Қазақстан мұздықтары және олардың таралу ерекшелігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ИНСТИТУТЫ
ГЕОГАФИЯ КАФЕДРАСЫ
ТАҚЫРЫБЫ:
Қазақстан мұздықтары және олардың таралу ерекшелігі
ОРЫНДАҒАН:
ТОБЫ: ПМИ 06-9К2
ҚАБЫЛДАҒАН: Алиасқарова Индира
ШЫМКЕНТ - 2008
Қазақстан мұздықтары және олардың таралу ерекшелігі
Жоспар
1. Кіріспе
А) Қазақстан мұздықтары туралы жалпы түсінік
2. Негізгі бөлім
А) Қазақстандағы аса ірі мұздықтар
Ә) Мұздықтардың типтері
Б) Мұздықтардың пайда болуы
В) Мұздықтардың геологиялық әрекеті
3. Қорытынды
Қазақстан мұздықтары және олардың таралу ерекшелігі
Мұздықтар - бұл өзіндік қозғалысы бар мұздардың табиғи шоғырлануы. Жер бетінің тау беткейлеріне атмосфералық қатты жауын-шашынның және қар жылда еритін мөлшерінен артық түсіп, еритін немесе буланатын жауын-шашынның мөлшерінен артық болғанда мұздықтар қалыптасады
Мұздықтар - табиғаттағы су айналымының маңызды түйіні.
Мұздықтар:
- Тау мұздықтары - тау басындағы қар жиегінен жоғарыда жинақталған, қар тығыздығы күшінің әсерінен тау мұздығына айналып отыр. Мұздықтар тәулігіне 3 метрге дейін жылжиды.
- Жамылғы мұздықтар - Антарктидада кездеседі. Ол мұздықтар 10-130 метрге дейін жылжып, мұхитқа сырғып түсіп, айсберг түзеді.
Мұздықтардың маңызы:
- Мұздықтарда тұщы су қорының 97 %-ы жинақталған.
- Өзендердің көпшілігі тау басындағы мұздықтардан бастау алады.
- Мұздықтар дүние жүзілік су айналым процесінде ерекше орын алады.
Қазақстанның мұздықтары 2500 м биіктен жоғары басталады. Ірі мұздық - Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы. Корженев мұздығы - аса ірі мұздық. Оның ұзындығы - 12 км, қалыңдығы 210-300 м, 3560м биіктікте орналасқан, ауданы - 38, 0 км², жалпы көлемі - 6, 32 км³. Аңғарлық мұздығының қалыңдығы - 50-100 м.
Алтай жоталарында 328 мұздық, ауданы 89, 6 км²
Сауыр жотасында 18 мұздық
Жоңғар Алатауы 1369 мұздық, ауданы 1000 км²
Тянь-Шань 1009 мұздық, ауданы 857 км²
Ең үлкен мұздық - Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы
Ағын су қорының негізгі көзі
Аңғарлық мұздықтары (66 %)
Мұздықтардың типтері:
Қазақстанда мұздықтардың мынадай негізгі типтері кездеседі.
- Аңғарлық мұздықтар, кәдімгі альпі типтегі аңғарлық мұздықтар. Бұл мұздықтың фири алаңдары жақсы дамыған және жіңішке бассейндері айқын көрініп тұрады.
- Түркістан типі бұл да аңғарлық типке жатады, бірақ айырмасы қар көшкіндеріменг қоректенеді, қоректену бассейнінің ауданы кіші, мореналық шөгінділер дамыған. Бұл Тянь-Шань тау жүйесіне тән.
- Қар типі. Ол Қазақстанның барлық таулы аймақтарында тараған кішігірім терең дөңгелек қар қазаншұңқырларында орналасады.
- Аспалы мұздықтар. Олар беткейлерде немесе беткейлердің ойыс жерлерінде жатады.
- Аспалы аңғарлардағы мұздықтар.
- Жайнақ төбе мұздықтары. Биік таулы қыраттардың төбесінде пайда болады. Олар Жоңғар Алатауында кездеседі.
Қазақстан тауларындағы аса ірі мұздықтар
Қазіргі мұздықтардың пайда болуы. Қазақстанның мұздықтары реликті мұздықтар. Бұған олардың барлық жерде тез қысқара бастауы, мұз басу орталықтарының орналасу сипаты және мұздық типтерінің ерекшеліктері дәлел бола алады. Осы күнгі мұздықтардың сақталып қалуына орографиялық және геоморфологиялық жағынан биік таулы аймақтардың көлемділігімен тұтастығы, қар сызығынан жоғары кететін үлкен абсолюттік биіктіктер, жоталардың ендік бағытта жатуы, Солтүстік батыс ылғалды ауа массаларының тауаралық аңғарларға өтуге қолайлылығы себеп болған.
Қазақстанның тауларында қар жиегі ауаның құрғақтығы мен климаттың континенттігіне байланысты бірсыпыра биіктікте жатыр. Шығыс және оңтүстік-шығыс тау жүйелерінде оның биікті географиялық ендікке байланысты солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеріп отырады. Солтүстік таулы ауцдандарда қар жиегі оңтүстікке қарағанда едәуір төмен жатады. Мұнымен қатар әрбір таулы аймақта ол климаттіқ жағдайларға байланысты батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай жоғарылап отырады. Қар жиегінің биіктігі орографиялық ерекшеліктерге байланысты.
Мұздықтардың геологиялық әрекеті. Белгілі пішіні бар, өлшемдері айтарлықтай өзен суы тәрізді ауырлық күші әсері мен пластикалық қасиеттердің әсерінен үнемі қозғалыста болатын кристалдық мұздың табиғи шоғыры мұздық деп аталады. Қар мұздықтар массасы қалыптасатын бастапқы материал болып табылады. Мұздықтардың түзілуіне қажетті жағдайлар бұрыс мәнді жылдық орташа мәнді температура, жаз бойында еритін қардың мөлшерінен қыс ішінде түсетін қар шамасынан айтарлықтай көптігі. Мұздықтар таулық, материктік, аралық типтерге ажыратылады.
Таулық мұздықтар биік тауларда қалыптасады және түрлі тау шатқалдарынан, ойыстардан түрлі ойымдардан орын алады. Көбіне мұз өзені түрінде аңғарды бойлай созылып жатады. Мұндай аңғарлардың әдетте науа тәрізді өзіндік пішін болады, олар трогтар деп аталады. Мұндай мұздықтар Кавказда, Памирде, Оралда т. б. орындарда кездеседі. Тау мұздықтарының қозғалу жылдамдылығы түрліше келеді, тәулігіне 0, 1 метрден 7 метрге дейінгі жылдамдықпен Памирдегі Аю мұздығы қозғалады (1963 жылы оның тәулігіне қозғалу жылдамдығы 50 метрге жетеді ) .
Материктік мұздықтар аралдарды немесе континенттерді толықтай жауып жатады. Бұл мұздықтар Гренландияда, Шпицбергенде, Антарктидада және қазіргі мұз басу дәуірі өтіп жатқан тағы басқа орында орналасқан. Мұз қабатының қалыңдығы Антарктидада 4200 метрге жетеді, Гренландияда 2400 метрден астам. Гренландия мұзының мұхитқа қарай қозғалу жылдамдығы тәулігіне 4 - 38 метрге жетеді. Мұхит жағалауына жеткенде мұз жарылып бөлшектенеді. Мұздың орасан зор жақпарларынан (айсбергтер) жел, ағыстар ашық мұхитқа ықтырып әкетеді, мұнда олар біртіндеп ери бастайды. Аралық мұздықтар жайпақ шыңды тауларда қалыптасады. Мұз бөлшектенбеген тұтас масса түрінде шоғырланады. Осы массадан мұздықтар шатқалдарды бойдай сүйірлене тарайды. Осы типтес мұздық қазір, жекелей алғанда Скандинавия түбегінде орналасқан. Жердің геологиялық тарихында материктік мұздықтардың үлкен аймақтарда, оның ішінде Ресейдің Еуропалық бөлігінде, талай рет дамығаны анықталды. Мұнда бес мұз басу іздері белгілі. Материктік мұздықтар Скандинавия түбегі жағынан қозғала бастаған. Қазір мұздықтар барлық құрлық бетінің 10%-ін алып жатыр. Мұздықтар бетінің 98, 5%-і полярлық аймақтарға, тек 1, 5%-і ғана биік таулы өлкелер үлесіне тиеді.
Мұздықтардың геологиялық әрекеті тау жыныстарын бұзып үгу, үгілген жыныс кесектерін көшіру, белгілі орындарда жинау.
Мұздықтардың бұзымпаздық әрекеті. Мұздықтар қозғалған кезде орасан зор бұзу жұмыстарын атқарады: жердің бетін үйкеп жырту арқылы қазаншұңқырлар, айғыздар, ой - шұңқырдар т. б тудырады. Бұлар мұз түсіретін ауырлық күшінің әсерінен болады. Қалыңдығы 100 метрдей мұз төмендегі әрбір квадрат метрге 92 тонна қысым түсіреді. Мұздың қалыңдығы артқанда оның түсіретін қысымы арта түседі. Бұзылып бөлшектенген жыныс кесектері мұз масасының ішіне түсіп, сонда қалып қояды. Мұз қозғалғанда да осы кесектер жер бетіндегі жыныстарды сындырып, үгіп әкетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz