Гигрос Ылғал
үлгілер, лық салмағы,тілік, лық ылғалдың копия тапш
см салмағы,гсм3 % ылғал, жоғарғы лық лығы,
гсм3 % шегі, % ыл-ғал, м3га
%
0-3 2,73 1,3 49 4,1 22,3 2,6 287
3-14 2,73 1,4 49 4,6 23,2 2,6 280
14-35 2,75 1,4 48 4,7 23,4 3,3 276
35-51 2,70 1,3 50 5,6 23,1 4,4 212
Жылжымалы микроэлементтердің мөлшері, мгкг
Алынған Мыс Мырыш Марганец Кобальт Бор
үлгілер, Молибден
см
0-3 3,5 0,47 260 0,5 0,04 3,0
3-14 4,1 0,39 229 1,0 0,03 5,1
14-35 2,9 0,20 157 0,9 0,03 4,2

Кестеде келтірілген мәліметтерге жүгінсек, гумустың мөлшері сұр-құба
топырақтарда 0,4-1,2 %. Топырақтардағы өсімдіктерге қажетті минералды
қоректік заттар, әсіресе гидролизденетін азот (20-50 мгкг) және фосфордың
мөлшері өте аз (10-30 мгкг), ал калийдің мөлшері жеткілікті дәрежеде
қамтамасыз етілген. Сұр-құба топырақтың сіңіру сыйымдылығы төмен
(топырақтың 100 грамында 8-10 мгэкв).
Сіңірілген негіздер құрамында кальций және магний басым. Бұдан жалпы
сілтіліктің мөлшерінің көптігі (НСО3 0,03-0,040%), кей жағдайларда кар-
бонаттардың болуы және топырақ ерітіндісінің сілтілік реакциясына (рН 8-9)
байланыстылығын көруге болады.
Суда еритін тұздардың мөлшері әдетте көп болмайды, олардың жинағы
жинағы 0,1 % аспайды. Тереңіректе, бұлардың мөлшері, кальций сульфаты
есебінен 0,5-1,1 % артады да, ғаныштың мөлшері 10-20% жетеді. Ал,
механикалық құрамы бойынша, шаңдақ-құм балшықты болып келеді. Сұр-құба
топырақтардағы саз балшықты минералдардың құрамында монт-мориллонит және
палыгорскиттің қатысуымен гидрослюда-каолинит-хлоритті топ басым болып
келетіндігі белгілі. Бұл заңдылық шөлдік климатты жағдайда саз балшықты
минералдардың өзгеру қарқындылығының төмендігін білдіреді. Су-физикалық
қасиетінің сипаттайтын меншікті салмағы 2,5-2,7 шегінде, ал көлемдік
салмағы 1,3-1,4 және кеуектілігі 50-55% -ға жетеді. Топырақтағы өсімдік
үшін пайдалы ылғалдың қоры, далалық ылғалдылығының мөлшерінің төмендігімен
және оның жетіспеушілігімен сипатталады.
Мырыштың және молибденнің жылжымалы түрлерімен аз мөлшерде қамтамасыз
етіліп, оның өзі ортаның қолайсыз жағдайларымен (сілтілігінің жоғарылығы,
сортаңдығы, тұздануы) байланысты болып, жеткілікті түрде марганецпен (114-
304 мгкг), әсіресе, топырақтүзуші жыныстар болып табылатын теңіз
шөгінділерінің есебінен бормен (1,5-9,4 мгкг) жоғары қамтамасыз етілген.
Сонымен, баяндалған ғылыми-нәтижелердің негізінде, сұр-құба
топырақтардың табиғи құнарлылығының төмендігімен, карбонаттық дәрежесінің
жоғарылығымен, сортаңдығымен және тұзданғандығымен сипатталатындығын көруге
болады. Оларды, шаруашылыққа тиімді пайдалану және экологиялық функцияларын
жақсарту агромелиоративтік, ұйымдастыру іс шаралары мен топырақты
пайдаланудың экологиялық қауіпсіз технологияларын кешенді қолдануды қажет
етеді.

2.2 Зерттеу нысандарындағы топырақтардың мұнай-химиялық ластанулары
Өзен–Жетібай кешендерінің мұнай-газ кен орны 1965 жылдан бастап
қазбалануда. Өнімді беретін мұнай және газ қабаттары 1450-1700 метрлік
тереңдікте жататын палеозой, юра және бор қабаттарынан алынады.
Қазбаланатын кен орындарының қабаттық қысымының жоғарылығымен (700-900
атм.), улы күкірттісутектің елеулі жинақталуымен, қабаттық флюидтердегі
көмірқышқылы мен меркаптанның болуымен өзгешеленеді. Топырақтың мұнай-
химиялық ластануы, негізінен, Өзен-Жетібай кешендеріндегі жұмыс істейтін
мұнай-газ кен орындарының барлық аудандарында байқалады және табиғи-шикізат
қорларын тиімсіз пайдаланумен, ескірген және тозған технологиялық
жабдықтардың болуымен, көмірсутекті шикізаттың құрамында парафиннің жоғары
болуымен байланысты. Бұл жағдайда, негізгі ластаушы көздері болып шикі
мұнай және кәсіби ақаба сулар, күкірт, азот оксидтері, күкіртті сутек,
фенол, аммиак, газ және мұнай шламдары болып табылады. Осылардың әсерінен
әлсіз ластанған кезде топырақ кескіндері 5 см-ге дейін, қалыптысы 5-10,
күштісі 10-20 см, ал өте күштісі - 20 см астам тереңдікке дейін шикі
мұнайға қанығады.
Осындай үлескіде қазылған кескіндік шұңқырдың тектік-морфологиялық
сипаттамасы келесідей болады: 0-7 см. Қоңыр-құба, тұтқыр, тығыз, жыныс
сынықтарымен бірге битумдық қабат қалдығы бар, жеңіл құм балшықты; 7-42 см.
Құба, ылғалды, тығыз, кесекті, кей жерлері мұнаймен майланған, қиыршық тас
қоспалары бар, құм балшықты. Ғаныштың ұсақ кристалдары көп; 42-76 см.
Сарғыш-құба, ұсақ кристалды ғаныш құм балшықты ұнтақ топырақпен бірге
кездеседі (2-кесте).

2 кесте - Мұнаймен ластанған, сортаңданған сұр-құба топырақтардың
сипаттамалары
Химиялық, физика-химиялық құрамдары, %
Алынған Гумус, рН СО2 Ғаныш 100 г топырақтағы сіңіру
тереңдік,% негізі, мм
см

Алынған Гигроск. Фракциялық құрамдарының % мөлшері, мм
тереңдік,ылғалды
см лықтар,
%

Алынған Тұздард. Жалпы
үлгілер, қосынды сілтілікС1 SO4 Са Mg Na +К
см сы НСО3
0-7 3,618 0,015 1,088 1,256 0,270 0,021 0,968
7-42 2,321 0,016 0,341 1,208 0,255 0,017 0,485
42-76 2,223 0,011 0,348 1,138 0,278 0,014 0,434
Су-физикалық қасиеттері
Алынған Көлемдік Қуыстылық Мұнайдың Ылғалды
тереңдік,сал-мақтары, гсм3тары , % құрамдары, лықтары , %
см кгм3
0-7 1,17 49,1 94,5 21,2
7-42 1,49 41,9 156,2 4,1
42-76 1,60 37,6 461,3 5,8
Ауыр металлдардың мөлшері, мгкг
Алынған
тереңдік,Мырыш Мыс Қорғасын Кадмий
см
0-7 6,4 2,0 28 1,0
7-42 4,4 1,8 26 1,2
42-76 3,6 1,6 32 1,2

Сөйтіп, осылайша ластанған топырақтарда ешбір өсімдік жамылғысы
болмайды. Әдетте, мұндай жерлердің 20-30 см тереңдігіне дейін битум мен
қарамаймен ластанған бетін сүріп алып, тазартады.
Осы сипатталған топырақтардың химиялық, физика-химиялық құрамы мен
қасиеттерін анықтау, мұның ластанбаған нұсқасымен салыстырып, өзгеру
дәрежесін анықтап, нәтижесінде, экологиялық бағасын беруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңғыстау мұнай өндіру заводы
БАТЫС ЖЕТІБАЙ КЕН ОРНЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Жетібай кен орны
«Маңғыстаумұнайгаз» өндіру бірлестігі
Өзенде бұрғылау шебері
Маңғышлак мұнайгаздылық кен орындары
Кен орны
Жетібай кен орнында қолданылатын жинау жүйесі
Ашылған қалыңдығы 253 метр
Батыс Қазақстандағы мұнай кен орны
Пәндер