Баланың дамуына ересектердің тиімді ықпал жасауы


Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
Теориялық және қолданбалы психология кафедрасы
Дипломдық жұмыс
“ Баланың дамуына ересектердің тиімді ықпал жасауы”.
020940 “Психология” мамандығының
5 курс студенті А. Балмаханова
Ғылыми жетекші:
аға оқытушы
А. А. Утеуова
Ақтөбе - 2007
Мазмұны
Кіріспе.
- Мектепке дейінгі жастағы балаларда эмоционалды бұзылыстар мәселесінің теориялық аспектісі . Бала тұлғасының қалыптасуындағы эмоция мен оның әсері.
1. 2. Эмоционалды бұзылыстар сипаттамасы. (қорқыныш, мазасыздық, депрессия, агрессивтілік, бірбеткейлік) .
1. 3. Аффективтік күйдің психологиялық сипаттамасы. Балалардың аффективті қылықтарның себептері.
1. 4. Балаларда аффективті бұзылыстардың қалыптасуындағы жанұя ролі және жанұялық сәтсіздіктің әсері.
2. Мектепке дейінгі жастағы балалардың аффективті қылықтарын эксприменталды-психологиялық зерттеу.
2. 1. Зерттеу процедурасы және әдісі.
2. 2. Зерттеу нәтижесін талдау.
Қорытынды.
Ата-аналарға әдіснамалық ұсыныс.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қосымша.
Кіріспе.
Өзектілігі. Мектепке дейінгі жастағы балалардың гармонияда дамуы белгігі бір білім аймағының дамуын ғана емес, оның эмоционалды сферасының жоғары даму деңгейін ұсынады. А. И. Захаров баланың дамуы мен тәрбиелеуінде қойылған мақсатқа жету, баланың психикалық денсаулық жағдайында, яғни эмоционалды сферасында, мінез-құлық дамуында жеке тұлға қалыптасуында жүзеге асады, - деп көрсеттті.
Л. С. Выготскийдің пікірінше, баланың психикасы бұзылуы оңай, «әлсіз зат», сол себепті мектепке дейінгі этаптағы жеке тұлға қалыптасуында педагог психикалық жүйке бұзылыстарында көрінетін түрлі проблемалармен, ауытқушылықтармен ұшырасуы мүмкін.
«Жалпы психологияда» эмоция мәселесі толық зерттелмеген. Бірақ кейінгі кезде ол толығымен кеңінен таралуда. А. Н. Леонтьевтің көрсетуінше, эмоция-іс-әрекеттің және қылықтың «ішкі реттеушісі». Біріге отырып олар, Л. И. Божовичтің «бала мінез-құлқының қалыптасу негізін» құрайтын тұрақты қылық формасының тууына әсер етеді.
Жағымсыз жағдайда балады белгілі бір өмір жақтарына және адамдарға ұнамсыз эмоционалды қатынас дамиды. Эмоционалды бұзылыс балардағы жие болатын психикалық даму ауытқушылығы. Балалық шақта эмоционалды бұзылыстардың мына түрлері жие кездеседі: үлкендермен және құрдастармен қатынасу қиындығы, мазасыздық, бірбеткейлік, агрессия, қорқыныш олар қоршаған әлеммен еркін қатынасуға кедергі келтіреді.
Жағымсыз эмоционалды күйді зерттеумен және алдын алумен мына ғалымдар жұмыс жасады: Л. И. Божович, В. Н. Власова, А. Н. Леонтьев, А. В. Запорожец, Л. З. Выготский өз зерттеулерінде жағымсыз эмоционалды күй, эмоционалды толық қамсыздыққа, мінездің тұрақты теріс сипатының қалыптасуына әкеліп соғады, - деген шешімге келді. Белгілі бір себептер әсерінен пайда болып, бұл эмоциолар бала тәжірибесіне ізін қалдырып қана қоймайды, сонымен бірге даму барысына әсер етеді. Осылайша, баланың дамуына кері әсер етуі мүмкін.
Эмоционалды бұзылыстар түрлі әлеуметтік факторлармен шартталуы мүмкін, бала дамуына кері әсер ететін жағымсыз орта жағдайы, ең алдмен жанұя әсері. Жанұяда балада эмоционалды тәжрибе мен эмоционалды даму мазмұны қалыптасады.
Экономикалық күштің себебіне орай көптеген ата-аналар ата-аналық міндетін орындап, қанағаттындыруға тырысып, баланың жеке тұлғасын дамытумен тәрбиелеуге ерекше мән бере бастады.
Баланың өзге балалармен, үлкен ересектермен бетпе-бет келуі қияншылықтар туғызады, мұның салдарынан көптеген көріністер, өз-өзіне сенбеушілік, эмоционалды бұзылыстар байқалуы мүмкін, осылайшы қылық қиындай түседі. Бұл балалар үлкенде үшін қиын балаларға айналады. Бұл ауытқушылықтар баланың өзіне де қиындықтар туғызады.
Көптеген бақылаулар мен зерттеулер бойынша психикалық қиындықтар, уақытша эмоцияналды бұзылыстар және қылық бұзылысы ауру балаларда белгілі бір деңгейде процесінің бір бөлігін құрайды және өздігінен ол баланы мазаламауы керек.
Дегенмен, кей балаларда түзетуді талап ететін психикалық бұзылыстар байқалады. Мектепке дейінгі жастағы балаларда жиі кездесетін бұзылыстар-аффектілер. Балалар қылығындағы аффект және оның көрінуі жөніндегі сауалдарға ерекше мән бергендер: А. Р. Лурия, С. А. Рубинштейн, Я. М. Кадашник, О. Головко, А. Д. Кошелева, Е. Кравцова.
Аффектілер-бұл күшті және шапшаң қозғалыс көріністерімен байқалатын эмоционалды қысқа мерзімді уайымдаулар. Мектепке дейінгі жастағы балаларда жойылмаған аффектілер есейген шақта үлкен бұзылыстарға әкеліп соғуы мүмкін.
Аффектілер анықтап, уақытында жою, ата-аналар мен педагогтарға бала қылығындағы бұзылыстарды ескерту, мектепке дейінгі жастағы балалардың реакциясын қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Аффективті қылықты ескеру және профилактика мақсатымен баланың эмоционалды даму мәселесін зерттеу өзекті болып табылады. Жанұя әсері, жанұялық қатынас әсерінің ерекшеліктері, ата-ана қылығы аффективті форманың көрінуінде аз зерттелген, сондықтан бұл экспериментті жүргізудің мәні зор.
З ерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы балалардың аффективті қылығын, оның пайда болуына әсер ететін факторлар және қылық формасын түзету тәсілі зерттелуде.
Жұмыстың практикалық мәні ата-аналарға аффектілердің өту сипатын түсіндіру үшін және оларды жою қажеттілігіне психо-профилактикалық бағытқа ие ұсыныс берілуінде.
Зерттеу мақсаты - мектепке дейінгі жастағы балалардың аффективті қылығын зерттеу, балалада бұзылыстың көрінуін ескеру үшін, практикалық жұмыста осы білімдерді қолдану үшін олардың қылығындағы бұзылыстардың көріну мәнін және механизмдерін көрсету.
З ерттеу барысында қаралатын міндеттер:
- Аффективті қылық формасына ие балаларды алып, жанұясында баланың даму шарты мен жағдайын анықтау.
- Баланың ортамен өзара әрекетіне кедергі келтіретін, оның қалыпты дамуына кері әсер ететін механизмдерді анықтау.
- Бала қылығындағы жағымсыз көріністерді жою мақсатымен балаларға тиімді көмек жолын анықтау.
- Баланың жанұя мүшелерімен қатынасын қалыпқа келтіріп, оларда аффективті қылықты жою септігі тиетін шаралар кешенін өңдеп шығару.
Ғылыми болжам : ата-аналармен бірге уйымдастырылған шаралар кешені балада аффективті қылық формасын жойып, эмоционалды күйін қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Зерттеу пәні - ересек адамның (ата-ананың) мектепке дейінгі жастағы балада аффективті қылығының тууына әсер ету процесі болып табылады.
Зерттеу обьектісі -6-7 жастағы балалар.
Зерттеу әдістері: бақылау, анкеталау, «жанұя суреті» тесті, Варга-Столиннің ата-аналық қарым-қатынас сауалнамасы, әңгімелесу, ойындық коррекциялық жаттығулар.
Зерттеудің әдіснамалық негізіне отандық шетелдік зерттеушілер А. В. Запорожец, А. Д. Кошелева, А. Н. Леонтьев еңбектері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Мектепке дейінгі жастағы балаларда эмоционалды бұзылыс мәселесінің теориялық аспектісі.
1. 1. Эмоция және оның бала тұлғасының қалыптасуына әсері.
Адам затты қабылдай отырып, оған белгілі бір қатынас жасайды, бұл өзіндік уайымдау. Бір оқиғалар оған қуаныш әкелсе, кейбірі қанағаттанбау сезімін тудырады. Қанағаттану, қуаныш, қайғы, қорқыныш, ашу, махаббат-мұның бәрі адамның түрлі обьектіге өз қатынасын уайымдау формасы, олар эмоциялар деп аталады. Эмоция (латын тілінен алғанда «emoueo» -мазалаймын) - үзіліссіз уайым формасында көрінетін, инстинкпен, қажеттіліктермен, мотивтермен байланысты психикалық процестер мен күйлердің ерекше класы.
Эмоциялар себепсіз, өздіктерінен пайда бола алмайды. Эмоция көзі - обьективті шынайылық және адам қажеттіліктерімен бірге оның күйі. Эмоциялар ағза күйі мен сыртқы әсерлердің биологиялық мәнін анықтайтын тірі зат көмегімен эволюция процесінде пайда болды. Эволюция барысында эмоциялар 2 полярлы класқа бөлінді:
- Жағымды эмоциялар - жетістікке жетуге және сақтауға субьектіні итермелейтін жағымды әсерлермен пайда болған эмоциялар.
-Теріс (жағымсыз) эмоциялар, бұл жағымсыз әсерлерден қашуға бағытталған белсенділікті жігерлендіреді. /2б. 29/
Физиологтар Ю. Змановский және Ю. Мукаянов адам өмірінде жағымды эмоционалды күйдің болуы денсаулыққа жақсы әсер етеді, оның физиологиялық жүйесінің іс-әрекетін белсендіреді.
Жағымды ортада болған, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болған бала жоғары көңіл-күйде жүреді, тамақты жақсы ішеді, көп ауырмайды, айналасындағы балалармен, үлкендермен жақсы араласады.
Эмоциялар көрінуі бойынша ежелгі психикалық күй болып табылады, эмоциясыз өмір сезімсіз секілді мүмкін емес болар еді.
Ч. Дарвин тұжырымдамасы бойынша эмоция зат ретінде эволюция процесінде пайда болды. Оның көмегімен тірі ағзалар өздеріне өзекті қажеттіліктерді қанағаттандыру жағдайының мәнін орнатады. /2. с. 23/
Ағза өмірінде эмоционалды процесс және эмоционалды күй үйренуші функцияны атқарады. /11/.
А. Н. Леонтьев былай деп жазды: «эмоциялар ішкі сигналдар ролін орындайды. Олар субьект іс-әрекеті өтетін сыртқы обьектілер, ситуациялар туралы ақпар тасымағандықтан ішкі болып табылады. Эмоция ерекшілігі іс-әрекет мативіне жауап беретін мотивтер мен реализация арасындағы ауытқушылықтарды көрсетуінде» /2с. 162/ Эмоционалды құбылыстар табиғатын түсіндіру ерте заманнан бастап ғалымдар мен ойшылдарды толғандырады.
Ч. Дарвин ең алғаш теория ашты. Ол тірі заттардағы эмоционалды көрініс олардың анатомиясы секілді эволюцияланады. Ол концепция «эволюциялық» атауына ие болды. Осы концепцияға орай сыртқы эмоционалды экспрессия көбінесе туғаннан пайда болады және ағза өмірінде үйреткен биологиялық функцияны орындайды. /2. с. 220/
Психологияда У. Джемс пен К. Ланге ұсынған эмоцияның пайда болуы мен шектеулі процестермен олардың байланысын түсіндіретін теория кең танымал.
Осы теория бойынша эмоционалды күйдің алғашқы пайда болу себебі ағзада болатын физиологиялықсипаттың өзгеруі болып табылады. Сыртқы және ішкі стимулдар әсерінен олар кері жүйке байланысы жүйесі арқылы адам бойында көрініс табады және белгілі бір эмоционалды тон сезімін туғызады. Алдымен, Джемс-Ланге теориясы бойынша, стимулдар әсеріне жауап әсері ретінде сәйкес органикалық өзгерістер тууы керек, сосын ғана олардың обьективті із бейнесі ретінде эмоция пайда болады. /2. с. 245/
Осы перефериялық концепция ағзаның саналы құрылымы ретінде эмоцияны түсіндіреді және оны сезінушіге эмоция «түсінікті» болатындығы жөніндегі фактіні қарастырады.
У. Кеннон эмоцияның пайда болуының альтернативті теориясын ұсынды. Оның пікірінше эмоцияналды уайымдаулар мен оларға сәйкес органикалық өзгерістер пайда болады және бір бастамадан бастау алады. Мұндай бастама - эмоционалды орталық У. Кеннонның пікірінше. -негізгі органикалық процесстерді реттеуде маңызды рольге ие, бас миына перефериялық және ішкі рецепторлардан импульс беретін немесе керісінше таламус болып табылады. Эмоционалды уайымдаудың пайда болуы симпатикалық жүйке жүйесі мен бас миының бір мезгілде кернеу нәтижесі.
Көптеген клиникалық және нейропсихологиялық зерттеушілер бас миының үлкен жарты шарындағы функцияларымен адамның эмоционалды мінез-құлқы байланысты екендігін көрсетті. Эмоционалды қылықта адамзаттың спецификалық формасын реттеуде маңдай бөлігінің мәні ерекше.
П. К. Анохин мидың маңдай бөлігі стимулдың біріншілік мотивациялық белгісі функционалды жүйенің құрылуына итермелейтін ұйымдастырушы құрылымға айналуы мүмкіндеп айтты.
Жануарларға жасалған эксперименттерде П. В. Симонов, С. П. Шклярук, Ш. Л. Джалагония кез келген жұп мотивациялық процесстер көрінуімен, мақсатқа бағытталған қылықты ұйымдастырумен байланысты, -деп көрсетті. /3/.
Клиникалық бақылаулар маңдай бөлік адамның эмоционалды қылығы ның спецификалық формасын детерминациялауда ерекше мәнге ие деп бекітті.
Адам бас миының үлкен жартышарында эмоцияның пайда болуының орынын И. П. Павлов көрсетті. Электрофизиологиялық зерттеулер жүйке жүйесінің эмоционалды күйіне үлкен мән берді. Қоршаған орта таламус, гипоталамус және лимбиялық жүйе функцияларымен анықталады. Арнайы эксперименттер «рахаттану» және «қайғыру» атағын алған жағымды және жағымсыз эмоцияларды ашты. Бұл орталықтарды ашу жануарлар мен адам өміріндегі эмоция ролін көрсетіп берді. /3. с. 90/
Бас миы бөлімдерінің функциялануы жеке тұлға дамуында мәні зор, бала эмоционалды сфераның қалыптасуына тәуелді болып келеді.
Эмоционалды қатынастардың анықтығы мен әртүрлілігі адамды қызықты етеді, ол шынайылылықтың түрлі құбылыстарына жауап береді, оны әуен мен өлең ойландырады. Жеке тұлға уайымының көптігі оқиғаны терең тануға, адамдар уайымына жеңіл енуге т. б. көмек болады.
Эмоция, эмоцияның өміріндегі ролі туралы сұрақтарды көптеген ғалымдар зерттеді: Н. Гротт, А. Н. Леонтьев, П. В. Симонов, А. Р. Лурия, Я. М. Калашник. Эмоцияның маңызды мобилизациялы, интегративті-қорғаныс ролін белгілі физиолог П. К. Анохин көрсетті. Ол «барлық ағза функциясының сәттілік интеграциясын орындап (бір бүтінге біріктіру) эмоциялар өздіктерінен ағзаға деген пайдалы не пайдасыз әсерінің абсалютті сигналы бола алады», -деді. /4. с. 237/
Уақытында пайда болған эмоция арқылы ағза қоршаған жағдайы тиімді үйрену мүмкіндігіне ие болады.
Эмоционалды сезімдер биологиялық эволюция процесінде өмірлік процестоі оның оптималды шегінде ұстап тұру тәсілі секілді бекітіледі және қандай да бір факторлардың жетіспеушілігі туралы хабардар етеді.
Эмоционалды күй психикалық және органикалық процестердің өту барысын реттеп отырады. Жеке эмоционалды күйлер дыбыс реакциясынмен, пантомимикамен, мимикамен, спецификалық өзгерістермен сипатталады.
Дарвиннің көрсетуінше, сыртқы эмоционалды экспрессия эволюцияда ішкі және аралық қарым-қатынастағы индивидтің эмоционалды күйі ретінде бөлінеді.
Психологтар Л. Подалян, А. Миронов мектепке дейінгі жастағы баланың психологиялық ұйымдастыруында ереже бойынша эмоция мен сезім ақыл-ойды меңгереді, -деді. Эмоция тілі балаға талқылау тіліне қарағанда түсінікті әрі жақын. Балалардың эмоционалды болуы үлкендерге қарағанда көрнекті. Балаларға эмоцияның жоғарылылығы тән. Бұл бір баладан екіншіге оңай өтетін эмоционалды күй балалар қжымында және жанұяда ерекше байқалады. /5с. 56/
Балалар эмоциясы толығымен бала тұлғасын, барлық оның ағзасын қамтиды. Ересек адамдарға қарағанда бала кез келген сезімге толықтай беріледі. Сол себепті күшті эмоциялық уайымдаулар оларды жаралап өтеді.
Баланың индивидуалды дамуында эмоция маңызды әлеметтеуші рольге ие. Олар жеке тұлға қалыптасуында мәнді фактор ретінде көрінеді. Соның ішінде мотивациялық сферада жақсы байқалады. Жағымды эмоционалды уайымдаулар базасында қызығушылықтар мен қажеттіліктер көрініп, бекінеді. (А. В. Запорожец, Я. Э. Неверович, А. Д. Кошелева, Л. П. Стрелкова, Л. Я. Абрамян)
Эмоция қалыптасу үстіндегі іс-әрекетте өзіндік бейнелі бағыттаушы роль ойнайды. Бала өмірінің алғашқы күндері қоршаған әлемнің әртүрімен ұшырасады. Үлкендер, соның ішінде ата-ана баланы қоршаған ортамен таныстырып қана қоймай, сонымен бірге қандай да бір заттарға мимика, интонация, жест, сөз көмегімен өз қатынастарын көрсетеді. /5. с. 24/
Кішкентай бала заттың түрлі қасиеттерімен, сапаларымен бір мезгілде таныса отырып, қатынас эталоны мен адамзат құндылықтарына ие болады: кей заттар, әрекеттер, қылықтар ұнамды, қажетті белгіге иеленеді, кейбірі керісінше болады. Кейін бала осы эталондарды жеке іс-әрекет, әрекет, қылықтармен біріктіруді үйренеді.
Балалық шақта эмоция ерекшеліктері бала іс-әрекетінің өзгеру сипатымен байланысты өзгереді.
Эмоцияда субьектідегі қылық мотивтерінің шынайы күйге енуі ерекше рольге ие. А. В. Запорожец пен А. З. Неверович зерттеулерінде «эмоционалды коррекция» процесіне қатысты мәліметтер алынды. Онда бала іс-әрекетінің бағыттылығы мен динамикасы қажеттілік және қызығушылықтармен сәйкес келеді.
Түрлі ғалымдар зерттеулерінде эмоция баладағы қажеттілікпен сәйкес іс-әрекет реттеуінде ғана емес, оның мотивтерін активизациялауда және де олардың құрылуы мен дамуында ерекше рольге ие.
Эмоциялар қылық мотивтерінің активизациясына спецификалық әсер етеді. Қандайда бір эмоционалды әсер оны қажеттіліктер латентті күйде көрінуі мүмкін. Я. З. Неверович тәжірибесі мотивтердің активизациясы ерекше жағдайды қажет ететіндігінен байқауға көмектесті. Бейнелік суреттеу, көріністі сурет көмегімен балаларда бір затты сезінуге және елестетуге мүмкіндік беретін. Эмоционалды қиял туғызуға болады. Белгілі бір жағдайды қабылдау немесе елестету арқылы пайда болған эмоция баланың латентті күйіндегі мотивтерді активизациялайды, оларға әрекет сипатын береді.
Эмоцияда жаңа мотивтердің қалыптасуындағы қылықтар маңызды рольде ойнайды. Бала іс-әрекетінің жаңа формалары осы іс-әрекет белгілі бір мәнді нәтижеге жетуі үшін ұйымдастырылады, бірақ мұндай алғашқы нәтижелер қылық мазмұнының мотиві бола алмайды. Бала алдымен өзге, бұрынғы әсерлермен әрекет етеді. (іс-әрекетті үлкендермен қарым-қатынас алмасу арқылы, мақтауға қол жеткізу амалы ретінде пайдалануға тырысу) Мотивтер ерекшеқозғаушы күшке ие болуы үшін Л. И. Божович зерттеулері көрсеткендей, бала сәйкес эмоционалды тәжірибені иеленуі қажет.
Баланың белгілі бір оның ұйымдастыруында әлеуметтік мәнді іс-әрекетінің көрінуіне қол жеткізу үшін эмоционалды қанағаттану оның эмоционалды қозуын дамытып, қылықтың қозғалмалы мотивіне алмасуы мүмкін.
Сезім мен эмоция адамның өз-өзін терең тануға мүмкіндік береді. Уайымдаулар арқасында адам өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін, жетістіктері мен кемшіліктерін таниды.
Эмоция сөздерге, қылықтарға, барлық әрекеттерге белгілі бір колорит береді. А. Н. Леонтьев эмоция адамның қоғамдағы, қатынастағы және тәрбиеде өміріндегі өнім болып табылады.
Осылайша, Л. Бодалев, А. Миронов, А. В. Запорожец, Я. З. Неверович, Л. Я. Абрамян, А. Д. Кошелев зерттеулерінде эмоция реттеуші, бағыттаушы коммуникативті функцияны орындап қана қоймайды, сонымен бірге тұлғасының дамуында және қалыптасуында үлкен мәнге ие деп шешуге мүмкіндік берді.
Балалар бір-біріне ұқсамайды. Бірақ бала дамуын зерттеуде индивидуалды дамуға мән бермейді. Дегенмен, қылық ауытқушылықтары мен балаларды диагностикалауда мән беретін факторлар бар. Олар: бала дамуының заңдылықтары, баланың индивидуалды ерекшеліктер маңызын дәлелдеуге жол ашты.
Ер балалар өз конституциялары бойынша психологиялық стресстерге сезімтал, белгілі бір жағымсыз психологиялық факторлар әсершіл болып табылатындығы туралы фактіні тұжырымдайтын мәліметтер бар.
Балалар бір-бірінен темпераменттері бойынша да ерекшеленеді. Мысалы, жасқа толған балалар өз ойындарынан тәуелсіздікті, моторлы белсенділікті байқатады. Мектепке дейінгі жастағы ер балалар қыз балаларға қарағанда агрессивті, 3-5 жастағы және одан да үлкен жастағы балалар дөрекі ойындармен жиі ойнайды. Сонымен бірге импульсивті болып келеді. Қыз балалар негізінен тәуелді, эмоционалды, мазасыз, жылауық, және сенгіш болып келеді.
Туғаннан бастап денсаулығы қалыпты балалар өздерінің қылықтық реакциялары бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. В. К. Бриджер және Б. Беркс қол тигізу, сипауға жауап ретінде сәбилерде жүрек соғысы жиілігінің өзгерісінің индивидуалды ерекшеліктерін байқады. Сонымен бірге балаларда стрессогенді стимулдар әсерінен кейінгі жұбату тәсілінің әр түріне реакциясы өзгеше. (8. с. 67)
Сонымен жоғарғы жүйке іс-әрекетінің әр типіне жүйке психикалық процесстерінің қылықтағы, физиологиялық параметрлердегі қозғалғыштығына индивидуалды көріністер сәйкес келеді. Жүйке іс-әрекеті типін темперамент ерекшілігі ретінде қарау керек. И. П. Павлов бойынша темперамент жүйке іс-әрекетінің қасиетін көрсететін адам қылығының импульсивті-динамикалық жағының жалпы сипаты. Әр жоғарғы жүйке іс-әрекеті түріне темперамент типі сәйкес келеді. (Холерик, Сангвиник, Мелонхолик, Флегматик)
Бірінші қозушы (холерик) типке тез әрі жеңіл қозу тән. Мұндай балаларда жағымды рефлекстер оңай көрінеді және түрлі жағдайларда тұрақты күйін сақтайды, тежеуші рефлекстер қиындықпен байқалады. Бұл тип аффектіге бейім, жоғары қызығушылығымен және эмоционалдылығымен ерекшеленеді, интенсивті іс-әрекет үнемі жеткілікті түрде реттеле бермейді.
Екінші типке (сангвиник) нерв жүйесі теңдік жағдайындағы адамдар жатады. Мұндай балалар салмақты, күнтізбені орындайды, үлкендердің айтқанын бұлжытпайды. Бұл типтегі балаларға өзге балалармен контактіге жеңіл, күшті тең дәрежелі қозғалмалығы арқасында бір сабақтан екіншіге тез ауыса алады. Оларға өз тілектестерін оңай қозғай мен тежеу тән.
Бала күшті, тең дәрежелі, шартты рефлекстер байыппен көрінеді, бірақ тұрақты болып табылады. -бұл (фигмотик) ерекшілігін сипаттайды. Фигматик балалардың барлық реакциясы онша нақты емес сипатқа ие, қатты күлмейді, жәй (тыныш) жылайды, шапшаң әрекет етпейді. Мұндай бала қылығы тұрақты, оны ашуландыру қиын, әдет-дағдылары ұзақ құрастырылады, бірақ бекем болады.
Флегматиктер өзгедерге, өзгерістерге жай үйренеді, яғни жаңа режимге, балабақшаға бару.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz