ЖҚТБ-ға қарсы күрестің алдыңғы шебінде
СПИД (ЖҚТБ)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе: ЖҚТБ-ға қарсы күрестің алдыңғы шебінде.
1 Тарау: ЖҚТБ — сізге де төніп тұрған қатер!
2 Тарау: Вакцина, дәрі-дәрмек және сақтандырғыштар.
3 Тарау: Адамдар жиі қоятын сұрақтар .
4 Тарау: Баратын жер жоқ.
5 Тарау: Сіз қалай ойлайсыз?
6 Тарау: Біз қайда бара жатырмыз?
7 Тарау: Біз не істей аламыз? Әрекет жасайтын мезгіл жетті.
Кіріспе:
ЖҚТБ-ға қарсы күреске ат салысуы
ЖҚТБ: дереу әрекет ету қажет
Егер еш нәрсе өзгермесе, 200 миллионнан астам ерлер, әйелдер және балалар
ЖҚТБ-дан (СПИД, ЖИТС) өлетін болады. Бұған дейін 20 миллионнан астам
ересектер мен балалар ЖҚТБ-мен ауырып, қайтыс болды. Жаңа эпидемия бұрынғы
қай кезге қарағанда да тезірек таралып, жыл сайын он жыл бұрынғы есеппен
салыстырғанда төрт есе көп адамның өмірін алады. Адамдар оның қаупін жете
түсінбейді немесе ол туралы еш ойлағылары да келмейді.
Мен өмірімде алғаш рет көрген ЖҚТБ-мен ауырған адамды ешқашан ұмытпаймын.
Ол жас жігіт, студент болатын, аурухана бөлмесінде жатып қара терге
малынған, қақырығына тұншығып, демін әрең алып, тұла бойын үрейлі қорқыныш
билеген еді . Оның бетінде оттегінің маскасы, денесінде көптеген түтікшелер
болды. Жігіт сол жан түршігерлік бөлмеде мүлдем жалғыз жан тапсырайын деп
жатыр екен.
Мен әлемдік деңгейдегі күллі медициналық құралдармен жабдықталған,
дәрігерлер дайындайтын Лондондағы бір ауруханада осындай аурудың жападан
жалғыз қалғанын көріп, қатты күйзелдім. Бірақ 1987 жылғы жағдай осылай
болатын. Бұл Ұлыбританияда өлім аузында жатқан ауруларды күтетін ешбір
аурухана ЖҚТБ-мен ауырған науқастарды қабылдамайтын, әрі кейбір медбикелер
АҚТҚ-ны (ВИЧ, АИТВ) жұқтырған аурулардың үйіне барудан бас тартқан кез
болатын. Менің қызметтес әріптестерімнің кейбіреулері оларға қажетті дәрі-
дәрмек жазып та бермейтін. Мұның бәрі олардың ЖҚТБ деген ұнамсыз диагнозы
болғандығынан ғана еді.
Мен бұдан былай бекер қарап жүре алмадым. Сол бөлімшеде Құдайға рухани
жағынан ұқсас етіп жаратылған көмекке өте мұқтаж бір адам жатты. Мен оның
өмір сүру салты және ауруға қалай шалдыққаны жайлы барлық сезімдерімді
шетке ысырып қойып, оған күтім көрсетіп, жәрдем бергеннен басқа не істей
алар едім?
Тіпті оның өз отбасы сол жігіттің сырқат екенін де білмейтін. Олар өзімнен
бас тартады деп қорқып, ол құпиясын өзімен бірге о дүниеге алып кетпекші
болды. Ішіп жатқан дәрілері оның жан азабын жеңілдетуге еш дәрменсіз еді.
Бұл өлім аузында жатқан ауруларды күтетін медицинаның одан жиырма жыл
бұрынғы дамымаған күйіне ұқсас болды.
Мен дәрігер-онколог білімін алып, өлім аузында жатқан аурулардың үйлеріне
барып күтім көрсетуге дайындалған едім. Мен бірнеше жыл бойы ЖҚТБ ауруынан
өзімді алшақ ұстап келдім: менің мамандығым емес, аурудың осы түрі мені еш
те қызықтырмады. Бірақ мен кәсіпқой әріптестерім ауруларды қараудан бас
тартқан жан түршігерлік ащы шындықты өз көзіммен көргенде, кейбіреулеріміз
ракпен ауырып өлімге жақын қалған адамдарға қалай күтім көрсетуге
дағдылансақ, дәл сол дағдының дереу ЖҚТБ-мен ауыратындарға да кеңінен
қолдануымыз қажеттігін түсіндім.
Алайда ЖҚТБ науқастарынан тек медицина қызметкерлері ғана бас тартқан жоқ.
Сенушілер қауымдары да оларды саусақпен шұқып көрсетіп, моральдік
пікірталас жүргізді, ал олардың нақты беретін көмегі тым аз еді. Менің де
олардан айырмашылығым болмады: осынау бір ұнамсыз жаңа аурумен
айналыспаудың сылтауын табуға тырыстым. Содан кейін өзімнің қаншалықты
тасжүрек болғандығымды әрі осындай науқастарға деген менің көзқарасымның
түбегейлі өзгеруі тиіс екендігін түсіндім.
Сол жас жігіт ауруын басатын қажетті медициналық көмек алып, бірнеше
күннен кейін өзінің сүйікті отбасының көз алдында мәңгілікке көз жұмды.
Бірақ оның көрген азабы тұла бойымды тітірентті. Мен біржолата өзгердім.
Бұл кітап ЖҚТБ туралы шындық атты кітаптың қысқа нұсқасы ретінде алғаш
1989 жылы жарық көрген. Оның мақсаты әр түрлі сенушілер қауымдарын ЖҚТБ-мен
жапа шеккендерге жанашырлықпен қол ұшын беруге жігерлендіру болды. Ондағы
басты назар ауруларға күтім көрсету және мектептердегі ағартушылық, алдын
алу шараларына бағытталды. Сенім тұрғысынан ЖҚТБ жайында қысқа да әсерлі
кітап жазуды өтінген әлемнің әр жеріндегі адамдардың сұранысы бойынша бұл
кітап түзетулер енгізіліп, толықтырылып, қайта басылып шықты.
Менің 1989 жылғы ескерткен барлық нәрсем дерлік, өкінішке орай, бүгінгі
күнде шындыққа айналды. Дегенмен, миллиондаған адамның шеккен ауыр азабы
мен қайғысы болашақта өткен-кеткеннің қайталамасы болмайды деген әлі де
үміт бар. Аса уайымдататын жайт: 80-ші жылдардың соңында Африкада жайылған
эпидемияның ғибраты он бес жыл өтсе де әлемнің басқа елдерінде әлі де
ескерілмеген. Тіпті қазірдің өзінде де біздің басымызға бұндай күн тумайды
деп ойлайтын үкіметтер мен күллі халықтардың бұл мәселені мойындамайтынын
көреміз.
АҚТҚ-ны (ВИЧ-ті) жұқтырғандардың саны 60 миллионға жеткенмен, эпидемия әлі
де болса өзінің бастапқы кезеңінде. Африкалық үлгідегі инфекция Азияның
және басқа да құрлықтардың көптеген елдерінде кең ауқымда тарала бастады.
Бірақ та біз 15 жыл бұрын Угандада көргеніміздей үкімет тарапынан ЖҚТБ-ға
қарсы аса белсенді, көп сатылы шаралар жан түршігерлік аз көлемде жасалуда.
Көптеген елдерде ЖҚТБ-ға қарсы күресте сенушілер алдыңғы қатарда ат
салысуда. Оңтүстік Африкада архиепископ Десмонд Тутудың бағалауынша АҚТҚ-ны
жұқтырғандарға көмек беру қоғамдық бағдарламаларының 60%-дан астамын
сенушілер қауымдары мен ұйымдары атқаруда. Үндістандағы ЖҚТБ-ға қарсы
мәсіхшілер қозғалысы 25 мың қызметшіні жұмылдырған. Олар ауруларға күтім
көрсетуге немесе аурудың алдын алу шараларына өздерінің бос уақыттарында
немесе толықтай ат салысатын қызметкерлер ретінде үлестерін қосуда. Бұл
елеулі жетістік — күллі елді қамтитын халық қоғалысы. Біз бұны жүздеген
сенушілер ұйымының өсіп келе жатқан бірлестігі — Делидегі Мәсіхшілердің
ЖҚТБ-ға қарсы бүкіл халықтық одағы арқылы білеміз.
Мұны, сонымен қатар, бастамасы 1988 жылы кішігірім ұйымнан ұласқан
Мәсіхтің атынан жанашырлықпен әрекет етуге тырысатын тәуелсіз
агенттіктердің дүниежүзілік АСЕТ бірлестігінен де көреміз. Бұны, сондай-
ақ, Операция Мобилизация, Самариялықтың қапшығы, Тир Фонд, Уорлд
Вижн, Мәсіхшілік көмек және Құтқару Әскер тәрізді жүздеген сенушілер
ұйымдарының қызметтерінен көреміз.
Уганда — үкімет және сенімге негізделген ұйымдар жұмыла әрекет еткенде
қандай нәтиже шығатынын көрсететін тамаша мысал. ЖҚТБ-ның алдын алу
бағдарламасы ауруды жұқтырудың санын, әсіресе, жастар арасында 22%-дан 8%-
ға дейін күрт төмендетті. Бұл жетістікке қауымдардың көмегінсіз қол
жеткізу мүмкін емес еді. Бұл — болашаққа үміт туғызатын үлгі.
Әр дәстүрді ұстанатын мәсіхшілер қарапайым екі мақсат үшін еш қиындықсыз
біріге алады:
• АҚТҚЖҚТБ мәселесіне тап болғандардың бәріне бірдей шартсыз,
жанашырлықпен қол ұшын беру
• Қауымның тарихи тәлімін құрметтеп қолдайтын нәтижелі алдын алу
шаралары
Біз — мәсіхшілер ЖҚТБ мәселесіне тап болғанда, көбінесе ешқандай әрекет
етпейміз немесе бір нәрсенің бұрыс екендігін мәлімдеу үшін Киелі кітапқа не
қауым ілімдеріне сілтеме жасауға асығамыз. Осындай әрекетімізден біз
Құдайдың мейірімі мен сүйіспеншілігін, кешірімін, әрі көптеген адамдардың
ауруды өздерінің теріс қылықтарының кесірінен емес, басқалардың кесірінен
жұқтырғандығын ұмытып кетеміз. Құдай сөзінің тәлімдерін дұрыс
түсінгенімізбен, өзіміздің іс-әрекетіміз бен арақатынасымызда мүлдем алшақ
кетуіміз мүмкін. (Яғни, мейірім, сүйіспеншілік атаулыны көрсетуден ада
болуымыз мүмкін).
Мысал үшін Жохан жазған Ізгі хабардағы Иса және неке адалдығын бұзған
әйел туралы әңгімені алайық. Шын мәнінде әңгіме жұрт алдына шығарылмаған ер
адам жайлы. Екі адам күнә жасаса да, ер адамды, оның күнәсін көзге
іліктірмей, ашынған бір топ еркек тек әйелді өз беттерімен жазалаудың
сылтауын іздеуде. Исаның өмір сүрген заманында иерархия болатын: әйелдердің
неке адалдығын бұзуы өлім жазасына кесілетін, басқа күнәлар соншалықты ауыр
жазаланбайтын, ал еркектің неке адалдығын бұзуы сөзге тұрмайтын жайт
секілді еді.
Исаға осы екіжүзді көзқарас жиіркенішті болды. Ол бір-ақ ауыз сөзбен үкім
айтушылардың бетін қайтарды: Араларыңда кімде-кім күнәсіз болса, сол
әйелге бірінші болып тас лақтырсын. Бүгінгі тұрғыдан айтқанда, сіз газет
дүңгіршектеріндегі әдепсіз журналдарға көзін тікпейтін, ешқашан
қызғанбайтын, ешкімді табаламайтын, боқтық сөз айтпайтын, не ешкімнің
сыртынан өсек айтпайтын, еш уақытта өзгеге деген ашуыңызды балаларыңыздан
қайтармайтын, шындықты еш жасырмайтын, әрі ешқашан машинаңыздың жылдамдығын
шегінен асырмайтын мінсіз адам болсаңыз, онда алға шығып, әйелге тас
лақтырыңыз (Жохан жазған Ізгі хабар 8:1-8 қараңыз).
Ешкім орнынан қозғалмады. Алдымен үлкендері, содан кейін басқалары бірінен
соң бірі шығып кетпейінше, Иса олардан көз алмай қарап отырды. Басқаларға
күнәнің дәрежесіне қарап үкім шығару жайлы барлық мүмкіндікті Иса бір ауыз
сөзбен-ақ түгелдей жоққа шығарды. Біз бәріміз де күнә жасап, Құдайдың
рақымынан құр алақан қалғанбыз және бәріміз де Құдайдың рақымынсыз рухани
өліміз.
Басқаларды саусақпен шұқып мінеп, ал өзімізді дәріптеп мінбеге көтеруге
Иса тыйым салады. Ол дүниедегі үкім айтуға қақылы жалғыз адам болса да,
әйелге: Мен де саған үкім шығармаймын, — деді де, Бара бер, бұдан былай
күнә жасама! — деп жөніне жіберді.
Мәсіхші бола тұра біз, Исаның айтқан екі нәрсесінің арасында қалып қоямыз:
біз немесе әдеп пен ахлақ (мораль) жайлы айтуға асығып, басқаларға үкім
шығарып күнә жасаймыз немесе нақты әдеп пен ахлақ ережелері жоқ терең
тұңғиыққа құлай тұра, Құдайдың мейірімділігі мен сүйіспеншілігін жариялауға
асығамыз. Құдайдың шексіз сүйіспеншілігін және Оның мүлтіксіз өмір жайлы
ережелерін бірге ұстанатын Исаның жолымен жүру үшін бізге Оның көмегі
қажет.
Жаратылыстың басталуынан Аянға дейін Киелі кітап ілімдері мынаны үйретеді:
өздерін өмір бойына бір-біріне арнап некелескен әйел мен еркектің жыныстық
қатынастағы біртұтастығы — бір тамаша сый әрі екеуінің арасындағы махаббат
пен достықтың шарықтау шегі. Құдай жыныстық қатынасты ұнатады, бірақ
некеден тыс жыныстық қатынас Оған ұнамайды. Киелі кітап некеден тыс
жыныстық қатынастың күнә екендігін анық айтады. Мәсіхшілер қауымдары осы
ілімді үнемі ұстанып келген, әрі иудаизм мен исламда да солай үйретіледі.
Киелі кітап бізге жыныстық қатынасты екі адам біртұтас болғандағы құпия,
рухани оқиға ретінде көрсетеді. Біз бұл оқиғаның тәндік жағын көреміз.
Ерекше, қайталанбас адамды жасау үшін, әйелдің жарты жасушасы еркектің
жарты жасушасымен қосылып, сөзбе-сөз айтқанда, біртұтас дене құрайды.
Осындай бір-біріне қарама-қайшы талаптармен біз қалай өмір сүре аламыз?
Исаның салып кеткен жолы анық: біз мұқтаждардың бәріне бірдей олардың соған
қалай тап болғанына қарамастан, Құдайдың шартсыз сүйіспеншілігін көрсетуге
шақырылғанбыз.
Егер менің үйімнің жанында машина соғылып, біреу ауыр жарақат алған болса,
мен оған жәрдем беру үшін жүгіріп далаға шығамын. Мен оның мас болғандықтан
апатқа ұшырағанын біліп, кетіп қалмаймын. Оған жедел жәрдем машинасында
не жатқан палатасында маскүнемдіктің зияндығы жайлы уағыз да айтпаймын.
Бірақ та мас күйде машина жүргізу қаншалықты қауіпті екендігі туралы барлық
таныстарыма айтатын боламын.
Біз АҚТҚЖҚТБ-ны жұқтырған адамдарға жәрдем беріп, күтім мен сүйіспеншілік
көрсетуге шақырылғанбыз.
Біз адамдарға барынша көмек беруге шақырылған қызметшілерміз және бұл
біздің артықшылығымыз. Тіпті олардың өмір сүру салтын қоштамаса да,
мәсіхшілердің науқастарға соншама қамқорлық пен күтім көрсететініне
көпшілік қатты таңырқайды.
Мен Исаның жоғалған ұл жайлы айтқан әңгімесі туралы жиі ойлаймын. Ол өзіне
тиесілі еншісін алып, оны үйінен шалғай жерде ысырап етті. Егер ол үйінен
алыста жүргенде АҚТҚ-ны жұқтырып, ақылға келуге мұршасы болмай көзін жұмса,
не болар еді? Мен оның әкесінің бір күні ертеңгілік тамақта газет оқып
отырып, ұлының қайтыс болғандығы жайлы хабарландыруды көргендегі күйін көз
алдыма елестете аламын. Ол жасқа булыға: Он жыл бойы ешқандай телефон да
шалмай, хат та жазбай, хабар-ошарсыз кеткен ұлымыздан қалған белгі осы, —
деп жұбайын шақырар еді.
ЖҚТБ ауруына шалдыққан көптеген адамдар ешбір үмітсіз әрі Құдайсыз бұ
дүниеден өтіп жатыр. Біздің көктегі Әкеміз адамдардың өз бетімен жүруіне
еркіндік берсе де, Ол ешбір жанның да құрығанын қаламайды, қайта, Өзінен
бір күн болса да ажырамауын тілеп, олар үшін аза тұтып қайғырады.
ЖҚТБ ауруына шалдыққандар бүгінгі күннің алапестері — арам деп саналған
науқастары. Олардан жұрттың бәрі де үркіп, алыстан қашады. Исаның алапеспен
ауырған адамға қолын тигізгені 2000 жыл бойы еске алынып айтылып жүрген
тарихқа енді. Бұл Өзінің жанын біз үшін қиғаннан кейінгі Құдайдың
сүйіспеншілігінің ең керемет көрінісі болды.
Ерікті жәрдем беруші мәсіхші науқастың үйіне кіргенде, Иса да онымен бірге
сол үйге енеді. Исаның Өзінің денесі жоқ, Оның рухани денесі — сенушілер
қауымы. Оның көмек берер қолы, жүрер аяғы, жайдарлы күлкісі, жұбататын
даусы, елжіреген жүрегі, басынан сипап еркелетері — біздерміз.
Адамдар өмірде байқай алатын Құдайдың тек бір ғана бөлігі — Исаның мендегі
не сіздегі өмірі болатын шығар. Біз үйге кіріп біреуді құшақтасақ, оған су,
дәрі не тамақ әкеліп берсек немесе біреудің қолын алатын болсақ, біз де
тарихқа енеміз. Демек, біз Құдайдың сүйіспеншілігін көрсетіп, көбіне өзін
Құдайдан мүлдем алшақ сезінетіндерге Оның жүрек сырын ашамыз.
Құдай жолын елеп-ескермеудің нәтижесінде болған дүниежүзілік апаттан қалай
құтқарылуға болады? Егер әркім есірткі қолдануын қойып, өмір бойы бір ғана
адаммен тұратын болса, 30 жылға жетпей-ақ АҚТҚ жер бетінен толықтай
аластатылатыны шындық. Бірақ бәрі де бұрынғы қарқынмен жалғаса берсе, дәл
сондай уақыт аралығында бұл аурудан 200 миллион адамның өмірі қыршын кетері
сөзсіз.
Сақтандырғыш ЖҚТБ ауруына шалдығу қаупін төмендетеді дейді. Біреуі АҚТҚ-ны
жұқтырып алғаны мүмкін бір жұптың сақтандырғышты 50 жыл бойы көмегі тиіп
қалар деп қолданатынына қалайша үміт артуға болады? Ал егер олар өздерінен
кейін ұрпақ қалдырғысы келсе немесе сақтандырғыш сенімді ақтамаса ше?
Денсаулық сақтауға арнап бөлінген жылдық қаржысы әр адамға шаққанда 2
доллардан ғана тиетін миллиондаған түгі жоқ пақыр кедей халықтан тұратын,
қаржы қоры жұтаң елдерде сақтандырғыш тым қымбатқа түседі. Бізге бұл
мәселенің дұрыс шешімін табу керек.
Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы былай деп жариялады: АҚТҚ-
ны таратуды тоқтатудың ең тиімді жолы — жыныстық қатынасты үзілді-кесілді
тыю немесе ауруды жұқтырмаған жұбайлардың бір-біріне адал болуы. Егер бұл
мүмкін емес болса, сақтандырғышты дұрыс пайдалану ауруды жұқтыру қаупін
азайтады.
Көптеген жұптар үшін өз дендерінің саулығына сенімді болудың бірден-бір
жолы — екеуінің де АҚТҚ-ға анализ тапсыру. Кейбір елдердегі ЖҚТБ-мен
ауыратын әйелдердің шамамен 35%-ы некеге дейін өздерінің пәктігін сақтап
келсе де, күйеулерінің басқалармен қатынасы арқылы ауру жұқтырғандықтан
қаза табуда. Бұл — күрделі де сезімтал мәселе. АҚТҚ-ға анализ тапсырамын
деген әркім ең алдымен мамандардан ақыл-кеңес алғаны жөн.
Қалай көмектесу керек
Аурудың алдын алу шараларымен өмірді сақтап қалу, науқастарға және өлім
аузында жатқан адамдарға жанашырлықпен көмек көрсету және жергілікті
қоғамды дамыту үнемі қатар жүреді. Жұрт науқастарға күтім көрсетуде өз
үлесін қосатындарға көбіне ең көп сенім артып, олардың ықпалы зор болады.
Адамдар осылай аурудың ауыр азабын көріп, өз мінез-құлқын өзгертіп, өлім
аузындағы науқастарға және олардың соңынан қалған жетімдерге қол ұшын
беруге ниеттенеді. Алайда тамаққа тарығып, бір күндік нан үшін тәнін сатып,
тәуекелге бел бууға бейімделген әйел заттың мінез-құлқының өзгеруі қиынға
соғады. Жоқшылық, сауатсыздық пен ЖҚТБ бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Әдетте адамдар неғұрлым кедей болса, ауру соғұрлым тез тарайды.
Сіздің қауымыңыз не ұйымыңыздың жетекшілері ЖҚТБ мәселесімен бетпе-бет
келуге дайын ба? Кез келген өсіп келе жатқан қауымнан бұрынғы өмір сүру
салтының салдарынан АҚТҚ-ны жұқтырған кейбір адамдардың табылуы мүмкін.
ЖҚТБ-ға шалдыққандар айналасындағы адамдардың оны қабылдайтын-
қабылдамайтындығы жайлы өте сезімтал болып келеді. Қатерлі ісік (рак)
ауруымен ауыратындар секілді ЖҚТБ-мен ауыратындар да лезде ашу-ызадан
ауруын мойындамауға, қайғыруға, торығуға, үміттенуге, болашаққа деген
сенімге, күдікке, моюға, қарсыласуға, түңілуге, белсенді емделуге немесе
тіпті өлуді қалауға да ауытқиды.
Адамның қазіргі өз жағдайы жайлы көзқарасына ерекше ықыласпен қараңыз.
Оған болашақтың бұлыңғырлығына мойымауды, сіздің оған деген қамқорлығыңыз
бен достығыңыздың мызғымайтынын және Құдайдың сенімі мен сүйіспеншілігі еш
күмәнсіз екендігін түсіндіруіңіз аса маңызды.
Ауру адамның өткен өмірінен қалған жан жарасы мен өзінің еш нәрсеге
жарамсызбын деген сезімдері болуы мүмкін. Абайсыз басқаларға ауру жұқтырдым-
ау, немесе басқалар дүние салса да өзім әлі күнге дейін тірі жүрмін деп
өзін кінәлі сезіне алады. Бұрынғы өмір сүру салтынан айыпты сезінуі де
мүмкін. Оңашаланып бөлектену мен жалғыздық сезімдері өте күшті бола алады.
Өлім аузында жатудан қорқу кей жағдайда өлімнің өзінен қорқудан да күштірек
болады екен.
Науқас адам сөзбен жұбатуға немесе оны мұқият тыңдауға дайын болудан гөрі
жай ғана көмекке көбірек мұқтаж. Адамды жуындырып, киімін ауыстырып, не
оған тамақ әзірлеп беру — алты сағат бойы ыңғайлы креслода отыруға
қарағанда, сіздің оның өзіне және балаларына деген қамқорлығыңыздың
сенімдірек дәлелі. Көпшілік ЖҚТБ-мен ауыратын науқасқа ақыл-кеңес беруге
құмар, бірақ оған іс жүзінде қолғабыс беруге кім дайын?
Адамдар осы дүниемен қош айтысқаннан кейін, соңында еңіреп балалары
қалады. Он миллион бала жетім қалған. Оларға кім қамқорлық жасайды? Кім
келесі ұрпақтың өмірін сақтап қалуы үшін жас ата-аналарға ЖҚТБ-ның қаупі
туралы күнделікті ескерту жасайды? Осының барлығы туралы біздің кітабымыз
ашық мәлімет береді.
АҚТҚ аса үлкен жылдамдықпен таралып жатқанына қарамастан, сенімнің жолына
түсушілердің саны артуда.
Бірінші тарау
ЖҚТБ — сізге де төніп тұрған қатер!
Келешекте біраз жыл шамасында осы дүниедегі әрбір адам өзінің таныстарының
біреуі ЖҚТБ-дан (СПИД, ЖИТС) өлгенін еститін болады. Қазіргі күндері жер
шарында тұратын әрбір жүзінші ересек адам АҚТҚ-ны (ВИЧ, АИТВ) жұқтырған. Ол
біреудің бауыры, қарындасы не сіңлісі, бөлесі, ағасы, бір көшеде тұратын
көршісі, дүкен сатушысы, мектептегі не жұмыстағы бір танысы. Бұл Африканың
көптеген елдердерінде және оңтүстік-шығыс Азияның кейбір аймақтарында,
сонымен қатар ТМД елдерінде, оның ішінде Ресейде күнделікті жағдайға
айналған. Сіз бұл туралы білмеуіңіз де мүмкін, себебі ЖҚТБ жайлы мәлімет
көбіне құпия сақталуда. Сізге адам рак ауруынан не қандай да бір басқа
аурудан қайтыс болды деп айтуы мүмкін, бірақ шын мәнінде сол адамның ажалы
ЖҚТБ-дан болған.
2004-жылғы АҚТҚ-ны жұқтырғандардың саны шамамен 60 миллион болғаны ықтимал
— нақты санын ешкім білмейді. Бүгінгі таңда АИТ вирусы дүние жүзінде бес
жыл бұрынғы уақытқа қарағанда екі есе артық жылдамдықпен таралуда.
Кейбір адамдар қорқыныштан өзін қоярға жер таппайды. Олар ЖҚТБ деген
сөзді естісімен теледидар каналын бірден басқасына ауыстырады. Оларға кеше
кеште ғана сөйлескен адамы осы ауруға шалдыққан болса керек деген ойдың өзі
қорқынышты. Олар ЖҚТБ-мен ауыратын адамның қолын ұстағаны немесе байқамай
оның стақанын алып, одан ішкені туралы ойлай қалса болғаны, дүрліге кетеді.
Егер олар өздерін қоршаған адамдардың бірнешеуі ауру жұқтырғандығын білетін
болса, дүрбелең емес, байбаламға басады.
Ормандағы өрт тәрізді тарап өрши түседі
Әлемнің кез келген жерінде АҚТҚ-ны (ВИЧ-ті) тасымалдаушы бір адам бірнеше
ай ішінде орта есеппен оны бір адамға жұқтырады. Бір адамның екі адамға,
екеуінің төртеуіне, төртеуі — сегізіне, сегізі — он алтысына және тағы сол
сияқты ауру жұқтыру уақыт аралығын уақыттың еселенуі деп атайды.
Әдеттегі тұмау тез таралады, оның еселену уақыты — шамамен бір апта.
Мерзімнің бірінші күні бір адам тұмау жұқтырады. Келесі апталарда
тұмауратқандардың саны алғашқыда баяу өседі: біреу, одан кейін екеу, содан
соң төртеу, сегіз, он алты, отыз екі. Бес аптадан кейін бұл қиынға соғады:
алпыс төрт адам тұмаумен ауырады. Тағы бір апта өткен соң жағдай одан бетер
қиындайды: 128 адам мұрнын шүйіріп, түшкіреді. Бір аптадан кейін 256 адам
өзін нашар сезінеді, ал тағы бір аптадан соң 512 адам денсаулығына
байланысты жұмыстан қалады.
Шын мәнінде жағдай соншалықты жаман емес. Егер осы уақытқа дейін 512 адам
жұқтырған болса, онда тек 256-сы ғана түшкіретін болады, өйткені тұмау бір
аптаға ғана созылады, ал қалғандары болса бір аптадан ұзақ уақыт бұрын
жұқтырған және одан бері денсаулықтары түзеліп қалған. Егер мектепте 1000
оқушы болатын болса, онда бірнеше аптадан кейін олардың барлығы да тұмаумен
ауырып шығады деп топшылауға болады. Бірақ бұл солай емес, өйткені
кейбіреулер бізге түсініксіз себептермен тіпті ауырмайды.
Тұмаудың мектепте таралуы АҚТҚ-ның қалай таралатынын көрсетеді. Әйтсе де,
бұл жерде бір не екі маңызды айырмашылық бар. АҚТҚ-ға қатысты жағдайда
уақыт еселенуі бір аптаны емес, әдетте 6-12 ай аралығын қамтиды. Ауруды мың
адам жұқтырғаннан кейін мектептегі тұмаурату тәрізді уақыт еселенуі, тіпті,
бірнеше жылға дейін баяулауы мүмкін. Мектепте әлі ауырмаған немесе ауруға
қарсы тұруға қабілеттілердің саны бар-жоғы 100 ғана қалғанда, жаңадан
ауырғандардың саны бір апта ішінде азая түседі: 256, содан соң 512, содан
соң 100, содан кейін 50. Бір апта өткен соң бұл мектепте тұмаумен ешкім де
ауырмайтын болады.
Өлім екпесі (инъекциясы)
Бірақ АҚТҚ-ның жыныстық қатынас арқылы таралуы адамдар өз серіктерін
күнделікті ауыстырып отырмайтындықтан салыстырмалы түрде баяу болғанымен,
нашаның екпесі арқылы таралуы өте жылдам болуы мүмкін. Оның жылдам таралуы
соншалық, бір нашақордың өзі кем дегенде күніне бір адамға жұқтырады.
Бұндай жағдайда ауру жұқтырғандардың саны бірнеше күннің ішінде-ақ 1-ден 2-
ге, 4-ке, 8-ге, 16-ға, 32-ге, 64-ке, 128-ге, 256-ға, 512-ге... 1000-ға
дейін өседі. Міне, сондықтан да бұл күндері Италияда, Америкада, Ресейде,
Шотландияның кейбір бөліктерінде және басқа да жерлерде есірткі мәселесі
аса шиеленіскен, демек, көп ұзамай-ақ оларда ЖҚТБ мәселесі кеңінен орын
алмақ.
Бүкіл әлемнің өліп қалуы мүмкін бе?
ЖҚТБ бәрімізді бірдей өлтіре қоймас. Кез келген топта, қалада немесе
халықта нар тәуекел деп өмір сүру салтын ұстанатындар арасында ЖҚТБ ауруы
тез таралады. Тәуекел етуге аса асықпайтындар арасында баяуырақ, ал
тәуекелге бел байлауға құштар емес адамдар арасында өте баяу таралады.
Қанша адамның ауруды жұқтыратыны және қаншалықты тез екендігі тек аталған
топтардың әрқайсысына қанша адам жататындығына байланысты. Егер біз үнемі
нар тәуекел деп өмір сүру салтын ұстанатын адамдарды осы райынан қайтуға
көндірсек, ең болмағанда ЖҚТБ-ның таралуын бәсеңдетер едік. Угандада АҚТҚ-
ны жұқтырған жас келіншектердің саны 22%-дан 7%-ға дейін азайған.
Ағартушылық іс адам өмірін сақтайды, бірақ бүкіл қоғамның жүріс-тұрысын
өзгерту — уақытты талап етеді.
Кім өзін аурудан қауіпсізбін деп айта алады?
Италияда ЖҚТБ-ны нашақорлардың обасы (чумасы) деп айтады. Ал Африкада оны
ерлер мен әйелдердің обасы дейді. Ұлыбританияда алғашқыда бұған гейлердің
ауруы деген атақ таққан. Бірақ бәрі де өзгереді. ЖҚТБ — қарым-қатынас ауруы
және оның вирусы арақатынас жолымен таралады. Ол ерлер клубтарында,
фабрикаларда, кеңселерде, би кештерінде, мектептерде таралады.
Бір нәрсені шүбәсіз айтса болады: ЖҚТБ ешқандай шекараны білмейді — ұлтты
да, нәсілді де, жеке басты да, жыныстық бағытты да. Вирус жыныстар
арасында, жыныстық қатынаста болған бір жынысты адамдар арасында немесе қан
я болмаса бір адамның денесінен бөлінетін сұйықтардың басқа біреудің қан
айналымына енген кезінде таралады.
Ұлыбританияда АҚШ-тағыдай алғаш ауру жұқтырып, ең көп жапа шеккендер
гомосексуалдар қауымдастығы. Өзіміз байқағандай, таяқтың бір ұшы бір топқа
бірнеше жыл бұрын тиіп кетсе болғаны, мәселе 100 есе ұлғаятыны анық. Егер
сіз сол топтың мүшесі болсаңыз, бұл сізді ЖҚТБ-мен ауырасыз деген жалған
әсерде қалдыруы мүмкін.
ЖҚТБ бұл жерде ешқашан болмайды
Орталық Африканың кейбір бөліктерінде барлық жас әйелдер мен ерлердің
әрбір бесіншісі ЖҚТБ-дан өлімге кесілген. Енді біз ЖҚТБ Африкада АҚШ-
тағыдай 60-жылдары болғандығын білеміз. Барлық медицина қоғамының
қырағылығына қарамастан, адамдар осы аурудан өліп жатқан. Ал 1983 жылы
Африкада ЖҚТБ-мен ауырған деген тек бір ғана мәлімет тіркелген. Тек сол
жылы ғана біз Орталық Африкада болып жатқан апатты кенеттен түсіне
бастадық. Он мыңдаған адам ЖҚТБ-дан көз жұмып, миллиондаған адам ауру
жұқтырған. Оларға көмек беру тым кеш болды.
Азияның кейбір бөліктері мен ТМД елдерінде індет тез жайылуда, мысалы
Шығыс Еуропада (Ресей Федерациясы, Украина және Белоруссияны қоса
есептегенде) және Орталық Азияда АҚТҚ-ны жұқтырғандар саны небары біразырақ
жылдың ішінде күрт өсті — 2004 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 1,4 млн
адамға жетті. Он жылдан аз уақыт ішінде 10 еседен аса өсті. 2004ж. АҚТҚ-ны
жұқтырғандар саны шамамен 210 000 құраса, сол 60 000 адам ЖҚТБ-дан көз
жұмды. Тек Индиядағы Мумбай (бұрынғы Бомбей) қаласының өзінде әр түні 1000-
нан аса адам ауру жұқтырады. Солтүстік-шығыс Үндістанның шамамен 40000
тұрғыны бар ауылдарына барғанда солардың 8000-ы күре тамырға героин
шаншитынын, ал 4000-ы ауруды әлдеқашан жұқтырғанын білдім. Мен өлім аузында
жатқан бағушының ұлының қасында болдым және оның үлкен ағасы да әлдеқашан
ЖҚТБ-дан қайтыс болған екен. Бүкіл ұрпақ апатқа ұшыраған. Әйтсе де, жыл
сайын миллиондаған адамның өмірін сақтап қалатын қарапайым жол бар.
ЖҚТБ жайлы еш жаңалық жоқ па?
Жыныс жолдарымен жұғатын аурулар жүздеген жылдар бойы бар болып келеді.
Қырық жыл бұрын мерезге (сифилис) қарсы дәрі табылғанша, ол мыңдаған адам
өмірін алған. Соз (гонорея) үнемі жылдам таралған және осы күнге дейін
біздің дәрі-дәрмектермен емдегенімізге көбіне бой бермейді. Ең бір мәселе
туғызатын ауру —ұшық (герпес), бұл ауруды жұқтығанда жыныс жолдарында
күлдіреген жаралар пайда болады және жыныстық қатынас жасау мүмкін емес. Ол
өмір бойы біресе пайда болып, біресе жоғалып отырады. Оның ешқандай емі
жоқ. Егер сіз жыныстық қатынасты жасөспірім шағыңызда бастасаңыз әрі
жыныстық серіктеріңіз көп болған болса, жатыр мойнының рагымен ауырып
қалуыңыз әбден мүмкін. Көптеген әйелдер бедеу болып қалған. Бұл көбіне
әйелдерді іштен бүлдіретін жыныс аурулармен байланысты. Әдетте бұл
денсаулыққа зиян келтіргеннен кейін ғана білінеді.
Екінші тарау
Вакцина, дәрі-дәрмек және сақтандырғыштар
Ешкім де жалғыз ЖҚТБ-ның өзінен өлмейді
ЖҚТБ — белгілі бір вирустың ағзаңызды соншалықты әлсіретіп, оған басқа
микробтардың енуіне жол беріп, сізге ажал әкелетін жағдайдың атауы. Әдетте
сіздің ағзаңыз зиянды микробтарды оңай жойып жібереді. Бұлай болудың
себебі, сіздің бойыңызда иммунитет бар. Сіздің иммундық қорғанышыңызға
қатты зиян тигенде, біз сізге иммундық тапшылықтан жапа шегіп жүрсіз деп
айтамыз. Кейбір адамдар әлсіз иммундық жүйемен туады, ал басқаларда
иммундық жетіспеушілік аурудың нәтижесінде дамиды. АҚТҚ ағзаға инфекцияның
салдарынан енетін болғандықтан, біз бұл ауруды жұқтырған қорғаныш
тапшылықтың белгісі (ЖҚТБ) дейміз.
АҚТҚ — адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы (вирусы) деп талдап
түсіндіріледі, бұл ЖҚТБ-ны тудыратын қоздырғыштың (вирустың) ғылыми атауы.
Қандай атауды қолдансақ та, инфекцияның даму сатылары бар екендігін түсіну
маңызды. Ең алдымен адам инфекцияны тасымалдаушыға айналады, бұған
қарамастан ол өзін жақсы сезінеді. Содан соң аурудың ушығуының алғашқы
белгілері пайда болады және кейін ол өлімге әкеп соғады. Бұл үрдіс бірнеше
жылға ұласады. Адамның сырт келбетіне қарап оның бойында инфекцияның бар-
жоқтығын ажырату мүмкін емес.
Вирус (қоздырғыш) дегеніміз не?
Вирус роботқа немесе компьютер бағдарламасына ұқсас. Онда сіздің
тәніңіздің жасушаларына вирусты қалай көбірек өндіру керектігін үйрететін
нұсқаулар бар. Вирус дегеніміз — ішінде генетикалық бағдарламасы бар ақуыз
құты. Бұндай бағдарлама сіздің шашыңыздың түсін, мұрныңыздың немесе
құлағыңыздың пішінін анықтайды. Гендер сіздің бойыңыздағының бәрінің қандай
болуы тиіс екенін алдын ала бағдарлап қойған және бір таңқаларлығы
тәніңіздің әрбір жасушасының ішінде дерлік сіздің дәлме-дәл көшірмеңізді
жасап шығаруға жетерліктей барлық нұсқаулар бар!
Жауынгер жасушалардың құртылуы
Вирустың ішіндегі бағдарлама бар-жоғы бір немесе екі нұсқаудан тұрады,
бірақ бұл нұсқаулар дұрыс емес. Егер осы вирус қанның ақ денешіктерінің
ерекше түрлерінің біреуінің үстіне кірпік қағым уақыттан сәл көбірек
жабысып тұра алатын болса, вирус кішкентай көпіршік тәрізді жарылады да,
жасушаның ішіне өлтіретін бағдарламаны бүркіп жібереді. Бірнеше минуттан
кейін жасуша осы бағдарламаны өз миына, яғни ядросына, көшіріп алады да,
енді бұл жасушаның ядросы әрдайым сол бағдарламамен жүретін болады.
Бірнеше апта, ай немесе тіпті жылдар бойы ауру жұқтырған жауынгер жасуша
қан тамырларында не дененің тканьдарының арасында жүзіп жүре береді. Бұл
жасушаның бір ғана мақсаты бар: микробтарды тауып, оларды құрту.
Микробтардың жүздеген түрі бар және ақ денешіктердің әрбір түрі олардың
арнайы бір түріне шабуыл жасау үшін жаратылған.
Біз неге ауырамыз?
Вирус жауынгер жасушалардың белгілі бір түріне ғана шабуыл жасайды және
олардың саны азайған сайын ағзаға белгілі микробтарды өлтіру қиынға соғады.
Сіз әдеттегі жөтел мен суық тигеннен лезде айығып кетесіз. Әдеттегі
микробтардың көпшілігі тез өледі, әйтсе де, біреуі не екеуі кедергісіз өсе
береді. Нәтижесінде еш күтпеген өкпе инфекциясы, құрт ауруы (туберкулез)
немесе басқа аурулар туындайды.
Осындай микробты кездестіргенде жауынгер жасуша әрекет ете бастайды.
Жылдар бойы маужырап келген күйден оянып, жасуша қарқынды жылдамдықпен
антиденелерді өндіре бастайды. Бұл антиденелердің пішіні микробтың үстіне
дәлме-дәл сәйкес келіп, антиденелер микробтарды орап алып, оларды өлтіреді.
Бірақ егер жасушаның бағдарламасы өзгеріске ұшыраған болса, механизм тоқтап
қалады. Жаңа бағдарлама іске кірісіп, жасушаның антиденелерді өндіруін
тоқтатуды бұйырады. Бұйрыққа бағынып жасуша антиденелердің орнына жаңа
вирустарды өндіре бастайды. Неғұрлым жасуша ұзақ ауырса, соғұрлым ол ұлғая
түседі. Ақырында ол жарылып, қанға миллиондаған жаңа вирустарды шашады.
Олардың әрқайсысы қанда бар-жоғы бірнеше минут қана тұрақтайды. Сол уақыт
ішінде ол балғын таза ақ жасушаға жабысып, жарылады, жаңа жасушалардың —
жауынгер жасушалардың бағдарламасын өзгертеді, мәселен, ми жасушаларын.
Біраз уақыттан кейін ағза әлсірейтіні соншалық оны басқа да қабынулар
(инфекциялар) меңдей бастайды.
Осы инфекциялардың кейбіреулері жеңіл сырқатқа әкеп соқтырады немесе адам
салмағын жояды. Алайда өкпе инфекциясы емдеуге оңайлықпен көнбейді, тіпті
адам өмірін әкетеді. Ешкім де ЖҚТБ-ның өзінен өлмейді. АҚТҚ-ны жұқтырған
адамның иммундық қорғанышы бұзылғаннан кейін, оның денесін әлсірететін
басқа бір жұқпалы аурудың немесе ЖҚТБ-мен байланысы бар рак ауруының
нәтижесінде қаза болады. АҚТҚ-ны жұқтырғандар көбіне туберкулезден қайтыс
болады.
Емдеу, вакцина және сақтандырғыш жайлы таңғаларлық жаңалықтар
Біз ЖҚТБ-ға қарсы жасалып шығарылған ғажайып жаңа дәрі-дәрімектер туралы
апта сайын дерлік оқып не естіп жатамыз. Бізге біреу вакцина тауыпты, енді
сақтандырғышты (мүшеқапты) қолданса, жыныстық қатынаспен айналысу қауіпсіз
дейді. Егер осылар рас болса, бұл шынымен жақсы жаңалық. Бірақ ол солай ма?
Кейбіреулер егер пәктігін жоғалтпаған адаммен жыныстық қатынасқа түссең,
ЖҚТБ-дан айығасың дейді. Сандырақ. Адамдардың соншалықты сенгіштігі
таңғалдырады.
Сіздің оқитындарыңыз бен еститіндеріңіздің көбі — бос сөз. Егер
кейбіреулер айтып жүргендей ЖҚТБ-ның дәрісі табылса немесе жақсы вакцина
табылған болса, дәрігерлер, медбикелер және үкіметтер уайымдауларын доғара
алар еді. Бәрінің де инфекцияның таралуының алдын алу қамын ойлап жүруінің
себебі оның ешқандай емі жоқтығында және ертелі-кеш пайда болу
мүмкіндігінің аздығында. Қазіргі уақытта тиімді вакцина жоқ және алдағы
онжылдықта табылып қалуы да неғайбіл. Одан сорақысы — көпшілік жұрт
ойлағандай сақтандырғыштар (мүшеқаптар) сондай қауіпсіз де емес.
Мен жуық арада вирусты өлтіретін, ағзамызға қауіпсіз дәрі-дәрмектер
шығарылады деп үміттенемін. Сол іске асқанда, бізде тұмаудың, әдеттегі суық
тиюдің, полиомиелиттің, сарыаурудың (гепатит), ұшықтың (герпес) және
көптеген басқа аурулардың, сонымен бірге ЖҚТБ-ның де дәрі-дәрмектері
болады. Бірақ оған әлі алыс.
Қазіргі шақта бізде оны жүзеге асыратындай қажетті технология жоқ. ЖҚТБ-ны
емдеу үшін бізге ағзаның ішіндегі әрбір жеке жасушамен жұмыс жасай
алатындай ғажайып құралдарды ойлап табу керек. Адамды Айға немесе Марсқа
қондырудың өзі ЖҚТБ-ға қарсы дәріні ойлап табумен салыстырғанда, оп-оңай
ғана шаруа. Оны тапқан адамның есімі ең ұлы өнертапқыштардың бірі ретінде
адамзат тарихында мәңгі қалатын болады. Ол туралы ХХІІ ғасырда да кітаптар
жазылатын болады.
Ал бізге әзірше жүздеген лақап емдеулер жайлы оқуға тура келеді. Мәселе
ЖҚТБ-ға шалдыққан адамдардың сол аурудың өзінен өлмеуінде. Өзіміз
байқағандай, адамдар ЖҚТБ-ның ағзаны әлсіретуінің нәтижесінде пайда болған
аурудан немесе инфекциядан өледі. Дененің осы инфекциялардан құтылуына
көмегін тигізетін дәрілердің бәрі науқасқа үлкен қолғабыс бола алады.
Науқастар үйлеріне сергек болып оралады және кейде бірнеше ай бойы өздерін
жақсы сезінеді. Олар тағы бір жаңа инфекцияны қабылдағанша, адамдар оларды
айығып кетті деп ойлайды. Және бұл лақап сөз бен жалаң мәліметке жол ашады:
Мен мына ерекше антибиотикті қабылдай сала бір күннен кейін ауруымды
түгелдей ұмытып, ауруханадан шықтым. Енді менде ЖҚТБ жоқ.
Бірінші айтылған ой дұрыс, ал екіншісі — өтірік. Адам кез келген уақытта
тез арада өліп кетуі мүмкін. Жауынгер жасушалар әлсірей береді және ағза
күн өткен сайын жаңа микробтарға мойынсұнғыш келеді. Тіпті адам тәуір болып
көрінгенімен, оның төрінен көрі жақын.
Түкке тұрғысыз дәрілер
Бірнеше жыл бұрын Угандада туберкулездің дәрісін ЖҚТБ-ның дәрісі деп
қолданған. ЖҚТБ-ға шалдыққан адамдардың көпшілігі дәл осы туберкулезден
өледі. Дәрі ЖҚТБ-ны емес, туберкулезді құртады. АҚШ-та мерездің (сифилис)
дәрілерін ЖҚТБ-ның дәрісі деп атаған. Бірақ олар тек мерезден ғана айығуға
көмектескен.
Кейбір адамдар ЖҚТБ-ның дәрісі деп арнайы диеталарды, жеке отырып
тамақтану, көп мөлшерде дәрумендерді (витамин) ішуді, жаттығулар, ұйқы және
түрлі комбинациядағы психотерапияны жарнамалауда. Бұлардың құны қанша?
Егер сіздің жауынгер-жасушаларыңыз жақсы жұмыс істемейтін болса, онда
сіздің иммунитетіңізді нығайтатындардың бәрі де денсаулығыңызды сақтауға
көмектесетіні рас. Және керісінше: сіз өзіңізді қажытатын әрі ауруға
септігін тигізетін нәрселерден аулақ болуыңыз керек. Дұрыс мағына өзіңізге
күтім көрсетуді нұсқайды: жүйелі түрде дұрыс тамақтану, қандай да бір
жаттығулар жасау, салмағыңызды бірқалыпты ұстау, көбірек жаңа піскен
жемістер мен көкөністерді жеу, шылым шегуді доғару, ішімдіктер мен басқа
есірткілерден бас тарту, жеткілікті ұйықтау. Осындай көп қаржы талап
етпейтін нәрселер көптеген адамдардың, әсіресе, ЖҚТБ-мен ауыратындар мен
АҚТҚ-ны жұқтырғандардың денсаулығын сақтап, өмірін ұзартады.
Алайда кейбіреулер түрлі қымбат әрі пайдасыз дәрі-дәрмектерді
жарнамалайды. Көпшілік ЖҚТБ ауруын пайдаланып ақша жасайды.
Анти-ретровирустық емдеу тәсілі және тағы басқа өте қымбат дәрі-
дәрмектердің бар екендігі рас. Дегенмен, олар отты толығымен өшірмей, оны
тек тұншықтырып қана қояды. Олар улы болғандықтан, мөлшері асып кетсе, адам
өліп қалады, яғни көптеген қосымша күрделі анализдер қажет. Бұған қоса бұл
дәрі-дәрмектерді өмір бойы қабылдау керек.
Дамымаған елдерде жыныстық қатынасқа түсу үшін адамдардың бәрі де
сақтандырғышты қолдана алады деп ойлау қаншалықты ақымақтық болса, осы
кішкене арзанырақ дәрі-дәрмектер қалайда әлемдегі ең кедей тұратын халықтың
басым көпшілігінің өмірін өзгертеді деп сену — соншалықты ақымақтық. Тіпті
сіз осы дәрі-дәрмектерді сатып алатындай жағдайыңыз болса да, оларды жақсы
жабдықталған зертханалар мен тәжірибелі дәрігерлер тобының көмегінсіз
қабылдау пайдасыз әрі қауіпті екенін есте сақтаған абзал. Бұл дәрілерді
қолданудың ең дұрысы оларды ЖҚТБ-ға тапсырылған тест анализі оң нәтижелі
болған жүкті әйелдерге беру. Бұның
мақсаты туылмаған нәрестенің ауруды жұқтыру қаупін азайту.
Гормоноиды
Парагормоны, разнородные по химической структуре биологически
активные вещества, действующие на обмен веществ и многие
физиологические процессы в организме. Образуются, как правило, не в
железах внутренней секреции, как Гормоны, а в др. тканях и органах.
Биологическое действие Г. кратковременно, так как они разрушаются или
связываются тканевыми белками. К Г. относят Ацетилхолин, некоторые
предшественники и продукты превращения адреналина, тканевые гормоны,
или гистогормоны (Гастрин, Гепарин, Секретин и др.), Гистамин,
Серотонин и некоторые др. Амины биогенные.
Ацетилхолин
Уксуснокислый эфир Холина: CH3COOCH2CH2C(CH3)3OH; бесцветные
кристаллы, легко растворимы в воде, спирте, хлороформе, нерастворимы
в эфире. Молекулярная масса 163,2. А. — биологически активное
вещество, широко распространённое в природе. В небольших количествах
(несколько долей мкг) А. содержится в тканях организмов в виде
неактивного соединения с белками и липидами; при некоторых
патологических состояниях содержание А. в крови повышается. В
активном состоянии А. образуется в организме из уксусной кислоты и
холина под действием фермента холинацетилазы; легко расщепляется
ферментами из группы холинэстераз (См. Холинэстеразы). А. относится к
медиаторам (См. Медиаторы) — передатчикам нервного возбуждения в
периферической и центральной нервной системе. Он выделяется
окончаниями вегетативных и двигательных нервных волокон и вызывает со
стороны иннервируемого органа реакцию, специфичную для раздражения
данного нерва. В пресинаптических нервных окончаниях (см. Синапсы)
обнаружены мельчайшие пузырьки (везикулы), содержащие А. При
возбуждении нерва А. поступает из этих пузырьков в синаптическую
щель, осуществляя тем самым передачу нервного импульса. Проникая в
органы и ткани, А. может вызвать эффекты, характерные для возбуждения
парасимпатических элементов вегетативной нервной системы (См.
Вегетативная нервная система) (снижение кровяного давления,
замедление сердцебиений, усиление перистальтики желудка и кишок,
сужение зрачка и т. д.). Действие некоторых ингибиторов (См.
Ингибиторы) холинэстеразы (карбаматы, фосфорорганические инсектициды
и некоторые отравляющие вещества) ведёт к накоплению в организме
избыточных количеств негидролизованного А., что сначала приводит к
ускорению передачи нервных импульсов (возбуждение), а далее к
прекращению их передачи, т. е. блокированию импульсов (паралич). Для
определения А. пользуются в основном биологическими показателями
(сокращение спинной мышцы пиявки, прямой мышцы живота лягушки,
уменьшение силы и урежение сокращений изолированного сердца лягушки,
падение кровяного давления у кошки и др.).
Гистамин
?-имидазолил-4(5)-этиламин, тканевый гормон, обладает сильным
биологическим действием, принадлежит к числу биогенных аминов (см.
Амины биогенные). Образуется в результате декарбоксилирования
аминокислоты Гистидина:
Содержится в больших количествах в неактивной, связанной форме в
различных органах и тканях животных и человека (лёгкие, печень,
кожа), а также в тромбоцитах и лейкоцитах. Освобождается при
анафилактическом шоке, воспалительных и аллергических реакциях (см.
Аллергия). Вызывает расширение капилляров и повышение их
проницаемости, сужение крупных сосудов, сокращение гладкой
мускулатуры, резко повышает секрецию соляной кислоты в желудке.
Высвобождение Г. из связанного состояния при аллергических реакциях
приводит к покраснению кожи, зуду, жжению, образованию волдырей. Г.
распадается под действием фермента гистаминазы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz