Теңіз балдырлары



ЖОСПАР

1. Қоңыр балдырлар
2. Қызыл балдырлар
3. Балдырлардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы. Балдырларды қорғау

ЖОСПАР

1. Қоңыр балдырлар
2. Қызыл балдырлар
3. Балдырлардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы. Балдырларды қорғау

Қоңыр балдырлар

Теңіздің тұзды суылда өсетін балдырлар жасыл балдырлардан өзгеше келеді. Олар теңіздер мен мұхиттардың түбінде жүздеген шақырым жерді қамтып өседі. Оған -- қоңыр және қызыл балдырлар жатады. Бұл балдырлардың кейбір түрлері Қазақстанда Каспий теңізінде де кездеседі.
Қоңыр балдырлардың барлығы да көпжасушалы, 1 500-дей түрі бар. Биіктігі бір миллиметрден бірнеше ондаған метрге дейін жетелі. Ең ірілерінің талломы (денесі) тарамдалып тұрады.
Қоңыр балдырдың жасуша қабықшасының сырты созылыңқы сілемейлі қабықшамен қапта лған. Жасушасы - бір ядролы, вакуольдері біреу немесе көп болады. Сілемейлі қабықша теңіз толқынының күшіне төтеп беріп, су қайтқанда балдырларды құрғап кетуден сақтайды. Майда вакуольдердің құрамында илік заттары бар. Олардың дән тәрізді хроматофорлары жасуша қабықшасына жақын орналасады. Хроматофорларында хлорофилл және қоңыр бояулары (пигменттері) болады. Бұл бояу қоңыр балдырларда жүретін фотосинтезге күннің ультракүлгін сәулесін тиімді пайдалануға көмектеседі. Жасушаның қор заты - полисахаридтер (ерітінді күйіндегі көмірсулар).
Қоңыр балдырға ламинария, саргассум және т.б. жатады. Ламинария теңіз жағалауындағы 5-10 шақырым аймақты қамтып, 20-30 метр тереңдікте өседі. Оның сыртқы құрылымы гүлді өсімдіктерге ұқсас. Ламинария су түбіндегі төсемікке тамырға ұқсас өсінділерімен (ризоидтарымен) бекініп өседі. Ұзындығы 50 сантиметрге дейін жоғары қарай созылған бөлімі болады. Одан ұзындығы 3-4 метрдей жалпақ таспа тәрізді өсінділері жетіледі. Солтүстік ендіктердегі түрлерінің жалпақ таспа тәрізді өсінділері қаңтар, ақпан айларында түсіп қалады.
Жаздың соңы, күздің басында жалпақ өсінділерінің бетінде дақтар пайда болады. Сол жерде тізілт эллипс, цилиндр тәрізді біржасушалы зооспорангийлер (зооспора түзілетін қалта) түзіледі. Зооспорангийдің әрқайсысынан екі талшықты зооспоралар дамиды. Қозғалып жүріп төсемікке бекінеді де талшығын жойып, бірнеше жасушаға бөлінеді.
Жынысты ұрпағы өскіншеге айналады. Оларда жыныстық мүшелерінде түзілген жыныстық жасушалары (гаметалар) қосылып, зигота түзеді. Ол бөліне бастайды да қайтадан ірі ламинарияға айналады.
Саргассум балдырына зер сала қарасақдар, жидекке ұқсас домалақ өсінділерді көресіңдер. Алайда ол жидек емес, іші ауаға толы көпіршіктер. Балдырлар солардың жәрдемімен суда жүзуін тездетеді, сөйтіп басқа жерлерге тез тарала алады. Саргассум тұқымдас турбипария балдырларында бұл ауалы көпіршік жұзім салқымына ұқсас болады. Сондықтан оны жергілікті түрғындар теңіз жүзімі деп атайды.
Қоңыр балдырлардың кейбір түрлерінің таспа тәрізді өсінділерінің ұзындығы 60 метр дей болып, биіктігі құрлықтағы кейбір ағашты өсімдіктердің биіктігінен асып түседі.

Қызыл балдырлар

Теңіздің терең түбінде (270 м) көпжасушалы қызыл балдырлар өседі. Талломы (денесі) - таспа, тақтайла, жіп тәрізді, кейде жіптері тарамдалған. Қоңыр балдырлар сияқты аса ірі болмайды. Олардың жасушаларындағы дән тәрізді хроматофорларында хлорофилден басқа қызыл-көк пигменттері болады. Сондықтан бұл балдырлар түсінің қызып, қызғылт және сары, көк-жасыл болуы да мүмкін. Теңіздің түбінде бұл балдырлар айрықша әдемі, көз тартады. Жасушасының қор заты - май және қантты заттар.
Өсімді, жыныссыз, жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбейгенде бөлініп қалған бөліктерінен жаңа дарақ түзілмей, жетілт, бөлініп, өседі. Жыныссыз көбейгенде түзілетін спораларының талшығы болмайды. Судың ағынымен қозғалады. Спора түзетіл қалта - бір жасушадан түзілген спорангийдің ішінде бір немесе төрт спора жетіледі. Кейде олар тарамдалған тармақтарының ұштарында пайда болады. Споралардан төсемікте жыныстық жасушалар түзілетін жынысты ұрпағы жетіледі.
Біржасушалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасыл балдырлар бөлімі
Балдырлардың қоршаған ортадағы орны мен маңызы
Хара балдырлар бөлімі
Балдырларға жалпы сипаттама
ТЕҢІЗ БАЛДЫРЛАРЫ СЫҒЫНДЫСЫН НАН-ТОҚАШ ӨНІМДЕРІНІҢ РЕЦЕПТУРАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНГРЕДИЕНТ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Балдырлардың формалары жіп тәрізді және талломды
Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері. табиғатта және адам өміріндегі маңызы
Балық емес теңіз өнімдері
Антарктика
КОРЕЙ ЫРЫМДАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Пәндер