Қазақстанда кездесетін өсімдіктер



ЖОСПАР

1. Қазақстанда кездесетін өсімдіктерге жалпы сипаттама
2. Сирек кездесетін өсімдіктер:
• Қалқан асаймұса
• Кәдімгі өрік
• Шолпаншаш сүмбілі
• Көктем жанаргүлі
• Аққаңбақтүсті аллохруза
• ЖҰМЫР БОЗТҮК
• Іле Бөріқарақаты
• Ірігүл шолпанкебіс
• Сары лапыз
• КООПМАН ӨГЕЙБҰТАСЫ
• Қызыл қайың
• Түркістан гүлкекіресі
• Алтай қасқыржидегі
• Ақ тұңғиық
• Жаңғақты лотос
• Зеравшан аршасы

Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы -- саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы -- қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы -- жоғары сатыдағы түтiктi өсiмдiктер. Алғашқы құрлықтық өсiмдiктердiң қалдықтары Оңт. Балқаш өңiрi мен Бұрынтауда жоғ. ордовиктiк қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрiздiлерге жататын Akdalophyton caradocki пен қырықбуынға жататын -- Sarituma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тiршiлiк еткен.
Қызыл кітап - бұл қауіп - қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғаліп кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар кітап, 1981 жылы акедемик Б.А.Быковтың жетекшілігімен жарық көрді.
Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді )2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы).

Қалқан асаймұса, қалқанды асаймұса (Abelіa corуmbosa) -- ұшқаттар тұқымдасына жататын өсімдік. Қазақстанда сирек кездесетін түр, өзінің таралу аймағы Қазақстанның солтүстік шекарасында өседі. Қырғыз Алатауының батыс бөлігінде - Мерке және Қайынды тау сайларының баурайларында кездеседі. Популяциясы аз, олардың көлемі 50 гектардан аспайды. Қазақстаннан тыс Тянь - Шаньның басқа аймақтарында, көбіне батыс бөлігінде таралған. Сәндік бұта биіктігі 3 метрге дейін, жапырақ пішіндері әр түрлі және көптеген ақшыл қызғылт түтік тәрізді гүлдері қалқан тәрізді гүл шоғырына жиналған. Бұтақтары ерекше - қабығы алтыға бөлінген ұзыншақ қабырғалы.

Кәдімгі өрік -- Биіктігі 3-10 метрге жететін ағаш. Діңгегінің диаметрі 25-30 см-ге жетеді. Жиі бұтақталған, бұтақтары жалаңаш. Жапырақтарының ұзындығы 6-9 см, жалаңаш, кең жұмыртқа және эллипс пішіндес, жиектері майда тісті, сағақтары қою қызыл түсті. Жапырақ жаймай тұрып гүлдейді. Гүлдерінің саны көп, ақ немесе қызғылт түсті. Жемістерінің түстері сарыдан қызылға дейін болады.
Жабайы түрде Орта Азияда, Солтүстік - Шығыс Қытайда, Дағыстанда кездеседі. Таулардың құрғақ, тастақ етектерінде тоғайланып өседі. Қазақстанның таулы аудандарын теңіз деңгейінен 800-1900м биіктікте өседі. Іле Алатауы, Кіші Алматы өзенінің жағасында, Талғар, Түрен аймақтарында жиі кездеседі. И. В. Мичурин бұл өріктің 8 жаңа сортын шығарған, олар КСРО-ның еуропалық бөлігінде, Қазақстан мен Орта Азияда өсіріледі.

Шолпаншаш сүмбілі (Adiantum capillus-veneris) Сүмбілдер тұқымдасы -- Қазақстанда өте сирек кездесетің түр. Жекелеген оқшау популияциялары Жоңғар Алатауы, Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Жалпы орта азиядан басқа Оңтүстік Еуропада, Қырымда, кіші Азияда кең таралған. тіршілік ету ортасының өзіңдік ерекшелігімен сипатталады., яғни көлеңкелі ылғалды ізбесті және сарқырамаға жақын, жылғалар жағалауындағы тау жыныстары шатқалдарында өседі.

Көктем жанаргүлі -- сарғалдақтар тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 20 см-ге дейін. Сабағын қоңыр қабыршақтар жауып тұрады, қабыршақтарына жаңару бүрлері орналасады. Жапырақтары сағақсыз, ашық сары түсті үлкен гүлкүлтелі гүлдері жалғыз, қоңыр тамыр сабағы бар. Тұқымынан және тамырсабағы арқылы вегетативті жолмен көбейеді. Мамыр айында гүлдеп, шілдеде, жеміс береді. Жемісі күрделі, көптеген біртұқымды жаңғақшалардан тұрады. Көктем жанаргүлі - сирек кездесетін еуроазиялық далалық түр. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Аққаңбақтүсті аллохруза (Allochrusa gypsophiloides) Қалампырлар тұқымдасы -- Саны қатты қысқарып бара жатқан, сирек кездесетің түр. Батыс тянь-Шань мен Памир-Алай эндемигі. Біздің Елімізде Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан обылыстарындағы таулар мен тау етектерінде кездеседі. Шөлді, шөлейтті және саванналы жерлерде тау етегі жазықтығынан орташа тау белдеуіне дейін өседі. Бұтақтанған, дерлік шар тәрізді ұсақ ақ гүлдердің селдер жиынтығы өте әдемі. Түр тіршілігінің өте ұзақтығымен (200 жылға дейін) және салмағы 2-3 кг-ға жететің, негізгі жуан тамырларымен ерекшеленеді.

ЖҰМЫР БОЗТҮК (Anaphalіs racemіfera) - Күрделігүлділер тұқымдасы, бозтүк туысына жататын шала бұта. Қазақстанда Батыс Тянь-Шаньның Қаратау, Қырғыз Алатауының тастақты беткейлерінде кездеседі. Биікт. 30 - 60 см, сыртын ақ киіз түкті немесе тықыр, қос үйлі өсімдік жапқан. Сабақтары көп. Жапырақтары ұзынша, отырыңқы, ұзындығы 4,5 см, ені 4 мм-дей. Гүлдері қос жынысты, аналық гүлдері өте көп, жіңішке түтік тәрізді күлтелі; аталық гүлдері қоңырау түтікше тәрізді күлтелі болады. Олар себет гүлшоғырына топталған. Гүлсебеттері сабағының ұшында жетіледі. Тұқымынан сирек вегетативті жолмен де көбейеді. Маусым - шілде айларында гүлдеп, шілде - тамызда жемістенеді. Тұқымы ұзынша, тықыр, бұдырмақ қылтанды айдаршасы бар. Жұмыр бозтүк өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Іле Бөріқарақаты (Berberіs іlіensіs) -- бөріқарақаттар тұқымдасына жататын тікенекті бұта. Іле Алатауының шатқалында, Ұзынқара (Кетпен) жотасында, Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік беткейінде, Іле өзенінің жайылма бөлігінде кездеседі. Биіктігі 3 м-ге жетеді. Ескі бұталары сұр қабықты, бір жылдық бұталары қызыл қоңыр қабықты. Тікенектері жай, 3 және 5-6 бөлікті.
Жапырақтары қалың, жеміс салатын өркендеріндегі кос жапырағы жұмыртқа пішінді, бүтін жиекті және сопақтау, жеміс салмайтын өркендерінің жиегі тікенекті-тісті. Гүлшоғыры -- көп гүлді шашақ, ұзындығы 5 см. Гүлдері сары түсті, диаметрі 3-4 мм, гүлсағақтарының ұзындығы 5-7 мм. Мамырда гүлдейді, маусымда жеміс салады. Жемісі ақшыл қызыл түсті, жұмыртқа пішінді, ұзындығы 7-8 мм, ені 3-4 мм. Сирек кездеседі, эндемик. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Ірігүл шолпанкебіс (Cypripedium macranthon) Сүйсіндер тұқымдасы -- Қазақстанда сирек кездесетін, таралу аймағы тарылып бара жатқан түр. шағын топ болып анда-санда Солтүстік Қазақстан мен Алтайда кездеседі. ҚАзақстан жерінен тыс Еуразия менАзияның орманды аймақтарында Қыйр шығысқа дейін таралған. Жапырақты, сирек қарағайлы және аралас ормандарда, шалғынды алаңқай мен ылғал шабындықтарында өсетін тамыр сабақты ірі орхедия. Тұқымы арқылы көбейеді, қайта өсуі әлсіз. Алғашқы үш жылда жер астында тіршілік етеді. Тек төртінші жылы бір жасыл жапырағы бар жер беті өскені пайда болады. Көшектің өскінінен алғашқы гүлденгенге дейін 15 жыл уақыт өтеді.

Сары лапыз (Colchicum luteum) -- мелантия тұқымдасы, Қазақстанда сирек кездесетін түр. Анда-санда тек Батыс Тянь-Шаньда (Талас Алатау, Қаржантау мен Угам жоталары) кездеседі, мұнда оның таралу аймағының солтүстік шекарасы өтеді. Оңтүстікке қарай Памир-Алай таулары, Ауғанстан, Қашқария, Тибет, Үндістанда таралған. Далалы және шалғынды беткейлерде, аршалы орман арасындағы аланқайларда, ортаңғы және жоғарғы тау белдеулеріндегі еріп жатқан мұз маңында өседі.
Гүлі дара немесе 2 - 3-тен жиналып, жарты шатырша гүлшоғырын құрайды. Тұқымынан және вегетативті көбейеді. Маусым айында гүлдеп, шілде - тамызда жемістенеді. Жемісі - алмұрт немесе жүрек тәрізді, 4-қалақты қауашақ. Бұлар піскен кезде қызғылт түске айналады. Коопман өгейбұтасы - сәндік өсімдік, тамырының қабығында гуттаперчи (қатты тері тәрізді өнім) болады. Бұл өте сирек кездесетін реликт түр, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Қызыл қайыңның жалғыз Отаны бар, ол -- Қазақстан. Бұл сирек кездесетiн тал әлемнiң өзге бiрде-бiр елiнде өспейдi. Қазақстанның өзiнде Алматы облысындағы Текес пен Байынкөл өзендерi аңғарында ғана тараған.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау
Су жағасындағы және суда өсетін өсімдіктер
Дара жарнақтылар класына және өкілдеріне сипаттама беру
Арашаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны
Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Орманды қорғау
Күрделігүлділер тұқымдасы
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің экологиялық жағдайы
Пайдалы өсімдіктердің Оңтүстік Қазақстанда зерттелген аудандарда (сарыағаш, қазығұрт, арыс) таралуы
Қызыл кітап жайлы
«Алабұталар және тарандар тұқымдасы»
Пәндер