Ертедегі папоротниктер



ЖОСПАР

1. Ертедегі папоротник тәрізділердің пайда болуы
2. Жалпы сипаттамасы
3. Папоротник тәрізділердің көбеюі
4. Папоротник тәрiздiлердiң табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы.

ЕРТЕДЕГI ПЛАУН, ҚЫРЫҚБУЫН, ПАПОРОТНИК ТӘРIЗДIЛЕР ЖӘНЕ ТАСКӨМIРДIҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Осыдан шамамен 300 миллион жыл бұрын, Жер бетiне өсiмдiктер жабыны қазiргi кездегiден мүлде басқаша болған. Ол кездерде жыл бойы ылғалды және жылы климат сақталып отырған. Судың буынан түзiлген тұманды мұнар күннiң көзiн жиi жауып, жылы нөсерлi жаңбырлар жауған. Мұның өзi өзендер суының тасып, көлдердiң пайда болуына және топырақтың батпаққа айналуына әкелiп соқтырған. Бұл жағдайда жағалық және батпақты жерлердiң өсiмдiктерi - ертедегi плаун, қырықбуын, папоротник тәрiздiлер жақсы өскен.
Плаундардың, қырықбуындардың және папоротниктердiң тамырлары, сабақтары және жапырақтары болғандығына байланысты жер бетiнде өсуге мүктерге қарағанда жақсы бейiмделген. Олар өте көп мөлшерде споралар түзген, яғни көбеюге мүмкiндiгi мол болған. Мұның өзi жердiң тарихи даму барысында, таскөмiр дәуiрiнде құрлықта плаун, қырықбуын, және папоротник тәрiздiлердiң басым болуына көп әсерiн тигiзген.
Бұл кезеңде плаун, қырықбуын, папоротник тәрiздiлер судың жағалауында ғана өсiп қоймай, тегiстiкте де ағаш тәрiздi биiк өсiмдiктерден тамаша ормандар түзген. Бұл ормандардың кейбiр ағаштарының биiктiгi 40 метрге дейiн жеткен. Оларға плаун тәрiздiлерден лепидодендрондар (биiктiгi 40 м), сигилляриялар (биiктiгi 30 см), қырықбуын тәрiздiлерден каламиттер (биiктiгi 8 - 10 м), папоротник тәрiздiлерден археоптеристер (биiктiгi 34 м), кладоксилондар (биiктiгi 25 м) жатады. Бұл ағаштардың батпақты жерлерде өсуiне байланысты тiрек ұлпалары нашар жетiлген. Соған байланысты олардың дiңдерi осал болған және қатты жел, дауыл тұрған кездерде оңай сынып отырған. Сынған ағаштар, құлаған кездерде өздерiмен бiрге айналасындағы басқа ағаштарды қоса құлатқан. Осылайша құлаған ағаштардан орманның көп жерi жапырылып жатқан. Мұндай ағаштардың арасында, қазiргi кездердегi плаундарға, қырықбуындарға және папоротниктерге ұқсас өсiмдiктер өскен.
Өзендер тасығанда құлаған ағаштарды ағызып әкетiп, суы таяз жерлерде оларды ұйық пен құм басқан. Ағып келген салынды ағаштар құм мен судың салмағынан тығыздалып, тапталып бiрнеше миллиондаған жылдар бойы оттек жоқ ортада таскөмiрге айналған.
Спораларымен көбейетiн өсiмдiктермен бiрге таскөмiр дәуiрiнде ерекше папоротниктер өмiр сүрген. Олардың жапырақтарында қарапайым тұқымбүрiне ұқсас құрылымды өсiндiлер болған. Оны ғалымдар сол кездегi шөгiндi қабаттардан табылған ағаштардың таңбаларын және тасқа айналған қалдықтарын зерттеудiң нәтижесiнде дәлелдеген .
Таскөмiрдi қазiргi кезде отын немесе химия өнеркәсiбiне қажеттi шикiзат есебiнде пайдаланады. Таскөмiрмен соңғы уақыттарға дейiн паровоздар жұмыс iстедi. Қазiргi кезде жылу электрстанциялардың, фабрикалардың және заводтардың бу қазандары осы таскөмiрмен қыздырылады. Таскөмiрден жанғыш газдар және басқа өнiмдер алынады. Одан анилин бояуы, лактар, пластмассалар, дәрi - дәрмектер, т.б. заттар алынады. Қазақстанда таскөмiр Қарағанды мен Екiбастұзда өндiрiледi.

Жалпы сипаттамасы.Папоротник тәрiздiлер жоғарғы сатыдағы споралы өсiмдiктердiң iшiндегi ең ерте пайда болған тобы. Ертедегi жойылып кеткен үлкен ағаш тәрiздi түрлерi ылғалды тропикалық орман болып өскен.
Қазiргi кезде папоротник тәрiздiлердiң 10000-нан астам түрлерi белгiлi. Папоротник тәрiздiлер тропикалық ормандарда ағаш, лиана (басқа өсiмдiкке оралып өсу), түрiнде өседi. Суда өсетiндерi де бар. Австралия мен Жаңа Зеландияда өсетiн ағаш тәрiздi түрлерiнiң биiктiгi 20 м жетедi. Қазақстанда ағаш тәрiздi папоротниктердi тек ботаникалық бақтардан ғана көруге болады.
Папоротник тәрiздiлер тең споралы және әр түрлi споралы өсiмдiктер. Қазақстанда кездесетiндерi көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер. Олардың кең тараған өкiлдерiнiң бiрi еркек усасыр папоротнигi(щитовник мужской - Dryоpteris filix - mass).
Ол ылғалды көлеңкелi жерлерде, орман шетiнде және сайлар мен жыраларда өседi. Еркек усасыр папоротнигi %тамырсабақты өсiмдiк. Тамырсабақтарынан төмен қарай қосалқы тамырлары, ал жоғары қарай жапырақтары өседi. Бiзде өсетiн шөптесiн папоротниктердiң жер үстi сабағы дамымаған. Бiрақ олардың жер асты тамырсабағы жақсы жетiлген. Папоротниктердiң тамырсабағы түрi өзгерген қысқарған сабақ дейдi. Еркек усасыр папоротнигiнiң жапырақтары өте баяу өседi. Мұнда үш түрлi жапырақ бар. Бiрiншi жылғы жапырақтар бүршiк түрiнде болады және тамырсабақтың ұшына жақын орналасады. Осы бүршiктерден екiншi жылғы жапырақтар пайда болады. Екiншi жылғы жапырақтары бүктелiп, сыртын түктер жауып тұрады. Үшiншi жылы көктемде бүктелген жапырақтар жазылып қауырсынды тiлiмделген нағыз жапыраққа айналады.
Папоротниктердiң жапырақтары жоғарғы ұшынан шексiз өсетiндiктен өте iрi болады. Олардың мөлшерi бiрнеше мм-ден 30 м дейiн жетедi. Папоротниктердiң жапырақтары 2 түрлi қызмет атқарады:
1) фотосинтез процесiнiңнәтижесiндеорганикалықзат түзiледi;
2)споралартүзiлiпкөбеюгеқатысады. Папоротниктердiң фотосинтез процесiжүретiнжапырақтарықауырсынтә рiздiбiрнешеқайтаратiлiмделгенболад ы. Сондықтанда оны күрделiқауырсындыжапыраққажатқызады .

Көбеюi. Папоротниктер вегетативтi, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейедi. Вегетативтi көбеюi тамырсабақтары және өнiм бүршiктерi арқылы жүзеге асады. Өнiм бүршiктерi папоротниктердiң барлығында бiрдей бола бермейдi. Ол талақдәрi (аспленум) папоротнигiнiң кейбiр түрлерiне ғана тән. Мұндай бүршiктер жапырақтың негiзгi жүйкесiн бойлай орналасады. Олардан жапырақтың нышаны бар кiшкентай папоротниктер пайда болады. Осы папоротниктер үзiлiп түсiп, тамырланып, топыраққа бекидi де нағыз папоротникке айналады.
Жыныссыз көбеюi былайша жүзеге асады. Жаз кезiнде еркек усасыр папоротнигiнiң жапырағының астынғы бетiнде, орталық жүйкенi бойлай қоңыр төмпешiктер түзiледi. Оларды сорустар деп атайды. Сорус дегенiмiз спорангийлердiң жиынтығы. Спорангий - споралар дамып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Офиоглоссопсидтер немесе жылантіл папоротниктер класы
Папоротниктәрізділер бөлімінің жалпы сипатамасы және жіктелуі
Папротник тәрізділер
Биосфера жайлы
«Су жағалап өсетін қырықбуындар және папоротниктер»
Биосфера құрылысы. Биосфера туралы жалпы түсінік
Биосфераның негізгі компонеттері
Биосфераға сипаттама
Ботаниканың қайта өркендеу дәуірі
Биосфера
Пәндер